Атты І халықаралық конференция ЕҢбектері


Орыс тіліндегі септік түрлері



Pdf көрінісі
бет200/326
Дата07.01.2022
өлшемі8,57 Mb.
#19269
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   326
Байланысты:
Болатбек М. (1)

Орыс тіліндегі септік түрлері 
Қазақ тіліндегі септік түрлері 
Именительный падеж 
Атау септік 
Родительный падеж 
Ілік септік 
Дательныый падеж 
Барыс септік 
Винительный падеж 
Табыс септік 


190 
 
Творительный падеж 
Көмектес септік 
Из (предлог)+ родительный падеж 
Шығыс септік 
От (предлог)+ родительный падеж 
Шығыс септік 
На (предлог)+ предложный падеж 
Жатыс септік 
В (предлог)+ предложный падеж 
Жатыс септік 
 
3 Орыс тілінен қазақ тіліне машиналық аудармасының морфологиялық  талдау мен  
синтезін шешу 
Орыс  тілінен  қазақ  тіліне  машиналық  аударма  бағытында  септіктерге  қатысты 
мәселеларды  шешу  үшін  біз  көпмағыналық  бейнелеу  кестелерін  енгіздік,  яғни  деректер 
базасы  кестелерден  тұрады  және  әрбір  кестеде  өзіндік  атрибуттары  болады.  Әр  кестеде 
атрибуттар  тізімі  екі  топқа  бөлінеді:  ену  тобы  және  шығу  тобы.  Мысалға  орыс  тілінен 
мынадай бір сөз тіркесі келіп түсті делік: «гордиться городом» - қаламен мақтану. Алдымен 
жалғауды  орысша  сөз  үшін  қарастырады,  ол  орыс  тілінің  септіктерінің  жалғауларынан 
қарайды. Кестеде 5 суретке сәйкесінше былайша болады: 
 
 
 
Сурет 2. Орыс тіліндегі «творительный» септігін анықтау мысалы 
 
Бұл  бейнелеу  кестеде  ену  атрибуттар  тобы-  «okonch»  (орыс  тілі  жалғауы),  ал  шығу 
атрибуттар  тобына  қалғандары  кіреді-  ch_r,  padezh,  chislo,  skl.  Бұл  жерден  «город+ом» 
жалғауын  тапты,  енді  оның  атрибуттарын  қарастырады,  ch_r-  сөз  табы,    okonch-  жалғау, 
padezh- септік. Сол сандар, яғни негізгі сипаттаушы параметрлер  бойынша енді қазақ тілінің 
жалғаулар кестесіне барады(Сурет 3): 
 


191 
 
 
 
Сурет 3. Қазақ тілінің көмектес септігіне сәйкестік мысалы 
 
Бұл  кестеде  шығу  атрибуты  –  ‘okonch’(қазақ  тілі  жалғаулары),  ал  ену  атрибуттар  тобы- 
қалған  атрибуттар.    3  суреттен  байқап  отырғанымыздай  бұл  жерден  орыс  тіліндегі  «ом» 
жалғауының  {1  7  1}  деген  сандары  (атрибуттары)  қазақ  тілінің  «мен»-{  1  7  1}    деген 
жалғауымен  сәйкес  келіп  тұр.  Сондықтан  осыны  алып  қазақ  тіліне  аударылған  түбір  сөзге 
жалғайды. Сол уақытта «городом»- «қаламен» деп дұрыс аударманы  шығарады.  
Келесі  кезекте  етістік  үшін  морфологиялық  синтезді  қарастыралық.  Бұл  жағдайдағы 
жалғаудың  жалғану  заңдылығы  да  дәл  сондай  принциппен  жұмыс  істейді.  Мысалы  кіріс 
тіліндегі  сөз  тіркесін  тағы  да  «гордиться  городом»  деп  алайық.  Бұл  жағдайда  «гордиться» 
сөзі  (етістігі)  етістіктің  алғашқы  формасында    (неопределенная  или  начальная  форма 
глагола)  тұр.  Ал  етістіктің  алғашқы  формасы  қазақ  тіліндегі  тұйық  етістік  ұғымымен  сай 
келеді. Ондай сөздерді базаға дәл сол қалпында енгізуді жөн көрдік. Себебі олардың түбірі 
кейбір жағдайларда өзгеріп отырады, мысалы «гордиться» сөзі «горжусь» деген формада да 
бола  алады,  ал  бұл  істі  қиындата  түседі,  сол  үшін  алғашқы  формасы  базада  тұрады.  Яғни 
аударма мынадай  түрде болады: «гордиться городом» - қаламен мақтану.   
Басқаша  мысалды  алып  қарайтын  болсақ,  «читаешь  книгу».  Бұл  жерде  зат  есімнің 
жалғауын  қалай  анықтайтындығы  жайлы  жоғарыда  сипаттап  өттік,  енді  етістігін  қалай 
анықтайдығын айтайық. Сөз тіркесі келіп түскеннен соң, базадан сөздерді іздейді, сол кезде 
«читаешь»  сөзінің  етістіктер  кестесінде  жатқандықтан  етістік  екендігін  анықтап  біледі. 
Алайда кестеде бұл  сөздің тек түбірі ғана болады:  «чита». Сол  сөздің аудармасының негізі 
«оқ»  екендігін тапқаннан соң, 4-суретке сәйкес 
 
 
Сурет 4. Етістіктер сөздігінің кестесі 


192 
 
 «ешь» жалғауын жалғаулар кестесінен іздейді, ол 5-суретте келтірілген: 
 
 
 
Сурет 5. Орыс тілі етістіктің жалғаулар кестесі 
 
Көріп  тұрғанымыздай  «ешь»  жалғауын  тапты,  енді  оның  атрибуттары  бойынша,  яғни 
okonch  (жалғау)-«ешь»,  zhak  (жақ)-  2,    shak  (шақ)-  1  және    tur(түр)-  1  «жекеше»  екендігін 
тауып  алды.  Сол  бойынша  etistik_kaz      кестесінен  дәл  сондай  сандарды  (атрибуттарды) 
іздейді. Ондай атрибуттар саны 6-суретке сәйкес екеу болып тұр: 
 
 
 
Сурет 6. Қазақ тілі жалғаулары бойынша екі сәйкестік табылған жағдай 
 
Алайда ол атрибутқа сай келетін жалғау екеу болып тұр. Оның бірі «сың» сингармонизм 
заңы бойынша буын жуан болған жағдайда, ал екіншісі «сің» буын жіңішке болған жағдайда 
жалғанады. Соны компьютерге түсінікті ету үшін қосымша тағы бір атрибуттар қосылады. 
 
Бұл жердегі дауысты 1- ол жуан, дауысты 2- жіңішке, ал дауыссыз 4- «р, й, у» әріптерінен 
соң  осындай  жалғау  жалғанатындығын  көрсетуші.  Ол  әріптер  комбинациясы  программада 
енгізілген.  Яғни  осы  ережелер  бойынша  «ешь»  жалғауына  қазақша  сәйкесі  «сың»  болады. 
Сондағы  алатын  нәтижеміз  «читаешь  книгу»-  «кітап  оқып  отырсың».  Бұл  жерде  тағы  бір 
ескертетін жайт, қазақ тілінде көмекші етістік деген ұғым бар. Ол негізгі етістікке көсемше 
жалғауын тіркеген соң қосылады. Ал көсемше жалғаулары программада айтылады. Жуаннан 
кейін «ып», жіңішкеден кейін «іп».  
Біздің  деректер  базасында,  зат  есімдерге  жалғанатын  көптік  жалғаулар  кестесі  екеу,  бірі 
орыс  тілінің  көптік  жалғаулары    және  екіншісі  қазақ  тілінің  көптік  жалғаулары.  Біздің 
мақсатымыз  кіріс  тілінде  келген  жалғаудың  көптік  екендігін  анықтап,  оны  атрибуттар 
арқылы  қазақ  тіліндегісімен  сәйкестендіру.  Мысалы  мынадай  сөз  тіркесі  берілсін:  «книги 
лежат на полке». Бұл жердегі «книги» сөзінің көптік жалғау ма я септік жалғауы ма екендігін 
алдымен программа анықтап алуы керек. Егер, сөз тіркесі не сөйлемдегі етістік көпше түрде 
тұрса, онда бұл жалғау да сәйкесінше көптік жалғауы болады. Ал біздің жағдайда  «лежат»  
сөзіндегі жалғау көпше түрдегі заттың әрекетін білдіріп тұр. Сол себепті зат есім де көпше 
түрде.  Мұны  анықтап  алғасын  енді  енді  «книг»  сөзін  кестелерден  жүгірте  шығып,  іздеп 


193 
 
тапқасын аудармасын аламыз. Кейіннен оның жалғауы «и» тағы кестелерден жүгірте отырып 
ізделінеді, табылғасын оның атрибуттарын қарап 3-суреттедгідей, қазақша балама жалғауды 
атрибуттар сәйкестігі бойынша табамыз: 
 
 
Сурет 7.  Орыс  және қазақ  тіліндегі көптік жалғаулар кестесі. 
 
Енді қазақ тілінен {1 1 2 } атрибуттарымен жалғау іздейміз. Байқап отырғанымыздай бұл 
жерде барлық жалғау біз іздегендей атрибуттар тұр. Бұл жердегі дауысты 1- дауысты жуан, 
дауысты  2-  дауысты  жіңішке,  дауыссыз  1-  «б,в,г,д»  және  барлық  қатаң  дауыссыздар, 
дауыссыз 2- «м,н,ң» дауыссыздары деп белгіленген 
Яғни    бізге  келіп  түскен    «книги»  сөзін  не  «кітаплар»  немесе  «кітапдер»  деп  емес,  
«кітаптар»  деп  дұрыс  аударып  беруі  керек.  Осылайша  қажетті  әрі  дұрыс  аударма 
шығарылады: «кітаптар сөреде жатыр». 
Осындай  салдарда  лингвистика  заңдарына  жүгінеміз.  Жалғауды  дұрыс  тіркеу  үшін 
сингармонизм заңына бағынамыз. Қысқа айтып кетсек: сингармонизм заңы  бұл сөздің түбірі 
қай  әріпке  аяқталанытына  байланысты    жалғауға  қолданылатын  үндестік  ережелер 
жиынтығы.  Мұндай  ережелерді  автоматандыруға  қиындық  соқпайды  ,  себебі  қазақ  тілінің 
дыбыс үндестігі заңы тұрақты және барлық түркітілдес тілдерге тән.  
Жоғарыда  көріп  тұрғандай  аффикстердің  жалғануы  морфологиялық  қасиеттерінен  қана 
емес, сонымен қатар тіркеленетін сөздің түбіріне де байланасты. Бірақ кейде мұндай ақпарат 
жеткіліксіз болып қалады, себебі  аффикстердің жалғануы мәтіндегі  басқа тәуелді   сөздерге 
де  байланысты.    Көрсетілген  мысалда  сөздің  жалғауын  дұрыс  анықтау  үшін    «лежат»  
етістістіктің көмегіне жүгіндік. Сонымен қатар бізге тек қана іс-әрекет байланысы ғана емес 
тұлғасын  (субьект  \  обьект)  да  иелендіру  қажет.  Мысалы  ретінде  жіктік  және  тәуелділік 
жалғауларды қарастыруға болады.  
Орыс  тілінде  жіктік  жалғау  болмайды,  тек  қазақ  тіліне  аударма  кезінде  ғана  жаққа 
байланысты жалғау қосылады, мысалы «я студент»- мен студентпін  сол сияқты 2-3 жақтар 
үшін  де  түрлі  формада  болады.  Оны  анықтау  үшін  деректер  базасындағы  индекстік  файл 
кестесін  пайдаланамыз.  Келген  есімдіктің  атрибуттарын  тауып  аламыз  да  8-суретте 
келтірілгендей, сол бойынша  сәйкес келетін жалғауды табамыз: 
 
 
 
Сурет 8. Жіктік жалғауы және оның атрибуттары 


194 
 
«я»  есімдігінің атрибуттары {1 1 1} екендігін анықтағасын  енді  кестесіне барып  {1 1 1} 
іздейміз: 
 
 
Сурет 9. Қазақ тіліндегі бірнеше сәйкес жіктік жалғаулары табылған жағдай 
 
Ол атрибут алғашқы алты  жалғаудың көпмағыналы бейнелеу болып, барлығында бірдей 
екендігі  9-суретте  көрсетілген.    Оларды  ажырату  мақсатында  жоғарыда  айтылып  кеткен 
сингорманизм  заңының  ережелеріне  сүйеніп  қосымша  дауысты  дауыссыз  атрибуттары 
(бағаналары) қосылды. Сол бойынша қажеттісі таңдалып алынады, біздің жағдайда ол «пін», 
себебі «студент» сөзі қатаң дауыссызға аяқталып тұр. Яғни алатын аудармамыз «я студент»- 
«мен студентпін» 
Тәуелдік  жалғау,  әдетте,  бір  заттың  басқа  бір  затқа  тәуелді  екенін  білдіретін  қосымша. 
Негізінде  зат  есімге  тән  қосымша  бола  тұрса  да,  зат  есім  қызметін  атқаратын,  демек, 
субстантивтенетін  (заттанатын)  сөздердің  барлығына  да  жалғана  береді.  Бұл  қосымшалар 
жалғанған  сөздер,  әдетте,  өздерінен  бұрын ілік  септік  жалғауда  тұрып  тіркесетін  жіктеу 
есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары 
да  жіктеу  есімдіктерінің  жақтарына  сәйкес  келіп  отырады.  Мысалы: менің  қаламым;  сенің 
қаламың;  сіздің  қаламыңыз,  оның  қаламы.Осылайша  сәйкес  әрі  қажетті  жалғау  таңдалып 
алынып, қазақшаға аударылған түбір сөзге жалғанады. Біздің жағдайда «моя парта»- «менің 
партам» 
 Жалпы  келгенде  машиналық  аудармада  аффикстер  сөз  құру  және  түрлендіру  ролін 
атқарып сөз арасындағы байланысты орнататын құралдардың бірі болып табылады. Осындай 
маңызды морфологиялық процесске көпмағыналы бейнелеу кесте әдісі өте қолайлы болды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет