Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


«АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖӘНЕ АКАДЕМИК КЕҢЕС



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет3/23
Дата28.01.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

«АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ЖӘНЕ АКАДЕМИК КЕҢЕС 
НҰРПЕЙІСҰЛЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ КӚТЕРІЛГЕН ӚЗЕКТІ 
МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Ахметова Ж. Қ.-т.ғ.к.,доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)  
 
Қазақ  халқы  ҿзінің  сан  ғасырлық  қайғы-қасіретке  толы  тарихында 
тағдырдың  талай  тҽлкегіне  түсіп,  кҿптеген  оқиғаларды  басынан  кешірді.  Кешегі 
тоталитаризм заманында бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаған, сол үшін жан 
аямай күрескен ата-бабаларымыздың тарихы Ресей тарихнамасының ықпалында, 
отаршыл  идеологияның  темір  құрсауында  бұрмаланып  жазылды.  Қазақтың  сан 
ғасырлық  бай  тарихын,  мазмұнды  мҽдениетін,  асыл  мұрасын  ардақтаған, 
насихаттаған абзал азаматтар аталмады.  
Енді  еліміз  егемендік  алып,  тҽуелсіз  мемлекет  құрғанымызда  ел  қамын 
ойлап,  сол  жолда  ҿздерінің  саналы  ғұмырын  сарп  еткен  асыл  азаматтардың 
тарихын  қайта  парақтап,  шынайы  түрде  "ақ  таңдақтарының"  бетін  ашып,  заман 
талабына  сай  зерттеулер  жүргізген  ғалымдардың  ішінде  академик  Кеңес 
Нұрпейісұлы ҿзінің құнды еңбектерімен ерекше орын алады.   
Кеңес  Нұрпейісұлы  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  тарихының  күрделі 
беттерін  қайта  қарап,  шындықты  ашты,  сол  заманда  ҿмір  сүріп,  тоталитарлық 
жүйеге қарсы күрескен тарихи тұлғаларды ақтап, кеңестік дҽуірдегі қуғын-сүргін 
саясатын мұрағаттық нақты деректер арқылы ҽшкереледі. ХХ ғасырдың басында 
қазақ  халқының  егемендігі  мен  тҽуелсіздігі  үшін  күрескен  кҿптеген  Алаш 
қозғалысының  қайраткерлері  «халық  жауы»  атанып,  жандары  қыршындай 
қиылып,  зардап  шекті.  Кезінде  атын  атау  түгіл,  олар  туралы  ойлау  мүмкін 
болмады. Ол жайында К.Нұрпейісұлы былай дейді: «Ғасыр бойында Қазақстанда 
орын  алған  ҽлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық-саяси  жҽне  рухани-мҽдени 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
23 
ҿзгерістердің  нҽтижесінде  ҿмірге  келген  жҽне  ҿзінің  алдында  үш  ұлттық 
мақсатты: қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды, оның мемлекеттігін қалпына 
келтіруді  жҽне  қазақ  қоғамын  ҿркениетті  елдер  қатарына  қосуды  міндетті  түрде 
алдына қойған, Алаш қозғалысы болды. Ал, осы қозғалыстың Ҽлихан Бҿкейханов 
басқарған  кҿш  бастаушылары  20-30  жылдары  түгелге  дерлік  ―ұлтшылдар‖, 
―халық  жаулары‖  деген  айдармен  Кеңес  ҿкіметі  тарапынан  қатаң  жазаланды 
(атылды, айдалды, түрмелерге отырғызылды)» /1/. 
Ҿзімізге  белгілі  патша  үкіметі  қазақ  жерінде  екі  ғасырдан  артық  отарлық 
саясат жүргізді. Отаршылдардың шовинистік саясаты қазақ елінің зиялы қауымын 
отаршылдық езгіге қарсы күреске кҿтерді. Қазақ зиялылары осы күрестің басында 
тұрды.  Сол  кезеңдердегі  зиялы  қауымды  біріктірген  Алаш  қозғалысы,  Алаш 
партиясы болды. Бұл жайында академик К.Нұрпейіс: ХХ ғ. алғашқы ширегіндегі 
Қазақстан  тарихының  ақтаңдақ  беттерінің  бірі  Алаш  партиясымен  Алашордаға 
тікелей  байланысты.  Алаш  партиясымен  Алашорда  тарихын  арнаулы  ҽдебиетте 
кҿбінесе  Алаш  жҽне  Алашорда  қозғалысының  тарихы  деп  те  атайды.  Алаш 
немесе  Алашорда  қозғалысы  бірнеше  құрамдас  бҿлімдерден  тұратын  күрделі 
ұғым. Біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым 
түріндегі  Алаш  автономиясы,  үшіншіден,  осы  автономияны  басқаруға  тиісті 
болған  Алаштың  ордасы  (Алашорда  үкіметі)  туралы  мҽселелер-  деп  /2/  Алаш 
қозғалысының мазмұнында үлкен саяси мҽн жатқандығын айтады. 
ХХ  ғасырдың  І  жартысындағы  (1928-1932  жж.)  Алаш  партиясы  мен 
қозғалысының  жетекшілеріне  қарсы  ұйымдастырылған  алғашқы  саяси  сот 
процестерінен кейін, бұл тақырыпты зерттеуге тиым салынды. Бірінші процестің 
барысында  47  адам  тергеуге  алынып,  ОГПУ-дің  (Объединение  государственное 
политическое  управление  –  Біріккен  Мемлекеттік  Саяси  Басқарма)  сот 
комиссиясының 1930 ж. 4 сҽуірдегі үкімімен 35 адамға ҽр түрлі жаза кесілді. Атап 
айтқанда,  Ахмет  Байтұрсынов  бастаған  10  адам  ҽуелде  ҿлім  жазасына 
бұйырылып,  кейін  ол  үкім  10  жылдық  мерзімге  концлагерьде  отырумен 
алмастырылды.  1932  жылы  екінші  сот  процесінің  үкімімен  Мұхаметжан 
Тынышбаев,  Халел  Досмұхамедұлы,  Жаһанша  Досмұхамбетов  бастаған  Алаш 
қозғалысы  басшыларының  екінші  тобы  5  жылдық  мерзімге  Ресейдің  Орталық 
қара топырақты облысына (қазіргі Воронеж облысына) жер аударылды. ОГПУ-дің 
осы  екі  үкімі  құрбандарының  тірі  қалып,  елге  оралғандары  1937-1938  жылдары 
түгелге  дерлік  «халық  жауы»  деген  жалған  айыппен  ату  жазасына  кесілді  /2/. 
Сондықтан да Алаш туралы шындық айтылмай, бұл тақырып жабылды. 
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы жҽне олардың Кеңес 
ҿкіметімен  арақатынасы  жайлы  алғашқы  пікірлер  1919-1920  жылдардан-ақ 
жариялана  бастады.  Осы  мҽселе  бойынша  алғашқы  жазғандар  Алаш  пен 
Алашорданың  белгілі  басшыларының  бірі  Ахмет  Байтұрсынов  пен  қазақ 
зиялыларынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі Сҽкен Сейфуллин болатын. 
1919  жылы  тамызда  РСФСР-дің  Ұлт  істері  жҿніндегі  халық  комиссариаты 
органында    Ахмет  Байтұрсыновтың  ―Революция  жҽне  қазақтар‖  атты  мақаласы 
жарияланды  /3/.  Осы  еңбегінде  А.Байтұрсынұлы  Алаш  автономиясын  жариялау 
мен  оның  үкіметін  құрудағы  себептерді  ашып  кҿрсетіп,  Алашорданың  уақытша 
Сібір  үкіметі,  Құрылтай  жиналысы  комитеті  (Комуч)  жҽне  Колчак  билігімен 
қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы ҿз пайымдауларын баяндайды. 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресейдегі қоғамдық-саяси ҿмірдің тарихы, оның 
ішінде  Алаш  жҽне  Адашорда  сияқты  ұлт  аймақтарындағы  саяси  партиялар  мен 
қозғалыстардың  іс-ҽрекеті  мен  олардың  жетекші  қайраткерлерінің  нақтылы 
қызметі туралы ой-толғамдар кеңестік билікпен келісе алмай шет елдерге кеткен 
ресейлік,  ортазиялық,  қазақстандық  жҽне  кавказдық  жекелеген  эмиграция 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
24
 
ҿкілдерінің,  сол  сияқты  шетелдерде  ҿмір  сүріп,  қызмет  істеп  жүрген 
отандастарымыздың еңбектерінде молынан кездеседі. Осындай отандастымыздың 
ішінде  Мұстафа  Шоқайдың  Алаш  жҽне  Алашорда  қозғалысына  тікелей  қатысы 
бар екенін атап ҿтуіміз керек /4/. 
Мұстафа  Шоқай  да  басқа  ұлттық-демократиялық  бағыттағы  зиялылар 
қауымы  секілді  бүкіл  саналы  ғұмырында  қазақ  халқының  жҽне  Түркістан 
халықтарының бостандығы мен дербестігін аңсап, сол жолда ҿзінің ҿмірін қиған 
тұңғыш саяси эмигрант. Алайда бұл есімді де кеңестік дҽуірде атағанда оған қара 
күйе жағып, кеңестік идеологияға сҽйкестендіріп, «отанын сатқан сатқын» ретінде 
бағалады.  Академик  К.Нұрпейісұлының  пікірінше:  «Мұстафа  Шоқай  бастаған 
Түркістандық 
жҽне 
Ҽлихан 
Бҿкейхан 
бастаған 
қазақстандық-ұлттық 
демократиялық  интеллигенция  ҿкілдері  Түркістан  (Қоқан)  автономиясын  да, 
Алаш  автономиясын  да  Ресеймен  іс-жүзінде  крнфедерациялық  қарым-қатынаста 
болуға  тиісті  мемлекеттер  ретінде  кҿргісі  келгендеріне  кҿз  жеткіземіз,  олардың 
түптеп  келгенде  егеменді  елдер  болатындығына  сенімді  болғандықтарын 
ұғамыз»-деп ерекше атайды /5/. 
Кез-келген  ірі  қоғамдық-саяси  қозғалыс  басшыларының  ҽрқайсысының 
мүмкіндіктеріне  сай  атқарған  міндетіне  байланысты  қозғалыс  тарихында  алатын 
орны болмақ. Мҽселен, Ҽлихан Бҿкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы жҽне Міржақып 
Дулатұлының ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысты, оның жиынтық 
кҿрінісі  болған  Алаш  қозғалысын  теориялық  жҽне  ұйымдық  тұрғыдан 
дайындаудағы  рҿлі  ерекше  жҽне  оны  бұл  қозғалысқа  атсалысқан  басқа 
қайраткерлердің 
орнымен 
шатыстыру 
қиын. 
Сол 
сияқты 
Түркістан 
халықтарының, қазақ жұртының ХХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы тарихында 
Мұстафа Шоқайұлының да тек ҿзіне тиесілі орны бар.  
Алаш  жҽне  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  ұлт-азаттық  қозалыстың 
бірден кҿзге ілінер екі кезеңі болды.  Бірі шамамен 1905 жылдан бастап Алашорда 
ҿкіметі  құрылған  1917  жылдың  желтоқсанына  шейінгі  аралықты  қамтыса, 
екіншісі Азамат соғысы жҽне Кеңестік билік біржола онаған уақыттан бастап 30-
шы жылдардың бас кезіндегі (1930, 1932) Алаш зиялыларын жазалау мақсатында 
ұйымдастырылған  сот  процестерімен  аяқталады.  Алаш  қозғалысының  басында 
тұрған Ҽлихан Бҿкейхан да, Мұстафа Шоқайұлы да  ұлт-азаттық қозғалыстың бұл 
екі кезеңінде де оның жетекші басшыларына лайық жұмыстар атқарды. 
ХХ  ғасырдың  басында  Ҽ.Бҿкейханов  белсенді  саясатшы  жҽне  сонымен 
қатар  саяси  сарапшы  ретінде  кҿзге  түскен  болатын.  Ол  Ресейдегі  болып  жатқан 
оқиғаларды  Алашорда  қозғалысының  баспасҿз  органы  ―Қазақ‖  газетінде 
жариялап  отырды.  Мұстафа  Шоқай  Ҽ.Бҿкейхановтың  осы  саяси  жетекшілік  ҽрі 
талдаушы қаламгершілік қасиеттерінің екеуін де ҿз бойына сіңіріп алды.  
Отан  тарихындағы  ұлт-азаттық  қозғалыс  мҽселесіне  байланысты  тың 
кҿзқарас  тұрғысынан  оның  хронологиялық  шеңберіне  де  мҽн  беру  керек.  Осы 
уақытқа дейін кеңестік ресми тарихтануда белгіленген мерзімнен анағұрлым кең. 
Ұлт-азаттық  қозғалыс,  кеңестік  тарихнамада  баяндалып  келгендей  1916  жылғы 
бас  кҿтерумен  шектелмейді.  Тіпті  1916  жылғы  кҿтерілістің  ҿзі  жүйелі 
мақсаттықтан  тумаған,  тҿтеннен  басталған,  осы  мезгілдегі  ұлт  ҿмірінің  кҿш 
бастаушы ұлт зиялыларының еркінен тыс ҿрбіген тарихи құбылыс болатын. 
Қазақ жерінде патшалық империяға қарсы шын мҽніндегі мақсатты, ұлттық 
күштерді  біріктірген  саяси  қозғалыс  1917  жылғы  ақпан  тҿңкерісінен  кейінгі 
кезеңде басталды. Осы жылдың ортасында Алаш партиясының, ал соңына қарай 
Түркістан  (Қоқан)  автономиясының,  ал  оның  артын  ала  Алашорда  ҿкіметінің 
құрылуы бұл қозғалыстың нақты нҽтижелері  болатын. Осы  аталған  құрылымдар 
1918-1919  жылдары  империялық  күштер  тарапынан  зорлықпен  таратылғанымен, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
25 
азаттық идеясын ұстанушылар саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған. Алаш 
қайраткерлері ұлт мүддесі үшін күресін мүлдем жаңа саяси жағдайда, яғни ҿздері 
тұтқынға алынып, сотталғанға дейінгі кезеңде де жалғастырды. 
Сонымен,  ғасыр  басында  басталған  жаңа  ұлт-азаттық  ҿрлеу  20-шы 
жылдардың соңы 30-жылдардың басына дейінгі аралықта қамтиды. Ол ―алаштық‖ 
атанған  ескі  буын  ұлт  зиялыларының  ең  белсенді  бҿлігін  репрессиялаумен, 
сондай-ақ  олардың  кеңестік  партиялық  қызметтегі  ізбасарларын  қызметтен 
аластаумен жҽне оларды қатаң жазалаумен аяқталды. 
Ғылымда  болып  жатқан  ҿзгерістерге  байланысты  қайта  қарауға  мұқтаж 
келесі,  екінші  мҽселе  –  ұлт-азаттық  қозғалыстың  кеңестік  шеңбері.  Негізгі 
мақсаты – ұлттық бостандық үшін күрес болған қазақ ұлт-азаттық қозғалысы біз 
қарап  отырған  мезгілде  ҿзімен  тағдырлас  кҿрші  түркі  халықтарымен  (татар, 
қызғыз,  башқұрт,  ҿзбек,  т.б.)  күш  біріктіруге  тырысты,  ҿз  мүмкіндігінше  оларға 
қолдау  кҿрсетуге  дайын  екендігін  танытты.  Қай  жағынан  алғанда  да  негізгі 
мұндай  ҽрекет  1917  жылға  дейін  қазақ  жҽне  татар  ұлт-азаттық  қозғалысы 
қайраткерлері  арақатынасынан  анық  байқалады.  Олардың  Мемлекеттік  Дума 
жанындағы  мұсылман  фракциясы,  татар  жҽне  қазақ  басылымдары  (―Фикер‖, 
―Тҽржіман‖,  ―Уақыт‖,  ―Айқап‖,  ―Қазақ‖)  арқылы  отарлық  езгіге  қарсы  бірігіп 
жүргізген күресі, сондай-ақ татар зиялыларының қазақ даласындағы ағартушылық 
қызметі осы айтылған пікірге айғақ бола алады. 
Жалпы Ҽ.Бҿкейханов бастаған Алаш зиялылары қос революция дҽуіріндегі 
саяси  оқиғалардың  нҽтижесінде  қазақ  ұлтының  дербестігін  ҿздерінің  басты 
мақсат,  мұратына  айналдырды.  М.Шоқай  жҽне  оның  айналасындағы  түрік 
зиялылары  тілі  бір,  діні  бір  барлық  түрік  халықтарын  біртұтас  Түркістан 
мемлекетіне біріктіруді мақсат етті.  Ҽ.Бҿкейханов бастаған Алаш зиялыларының 
да,  М.Шоқай  бастаған  түрік  зиялыларының  да  жолы  бір  жол  -  ол  азаттық  үшін 
күрес жолы болды. Академик К.Нұрпейісұлының пікірінше: «Ааш қозғалысы ХІХ 
ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  басында  Қазақстанда  орын  алған  ҽлеуметтік-
экономикалық,  қоғамдық-саяси  жҽне  рухани-мҽдени  ҿзгерістердің  нҽтижесінде 
ҿмірге  келді.  Бұл  қозғалыстың  ҿзегі,  орталық  элементі  ҿзінің  бастау  кездерін 
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы ҽкелген ҿзгерістерден алған, ал 
саяси  ұйым  ретінде  1917  жылғы  жазда  құрылған  тұңғыш  жалпы  ұлттық  Алаш 
партиясын  құру  үшін  ұлттық-демократиялық  қазақ  интеллигенциясының  жұрт 
таныған  жетекшілері  Ҽлихан  Бҿкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Мұстафа 
Шоқайұлы,  Мұхаметжан  Тынышпаев,  Міржақып  Дулатов,  Халел,  Жаһанша 
Досмұхамедовтер, Ҽлихан Ермеков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов т.б. ондаған 
қайраткерлер  1905-1917  жылдар  аралығында  қажырлы  еңбек  етті»  /2/-  деп  ұлт 
зиялыларының еңбектерін жоғары бағалайды. 
 Сонымен  ұлт  зиялылары  құрып,  алдына  күрделі  міндеттер  қойған  Алаш 
партиясы ҿз мақсатына жете алмады. 1917 жылдың аяғынан бастап 1918 жылдың 
наурызына  дейін  Кеңес  үкіметі  Қазақстанның,  Түркістанның  барлық  жерлерінде 
орнаған  тұста,  қызыл  империялық  саясат  жаппай  барлық  жерде  үстемдік  ете 
бастағаннан кейін Алаш азаматтарының сағы сынды. Алаш партиясының белсенді 
қайраткерлері  жаппай  іздеу-тінту  саясатынан  қудаланып,  тұтқынға  алынды.  Ал 
кейбір  Алашорда  үкіметінің  басшылары  Кеңес  ҿкіметін  амалсыздан  мойындап, 
басқа  жол  жоқ  болғандықтан  онымен  ымыраласуға  мҽжбүр  болды.  Кеңес 
үкіметінің жандайшаптарының Алашқа деген сенімсіздігі күн тҽртібінен түспеді. 
1920  ж.  қаңтар-наурыз  айларында  Кеңес  ҿкіметі  ҿзінің  қас  жауы  деп  таныған 
Алашорданы  тарих  сахнасынан  күштеп  тайдырды.  Негізінен  Алаш  партиясы 
интеллигенциясының  саяси  ұйымы  болды.  «Алаш  партиясы»  деген  атпен 
танылған  ұлттық-демократиялық  қазақ  зиялыларының  ҿтпелі  кезеңдегі  саяси 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
26
 
ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін жалпы алғанда, заман талабына 
сай адал атқарды.  
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Нұрпейісов К. Қазақ үшін ХХ ғасыр текке ҿткен жоқ. // Заман Қазақстан,1998. 
30 қаңтар. 
2. Нұрпейісов К. Алаш һҽм Алашорда. Алматы: 1995. 
3.  Байтұрсынов  А.  Революция  и  киргизы//Жизнь  национальностей,  1919.  3 
августа, №29 (37). 
4.Чокаев  М.  Туркестан  под  властью  советов  (к  характеристике  диктатуры 
пролетариата),  Париж,  1935.  (См.  также  переиздание:  Алматы:  Издательства  : 
Ғылым, Түркістанның қилы тағдыры. Алматы: Жалын 
1992. 187 б. 
5.Нұрпейіс  К.  Мұстафа  Шоқай  Қазақстан  мен  Түркістанның  1917-1927  жж. 
қоғамдық-саяси ҿмірі туралы. // Қазақ тарихы, 1997, №2. 25б.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  «Алаш  қозғалысы»  жҽне  академик  Кеңес  Нұрпейісұлының 
зерттеулеріндегі кҿтерілген ҿзекті мҽселелер қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассказывается об движении Алаш и других актуальных проблемах 
рассматриваемых в научной наследии академика К. Нүрпейса. 
 
 
 
КЕҢЕС НҰРПЕЙІСТІҢ ӚМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ 
 
Тақабаева Б.М. – оқытушы (Алматы, ҚазмемқызПУ) 
 
Еліміз егемендік алғаннан кейін ҿзіміздің тарихымызды халқымызға, ҽсіресе 
жастарға үйретуге мол мүмкіндік ашылды. Тарихи сана жетілмей, тҽрбиеленбей, 
ҿткенімізге  дұрыс  баға  бере  алмайтындығымыз  кҽміл.  Сондықтан  да,  осы  кезге 
дейін  (тҽуелсіздігімізді  алғанша)  хандарымыз  қанішер,  батырларымыз  баукеспе 
ұры болып келді. Сҿйтіп тарихи шындық бұрмаланды. Енді еліміз тарихының шаң 
басып  жатқан  шындық  беттері  ашылған  кезде  тарихи  санамызды  ояту  үлкен 
мақсат болып отыр /1/.  
Осы  жолда  отан  тарихының  шынайы  болмысын  ашып  жазу  мҽселесін 
алғашқылардың бірі болып қолға алған Кеңес Нұрпейісұлы болатын.  
Тарих  ғылымында  ҿзіндік  із  қалдырған  ғалым,  ұстаз  Нұрпейіс  Кеңес 
Нұрпейісұлы 1935 жылы наурыз айының 15 жұлдызында Алматы облысы, Кеген 
ауданы  (қазіргі  Райымбек  ауданы),  Саты  ауылында  дүниеге  келген.  Ҽкесі 
Нұрпейіс Нүсіпбайұлы кезінде колхоз құруға ат салысқан, сыйлы адамдардың бірі 
болған екен. Ұлы Отан соғысы қарсаңында ұсталып кетеді. Ҿзінің отбасы туралы 
Кеңес  Нұрпейіс:  «Ҿзім  туралы  айтсам,  алыстағы  бір  сайдың  ішіндегі,  таудың 
бҿктеріндегі  бұрынғы  Кеген,  қазіргі  Райымбек  ауданы,  Саты  ауылында  туып 
ҿскем.  Бастауыш  мектепті  ауылда  бітірдім.  Шешем  ерте  қайтыс  болып,  ҽкем  , 
«Ораз Жандосовпен таныстығы бар» делініп, халық жауы атанып, ұсталып кеткен 
соң,  4-5  жыл  балалар  үйінде  тҽрбиелендім.  Ҽкеміз  колхоздың  бастығы  болып 
жүрген,  кейіннен  ферма  бастығы  болған,  сол  кезде  ұсталып  кеткен.  Ҽскерден 
жездеміз (немере ҽпкемнің жолдасы) келіп, солармен еріп Алматыға келдім.»/2/ -
деп еске алатын.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
27 
Кішкентай Кеңес ҽкесін содан қайтып кҿрген емес, тек ол кісінің қуғындау 
қағазында «Карлаг лагерінде ҿлді (1943 ж.)» деп жазылған. Ҽкесі кҿзі тірісінде екі 
ҽйел  алып,  Кеңес  Нұрпейісұлы  екінші  ҽйелі  Айымжаннан  туылады.  Алайда,  ол 
кісі  К.  Нұрпейіс  екі  жасқа  толғанда  сусамыр  (қант  диабеті)  ауруынан  қайтыс 
болып кетеді. Жҿргегінде ҽкеден, одан кейін шешеден айырылған ол Нұрпейістің 
бірінші  бҽйбішесі  Қойсынның  қамқорлығында  болады.  Ол  кісі  де  кҿп  ұзамай 
қайтыс  болады  да,  артында  Қаниза  деген  қызы,  Ҽли  атты  ұлы  қалады.  Сол  Ҽли 
кішкентай  Кеңесті  жетектей  отырып,  ауылдан  оншақты  шақырым  жердегі 
Қарабұлақ деген ауылдағы балалар үйіне апарады. Кеңес бес жылдай (1942-1946 
жж.) сол жердегі бастауыш мектепте оқиды. 1946 жылы мектеп жабылып қалады. 
Ҽкелері соғыстан аман-есен келген балалар ҿз жанұясымен қайта қауышып жатса, 
ал тұлдыр жетімдер далада қалады. Бала Кеңес те ҽкесінің бір танысының үйінде 
отымен  кіріп,  күлімен  шығып  жүреді.  Бірде  оны  ҽдеміше  келген,  қараторы 
келіншек іздеп келеді. Ол келіншек К. Нұрпейістің Тұрлыхан атты шҿбере ҽпкесі 
болып  шығады.  Екеуі  1946  жылдың  күз  айында  Алматыға  келіп  орналасады. 
Мұнда  1952  жылға  дейін  №18  Жамбыл  атындағы  ер  балалар  мектебінде  оқиды. 
Оқу нҽтижесі бойынша жақсы кҿзге түсіп, мектепті күміс медальмен бітіреді /3/. 
Кҿрнекті  ғалымның  ҿмір  жолына  ерекше  ҽсер  еткен  нҽрсе,  ол  –    ҽкесінің 
жазықсыз  жазалануы  болса  керек.  Себебі  ҿзінің  ҽкесі  секілді  кҿптеген  қазақтың 
арыстай ұлдары жазықсыз жазаланып, тоталитарлық жүйенің құрбаны болды емес 
пе? 
Тағылымы  мол  ғалымның  Алаш  мҽселесін  зерттеуге  түрткі  болған  қандай 
оқиғалар  екендігін  жазушы  Нұрлан  Оразалин  ҿзінің  естелігінде  былай  деп 
жазады:  Кеңес  Нұрпейісов  туралы  ҽңгіме  айтқанда,  ҿзгені  білмеймін,  менің 
тілімнің  ұшына  еріксіз  «алаш»,  «алашорда»,  «алаш  арыстары»,  «алаш  азаматы» 
деген тҿркінінде ҽлдеқандай ойды тербеп, жүректі  қоздайтын киелі сҿз, қасиетті 
ұғымдар тұрады. 
Себебін  іздей  бастасақ,  он  тарау  ойдың  ҽуелгі  тірелер  тұсы  –  ғалымның 
зерттеушілік ғұмырының ең мол кезеңін алған алашорда тарихы. Екінші бір тұсы, 
ҿзі  айтқандай  балалық,  балғын  кезінен  ұйқысы  мен  күлкісін  ұрлаған  «халық 
жауының ұлы» деген қара таңбаның кҿп жылдар бойы ізінен қалмауы. Үшінші бір 
тұсы  –  бесігін  тербетіп,  құндағын  аялаған  ел  мен  жердің,  қазақ  деген  халықтың 
тарихына 1916 жылғы Ұлт-азаттық кҿтерілісінің қанды қырғын оқиғалары ҿткен 
Қарқара  болып  енгені.  Осынау  үш  себептің  жүгін  арқалаған  ұғымдар  тҿркінінде 
тұлғалы ғалым, тұғырлы азаматтардың ҿмірге деген кҿзқарасын қалыптастырған 
ұлттық  ой-жігердің,  халықтық  ар  мен  намыстың  от-жалыны  лаулап,  елін,  жерін 
сүйген жүректің жасыны ойнап тұрғаны күмҽнсіз/4/. 
Ҿзінің  ҿмірбаянында:  «1942  жылы  С.М.  Киров  атындағы  (қазіргі  Ҽль-
Фараби  атындағы  КазМҰУ)  Қазақ  мемлекеттік  Университетіне  оқуға  түстім. 
Оқуды  бітіргеннен  кейін  Қазақ  ССР  Ұлттық  Академиясының  тарих,  археология 
жҽне  этнография  Институтына  жұмысқа  қабылдандым.  Осы  уақыттан  бастап 
(яғни  1958  жыл)  еңбек  жҽне  ғылыми  қызметім  басталды  жҽне  кіші  ғылыми 
қызметкерліктен  бастап,  ҚР  Ұлттық  Академиясының  тарих  ғылымдарының 
докторы,  профессор  дҽрежесіне  дейінгі  жолды  жүріп  ҿттім.  1963  жылы 
кандидаттық диссертациямды, ал 1973 жылы докторлығымды қорғадым. Ғылыми 
зерттеудегі негізгі бағытым: ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, ұлттық-мемлекеттік 
құрылыс, Қазақстанның қоғамдық саяси ҿмірі, ХХ ғасырдағы аграрлық-шаруалар 
мҽселесі» - /5/деп жазады. 
К.Нұрпейіс  оқудың  алғашқы  күнінен  бастап-ақ  тҽлімгер-педагогтар  мен 
бірге оқитын жолдастарының назарын табандылығы мен эрудициясына, сұңғыла 
ойы мен терең біліміне аударады. Тҿменгі курста жүрген кезінде-ақ оның ғылыми 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
28
 
баяндамалары  мен  хабарламалары  оқытушылар  мен  студенттердің  үлкен 
қызығушылығын  тудырады.  Ҿйткені  осы  еңбектерінде  Кеңес  Нұрпейіс  ҿзін 
дереккҿздерге  талдау  жасай  алатын,  ең  бастысы,  кез  келген  аудиторияда  ҿз 
ұстанымын  сауатты  ҽрі  дҽлелді  кҿрсете  білетін  болашақ  зерттеуші  ретінде 
кҿрсетті. Сол кездің ҿзінде-ақ К.Нұрпейіс, негізінен, дҽстүрден де алыстап кетпей, 
тарихшылар  мен  қоғам  қайраткерлерінің  түрлі  пікірлерін  тарих  ғылымындағы 
жаңа  үрдістердің  тууы  мен  дамуын  бейнелей  отыра,  ҿзіндік  бір  ерекшелікпен 
жинақтады.  Сондықтан  университетті  үздік  бітірген  Кеңес  Нұрпейістің  білім 
ордасында қалдырылуына ешкім де таңданбады/6/. 
Ғылым шыңына алғашқы қадамы сонау студенттік жылдардан бастау алады, 
қазақтың  шынайы  тарихын  қайта  жаңғырту,  ҿткен  ҿмірдегі  «ақтаңдақтарды», 
сталинизм  құрбандарының  есімдерін  халықтың  зердесіне  қайтару  үшін  аянбай 
нҽтижелі  еңбек  етті.  Еліміздің  тарихындағы  түбегейлі  мҽселелер  бойынша  тың 
пікірлер  айтып,  жаңаша  кҿзқараста  жазылған  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының 
баспадан шығарылуына белсене ат салысты. 
1958  жылы  ақпанда  К.Н.Нұрпейіс  Ш.Ш.Уалиханов  атындағы  тарих, 
археология  жҽне  этнография  институтында  кіші  ғылыми  қызметкер  болып 
қабылданып,  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Ұлттық  Ғылым 
академиясының академигіне дейінгі жолдан ҿтті.  
Бала  кезінен  білім  шыңына  ҿрлеп,  осы  мақсатта  сан  алуан  қиындықтарды 
жеңе отырып, туған халқына, еліне еңбегі сіңген, ғылымға зор үлес қосқан ғалым 
дҽрежесіне кҿтерілді. 
Жас 
ғалымның 
ұстаздары, 
А.Н.Нүсіпбеков, 
С.Н.Покровский, 
Г.Ф.Дахшлейгер,  т.б.  болды,  олар  ғалымның  қалыптасуына  зор  ықпал  етті. 
Жаратылысы  мен  тегіндегі  талабы  ғылымның  шыңына  жетуге  ықпал  етті. 
Ғылымда  жетістікке  жетуін  инемен  құдық  қазып,  су  шығарғандай  болса,  ҿзінің 
саналы  ҿмірінде  тарихтың  сан-алуан  шыңырау  құдықтарын  қазып,  солардан 
шыққан  шырынды  сулар  халқымыздың  рухани  сусынын  қандырды.  Талапшыл 
жас  еліміздің  азаматтық  тұрмысының  тарихын  ғана  емес,  ұлттық  мемлекеттің 
қалыптасуының,  дамуының  ең  маңызды  мҽселелері,  ҽсіресе,  1916  жылғы  ұлт-
азаттық  кҿтеріліс,  1917  жылғы  тҿңкерістер  оқиғаларын,  Қазақстанда  Кеңес 
ҿкіметінің  орнауы  мен  азамат  соғысы  тарихын  зерттеумен  айналысты.  Үлкен 
ізденістердің  нҽтижесінде  «Қазақстандағы  Кеңестер  билігі  үшін  күрес», 
«Қазақстандағы  Октябрь  революциясы  мен  азамат  соғысының  тарихы», 
естеліктер жинақтары, «Орта Азия мен Қазақстандағы шетел интервенциясы жҽне 
азамат соғысы» атты құжаттыр мен материалдар жинақтары жҽне басқа да іргелі 
басылымдар  жарық  кҿрді.  1968  жылы  ол  орыс  тілінде  «Қазақстан  Кеңестері 
жұмысшылар мен шаруалар билігін нығайту үшін күресте » атты монографиясын 
жариялады.  1972  жылы  ғалым  «Қазақстанның  шаруалар  советтері  (1917-1929)» 
деген  іргелі  монография  шығарып,  соның  негізінде  «Қазақстанның  шаруалар 
Кеңестері  (ауылдық  Советтерінің  1917-1929  ж.ж.  құрылуы,  нығаюы  жҽне 
практикалық  қызметінің  тарихы)»  деген  тақырыпта  докторлық  диссертация 
қорғады. Еңбектері ҽділ де, кҿңілге қонарлық шешімін алып отырды. 
Бұдан  кейінгі  жылдарда  ғалымның  зерттеу  еңбектеріне  1918-1920  ж.ж. 
ұлттық-мемлекеттік  құрылыс,  Қазақ  Автономиялық  Кеңестік  Социалистік 
Республикасының құрылу тарихы, Орта Азия Республикалары мен Қазақстанның 
ұлттық,  территориялық  межеленуі,  Кеңес  ҿкіметінің  Қазақстандағы  аграрлық 
реформалары,  республикадағы  қоғамдық-саяси  ҿмір  мҽселелері  енді.  Олар: 
«Қазақстан  Советтерінің  І  Құрылтай  съезі»,  «Қазақстан  –  республикам  менің», 
орыс  тілінде  «Қазақстан  шаруаларының  тарихы»,  «Қазақстан  Кеңестерінің 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
29 
құрылуы» , «Куйбышев жҽне Қазақстан» (В.С. Познанскимен бірігіп жазған) жҽне 
басқа кітаптар/7/. 
1978-1981  ж.ж.  негізгі  авторлардың  бірі  ретінде  кҿне  заманнан  бүгінге 
дейінгі «Қазақ ССР тарихын» шығаруға қатысуы үлкен маңызы бар іс болды. Осы 
жұмысы  үшін  1982  жылы  Ш.  Уҽлиханов  атындағы  тарих,  археология  жҽне 
этнография  институтының  біраз  ғалымдарымен  біге  Қазақ  КСР  Мемлекеттік 
сыйлығының лауреаты атағын алды.  
Еліміздің  тҽуелсіздік  алуына  байланысты  Отан  тарихын  терең  ҽрі  жан-
жақты  зерттеу  мҽселесі  тұрды  Осыған  байланысты  К.  Нұрпейіс  алғашқылардың 
бірі болып ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын, 1917 ж. ақпан жҽне 
қазан  революциялары  мен  Алаш  қайраткерлері  жетекшілік  еткен  Қазақ 
Автономиясының тарихын объективтік тұрғыдан зерттеу мҽселесін кҿтерді жҽне 
кҿп  ұзамай  ҿзінің  «Алаш  Һҽм  Алашорда»  атты  монографиясын  жариялады  . 
Сонымен  бірге,  «Алашорда»  Автономиясының  тарихын  зерттейтін  ғылыми 
мектептің  негізін  салушылардың  бірі  Т.  Рысқұловтың  ҿмірі  мен  қызметін 
зерттеуге үлес қосты.  
 Ол  жоғарғы  оқу  орындарының  10-11сыныптарға  арналған  мен  мектептер 
үшін  Қазақстан  тарихы  бойынша  оқулық  пен  оқу  құралдарын  жазуға  белсене 
қатысып,  кҿне  заманан  бүгінге  дейінгі  «Қазақстан  тарихын»  дайындауға  ат 
салысты. 
К.  Нұрпейістің  ғылыми  редакторлығымен  15  жыл  бойы  «Қазақ  ССР  ҒА 
Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналының редакциялық алқасының 
жауапты  хатшысы  болды.  1998  жылдан  бастап  «Отан  тарихы»журналының, 
Швецияда  шығатын  «Центральная  Азия  и  Кавказ»  қоғамдық-саяси  журналы 
редакцияларының  алқа  мүшесі  болды.  «Қазақ  тарихы»  журналына  редколлегия 
мүшесі,  «Ұлттық энциклопедия» басылымдарының тарих секциясының тҿрағасы 
қызметін  атқарды.  2004  жылы  К.Нұрпейістің  басшылығымен  «Туған  ҿлке» 
журналы  шығарылды  жҽне  ғалымның  Отан  тарихының  ҿзекті  мҽселелеріне 
арналған 16 монография мен мақалалар жинақтары жарық кҿрді.  
Қазақ тарихының ең қиын «ақ таңдақ» болып қалған мҽселелерін зерттеп, ҿз 
елін  шетелдерге  де  таныта  білді.  Ҽсіресе,  Ресей,  Түркіменстан,  Қырғызстан, 
Ҿзбекстан  елдерімен  қатар  Америка,  Түркия  елдеріне  де  Қазақстанды  таныта 
білді. 
Танымал  ғалым  ғана  емес  ұлағатты  ұстаз,  шебер  ұйымдастырушы  жҽне 
жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлауға үлкен кҿңіл бҿлді. Талантты жастардың 
басын  қосып,  олардың  болашақ  ғылыми  қызметтеріне  бағыт  беріп  отырды.  Осы 
бағытта  Ж.Б.Аширбекова  «Т.Рысқұловтың  қоғамдық-саяси  қызметі  жҽне  тарихи 
зерттеу  еңбектері»,    Ж.Қ.Ахметова  «М.Шоқайдың  қоғамдық-саяси  қызметінің 
Түркістандық  кезеңі  (1917-1919  ж.ж.)»  атты  кандидаттық  диссертациялары 
ғалымның  басшылығымен  үлкен  табыспен  қорғалды.  Сондай-ақ  К.  Нұрпейістің 
ғылыми жетекшілігімен 38 кандидаттық, 9 докторлық диссертация қорғалды. Кҿп 
жылдар  бойы  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педадогикалық  университетінің  тарих 
факультетінде  профессор  ретінде  дҽріс  берді.  Студенттерге  үлкен  білім  бере 
жүріп, жас оқушыларының сана-сезімдерінде  патриоттық рухты қалыптастыруға 
дұрыс бағыт бере алды. Жұмсақ мінезді, ақжарқын, ҽділетті ұстаз бола білді.   
Академик  400  астам  ғылыми-кҿпшілік  жұмыстарының  авторы.  Олардың 
ішінде  20-дан  астам  монографиялар  мен  кітаптар  бар.  Тҽуелсіз  еліміздің  тарихи 
санасын  қалыптастыруға  зор  үлес  қосты.  Отандық  ғылымға  сіңірген  еңбегі 
жоғары  бағаланды.  1989  жылы  Ұлттық  Ғылым  академиясының  мүшесі,  2003 
жылы  толық  мүшесі  (академигі)  болып  сайланды.  1995  жылы  ол  «Қазақстан 
Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталады. 1998 жылы К.Н. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
30
 
Нұрпейіске  «Қазақстанның  еңбек  сіңірген  ғылым  жҽне  техника  қайраткері» 
құрметті атағы берілді. 
К.Н.Нұрпейіс  ҿмірден  озса  да  ғалымның  ғылыми-ұйымдастырушылық 
қызметі  мен  тарихи  мұрасы  тарих  ғылымына  қосылған  ҿзіндік  үлесі  бар  бағалы 
туындылары, артында қалған шҽкірттеріне баға жетпес мұра болып қалары сҿссіз 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. АОММ, 1099-қор, 1-тізімдеме, 16-іс.71-б. 
2. Сонда, 71-б. 
3. АОММ, 1099-қор, 1-тізімдеме, 264-іс. 1-б. 
4. Оразалин Н. Алаштұлғалы. // Хантҽңірі.- 2008. -11 қазан. 3-б. 
5. АОММ, 1099-қор, 1-тізімдеме, 151-іс. 22-б. 
6. АОММ, 1099-қор, 1-тізімдеме, 252-іс. 12-б. 
7.Кеңес 
Нұрпейісұлы 
Нұпейіс: 
Қазақстан 
ғалымдарының 
биобиблиографиясының материалдары – Алматы, 2005. 12 бет. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада академик К.Н. Нұрпейістің ҿмірі мен қызметі қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается жизнь и деятельность академика К.Н. Нұрпеиса.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет