Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДУЛАТТАР



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДУЛАТТАР 
 
Тортаев С.Ҽ. -т.ғ.к.доцент(Алматы қ.,ҚазмемқызПУ) 
Ғабжалилов Х.М. -т.ғ.к.(Алматы қ., Алаш орталығының тҿрағасы) 
 
Дулат  тайпасы  монғолдардың  қазіргі  Қазақстан  жерін  бағындыруының 
қарсаңында  ҿзінің  этникалық  территориясы  болып  табылатын  Жетісу  ҿңірін 
иеленіп  отырды.  Оны  басы  Рашид-ад-дин  болып  монғол  тайпасына  жатқызбақ 
болған  ҽрекет  сондықтан  да  тарихи  шындықты  аша  алмайды.  Аса  беделді 
шығыстанушы  В.В.Бартольдтің  де  осыны  ескермей,  Жетісу  аймағы  баяғы  он  оқ 
елі  заманынан  бері  (VII  ғасырдан)  дулаттардың  түркі  тілдес  бабаларының  ата-
мекені  екенін  ескермей,  оларды  монғол    тайпаларына  жатқызып  жібергені 
ҿкінішті.  Алғаш  олардың  мекені,  ата-жұрты  қарақытайлар  мемлекетінің 
құрамында болды. 1212 жылдан бастап 1218 жылға дейін бұл мемлекетті Монғол 
үстіртінен қашып келген найман тайпасының ханзадасы Күшілік билеп-тҿстеді. 
Шыңғысханның  Күшілікті  жеңуі  дулаттар  аймағында  дінді  қудалауды 
тоқтатты;  1211  жылдан  бастап  Шыңғысханмен  байланыс  орнатқан  қара-
қытайлықтардың бұрынғы дулат тайпасы сияқты мұсылман бодандары толық дін 
еркіндігіне  ие  болды.  Қуғын-сүргіннен  аман  қалған  қара-қытайлар  да 
мұсылманша  киінуге  кҿшті.  Орта  Азияда  қара-қытайлықтар  билігінің  ешбір 
белгісі  –  жазуы,  құрылыстары  сақталмады/1/  .  Сҿйтіп,  Мұхаммед  пайғамбардың 
дінінің  таралуына  қарсылық  білдірушілер  дереу  құдайдан  жазасын  алып  жатты. 
Ал  ислам  дініне  сеніп,  оны  басшылыққа  алып,  нығайтып  жатқандардың  жолы 
оңынан  болып,  жастары  ұзарып,  бақыт  құшағына  бҿленді/2/  Бұл  ҽсіресе  осы 
ҿңірдегі беделді дулат тайпасына қатысты болды.  
Осындайда  құрамына  дулат  тайпасының  мекені  де  кірген  қарақытайлар 
мемлекетін басып алған моңғол ҽскерінің Жетісу, Түркістан ҿңіріне басып кіруіне 
не  себеп  болды.  Оған  кім  кінҽлі  еді.  Оның  нҽтижесі  қандай  болды?  –  дегендей 
заңды сауалдар да туындайды. 
Күшілік  ханзада  қаза  тапқаннан  кейін  оның  Түркістандық  иеліктері 
Хорезмшахтың  қол  астына  кҿшті.  Бұған  Шыңғысхан  наразы  болды.  1216  жылы 
Күшілік  пен  меркіт  ханының  ұлы  Кудуды  (Хуту)  Жошы  бастаған  моңғол 
ҽскерлері қуып келіп, оларды Кили жҽне Камих ҿзендерінің маңында талқандаған 
кезде  моңғол  ҽскерімен  соғысуға  Мұхаммед  Хорезмшах  та  келді.  Моңғол 
ҽскерінің «Бізге Хорезмшахпен соғысуға рұқсат жоқ, біз басқа жұмыспен келдік», 
-  деген  сҿзіне  құлақ  аспай,  Хорезмшахтың  ҿзі  соғыс  бастап,  осы  соғыста  ҿзі 
тұтқынға түсіп қала сақтады: баласы Жҽлел-ад-диннің батырлығының арқасында 
ғана құтылды.  
«Бұл  қақтығыстың  басталуына  сұлтанның  кінҽлі  екеніне  қарамастан, 
Шыңғысхан  ҿзінің  бұрыннан  қалыптасқан  ұстанымына  сай  оған  шабуыл 
жасағысы келмеді, ҽртүрлі жолдармен достық қатынасты сақтауға жҽне кҿршілік 
құқын  қорғауға  тырысты.  Сұлтан  тарапынан  ашу-ызасын  туғызған,  қалай  да 
қарсы  шара  қолданып,  ҿш  алуды  қажет  қылған  қылықтар  жасалғанша  ол 
(Шыңғысхан – авт.) онымен (Хорезмшахпен – авт.) күреске кіріскен жоқ»/3/. Бұл 
кезде  Жетісу  мен  Түркістан  ҿңіріндегі  дулаттар  Күшіліктің  зобалаңынан  кейін 
бейбіт ҿмірді аңсап, Хорезмшахқа да қарсылық кҿрсете қойған жоқ. 
Шыңғысханның  батыстағы  күшті  де  қауіпті  кҿршісі  Хорезмшахпен  тіл 
табысу  мақсатымен  1216  жылы  оған  елшілік  жібергені  белгілі.  Дулаттар  мекені 
Шу, Талас ҿңірімен жүріп ҿткен бұл елшіліктің жергілікті жерде Шыңғыс ханды 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
32
 
насихаттағанын  айтпасқа  болмас.  Ол  Хорезмшахтан  ҿзін,  яғни  Шыңғысханды 
ҽмірші  ретінде  тануды  талап  етті.  Сонда  ғана  екі  елдің  арасында  тыныштық 
болатынына  сендірген  ол,  одаққа  біріксе,  оларға  ешкім  қарсы  тұра 
алмайтындығына Хорезмшахтың кҿзін жеткізбек болды. 
Хорезмшах  болса  Шыңғысханның  билігін  мойындаудан  үзілді  кесілді  бас 
тартты  жҽне  ешбір  себепсіз  ҿзі  соғыс  бастамауға  уҽде  берді.  Егер  бұл  ұсыныс 
қабылданбаса,  Хорезмшах  күшпен  жауап  беруге  дайын  екендігін  де  жасырған 
жоқ. 
Бірақ  кҿп  ҿтпей  екі  елдің  арасындағы  тыныштық  Отырар  қаласының  ҽкімі 
Қайырханның  монғол  кҿпестерін  қырып,  олардың  тауарларын  тартып  алуының 
салдарынан  бұзылды.  Шыңғысханның  жағдайды  біліп  келу  үшін  Хорезмге 
жіберген елшісі тағы да ҿлтірілді. 
«... Шыңғыс хаған сартауыл (Ортаазиялық Түркістан) еліне жіберген Ұқына 
бастаған  жүз  елшісі  ҿлтірілгенін  естігенде  ҿз  ордасында  үлкен  құрылтай 
шықырып:  «Алтын  арқанымызды  сартауылдарға  қидырып,  қол  қусырып 
отырамыз  ба?  Ұқына  бастаған  жүз  жігітіміздің  кегін  қайтарып,  сартауылдармен 
соғысып,  егеске  қысас  істеп,  сартауылдармен  шайқасайық»
 
/4/,  деп  Хорезмге 
соғыс  жариялады.  Осыдан  соң  1219  жылы  Шыңғысхан  жазды  Ертістің  бойында 
ҿткізіп,  аттарын  жемдетіп  алып,  күзде  онан  ҽрі  жылжыды.  Жолында  кездескен 
облыстардың бҽрін басып алып, соғысуға келе жатқандығы туралы Хорезмшахқа 
хабар берді.  
Бұл  жорыққа  Шыңғысхан  жалаң  моңғол  ҽскерін  ғана  емес,  сондай-ақ  осы 
кезге  дейін  ҿз  қоластына  біріктірген  түркі  тайпаларынан  да  (керейт,  қоңырат, 
жалайыр,  меркіт,  найман,  қарлық,  ұйғыр,  арғын,  дулат)  жасақталған  ҽскерді 
пайдаланды
 
/5/.  Дулаттар  Шыңғыс  ханның  Хорезмшахқа  барар  жолында  жатқан 
бірден  бір  саны  кҿп  түркі  тайпасы  еді.  Оның  үстіне  олар  Ұлы  қағанды 
мойындайтындарын бірден мҽлімдеді. 
Бұл  жорыққа  дулат  тайпасының  да  қатысуының  бір  дҽлелі  –  Шыңғыс  хан 
Жошыға «хушин тайпасынан шыққан Байқудың мыңдығын берді. Ол барунгарды, 
яғни  оң  қанаттағы  ҽскерді  басқарды»,  -  деген  дерек.  Сол  деректің  авторы 
Хушидай-Байқу  деген  аға  ҽмірдің  болғандығын,  оны  Шыңғысханның  Жошыға 
бергендігін, оның Бату ҽскерінің оң қанатын басқарғандығын жазады. Ол ҿмірнің 
соңында: «Мен қартайдым, қаусырадым, енді бұл істі атқаруға жарамаймын» деп 
ҿз орнына басқа адамды ұсынды»/6/. 
Зерттеушілер/7/  «хушин» деген  «үйсін» дегенді білдіреді, ал «Байку» деген 
Майқы бидің бұрмаланған аты деп түсіндіреді. Олай болса үйсіннің ішінде оның 
дулат  тайпасының  да  ҿкілдері  болды  деуге  толық  негіз  бар  деп  ойлаймыз. 
Жошының  ғана  емес,  Шағатайдың  да  қол  астына  берілген  екі  мың  ҽскердің 
құрамында дулат сарбаздары бар еді. 
Күшілікті  жойып,  Жетісуды  қарсылықсыз  алған  1216  жылдан  Отырарға 
жеткен  Шыңғысханға  1219  жылға  дейінгі  уақыттарда  Құланнан  батысқа  қарай 
Талас, Испиджаб ҿңірлеріндегі дулаттар да қарсылықсыз берілді де, оның ҽскерін 
толықтырды.  
Сҿйтіп, Шыңғысханның жаулау жорықтары негізінен жалпы алғанда моңғол 
тайпаларынан  ғана  емес,  қазақты  құраған  кҿптеген  іргелі  тайпаларға  арқа 
сүйеудің  арқасында  ғана  мүмкін  болды  дей  аламыз.  Моңғол  ҽскерінің  құрамына 
кірген үйсін тайпалық одағындағы дулаттар 1219-1222 жылдары Отырарды, Жент 
пен Ҿзкентті, Сығанақ пен Баршынкентті, Ашынас пен Үргенішті Хорезмшахтан 
қайтарып алуға қатысты.  
1220  жылы  дулат  тайпасының  біраз  рулары  тұрып  жатқан  Қашқария  да 
Шыңғысхан  мемлекетінің  құрамына  кірді.  Бұл  қосылу  қантҿгіссіз,  зардапсыз 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
33 
жүргізілді.  «В  последующее  затем  блестящее  царствование  монголов  Кашгария 
достигла высшей степени процветания, до которого ни ранее, ни в последующее 
века  она  никогда  не  доходила»/8/  Бұл  монғолдарды  жалпы  шығыс  елдері  мен 
халықтарын  мақтауға  ауызы  бармайтын  орыс  халқының  ҿкілі,  Ресейдің  бас 
штабының  полковнигі  А.Н.Куропаткиннің  сҿзі.  Осы  пікір  Шыңғысханға 
қарсылықсыз  берілген  дулат,  арғын,  қарлық,  т.б.  тайпаларының  дұрыс  саяси 
шешімдер  қабылдап,  елді  қырғын-сүргінге  ұрындырмай,  салт-дҽстүрі,  діні, 
шаруашылық  жүйесі  бір  болып  келетін  Орталық  Азия  кҿшпенділерінің 
ҿркениетін ҿрлетуге үлес қосқандығының куҽсі деп білеміз. 
Дулаттар  қоныстанған  бұл  ҿлкелердің  рубасылары  мен  халқының  Шыңғыс 
ханға  ҿз  еркімен  берілуінің  арқасында  олар  Қытайға,  Мауренахр  мен  Батыс 
Азияға  қарағанда,  монғол  шапқыншылығынан  елеулі  ауыр  зардап  шеге  қойған 
жоқ.  Монғол  жаулап  алушылығынан  соң  бұл  ҿлкелерде  болып  қайтқан 
саяхатшылар дулаттар мекендеген аймақты мҽдениеті гүлденіп тұрған ел еді деп 
суреттейді. 1220 ж. чжурчжен императоры Шыңғысханға Ву-гу-сун деген елшісін 
жіберді.  Оның  айтуынша  қарақытайлықтар  азайып  қалған,  олардың  ҿзі  де  Хой-
Худың,  яғни  мұсылмандардың  салт-дҽстүрін  қабылдап,  киімдерін  киген. 
Жетісулық  мұсылмандар  басқа,  жергілікті  мҽдениеттің  христиандық  ҿкілдеріне 
қарағанда ҽлдеқайда жауынгер халық болған/9/. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Бартольд В.В. Сочинения. Т.Ү. -546 б. 
2.Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т.1. Кн. 2. -184 б.  
3.Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т. 1. Кн. 2. – М. –Л.,  1952. -190 б. 
4.Моңғолдың құпия шежіресі. – Алматы, 1998. -176 б. 
5.Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т.1,кн. 2. -274-275 бб. 
6.Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т.1,кн. 2. -274-275 бб. 
7.Востров  В.В.,  Муканов  М.С.  Родоплеменной  состав  и  расселение  казахов.  – 
Алматы,  1968.  -25  б;  Осындай  пікірді  Ш.Уҽлиханов,  А.  Құнанбаев, 
Ш.Құдайбердіұлы,  т.б.  ұстаған.  Валиханов  Ч.Ч.  Собрание  сочинений  в  пяти 
томах.  Т.1.  –  Алма-Ата,  1984.  -275  б.;  Қаақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  Т.6. 
Алматы, 2004, 2004. -314 б. 
8.Куропаткин А.Н. Кашгария. – СПб., 1879. -79 б. 
9.Туркестан  со  времени  завоевания  арабами  до  монгольского  влдычества.  Сост. 
А.Н.Самойлович. – СПб., 1903. – 137 б. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада Шыңғысханның Орта Азияға жорығы кезіндегі дулат тайпасының 
жағдайы  баяндалады.  Бұл  тайпаның  салт-дҽстүрі,  діні,  шаруашылық  жүйесі  бір 
болып  келетін  моңғолдарға  қарсылықсыз  беріліп,  дұрыс  шешім  қабылдағаны 
дҽлелденген. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье описывается территориальное, политико-экономическое положение 
племени  дулат  накануне  монголского  завоевания.  Доказывается,  что  дулаты, 
поступив разумно, избежали истребления. 
 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
34
 
ТАРИХ ТОРАБЫНДА ТАҢБАСЫ ҚАЛҒАН ТАРАЗ ШАҺАРЫ 
 
Саурықова Ж.С.- оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Еліміздің  маңызы  зор  ҿндірістік  жҽне  мҽдени  орталығы  болып  табылатын 
қазіргі  Тараз  қаласы  орналасқан  жерде,  тарихшыларға  Тараз  деген  атпен  белгілі 
Қазақстанның ең үлкен ортағасырлық шаһарларының бірі орын тепкен. Бұл қала 
жайлы  жазылған  ең  алғашқы  мҽліметтер  IV  -  ғасырдың  аяғына  жататын 
Византиялық  жазбаларда  кездеседі  /1/./.  Орта  ғасырдағы  ірі  қалалардың  бірі 
Византия  императоры  ІІ  Юстинианның  Шығыс  бҿлігінің  ҽскербасы  Земарх 
бастаған елшілерді түркілер қағаны Дизабулдың ордасына аттандырды. Византия 
тарихшысы  Менандрдың  суреттеуі  бойынша  Земарх  сапар  барысында  Тараз 
қаласында  жҽне  сол  қалаға  жақын  бір  жерде  үлкен  мемлекеттің  ҽміршісі,  Түрік 
қағанының ордасында қабылдауда болды /2/.  
Кейіннен  Тараз  (Талас)  туралы  ортағасырлық  географ,  тарихшы, 
саяхатшылардың  бҽрі  дерлік  жазады.  Бұған  таң  қалуға  болмайды,  ҿйткені 
қаланың  орналасқан  жері  Ұлы  Жібек  жолындағы  маңызды  орындардың  бірі  еді. 
Сондықтан  да,  авторлар  Тараз  жайлы  жазған  кезде  ең  алдымен  оның  сауда 
саласындағы маңызы туралы айтады. Тараз қаласы транзиттік ірі сауда орталығы 
болғандықтан,  деректемелерде  «мұсылмандардың  түріктерімен  сауда  жасайтын 
орны»  жҽне  «кҿпестер  қаласы»  деп  жазылады.  Талас-Тараз  қаласын  негізгі 
орталық  нысана  ете  отырып,  заманымыздың  ХІІІ-  ғасырына  дейінгі  Ұлы  Жібек 
жолының  бағыт-бағдарлары  жҽне  бұл  күндері  ертедегі  Үйсін  хандығының 
астанасы  болған  Чигу  (Қызылсай,  Қызыл  аңғар)  қаласының  бекінісінің  орны 
туралы деректер бар Сонымен бірге, ол түргештердің, ал содан соң қарлұқтардың 
жҽне қарахандардың астаналық орталығы болған. 
Ертедегі  авторлардың  бірде-біреуі  Тараздың  орнын  дҽл  кҿрсете  алмаған. 
Сондықтан да археологтар бұл қаланы ұзақ уақыт бойы ҽр жерлерден іздестірді. 
Ертедегі  Қытай  жазба  деректерінде  кездесетін  жер-  су,  қала  аттары  қатарында 
Талас  бір  жағынан  жағрафиялық  ҿңір  ретінде,  тағы  бір  жағынан  ҿзен  жҽне 
бекіністі  қала  ретінде  жиі  аталып  отырған  /3/.Тараз  тұрған  жер  жасыл  желекті 
алқап  болған.  Бұл  тҿңіректе  Тараздан  басқа  үлкенді-кішілі  қалашықтар,  елді 
қоныстар, жеке үй қожалықтары, сарайлар ҿмір сүрген. Қазір олардың тек орны – 
мүжіле-мүжіле тҿбешікке айналған үйінділері ғана қалған. Жаздың ыстық күндері 
бұл  тҿбешіктердің  шҿбі  тез  күйіп  кетеді.  Егер  биіктеу  жерге  шығып  қарағанда, 
жасыл  даланың  ара-  арасында  үйінділер  сарыала  дақ  болып  бірден  кҿзге  түсіп 
тұрады /4/. 
Тараз  ҿңірінің  ежелгі  тарихы  ерте  палеолит  дҽуірінен  басталады.  Мұнда 
ежелгі  адамдардың  қоныстануына  анағұрлым  қолайлы  орындар  –  Қаратау 
таулары  болды  Орта  ғасырдағы  Ҽл-Идрисидің  картасында  неғұрлым  ертедегі 
деректемелер  бойынша  кеңінен  белгілі  Тараз  қаласы  кҿрсетілген.  «Нұзхат  ҽл-
мұштақ»  текстінде  Тараздың  солтүстік  жағында  қарлұқ-түріктер  мекендейтіні 
атап  ҿтіледі;  Тараздың  оңтүстігіне  таман  5  фарсах  болатын  Касрибас  деген 
жердегі  жайылымдарда  қарлұқтардың  қыстаулары  бар  екені  де  айтылады. 
Қарлұқтардың Тараз аймағы шегінді мекендегенін басқа авторлардың мҽліметтері 
де  қуаттайды.  Қарлұқ  тайпалары  билік  еткен  тұста,  Тараз  қаласыVIII  ғасырдың 
бірінші жартысында-ақ « даңқты да инабатты шарұқ-түріктер» қаласы деп аталған 
еді.  Талас-  Тараз  қаласы  ерте  орта  ғасырлардағы  Ұлы  Жібек  жолының  кемінде 
үш-тҿрт  тармағы  түйісер  нағыз  тоғыз  жолдың  торабындағы  ірі  мҽдени-сауда 
орталығы ҽрі Шығыс пен Орхон- Алтай ҿңірінен басталатын ірі ҽскери жорықтар 
нысана алған стратегиялық бекіністі қала еді . Тараз ығы-жығы халқы кҿп, саялы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
35 
бау-бақшасы  бар  қайнаған  базар,  орталығында  түркі  тілімен  қатар  араб,  парсы, 
соғды, қытай тілдері жиі естілген қала.  
Кҿне  Тараз  кезінде  «ғалымдар  қаласы»  деп  аталып,  оқымысты,  ғалым, 
ғұламаларымен де атағы шыққан қала болды. Араб деректеріне қарағанда ХІ-ХІІ 
ғасырларда  Тараздан  Махмұт  бин  Ҽли  ҽл-Тарази,  Ҽбу  Тахир  Мұхаммет  ат- 
Тарази,  Ҽбд  Садық  Ахмет  ибн  Хасан  сынды  кҿрнекті  ғалымдар  шықты.  Тарихи 
жазбалар  бұл  ғалымдарды  жоғары  бағаландығын  кҿрсетеді.  ХІ  ғасырда  аты 
мҽшһүр энциклопедист ғалым ҽрі ақын Жүсіп Баласағұни 6500 бҽйіттен тұратын 
теңдесіз  ҽдеби  ҽрі  ғылыми  ескерткіш  –  «Құдатғу  білік»  атты  философиялық 
поэмасын жазып қалдырды. Тараз ҿңіріне қатысты алғашқы тарихи деректер осы 
ғалымдардың  ғылыми  мҽні  зор  мұраларында  жҽне  ҿлкемен  танысқан 
саяхатшылардың  жазбаларында  сақталды.  Орта  Азия  мен  Қазақстанның 
жергілікті түркі жҽне ирандық тілдерде сҿйлейтін ғалымдары, ҽдебиетшілері мен 
ақындарының  үлкен  бір  тобы  ҿз  шығармаларын  сол  кезде  халықаралық  ғылыми 
тілдің  рҿлін  атқарған  араб  тілінде  жазды.  Тараздық  ғалымдар  қай  ҿлкеден 
екендігін білдіру мақсатымен есімдеріне «ат-Тарази» жұрнағын қосқан. 
Қазақ  жерінде  алғашқы  мешіт  Тараз  шаһарында  890  жылы  тұрғызылды. 
Исламның таралуына байланысты мешіттер, медреселер, кесенелер салынды. ІХ - 
Х  ғасырдағы  ескерткіштерге  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмыстары 
аймақта  қалалық  мұсылман  мҽдениетінің  қалыптасқанын  кҿрсетеді.  Х  ғасырдың 
басында  Қарахандар  ҽулетінің  негізін  қалаушы  Сатұқ  Боғра-хан  тұсында  ислам 
дінін  қабылдап,  ал  оның  ұлы  Боғра-хан  Мұса  тұсында  960  жылы  ислам 
мемлекеттік  дін  болып  жарияланған.  Мұсылман  діні  бірінші  кезекте  қалаларда 
таралды.  Осы  тұста  Тараз  қаласындағы  христиан  шіркеулері  мешіттерге 
айналдырылды.  
Х-ХІІ  ғасырларда  қаланың  гүлденген  кезеңі  болды.Тараз  қаласындағы 
мұсылман  сҽулет    ҿнерінің  інжу-маржандары  болып  саналатын,  Ҽулиеата  –
Қарахан (ХІІ ғасыр) жҽне Дҽуітбек (ХІІІғасыр) кесенелерін ерекше айтуға болады. 
Х-ХІІ  ғасырларда  Тараз  қаласының  су  құбырлары,  сонымен  қатар  күйген 
кірпіштен  кҿпшілік  үшін  салынған  моншасы  болған  /5/.  Бұл  Тараз  тҿңірегі 
тұрғындары  мал  шаруашылығымен  айналысқанын  жҽне  Ұлы  Жібек  жолындағы 
сауда орталығы болғанын, Тараз қаласында малдарын сатып немесе айырбастап, 
сауда-саттық  жүргізгенін  дҽлелденген/6/.  Осынау  қасиетті  Тараз  қаласының  ХІ 
ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  теңге  сарайы  табылған.  Сонымен  қатар  Тараз 
қаласынан  ХІ-ХІІ  ғасырда  тҿбесі  күнбезделіп  жасалған  монша,  ұзындығы  12,8 
метр су құбыры, күнбез тҽрізді,ұзын мойынды тҽсілмен жасалған пеш табылған. 
Осы  қазба  жұмыстары  нҽтижесінде  табылған  заттар,  ҿрнектелген  бұйымдар 
тарихи ескерткіштер заттай жҽне рухани мҽдениеттің дамуына зор үлес қосты. 
Бұл  аумақта  кҿне  ғимараттардың  монументальдық  архитектурасы  қангҿй 
тайпаларының  архитектура  мен  құрылыс  үрдістерінің  деңгейіндей  дамығандығы 
бҽрімізге  мҽлім.  ХІІ  ғасырдың  аяғында  бабамыз  Қарахан  дүниеден  ҿткен  кезде, 
оның  қабірі  басына  сҽулетті  күмбез  ғимараты  салынып,  бұл  мазар  «Ҽулиеата» 
аталып кетеді. Бірақ монғолдар шапқыншылығы кезінде қалада, қасиетті күмбезде 
қиратылды.  Тек  1809  жылы  кесене  қалпына  келтіріліп,  Айша  –  бибі,  Бабаджа  – 
қатын,  Дҽуітбек  (  Шамансұр  )  сынды  ерте  орта  ғасырдың  архитектурасының 
ескерткіштері  күні  бүгінге  дейін  сақталуда.  Кҿне  тарихи  ескерткіштер  біртұтас 
қазақтың мҽңгілік мұрасы. 
Тараз  қаласын  1220  жылы  Шыңғыс  хан  ҽскерлері  басып  алады.  Тараз 
Шағатай  ұлысына  қарады.  Тараздың  орнына  Яны  (Жаңа)  деп  аталатын  қала 
тұрғызып,  Дҽуітбек  (Шамансұр  кесенесі)  мазары  салынды.  Қалада  1334  жылға 
дейін  теңге  соғылып  тұрды.  Қала  Ҽмір  Темірдің  жҽне  жоңғарлардың 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
36
 
шапқыншылығы кезінде құлдырады. Бұл жорықтар жергілікті халықты қисапсыз 
қырғынға  ұшыратты.  XV  ғасырдың  бірінші  ширегінде  Тараз  ҿңірі  ҿзара 
қырқысулардың  сахнасына  айналды.  Абылай  хан  1774  жылы  қаланы  қалпына 
келтіріп, Ҽулие-Ата деп атаған. Қоқандықтар 1821 жылы ежелгі Тараз қаласының 
орнына  Ҽулиеата  бекінісін  тұрғызды.  Тараз  1856  жылы  Ҽулиеата  деп  аталып, 
қалада  аса  ірі  ҿзі  ататас  жҽрмеңке  ҿтіп  тұрды.  Мемлекеттік  банк  бҿлімшелері, 
почта,  телеграф  ашылды.  Ҽулиеата  Қазақстанның  ірі  қалаларының  біріне 
айналды.  1936  жылы  10  қаңтарда  Ҽулиеата  қаласы  Мирзоян  болып  ҿзгертілді. 
1938  жылы  5  маусымда  қалаға  жыр  алыбы  Жамбыл  ақынның  есімі  беріледі. 
Жамбыл қаласы қазақ ақынының атымен аталған тұңғыш қала болды.  
1997  жылы  8  қаңтарда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан 
Ҽбішұлы  Назарбаевтың  жарлығымен  қалаға  ҿзінің  тарихи  Тараз  атауы 
қайтарылды.  Тараз–  Республикамыздың  ҽдемі  де  гүлденген  қалаларының  біріне 
айналды.  
Тараз – Қазақстанға ғана емес, сонымен бірге Еуразияға да тҽн қала. Ҿйткені 
ол  құрлықтағы  ірі  ғылым  мен  мҽдениеттің,  қолҿнер  мен  сауданың  орталығы, 
керуен  жолдарының  байланыстырушысы.  Осыдан  дҽл  2000  жыл  бұрын  б.з.д.  І 
ғасырдың  аяғы  мен  б.з.  І  ғасырдың  басында  Тараз  қаласы  осынау  ҿлкенің  саяси 
жҽне  экономикалық  орталығы  болып,  сол  кезден  бастап  ҿте  қарқынды  дами 
бастаған . 
2002  жылы  қыркүйекте  Қазақстан  ЮНЕСКО  кҿлемінде  Тараз  қаласының 
2000  жылдық  мерейтойын  атап  ҿтті.  Тараздың  мерейтойы  –  мақтан  тұтар  ерлік 
істерге,  ірі  оқиғаларға,  қолбасшылары  мен  жауынгерлерінің  ерлігіне, 
ғалымдардың  дарынды  еңбегіне,  ақындар  мен  суретшілердің  тамаша 
шығармаларына  толы  бай  ҽрі  тамыры  тереңде  жатқан  тарихы  бар  егеменді 
Қазақстанның даму жолындағы маңызы зор кезең.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Байпақов Қ. Қазақстанның ежелгі қалалары. Алматы, 2005. 
2. Кҿркем суретті Қазақстан тарихы, 1-том .Алматы, 2006. 
3. Қазақстан тарихы очерктер..Алматы, 1994. 
4. Қазақстан тарихы 1-том. Алматы, 1996. 
5. Чапай М. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008. 
6. Жолдасбайұлы С. Ежелгі жҽне орта ғасырдағы Қазақстан. Алматы, 1995. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада Тараз қаласының кҿне мҽдени тарихы қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В этой статье рассматривается древняя история культуры города Тараза.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
37 
ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
 
 
 

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН 
МЕМЛЕКЕТІН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ 
 
Бегалиева А.А. – т.ғ.к., доцент. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында ҽлем тарихының басты оқиғасы ретінде 
тарихқа енген КСРО сияқты алып империяның күйреуі нҽтижесінде пайда болған 
еледердің  бірі  –  Қазақстан  Республикасы  халқының,  бірінші  кезекте  қазақ 
ұлтының,  алдында  жаңа  мемлекет  қалыптастыру  міндеті  тұрғандығы  белгілі. 
Мұндай аса күрделі істің басында, ел тағдыры шешілер сҽтте атқарылар ауқымды 
қайнар  кҿзінде,  тағдырдың  жазуымен,  Тҽуелсіз  Қазақстан  Республикасының 
тұнғыш  президенті  Нұрсұлтан  Ҽбішұлы  Назарбаев  тұрды.  Оның  еңбектерінде 
тҽуелсіз  Қазақстан  тарихының  маңызды  жазба  дерек  кҿздері  ретінде 
деректанулық талдау жасау, Н. Назарбаевтың жаңа мемлекет құру  ҿте қымбатқа 
түсетін, аса күрделі іс екендігін КСРО-ның кезінде-ақ айқын кҿрсетті. Мысалы, ол 
ҿзінің  1991  жылдың  наурыз-сҽуір  айларында,  демек  КСРО-ның  күйреу 
қарсаңында  дайындаған  «Ҽділеттің  ақ  жолы»-  атты  кітабында  одақтас 
республикалар  арасында  сол  кезде  ондаған  жылдар  бойы  қалыптасқан 
экономикалық  байланыстарды  үзудің  бҽрі  үшін  де  қатерлі  екендігін  айта  келе: 
«Оның  үстіне  бір-біріне  мүлде  тҽуелсіз  жаңа  мемелекеттерді  құру  дегеніңіз  ҿте 
қымбатқа  түсетін  іс  екенін  дҽлелдеп  жатудың  сірҽ,  керегі  бола  қоймас»-деуі 
соның  дҽлелі.  Дегенменен,  кҿп  ұзамай-ақ  тағдыр  оны  дҽл  сол  «ҿте  қымбатқа 
түсетін», жаңа мемлекет құру ісімен айналысуға мҽжбүр етті. 
Н.Назарбаевтың қандай жағдайда жаңа мемелекет құру ісімен айналысуына 
тура  келгендігін  түсіну  үшін,  КСРО  ыдырағаннан  кейінгі  Қазақстанда 
қалыптасқан  жалпы  жағдайды  объективті  суреттеп  берген  «Азия  асқарларынан» 
үзінді  келтірейік.  Онда:  «Кеңестен  кейінгі  елдердің  басым  бҿлігі  сияқты, 
Қазақстан  да  қайырым  білмес  жүйелік  дағдарыстың  жылымына  батып  жүре 
береді. Алып империяның күйреуімен бірге бҽрі де: үйреншікті байланыстар, ҿмір 
салты жҽне адамдық құндылықтар қирап түсті. Бұрынғы Одақтан мұраға алынған 
дерттерге  енді  ортақ  идеологиямен,  экономикамен  жҽне  инфроқұрылыммен 
бекемделген  бітұтас  ағзаның  қирауына  байланысты  шыққан  жаңа  дерттер 
қосылды.  Соның  ҿзінде  де  Қазақстан  басқалармен  салыстырғанда  аса  бір  қиын 
жағдайға қалған болып шықты. 
Оның  ҿзіндік  себептері  де  бар.  Елді  меңдеп  алған  дағдарыс  кеңестік 
жоспарлы  экономиканың  қойнауларында  баяғыдан  сыздықтай  пісіп  келе  жатқан 
ауқымды  дағдарыстың  тікелей  жалғасы  жҽне  салдары  еді.  Қазақстанға  дҽл 
осындай  мұра  қалды:  жантҽсілім  ете  бастаған  экономиканың  жарқыншағы, 
тозығы жеткен инфроқұрылым, ҽлемдік стандартқа маңайламайтын кҽсіпорындар 
мен  құрал-жабдықтар,  экстенсивті  ауыл  шаруашылығы  жҽне  азып-тозған  ауыл, 
ақыр аяғында, білікті мамандар мен тҽжірибелі басқарушылардың тапшылығы» - 
дей келе, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ауыр ахуал мен оның салдары туралы: 
«Кеңістік  кезеңнен  алған  мемлекет  басқару  жүйесінің  быт-шыты  шықты. 
Экономиканың  белі  бүгіліп  кетті.  Оның  кҿлемі  55  пайызға  кеміді.  Қазақстаның 
қаржысы да, ҿнім ҿткізетін рыногыда жоқ еді, сондықтан кҽсіпорындардың дерлік 
тоқтады.  Дүкендерден  азық-түлік  пен  ең  зҽру  заттар  табылмайтын.  Адамдар 
зейнетақы  мен  жалақына  айлар  бойы  алудан  қалды.  Елді  жаппай  жұмыссыздық 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
38
 
жайлады.  Жойдасыз  ифляция  ҽбден  шегіне  жетіп,  жұртшылықтың  тапқан- 
таянғанын жалматып жатты. Қылмыс ҿсіп кетті.  
Ел қауіпсіздігінің мҽселелері де оңай емес-ті. Шекаралардың аты бар да заты 
жоқтығы, қуатты ядролық арсеналдың қолда тұруы, кҿмірсутектілерінің мол қоры 
жҽне  жағдайы  тұрақсыз  ҿңірдің  дҽл  ортасындағы  геосаяси  орналасуы  ұлттық 
қауіпсіздікке  едҽуір  қатер  болатын.  Егер  бұған  аса  ауқымды  аумаққа  шашырай 
орналасқан  халықтың  этностық  құрамы  бойынша  ала-құлалығын,  ҽскердің 
ҽлсіздігін  қоссаңыз,  қалыптасқан  жағдайдың  қаншалықты  күрделі  екендігі 
кҿрінеді»-деп баяндалған. 
Міне осындай жағдайда, елбасына жаңа мемлекет қалыптастыру сияқты аса 
күрделі  істің  басында  тұруына  тура  келеді.  Н.Ҽ.Назарбаевтың  еңбектеріне 
деректанулық талдау жасау, оның бұл мҽселеге ел тағдыры үшін шешуші маңызы 
бар мҽселе ретінде қарап, оған ерекше кҿңіл бҿлгендігін, оның бар маңызын жете 
түсініп,  үлкен  жауапкершілікпен  жҽне  жан-жақты  ізденістер  негізінде,  терең 
теориялық дайындықпен келгендігін кҿрсетеді. 
Н.  Назарбаев  еңбектеріне,  тарихилық  принцпіне  сай,  жарық  кҿрген 
уақыттарынан шыға отырып талдау жасау, оның жаңа Қазақстан мемлекетін құру 
туралы  ойлары  мен  іс  -ҽркетткрінің  даму  диалектикасын  байқауға  мүмкіндік 
береді.  Мысалы,  ол  ҿзінің  тҽуелсіздік  таңы  жаңа  атқан  1992  жылы,  дүниежүзі 
қазақтары Құрылтайының салтанатты мҽжілісінде сҿйлеген сҿздері: «Қазір біздің 
ұлтымыздың алдында тұрған ең басты міндет, ең қиын міндет–Қазақстан егемен 
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде:  «Ұлт 
мемлекетсіз ҿмір сүре алмайды, құрып кетеді. ҿз кезегінде ұлттың жойылуы оның 
мемлекетінің  ҿмір  сүруін  мҽнсіз  етеді.  Мҽселенің  қатаң  диалектикасы  осындай. 
Сондықтан қай ұлтқа жататынына қарамастан барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі 
мен  барлығының  заң  алдында  тең  принцпін  жүзеге  асырушы  біздің  мемлекетте 
тұрақтылығы 
ұлт–қазақтардың–мүддесі 
жекелеген 
жағдайда 
бірқатар 
мемлекеттерде  орын  алып  отырғандай,  ерекше  бҿліп  айтылатыныда  ҽбден 
орынды»-  деп  ұлттық  мемлекет  қалыптастырудың  қаншалықты  маңызды 
екендігін,  бұл  істегі  қазақ  ұлтының  алар  орнының  ерекше  екендігін  атап 
кҿрсетеді. 
Егер,  мемлекеттің–  адамдардың  ұйымдасуы  мен  ҿмір  сүруінің  нысаны 
болып  табылатын  қоғамның  негізінде  пайда  болатындығын,  қоғам  дамуының 
белгілі бір кезеңінде пайда болатындығын, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінің 
нҽтижесі  екендігін  ескерсек,  онда  нақты  қоғамның  бейнесі  жалпы  сипаты  мен 
ҽлеуметтік табиғаты қандай болса, нақты мемлекетінің де бейнесі, жалпы сипаты 
мен  ҽлеуметтік  табиғатының  да  сондай  болғандығы  белгілі.  Ӛйткені  қоғам 
дегеніміз  –  мемлекеттің  объективті  негізі,  соның  базисі.  Демек,  бізде  бүгінгі 
күні  негізінен  қалыптасып,  дами  бастаған  мемлекетіміз  қазақ  қоғамының, 
Қазақстанның  ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  ғасырдың  басындағы  реальды 
дамуның  объективті  жемісі,  соның  бейнесі  жҽне  кҿрінісі  Н.  Назарбаев  аталған 
еңбегінде: «Бұрынғы Кеңес Одағының бет –бейнесін түбегейлі ҿзгерткен оқиғалар 
тарихи еншісіне айналды. Бүгінде ҿз тағдырын ҿзі айқындаған қазақ ұлтының жас 
егеменді  мемлекеті,  Қазақстанның  бүкіл  халқы  мен  экономикасы  »ҿзінің  жаңа 
жай-күйінің жолында тұр.  
Қоғамдық организм, онда орын алған саяси жҽне экономикалық қатынастар 
ҿзгеру  үстінде.  Қоғам  мен  экономика  барған  сайын  ашық  сипатқа  ие  болуда. 
Демократияның  дамуы,  меншікті  қатынастарды  реформалау  жҽне  толыққанды 
нарыққа  қадам  жасау  экономиканы  дағдарыстан  шығарудың  баламасыз  құралы 
ретінде танылды, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай жасалуда»– 
деп  ХХ  ғасырдың  90-жылдарының  басында  Қазақстанда  орын  алған  түбегейлі 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
39 
қоғамдық-экономикалық  ҿзгерістер  салдарынан  елде  ұлттық  мемлекетті 
қалыптастырудың объективті алғышарттарының пісіп жетілгенін айтады.  
Одан ҽрі Н. Назарбаев: «Қазақстанды біз үшін басқа ешкім де ҿзгертпейтін, 
дүние  жүзі  қауымдастығында  оған  лайықты  орын  алып  бермейтіндігін,  біздің 
ҿміріміздің  стандартын  жоғары  кҿтермейтінін  түсіну  маңызды»  деп, 
Қазақстанның ҿзгеруі де, ҽлем қауымдастығы арасындағы ҿз орнын таба білуі де 
тек  қазақстандықтардың  ҿзіне  ғана  байланысты  екендігін  айта  келе:  «Барлық 
қазақстандықтар  ілгерілеудің  концептуальдық  бағытын  кҿрмейінше,  алыстағы 
мақсатты  түсінбейінше,  олардың  стратегиялық  байланысындағы  нақты 
бағдарламалық  қадамдарсыз  ол  бос  сҿз  болып  қала  беретініне  сенімдімін»-  деп 
айқын  бағыт-бағдарды,  түпкі  мақсатты  дҽл  таба  білудің  маңызын  кҿрсеткен. 
Екіншіден,  Н.Назарбаев:  «Жер  шарының  басқа  бҿліктеріндегідей    емес,  КСРО-
ның  ыдырауы  тарихи  негізі  жоқ  атымен  жаңа  мемлекеттердің  пайда  болуына 
емес,  тарихи  тамыры  тереңге  жатқан,  кейін  күшпен  жойыла  жаздаған 
мемлекеттердің  қайтадан  қалпына  келтірілуіне  ұласты.  Біз  тек  КСРО-ның 
ыдырауының  ғана  емес  мемлекеттердің  жаңадан  жандандырылуы  жҽне 
заңдандырылуы жан- жақты күрделі процестеріне ұласты деп айтқан болар едік»- 
дейді.  Бұл  да  толығымен  тарихи  шындыққа  сай  келеді.  Арғы  сақ,  ғұн,  түркі 
дҽуірлерін  айтпағанның  ҿзінде  ХҮ  ғасырдың  ортасынан  бастап  қазақтардың  ҿз 
мемлекеті  болғандығын  ешкім  де  жоққа  шығара  алмайды.  Демек,  1991  жылдың 
соңынан  бастап  біз  де  ҿз  мемлекеттілігімізді  қайта  қалпына  келтіру  ісімен 
айналысы бастадық.  
Үшіншіден,  Н.Назарбаев:  «Ұлттық  жаңғыру,  мемлекеттілікті  қалпына 
келтіру  ҽрдайым  оп-оңай  жүзеге  асыра  бермейді»  -дей  келе,  сондай 
қиындықтардың  бірі  –империяның  күйреп  саяси  үрдістер  алмасып  жататынын 
ҽлеуметтік  ҿліара  кезеңдерде  ерекше  күшейетін  бағыт  –  этнопопулизм  екендігін 
айтады.  Оның  айтуынша:  «Популистер  саяси  ұпай  жинау  үшін  ештенкеден 
тайынбайды.  Ең  бір  қасиетті  ұғымдарды  да  саудаға  салады.  Олар  адамдарды 
үлкен  уҽделерге,  даңғаза  ұрандарға  оңай  иланатындықтарын  да  жақсы  біледі. 
Қоғамның  небір  күрделі  мҽселелерін  оп-оңай  шешіп  тастауға  серт 
береді...этнопопулизм – демократиялық қоғамның денесіне шыққан «безеу» емес. 
Ол – вирус. Онымен ұдайы күреспей болмайды» – дейді. 
Сонымен  қатар,  Н.Назарбаев  ҿзінің  «Ғасырлар  тоғысқанда»  атты  еңбегінде 
тҽуелсіз  Қазақстан  мемлекеттілігін  іс  жүзінде  қалыптастырудың  жолдары  мен 
ҿзіндік  ерекшеліктері  туралы  да  айтады.  Ол  КСРО-ның,  ойын  картасынан 
тұрғызылған  үй  сияқты,  кҿз  алдымызда  қирап  қалуына  байланысты  туындаған 
қысылтаяң  жағдай  да  ескі,  ҽбден  сынға  ұшыраған  мемлекеттік  аппатарттың 
нҽтижелі  жұмыс  істей  алатындығын  айта  келе:  «Қазақстан  биік  құрылымдарын 
революциялық  жолмен  күйрете  салуға  бой  ұрған  жоқ.  Реформаның  сипатына 
жҽне  даму  барысына  орай  бірте-бірте  ҿзгеріліп,  жаңа  сапаға  кҿтерілді.  Ҽсіресе 
мемлекетімізді  қалпына  келтіруіміздің  эволюциялық  сипаты  басым  болғанын  ең 
үлкен табысымыз деп білемін»- дейді. 
Демек,  Қазақстан  бір  жүйеден  екінші  бір  жүйеге  кҿшуде  революциялық 
емес,  эволюциялық  жолды  таңдаған.  Тарих  Қазақстанның  бірден-бір  дұрыс 
жолды  таңдай  білгендігін  толығымен  дҽлелдеп  отыр.  Түбегейлі  қоғамдық 
ҿзгерістерге  революциялық  жолмен  тезірек  жетпек  болудың  халыққа  не 
беретіндігін  тағы  да  біздің  ҿз  тарихымыздан  жақсы  белгілі.  Большевиктер 
партиясының ҿзіне сеніп үш бірдей революция жасаған, сҿтіп қоғамды ҿзгертпек 
болған Ресей халқының жағдайы соның айқын дҽлелі. 
Эволюциялық  жолды  таңдаудың  Қазақстанға  не  беретіндігі  туралы: 
Н.Назарбаев ҿз еңбегінде: «Біз қоғам мен экономиканы басқарудың ҽкімгершілік 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
40
 
жүйесін  жоққа  шығаруға  үзілді-кесілді  кірісе  қойған  жоқпыз.  Бұл,  бҽлкім, 
Қазақстанның  саяси-экономикалық  орнықтылығының  ең  басты  себептерінің  бірі 
болуы ықтимал» – дейді. Ҿтпелі кезеңде, ескі мемлекеттік машина ҽлсіреп мүшкіл 
халге  түскенде;  «Ескі  үрдісті  қирата  салу  бҿліне  жарылушылықтың, 
аймақшылдықтың,  діни  жҽне  ұлттық  ҿшпенділіктің  қылмыстың  қаулап  ҿсуіне 
қолайлы  жағдай  туғызатындығына  тарихтан  талай  мысал  тауып  беруге  болады. 
Мұндай жағдайда мемлекеттік аппарат орнықтылықтың бірден- бір кепілі болып 
табылады» –дейді, Н.Назарбаев. 
Осындай,  біздегі  жаңа  жағдайға  сай  жаңа  мемлекет  қалыптастыру  ісінде 
пайда  болған  міндеттердің  бірі  туралы  Н.Назарбаев:  «Егемендікті  нығайта  келе, 
алдымыздан  басқа  бір  мҽселе  –  мемлекеттігіміздің  сипатын  анықтау  міндеті 
шықты. Қазіргі бар құрылымның ғұмыры ұзақ емес екендігі белгілі еді. 1990-1991 
жылдары бір жүйеден екінші жүйеге кҿшер кезде кездесетін екі ұдай ахуал орын 
алды:  Президенттік  билік  компартия  жҽне  кеңестер  билігімен  қатар  ҿмір  сүрді. 
Экономикада  да  дҽл  осындай  кҿшіп  қону  орын  алды»  -  дейді.  Бұл  ұлттық 
мемлекеттілікті қалыптастырудың біздегі ҿзіндік ерекшеліктерінің бірі еді.  
Еліміздің  бір  жүйеден  екінші  жүйеге  кҿшу  кезінде  атқарылуға  тиісті 
міндеттердің  күрделілігі  жҽне  оларды  шешеудегі  Н.  Назарбаевтың  рҿлі    туралы 
«Азия  асқарларында»:  «Ел  алдында  үш    қабатты  транзит  міндеті,  яғни  бір 
мезгілде  үш  ҿлшем  бойынша:  жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға; 
бір партиялық ҽкімшіл, ҽміршіл жүйеден демократиялық жүйеге, дҽстүрлі санадан 
либералдық  құндылықтарға  ҿту  міндеті  қойылды.  Мұның  ҿзі  бүкіл  мемлекетік  
құрылым    мен  экономикалық  жүйені  түбірінен  бұзу  ғана  емес,  ондаған  жылдар 
бойы  қалыптасқан  қасаң  ұғымдарды,  адамдардың  ойлау  жүйесі  мен  ҿмір  сүру 
салты мен батыл еңсеруді талап етті. 
Осындай  жағдайда  Назарбаевтың  алдына  күрделі  таңдау  қойылды;  бірте-
бірте  қимылдау,  сҿйтіп  реформаның  қарқынынан  айырылу  немесе  ҽлеуметтік 
қарсыластық  туғызу  қаупі  болатынын  біле  тұра  батыл  да  қатаң  іс-  ҽрекеттерге 
бару»  -  деп  жазылған.  Бұл  Н.Назарбаетың  ҿз  еңбегінде  айтқан  ойларының  ҿмір 
шындығынан туындағанын дҽлелдейді. 
Егер,  Н.Назарбаев  «Ғасырлар  тоғысында»,  осылай,  ұлттық  мемлекет 
құрудың теориялық негіздерін жасап, оның жолдары мен ерекшеліктерін кҿрсетсе 
жаңа  сипаттағы,  ұлттық  мемлекет  құрудың  алғышарттары  мен  оны  нығайту 
туралы  ойларын,  «Тарих  толқынында»  атты  кітабында  одан  ҽрі  жалғастырған. 
Ұлттық  мемлекет  құру  сияқты  істің,  сол  мемлекет  құрушы  істің,  сол  мемлекет 
құрушы  ұлттың  тарихы  мен,  бүгінімен  болашағымен  тығыз  байланысты  аса 
күрделі іс екендігін осы кітабында нақты деректерге сүйене отырып негіздеген.  
Ол,  «Тарих  толқынында»:  «Егер  сыртқы  ҽсер  ықпалды  былай  қоя  тұрып. 
Мҽселені  нақтылай  түсінетін  болсақ,  онда  ұлттық  ҽрекеттің  аясы  үш  түрлі 
фактормен  анықталмақ»-деп,  мемлекет  құрудың  ұлт  ҽрекетіне  қатысты  ішкі 
факторлары,  яғни  алғышарттарын  кҿрсеткен.  Оның  айтуынша:  «Мұның  ең 
ағашқысы  –  ұлттық  бірігу  (интеграция)  мен  ыдыраудың  (дезинтеграция) 
тетіктері».  Осы  ең  басты  факторлардың  бірі  –  ыдыраудың  салдары  мен 
мемлекеттілікке  тигізген  ҽсері  туралы:  «Қазақтардың  ҿз  ішінде  ыдырауы  ұдайы 
дерлік  Тҽңірдің  жазасындай  болып,  қазақ  мемлекеттілігінің  мүмкіндігін  қатты 
тежеп  отырған»-дейді.  Сондықтан  ыдыратқыш  үрдістермен  күрес  ұлттық 
ҽрекеттің ең мҽнді бағыты болып отырғанын айтады. Н. Назарбаев: «Қазақтың ҿз 
ішіндегі  бірігулердің  тетіктерін,  институттарын,  құндылықтарын  жетістірудің 
мҽн-маңызы ҽскери құрылыстан немесе сыртқы саясат институттарын жақсарудан 
бірде  олқы  емес»-деп  қазақтардың  ҿзара    ауызбірлігінің  маңызын  жоғары 
бағалаған. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
41 
Екіншіден,  Н.Назарбаев  ҽрі  қарай  қазақтың  ұлттық  тұтастануы  үшін  табан 
тірейтін негізгі идеялық тұғыр біршама айқын дей келе: «Бұл – дербес мемлекетті 
сақтау  жҽне  дамыту.  Бұл  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін  дамыту  жҽне 
нақтылы  ҽрекетке  ұластыру.  Бұл  –  Қазақстанның  аумақты  тұтастығы»-дейді. 
Осылай  ұлт  адында  тұрған,  ұлтты  біріктірер  нақты  міндеттерді  атап  кҿрсете 
отырып, ол міндеттердің аса күрделі жҽне ұзақ уақытты, кҿп еңбекті қажет ететін 
міндеттер  екендігін  ҽрбір  қазақтың  білуі  керектігі  туралы:  «Азаттық,  Қазақстан 
аумағының  тұтастығына,  нақты  экономикалық,  ҽскери,  ақпараттық  дербесттікке 
қол жеткізу дегеніміз мейілінше күрделі жҽне ұзақ уақытта созылатын, сондай-ақ 
ұлттың  ерекше  қажыр  –  қайратын  қажет  ететін  үрдіс  екенін  сезіну  ҽрбір  қазақ 
үшін ҽліппелік ақиқат болуға тиіс»- дейді. 
Үшіншіден,  ұлттық  рухты  қайта  түлетудегі  жҽне  дамытудағы  қазақ 
зиялыларының  ерекше  ролі  туралы  айта  келе  Н.  Назарбаев:  «Ұлттық  мүдеге 
қызмет  етудің  тарихи  ұлы  үлгіерін  шын  мҽнінде  кҿрсетіп  берген  ҽйгілі  тарихи 
қайраткерердің, мемлекет басқарушылардың тұтас легі біздің кҿз адымызда. Олар 
қазақ мемлекетін дамытудың нысанасын ХХ ғасырдың бас кезінде  – ақ кҿрсктіп 
берген  болатын...Біз  асқақ  сезімге  бҿлене  отырып,  ұлттық  ҽрекетшілігімізге 
қатысты  ғасыр  басында  Алаш  қайраткерері  бастап  берген  жолнұсқалар  ғасыр 
соңында  жалғасын  тапты  деп  айта  аламыз»–деп,  біз  тҿл  тарихымызды  ұлттық 
мүддеге  қызмет  етудің  тамаша  үгілерін  кҿрсете  білген  зиялыларымыздың 
болғандығын,  солардың  үлкен  бір  тобын  Алаш  ардагерінің  құрғандығын  жҽне 
біздің  ең  жаңа  тарихымызда  құра  бастаған  мемлекеттілігімізді  солар  бастаған 
істің тікелей жалғасы екенін айтқан.  
Сонымен қатар, Н.Назарбаев  «Тарих толқынында» қазақ халқы үшін ҿзінің 
ұлттық мемлекетін құру ісінің КСРО-ның күйреу салдарының аяқ астынан пайда 
бола  қалған  іс  еместігін,  КСРО-ның  күйреуі  қазақтардың  ғасырлар  бойы 
армандаған  мақсатына  қол  жеткізуге  тек  мүмкіндік  қана  бергендігін  айтқан.  Ол 
аталарымыздың  осы  мақсатқа  жету  жолында  қандай  қиыншылықтарға  болса  да 
тҿзе білетіндігі туралы:  «Жатжұрттық басқыншылармен болған соғыстарда ауыр 
қырғынға  ұшыраған,  30-жыдардағы  этногеноциттің  қаһарына  қасқайып  қарсы 
тұрған,  тоталитарлы  ғасырды  бастан  кешсе  де  мемлекет  құру  мүмкіндігін 
ғасырлар  бойы  дайындады»  –  дей  келе,  ендігі  жерде  сол  мүмкіндікті  пайдалана 
білудің қаншалықты маңызды екендігі туралы: «Ендігі, бүгінгі таңда қазақ халқы 
келісті  ғұмыр  кеше  алатын  мемлекет  құру  жолында  ҿз  ішіндегі  ара-дара 
келіспеушіліктің  салдарынан  қарқынын  тоқыратып  алса,  мұны  еш  нҽрсемен 
ақтауға болмайды»- дейді. 
Сонымен,  қорыта  айтсақ,  ХХ  ғасырдың  соңғы  онжылдығында  мүмкін  болған 
тҽуелсіз  мемлекетімізді  қайта  қалпына  келтіру  сияқты  аса  күрделі  де  қиын, 
маңызды  да  жауапты,  тарихи  да  тағдыры  істің  басында  тұрған  Қазақстанның 
тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Ҽбішұлы Назарбаевтың еңбектеріне деректанулық 
талдау  жасау,  оның  мемлекет  құру  барысында,  осы  істің  теориялық  негіздерін 
қалап,  оның  жолдары  мен  ерекшеліктерін  жҽне  алғышарттарын  дҽйектілікпен 
кҿрсете  білгендігін  дҽлелдейді.  Біріншіде,  жаңа  мемлекет  құру  қазақ  халқының 
ғасырлар бойы кҿксеген ұлттық мемлекет құру туралы армандарының орындалуы 
болса, 
екіншіден, 
бұл 
тарихи 
тамыры 
тереңде 
жатқан 
бұрынғы 
мемлекеттеріміздің  жаңадан  жанғыруы  еді.  Үшіншіден,  Қазақстан  бір  жүйеден 
екінші  жүйеге  ҿтуде  революциялық  емес,  эвоюциялық  жолды  таңдаған. 
Тҿртіншіден,  жаңа  жағдайға  сҽкес  жаңа  мемлекет  қалыптастыра  білу  де  ескі 
мемлекеттік  машинаны  дұрыс  пайдалана  білу  тактикасын  ҿзі  толық  ақтаған. 
Бесіншіден, ең басты, жаңа қалыптаса бастаған ұлттық мемлекеттің тағдыры, сол 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
42
 
мемлекеттің  негізін  қааушы  қазақ  халқының  тағдыры,  сол  мемлекеттің 
беріктігімен тікелей байланысты екендігін дҽлелдеген. 
Н.Назарбаев жасаған тұжырымдаманың айқын дҽлелі ҿмірдің ҿзі. Қазақстан 
халқының,  қазақ  ұлтының  ҿз  мемлекеттілігін  құру  ісіндегі  бүгінгі  күні  қол 
жеткізген  табыстары.  Бұл  тҽуелсіз  Қазақстан  тарихының  келешек  зерттеушілері 
ескеруге тиіс маңызды фактор. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1.Назарбаев Н.Ҽ. Халықтан жасыратын ештеңе жоқ. // Егемен Қазақстан 5-шілде 
1997ж. 
2.Назарбаев Н.Ҽ. Ғасырар тоғысқанда – Алматы, 1996,272 бет. 
3.Назарбаев  Н.Ҽ.  Қазақстанның  Егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен 
дамуының стратегиясы: Алматы, 1992,56 бет. 
4.Мұртаза Ш. Тҽуелсіздік толғауы: // Егемен Қазақстан 2001, 26 қыркүйек. 
5.Салқынұлы С. Тұңғыш Президент. Алматы, 2006. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  Тҽуелсіз  Қазақстан  Республикасының  тұнғыш  Президенті 
Н.Ҽ.Назарбаев  еңбектеріне  жазба  дерек  кҿздері  ретінде  деректанулық  талдау 
жасалған.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье труды первого президента РК Н.Ҽ.Назарбаева рассматирвается как 
первеисточник по истории независимого Казахстана. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет