Қасымхан бегманов күРЕҢбел өлеңдер • Дастан •



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата20.02.2017
өлшемі4,06 Mb.
#4543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

* * *
Тілейтұғын жан болса егер саған бақ,
Мені өткізіп жібермейтін амалдап.
Ит терімді қаптар менің басыма,
Достасқаннан қоштасқанша жамандап.
                              Жұматай Жақыпбаев
Қырғи-қабақ жүргенменен көп мейлі,
Төбелесте  жүрегіңнен теппейді.
Сөз ұқпаса жұдырықпен перетін,
Бала кезім көкейімнен кетпейді.
Ешқашанда абыройды төкпейді,
Мына шағым, бала кезге жетпейді.
Мені мақтап әуре болып қайтесің,
Бұл иттерге бір сөзіңде өтпейді.
Келер, келер әйтеуір бір кезегі,
Сезгендіктен үнсіз ғана төзеді.
Атымды атап, мені ешкімге мақтама,
Қызғаныштан өртенеді өзегі.
Өйткені оның қымбат қазір тезегі,
Күндіз-түні өртенеді өзегі.
Ол туралы білген кезде шындықты,
Сұмырайдан ең жақыны безеді.
Жолатпайды маңына ол өгейді,
Жылпос пенен жағымпазды демейді.
Өлеңіне айтқан сөзі  сай емес,
Бұл күндері осындайлар көбейді.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
45
Бірін-бірі мадақтайды, жебейді,
Өлең жазғыш қопаңбайлар көбейді.
Күндіз-түні жамандайды,
                                           апырау,
Халық бәрін көріп отыр демейді.
Көктем келіп тербелгенде қыр гүлі,
Белгілі боп барша жұртқа ұрлығы.
Иттерісін қаптар біреу басына,
Бұл қылығын қоймаса егер бір күні.
Алда, арба, мейлі қымбат затымды ал,
Бірақ менің арымда не қақың бар!
Оңашада аялайтын, аймалап,
Жақын болып кетті маған қатындар.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
46
* * *
Правосудья и правды я вовсе не вижу в тебе
                                                        Низами
Көп қалған 
                 бұл көңіл көнерген,
Барақат таба алмай өнерден.
Сөзіне құлақ сал, қалқам-ау,
Ақынның артынан сөз ерген.
Кеткенмін ертерек ауылдан,
Қимаған бірге өскен қауымнан.
Жарықтық осынау өлеңмен,  
Қаршадай кезімнен ауырғам.
Досым деп жүріппін есекті,
Білетін тиімді есепті.
Апырай не жаздым, 
                               есіттім,
Түсіме кірмеген өсекті.
Алдымды, артымды орайды,
Өзіне болған соң қолайлы.
Қай жерге барсам да бұл күнде,
Өсектер лаулайды, борайды.
Сырым жоқ жасырған халқымнан,
Айналған ғұрпыңнан, салтыңнан.
Ақкөңіл бозбала ем,
                                  кім болдым,
Сөз ерді неліктен артымнан.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
47
Көкейде сақталып қалған сыр,
Кірпияз, қияли талғамшыл.
Осылай артымнан сөз ерді,
Бала едім о, баста-ақ арманшыл.
Ел қазір жиғандай естерін,
Білмейтін кез емес не істерін.
Кетемін еліме, жеріме,
Сағындым самалды кештерін.
Шарасыз 
                сұмдықтан шаршадым,
Жазықсыз арқалап қанша мұң.
Емдейді сылдыры бұлақтың,
Емдейді иісі аршаның.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
48
ҚОРЫҚПАЙМЫН ҒАЙБАТТАРДАН 
                       БОРАҒАН
Мақсат-алыс, өмір шақ.
                                      Абай 
Жесірлерін қаңғытып,
Жетімдерін жылатпаған ел едік,
Ұлтқа қарсы мұңсызды ұнатпаған ел едік,
Көңіл түссе көл едік,
Хас дұшпанға шөл едік,
Көкбөрідей көп едік,
Елдің қамын жеп едік.
Алпамыстай айбатты ек,
Қобландыдай қайратты ек.
Неге жеттік біз бүгін,
Көңілі бұл қазақтың,
               қарашаға бергісіз құлазыған күзгі күн.
Жабырқатты-ау жұртымды,
Тілсіз, ділсіз
                      көп мәңгүрт ұстап елдің тізгінін.
Катон жақта отырған, 
                             әлдеқашан ұмытқан
         қараша үйдің түндігі мен үздігін.
Тілге тірек болмаған 
                              сыйлар дейсің сізді кім?
Сүйер дейсіз бізді кім?
Ұлтымның рухы 
                           сен ешқашан қартайма,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
49
Кемсіткенін қазақты келімсектер байқай ма?
Қызы сұлу, 
                   қысы ұзақ таңғажайып осынау,
Оралхан да сағынып,
                                   оралғандай Алтайға.
Шекесінен қараған күні кеше кімсің деп,
Қашып жатыр жан-жаққа 
                            шенеуніктер біртіндеп.
Ұялмаған ұлттан,
Туған жердің асты-үстін тонап алып шулатып,
                      қашып кеткен құрықтан,
Олар ата-баба салт-дәстүрін 
                                    балабақшада ұмытқан.
Олар қасиетті қарашаңырақ пен
                        киелі табалдырықты ұмытқан.
Оларды кімдер қалай өткізген 
      бас айналар баспалдақты сұрыптан.
Етегіне таулардың 
              қабат-қабат ғимараттар салдырып,
Қытай, араб, үнді... асып,
         қымбат-қымбат алуан бұйым алдырып,
Беліңдегі ұрықты қонақ үйде... шет елде 
       бәденді жас қатынның 
                          жатырында қалдырып,
Кеткен сонау жеркенішті түн құрсын.
Ділі бөтен, тілі жат биліктегі әлгіндегідей 
                                                           жандардың,
Қайранда-қайран қазақтың сөзін сөйлеп, 
                                                           жыр жазып,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
50
Алдына барған күн құрсын.
Мың құбылған алмағайып алыпсатар заманда,
Жүректегі зарыңды сенің кім білсін!..
...Қозғайтұғын шерлерін бір әдемі ән күтті ел,
Көз ұшынан көрінер аламанда шаң күтті ел.
Шалқайып жүр ортада Тәуелсіздік тірегі,
Ата заңды аяулы, 
                           аттап өткен мәңгүрттер.
Қазағымның басына 
                             туғандай боп нұрлы күн,
Оңға баса бастады-ау кері кеткен тірлігім.
Абыздардың абызы
Шығысымда Ұлы Абай
                    рухымды күзетіп,
                             ескерткіш боп тұр бүгін.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
51
ҚАҚПАН
Күшік ит бөрі ала ма жабылса да...
                                         Абай
Досым ғой деп 
                     жан сырымды ақтарғам,
Сосын... 
             өсек өрттеріне қақталғам.
Бір әңгіме айтқым келіп оқталғам,
Сол бір  адал, сол бір аңқау шақтардан.
Жылдар жылжып, 
                              айлар ізсіз аунаған, 
Жаңбыры едім сахараның жаумаған.
Қорықпаймын ғайбаттардан бораған,
Қорықпаймын өсектерден лаулаған.
Басымыздан өтер, 
                              кетер ақпандар,
Қорықпаймын 
                       құра берсін қақпандар.
Ей, жас ұрпақ, 
                        достарыңды сатпаңдар,
Адал жанға бекер жала жаппаңдар,
Адамдықты, адалдықты сақтаңдар.
Жанды ауыртты жылдар ізсіз өтетін,
Көндіктік-ау жалаға жететін.
Бөрінің мен ұрпағы едім азулы,
Өз аяғын шайнап тастап кететін.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
52
Осылайша барымыздан тоналып,
Соңымызға түскеннен соң шам алып.
Бөрі болып балкондарда ұлыдық,
Қалаларда тас үйлерге қамалып.
Адамдықты аяладым сақтадым,
Атпай қойды-ау, атпай қойды ақ таңым,
Даланың мен бөрісімін ызалы,
Құрса маған құра берсін қақпанын.
Қорықпайтын қаңтарыңнан, ақпаннан,
 Сәттерім аз мергендерден сақтанған.
Мен даланың бөрісімін,
                                   дұшпаным,
Құрып қойған...
                          қашып шыққан қақпаннан,
...Жүрегімнің түкпірінде жатты арман.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
53
* * *
Ана арудың бойында балам кетіп барады,
Жанарында әкемнің заман кетіп барады.
Алысуға дұшпанмен күннен күнге, бауырым,
Шамам кетіп барады.
Толқын, толқын, толқын боп 
                                          қазақ өтіп барады,
Қазағымды қорлаған мазақ өтіп барады.
Жұмақ емес даламды тозақ етіп барады.
Өлгеніңде көзіңе құмы тұрып қалады.
Дәстүрім мен салттарым ұмытылып барады,
Күннен күнге қайтейін, 
                                 төзім бітіп барады,
Жетесізге айтуға сөзім бітіп барады. 
Сұлулыққа лап етер сезім бітіп барады,
Ойнап күлер бал дәурен кезім бітіп барады.
Жүрегінде шалдардың ғалам кетіп барады,
Мойнымда, ескі дос, жалаң кетіп барады.
Осылай да осылай дәурен өтіп барады,
Қадекеңдей асылым – әулием өтіп барады.
Ойлап тұрсаң жаныңнан бәрі кетіп қалады.
Сондықтан да көңілім қаралы ғой қаралы.
Ұғар менің мұңымды елді ойлаған саналы,
Қайран менің жүрегім жаралы ғой, жаралы.
                         

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
54
* * *
Оңтүстікте бір қала бар – гүл қала,
Арулары қарайтұғын ұрлана.
Осы жақта танысқан ем,
                                            алыста,
Түсіме ылғи кіретұғын бір бала.
Мұнда келсең армандарың асқақтар,
Жел тербейді жапырағын тастап тал.
Әлішер дос ерте қайтып үйіне,
Жанымда отыр Мейрамәлі, Әбсаттар.
Мүлт кеткенді шегі қатып мазақтар,
Бұл қалада көп тұрады қазақтар.
Ана жақта Отырар мен Сауран бар,
Мына жолмен Шаян ассаң Созақ бар.
Бұл шаһарда баяғыда тұрғам мен.
Алыс жақта сауық сайран құрғанмен,
Ештеңе де өзмермеген секілді,
Су сылдырап ағып жатыр жылғаңмен.
Мені әйтеуір, 
                     тек жатырқай көрмеңдер,
Сағыныштың сазыменен тербеңдер.
Жұпарыңмен, 
                     самалыңмен емдеңдер,
Қос құлыным дүниеге келген жер.
Жаза алмайды бұл шаһар да дертімді,
Баяғыда берген сол бір сертімді,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
55
Ұмытқам жоқ 
                           ештеңені, тек қана,
Жүректегі баса алмадым өртімді.
Дамыл бермей...
                          алға қойған мұратым,
Уақытым жоқ, 
                        ойын-сауық құратын.
Бұл қаланы жан-тәніммен сүйем мен,
Әлішер мен Мейрамәлі тұратын.
Ертең кетем...
                      Алла тағы қолдаса,
Қуаныш деп айта алмаймын ол да аса.
Ешбір мінін 
                      таба алмайсың, тек қана,
Шешеңді ептеп боқтайтыны болмаса.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
56
БАҚЫТ ЖАЙЛЫ БАЛЛАДА  
 
...Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде,
Көп кещеге мен несіне кектенем.
Бізге бақтың сірә қолы жетер ме,
Мұқағали, Төлегенге жетпеген. 
                        Жұматай Жақыпбаев
Тағдыр.., 
               билік  еркіндігін  шектеген,
Ғарыш жаққа олар босқа  кетпеген.
Бақыт, бағың керек емес маған да,
Қолы кеше Жұматайға жетпеген.
Өткен күндер көз алдымда көлбеген,
Сағыныштың саздарымен тербеген.
Пәтеріңді, 
                қызметіңді неғылам,
Қасым менен Жұматайға бермеген.
Құлазумен Кеңсай жаққа қарадым,
Іздегенмен  таппай өтіп барамын.
Ұлт бақытын
                     таба алмадым шарқ ұрып,
Бәлкім түбі, сен табарсың, қарағым.
Жадымда әлі 
                     алыс қалған кез де ескі,
Сезіп өстім тірі пенде сезбесті.
Он алтымда мөлдіреген қыз болып,
Бақыт маған бір-ақ  рет кездесті.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
57
Ол ақырын ұзай берді қасымнан,
Ұзай берді... 
                       іздеп келем жасымнан.
Маған қайтып жолықпады сол бақыт,
Жан-жағына шуақ болып шашылған.
Елес болды сан сәулелі шақтарым,
Бәрін жиып көкірегімде сақтадым.
Сыйлар едім 
                     о, адамдар, сендерге,
Бақытты іздеп жер бетінен таппадым.
Өмір – майдан, 
                         шатыласың, шатасың,
Тағдыр жолы… 
                        кетіп бара жатасың.
«Бақытты бол, 
                       бақытты бол, балам» – деп,
Шалдар маған беріп жатты батасын.
Ащысын да, 
                    тұщысын да татасың,
Жазықсыздан таяқ жеп те жатасың.
«Өмір жолың ұзақ болсын, балам» – деп,
Әжелерім беріп жатты батасын.
Түп-түзу деп  
                     айта алмаймын жолдарым,
Қара қайғы көкірегімді торладың.
Адамдарға тек жақсылық тілеген,
Қалқам неге мен бақытты болмадым?

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
58
Ойша шолып өмірімнің жолдарын,
Сырлас болған дарындарды қолдадым.
«Бақытты бол» деді маған қанша адам,
Қалқам неге, мен бақытты болмадым?
Қиял шіркін қияларға шарқ ұрды,
Ұстап өттім әдет, ғұрып, салтымды.
Бақытсыздық себебін сен сұрасаң,
Бақытты деп кім айта алар халқымды.
Бір аңыздан құралады бір аңыз,
Бақытсыздық себебін сіз сұраңыз.
Бақытты деп кім ойлайды мына қыз,
Не сыйлайды білесіз бе мына күз?
Құйтырқылау сұрақ қойды, қағытты,
Дарынсыздар бар билікке жағыпты.
Туған елі болса егер бақытсыз, 
Шын ақындар бола алмайды бақытты.
Өтті бастан қанша көктем, қанша ақпан,
Тіршілік бұл құлазытқан, шаршатқан.
Жұматайды оқығандар біледі,
Биікпіз біз байлық пенен мансаптан.
Уақыт түбі барлығынан шектейді,
Осы бір ой көкейімнен кетпейді.
Бір-ақ рет берілетін өмірде,
Бақытыңның қолы маған жетпейді. 

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
59
* * *
Қасиетті құпиям бар санамда,
Ол қасиет бартын менің анамда.
Жұматайды жабырқатқан қара жол,
Бүгін міне, қолын созды маған да.
Не айтамын алыпсатар заманға,
Заманына лайық туған наданға.
Кеңшілікті елемеген сол иттер,
Тұра-тұра ұмтылады маған да.
Тап-тап беріп, ырылдап кеп таламақ,
Жүрегімде қалған содан қара дақ.
Тең жартысы өтіп кеткен өмірді,
Қара түнде ойға батам саралап.
Өтіп кеткен сол бір нұрлы шақтайсың,
Ей, зарлы өмір, сен де бір күн тоқтайсың.
Бақыт іздеп әуре болма бауырым,
Халқың іздеп таппағанды, таппайсың.
Әрбір таңым ойсыз, мұңсыз атпаған,
Жанымда жүр сұр жебесін сақтаған.
Бақытты іздеп не қыламын әуре боп,
Қанша ғасыр іздеп қазақ таппаған.
Бақытсызбын, ере көрме, қал еркем,
Үмітім бар жетер деген ел ертең.
Халқым кешке бақытты боп көз ілсе,
Бақытты боп оянамын таңертең.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
60
НЕТКЕН ҚАЙҒЫ, НЕТКЕН МҰҢ
Неткен қайғы,
                    неткен мұң,
Жан жүйкемдi жүндей түткен өткен күн.
Баяғыда осы ауылдан мұңайып,
Елден жырақ қайғы арқалап кеткенмiн.
Өзiмдi iздеп кетпесiме болды ма,
Қу көкiрек шерге қайта толды ма.
Маған тағы не дер екен тыңдайын,
Менi алысқа алып кеткен жол мына.
Сол баяғы он алтыншы көктемнiң,
Сұлулығын жалғыз iздеп кеткенмiн. 
Сенi кейде сағынамын есiме ап,
Жан жүйкемдi жүндей түткен өткен күн.
Әлi ешкiмге айтқан жоқпын сырды бұл,
Көз алдымда тұрды көктем, тұрды гүл.
Қара түнде оянып ап ұйқымнан,
Өзiңдi ойлап отырамын мұңлы қыр.
Сырын ұғам деп кетiп ем ғаламның, 
Мен де бәлкiм мұңлы жыр боп қалармын.
Жалғыз тұрмын, азынайды суық жел,
Моласында менiң ғазиз анамның.
Айта алмадым оралмаймын, күтпе деп,
Өкпе-нала көкiрегiмде түк те жоқ. 
Менi өсiрген қайран ауыл артымда,
Көз ұшында қала бердi-ау нүкте боп.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
61
* * *
Мөп-мөлдір-ау,
                          бұл ауылда көк пен жер,
Әне анау атам асып кеткен бел.
Мұғалім мен ата-анадан тығылып,
Алғаш рет темекі ұрлап шеккен жер.
Бәрін, бәрін өз көзіммен көргенмін,
Анау қырдың қызғалдағын тергенмін.
Бабайқорған даласында өскенмен,
Хантағыда дүниеге келгенмін.
Неше түрін жинап сақа асықтың,
Иә, ол кезде 
                 көрші қызға ғашықпын.
Алыс қала елестейтін жұмақ боп,
Неге, неге келер күнге асықтым.
Қыз еді ол,
                рең басы келіскен,
Талай жігіт дәмелі еді-ау жеңістен.
Төңіректі азан-қазан шулатып,
Кешке қарай мал қайтатын өрістен.
Жүрісінен құпия бір 
                               сыр қалып,
Өтетін  ол
                 екі беті нұрланып.
Сабанхана орны ғана қалыпты,
Кітап оқып отыратын  ұрланып.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
62
Алғаш рет қыз ернінен
                                       сүйген жер,
Бала ерін ақ тамаққа 
                                  тиген жер.
Оңашада өксіп-өксіп жылап ап,
Ғашық болған, 
                       лаулап жанған, 
                                           күйген жер.
Аққала ғып ақша қарды үйген жер,
Табанымыз топыраққа күйген жер.
Көп құпия көкірекке түйген жер,
Туған жерді шын аңсайды сүйгендер.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
63
* * *
Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген,
Балалығым қап қойған күлкімменен.
Содан кейін қаңғыдым, елден жырақ, 
Қасқырыңмен серік боп, түлкіңменен.
Айнала аққан ауылым сыртыңменен,
Бар екен-ау сол бастау бүлкілдеген.
Ессіз күнді есіме тағы салды-ау,
Табыстырып мені ескі жұртымменен.
Білгің келсе қысылма сұра менен,
Тулай ақты қанымда жылап өлең.
Анау үйде жалғаннан анам өтіп,
Тартып алған күлкімді мына белең.
Ана алаң ғой, сыр айтар асығымнан,
Мына жол ғой айырған ғашығымнан.
Баяғыда қап қойған осы ауылда,
Балалық шақ уақыттан жасырынған.
Өткен күндер жүректе, санамда тұр,
Қаралы бір күн келер маған да ақыр.
Мына сайда қап қойған балалығым,
Анау қырда аяулы анам жатыр.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
64
* * *
Сиқырлы еді-ау
                        жаңбырлы көктем,
Мәңгілік арбап мені ертіп кеткен.
Тірлік пен өлең соңыңда жүріп,
Сендерді қалай ұмытып кеткем.
Өңірді көкке бояған бұлақ,
Көңілде жүрген қоя алам сұрақ.
Балалық шақты, 
                              анамды әлі
Түсімде көріп... оянам жылап.
Есіме түсті-ау
                     өткен мен кеткен,
Барлығы сол бір көктеммен кеткен.
Атаммен бірге қауын егетін,
Аңызақ дала... көктем мен кетпен.
Қайтемін оны 
                      кетпені құрсын,
Көңілде мәңгі көктемі жүрсін.
Көзіндей болып қара шалымның,
Қараша үйде шекпені тұрсын.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
65
ТАШКЕНТПЕН ҚОШТАСУ
Кiндiгiмдi кескен жұрт,
Кiр-қоңымды жуған жұрт.
                   Қазтуған жырау   
                                                              
Ташкенге қарап 
                        жылағым келдi ардақтым,
Әлденелердi өзiңнен қайта сұрағым келдi 
                                                            ардақтым.
Көңiл шiркiнiң толқыды-ай сол түн,
                        толқындарындай Шыршықтың, 
Қара көзiмнен ыстық жасымды
                            нелiктен тағдыр ыршыттың.
Тербеткен мынау әлдиi менен 
                          сағыныш атты жырдың мен,
Ислам бауыр, Сарыағаш жақтан 
                      Ташкенге қарап тұрдым мен.
Шулы шаһардың самаладай боп 
                          шамдары жанды жарқырап,
Көшелерiнде даладай дарқан 
                                қазақтың көне салты қап.
Алшаңдай басып алашордашыл 
                           осында жүрдi-ау асылдар,
Асылдарымды бiздерден бөлiп  
                                  түбiне тартты ғасырлар.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
66
Оларды үнсiз iздеймiн тынбай 
                             тарихтай түпсiз тереңнен,
Шошайып тұрған ана бiр қырат белеңнен.
Бейтаныс жан деп бұрылып қарап өтетiн,
Жас арулардың жанарларынан
                                бiр нәзiк сәуле көрем мен.
Партиялардың ұранына ермей жарқылдақ.
Бала кезiмнен баураған менi 
                                 аспандай асқақ өлеңмен.
Есiмнен қалған ескi соқпақты қастерлеп,
Қасымнан қалған 
                       қасқа жолменен келем мен.
Орындалмаған ақ армандары 
                               Абылай менен Кененiң,
Сағынышымды басып бiр кетсем деп едiм.
Сарыағаш жақтан 
              қалаға мынау қабырғасынан қарадым,
Бойымды билеп, 
                         өзегiмдi өртеп нала-мұң.
Ұлы Даладан бөлiнiп қалған жерменен,
Тәңiрi бiзге бермеген.
Жүрекке түскен жазылмайтұғын жара бұл,
Бұлдыраған шаһарға 
                        жасаураған көзiмен, 
                                      қасымдағы қарады ұл.
Оң жағыңда көсiлiп 
                                   Келеске кетер тұс қалып,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
67
Сыздық төредей сұстанып,
Кеудеңдi шалқақ ұстанып.
Шырайлы мынау шаһарға
                                       еркiн кiрер күн озған,
Талқыға салмас тағдырдан бiрақ кiм озған.
Басы сайран, түбi ойран 
                                        дүние опа бермейдi-ау,
Ташкент ендi қазаққа мәңгi
                                            қайтып келмейдi-ау.
Осыларды ойласам көзден жасым сорғалар,
Ғайып болған бұл күнде
                                   қоршай қонған ордалар.
Ордаларда тайпалған көрiнбейдi жорғалар.
Шалдар түсiп есiме өзегiмдi өртеген,
Қолдан шығып баратқан 
                                     таңғажайып өлкеден.
Шалғай түстi Астанам,
Бiр көтерiп тастаған.
Еңсемдi езген күн болды,
Жарық күнiм түн болды.
Қала жаққа қарасам көзiме жас толасың,
Қалай қиып кетермiн 
                                Төле бидiң моласын.
Елеусiздеу жүрген бiр ақыны едiм даланың,

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
68
Шерге толып өзегiм
                               керi аттанып барамын.
Тiлiм бармай қош деуге,
                                  қия алмай көп қарадым,
Ташкенттi ұмытпа, 
                                        ойлы туған қарағым.
Қош Ташкент, қайтейiн 
                                     кiргiзбедi кеденiң,
Атам салған көшеңде 
                                  жүргiзбедi кеденiң.
Бiле алмадым бiздерге 
                              ертеңгi ұрпақ не дерiн.
Қош Ташкент, аяулым, 
                                көшiмдi артқа бұрармын,
Тiлегiңдi сыртыңнан 
                                     тiлеушiң боп тұрармын.
Шайырлардан жайыңды хат арқылы сұрармын,
Архивтердi ақтарып оңашада жылармын.
Алағай да бұлағай 
                              күндер өткен басыңнан,
Айбыныңды асырған, 
 Бар қайғыңды жасырған.
Түк болмаған тәрiздi қарап тұрсам
                     желменен жапыраққа шашылған.
Аласапыран алқакөл, 
                         сұлама қиын кез де есте,
Ташкент бiздiң Алаштың тiлiн ұмытқан,
                                  сөйлейдi бүгiн өзбекше.                          

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
69
Қайран Жиделiбайсын – 
                                        атамекенiм баяғы,
Байбөрi бабам жайлаған өлке саялы.
Сол түнi менi аруақтар түгiл, 
                              жұлдызды аспан аяды. 
Қалайша бұрын қайшылық барын сезбедiм,
Алпамыстайын түп атам менiң, 
                                           атасы бопты өзгенiң.
Жайымды ұғар деймiсiң ұпайы түгел өзбегiм. 
Дәл қазiр айтар халiм жоқ, 
                                     құлаққа кiрмес сөздерiң,
Зар-мұңдарымды ақтарып, 
                                       сөйлейдi қара көздерiм.
Халықшыл, елшiл 
                        асылдарымнан iз қалған,
Соларды қимай 
                осында қоштасқан мұңлы күз қалған,
Сұрағым  келдi әлдене қайғысыз, 
                                               қамсыз қыздардан.
Әкiмдер келiп, 
                       тарихтан өттi де кеттi Датқалар,
Халықты сатқан түбiнде тозақта өзi қақталар,
Қазақ деп өткен ерлерiм көкейде, 
                                                    есте сақталар.
Бесiкте жатқан бөбектер ертең ер жетiп, 
Ақталмаған әлi күн аталарыңды ақтап ал.
Қабырғалары сөгiлiп, 
                              кеше түнде түсiмде, 

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
70
Шекараның ар жағында 
                                 жал құйрығы төгiлiп,
Елге қарап жер тартып
                                    кiсiнейдi Байшұбар,
Құлазитын қосылып
                               мұндай сәтте тек қана,
                                              аспандағы ай шығар,
Күн тұтылса жаңа туған құлын да
                                қос құлағын қайшылар...
Әйтеке би,
               Жалаңтөс, 
                           Жолбарыс хан – молалар,
Аруағым ғой түбiнде жер бетiнен жоғалар.
Шыназ түгiл Бостандық, 
                                      Қыбырай мен Сiргелi,
Екi елге жалтақтап не iстерiн бiлмедi.
...Қазақты кiм сатпаған,
                          қиын сәтте сатты ол да,
Қош Ташкент, 
                     қайтейiн қалдың мәңгi жат қолда.
Қорқамын мен заманның
                                      сұп-сұр болған сұрынан,
Аман қалған алтын ең тақымы кеппес ұрыдан.
Жұмысым жоқ дей алман 
                                     байлығың мен дауыңда,
Қайсыбiрiн айтайын артымдағы қауымға.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
71
Амал нешiк, арман көп, 
                                 рух қайта оралсын,
Керуендер көп өткен мынау сайын далаға,
Сөйлемейтiн қазақша мейiрiмсiз қалаға,
Тәнiн сатқан қыздармен, 
                    тәрбиесiз, тiл бiлмейтiн балаға.
Қайран ұлы қазақтың тiлi қайта оралсын,
Дiлi қайта оралсын,
Сыры қайта оралсын,
Жыры қайта оралсын,
Бiр жылдары менi де артық туған Исекем,
Көп тобырдан бөлiнiп,
                                      қарашада еске алып,
Оңаша бiр отырып сағынатын боларсың.

Қасымхан БЕГМАНОВ
КҮРЕҢБЕЛ
72

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет