ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Мұхтаров К.Т – магистрант (Қызылорда қ., Қорқыт Ата атын. ҚМУ)
ХХ ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр
басында тұрғындардың негізі кҿшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл
адамдары ғасыр соңында қала халқы кҿпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай «тар жол – тайғақ кешулерге» душар болды. Бұл қазан
тҿңкерісіне дейінгі жҽне одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға тікелей
байланысты. Патша үкіметінің Қазақстанға шаруалар мен казактарды
қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916жылғы ұлт-азаттық
қозғалысы мен қазан тҿңкерісінен кейінгі «кіші қазан тҿңкерісінің» салдары,
1921-1922 ж.ж, 1931-1933 ж.ж аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысының зардаптары, ҿндірістің ірі «алыптарын» тұрғызу мақсатында
республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың ҽкелінуі,
тың жҽне тыңайған жерлерді игеру, «комсомолдық бауырластық жолдамалар»
нҽтижелері кҿңілді қыңжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз ҽкеліп тіреді
/1,3б/.
Қазақстанның тҽуелсіздік алуымен қатар, отандық тарихтың жаңа беттері
мұрағат қорларындағы жаңа деректермен толығып, жаңаша кҿзқарастар
тұрғысынан қарастырылуда, соның қатарында тарихи демография мҽселесінің
алатын орны бҿлек.
Демографиялық тарихнамада облыс халқының құрамындағы ҿзгерістер
толық зерттеле қойған жоқ. Сондықтан да, облыс тарихын, халық санындағы
ҿзгерістерді, оған ҽсер еткен факторларды зерттеудің маңызы зор, ҽрі ғылыми
сұранысқа ие болып отыр. Қызылорда облысы халқының саны 1999 жылғы санақ
нҽтижесінде 595,5 мың адамды құрады. Оның ішінде аудан орталықтары мен
Қызылорда қаласы халқын қоса есептегенде қала халқы 360,7, ал ауыл халқы
234,8 мың адам. Олардың 297,2 мыңы ер адамдар, 298,3 мыңы ҽйелдер. Ал, 2006
жылғы кҿрсеткіш бойынша облысымызда 618 249 адам ҿмір сүрген. Аудан
орталықтары мен Қызылорда қаласы халқын қоса есептегенде қала халқы 368 118
адамды құрап, ауыл халқы 250 131 адамға жетті. Тұрғындардың 307 912 ерлер,
310 337 ҽйелдер /2, 2б/ Облыстағы тұрғындар саны 2009 жылдың желтоқсанында
ағымдағы деректер бойынша 650,8 мың адамды құрады. 2008 жылдың осы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
203
кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға артты, бұл туғандар санының артуына
ықпал етті,
Жоғарыда кҿрсетілген мҽліметтерден байқайтынымыз облысымыздағы
халықтың жыныстық жіктелуіне байланысты ер адамдар ҽйел адамдарға
қарағанда аз екенін кҿреміз. Бұл жағдайға негізгі себеп: біріншіден туылуы
жағынан ер балалардың саны кҿп болғанымен ҿлім-жітім жағынан жоғары болып
отыр. Мҽселен, 2007 жылы барлық дүниеге келген сҽбилер саны 16 491 болса,
оның ішінде ер балалар 8 521, ал қыз балалар саны 7 970. Ал, қайтыс
болғандарының саны - 4 839, оның ішінде ер балалар - 2 787, қыз балалар - 2 052.
Сонымен бірге ер адам мен ҽйел адам арасындағы орташа ҿмір сүру ұзақтығын,
ер адамдардың ауыр жұмыстарға (мұнай компаниялары, құрылыс т.б) кҿптеп
тартылуынан екендігін ескерген жҿн.
Аудан орталықтары мен қала халқының ауыл халқынан басым болуының
себебі: ауылдық жерлердегі егін, мал шаруашылықтарының, сонымен қатар басқа
да жұмыстардың тоқтауы, ал жұмысы болған жағдайдың ҿзінде жалақының
тҿмендігі, ауыл халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмауы ҽсер етуде.
Қалалық жерлерде құрылыстың қарқындап дамуы, шетелдік компаниялардың
мұнай саласына келіп, ҿндіріс орындарын ашуы ауыл халқының қалаға қоныс
аударуына бірден-бір себеп болып отыр
Қазіргі кездегі отбасын жҽне ондағы процестерді зерттеу тек қана ғылыми-
теориялық сипат емес, сонымен қатар тҽжірибелік мазмұнға ие болып отыр.
Отбасы мҽселесі, неке-отбасылық қатынастың нығаюы қоғамды да, мемлекетті де
ойландырады. Ол адам баласының дүниеге келуімен, оның ҿсіп, қалыптасуын
қамтамасыз етіп отырғандықтан, адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші
факторлардың бірі болып табылады. Отбасы мен неке тағдыры қандай да
болмасын қоғамдық құрылыспен, ондағы ҿндірістік қатынаспен тығыз
байланыста болады да, ҽлеуметтік ҿзгерістер отбасы мен неке сипатына ҽсер етіп,
жаңарып отырады. Мұның ҿзі отбасы мен неке мҽселесінің үлкен қоғамдық
мҽселе екендігін айқындайды.Отбасы жҽне отбасы-некелік қатынас кҿптеген
қоғамдық ғылымдардың этнология, демография, социология, экономика,
педагогика жҽне т.б. зерттеу обьектісі. Қазіргі отбасын анықтауда этнографтар
мен этносоциологтар отбасы құрылымы мен отбасы-тұрмыстық қатынаста
этникалық ерекшеліктің белгілі мҿлшерде сақталатындығына кҿңіл бҿліп отыр
/3,481б/.
Отбасы-қоғамның алғашқы ұясы. Оның негізін неке құрайды. Ал неке
дегеніміз ер адам мен ҽйел адамның арасындағы құрылған одақ, материалдық
жҽне рухани қажеттілік. Неке тірегінің берік болуына жұбайлардың арасындағы
түсіністік, психологиялық сҽйкестік, яғни бір сҿзбен айтқанда ішкі отбасылық
факторлар ҽсер етеді. 1999 жылы облысымызда некеге тұрғандар саны 3 867
болса, ал некелік одақтары бұзылып, яғни ажырасқандар саны 732 болды. 2007
жылы отбасы құрғандар саны 5 749-ға жетсе, ал ажырасқан отбасы 939-ға
жетті.2008 жылы отбасы құрғандар саны 5 111 болса, ал ажырасқан отбасы 809
болды. Ал 2009 жылы отбасы құрғандар саны 5 259 болса, ажырасқан отбасы 1029
болды. Некелердің бұзылуына негізгі себепші болатын тҿмендегідей жағдайлар
мыналар: ҽлеуметтік жағдайдың қиындығы, яғни жұмыссыздық, жалақының
отбасы мүшелерін қамтамасыз етуге жетпеуі. Сонымен қатар отбасы құрған екі
жастың бір-бірін жете танысып барып, шешім қабылдамауы, яғни аяқ асты
некелесу. Статистикалық зерттеулерге қарағанда үйленгеннен кейін 2-3 жыл
аралығында ажырасу саны кҿбейеді. Дегенмен, облыстармен салыстырмалы түрде
біздің аймақта некелік қатынсатарды бұзу жағдайының аздығы бізді қуантады.
Қазіргі жанұялардың берік болуының негізгі себебі, облысымыздағы қаймағы
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
204
бұзылмаған қазақи ортаның, қазақы салт- дҽстүрдің, ҽдет-ғұрыптың сақталуы мен
қайта жаңғыруы екені шындық.
Кҿші – қон адамзат тарихының ҿн бойында жүріп отырып, қоғамның
ҽлеуметтік-экономикалық жҽне саяси даму барысында ҿзіндік орын алады.
Адамдардың кҿші-қоны мен олардың орналасуының шыққан жҽне барған
жерлеріндегі этодемографиялық процестердің дамуына ҽсері зор. Кҿші-қон деп
халықтың барлық ҽлеуметтік мҽнді орын ауыстыруларын, территориялық
жылжуларын айтамыз. Халықтың қолайлы кҿші-қоны экономикалық жҽне
ҽлеуметтік қозғалысының міндетті шарты болып табылады /1,73б/ 2007 жылы
7646 адам аймағымызға келсе, 12 136 адам облысымыздан кҿшіп кеткен.2009
жылы облысымызға барлығы 8299 адам келсе, 10377 адам қоныс аударған.Оның
ішінде сыртқы кҿші-қон бойынша 341адам келсе 366адам сыртқа қоныс аударған,
ішкі кҿші-қон бойынша 3473 тұрғын ҿңірімізге келсе, 5526 адам кеткен /4.8-9б/.
Тарихшы, демографтардың пайымдауынша тҽуелсіздік алған он - он бес
жыл .ішінде облысымызда тұруға тиіс 300 мыңдай адам сыртқа кҿшіп кеткен /5/.
2009 жылдың қаңтар қарашасында табиғи ҿсім 11 991 адамды құраған, ал 2008
жылдың қаңтар қарашасында 12 167 адам болған. Облыс бойынша ҿлім
кҿрсеткіші – 4 292 адам (2008ж. қаңтар қарашасында 4 326 адам) бұл ҿткен
жылмен салыстырғанда 34 адамға кеміген. Ал жалпы ҿлім кҿрсеткішінің
коэффициенті ҽрбір мың тұрғынға шаққанда 7,37 ден 7,13 ке дейін кеміген /4.8 б/
Халықтық ҿлімінің негізгі себептері ішінде ең үлкен меншікті салмаққа қан
айналымы жүйесі аурулары (45,2%) ие болып отыр.
Қорыта келгенде, мҽселен облысымызда 1979 жылы ауылдағы жанұялардың 46
пайызының ҽрбірінде 7-ден артық адам болған. 1999 жылғы есеп бойынша
ауылдық жерлердегі 7адамнан артық жаны бар отбасы 33 пайызды құраған /5/.
Белгілі демограф – ғалым Мақаш Тҽтімовтің пікірінше «тағы да аналарымызға
қарапайым тілмен айтқанда бірінші бала, егер ол ұл бала болса, ҽкесінің
орнын,екінші бала, егер ол қыз бала болса, шешесінің орнын ғана басады. Ал,
үшінші бала халықта болып жатқан ҽртүрлі шығындардың орнын толтырады,
яғни, үшінші баланы ҽйелдер құрбандық үшін туады. Бұл үш баладан халықтың
саны не ҿспейді, не кемімейді, тек тҿртінші бала ғана халықтың ҿсіміне бір ақ сан
қосады. Сондықтан тҿртінші перзентті қазақ ҽйелі ұлт үшін ҿмірге алып келуі
қажет.
ҼДЕБИЕТТЕР
1. Асылбеков.М,Құдайбергенова.А Қазақстан халқының ҽлеуметтік-
демографиялық жағдайы (1939-1959 жж). Алматы 2005 159 б.
2. О демографической ситуаций в Кызылординской области. Қызылорда
облысының статистика басқармасы. Қызылорда, 2004. 19 б.
3. Қ.Б.Баудиярова Қазақстан жалпы адамзаттық тарихи ойлау аясында.
Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. Алматы, 2005.
4. Қызылорда облысының ҽлеуметтік – экономикалық дамуы. Қызылорда
облысының статистика басқарамасы. Қызылорда, 2010.
5. Оразбақов А.Ж. Аналарымыз жасанды түсік жасатудан аулақ болса екен.
//Ақмешіт апталығы 2009 жыл 15-сҽуір.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Қызылорда облысы тұрғындарының ҽлеуметтік-демографиялық
ахуалі қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассмотривается социально-демографическое положение Кзыл-
ординской области на современном этапе.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
205
САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ НАУҚАНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ
АҒАРТУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Сахимова А.М – магистрант (Қызылорда қ., Қорқыт Ата атын.ҚМУ)
Патшалық Ресейдің отарлауынан құтылып, большевиктер үкімет басына
келген кезде қазақ қоғамы мен халқының саяси жағынан белсенді жұмыстары
негізінен Ташкент пен Омбы қалаларында, сонан соң Орынбор мен Қызылордада
ҿткені бҽрімізге белгілі. Қазіргі кезеңде бұл шеткері жатқан қалалардың мұрағат
құжаттары аз зерттелген. Ҽсіресе Қазақ халық ағарту институты жайында жҽне де
сауатсыздықты жою туралы мұрағат парақтары жарыққа шықпай отыр. Мҽдени
құрылыс атауына ие болған бұл құрылыстың бір тармағы республикамыздағы
сауатсыздықты жою болып табылады./1/
Кеңес ҿкіметі орнатылғаннан кейін, нақтыласақ 1920 жылы РКФСР ХКК-нің
шешіміне орай Ҿлкелік Халық ағарту бҿлімдерінің жанынан сауатсыздардың
есебін алуды ұйымдастырумен, педагог мамандарды даярлаумен, курстар мен
мектептерді ашумен, оқу құралдарын басып шығару мен шұғылданатын
сауатсыздық жҿнінде комиссиялар құрылды.
1924 жылдың қаңтар айында Қазақстанда "Сауатсыздық жойылсын"
ұйымын құру жҿнінде жұмыстар жүргізілді. Осы жылдың 17 ақпанында ҿткен
алғашқы ұйымдастырушылық жиналыста Қазақстандағы сауатсыздықты жою
ұйымы (СЖҰ) рҽсімделді. Олардың негізгі мақсаты сауатсыздықты жою
болғанымен олар жергілікті жерлерде жұмысшы, шаруа, малшылар қатарын
социалистік құрылысқа тартумен жҽне сауатсыз село халқын бар күш жігері мен
қаражаттарын қоғамдық іске жұмсауға үйрету сияқты коммунистік идеологияның
принциптерін насихаттаумен де айналысты./2, 113 б/
Қазақ халық ағарту институты сауатсыздықты жоюға айтарлықтай үлес
қосты. Институт Орынборда 1919 жылы ашылған. Орынборда ашылған институт
алғашқыда Қырғыз халық ағарту институты деп аталды. Тарихы 1919 жылы
басталатын бұл институтта қазақ мектептеріне мұғалімдер даярлаған.1921
жылдың ҿзінде 140 оқушы оқыған. Оқу жоспары бойынша институтта сабақ тек
қазақ тілінде жүргізілді.Институт оқушылары мен студенттері елде
сауатсыздықты жою ісіне белсене араласты./3, 433 б/
Ең алдымен хат танытудан басталған жұмыс 1925 жылы шақырылған Қазақ
АКСР Кеңестерінің Ү съезінің негізгі құжатының бірі Қырғыз халқының тарихи
дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің Бүкіл Қазақтық Ү съезі
"бұдан былайғы жерде "киргиз" деген атау "қазақ" деп аталсын" деп қаулы
қабылданды.
Сонымен
бірге
съезд
"Киргиз
Республикасын"
"Қазақ
Республикасы" деп атауға,ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға
қаулы алды./4/ Осы съездің күн тҽртібінде халық ағарту ісі де қаралды. Қазақ
АКСР-нің астанасы болған Қызылорда қаласына 1925 жылы Орынбордан Қазақ
ағарту институты (КазИнПрос) кҿшірілді.1924-1925 жылдары Сырдария
облысының Ақмешіт халық ағарту бҿлімі, 1925-1927 жылдары Сырдария
губерниясы Қызылорда уездік-қалалық халық ағарту бҿлімі жұмыс істеді.1927
жылы Кеңес үкіметінің 10 жылдығында мектептер саны облыс кҿлемімен
есептегенде 149-ға жетіп, ондағы оқушылар саны 12495 болған.
1927 жылы 29 мамырында БК(Б)П Орталық Комитеті қабылдаған
сауатсыздықты жою туралы қаулы "Сауатсыздықты жоюдың мұнан былайғы
жұмысына батыл ҿзгеріс жасау", бұл жұмысты "бірыңғай жоспар, күштер мен
қаражатты біріктіру, сауатсыздықты жоюға қатысатын барлық ұйымдарға кең
ықтияр беру негізінде" жүргізу қажеттілігі кҿрсетілді /5, 13-17 б/Т
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
206
Кеңестік биліктің алғашқы жылдарында ағарту саласына зор үлес қосқан
қазақ зиялыларының қатарында Сҽкен Сейфуллин болды. Ол 1925 жылы 7 сҽуірде
Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылым орталығының тҿрағасы, 12
шілдеде қазақтың пролетар жазушылары ассоциациасының басшысы болып
тағайындалады. Сҽкен Сейфуллин 1926 жылы БКП Ҿлкелік комитетінің партия
тарихы бҿлімінің меңгерушісі, 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту
институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогика институтының директоры болып
жұмыс істеді жҽне,1925-1928 жылдар аралығында дҽрістер оқып, сабақ берген.
Сҽкен- Қазақ Кеңес ағарту жұмысының қарыштап дамуына үлкен роль атқарған
жаңашыл азамат. Оның поэзиясы- Абай мен Сұлтанмахмұт Торайғыров
шығармашылығының заңды жалғасы бола тұрса да, идеялық-шығармашылық
принципі жағынан айрықша ерекшелігі бар үлкен дүние. Сҽкен шығармаларының
идеялық нысанасы жаңа дҽуірдің, кеңестік заманның кҿкейкесті мҽселелерімен
тығыз ұштасып жатты.Сҽкен шығармашылығын сҿз еткенде, ерекше назар
аударатын мҽселе – оның замана бейнесін жасауы жҽне де ҿз білімімен жас
ұрпақтың сауатын ашуы болды. Тҽжірибелі педагогтар, республикада жұмысын
ұйымдастырушы қайраткерлер – С.Меңдешев, Т.Жүргенов, Қ.Жұбанов,
М.Жолдыбаев т.б.институтта дҽріс берді./6/
Осы жылдары мектеп жасындағы балалардың оқуға жалпы қамтылуы 83,6
пайыз болса, оның ішінде қазақтардың жалпы үлесі 45 пайызды құрады. Жоғары
мектептерде оқитын қазақтардың санына келсек, ол тіптен тҿмен деңгейде
болатын. Жоғары мектептерде оқығандар жҽне оның ішіндегі қазақтар туралы
мҽлімет тҿмендегідей:
Жылдары
Жоғары
тұрғыдағы
мектеп
оқушылары
Оның ішіндегі қазақтар
1928-1929жж
30560
мҽлімет жоқ
1929-1930жж
36000
мҽлімет жоқ
1930-1931жж
39161
4521
1931-1932жж
50720
6020
0
10000
20000
30000
40000
50000
60000
1928-
1929жж
1929-
1930жж
1930-
1931жж
1931-
1932жж
Жоғары тұрғыдағы
мектеп оқушылары
Оның ішіндегі
қазақтар
Осы статистикалық мҽліметтер 1930-1931 оқу жылындағы қазақтардың бұл
мектептерге оқуға қамтылуы біршама жақсарған. Мысалы: 1928-1929 оқу
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
207
жылында 14 педагогтық техникумда оқыған 2198 оқушының 1363-і қазақ болса,
1931-1932 оқу жылында 29 педтехникумның 5816 оқушысының 3978-і қазақ
болды.
Кеңестік жүйе жағдайында орыс тілінен хабары шамалы бұқараны "таптық"
жҽне "большевиктік" рухта тҽрбиелеу басты назарға алынды. Оның құралы –
жергілікті ұлт тіліндегі басылымдарды жҽне ҽдебиеттерді кҿбейту ауадай қажет
болды. Мұны Кеңес ҿкіметінің алғашқы онжылдығында қазақ тілінде жарық
кҿрген жалпы ҽдебиеттерді басып шығару сипатынан байқауға болады:
Жылдар
1925жыл
1926жыл
1927жыл
1928жыл
1929жыл
Қазақша
ҽдебиеттердің
алатын саны
46
56
49
127
127
Таралымы
(мың)
408.000
434.000
420.400
1.054.500
1.412,7
Қазақстан үкіметі де, орталықтағылар да республикадағы білім беру ісін
қаржыландыруға ұмтылмады. Қазақстан халыққа білім беру ісіне жұмсалатын
шығын жҿнінен басқа Кеңестік республикалардан бҽрінен тҿменгі орында болды.
Халыққа – білім беру ісінде 1927 жылы жан басына шаққанда жұмсалған шығын
Қазақстанда небҽрі 1 сом 35 тиын болса, ал бұл кҿрсеткіш РКФСР-да 2 сом 61
тиын, Түркменстанда – 3 сом 88 тиын, Бурятияда – 4 сом 24 тиын, Закавказье
Федеративтік Республикасында – 5 сом 26 тиын болды. Бұл мҽселеге мҽн бергісі
келмеген Ф.Голощекин, 1927 жылғы ҮІ Бүкілқазақтық партия конференциясында
"менің ҿзім ҽрқашан аударып отырған халыққа білім беру бюджеті үш жыл ішінде
ҿсіп кетті...", - деп біржақты мақтанды.
1929 жылдың 25 шілдесінде "Жаңа қазақ орфографиясын бекіту туралы"
қаулы жарық кҿрді. Жаңа қазақ орфографиясы Халық ағарту Комиссариатының
Қызылордада
1929
жылдың
2-4
маусымында
ҿткізілген
ғылыми
конференциясында қабылданып, ал 20 шілдеде Орталық Атқару Комитеті оны
бекітті./7, 29 б/
Сауат ашу науқанының тағы бір осал тұсы оқулықтардың жетіспеуі еді.
Ресми мҽлімет бойынша 1928 жылы қазақ тілінде 22 оқулық атауы (жалпы данасы
732.000) бар болатын. Жаңа ҽріпке сҽйкес келетін жаңа оқулықтар дайындау
қажет бола бастады. Қазақ тілінде оқулықтарды жазуға даярлығы бар топ Алаш
қозғалысының қайраткерлері еді. Бірақ та алаш қайраткерлерін жазықсыз 1928-
1929 жылдары жаппай тұтқындалып, жер аударылды. Сол қазақ зиялыларының
бірі ҽйгілі ғалым-теоретик, эстетик сыншы Ахмет Байтұрсынов болатын. Оның
жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы "Ҽдебиет танытқыш" ("Теория
словестности") деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып
кеткен соң, бұл еңбек кҿпшілік арасына мол тарап үлгермеді.Бірақ қазақтың
ұлттық ҽдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты
терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған./8, 30 б/
―Ҽдебиет танытқыш‖ кітабындағы термин, ұғым, категория ҽдеби тілімізге,
ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау
жүйемізді ҽлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін
кҿрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ ҽдебиеттану ғылымының
негізін салған, тұңғыш ҽдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау
шындық алдындағы қиянат болар еді Ахмет Байтұрсыновтың ҽдеби-ғылыми
мұрасының ішіндегі ең кҿлемді жҽне айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі –
―Ҽдебиет танытқыш‖. Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дҽлді
зерттеліп, ҽділ бағасын ҽлі алған жоқ./9/ Қазақ тіліндегі ҽдебиеттер Ташкентте,
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
208
сондай-ақ, 1925-1929 жылдары Қызылорда астана болып тұрған кезде кҿптеп
шығарылған. Мысалы, қомақтысы Сҽкен Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу"
романын айтуға болады.1930 жылдары республикада педагогтар мен мұғалімдер
даярлайтын институттар кҿбейді. Соған байланысты 1933 жылы 15 қазанда Қазақ
халық ағарту институты қызметін тоқтатты.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.Самрат Ж.Қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орны біз айтып жүргеннен ҽлдеқайда
ертерек ашылыпты.// Егемен Қазақстан, 2010жыл, 1 қаңтар, №1.
2.Сайлан Б.С. Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою
науқанына қатысуы.//Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Хабаршысы-2008.№1.
3."Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы/Қазақ халық ағарту институты.
Алматы.,2003.
4.Қалиев Ы., Шілдебаев Е.Дария жағасындағы қала.//Оқу ордалары. Алматы;
1980.
5.Ақпанов Қ.А., Нұрғалиев Н.С. Қызылорда - халық ағарту мекені// Қорқыт Ата
атындағы ҚМУ Хабаршысы–2006.№ 2.
6.Интернет. http: //www.google.kz/. Сҽкен Сейфуллин.
7.Омарбеков Т. Мҽдени құрылыс тарихы: тапшыл кҿзқарас сабақтары..// Ақиқат,
1996. № 3.
8.Омарбеков Т. Сауатсыздықты жою: науқаншылақ жҽне оның .//Ақиқат, 1996.
№2.
9. http: //www.google.kz/. Ахмет Байтұрсынұлы – бес арыстың бірі.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада 1930 жылдардағы сауатсыздықты жою науқаны мен халық ағарту
саласындағы атқарылған ісшаралар қамтылған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвещена ликвидации неграмотности население Казахстана и
образованию Института просвещение.
Достарыңызбен бөлісу: |