Қазақ филологиясы



бет11/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Жадына көп нәрселерді ұстап қалған адам, реті келіп қалған соң Есенейге сол жаттамалардың бірін айта салды (Ғ.Мүсірепов).

Тұрақты және еркін сөз тіркестерінен де мысал келтіруге болады, ауыз толтырып айту, кесіп айту, шегелеп айту, тоқ етерін айту, өңменінен айту, басалқы айту т.б.



Сөйле етістігі де және айт етістігімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Сөйле етістігі сөз зат есіміне –ла/-ле аффиксінің жалғануы арқылы жасалған.

Қазіргі қазақ тілінде сөйле мен оның туынды тұлғалары кең түрде қолданылды. Мысалы, Алдымен жағдайды біліп алды да, ешкім сөйлейтін белгі бермегеннен кейін, ол қайта сөйлеп кетті (Ғ.Мүсірепов).



Тіпті шабаланып сөйлетпейді. Арап жөнімізді айтайын деп сөйлей бастап еді, оның аузын аштырмады (З.Ахметов).

Сөйле етістігі арқылы жасалған сөз тіркестері қазақ тілінен бұрыннан қалыптасқан қалпында жиі ұшырасады. Сөйле етістігі негізгі сыңар бола отырып, сыңарлардың кірігу дәрежесі бойынша әр түрлі типтегі етістік сөз тіркестерін құрайды.

Сөйле сөз тіркесінің құрылымы бойынша төмендегі типтері бар.

Сөз тіркестері: абайлап сөйлеу, абдырай сөйлеу, айқайлап сөйлеу, аңғармай сөйлеу, асыға сөйлеу, ашыла сөйлеу, ашынып сөйлеу, әзілдей сөйлеу, бұйыра сөйлеу, әзілдей сөйлеу, есіп сөйлеу, ерекелей сөйлеу, жалтара сөйлеу, күмілжи сөйлеу, мүсіркей сөйлеу, қиыстыра сөйлеу,жебей сөйлеу, жаймалап сөйлеу, есіп сөйлеу, жерлей сөйлеу, шағып сөйлеу, бипаздай сөйлеу, өтіне сөйлеу т.б.

Қазақ тіл білімінде де - етістігі жөнінде екі жақты пікірді ұшырастырамыз. Ғалым А.Саденова «Де» етістігінің синтаксистік түлғалар қалыптастыруға қатысуы» атты еңбегінде: «Де» қазіргі қазақ тілі жүйесінде дәрежелі лексикалық тұлға дара сөз ретінде статусын сақтап тұр. Онын жүмсалысы «де» толық мағыналы сөз екенін, етістік сөз табына жататынын анық танытады[20,4]. Мысалы, Үйіне үңіреніп келген үндеместерге де, зар жылаған зайыбына да Мағжан жақ ашып, дәнеме демеді» (Д.Досжан).

Т.Қапесова бұл тұжырымға қарсы мынадай пікірін білдіреді: «Де» сөйлеу етістігі семантикалық дербестікке ие емес, мәтін алдында тұрған сөзбен байланыстырып қана білуге болады.» [3, 11] ...Ат қинаған кім екен деп, әркім-ақ сұрастырып, құлағын түре бастады. (Ж.Аймауытов).

Зерттеуші Т.Қапесова сол сияқты қазіргі қазақ тілінде «де» етістігі автор сөзінің баяндауышы бола отырып, баска біреудің сөзін жеткізуде қолданылатындығын айтады [3]. Мысалы, - Олай болса, үйіңе қайт. Керек қылсаң алдырамыз,- деді Иванов. (Ж.Аймауытов).

Ғалым А.Саденова «де» етістігінің грамматикалык қызметі турасында ұтымды пікір білдіреді. «Де» етістігінің грамматикалық қызметке жегілуіне себеп болатын үш жағдай бар. Біріншісі оның мағыналарының синкреттілігі, әрі арнаулы синтаксистік жағдайға бейімделіп, мағыналарының дерексізденуі.

Екіншісі көлемінің қысқалығы. Тұлғаның шағындығы - оның грамматикалық амалға айналуын жеңілдеткен фактор. Толық мағыналы сөздің бәрі грамматикалық формаға айналғанда көлемін ыкшамдайды. Бұл – тілдегі заңдылық. Үшінші себеп - оның етістік болуы. Етістікке тән грамматикалық мағынаның, формалардың молдығы «де»- нің де қызмет жағынан грамматикалық мағынаға иелігі жағынан кең құлашты, әрі түрге мол болуына жағдай жасалды» [20,5].

Ғалымның осы тұжырымын нақтылау үшін мысалға көңіл аударайық. «Де» етістігінің абстрактылануы төл сөзден кейінгі позицияда тұрып, сөйлеушінің төл сөзге қатысты ісін білдіруді нақтылап танытатын айт сөзінің қатысуынан басталды: - Кел,-деді; Кел,-деп айтты. «Де» етістігі айт сөзін төл сөзге байланыстырушы амалға ауысты, осының салдарынан оның конкретті мағынасы күңгірттене бастады. Алғашқыда де төл сөз ретіндегі сөйлемге қатысты болған түрде жұмсалып, кейін баяндауыш мүшеге қосымша грамматикалық мағына үстейтін болды. Ол процесті мына сөйлемдер көрсете алады: - Е, кеше жолықтым де! Қар көшкіні төмен құлады дейсің! ?



«Де» етістігі етістіктерге тән морфологиялык өзгерістерге, синтаксистік қызметке түседі. Мысалы, Менің сөзім сөз, дегенімнен айнығаным жоқ (М.Әуезов). Қарашығын шағып мазалады дегендіктен, кеше күндіз жатын орнын басқа жаққа ауыстырғанбыз (А.Адамбаев). Бірінші сөйлемде дегенімнен толықтауыш қызметін атқарып тұр. Екінші сөйлемде «де» етістігінің ерекше формасы субстантивтендіруші -дік жұрнағын, шығыс септік жалғауын өзіне жалғап, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің баяндауыш қызметін атқарып тұр.
Грамматикалану процесі ілгерілей түсіп, басқа сөйлем мүшелеріне катысатын түлғалар пайда болды. Еркін деймін сен қалаға бардың ба? Ой, заман-ай десеңізші! Сонда деймін бүл шаруаға кім ие болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет