Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
XIX ҒАСЫРДАҒЫ КІШІ ЖҮЗ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ 
ТАРИХЫ 
 
Меңілбаев Ғ.А.- т.ғ.к., доцент (Алматы қ.,Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
Кіші жүз жерлері оңтүстікте Сырдария мен Үстірт қыраттарынан, Каспийдің 
шығыс жағалауларынан басталып, солтүстікте Жайық,  Ырғыз, Ембі, Тобол жҽне 
толып жатқан шағын ҿзендер мен дала кҿлдері алқаптарын қамтыды . 
Кіші  жүзді  ірі  үш  тайпа-  Байұлы,  Ҽлімұлы  жҽне  Жетіру  құрады.  Бұл  жүз 
мекендеген  ортаның  бір  бҿлігінің  екінші  бҿлігінен  айқын  айырмашылығы  бар: 
Жайық,  Тобыл  ҿзендерінің  бойларындағы  алқаптар  шұрайлы  жайлымдықтарға 
бай  болса,  Үстірт  қыраттары  суға  тапшы,  Сырдария  алқабының  суы  мол  болса, 
Қарақұм, Қызыл-құм тұтасқан шҿл дала. Қазақстанның бұл бҿлігінің климаты да 
айқын құрлықтық, күн мен түн қызуы ҿзгеріске түсіп отырады. Кіші жүз жерлері 
қазіргі  ҽкімшілік  бҿлініс  бойынша  Қызылорда,  Маңғыстау,  Атырау,  Батыс 
Қазақстан,  Орал,  Қостанай  облысының  солтүстік-батыс  бҿлігін  жҽне  Торғай 
облысының  оңтүстік-батыс  бҿлігін  қамтыды.  Үш  жүзге  бҿлінген  қазақтардың 
біртұтас мемлекеттік құрылымы болмағандығын айта кетуіміз керек, ҽр жүздің ҿз 
ханы  болды,  сұлтандар  бастаған  ұлыстар  соларға  тікелей  бағынғандығын  айта 
кеткеніміз  дұрыс  болар.  Елді  Шыңғыс  хан  ҽулетінен  шыққан  феодалдық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
43 
билеушілер,  атап  айтқанда  Шыңғыс  хан  ұрпақтары  басқарды.  XVII  ғасырда 
олардың жалпы саны мың адамға жетер –жетпестей ғана болды. 
XVI  -  XVII  ғасырлар  аралығында  неғұрлым  жігерлі  де  беделді  сұлтандар 
басқарған  қазақ  хандығы  пайда  болғанымен,  олар  этникалық  жағынан 
қалыптасқан  жерлерді  мекендейтін  барлық  қазақтарға  бірдей  билік  жүргізе 
алмады. 
Қазақтардың  үш  жүзге  бҿлінуінің  ҿзі  де  ең  алдымен  экономикалық 
себептерге,  дҽлірек  айтқанда,  бір  жайлаудан  екіншісіне,  қыстаулардан  – 
кҿктеулерге,  кҿктемгі  орындарынан  жазғы  жайлымдарға,  одан  ҽрі  күздік 
қоныстарына, сҿйтіп қысқы жайлымға қайта оралуға байланысты қалыптасты  
Қазақ  қауымдарының  кіші  жүз  тайпалары  Сырдария  жағалауларынан 
Торғайға, Ырғыздан - Тобылға, Үстірттен - Ұя жҽне Обаған ҿзендерінің бойына, 
одан ҽрі Жайық, Елек, Сақмар т.б. ҿзендер бойындағы жайылымдарға дейін кҿшіп 
баратын.    Г.  Волконский  «Ұлы,  Орта  жҽне  Кіші  Орда  болып  бҿлінетін  қырғыз-
қайсақтар  туралы»  деген  еңбегінде  қазақ  халқының  құрамындағы  кҿптеген  ру-
тайпалардың  қоныстарын,  кҿш-қонысын,  мекендеген  жерлерін  т.б.туралы  мол 
мағлұматтар  келтіреді.  Осы  еңбектің  ішінде  кіші  жүз  құрамындағы  Байұлы 
тайпасының  Жаппас  руына  байланысты  шағын  ғана  жазбаша  түп-деректерден 
мысал  келтірген  :  «Байұлы  тайпасы  жаппас  руының  7.200  отбасынан  тұратын 
алты  атасы  бар.  Жаппастар  сауда-саттық  жасау  мақсатында  Троицк  пен  Жаман-
қала қамалдарына барып-қайтып жүреді». Байұлы тайпасы Алтын руының 5.000 
отбасынан тұратын тҿрт атасы мен Таздар руының 800 отбасына дейін жететін екі 
атасы  жҽне  Жетіру  тайпасы  тілеу  руының  2.800  отбасынан  тұратын  тҿрт  атасы 
Торғай,  Қарасқай  ҿзендерінің  бойын,Ұрқаш-Кіндік  кҿл  жағалауларын  жайлап, 
қыста  Сырдарияның  сол  жағалауларын,  Темірлік  шатқалынан  Қуаңдариядағы 
шатқалдарына дейінгі жерлерді тұрақ етеді. Байұлы тайпасы адай руының 10.000 
отбасына дейін жететін он екі атасы жҽне Масқар руының 3.000 отбасына жететін 
бес атасы, Қызылғұрт руының 3.000 отбасына жететін бес атасы, Таздар руының 
3.000  отбасына  жететін  алты  атасы,  Есентемір  руының  3.000  отбасына  жететін 
тҿрт  атасы,  «жаппас»  руының  1.000  отбасына  жететін  екі  атасы  осылардың 
барлығы  да  Жайық  пен  Жем  ҿзендерінің  аралығын,  Бұлдырты,  Жусалы, 
Шыңғырлау,  Ақаты  ҿзендерінің  тҿңірегін,  Қобда  ҿзеніне  дейінгі  жерлерді 
жайлайды.  Олар  Каспий  теңізі  жағалауындағы  Маңғышлақта,  Айрақты 
шатқалында,  Жем,  Жайық  ҿзендерінің  сағаларын,  Гурьев,  Сорочикоп 
қамалдарының  қарсы  беттеріндегі  шығанақтар  мен  Орал  шебімен  жоғарғы 
жақтағы  жерлерді  қыстады.  XVIII  ғасырдың  соңында,  М.Мұқановтың  «Қазақ 
жерінің  тарихы»  еңбегінде:  «Кіші  жүз  тайпаларының  руларының  217  атасында 
165.700  отбасы  бар»  -  деген  дерек  келтірілген.  Осы  жерде  ҽрбір  қазақтың 
отбасында  бес  адамнан  тұрды  деп  есептегенде,  кіші  жүздегі  165.700  отбасында 
828.500  адам  тұрған  болып  шығады.  Ал,  үш  жүздегі  халқымыздың  жалпы  саны 
тҿмендегідей  мҿлшерде  болуы  мүмкін  деп  ойлаймын:  Үш  жүздегі  395.100 
отбасындағы жанұя мүшелерінің жалпы саны 1.975.500 адам болып шығады.  
Қысқарта  айтқанда,  XVIII  ғасырдың  соңында  қазақ  халқының  жалпы  саны 
1.975.500  болды  деуге  толық  негіз  бар.  1822 жылы  22  шілдеде  «Сібір  қазақтары 
туралы жарлығы»  шығып, қазақ даласында  сыртқы округтер құруға байланысты 
ереже қабылданды. Басқару жүйелері:  
1.Облыстар- 
2.Округтер- 
3.Болыстар- ( ҽр болыста 10-12 ауыл ) 
4.Ауылдар- ( ҽр ауылда 50-70 шаңырақ ) 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
44
 
Бұл  округтер  рулас  немесе  бір  ұрпақтан  тарап,  қашаннан  бірге  тұруға 
ҽдеттенген болыстардан құрылды. Округтердің ҿз кҿші-қоныстық жерлері болды 
жҽне  ҿздерінің  округтық  сұлтандарының  рұқсатынсыз  ҿз  еріктерімен  басқа 
біреулердің кҿші-қоныстық жерлерін пайдалануға хақылы болмады. 
Ауылдарды  шаңырақ  иелері  3  жыл  мерзімге  сайлайтын  ауыл  ақсақалдары 
басқарды,болыстар билігі мұрагерлік жолмен сұлтандардың қолында болды. 
Ҽр округта болыс сұлтандары ҿз орталарынан 3 жылға сайлайтын аға сұлтан 
басқаратын Округтік приказ құрылды. 
Аға  сұлтанның  қол  астында  округтық  диуан  (кеңес)  қызмет  етті,  оған: 
Облыс  бастығы  тағайындайтын  2  орыс  шенеунігі  жҽне  билер  мен  ақсақалдар  2 
жылға  сайлайтын  2  қазақ  енгізілді.(  М.Мұқанов.Қазақ  жерінің  тарихы)  Кіші  жүз 
қазақтары Орынбор қазақтары облысының құрамына енді. Бұл облыс 1825 ж. үш 
бҿлікке:  Шығыс,  Орта,  Батыс  бҿлікке  бҿлінді.Шығыс  бҿліктің  шекаралары 
мынадай болды: Шығыста- Звериноголовск станциясынан (Сібір шебінде, Обаған 
ҿзенінен  сҽл  шығысқа  қарай)  оңтүстікте  ол  Сырдария  бойымен,  батыста  Үй, 
Үлкен  Қобда,  Ойыл  ҿзендерінің  бойын,  Шалқар  кҿлінен  Сырдариядағы  2-ші 
бекініске  дейінгі  жерлерді  қамтыды.  Орта  бҿліктің  шекарасы:  шығыста  Шығыс 
бҿліктің  шекарасымен  шектесіп,  батыста-Үлкен  Қобда  сағасының  батыс  бҿлігі, 
Ойыл жҽне Жем ҿзендерінен Арал теңізіне дейінгі, солтүстікте-Үлкен Қобданың 
сағасынан  Елек  жҽне  Бердянка  ҿзендерінің  бойы  Жаманқала  Степная 
станциясына дейінгі аймақты қамтыды. 
Батыс  бҿліктің  шекарасы:  шығыста-Орта  бҿліктің  аймағына,  солтүстікте 
Елек  жҽне  Жайық  ҿзендерінен  Орал  қаласына,  батыста-Жайық  ҿзені,  Гурьев, 
Каспий теңізі, оңтүстікте-Үстірт жазығына дейін жетті. Екі қамал аралығындағы 
жерлер  дистанциялар  деп  аталып,  Орынбор  қазақтары  облысының  құрамына 
енетін  территориялықбірлікті  құрады.  Бір  дис-танцияда  орта  есеппен  2000-ға 
дейінгі  шаруашылық  болды.  Дистанциялар  1831  жылдан  1858  жылдар 
аралығында ашыла бастады, үш бҿлікте (Шығыс, Орта жҽне Батыс) 57 дистанция 
ашылды. 
Орынбор  қазақтары  облысының  «батыс»  бҿлігін  негізінен  Байұлы 
тайпасының: Адай, Алшын, Байбақты, Тана, Қызылғұрт, Масқар, Ысық, Шеркеш, 
Есентемір,  Беріш,  Таздар,  Жаппас  рулары,  сондай-ақ  Жетіру  тайпасының  тама, 
табын,  кердері  рулары  жҽне  Ҽлімұлы  тайпасының  кете  руы  жайлайды.  Бұл 
облыстың орта бҿлігін негізінен Ҽлімұлы тайпасының: шекті, шҿмекей жҽне кете 
рулары  қоныстанды.  Басқа  тайпалардан:  тама  жҽне  жағалбайлы  рулары  болды. 
Бұл  облыстың  Шығыс  бҿлігін  Ҽлімұлы  тайпасының  шекті  жҽне  Байұлы 
тайпасының  «жаппас»,  «алтын»  рулары  мекендеді;  Орта  жүз  қазақтарының  да 
едҽуір  бҿлігі,  оның  арғын,  қыпшақ,  керей  жҽне  уақ  тайпалары  осы  облыс 
құрамына енді. 
Орынбор қазақтары облысына 1840-1841 жылдарда барлығы 500.000 еркегі 
бар 120081шаңырақ, ал 1864 жылы- 828.363 еркегі бар 175678 шаңырақ қарады . 
Қазақстанның барлық аймақтарында мал жайлымдары тапшы болды. Міне, 
осы жағдай Бҿкей хан бастаған қазақтардың бір бҿлігін 1801 жылы Жайықтың сол 
жағалауынан Жайық пен Еділ аралығына ҿтуге мҽжбүр етті. Олардың саны - 5000 
шаңырақ болды.  
Осы уақыттан бастап Байұлы, Ҽлімұлы жҽне Жетіру тайпаларынан тұратын 
қазақтардың  бұл  бҿлігі  Бҿкей  (  Ішкі  )  Ордасы  деп  аталды.1802  жылы  Ордада 
31.105  адамы  бар  6265  шаңырақ  болды.  Ол  1812  жылы  Бҿкей  хандығы  деп 
аталды.  Ал,  1845  жылдан  кейін  Ішкі  Орда  Астрахан  губерниясының  құрамына 
қосылды. Жалпы, Ішкі Орда халқы осы кезде 16 рудан тұрды. Халқының жалпы 
саны тҿмендегідей мҿлшерде болды: 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
45 
1.Беріш руы - 25 мың 785 адам, 
2.Байбақты руы - 16 мың 025 адам, 
3.Алаша руы - 11 мың 150 адам, 
4.Адай руы - 7 мың 515 адам, 
5.Жаппас руы- 4 мың 520 адам, т.б. рулар мен тайпалар болды.  
«1867  жылы  11  шілде  күні  Түркістан  генерал-губернаторлығы 
құрылды.Орталығы  Ташкент  қаласы  болды.  Бұл  ҿлкенің  тұңғыш  генерал-
губернаторы  болып  К.П.Кауфман  келді.  Түркістан  генерал-губернаторлығы  екі 
облыстан  құралды.  Олар  –  Жетісу  облысы  жҽне  Сырдария  облыстары  болды. 
1867-1886  жылдар  аралығында  бұл  ҿлкеде  Жер-суды  заңдастыру  жҿнінде 
дайындық  жұмыстары  жүргізілді.  1886  жылы  бұл  заң  қабылданды,  осы  заң 
негізінде жермен айналысатындардың жерлері жекелікке бҿлініп беріліп, кҿшпелі 
мал  шаруашылығымен  айналысатындардың  жері  мемлекет  меншігі  болып 
жарияланды .  
Жетісу  жҽне  Сырдария  облыстарында  жерге  қоныстанған  ҽрбір  казактың 
жанұясы  мен  орыс  шаруаларына  кҿптеген  жеңілдіктер  мен  артықшылықтар 
берілді.  Атап  айтқанда,  оларға  30  десятинадан  жер  берілді,  100  сомнан 
қайтарымсыз  несие  берді(  жҽрдемақы  ),  15  жылға  дейін  рекруттық  ҽскери 
борыштан  жҽне  алым-салықтардан  босатылды,  ҽртүрлі  міндеткерліктер  атқаруда 
кешірім берілді. 
1892 жылы Түркістан ҿлкесіне Ресейдің ішкі жақтарынан 3.000 жанұя келіп 
қоныстанды. 1893-1905 жылдар аралығында қазақ даласына Кауфман, Кузнецов, 
Щербина  т.б.  экспедициялары  шығып,  қоныс  аударып  келгендер  үшін  елді-
мекендер  салуға  лайықты  жерлер  іздестірілді,  бұл  табылған  жерлер  шұрайлы, 
сулы,  егін  егуге  ыңғайлы,  табиғаты  жақсы  болуына  басты  назар  аударылды. 
«Қоныс  аудару  қоры»  құрылды.  1893-1905  жылдар  аралығында  қазақтардан  4 
млн.десятина жер тартып алынған болса, 1906-1912 жылдары жергілікті халықтан 
17  млн.десятина  жер  тартып  алынды.  Бұл  нҽтиже  1917  жылдан  кейін  45  млн. 
десятина  жерден  асып  кеткен.  Қазақтардың  жерлерін  тартып  алу  негізінен  ауа-
райы  мейлінше  жайлы,  топырағы  құнарлы  уездердің-Қостанай  жҽне  Ақтҿбе  
уездерінің аймақтарында жүргізілді. 
1906  жылға  қарай  қоныстанушылардың  пайдасына  1.022  167  десятина 
таңдаулы  жерлер  тартып  алынды.  Қостанай  уезі  Торғай  облысының  солтүстік- 
шығыс бҿлігіне орналасты. Оның солтүстік шекарасы Үй ҿзенінің бойымен ҿтіп, 
солтүстік-батыста жҽне батыста қоныстанушылар пайдасына тартып алынған жер 
белгісімен жүрді. 
Ол оңтүстікте Ақтҿбе, Ырғыз жҽне Торғай уездерімен, ал шығыста-Ақмола 
облысымен  шектесті.  Қостанай  уезді  81.441  қазақ  ҿмір  сүретін  10  болыстан 
тұрды.  Уезд  егін  шаруашылығы  жақсы  дамыған  аймақтарға  жатты:  1909  жылы 
жалпы  есепке  алынған  18.010  шаруашылықтың  15.951-і  (88.5  %)  егіншілікпен 
айналысып,  олардың  егістік  жер  кҿлемі  107.440  десятинаға  жетті.  Уезде  мына 
тайпалар мекендеді: 
1.Орта  жүзден  –  қыпшақ  (Ұзын,  Кҿлденең,  Торы,  Торыайғыр,  Қарабалық 
рулары),  Арғын,  (Тҿменгі  Шекті,  Бҽсентин,  Қаракесек  рулары),  Керей(Балта, 
Сибан, Қожебе рулары) болса, 
2.Кіші жүзден – Байұлы (Жаппас), Жетіру (Жағалбайлы,Тілеу, Тама рулары) 
мекендеген. 
Жаппас руының қауымдары Желқуыр ҿзенінің бойын, Сандықсор, Айқамыс, 
Сопалы т.б.кҿлдердің тҿңірегін иеленді. 
Уездің  қалған  барлық  бҿлігіне  Орта  жүз  тайпалары  орналасты:  керейлер 
солтүстік жҽне солтүстік-шығыс бағытты, Қарақамыс кҿлінің айналасын, Алабұға 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
46
 
ҿзенінің  жағалаулары  мен  осы  ҿзеннің  айналасын  қыстады.  Уездің  шығыс  жҽне 
оңтүстік  шығыс  бҿлігіне  арғындар  жайғасып,  олар  Обаған  ҿзенінің  оң 
жағалауларынан Обаған кҿліне дейінгі жерлерде, Жалтыр, Қарақамыс кҿлдерінің 
айналасында,  Ащысу  ҿзенінің  бойында  т.б.жерлерде  кҿшіп-қонып  жүрді. 
Арғындардан  батысқа  қарай  орналасқан  қыпшақтар  Тобыл,  Ҽйет  ҿзендерінің 
бойында,  уездің  солтүстік  -  батысында  жиі  кездесетін  толып  жатқан  ұсақ 
кҿлдердің  айналасында  неғұрлым  жинақы  орналасты  .Орта  жүз  тайпалары 
арасында Бай-ұлы тайпасының( кіші жүз ) жаппас руының үлкен қауымдары ҿмір 
сүрді:  Олар  Қарасудың  оң  жағасын,  Алқасор,  Жаңғызкҿл,  Майтау  кҿлдерінің 
тҿңірегін,  Обаған,  Тобыл  ҿзендерінің  бойы  мен  басқа  да  жерлерді  мекендеді. 
Байұлы тайпасының жаппас руының бірнеше қауымы уездің, яғни Ақтҿбе уезінің 
солтүстік- шығыс шалғайларында кҿшіп-қонып жүрді. 
Торғай  уездінде 14370 шаруашылықтан тұратын 12 болыс болды, негізінен 
орта  жүз  қазақ-тары:  арғындар,  қыпшақтар,  сонымен  бірге  уездің  оңтүстік-
батысында,  Сарықопа,Сары-мойын  кҿлдерінің  тҿңірегі  мен  басқа  да  жерлерді 
Кіші  жүздің  Ҽлімұлы  (шекті  руы)  мен  Байұлы  (алтын  жҽне  жаппас  рулары) 
тайпалары жайлады, бірақ олар Орта жүз руларына қарағанда ҽлдеқайда азшылық 
еді . 
Перовск  уезді,  Қазалы  уездінің  шығыс  жағына  Сырдарияның  жағалауына 
орналасты.  Ол  солтүстікте  Торғай  облысымен,  бір  бҿлігі  Ақмола  облысымен 
шектеседі.  Алып  жатқан  жер  кҿлемі  61.420  шаршы  шақырым.  Уезд  тұрғындары 
негізінен  қазақтар  179.800  адам.  Уезд  жерін  Орта  жүз  тайпаларының-найман, 
қыпшақ, қоңырат рулары жҽне Кіші жүздің Байұлы тайпасының жаппас руының 
1.714  шаңырағы  мекендеді.  Жаппас  руының  кҿпшілік  аталығы  Перовскінің 
шығыс жағынан Сұлутҿбе шатқалына дейінгі жерлерді жайлаған. 
Біздің  мақсатымыз,  кезінде  ата-бабаларымыз  білектің  күшімен,  найзаның 
ұшымен  қан  тҿгіп  қорғап  қалған  қасиетті  жеріміздің  кім-кҿрінгеннің  уысында 
кетпей,  келешек  ұрпаққа  мұра  болып  қалуын,  ұлтжанды  ұрпақтардың  қатары 
кҿбейіп,  олар  аман-есен  болса  екен,  халқымыздың  ҿткен  тарихы  бүгінгілерге 
сабақ болса екен деген оймен осы мақаланы жаздық .  
ҼДЕБИЕТТЕР  
1.Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. Алматы, 1994.22,24, 58 ,69. 
2.Хамит Маданов. Кіші жүздің шежіресі. Алматы, 1994 . 
3.Қазақстан ұлттық энциклопедия. 3-том.(г-ж). Алматы, 2001 . 
4. Никитин В. В. По живописным местам Кавминводы, Теберда, Архыз, 
 Ставрополь,1964 г. 
5. Бекмаханов Е.Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында. Алматы, 1994.  
 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье рассматривается расселение родового и племенного состава 
младшего и старшего жузов, а также колониальная политика царской России на 
территории Казахстана. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  Кіші  жүз  рулары  мен  тайпаларының  орналасуы  мен  патшалық 
Ресейдің жүргізген отарлық саясаты қарастырылған. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
47 
КЕҢЕС ӚКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 
ЖАСТАРЫНЫҢ АШТЫҚПЕН  КҮРЕСІ (1920-1925 жж.) 
 
Сайлан Б. -т.ғ.т.доцент (ҚазмемқызПУ) 
 
XX  ғасырдың  20-жылдарында  ҿмір  сүрген  Түркістан  Республикасының 
халық  шаруашылығының  негізгі  саласы  —  ауыл  шаруашылығы  болды.  Қазан 
революциясынан соң республикада іске асырыла бастаған негізгі шаралардың бірі 
— бұл аграрлы реформа. Кеңес үкіметінің саясатының іс жүзіне асырылуы да осы 
аграрлы реформаның түбегейлі мҽселелерін шешуге тҽуелді болатын. Республика 
халқының негізгі бҿлігі шаруалар болуына байланысты, үкіметтің бұл ҽлеуметтік 
тапқа  қатысты  саясатының  зор  маңызы  бар  еді.  Жастар  мен  шаруалар 
республикада ұлттық жұмысшы табы мен ұлттық интеллигенцияның қалыптасар 
ортасы, толықтырар қайнар кҿзі болатын. 
Түркістан  Республикасында  1921—1922  жылдары  жүргізілген  аграрлы 
реформаның,  яғни  жер-су  реформасының  саяси,  ҽлеуметтік  жҽне  экономикалық 
маңызымен  қатар,  ең  алдымен  ұлттық  мҽселе  болғаны  айқын.  Реформаның 
барысында ауыл шаруашылығы саласындағы, жер қатынасы мҽселесіндегі патша 
үкіметінің отарлау  саясатының қалдықтарын  жою,  яғни жергілікті халықтар мен 
келімсектердің  (орыс  қоныс  аударушы  шаруаларының  жҽне  орыс-казактардың) 
жерді  пайдалану  кұқын  іс  жүзінде  теңестіру  сияқты  аса  шиеленісті,  ҿте  күрделі 
мҽселені  шешуге  талпыныс  жасалынды.  Патша  үкіметі  мен  қоныс  аудару 
басқармасы  қоныс  аударушы  орыс  шаруаларына  жергілікті  халықтың  ата  қоныс 
шұрайлы коныстарын тартып алып, сол жерлерге орналастырған еді. Түркістанға 
қоныстанған  соң  ерекше  құқықтар  мен  артықшылықтарға  ие  болып,  жергілікті 
халықты  қанау  арқылы  орасан  зор  байлыққа  кенеліп,  отарлау  дертін  бойларына 
жұқтырған орыс қоныс аударушы шаруалары кеңес ҿкіметінің аграрлы саясатына 
жанталаса  қарсылық  кҿрсетті.  Реформа  барысында  аса  шиеленісті  мҽселелерді 
қарудың күшімен шешуге тура келді, яғни сол жылдары ҽскери күштің кҿмегімен 
республикада  151  орыс  поселкесі,  175  казак  хуторлары  таратылып,  зорлықпен 
салынған  95  елді  мекен  жойылды.  Түркістан  аумағынан  Ресейге  аса  ықпалды 
орыс  отаршыларының  1084  отбасы  кҿшірілді.  Орыс  кулактарынан  тартып 
алынған  250  мыңнан  аса  десятина  шұрайлы  жер  бҿліктері  бұрынғы  иелеріне 
қайтарылды жҽне иесі табылмаған 12,8 мың десятина жер жергілікті халықтардың 
кедейлеріне үлестіріліп берілді /1, 414-б./. 
Бірақ  кҿптеген  обьективті  қиыншылықтар  мен  субъективті  қателіктердің 
кесірінен  реформа  ҿз  мақсатына  толық  жете  алмады.  Реформадан  соң  да 
шаруалардың  37,6  пайызын  тақыр  кедей,  жерсіз  шаруалар  құрады,  ал  орта 
дҽрежелі шаруашылығы бар шаруалардың саны 1,4 пайыздан аспады /1, 415-б./. 
Қазақстанның  аштық  билеген  губернияларында  жастар  ашыққандарды, 
ҽсіресе  жасҿспірімдер  мен  балаларды  қабылдау  мен  орналастыруда,  қоғамдық 
тамақтандыруды  ұйымдастыруда  (асханалар,  тамақтандыру  орындары),  кҿші-
қонды реттеу шараларына да қатысып отырды. Жастар қоғамдық істерді ҿткізуге 
жҽне  астықты  ашыққан  аудандарға  жеткізуге  тиіс  қажетті  коммуналар  мен 
жасақтарды ұйымдастыруға кҿмек берді.  
Жастар  ұйымдары  партияның  тапсырмасымен  ашыққандарға  кҿмек  беру 
апталықтарын  ұйымдастырып,  сол  шараның  барысында  қаражат  пен 
қайырымдылық тартуларын жинауға мҽжбүрлі түрде кірісті.   
Партияның  сенімді  кҿмекшісі  атына  ие  болған  жастар  ұйымы  мен  оның 
мүшелері митингілер, қойылымдар, ҽн-жыр кештерін ұйымдастыруға кҿмек бере 
отырып,  аталған  шаралардан  түскен  қаражаттар  ашыққандарға  кҿмек  беруге 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
48
 
жұмсалуын  қадағалап,  сондай-ақ  сенбіліктер  ұйымдастырып,  қайырымдылық 
тартуларын  жинап  отырды.  Қайырымдылық  тартуларын  жинау  үшін  плакаттары 
мен  ұрандары  бар  арнайы  арбалар  ұйымдастырылып,  ҽр  түрлі  аймақтар  мен 
ауылдарға жіберілді.  
Жергілікті  жерлердегі  жастардың  ұйымдары  ҽрбір  екі  апта  сайын  РКЖО 
обкомына жасалған істері жҿнінде баяндап отырды. Мұрағатта сақталған сондай 
мҽліметтердің  кҿпшілігінде,  жиналған  ақша  кҿлемі  де  нақты  кҿрсетілген. 
Мысалға,  Кҿкшетау жастар ұйымы 1921 жылдың жазында шамамен 15 млн. сом 
ақша  жинаса,  Ақмола  губерниясының  үш  уезді  бойынша  29  млн.  сом  жиналған 
/2/. Жиналған ақша кҿлеміне қарай отырып, ҿздері аштықта отырып, осынша ақша 
қорын  жинау  дегеніңіз  үлкен  күшті,  белсенді  іс-ҽрекетті  қажет  еткенін  кҿруге 
болады.  Сондай  үлестің  бір  бҿлігі  қазақ  жастарының  мойнына  түсуі  жҽне  осы 
жүкті қазақ жастарының қандай қиыншылықпен атқарғандығы таңдандырады. 
Социалистік  қоғамның  негізін  қалаушылармыз  деген  большевиктер 
партиясы  жастарды  шебер  пайдалана  отырып,  оларды  салық  жинау  науқанына 
жұмылдырып  отырған.  Мысалы,  ҽл-ауқатты  деп  танылған  Ақмола,  Семей 
губернияларына азық-түлік салығын жинау мен астықты күзету үшін жастардың 
50%-ын жұмылдыру шешімін қабылдаған /2, 8-п./.  
Кеңес  ҿкіметі  1922  жылы  ашыққандарды  құтқару  мақсатында  деген 
сылтаумен  шіркеулік  құндылықтарды  тҽркілеу  жҿнінде  қаулы  қабылдаған.  Осы 
қаулының  шешімдерін  орындау  жҽне  бұл  істің  қажеттілігін  халыққа  түсіндіру 
үшін  жасақталған  компанияларға  комсомолды  қатыстыра  отырып,  жастарды 
белсенді  түрде  пайдаланған.  Сҿйтіп,  партия  ұйымы  жастарға  шіркеулік 
құндылықтарды  тҽркілеу  бойынша  жұмыс  жүргізуге  тікелей  тапсырмамен  бірге 
нұсқау беріп отырған. 
1921  жылдың  маусым  айында  ҿткен  І  Бүкілресейлік  конференция 
ауылшаруашылық  кооперациясын  құру  жҿніндегі  міндетін  қойды.  Бұл  міндетті 
орындау  жастар  ұйымының  мақсатына  айналып,  оны  орындауға  жастар  ұйымы 
кірісіп  те  кетті.  Ҿйткені  Орталықтан  шешілген  ҽкімшіл-ҽміршіл  жүйенің 
нұсқаулары  мен  қаулыларын  бұлжытпай  орындау  комсомолдың  басты 
тапсырмасына айналды. 
1921  жылдың  орталарына  қарай  Қазақстанда  (Сырдария  мен  Жетісуды 
қоспағанда) 779 артель, 132 коммуна, 45 кеңшар саналды, олардың кҿпшілігінде 
жастардың  бастауыш  ұйымдары  құрылды  /2,  6-п./.  Мысалға,  Семей 
губерниясында:  ―Заря‖,  ―Коммунар‖,  ―Энергия‖,  ―Истинный  путь‖;  Қостанай 
губерниясында ―Заря‖; Орынборда ―Ленин‖; Орал губерниясында ―Спартак‖ жҽне 
―Роза  Люксембург‖  атындағы  жҽне  т.б.  губернияларда  кҿптеген  коммуналар 
ұйымдастырылды.  Бұл  коммуналар  жастарды  жұмыс  істеуге  мҽжбүрледі.  1922 
жылы  тек  Орал  уезі  бойынша  осындай  жасҿспірімдер  коммуналарында  237 
бозбалалар мен қыздар қамтылып, жұмыс жасады /2, 8-п./. 
Айта  кететін  бір  жайт,  1923  жылдан  бастап,  қоғамдық  ҿзара  жҽрдем 
кҿрсетудің ауылдық та комитеттері құрыла бастады. 1924 жылға қарай, олардың 
саны 727, ал 1925 жылға қарай  – 1264 болды /3/. Қостанай уезінің ҿзара жҽрдем 
кҿрсету  ауылдық  комитетінің  жұмысы  жҿніндегі  ҽртүрлі  басылымдарда 
мҽліметтер  беріле  бастады.  Мысалға,  1923  жылдың  қарашасынан  бастап,  1924 
жылдың ақпан айына дейінгі  аралықта аталмыш  комитет қорына 500 пұт астық 
жиналғандығы жҿнінде мҽлімденді /3, 14-п./. 
Қазақ жастарын кҽсіптік оқумен қамтуға байланысты 1921 жылы Қазақстан 
жастар  облыстық  комитеті  ауылдық  жастар  ұйымдарының  барлық  мүшелеріне 
ашылып  жатқан  6-айлық  ауылшаруашылық  курстарын  аяқтауды  ұсынды. 
Дегенмен,  аштық  жҽне  оның  салдарымен  күрес  бұл  жұмысты  барынша  тежеді.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
49 
Бірақ, кҿптеген қиыншылықтарға қарамастан, 1922 жылы ҽрбір уезде қараша мен 
наурыз  айлары  аралығында  тек  жастардан  жасақталатын  курстардың  ашылуы 
ұйымдастырылды. 
Мұндай  үйірмелердің  оқу  бағдарламалары  социалистік  ұранға  сҽйкес 
мҽселелерді қамтыды: 1) егіске дайындық; 2) тұқымды ҿңдеу; 3) құрғақшылықпен 
күрес; 4) нені егеміз? 5) дала жауларымен күрес жҽне т.б. /4/.  
Агротехникалық  білімдерді  үгіттеу  бірден  аштық  пен  оның  салдарларын 
жойғаннан  кейін  басталып  кетті.  Мҽселен,  1922  жылы  бірқатар  губернияларда 
ауылшаруашылық  кҽсіпке  үйрету  бойынша  кҿрнекі  еңбек  шеберханалары 
ұйымдастырылды.  Мысалға,  тек  бір  ғана  Ақмола  губерниясы  бойынша  10 
шеберхана ашылды /5/. 
Ресей  Федерациясының  Орталық  Атқару  Комитетінің  шешімінің  негізінде 
1924  ж.  ауыл  шаруашылық  қажеттіліктеріне  бұқара  мамандарды  дайындау 
мақсатымен,  ауылдардағы  жалпы  білім  беру  мектептерін  қайта  ұйымдастыру 
жүргізілді. Селоларда жеті жылдық мектеп негізінде ауылшаруашылық бағыттағы 
шаруа жастары мектептері (ШЖМ) құрылды. 
20-шы  жылдардың  басында  кеңестік  жүйе  ―жеке  сауданы  жою  жҽне 
жастарға ауылшаруашылық кооперация қатарына мүшелікке ҿту жҿнінде‖  қаулы 
қабылдады.  Осы  қаулы  негізінде  Жастар  Одағы  бастауыш  ұйымдары  жанында 
кооперативтік үйірмелер де құрылды.  
Жастар  артель,  несиелік  бірлестіктер,  ҿндірістік,  тұтынушылық  жҽне 
ауылшаруашылық  кооперативтерінің  белсенді  мүшелері  қатарында  болды.  1925 
жылдың  басына  қарай  кооператив  басқармасы  мүшелері  ретінде  тек  бір  Орал 
губерниясы бойынша 6 қазақ жҽне 11 орыс жастары сайланды. 38 жас  кооператив 
басқармасына  уҽкіл  ретінде  енгізілді.  Ақмола  губерниясы  бойынша  1925  жылы 
1500  жас  кооперация  мүшесі  болды,  олардың  8-і  кооператив  басқармасына 
сайланып,  18  –  ревизиялық  комиссияға  мүше  болды,  ал  48  жас  осы 
кооперативтердің басқармасына ҿтті /5, 101-п./. 
Партия  нұсқауымен  жүргізілген  жұмыстың  нҽтижесінде  Қазақстан 
республикасындағы  кооператив  желісі  айтарлықтай  кеңіді.  1924  жылдың  1 
қазанынан  бастап,  1925  жылдың  1  қазаны  аралығында  селолық  тұтынушылар 
қоғамдарының  саны  369-дан  599-ға  дейін,  ал ауылдық  –  4  еседен  аса  артты  (54-
тен 233-ке дейін). 1926 жылдың 1 қазанына қарай Қазақстанда 700 селолық, 287 
ауылдық жҽне 36 қалалық кооператив болды, олардың құрамындағы мүшелерінің 
саны сҽйкесінше: 144292 мүше селолық, 70111 мүше – қалалық кооперативтерде 
саналды /5, 107-п./. 
Қазақ  халқының  бір  бҿлігінің  кҿшпелі  ҿмір  салтына  байланысты,  оны 
кооперациялау  айтарлықтай  қиындықтар  тудырды.  Ең  алдымен,  халықтың  бұл 
бҿлігіне  тұрғылықты  ҿмір  салтына  кҿшуде  кҿмек  кҿрсету  қажет  болды.  Қазақ 
жастар баспасҿзі тұрғылықты ҿмір салтын кеңінен үгіттеуді қолға алды. Сонымен 
қатар,  жастар  алдына  күрделі  міндеттер  қойыла  бастады.  ―Ауыл  жастарының 
міндеттері»  атты  мақалада:  «Қазақтардың  тұрғылықты  ҿмір  салтына  кҿшуіне 
байланысты, жастар алдында үлкен міндеттер тұр. Ең алдымен, ауылшаруашылық 
білім алу қажет‖ - деп кҿрсетілді /6/. 
 ―Жастар–біздің  үмітіміз,  ауыл  шаруашылығының  болашақ  басшылары. 
Бірақ бұл үшін, олар білім алып, алған білімдерін үлкендерге жеткізулері қажет. 
Ауылшаруашылық кітаптарды кҿп оқу керек. Жастар, жер ҿңдеуді үйреніңдер!‖ – 
делінді /6/. Осы жерде айта кетер бір жайт қазақ зиялыларының қазақ жастарының 
тек  қара  жұмысты  істегендеріне  қарсы  болып  жоғары  жаққа  қазақ  жастарының 
оқуы  жайлы  жоғары  жаққа  хаттар  жазды.  Мысалға,  С.  Садуақасов  бастаған  бір 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
50
 
топ  зиялы  Мҽскеуге  хат  жаза  отырып,  қазақ  жастарының  оқу  жайлы  мынанадай 
ұсыныстар жасады; 
―Қазақ  тҿңкерісінен  кейінгі  қазақ  жастарының  басты  қызметі  былай  болу 
керек  еді.  Тҿңкеріс  қырғыз  (қазақ)  жастарын  жасампаздыққа  емес,  күресуге 
үйретті. Сондықтан жастарға енді оқу, жасампаздықты жҽне жасай білуді үйрену 
қажет. Бірақ  жасай білу  үшін, білім керек, үстіртін білім емес, қайта терең жҽне 
салиқалы  білім  керек.  Біздің  алдымызда  ұшы  –  қиыры  жоқ  жұмыс  тұр.  Біз  ірі 
индустрия,  ұтымды  ауыл  шаруашылығын  жҽне  үлгілі  санитарлық  гигиеналық 
жағдайлар  жасауымыз  қажет.  Бұл  үшін  барлық  мамандықтар  бойынша 
инжинерлер,  агрономдар,  мал  дҽрігерлері  жҽне  медицина  қызметкерлері  керек. 
Жҽне бұл адамдарды қырғыз (қазақ) жастары беруге тиіс. Біз техникалық білімді 
шетелде,  атап  айтқанда  Германияда  алған  мейілінше  дұрыс  деп  санаймыз.  Жас 
адамдарды  шетелге  жіберудің  дұрыстығын  таза  психологиялық  сипаттағы 
себептермен де дҽлелдеуге болады. Біздіңше, елден сырт жүргенде ҿзіңді  ҿз ісің 
үшін  елдегіден  гҿрі  анағұрлым  жауапты  сезуің  мүмкін‖  –  делінді  /7,  41-б./. 
Сҿйтіп, С.Сҽдуақасов ұлты үшін қызмет атқаратын қазақ жастарының терең білім 
алу керек екенін Орталыққа осы хаты арқылы жеткізді. 
 Қазақстан  жастары  Қазақ  АКСР  партия  ұйымы  мен  Кеңес  ҿкіметіне  азық-
түлік  салығын  жинау  мен  азық-түліктерді  дайындауда  кҿмек  кҿрсетті.  Азық-
түлікті  бҿлудің  азық-түлік  салығымен  ауыстырылуына  наразылық  білдірген 
халықтың  ауқатты  тобы  салық  салынатын  нысаналарды  жасырып,  азық-түлік 
салығының  жиналуын  бұзуға  тырысып  бақты.  Осы  істе  де  билік  партиясы 
жастарды айналымға қосып, оларды халық арасына жұмсады. 
Азық-түлік  салығын  жинау  үшін,  партия  жастарды  азық-түлік 
инспекторлары ретінде пайдаланды. Азық-түлік инспекторлары арнайы құрылған 
азық-түлік  курстарында  дайындалды.  Азық-түлік  инспекторлары  армиясы  салық 
салынған жасырын нысаналарды, артылып қалғандарды анықтап, кеңес ҿкіметінің 
азық-түлік салығы саясатын дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етуге мҽжбүрленді.  
Мысалға,  Азат  болысының  Тҿліғары  ауылының  (Ақмола  губерниясының) 
жастар  ұйымының  мүшесі  Леонтьев  ―  ауыл  байларының  бірі    300  пұт  астықты 
жасырып қалды‖ - деп мҽлімдеген. Жастар ұйымының мүшесі Леонтьев астықты 
дайындау жҿніндегі мҽселе қарастырылған жиналыстан қайтып келе жатқанда бай 
шаруаның  соққысына  тап  болып  сабалған  /2,  4-п./.  Сҿйтіп,  биліктің  солақай 
саясатының қате шешімдері үшін жастар отқа да, суға да түсіп отырған. 
Ал  Қазақстандағы  жұмыссыздық  кҿбіне  ауыл  шаруашылығы  жағдайымен 
байланысты болды: астықты жылдары жұмыссыздар армиясы жоққа дерлік кеміп, 
астықсыз  жылдары  күрт  артып  отырды.  Жұмыссыздардың  ең  кҿп  болған  шағы 
1922 жылға келеді (астықтың шықпауы, жұт). Мҽселен, 1922 жылдың қаңтарында 
―Степная  правда‖  газетінің  мҽлімдеуіне  сҽйкес,  1922  жылдың  26  қыркүйегінде 
Қазақ  республикасы  бойынша  18  мың  жұмыссыз  тіркелді,  сол  жылдың  мамыр 
айында  бұл  сан  23  мыңға  дейін  артты  /2,  21-п./.  Қазақстанның  бірқатар 
губернияларында  1924  жылы  астықтың  шықпауы  жұмыссыз  жасҿспірімдердің 
қатарын арттырды. Тек бір Орынбор бойынша 173 жұмыссыз жасҿспірім тіркелді 
/2, 25-п./.  
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандарды  сараптай  келе,  большевиктер  ҿкіметті 
басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін – 20 жылдар басында жҽне 
30  жылдар  басында  жантүршігерлік  ашаршылықты  бастан  ҿткергенін  кҿре 
аламыз. 
 Осы аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап 
тоз-тоз болып, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
51 
Ақиқатқа жүгінсе, аштықтың тҿркінінде большевиктер партиясының кҿсемі 
Лениннің  жҽне  оның  партиялас  серіктестерінің  бұралаң  іздері  сайрап  жатыр. 
Сҿзіміз дҽлелді болуы ішін ―ұлы кҿсемнің кҿзі тірі кезіндегі зобалаңға бір сҽт кҿз 
жүгіртіп  ҿтейік.  Мұхамеджан  Тынышбайұлы    ағамыздың  есебі  бойынша  1917 
жылы  Қазақстанда  2.910.000  қазақ  ҿмір  сүрген  болса,  М.Г.  Сириустың  1924 
жылғы  жүргізген  санағы  бойынша  қазақтар  саны  1.965.443-ке  ҽрең  жетіп 
жығылған /8, 24-б./.  
Табиғи  ҿсімді  есептемегеннің  ҿзінде  1  млн.  қазақ  қайда  кеткені  белгісіз. 
Профессор  С.П.  Швецов  есеп-қисап  бойынша  тек  1921  жылғы  ашаршылық 
салдарынан Қазақстанда болған кемудің ҿзі ғана 30 пайыздан кем емес екендігін 
де айта кетеді /8, 24-б./. Мұны нақты деректер де мақұлдайды.    
Қазақ  қалай  аштыққа  ұрынды?  Мұрағат  қойнауында  сақталған  кҿптеген 
ресми  құжаттар  оқырманды  шатастырып  бұл  сұрақтың  жауабын  –  ауа-райының 
қолайсыз болып, егін шықпай қалғанынан, ҽрі кеткенде жергілікті жердегі асыра 
сілтеуден іздейді.  
Десек  те  кейбір  зерттеушілердің  ―мұндай  аштық  Ресейдің  ҿзінде,  Еділ 
бойында  да  болды  емес  пе?!‖  –  деуі  ҽбден  мүмкін.  Ол  рас.  Бірақ  мынаны 
ұмытпауымыз  керек:  орыс  жері  ақ  пен  қызылға  бҿлініп  алып  қырылып  азамат 
соғысын жандандырады да, ауыл шаруашылығымен шыңдап айналысуға ҿздеріне 
де ҿзгелерге де мүмкіншілік бермеді.  
Қазақстандағы  1921-22  жылғы  ашаршылыққа  шындығына  келсек  ауа  райы, 
құрғақшылық емес, ҿздері ҿкіметті бір түнде басып алған соң, кешікпей-ақ азамат 
соғысынан  тұтанатынын,  ал  одан  шаруашылық  күйзеліп,  халық  аштан  қырылуы 
мүмкін  екенін  біле  тұра,  қатерлі  бағыттарынан  қайтпай  қойған  большевиктер 
жҽне олардың партиясының біржақты саясаты кінҽлі.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
 
1.Қоңыратбаев О. Т.Рысқұлов, қоғамдық-саяси жҽне мемлекеттік қызметі. – 
Алматы: Қазақстан, 1994. – 448 б. 
2.ҚР ПМ. 160-қ, 1-т, 25-іс, 8-п. 
3. ҚР ПМ. 142-қ, 1-т, 228-іс, 21-22-пп. 
4. ҚР ПМ. 142-қ, 1-т, 58-іс, 1-2-пп. 
5. ҚР ПМ. 142-қ, 1-т, 58а-іс, 1-2-пп. 
6. Қадірлі жастар жанына // Жас қайрат. – 1924. – 12 қаңтар. – №1. 
7. Сҽдуақасов С. Жастарға жаңа жол. –Орынбор, 1921. – 41-б. 
8. Омарбеков Т. Ашаршылық ақиқаты // Ақиқат. – 1997. – №5, –  24-б. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  1920-1925  жж.кеңес  ҿкіметінің  алғашқы  жылдарында  Қазақстан 
жастары ның аштықпен күресі баяндалған. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Статья посвещена борьбе казахстанской молодежи с голодом в первые годы 
советской власти. 
 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
52
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет