Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


ПОЛЬШАДАҒЫ 80-ШІ ЖЫЛДАРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ



жүктеу 5.05 Kb.
Pdf просмотр
бет9/23
Дата28.01.2017
өлшемі5.05 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

ПОЛЬШАДАҒЫ 80-ШІ ЖЫЛДАРДЫҢ СОҢЫНДАҒЫ 
«ДӚҢГЕЛЕК СТОЛ» КЕЛІССӚЗДЕРІ 
 
Сманова А.-т.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Польшада  1982  жылы  басталған  реформаның  мҽні  экономиканы 
демократияландыру, кҽсіпорындар мен еңбекші ұжымдарына кеңінен құқық беру, 
жеке-меншік  сектордың  белгілі  бір  дҽрежеде  белсенділік  танытуы,  ҿзін-ҿзі 
қаржыландыру, ҿзін-ҿзі басқару негізінде шаруашылық ұйымдары құрылуы керек 
болды.  Алайда,  орталықтан  басқару  жүйесін,  меншік  қатынасын  анықтамау 
арқылы  жағдайды  түзеу  тек  қысқа  ҽсер  беріп,  жұмысшылар  жҽне  кҽсіпорын 
деңгейіндегі  іс  атқаратын  экономикалық  жағдай  жүйесін  құра  алмады.  Ел 
экономикалық дағдарыстан шыға алмады, керісінше экономикалық байланыстың 
бұзылуы  тереңдей  берді,  инфляция  күшейіп,  халықтың  тұрмыс  жағдайы 
тҿмендеді /1/. 
КСРО-да  М.С.Горбачев  билік  басына  келген  соң  басталған  ҿзгерістер 
халықаралық  жағдайға,  соның  ішінде  Польшаға  да  ҽсер  етпей  қоймады.  Елде 
оппозиция  қайта  күшейе  бастады,  Поляк  Біріккен  Жұмысшы  партиясының 
(ПБЖП) ҿкілдері батыл реформа жасауға жҽне оппозициямен келісуге шақырды. 
Үкімет  басшыларын  бұрынғы  «Ынтымақ»  жетекшілері  бастаған  оппозициямен 
келіссҿзге  итермелеген  оқиға  1988  жылы  сҽуір-мамыр  айларында  Гданьск  пен 
Краковте ҿткен ереуілдер болатын. Осындай жағдайда келіссҿзге келуге болатын 
нағыз серіктес ол Лех Валенса тобы болатын. Оның нақты саяси күші не ықпалы 
болмаса да, Лех Валенсаның «Ынтымақ аңызы» негізінде ҽлі де беделі бар еді /2/. 
Ал, 1988 жылы тамыз айында Силезияда сосын Гданьскіде ҿткен ереуілдер 
«Ынтымақты» тіркеу ұранын қайта алға тартты. Үкімет бұл ереуілдерді қарумен 
басамыз деп қорқытқанмен, жасырын түрде келіссҿздер басталды. 1988 жылы 31 
тамызда гданьскілік келіссҿзде елдің ішкі істер министрі, генерал Чеслав Кищак 
пен Лех Валенса кездесті. Сонымен бірге бұл келіссҿзге епископат хатшысының 
орынбасары  епископ  Е.Домбровский  де  қатысты.  Келіссҿздің  басты  мақсаты 
ереуілдерді тоқтату негізі болатын. Нҽтижесінде Чеслав Кищак пен Лех Валенса 
үшінші кездесулерінде (қыркүйектің ортасы) нақты кездесу қазандағы «дҿңгелек 
столда» болатынына келісті. 
Үкімет  жетекшілерінің  оппозициямен  келіссҿздер  жүргізу  туралы 
ұсыныстары,  Польшада  айтарлықтай  «аппарат  бүлігіне»  алып  келді.  Елді  жеке-
дара  билеп  үйренген  ПБЖП-ның  мүшелері  билікті  ешкіммен,  ҽсіресе  кеше  ғана 
ҿздері  қудалаған  оппозициямен  бҿліскілері  келген  жоқ.  Нҽтижесінде  Месснер-
Кищак  үкіметі  отставкаға  кетіп,  жаңа  үкімет  Мечислав  Раковский  қолына  тиді. 
Партия мен үкімет Мечислав Раковскийді елде терең ҿзгеріс жасайды деп қарсы 
алды.  Сонымен  ол  оппозициямен  келіссҿздерді  де  үзді  жҽне  Ч.Кищак  келіскен 
келіссҿз  отырысын  да  бұзды.  Бірақ,  М.Раковский  «Ынтымақ»  ҿкілдеріне 
үкіметтен  тҿрт  орын  ұсынды,  яғни  сол  арқылы  халықтың  алдында  үкімет  пен 
оппозицияның  коалициясы  құрылд  деп  сенімге  ие  болғысы  келді.  Алайда,  бұл 
кезде елдегі жағдай ҿзгерген болатын, жаңа кабинеттің радикалды экономикалық 
реформа  ҿткізу  жоспарын  жариялауына  қарамастан  бұл  ұсынысты  пайдаланып 
қалғысы келгендер болған жоқ. 
Партиялық 
аппараттың 
кҿзқарасы 
жҽне 
Мечислав 
Раковскийдің 
тағайындалуына жауап ретінде, елдегі оппозицияның басты идеологтарының бірі 
Я.Куроньның  «Биіктен  қарағандағы  «дҿңгелек  стол»  атты  мақаласы  «Тыгодник 
Мазовше»  заңсыз  апталық  газеті  беттерінде  басылды.  Бұл  мақала  қоғамдағы 
барлық топтардың назарын ҿзіне аударды. Мұнда экономикалық күйреу мен амал 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
80
 
жоқ  нарықтық  қатынасқа  кҿшу  туралы  айтылды.  Сонымен  бірге  «Ынтымақтың» 
ПБЖП-сы  реформаторларымен  одақтасуы,  демократияға  бейбіт  түрде  ҿту  т.б. 
туралы айтылды /3/. 
Сонымен  1988  жылы  желтоқсанның  21  күні  болған  ПБЖП-ның  ОК-нің 
кезектен  тыс  Х-шы  пленумында  Мечислав  Раковский  оппозициямен  келіссҿз 
жүргізу  туралы  ұсыныс  жасады.  Ол  Саяси  бюро  атынан  оппозициямен  бірігіп 
жұмыс  істеу  жҽне  «Ынтымақ»  елдегі  қайта  құруға  қатысып,  іс-шаралар 
социалистік  құрылыс  шеңберінде  жүзеге  асырылып,  конституцияны  бұзбай 
отырып қайта нығаюға жағдай жасау туралы ұсыныстар айтылды. Ал 1989 жылы 
16-18 қаңтарда болған пленумның ІІ сессиясында осы тақырыптар бойынша пікір-
талас  болды.  Мұндағылардың  кҿпшілігі  Саяси  бюроның  елде  реформа  ҿткізу 
туралы  ұсынысына  қарсы  шықты.  «Ынтымақтын»  қайта  құрылуына  бір  рет 
мүмкіндік  береміз  деген  пікір  басым  болды.  Кҿптеген  партия  мұшелері 
«Ынтымақтың» ұрандары ішіндегі «ПБЖП қайраткерлерін жазалау керек!» деген 
сҿздерін мысалға келтіре отырып олардың билікке келулеріне үзілді-кесілді қарсы 
болды. Нҽтижесінде оппозициямен келіссҿз жүргізу мҽселесі  тағы да сҽтсіздікке 
ұшырай бастады. 
Саяси  бюро  саясатының  қабылдануы  болды,  ҿйткені  жетекшілік  саясатын 
қолдап  жҽне  бір  уақытта  оның  ұсынған  негізгі  құжаттарын  қабылдамау  мүмкін 
емес  еді.  Бұл  құжат  бойынша  дауысқа  салу  ҿзгеше  болды.  Орталық  Комитет 
мүшелерінің  2/3  оны  қолдап,  30  қарсы  болды,  ал  14  не  15  адам  қалыс  қалды. 
Осылайша  кҿпшіліктің  дауысымен  бағдарламалы  құжат  қабылданды.  Ол  алдағы 
Польшаның  саяси  ҿмірінде  ҿзгерістерге  жол  ашты.  Ҿзгерістің  мҽні  -  «Дҿңгелек 
стол»  ұйымдастыру,  яғни  оппозициямен  келіссҿз  мерзімінен  бұрын  сайлаулар 
ҿткізу жҽне басқарушы жүйеде саяси ҿзгерістердің жүзеге асырылуы туралы еді. 
«Дҿңгелек  стол»  мҽжілісіне  дайындық  туралы  хабарлар  қоғамдағы 
халықтың кҿп бҿлігіне үміт ҽкелді. Алайда, «Ынтымақтың» адам айтқысыз күшті 
жолмен үкіметтегі саяси сахнаға қайта келуі Поляк Халық Республикасы дҽуірінің 
аяқталуы  жҽне  Еуропада  коммунизмнің  құрауымен  қат-қабат  келді.  Бұл 
келіссҿздегі  маңызды  ҿкілдер  ПБЖП-ның  коммунистері  мен  «Ынтымақтың» 
басшылары  арасында  болатын  болды.  Сонымен  1989  жылы  6  ақпанда  халық 
аузында  «дҿңгелек  стол»  атанған  үкімет  пен  оппозиция  арасында  келіссҿздер 
басталды.  Бұл  келіссҿзге  үкімет  басшылары,  нақты  кҽсіподақ,  коалициялық 
партиялар (Бірікке шаруалар партиясы жҽне Демократиялық партия), «Ынтымақ», 
шіркеу  қызметкерлері  қатысты,  бірақ  нақты  келіссҿз  жүргізуші  жақтар 
«Ынтымақ» пен үкімет болатын.  «Дҿңгелек стол» барсында болашақ саяси жҽне 
экономикалық  жүйенің  салыстырмалы  принциптерінің  консенсусына  қол 
жеткізілді.  Ол  реформа  барысында  бұрынғы  жүйенің  орнына  біртіндеп  орнына 
келуі  де  тиіс.  Ҿзгеріс  елдің  негізгі  саяси  күшінің  біріккен  бақылауына  ҿтетін 
болды.  Ол,  эволюциялық,  бейбіт  сипатта,  жанжалсыз,  негізгі  шешімнің  барлығы 
ҿзара  сҽйкес  кҿзқараста  жүргізіледі  деп  келісілді.  Біраз  уақытқа  созылған 
келіссҿздерден  кейін  осы  жылы  сҽуір  айында  екіжақты  келісімге  қол  қойылды. 
Қабылданған 
«дҿңгелек 
стол» 
формуласы 
саяси 
ҿмірдің 
біртіндеп 
демократиялануы жҽне саяси ҿмірдегі ҿзгерістер тҿңірегінде болды. Сонымен бұл 
үрдіс  тҿрт  жылдық  мерзімде  жүзеге  асуы  керек  болатын.  Сонымен  бірге  бұл 
бағыттағы  алғашқы  қадам  «Ынтымақтың»  заңдастырылуы  жҽне  сеймге  қайта 
сайлау туралы еді. 
Соңғы  құжатқа  қол  қояр  кезде  үкімет  «Ынтымақ»  кҽсіподақ  бірлестігінің 
тҽуелсіз ҿзін- ҿзі билеуді қалпына келтіру жҽне сенат жҽне сеймға демократиялы 
түрде сайлау жүргізу туралы уҽде берді. Ҿздерінің күшті жҽне ҽлсіз жерлерін екі 
жақта  білді.  ПБЖП-сын  Кеңес  Одағы  қолдап  отырды,  бұл  Екінші  дүниежүзілік 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
81 
соғыстан  бері  ҿзгермеген  ялталық  тҽртіп  болатын.  Ал  Полльшада  бұрынғыдай 
Кеңестік  Армияның  бҿлімшелері  орналасқан  еді.  Керісінше,  «Ынтымақты» 
жергілікті халықтың кҿпшілігі қолдады, ҿйткені елдегі дағдарыстың алдын алу ең 
ерекше  маңызды  болатын.  «Дҿңгелек  столда»  алдын-ала  болған  келісімге  сай 
үкімет  коалициялық  партиялары  автоматты  түрде  сайлауда  сеймнің  65%  пайыз 
орнын  иемденді,  ал  қалған  35%    пайызын  демократиялық  принцптер  бойынша 
сайлау анықтауға тиіс болды. Президентті Ұлттық жиналыс сайлауы тиіс болды, 
яғни  сейм  мен  сенат  мҽжілісі  арқылы.  Ал  президенттік  сайлау  1989  жылдың 
мамыр  айы  деп  белгіленді.  Парламенттің  жоғарғы  палатасы  сенат  құрылды,  ал 
ондағы 100 орынды тек сайлау анықтауға тиіс болды /4/. 
1989  жылы  17  сҽуірде  «Ынтымақ»  заңды  түрде  қайта  тіркелген  соң,  олар 
сайлауға дайындала бастады. Ал, ПБЖП-сы болса бұл сайлауда жеңіске жетеріне 
күмҽн келтірген жоқ. Ҿйткені сеймдағы кҿптеген орындар оған алдын ала беріліп 
қойылған  жҽне  45  жылдан  астам  билік  жүргізіп  келе  жатқан  партияның 
сҽтсіздікке ұшырауы мүмкін деп ешкім де ойлаған жоқ. Сондықтан олар сайлауға 
онша ат салыса қойған жоқ, тіпті немқұрайлы қарады десе де болады. Дегенмен 
халықтың  алдында  беделін  де,  сенімін  де  жоғалтқан  ПБЖП-сы  ҿз  жағдайының 
қаншалықты  қиын  екенін  сезінбеген  болатын.  1989  жылы  болған  Парламент 
сайлауы  Поляк  Халық  Республикасының  тарихында  ең  бір  дүрбелеңді  бетбұрыс 
кезеңі  болды.  «Ынтымақтың»  Азаматтық  комитеті  ұсынған  кҿптеген 
жоспарлардың  нҽтижесінде  оппозициялық  кандидаттар  жеңіске  жетті.  Сонымен 
бұл  енді  елдің  осыдан  кейінгі  саяси  ҿміріндегі  жүрісін  анықтап  берді.  Елдегі 
барлық  үрдіс  жылдамдап,  «дҿңгелек  столдағы»  айтылған  тҿрт  жылдық 
демократиялану жайына қалды. 
Сайлау  барысында  ПБЖП-сы  жҽне  онымен  одақтас  басқа  да  партиялар 
үлкен  саяси  жеңіліске  ұшылады.  Сайлаудың  бірінші  кезеңінде  олар  тек  бес 
кандидат  ҿткізе  алды.  Бұл  сайлаушылардың  үкіметке  деген  сенімсіздігін  ғана 
емес,  сонымен  бірге  ПБЖП-сы  мен  оның  одақтас  партиялары  арасындағы  ҿзара 
ыдыраушылықты да кҿрсетеді. Біртұтас сайлау стратегиясын жасамаған билеуші 
партиядан  ҿзгешелігі,  оппозиция  сайлауға  мықты  дайындықпен  келді. 
«Ынтымақтың» атынан сайлау комиссиясын Лех Валенса 1988 жылдың соңында 
құрған  Азаматтық  комитет  басқарды.  Бұл  оппозициялық  парламен  немесе  оның 
ҿкілдік  ұйымы  емес,  тек  Лех  Валенсаның  ҿзі  шақырған  комитет  болатын. 
Нҽтижесінде бұл сайлау кезінде ҿз кандидаттарын тіркеуге үлкен кҿмек кҿрсетті. 
Сонымен  жергілікті  Азаматтық  комитеттердің  200  мың  белсенділерінің 
қолдауымен сайлау нҽтижесінде «Ынтымаққа» жеңіс ҽкелді. 
«Ынтымақтың»  сайлаудағы  жеңісі,  негізінен  ҽлеуметтік-саяси  жүйедегі 
дағдарыстың  салдары  болатын.  Халық  кҿп  жағдайда  «Ынтымақты» 
қолдағандықтан  емес,  елді  ұзақ  уақыт  дағдарыстан  шығара  алмай  келе  жатқан 
ПБЖП-на қарсы дауыс берді. «Ынтымақтың» сайлауда жеңіске жетуінің тағы бір 
себебі күшті католик шіркеуінің қолдауы да ҽсер етті, ҿйткені Польшада католик 
шіркеуінің беделі ҿте күшті. 
Жалпы  халықаралық  пікір  бойынша  ПБЖП-сы  басшыларының  таңдаған 
«дҿңгелек  стол»  стратегиясының  дұрыстығын  сайлау  кҿрсетті.  Ол  қоғамдағы 
теріс  жағдайдың  алдын  алып,  елде  тұрақтылықтың  орнауына  жағдай  жасады. 
Польшадағы  бұл  сайлау  қорытындылары  дүниежүзінің  назарын  бірден  ҿзіне 
аударды.  Польшадағы  болып  жатқан  оқиғалардың  ҽсерінен  Шығыс  Еуропаның 
басқа да елдерінде демократиялық үрдістер жылдамдай түсті. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
82
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.«Шоковая  терапия»  в  Польше:  опыт  и  выводы  //Международная  жизнь.  1992. 
№5, с.72.  
2.Медведев Р.А. Незнакомый Андропов. Кризис в Польше 1980-1981 гг. //Новая и 
Новейшая история. 1999. N2. 
3.Филипов  Б.А.  Польша  в  поисках  выхода  из  кризиса  //  мировая  экономика  и 
международные отношения. 1990. №3. С.51.  
4.История Польши с древнейших времен до наших дней. Варшава, 1995. С.346.  
5.Медведев Р.А. Незнакомый Андропов. Кризис в Польше 1980-1981 гг. //Новая и 
Новейшая история. 1999. N2.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада Польшадағы «Дҿңгелек стол» келіссҿздері жҽне «Ынтымық» 
қозғалысының саяси жұмыстары туралы айтылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В данной статье говорится о создании перегаворов «Круглого стола» в 
Польше и работа общественного движения «Солидарность». 
 
 
ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХНАМА
 
 
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА 
ТӘУКЕ ХАННЫҢ «ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫНЫҢ » ТАРИХИ МАҢЫЗЫ 
 
Жылқышыбаева Қ.Қ. – т. ғ. к., доцент (Алматы қ.,ҚазмемқызПУ) 
Бижанова К.Қ. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
XVII  ғасырдың  соңы  мен  XVIII  ғасырдың  басындағы  Қазақ  хандығы  бір 
орталыққа  бағынған  дербес  мемлекеттік  мҽртебесін  сақтап  қалу  үшін  ішкі  жҽне 
сыртқы  қайшылықтарды  басынан  ҿткерді.  Бұл  тұста  ҽсіресе,  ішкі  алауыздық 
күшейіп  тұр  еді.  Осыған  қарамастан  бұл  дҽуірде  қазақ  халқының  арасынан  ірі 
саяси  қайраткерлер,  билер,  сұлтандар,  батырлардың  тарих  сахнасына  шыққаны 
бұл ауыртпалықтарды ҿз дҽрежесінде шешуге мүмкіндік берді. Халық зердесінде 
ҿшпес  із  қалдырған  ірі  тұлғалар  қатарына  XVII  ғасырдың  соңы  мен  XVIII 
ғасырдың басындағы қазақ ханы болған Ҽз Тҽукені жатқызғанымыз жҿн.  
Тҽуке  хан  ҿзінің  даналығы,  ұлылығы  арқасында  ел  арасында  «Ҽз  Тҽуке» 
деген  атқа  ие  болған.  Халық  Тҽуке  заманының  Қазақ  хандығының  ең  бір 
ҿркендеген  жҽне  тыныштық  орнаған  кезі  екендігін  «қой  үстінде  боз  торғай 
жұмыртқалаған  заман»  деп  еске  алады.  Тҽуке  хан  билікке  келісімен  Қазақ 
хандығында  күшейген  ішкі  тартысты  бҽсеңдетіп,  бір  орталыққа  бағынған  Қазақ 
хандығын құруға кірісті. Қазақ хандығының ішкі жҽне сыртқы мҽселелерін шешу 
барысында  Тҽуке  хан  кҿптеген  істер  атқарды.  XVII  ғасырдың  аяғында  хандықта 
экономикалық  жҽне  саяси  ықпал  үшін  билер  мен  сұлтандар  арасында  күрес 
күшейе түсті. Осы тартысты тоқтату үшін Тҽуке хан басқару тұтқасын толығымен 
билерге берді.  
Тҽуке  ханның  тарихтағы  ең  басты  орны  оның  қазақ  ҽдет-ғұрыптарының, 
ҿзіне  дейінгі  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»,  «Есім  ханның  ескі  жолы»  сияқты 
заңдарды  жинастыра  келіп,  билердің  басын  қосып  «Жеті  Жарғы»  заңын 
қабылдауында болып отыр. Бұл заңның қабылдануы сол замандағы қазақ қоғамын 
ҿркениетке  бір  саты  жоғарылатты.  Мұны  Еуропа  елдеріндегі  конституциялық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
83 
монарх 
биліктерімен 
салыстыруға 
болады. 
Ҿйткені, 
«Жеті 
Жарғы» 
қабылданғаннан  кейін  хан  оның  принциптерінен  ауытқымаған  жҽне  бұл  заңдар 
жинағын  барынша  қадірлеп,  қастерлеген.  Ҽсіресе,  «Жеті  Жарғыда»  ел  дауын 
шешудегі билер кеңесінің, хан кеңесінің, билер құқығының қорғалуын, сақталуын 
қатты  қадалаған.  Осы  арқылы  хан  ҿкіметін  ішкі  жақтан  нығайтуды  мақсат  етті. 
Ҽрбір  қазақ  түтіні  ханның,  бидің  жасағы  мен  шабарманын  жазда  да,  қыста  да 
қабылдап,  ат-кҿлік,  азық-түлікпен  қамдауға  міндетті  болды.  Бұл,  керуен  сарайы, 
елді-мекені  жоқ  кҿшпелі  қоғам  ҿмірінде  хан,  би  бұйрық  -  жарлығын,  соғыс 
хабарын тез жеткізу шараларының бірі еді. Бұған қарсылық кҿрсеткен түтін басы 
хан, би алдында қатаң жазаланатын. Ҽрбір соғысқа жарайтын еркек бес қарусыз 
жүрсе  оған  да  айып  салатын.  Мұның  ҿзі  хандықтың  ҽскери-феодалдық  сипатын 
айқындай  түсетін.  Қыз-келіншекті  алып  қашуға,  зорлауға  ҿлім  жазасы  кесілген. 
Бұл-рулар  арасында  алауыздық  туғызбаудың  қамы.  Ҿйткені  ру  ынтымағын 
ыдыратып  қанды  қырғынға  киліктіретін  кҿп  дау-дамай,  осы  жесір  дауынан 
туындап  жататын.  Ең  соңында  рулар  арасында  адам  ҿлімі  болғанда  қанды  кек 
алуды құн тҿлеумен ауыстыру  сияқты баптың  «Жеті  Жарғыға»  енгізілуі бұл  заң 
жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайды.  
«Жеті  Жарғы»  деген  сҿзбе-сҿз  алғанда  «жеті  ереже»  деген  сҿз.  Онда  орта 
ғасырдағы қазақ қоғамының негізгі  принциптері  мен нормалары баянды етілген. 
Ғылыми  ҽдебиетте  бұл  заң  құжаты  «Тҽуке  ханның  ережелері»  немесе  «Тҽуке 
ханның  заңдары»  деп  аталады.  Деректемелерде  «Ереженің»  авторы  кім  болғаны 
жҿнінде  мҽліметтер  жоқ.  Тарихи  аңыздарға  қарағанда,  оны  жасаушы  Тҽуке  хан 
делінеді:  ол  Күлтҿбеде  үш  жүздің  басты  билерінің  басын  қосқан,  сҿйтіп  олар 
«Қасым  мен  Есім  хандардың  ескі  ҽдет-ғұрыптарын»  біріктіріп  жҽне  қазақ 
қоғамының  ішкі  жағдайына  қатысты  мҽселелерді  ҽділ  шешуге  бағытталған 
нақтылы ҿзгерістер енгізіп, «Жеті Жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген. 
Сонымен қатар, заңды қазақ қоғамының XVII ғасырдағы ҽскери-саяси жҽне 
ҽлеуметтік  ҿмірінің қажеттеріне  бейімдеу,  бұл  орайда  ол  нормалардың  қазақтың 
феодалдық  қоғамының  жаңа  қажеттеріне  бейімдеу,  феодал  шонжарлардың 
мүдделеріне  сай  келетіндерін  ғана  сақтау  мақсаты  да  кҿзделді.  Сҿйтіп,  Тҽуке 
ханның  «Ережесінде»  сол  кездегі  қазақ  қоғамының  ҽлеуметтік  жҽне  құқықтық 
нормалары  заң  жүзінде  баянды  етілді.  «Жеті  Жарғыға»  ҽкімшілік,  қылмыстық 
істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни кҿзқарастар туралы 
ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы ҿмірінің барлық жақтары қамтылған. 
«Есім  ханның  ескі  жолында»  сақталынып  келген  тҽртіп  бойынша  кісі 
ҿлтірген адамның шаңырағы ортасына түсіріліп, ойраңдалатын. Онымен қоймай, 
қылмыскер  адам  ҿлтірілетін.  Осындай  қатыгездік  «Жеті  Жарғыда»  ҿзгертіліп, 
басқаша жазылады. Жаңа заң қылмыскерге жаза ретінде құн тҿлеу жолын бекітті. 
Ҿлім  жазасының  сол  кездің  ҿзінде  құнмен  алмастырылуы  үлкен  прогрестік 
құбылыс  еді.  Менің  ойымша,  жаңа  жазаның  тек  кісі  ҿлтіргені  үшін  ғана  емес, 
жалпы қандай да болсын қылмыстың алдын алуда маңызы күшті болған. 
«Жеті  Жарғы»  мемлекеттік  құрылымға,  ел  басқару  жүйесіне  де  елеулі 
жаңалықтар  енгізді.  «Жеті  Жарғы»  тҽуелсіз  қазақтың  біріңғай  таза  ұлттық 
мемлекеттік  алғашқы  Ата  Заңы.  «Жеті  Жарғы»  жеті  тараудан  тұратын  Негізгі 
заңдар жинағы болды: 
Кҿшпелі қазақ елі үшін ең бірінші құнды не? Ол – жер. Ол туған жер, ол ата 
–  бабасының  ізі  қалған  жер,  фҽниден  бақиға  кҿшкендегі  мҽңгілік  мекені.  Ол 
кҿшіп-қонып  ҿмір  сүретін  ортасы.  Сондықтан  жер  дауын  «Жеті  Жарғының» 
бірінші тарауында заң жүзінде шешу мҽселесі қарастырылған. 
Екінші  тарауда-отбасына  байланысты  мҽселелер  сҿз  болады.  Отбасы,  ошақ 
қасы-туысқандық жүйенің, азаматтық пен бірліктің бастау алар ұясы. Мұнда ҽке 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
84
 
мен  баланың,  келін  мен  ененің  қарым  –  қатынасын,  ата  мен  немеренің,  жалпы 
үлкен  мен  кішінің  сыйластығы  қандай  болуы  керек?  Ҿзінің  ұлтын  сүйетін, 
мемлекетін  қорғай  да,  басқара  білетін  ер  болу  үшін,  ақылды  болу  үшін  ұлға 
қандай  тҽрбие  беру  керек?  Ағайынның  ынтымағына  ұйытқы  болатын,  ырыс 
ҽкелетін,  ел  бірлігі  мен  берекесіне  тірек  бола  алатындай  ардақты  ана  болу  үшін 
қызға қандай тҽрбие беру керек? Яғни, осындай мҽселелер қарастырылған. «Жеті 
Жарғы»  бойынша  отбасында  ҽкенің  билігі  баянды  етіледі.  Ол  ұл-қызының, 
ҽйелінің,  құл-күңінің,  тҿрт  түлік  малының,  жайлау  қыстауының  жеке  дара 
билеушісі,  асыраушысы  ҽрі  қамқоры  болған-ды.  Ҽкенің  ризалығын  алмай, 
отбасының  кез  келген  мүшесі  ешбір  шешім  қабылдамайды.  Ҽкесіне  немесе 
шешесіне  қол  кҿтеріп,  балағаттаған  баланы  қара  сиырға  теріс  отырғызып,  ауыл 
ішін аралатып, қамшымен соққан. Бір себеппен баласын ҿлтіргені үшін ата-анасы 
ешқандай жаза алмайды. Бірақ некесіз туылған баласын ұяттан ҿлтірген ҽйел ҿлім 
жазасына  кесіледі.  Міне,  осылардың  бҽрі  «Жеті  Жарғының»  екінші  тарауында 
ыждаһатты түрде тарқатылған. Қадым заманнан келе жатқан бұл мҽселенің бүгін 
де  кҿкейтесті  екені  дау  туғызбаса  керек.  Содан  да  болар,  еліміздің 
Конституциясының  «отбасы»  деп  аталатын  тоғызыншы  тарауында  бұл  мҽселе 
«Жеті Жарғының» біз жоғарыда айтқан екінші тарауын қайта жаңғыртып, жаңаша 
ҿрнектеген.  
Үшінші тарауда-ел бірлігін сақтау, Отан қорғау, жасақ құру, сардар сайлау, 
сауын  айту  секілді  ірі-ірі  мҽселелер  қарастырылған.  Мысалы:  басқыншылық 
жағдайда  сауын  айту,  сардар  сайлау,  ҽскер  құру  тҽртібіне  келейік.  Бұл  тҽртіп 
қазақта  «Қасқа  жол»  заманынан  бері  болған.  Тек  уақыт  талабына  сай  жаңарып, 
жаңғырып отырған. Бабалар заманында ел шетіне жау атының тұяғы тигенде бар 
қазақ  бір  кісідей  тас–түйін  болып,  дабыл  қағылған  жерден  табылатын  болған. 
Сҿзімді  дҽлелдеу  үшін  Салқам  Жҽңгірдің  тарихынан  бір  мысал  келтірейін.  Елу 
мың ҽскерімен елімізді тонауға шыққан Жоңғар қонтайшысының жорығы туралы 
дер  кезінде  хабар  алған  Салқам  Жҽңгір,  оларды  жерімізге  деңдеп  кіргізбей 
тойтарыс  беру  үшін  шұғыл  түрде  алты  жүз  сарбазымен  ғана  жауды  Жоңғар 
қақпасында  тосып  алған.  Сол  алты  жүз  сарбазымен  елу  мың  жоңғарға  қарсы 
тұрып,  соғыс  ҿнерінің  сол  кездегі  ең  озық  тҽсілін  қолдану  арқылы  оларға 
есеңгірете  соққы  беріп,  сҽлемі  жеткен  Жалаңтҿс  батыр  кҿмекке  келгенше  екі 
тҽулік бойы жауды жерімізге бір қадам аттатпай ұстап тұрған. Ал қазіргі ҿзбектің 
Самарқанынан  бері  қарай  Түркістан  арқылы  екі  жарым  мың  шақырым  жерді  екі 
тҽулікте  алып,  дер  кезінде  жеткен  Жалаңтҿс  батыр  бастаған  бабаларымыздың 
ерлігін немен теңестіруге болады?! Сол жолы бабаларымыздың  шағын ҽскерімен-
ақ,  елу  мың  жоңғар  қалмақтарының  тас-талқанын  шығарған.  Меніңше,  осындай 
теңдесі  жоқ  ерліктің  ҿзегінде  сол  заман  заңдарының  ел-жұртына  етене 
жақындығының,  олардың  соны  бұлжытпай  орындап,  қадірлеп-қастерлей 
білгендігінің,  бүгінгіше  айтсам,  сол  кездегі  қазақ  елінің  құқылы  мемлекет 
болғандығының да кҿрінісі дер едім. Бұл айтқандарымызға, сонымен қатар «Жеті 
Жарғы»  заманында  да  Бҿгенбай,  Қабанбай,  Наурызбай  бастаған  талай  батыр 
бабаларымыздың жоңғар басқыншыларына күйрете соққы берген ұлы ерліктері де 
дҽлел болды.  
Тҿртінші  тарауда-ел  мен  елдің,  ру  мен  рудың  арасындағы  дау-дамайды 
реттеу тҽртібі рҽсімделген. Осылар бір рудың, бір жүздің ішіндегі дауға қарағанда 
ҿте  байсалдылықты,  үлкен  жауапкершілікті,  ҿте  ҿткір  ҽділеттілікті,  туралықты, 
ізгілікті  талап  еткен  даулар  ғой.  Сондықтан  бұл  тарауда  мұндай  дауларды 
парасаттылықпен,  ҽділдікпен,  ҽділдік  болғанда  да  қара  қылды  қақ  жарған  ҽділ 
билікпен шешу жолдары кҿрсетілген. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
85 
Ал,  бесінші  тарауда-ұрлық,  зорлық,  барымтаға  байланысты  ережелер. 
Ұрлық -қорлық, барымта-зорлық дегендер елдің бірлігіне, ынтымағына, тірлігіне 
үлкен нұқсан келтіретін болғандықтан, «Жеті Жарғыда» бұл ережелер ежіктеліп, 
онымен  қалай  күресу  керек,  қандай  алдын  алу  шараларын  ұйымдастырған  жҿн, 
қандай  жауапкершілік,  жаза  кесіп,  тағайындаған  абзал  деген  сияқты  сауалдарға 
жауап беріледі. Міне, бұл тарауда осы мҽселелер егжей – тегжейлі реттелген. 
Алтыншы  тарау  –  құн  дауы.  Жетінші  тарау  –  жесір  дауы.  Бұл  екі  дау  ел 
арасында  бүлік  тудырып,  жұртын  сойыл-шоқпарға  ұмтылдырып,  бас  жарып,  кҿз 
шығаратын  ҽрекеттерге  бастайтын  шым-шытырық  күрделі  даулар  болған  ғой. 
Сондықтан құн дауы да, жесір дауы да «Жеті Жарғыда» ҽбден тҽптіштеліп, билік 
жүргізу рҽсімдеріне дейін мұқият қарастырылған. Мысалы: онда ердің құны-мың 
қой болып бекітілген, тіпті адамның мүшелеріне зақым келтірсе де, соған сҽйкес 
құн  тағайындалған  (бес  бармақ-жүз  қой,  шынашақ-жиырма  қой  ).  Немесе  осы 
тараудағы  мына  бір  бапқа  ой  жүгіртіп  кҿрейікші:  «Біреудің  ҽйелін  күйеуінің 
келісімінсіз  алып  қашқан  адам,  ердің  құнын  тҿлейді.  Егер  ҽйелдің  келісімімен 
ҽкетсе, күйеуіне қалың мал тҿлеп, қосымшасына қалың малсыз қыз беруге тиіс».  
- Сұлтан мен қожаны ҿлтіргендер олардың туыстарына жеті адамның құнын 
тҿлейді.  
- Сотта бір куҽгер еркектің орнына екі куҽгер ҽйел жүреді. 
-  Қыз-келіншекті  зорлау,  алып қашу ҿлім жазасымен теңестіріледі.  Ҿйткені 
ру ынтымағын ыдыратып, қанды қырғынға киліктіретін кҿп дау-дамай осы жесір 
дауынан туындап жататын. 
-  Сұлтанды  немесе  қожаны  тіл  тигізіп,  ренжітуші  тоғыз  мал,  ал  соққыға 
жығушы жиырма жеті мал айып тҿлейді. 
-  Егер  ҽйел  күйеуін  ҿлтірсе,  ол  міндетті  түрде  ҿлтіріледі,  егер  туыстары 
кешірім жасамаса, одан құн тҿлеп құтыла алмайды. Бұл ереже екіқабат ҽйелдерге 
қолданылмайды,  олар  күйеуін  ҿлтіргені  үшін  жазаланбайды;  бірақ  мҽңгілік 
қарғысқа ұшырап, ардан безген деп саналады. Егер күйеуі ҽйелін ҿлтірсе, ол ҿлім 
жазасына құн тҿлеп құтыла алады. 
-  Ата  –  аналарына  ҿз  балаларын  ҿлтіргені  үшін  ешқандай  жаза 
қолданылмайды;  бірақ  некесіз  тапқан  нҽрестесін  ұялғанынан  ҿлтірген  ҽйел  ҿлім 
жазасына кесіледі. 
- Ҿзін - ҿзі ҿлтіруші зираттан оқшау жерге жерленеді.  
-  Егер  ҽйелді  атты  адам  қағып  кетіп,  мертіктірсе  жҽне  одан  ҿлі  бала  туса, 
кінҽліден мынадай есеп бойынша айып алынады: бес айға дейінгі сҽби үшін - ҽрбір 
айға бір жылқы, бес – тоғыз айлық сҽби үшін - ҽрбір айға бір түйе. 
-  Зорлау  кісі  ҿлтірумен  теңестіріледі,  сондықтан  кінҽлі  адам  ҿлім  жазасына 
кесіледі  немесе  ҽйелі  үшін  күйеуіне,  қыз  үшін  туыстарына  құн  тҿлейді;  бірақ  ҿзі 
абыройын тҿккен қызға қосылу жҽне ол үшін қалың мал тҿлеу арқылы қылмыскер 
ҿлім жазасынан да, құн тҿлеуден де құтылдады.  
- Күйеуі ҿз ҽйелін зинақорлық үстінде ұстаса, оны ҿлтіре алады.  
-  Ҽйелге  тіл  тигізуші  одан  кешірім  сұрауға,  ал  бұлай  істеуден  бас  тартқан 
жағдайда қорланғаны үшін құн тҿлеуге міндетті. 
- Қан араластырушылық ҿлім жазасына кесілуі тиіс; бірақ ол отбасыларының 
үкімі бойынша жазалаумен алмастырылады, ҿйткені бұл сияқты қылмыстар бҿгде 
адамдардың қарауына берілмейді. 
- Жеті куҽ ҽшкерленсе, құдайға тіл тигізуші таспен соғып ҿлтірілуге тиіс. 
-  Егер  ҽлдекім  христиан  дініне  кірсе,  туыстары  оның  барлық  опасыздығын 
мойнына алады. 
-  Құлдарын иелерінің тірі қалдыруға да, ҿлтіруге да құқығы шексіз.  Құлдың 
мырзасына шағымы еш жерде қабылданбайды. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
86
 
- Ҽке – шешесіне тіл тигізген немесе ұрған ұлын мойнына құрым киіз байлап, 
қара  сиырға  теріс  қаратып  мінгізеді  де,  ауылды  айналдыра  жүргізіп,  қамшымен 
дүрелейді;  ал  қыздың  қол  –  аяғын  байлап  анасына  ҿз  қалауынша  жазалауға 
беріледі. 
-  Ұрлық  жасағаны  ҽшкерленген  адам  ұрлағаны  үшін  тоғыз  тҿлейді,  ал 
бұлайша  жазалау  айбана  деп  аталады.  Егер  мал  ұрланса,  кінҽлі  адам  түйе  үшін  – 
тұтқын, жылқы үшін – түйе, қой үшін жылқы қосып беруге тиіс. Жүз түйе үш жүз 
жылқыға немесе мың қойға тең. 
-  Кімде  –  кім  ҽрі  ұрлық  жасап,  ҽрі  кісі  ҿлтірсе,  ол  кісі  қылмыс  үшін  де 
жауапқа тартылады. 
-  Күйеуінің  немесе  ҽкесінің  ұрлық  жасағанын  біліп,  оны  айтпаған  ҽйелі  мен 
балалары ешқандай жазаға тартылмайды, ҿйткені отбасындағы үлкеннің сыртынан 
сҿз айтуға болмайды. 
- Ҿлтірілген таза немесе бүркіт үшін иесі құл немесе күң талап ете алады. 
-  Егер  ҽкесінен  бҿлек  тұратын  ұлдың  ҿлгенде  баласы  болмаса,  оның  мал  – 
мүлкі  ҽкесіне  тиесілі.  Жас  балалар  ең  жақын  туыстарының,  ал  егер  туыстары 
болмаса, басқа бір сенімді адамдардың қамқорлығына беріледі. 
- Рухани ҿсиеттер туыстары жҽне молдалар қатысып отырғанда жасалады. 
-  Барымталап  ҽкетілген  малды  қоспағанда,  басқа  ұрланған  мал:  бие,  сиыр 
жҽне  қой  тҿлімен  қосып  ҿндіріліп  алынады;  ал  жасырып  қалған  басқа  малы  жоқ 
екенін дҽлелдеу үшін ұрыдан ант ішу талап етіледі 
- Дауды шешу жҽне кінҽлі адамға үкім шығару ханның ҿзі болмаса, талапкер 
мен  жауапкер  тұратын  ауылдардың  билеушілерінің,  не  ақсақалдарының  қолында 
болып,  істі  қарауға  екі  жақтан  да  сайланған  арада  жүруші  тағы  да  екі  адам 
шақырылуға тиіс. 
- Егер айыпкер билерге күдік келтірсе, олардың ауыстырылуын ҿтіне алады. 
-  Егер  жауапкер  сотқа  келмесе  немесе  алынған  айыпты  тҿлей  алмайтын 
болса, онда ҽлгі құн оның  туыстарынан немесе ауылынан ҿңдіріліп алынады, бұл 
жағдайда  ағайындары  мен  ауыл  тұрғындарына  қылмыскерден  ҿз  шағымын 
қайтарып алуға құқық беріледі. 
-  Қылмысты  дҽлелдеу  үшін  кемінде  екі,  ал  кейде  үш  куҽ  керек.  Куҽлар 
болмаған жағдайда, ант беруді қолдануға болады; бірақ оны ҿздері үшін талапкер 
де, жауапкер де бере алмайды: олар үшін адалдығымен белгілі адамдар ант беруге 
тиісті.  Ал  егер  айыпкер  үшін  ешкім  ант  бермесе,  ол  жауапқа  тартылады. 
Қызметшілер, малайлар мен құлдар сияқты, ҽйел жынысы да куҽ бола алмайды. 
-  Билер  мен  ара  ағайындарға  істі  шешкені  үшін  бүкіл  талап  етіліп 
ҿндірілгенің оннан бірі берілуге тиіс. 
-  Егер  айыпталған  адам  соттың  үкімін  орындамайтын  болса  немесе  ауыл 
басшысы істі қараудан ҽдейі жалтаратын болса, сол арқылы қылмыскерді қорғаса, 
талапкер  ҿз  ақсақалының  рұқсаты  бойынша  барымта  жасауға,  яғни  ҿзінің 
туыстарымен    немесе  ең  жақын  кҿршілерімен  бірге  жауапкердің  ауылына  барып, 
оның  малын  жасырын  түрде  айдап  ҽкетуге  құқық  алады:  бірақ  үйіне  қайтып 
келгеннен  кейін,  ол  барымталығынан  малдың  саны  талапқа  мҿлшерлес  болуы 
үшін, бұл істі қадағалап отырған ҿз басшысына айтуға тиіс. 
-  Мал  мен  мүлікті  ұрлау  қатаң  жазаға  тартылады.  Ұрлығы  ашылған  кісі 
ұрлап  алғанын  тоғыз  есе  етіп  қайтару  керек.  «Тоғыз  айыбы»  мына  мҿлшерде 
белгіленген:  бес  тоғыз  немесе  түйе  бастатқан  тоғыз,  орта  тоғыз  немесе  ат 
бастатқан тоғыз, аяқ тоғыз немесе ҿгіз бастатқан тоғыз.  
- Жеті атадан аспай үйленуге ҿлім  жазасы кесіледі. 
-  Құдайға  тіл  тигізген  кісі  жеті  адамның  куҽлігі  арқылы  анықталса,  таспен 
ұрып ҿлтіріледі. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
87 
 «Жеті  Жарғы»   бойынша арнайы мал-мүлікке таңба белгілейді  жҽне салық 
түрлері (аманаттық салық, ру басыларының борышын тҿлеу, хандық билік, қару -
жарақ)  белгіленеді.  Заңда  құқық  ережелерінің  жеке  салалары  (қылмыстық, 
азаматтық,  басқару)  да  қамтылған.  Сонымен  бірге,  қазақ  қоғамындағы  діннің 
орнын, салық түрлерін, жалпы тұрмыс жағдайын реттеуге бағытталған. 
Тҽуке хан Қазақ хандығының ішкі мҽселелерін шешіп қана қоймай, сыртқы 
саясатында  да  кҿрші  елдермен  бейбіт  байланыс  жасай  отырып,  экономикалық 
қарым-қатынас  орнатады.  Соның  ішінде,  Ресей  елімен  ұзақ  уақытқа  үзілген 
мҽмлегерлік жҽне сауда байланысын жаңартты. Тҽуке хан сонымен қатар, Бұхар, 
Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтауды да естен шығармаған.  
«Жеті Жарғы» бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шоғырлануға тиіс 
болды. Заңдардың жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғарғы судья болған, ол 
қылмысы  жҽне  теріс  қылықтары  үшін  соттап,  жазаға  тартқан,  шағымдарды 
қараған,  салық  салу  тҽртібін  белгілеген.  «Жеті  Жарғы»  тармақтарының  бірінде 
сұлтандар  мен  ру-тайпа  ақсақалдары  арқылы  хандықты  басқару  тҽртібі 
нақтылана  түскен:  «Халық  істері  туралы  пікірлесу  үшін  ханның  ҿзі,  сондай-ақ 
барлық  сұлтандар,  рулардың  ақсақалдары  мен  билеушілері  қазақ  даласының 
ортасындағы бір жерге күз кезінде жиналатын болсын». Бұл орайда олардың бҽрі 
де «халық жиналысына» қару-жарағымен келуге тиіс болады.  
Тҽуке  хан  «Ережесінің»  жалпы  бағыты  -  қазақтың  феодалдық  жоғары 
тобының  артықшылық  жағдайларын,  оның  саяси  үстемдігін  қорғау,  феодалдық 
меншікті жҽне патриархаттық ҽулетте үстем болған тҽртіптерді қорғау, мұсылман 
дінін қолдау.  
 «Жеті  Жарғыны»  жасауға  барлық  қақа  жүздері  ҿкілдерінің  қатысуына 
қарағанда,  онда  тұжырымдалған  құқықтық  нормалар  жиынтығы  бүкіл  Қазақ 
хандығы шегінде қолданылған деп қорытынды жасауға болады. 
Қорыта  келгенде,  Ҽз  Тҽуке  хан  кезінде  Қазақ  мемлекетінің  бүкіл  тыныс  -
тіршілігі  бүгінгі  айтып  жүрген  құқықтық  мемлекеттің  басты  белгісі  -  заңға 
бағындырылғаны байқалады. Осы тұста мемлекеттік институттар: хан кеңесі мен 
билер  кеңесі  ел  басқару  жүйесін  қалыптастырып,  жоғары  басқару  тізгіндерін  ҿз 
қолында  тең  ұстаған.  Ел  басқару  жүйелері  мен  қоғамдық  тҽртіптің  негіздері 
заңдастырылып,  олар  құқықтық  жолмен  жүзеге  асырылатын  болған.  Сонымен 
қатар, «Жеті Жарғыдан» қазақ қоғамына дендеп ене бастаған шариғат заңдары да 
кҿрініс тапқан.  Бабаларымыз  мұсылман  дінінің қағидаларын  халықтың ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  ҽдет-ғұрыптарымен  шебер  үйлестіріп,  қылмыстық,  отбасы 
жҽне  неке  туралы  баптарды  да  негізгі  заңмен  ұштастыра  білген.  Бұл  ұлы 
бабаларымыздың  парасаттылығының,  кҿрегенділігінің  айнасы  іспетті.  «Жеті 
Жарғы» қазақ халқының бүгінгі болмысымен де сабақтасып жатыр.  
«Жеті  атасын  білмейтін  ер-жетесіз,  жеті  ғасыр  тарихын  білмейтін  ел- 
жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын 
аралап,  ұлыларымызды  даралаудамыз.  Ондағы  мақсатымыз  -  ұлыларды  зерттеп, 
олардың мол мұрасын кейінгі келер ұрпаққа аманат ету. 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.Қазақстан  тарихы  (кҿне  заманнан  бүгінге  дейін)  бес  томдық.  ІІ-том. 
Алматы,1998.  
2.Қазақстан .Ұлттық энциклопедия. Алматы,2001.   
3.Жетісу. 21 шілде.2007 жыл . 
4.Ана тілі. 2006 жыл 11 қараша.  
5.Қазақ тарихы.2005 жыл.№ 1.  
6.Қазақ тарихы. 2007 жыл.№ 6. 
 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
88
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл мақалада ХҮІІ ғасырдың аяғы ХҮІІІ ғасырдың басындағы Тҽуке ханның 
билігі  кезіндегі  Қазақ  хандығының  ішкі  жҽне  сыртқы  саясаты,  «Жеті  Жарғы» 
заңының негізгі тармақтары туралы жазылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматриваются  свод  законов  «Жеті  Жарғы»  при 
правлении Тауке хана. 
 
 
 
Каталог: images -> arhiv -> 2010
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Казахский государственный женский педагогический
arhiv -> Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ
2010 -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Химия және биология пән мұҒалімдерінің республикалық І съезіне арналған қҰттықтау хат
arhiv -> Музыка – music әож 78
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
arhiv -> Әок 371. 3 Тiгiн машинасының инесi және оның классификациясы
2010 -> Хабаршысы №4(5), 2010


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет