Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

 
 
ХІ-ХҮ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ВИЗАНТИЯ МӘДЕНИЕТІ 
 
Айтбай Р.Т.-т.ғ.к.доцент м.а.(Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Византия  тарихы  ҿзіндік  даму  жолы  жҽне  жоғарғы  мҽдениетімен  орта 
ғасырлар  тарихында  ерекше  орын  алады.  Оның  мыңжылдық  тарихы  ішкі 
тҿңерісті оқиғаларға, кҿршілерімен шексіз соғыстарға, Еуропа жҽне Таяу Шығыс 
елдерінің кҿпшілігімен саяси, экономикалық, мҽдени байланыстарға толы болды. 
Византия  тарихының  ҽрбір  кезеңінің  ҿзіндік  ерекшелігі,  бет-бейнесі  бар. 
Комниндік кезең уақытша болса да Византияның гүлденуімен , дұрыс жүргізілген 
сыртқы саясатымен ерекшеленеді.  
ХІ  ғасыр  Византия  мҽдениетінің  тарихында  Македон  ҽулетінен  Комниндер 
кезеңіне  ҿтудегі  ―ӛтпелі  кезең.  Бұл  уақытта  кҿптеген  атақты  Византия 
тарихшыларының  қызмет  жасап,  шығармаларының  дүниеге  келген  кезең. 
Солардың арасынан Михаил Пселлді атауға болады. Ол тарихшы ретінде Византия 
тарихнамасында  жоғарғы  орын  алатын  ―Хронография‖  деген  шығармасын 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
60
 
жазды.‖ Хронаграфия‖ Византия тарихының 976-1075 жылдар аралығын қамтиды. 
Лев  Диаконның  ―Тарихы‖  жалғастыра  отырып,  ҮІІ  Михаил  билік  құрған 
кезеңімен  аяқталады.  Ішкі  құрылымы  жағынан  туынды  екі  бҿлімнен  тұрады. 
Оның біріншісі ҿз кезегінде жетіге бҿлінеді, сҿйтіп І Исаак Комниннің тарихымен 
аяқталады.  Екінші  бҿлім  тұтас  күйінде  ҮІІІ  Константин  басқарған  кезеңдерін 
қамтып, жазба деректерге сүйене отырып жазылған. 
―Хронографияда‖  орталық  орынды  автордың  бейнесі  алады.  Пселл  тарихи 
оқиғалармен  баяндалған  ҿмірбаянын  жасаған.  Ол  Константинополь  қаласында 
шенеуніктің  жанұясында  дүниеге  келіп,  бес  жасында  мектепке  барған.  Қажетті 
ғылыми  курсты  бітіріп,  ғалым  ҽдебиет  қайраткері  жҽне  мемлекеттік  қызметкер 
ретінде  қалыптасты.  Ү  Михаил  кезінде  сарайда  император  хатшысы,  ІХ 
Константин  Мономахтың  уақытында  императордың  кеңесшісі  болды.  Ҿз 
еңбегінде ҿзіне жоғары баға береді.  
Пселлдің  тарихилығы  –  басқа  орта  ғасырлық  авторлармен  ұқсас.  Ол 
дүниежүзілік  оқиғалардың  себеп-салдарын  айқындауда,  алдын-ала  құдай  шешіп 
қойды деген бағытты жақтайды. Жалпы Пселлдің еңбегі мемуралық сипат алады. 
Оның баяндауының тағы бір ерекшелігі тарихи құбылыс пен жеке кейіпкер ҿзара 
бірлікте  дамиды,  ҿзара  тығыз  байланысты.  Пселл  қайта  ҿркендеу  кезеңінің 
алдында  тұрды.  Ол  орта  ғасырлық  тақуалықтан  гҿрі,  жеке  адамның  ҿмірлік 
белсенділігін  қолдады.  Уақытты  ол  ғылымды  оқып-үйренудегі  прогресс  деп 
есептеді. Сондықтан да оның Византия тарихнамасында алатын орны ерекше/ 
М.Пселлдың  жолын  қуушы,  ҽрі  ізбасары  Иоанн  Итал  (1025)  Византияның 
философиялық-діндарлық  ой-пікірдің  дамуындағы  ерекше  тұлға.  Ол  бірінші 
болып теологиялық  мҽселелерді  сана тұрғысынан түсіндіріп, бедел мен дҽстүрге 
негізделген нанымға сана мен логика принциптерін қарсы қойды. 
Византия  тарихнамасында  Пселлге  ұқсас  орын  алатын  ғалымдардың  бірі 
Михаил  Атталиат  (1030/35-1085/1100).  Оның  ҿмірі  де  астанада  ҿтті,  сот 
қызметімен  айналысты,  сарайға  жақын  топтарға  жатты.  Оның  ―Тарих‖  деп 
аталған шығармасы 1034 жылдан 1079-80 жылдар аралығын қамтиды. Егер Пселл 
Константинополь  қаласы,  сарай  тҿңкерістері,  билеушілері  тарихын  қарастырса, 
Атталиат  империяның  шет  аймақтарындағы  саяси  оқиғалар,  шығыс  облыстар- 
Каппадокия,  Киликия,  Арменияның  ерекшеліктеріне  байланысты  жазды. 
Сонымен бірге ―Тарихта‖ ҽскери мҽселелерге – стратегия, тактика, қолбасшылық 
ҿнерге  кҿп  кҿңіл  бҿлінген  .  Атталиат  еңбегінде  Византия  қоғамының  ҽр  түрлі 
топтары  туралы  да  мҽліметтер  бар.  Текті  топтарды  мадақтаумен  қатар,  қала 
тұрғындарына кҿп кҿңіл бҿледі 
Византияда  Комниндер  ҽулеті  билеген  кезеңде  мҽдениет,  оқу-ағарту,  ҿнер 
жҽне  ҽдебиет  қайта  ҿрлеу  жағдайында  болды.  Антикалық  мұраға  терең 
қызығушылық  қайта  жанданды.  Бұл  кезеңде  білімділіктің  орталығы  ғылым  мен 
білімнің  орталығы  болған  Константинопольдегі  мектептермен  қатар  ҽдеби-
философиялық  мектептер  болды.  Ҽйгілі  үйірмешілер  Анна  Комниннаның  жҽне 
Ирина Дукенаның үйірмелері еді. 
Бұл  дҽуірдің  кҿрнекті  туындылардың  бірі  ХІ-ХІІ  ғ.ғ.  Византияның  саяси 
ҿмірінің белсенді мүшесі Никифор Вриеннияның тарихи еңбегі еді. Ол ханшайым 
Анна  Комнинаның  күйеуі  болатын.  Никифор  Вриенния  ҿз  еңбегін  ―Тарихи 
материал‖  деп  атап  ,  1070  жылдан  1079  жылға  дейінгі  оқиғаларды  қарастыруды 
ҿзінің  бұл  еңбекті  жазудағы  басты  мақсаты  Алексей  Комниннің  билік  құрған 
кезеңі мен қызметі жайлы мҽліметтер беру екендігін айтады. Бұл шығарма Иоанн 
ІІ  Комнин  кезінде  аяқталды.  Туындының  құрылымының  ерекшелігі,  ол 
хронологиялық  жағынан  емес,  географиялық-топографиялық  принцип  бойынша 
құрылғандығында.  Ҽскери  жорықтар,  ҿте  қызғылықты,  толық  баяндалған. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
61 
Алексей  Комниннің  жастық  кезіне  тоқталады.  Жалпы  Алексей  Комнин-сұлу, 
текті, даңқты болып кҿрсетіліп, оның батырлық бейнесі жасалған . 
Алексей  Комнинге  арналған  үлкен  еңбек  оның  қызы  Анна  Комнинаның 
(1083-1155)  жазған  «  Алексиада»  деп  аталатын  туындысы..  Шығарма  14  жасар 
Алексейдің  ІҮ  Роман  кезінде  жасаған  қызметімен  басталып,  1118  жылғы  оның 
ҿлімімен  аяқталады.  Жалпы  алғанда  Анна  Комнина  Византия  тарихнамасында 
жҽне  ҽдебиет  тарихында  айрықша  орын  алады.  Оның  білімділігі,  саясатшы 
ретіндегі  белсенділігі,  мҽліметтерінің  дҽлдігі  Анна  Комнинаның  шығармасын 
Византияның тарихи ой-пікірінің атақты ескерткіштерінің бірі етеді. 
Осы  кезеңде  Византия  тарихнамасында  мемуарлық  сипаттағы  тарихи 
шығармалар  да  болды.  Евстафий  Солунский  1185  ж.нормандардың  Солуниді 
жаулап  алуы  туралы  еңбегі  осы  бағытта  жазылған.  Ал,  Никита  Хониат  бұл 
дҽстүрді  одан  ҽрі  жалғастырды.  Оның  туындысында  І  Иоанн  Мануил  жҽне 
Андронник  Комниндердің,  Ангелдер  ҽулеттері  билік  құрған  кезеңдер  оқиғалары 
айтылады.  Кресшілердің  Византияға  жорығы,  Константинопольдің  құлауы 
кҿрсетілген.  Оның  «Ромейлер  тарихы»  І-Ү  крест  жорығы,  кресшілердің 
Константинопольді алуы туралы құнды деректерге толы тарихи еңбек қана емес, 
сондай-ақ ҿте тартымды ҽдеби шығарма. 
ХІІ  ғасырда  Византияда  кейінгі  антикалық  романның  ескі  ҽдеби  жанры 
қайта ҿмірге келді. Бұл жандану кҿрнекті ақын Феодор Продромның (1100-1170 ) 
атымен байланысты. Оның «Катамиомахия »(Мысықтар мен тышқандар соғысы) 
деген сатирасында сол кездегі қоғамның кемшіліктері күлкі-мазақ етіледі. 
Роман жанрына сондай-ақ Евматий Макреволиттың «Исминий мен Исмина » 
деген  прозаикалық  повесі,  Никита  Евгенианның  «Дросилла  мен  Харикл», 
Константин  Манассидің  «Аристандр  мен  Каллитея  »деген  ҿлеңмен  жазылған 
романдары жатады. 
Орта  ғасырдың  мҽдениеті  тарихында  Византия  ҿнері  кҿрнекті  орын  алады. 
Византиялық  шеберлер  эллинистік  ҿнер  мен  империяны  мекендеген  халықтар 
ҿнерін  қабылдай  отырып,  осылардың  негізінен  ҿздеріне  тҽн  кҿркем  стилін 
жасады. Византия бейнелеу ҿнерінде басым түр қабырғаға салынған мозаика мен 
фреска  болды.  ХІ-ХІІ  ғасырларда  Византия  бейнелеу  ҿнерінде  құрғақ  сызық, 
шартты  салтанатты  стилендіру  орын  алды.  Ҽулиелердің  бейнелері  тым  қатыгез 
аскеттік  бейнеде  салынып,  тым  қоңырқай  бояулармен  боялды.  ХІІ  ғ.кірпіштен 
салынған  оюлар  Грекияда,  Болгарияда,  Сербияда  кеңінен  тарады.  ХІ-ХІІ 
ғғ.византияның  шеберлері  Венециядағы  ҽулие  Марк  соборын  ҽшекейледі, 
Сербиядағы  храмдарды  безендіруге  қатысты.  Бұл  кезеңдегі  мҽдениет  ақсүйектік 
сипат  алды.  Византия  университеті  қалпына  келтірілді.  Оның  екі  факультеті-
философия жҽне заң болды. Осы кезеңде шіркеу философия пҽндеріне бақылауды 
күшейте түсті. Сонымен бірге діни мектептер болды, оларла дін ілімі оқытылды. 
Кітап минатюрасы дамыды. 
ХІҮ-ХҮ  ғ.ғ.  Византияда  философия  мен  ғылымда,  ҽлеуметтік  жҽне  идеялық 
жағынан Батыс Еуропа гуманизіміне жақын жаңа бағыт кеңінен тарай бастады. Бұл 
бағыт  ХҮ  ғасырлардағы  ғалым,  философ  жҽне  саяси  қайраткерлер  Мануил 
Хрисолор,  Георги  Гемист,  Плифон  жҽне  Виссарион  Никейскийдің  еңбектерінен 
айқын кҿрінеді. Адамның рухани ҿміріне зер салу, индивидуализмді мадақтау, антик 
мҽдениетіне бас ию - осы ғалымдарға тҽн кҿзқарастар еді. Олардың батыс еуропалық 
гуманизммнен тығыз байланысты болған. 
Византия  философиясында  ХІІ  ғасырда  материалистік  тенденция  күшейіп, 
Демокрит  пен  Эпикурдың  материалистік  философиясына  қайтадан  назар  аударыла 
бастады.  Бүкіл  ҽлемді  жҽне  адам  ҿмірін  басқаратын  құдай  емес  тағдыр  деп 
есептейтін Эпикурды қолдаушыларды сол кездегі дін ғылымдары қатты сынға алды. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
62
 
Византия  империсының  соңғы  ғасырларында  реакциялық-мистикалық  жҽне 
рационалистік бағыттағылар арасындағы күрес күшейіп кетті. Мистикалық бағытты 
діни  ғалым  Георгий  Палама  (1297-1366)  басқарды.  Палама  ілімінің  негізгі 
идеясы,шоқыну  кезінде  мистикалық  шапағаттану  арқылы  адамның  күдіретпен 
бірігіп  кетуі  болды.  Паламаның  мистикасына  қарсы  күресті  қызу  жүргіе  бастаған 
калабрийлік  ғалым  гуманист  Варлаам  болатын.  Варлаам  ақыл-ой  діннен  басым,  ол 
бұрын  пайда  болды  деген  пікірді  жақтады.  Шіркеу  Паламаны  жақтап,  Варламды 
қуғынғы ұшыратты. 
ХІҮ-ХҮ  ғғ.ғылымда,  философия  мен  ҽдебиетте  гумманизмге  ҽлеуметтік  жҽне 
рухани  тұрғыдан  туыстас  жаңа  бағыт  қалыптасты.  Гуманистік  бағыт  ҽсіресе  ХҮ 
ғ.кҿрнекті  ойшыл  Мануил  Хрисолор  мен  философ-неоплатоник  Георгий  Гемист 
Плифонның  еңбектерінде  ерекше  кҿрініс  тапты.  ХҮ  ғасырдағы  византиялық 
гуманистерге  тҽн  сипаттар-антика  мҽдениетіне  деген  ыстық  ықылас,  сана  алдында 
бас  июшілік,  адам  тұлғасына  кҿңіл  бҿлушілік  жҽне  ҿмір  сүріп  тұрған  ҽлеуметтік-
экономиялық құрылысты қайта құруға деген ұмтылыс болды. 
Бұл  кездегі  халықтық  шығармашылыққа  тұрмыстық  тақырыпқа  арналған 
сатиралық мысқыл жанры кеңінен тарады. Ҽсіресе «Жануарлар туралы эпос» деген 
шығарма ерекше табысқа ие болды. ХІҮ ғасырдың басында византиялық феодалдық 
қоғамның  мінез-құлқын  мазақ  еткен  құстар  ҿмірі  туралы  («Пулолог»)  сатиралық 
повесть  кеңінен  танымал  болды.  Халықтық  мысқылдар  демократиялық  сипатта 
дамыды.  Мысалы  «Тҿрт  аяқтылар  туралы  ҿсиетті  повесть»  деген  мысқылда 
жыртқыш  хайуандардың  бейбіт  аңдарды  зҽбірлегені,  сүйтіп  олардың  ашуызысын 
туғызғандығы,  ақырында  бейбіт  аңдардың  қорлыққа  шыдай  алмай  кҿтеріліске 
шығып,  жыртқыш  хайуандарды  қырып  салғандығы  туралы  айтылады.  Бұл  мысқыл 
халықтың қанаушыларға қарсы белсенді күреске ұмтылысын бейнелейді. Бұл кезден 
сондай-ақ  біраз  лирикалық  шығармалар  да  сақталған.  Олардың  ең  таңдаулы  үлгісі 
«Родостың махаббат ҿлеңдері» (ХІҮ-ХҮғғ.). 
Византия бейнелеу ҿнері тек ХІҮ ғасыр мен ХҮ ғасырдың бірінші жартысында 
тамаша  гүлденген  ―Палеологтың  қайта  ҿркендеу‖  дҽуірін  басынан  ҿткізді.  Осы 
гүлдену  сол  кездегі  Византия  мҽдениетінде  гуманистік  тенденциялардың  ҿріс 
алуымен байланысты болды. Бұл суретшілердің шіркеу ҿнері белгілеп берген ереже 
шеңберінен  шығып,  дерексіз  бейнелеу  орнына,  тірі  адамды  бейнелеп,  оның 
басындағы  құштарлықты,  қуанышты,  қайға-мұңды  бейнелеуінен  кҿрінеді. 
Константинопольдегі  Хора  монастырына  жасалған  мозайкалар  мен  фрескалар  сол 
заманның  тамаша  мұрасы  болып  табылады.  Алайда,  адамның  жеке  басын 
шіркеушілік-догматтың ой шырмауынан құтқару ісі ҽлсіз де дҽйексіз болды. ХІҮ-ХҮ 
ғасырлардағы  Византия  ҿнері  шіркеу  шеңберінде  қалып,  реалистік  итальян 
Ренессансы  қатарына  кҿтеріле  алмады  сҿйтіп  бұрынғысынша  икон  жазу  ҿнерінде 
белгілеп  берген  формада  қалды,  бұрынғысынша  жер  бетіндегі  шын  ҿмірден 
аулақтанып ерекшеліктерін сақтады.  
 ХІІІ-ХІҮ  ғасырларда  мҽселен,  Пелопоннесте  тұрғын  үйлердің  ҿзі  қамал 
тҽріздес  болып  тұрғызылды.  Византиядағы  сҽулет  ҿнерінің  ҿнерінің  тамаша 
мұрасына  Константинопольдегі  императорлар  сарайлары  жатады.  ХІҮ-ХҮ 
ғасырларда  византиялық  сҽулет  ҿнеріне  тҽн  нҽрсе  ғимаратының  жеңіл,  ҽсемдігі, 
сыртқы  жэне  ішкі  безендірудің  симметриялығы  тҽн.  Бұл  кезең  ескерткіштеріне 
Константинопольдегі (қазіргі Кахрил-Джами мешіті) Хора монастыры жатады. Эмал 
ҿнері, зергерлік ҿнер бұл кезде күйзеліске ұшырай бастады. 
Византия  мҽдениеті  адамзат  ҿркениетіне  зор  үлес  қосты.  Осынау  мҽдениет 
бізге  дейін  бейнелеу,  сҽулет  ҿнерінде,  оқу-ағарту  ісі  мен  қоғамдық  ой  пікірде 
тамаша  туындылар  қалдырды.  Византия  мҽдениетінің  мұрагерлері  Грекия, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
63 
Болгария, Сербия, Сирия, Палестина, Египет, Түркия елдері. Оның ықпалы Ресей 
мҽдениетіне де зор ҽсерін тигізді. 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.Анна Комнина. Алексиада. М .,1961. 
2.Удальцова З.В. Византийская культура. М., 1986. 
3.Бонк А.В. Прикладное искусство Византии ІХ-ХІІ вв. М.,1978. 
4.Медведев И. П. Византииским гуманизм ХІV-ХV вв. Л., 1976. . 
5.Культура Византии вторая половина VІІ-ХІІ вв, М.,1980. 
6.Памятники византийской литературы ІХ-ХІҮ веков. М.,1969.- 
7.Тортаев  С.Ҽ.Орта  ғасырлардағы  Византия,  шіркеу,  крест  жорықтары.  Алматы, 
2002. 
8.Курбатов Г. Л. История Византии. М.,1984. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  ХІ-ХҮ  ғасырлардағы  Византияның  мҽдениеті  қарастырылып, 
талданған. 
 
РЕЗЮМЕ 
Статья посвещена культуре Византии ХІ -ХҮ вв. 
 
 
 
ПАТРИС ЛУМУМБАНЫҢ АФРИКА ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ 
ОРНЫ  
 
Бисембаева Л.А.-аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Тропиктік жҽне Оңтүстік (қара) Африка ХХ ғасырдың басында капиталистік 
державалардың  езгісіне  қатты  ұшыраған  жҽне  олардың  арасында  бҽсекелестік 
аймағы  болған  жер.  Тропиктік  жҽне  Оңтүстік  Африканың  бірінші  дүниежүзілік 
соғыстың  аяғына  қарай  бүкіл  жерінің  90,4  пайызы  Англия,  Франция,  Германия, 
Италия,  Бельгия,  Португалия,  Испания  отаршылдарының  езгісінде  болды.  Осы 
елдердің  ішінде  Африкада  ең  отары  кҿп  ел  Англия  мен  Франция  болды.  Бүкіл 
отар  жердің  38  пайызы,  ал  халықтың  77  миллионы  Англия  езгісінде  болды.  Ал 
Франция езгісінде бүкіл жердің 43 пайызы, ал халықтың 51 миллионы болды /1/.  
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңында  отарлар  біріге  бастады.  Олардың 
ҿздерінің  заңдары,  жүйелері,  ҽкімшілік  орталығы  болды.  1904  жылы  француз 
батыс  Африкасы  құрылып,  оған  8  отар  ел  кірді.  Ал,  1910  жылы  француз 
эквадорлық  Африкасы  құрылып,  оған  4  отар  ел  кірді:  Гобон,  Чад,  француз 
Конгосы  жҽне  Убанги-Шари  кірді.  ФЭК-ның  ҽкімшілік  орталығы  Браззавиль 
(Конго)  қаласы  болды.  Африкадағы  ең  үлкен  отар  иесі  Бельгия  болды.  Оның 
Африкада Бельгиялық Конго деген отары болды. Бельгиялық Конго 1960 жылдан 
бастап  –  Конго  республикасы  деп  аталды.  Бұл  Конго  республикасы  1964-1971 
жылдары  Конго  Демократиялық  Республикасы  деп  аталып,  1971  жылдан  бастап  
Заир республикасы деп аталады /2/.Патрис Лумумбаның Отаны - осы Конго.  
Патрис  Лумумба  –  Конго  мемлекетінің  тарихындағы  тҽуелсіздік  үшін 
күрескен тарихи тұлға. 2005 жылы 2 маусымда бүкіл ҽлемдегі прогрессшіл халық 
Патрис Лумумбаның туылғанына 80 жыл толуын  атап ҿтті. Патрис Лумумбаның 
бүкіл  саналы  ғұмыры  ҿз  Отанының  тҽуелсіздігі  үшін  күреспен  ҿтті.  Оның 
ҽлеуметтік-экономикалық,  саяси  кҿзқарастарының  қалыптасуы,  Конго  халқының 
жетекші  кҿсемі  болып  тарихи  сахнаға  шығуы,  оның  Отанындағы,  бүкіл  Африка 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
64
 
құрлығындағы  ұлт-азаттық  қозғалыстың  дамуы  мен  оның  шарықтап  жоғары 
кҿтерілуімен тұспа-тұс келді.  
ХХ ғасырдың 60 жж. Африка құрлығында жаңа тҽуелсіз мемлекеттер пайда 
болды.  Бұрын  шетелдіктердің  езгісінде  отырған  Африка  халқының  сана  сезімі, 
саяси  белсенділігі  ҿсті.  Қайткен  күнде  де,  қандай  жолмен  болса  да  ҿз  отарын 
сақтап қалғысы келген отарлаушы державаларға Африка халқы тойтарыс берді.  
Бұл құрлық халқының отарлық езгіні үзіп, тҽуелсіздік алуы  – үлкен тарихи 
маңызға  ие  болды.  Африка  халқының  отарлаушы  елдерді  жеңіп,  тарихи  сахнаға 
тҽуелсіз  мемлекет  болып  шығуы,  олардың  ҽлемдік  саясатқа  араласуына  ықпал 
етті.  
Алайда, отарлық бұғаудан босаған Африка қоғамының саяси азат етілуімен 
барлық  мҽселе  немесе  Африка  халқының  барлық  міндеттері  орындалды  деп 
айтуға ҽлі ерте еді. 
Ҿміршең  Конго  халқы  да  ҿздерінің  ұлт-азаттық  қозғалысының  кҿсемі 
Патрис  Лумумбаны  -  тарихи  сахнаға  ҿз  ұлтын,  ҿз  Отанын  қорғаушы  ретінде, 
тҽуелсіздік жаршысы ретінде шығарды. Патрис Лумумбаның бойына тҽн нҽрсе  - 
ҿз Отанына деген сүйіспеншілік, отаршылдыққа қарсы ымырасыздық, ҽлеуметтік 
прогресс жҽне тҽуелсіздік үшін күрес, батылдық, ҿз соңынан халықты ерте білу, 
қарапайымдылық  жҽне  адамдарға  деген  құрмет  оның  ҿн  бойынан  табылатын 
қасиеттері еді.  
Патрис Лумумба тҽуелсіздікті алу Африка халқының ҿз қолында екенін ҿте 
жақсы  түсінді.  Сҿйтіп  Африка  тарихында  алғашқылардың  бірі  болып 
отаршылдыққа, империализмге қарсы күреске халықты бастап шықты.  
Патрис  Лумумба  Еуропада  болып  саяси  білімін  толықтырып,  ҿзіндік 
кҿзқарасы қалыптасқаннан кейін 1958 жылы Конгоның ұлттық партиясын құрады. 
Осыдан  кейін-ақ  оны  бүкіл  Африка  жұртшылығы  кеңінен  тани  бастады.  1958 
жылы  тҽуелсіз  Гана  мемлекетінің  астанасы  Аккре  қаласында  Африка 
халықтарының  конференциясы  ҿткізілді.  Бірінші  рет  ҿткізілген  панафрикан 
конференциясына  Африканың  аймағындағы  партиялардың  кҿсемдері  қатысты. 
Осы  конференцияда  Патрис  Лумумба  бірінші  рет  ҿзінің  партиясының  азаттық 
үшін  күресінің  негізі  мҽселелері  жҿнінде  баяндама  жасады.  Аккреде  болған 
конференция  кезінде  Патрис  Лумумба  ең  алғаш  рет  Кваме  Нкруме,  А.Секу 
Туремен  кездесіп,  оларды  ҿзінің  ізбасары  деп  таныды.  Осы  конференцияда 
Патрис  Лумумба  болашақта  болатын  панафрикан  конференцияларының  тұрақты 
хатшысы болып тағайындалды.  
Аккреден  қайтып  келген  соң  Патрис  Лумумба  ҿзін  Африка  халқының 
күрескері  ретінде  танып,  алдына  Африка  құрлығын  отарлық  езгіден  азат  ету 
міндетін қойды. Ол Леопольдвильде митингі ҿткізіп, Конгоның тҽуелсіздік алуы 
жҿніндегі мҽселені бірінші рет осы митингіде кҿтерді. Демонстрация 1959 жылы 
4  қаңтар  күні  Леопольдвильдің  Калуму  ауданында  басталды.  Полиция  бейбіт 
халыққа оқ жаудырды. Осының нҽтижесінде 49 адам ҿліп, жүздеген адам жарақат 
алды. Демонстрацияны басуға бельгиялық парашютшілер отряды «Форс пюблик» 
батальоны  Китон  мен  Каминдегі  НАТО  ҽскерлері  қатысты.  Демонстрация 
таратылғаннан  кейін  5  қаңтардан  бастап  елде  саяси  қуғын  сүргін  басталды.  50 
мыңдай Конгоның адамдары қаладан қуылды. Оның ішінде партияның ҿкілдері де 
болды.  
1959  жылы  13  қаңтарда  Бельгия  королі  Бодуэн  Бельгия  жҽне  Конго 
азаматтарына  мҽлімдеме  жасады.  Бұл  мҽлімдемеде  «ҿте  тез  асығыста  емес,  ҿте 
жай баяуда емес, Конгоға біз тҽуелсіздік береміз» - дейді /3/. 
Митингіге  10  мыңнан  астам  адам  қатысты.  Бұл  митингі  Конгоның 
тарихындағы  ең  бірінші  саяси  митингі  еді.  Осы  митингіде  сҿйлеген  сҿзінде 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
65 
Патрис  Лумумба  «тҽуелсіздікті  біз  Бельгияның  берген  сыйлығы  деп 
қабылдамауымыз  керек.  Бұл  жерде  мҽселе  Конгоның  жоғалтып  алған  құқығын 
қайтарып алу болып табылады» - деді /4/.  
Барған  сайын  Конгода  жұмысшылардың  бельгиялық  отаршылдарға  деген 
наразылығы  күшейді.  1958  жылы  «Отрако»  деген  транспорттық  компанияның 
жұмысшылары ереуілге шығып, ҿздерінің жалақыларын кҿбейтуге қол жеткізді.  
1959  жылы  наурыз  айында  Патрис  Лумумба  Нигерияның  Ивадан  деген 
жерінде  Африканың  мҽдени  қызметкерлерінің  семинарына  қатысты.  Осы 
семинарда  ол  «Африкан  бірлігі  жҽне  ұлттық  тҽуелсіздік»  деген  тақырыпта 
баяндама  жасады.  Осы  баяндамасында  «Қазіргі  таңда  Африка  үшін 
ынтымақтастық ҿте қажет біз сондай блок ашуымыз керек, бүкіл ҽлемге бауырлас 
екенімізді  дҽлелдеуіміз  керек.  Егерде  Африканың  бір  шетінде  шетел  үстемдігі 
орнап  отырса,  Африка  еш  уақытта  бостандықта  тҽуелсіздікте  бола  алмайды»  - 
дейді  /5/.  Осы  мақсатын  жүзеге  асыру  мақсатында  отаршылдарға  қарсы  бірігіп 
күресуге  барлық  африка  халықтарын  жұмылдыру  үшін  Патрис  Лумумба 
Конгоның Лулуабурге провинциясында саяси партиялардың конгресін шақырады. 
Осы  конгресте  ол  конголықтарға  бельгиялықтардың  тұманды  уҽделерінің  керегі 
жоқ  екендігін  ескерте  отырып,  таяу  уақытта  Конгоның  жеке  ҿзінің  үкіметін 
құруға рұқсат беруін Бельгиядан талап ететінін.  
1959  жылы  сҽуір  айында  Патрис  лумумба  «либр  экзаман»  деген  үйірменің 
шақыруымен Конгода лекция оқыды. Үш күннен кейін Патрис Лумумба «презанс 
Африкэн»  баспасында  халықты  отаршылдарға  қарсы  ұлт-азаттық  кҿтеріліске 
шақырады.  
Отаршылдарға қарсы күресте кҽсіподақ ұйымының да ҽсері болды.  
1959  жылы  қазан  айында  Патрис  Лумумба  Африка  халықтарының 
конференциясында  Конгоның  КҰҚ  (Конгоның  ұлттық  қозғалыс)  партиясының 
жұмысы жҿнінде баяндама жасады. Осыдан кейін іле – шала Стэнливильде КҰҚ-
ның  конференциясы  ҿткізіліп,  осы  конференцияда  Патрис  Лумумба 
африкалықтарды ұлттық тҽуелсіздік жолындағы күреске шақырды. Халық Патрис 
Лумумбаға гүл шоқтарын ұсынып, оның идеясын қолдайтындықтарын мҽлімдеді. 
Конференцияның  соңында  тҽуелсіздік  берілсін  деген  ұран  тасталды.  Алайда,  30 
қазан  күні  полиция  конференцияның  аяқталу  қарсаңында  бейбіт  халыққа  оқ 
жаудырды.  30  конголық  ҿліп,  жүздеген  адам  жарақат  алды.  Алайда,  полиция 
Патрис Лумумбаға осыны ұйымдастырған оның ҿзі деп, кінҽ жауып,1 қараша күні 
оны  6  айға  түрмеге  жабады.  Полиция  оны  ҿте  қауіпті  қылмыскер  деп  Жадовиль 
қаласындағы  Катанга  провинциясының  түрмесіне  жіберді.  Патрис  Лумумба 
түрмеде  отырып,  Мохандас  Карамчад  Гандидің  «күрестің  бейбіт  жолмен 
бойұсынбау» тҽсілін оқып үйренді. Ол біз күресу үшін қаруды қалап едік, енді біз 
бейбіт  құралдармен  де  ҿз  мақсатымызға  жетуімізге  болады  деген  қорытындыға 
келді.  Сҿйтіп,  Патрис  Лумумба  қарулы  кҿтеріліске  шығудан  бас  тарта  отырып, 
күрестің бейбіт жолын таңдап кҿруді мақсат етті.  
1959  жылдың  аяғында  отарлардың  министрі  Хемейрайк  Конгодағы 
жағдайды ҿз кҿзімен кҿру үшін Конгоға келеді. Халық  одан Патрис Лумумбаны 
түрмеден босатуды талап етті.  
1960  жыл  Африка  халқының  отаршылдарға  қарсы  күрес  жылы  болды.  Бұл 
жыл тарихқа «Африка жылы» болып енді. Ҿйткені осы жылы Африканың 17 елі 
тҽуелсіздік  алған  болатын.  Африкадағы  саяси  жағдайдың  шиеленісуінен  секем 
алған  Бельгия  үкіметі  1960  жылы  13  қаңтарда  Конгода  конференция  шақыру 
туралы  осы  конференцияға  келетін  делегаттар  жҿнінде  мҽселені  күн  тҽртібіне 
қойды. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
66
 
1960  жылы  20  қаңтар  күні  конференция  ҿзінің  жұмысын  бастады. 
Делегаттардың  талап  етуімен  Патрис  Лумумбаны  түрмеден  босатып, 
конференцияға  қатыстырды.  СЕРЕА  партиясының  президенті  А.Кашамура  осы 
конференцияда  сҿйлеген  сҿзінде  «Мен  Лумумбаны  ҿте  жақсы  білемін,  бірге 
жұмыс  жасаймын...  Лумумба  халыққа  танымал,  беделді,  оның  конференцияға 
қатысуы  ҿте  қажет»  -  дейді  /6/.   Содан кейін  бельгиялықтар  Патрис Лумумбаны 
түрмеден  босатып,  конференцияға  қатысуға  жібереді.  Патрис  Лумумбаны 
конференцияға қатыстыру африкалықтардың бірінші жеңісі болды.  
Конференцияда  Конгоның  болашақ  тағдыры,  мҽселесі  жҿнінде  тартыс 
болды.  Конго  делегаттары  екі  лагерьге  бҿлінді.  Бірі-Конгоны  автономиялық 
мемлекеттердің  федерациясы  болсын  (Моиз  Чомбе)  десе,  екіншісі-унитарлық 
мемлекет  құруды  (Патрис  Лумумба)  талап  етті.  Делегаттардың  арасында  жіктің 
болуы  бельгиялықтардың  Конго  ісіне  араласуына  мүмкіндік  берді.  Енді 
отаршылдар Конгода НАТО-ның ҽскери базасын қалдыратындықтарын мҽлімдеді. 
Бұдан  кейін  Бельгия  ҽскерлері  Конгоға  тағы  да  кҿбірек  енгізіле  бастады.  Бұл 
жағдайлар  Конгоның  толық  суверенитет  ала  алмайтындығын  кҿрсетті. 
Конференцияның  шешімімен  Конгода  ҽлеуметтік,  ҽскери,  т.б.  салаларда  қайта 
құру  ісін  жүргізу  үшін  арнайы  комиссия  құрылды.  Қайта  құру  ісінің  жобасын 
дайындауға Патрис Лумумбаның ҿзі тікелей қатысты. Империалистік державалар: 
Бельгия,  Франция,  АҚШ,  Англия  Конгоға  тҽуелсіздік  бергісі  келмей,  табиғи 
байлығына ҿзара таласты.  
1960  жылы  БҰҰ-ның  бас  хатшысы  Даг  Хаммаршельд  Конгоға  іс-сапармен 
келді.  Мақсаты  -  қандай  жағдай  да  болсын  Конгоны  Бельгияның  отары  ретінде 
ұстап қалу еді. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Хаммаршельд БҰҰ-ны арқылы 
Конгоға кҿмек беруді ұйымдастыра отырып, Конгоны отар ретінде ұстап қалуды 
ойластырды.  Осыған  байланысты  НАТО-ға  кіретін  елдер  АҚШ.  Англия,  Канада 
Конгоға «кҿмек кҿрсету» қорын ұйымдастырды.  
1960 жылдың бірініші жартысынан бастап Бельгия мен Конгоның арасында 
экономикалық мҽселелер бойынша келіссҿздер басталды. Бельгиялықтар Конгоға 
оп-оңай  тҽуелсіздік  бергісі  келмеді.  Отаршылдар  Конгоны  экономикалық 
жағынан  кіріптарлыққа  ұшыратқысы  келді.  Сҿйтіп  бельгиялықтар  «Конгоның 
негізгі  заңдарының  құрылымы»  деген  заң  қабылдады.  Бұл  заң  1960  жылы  10 
мамыр  күні  күшіне  енді.  Осылайша  бельгиялық  отаршылдар  Конгода  жаңа 
отаршылдық саясатты, (неоколониализмді) жүзеге асырды. 
Осындай  қиын  жағдайда  Патрис  Лумумба  Конгоға  тҽуелсіздік  беруді 
қайтадан  талап  етті.  Патрис  Лумумбаны  Абако  партиясы  қолдады.  Сҿйтіп 
Лумумба шетелдік арандатушыларды елден қуып шығуға ҽрекет жасады.  
1960 жылдың ақпан-маусым айының аралығында Лумумба КҰҚ-ның 14 рет 
конференциясын  ҿткізді.  Бұл  конференцияларда  ол  метрополия  ҽскерлерін  тез 
арада Бельгияға алып кетуді талап етті.  
1960  жылы  мамыр  айныңы  аяғында  Конгода  ұлттық  парламентке  сайлау 
ҿтті.  Бұл  сайлауда  НДК  партиясы  депуттар  палатасынан  -  41  ,  ал  сенаттан  –  13 
орын  алды.  Сайлауда  саяси  партиялардың  лидерлерінің  ішінде  кҿп  дауыс  алған 
Патрис Лумумба болды.  
Осындай жағдайда Конгода ұлттық үкімет құру үшін күрес күшейді  
Патрис  Лумумба  1960  жылы  Китон  мен  Каминдегі  НАТО-ның  ҽскери 
базасы  –  бірінші  болып  мемлекет  меншігіне  ҿтеді  .  Сҿйтіп,  19  маусым  күні 
Бельгия  мен  Конгоның  арасындағы  бірінші  құжатына  ұлттық  үкімет  қол  қойды. 
Осы қол қоюдан кейін Патрис Лумумба радио арқылы Конго халқы мен Бельгия 
халқы  арасында  экономикалық,  ғылыми,  мҽдени  ынтымақтастық  орнайды  деп 
мҽлімдеді.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
67 
Кҿптен күткен 1960 жылғы 30 маусым – Конгоның тҽуелсіздік алған күні де 
келіп жетті. «Біздің отанымыз біздің балаларымызға шынайы пайда келтірсін. Біз 
барлық  ескі  заңдарды  қайта  қараймыз,  жаңа  заңдар  шығарамыз.  Біз  езушілікке 
нүкте  қоямыз.  Бізде  бейбітшілік  орнайды,  біз  кҿптеген  елмен  қарым-қатынас 
орнатамыз,  бірақ  олар  дұрыс  болу  керек.  Бізге  басқа  бір  саясатты  таңу  керек 
емес» - деді үкімет басшысы Патрис Лумумба /7/.  
Конгоның  тҽуелсіздігі  Африка  құрлығының  тҽуелсіздігі  үшін  жасалған 
қадам  деп  Патрис  Лумумба  ҿзінің  барлық  отандас  азаматтарын  жұмыс  істеп, 
экономикалық тҽуелсіздік алуға шақырды.   
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Родригес А.М. История стран Азии и Африки. М., 2006. 245 б. 
2. Пономаренко Л.В. Патрис Лумумба жизнь во имя свободы Африки. М.,1989. 9 
б 
3. Бұлда сонда. 74 б. 
4. Пономаренко Л.В. Патрис Лумумба жизнь во имя свободы Африки. М.,1989. 46 
б. 
5. Бұлда сонда. 47 б . 
6.  Мирский  Г.И.  Освободившиеся  государства:  пути  развития.  //  Азия  и  Африка 
сегодня. 1983. 28 б. 
7. Бұл да сонда. 66 б. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада 
Патрис 
Лумумбаның 
Африка 
құрлығын 
Еуропалық 
державалардан азат ету жолындағы күресі баяндалады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассказывается  о  борьбе  Патриса  Лумумбы  за 
освобождения Африки от европейских держав. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет