Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
6
 
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ 
 
Қожахметова К.Ж. –п.ғ.д. профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ-нің ғылым жҽне 
халықаралық байланыстар жҿніндегі проректоры) 
 
Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  ғылыми-зерттеу 
жұмысын  басқару  жҽне  жоғары  дҽрежелі  ғылыми-педагогикалық  кадрларды 
даярлау  мақсатында  2001жылдың  17  қыркүйегінде  (№119  бұйрық  негізінде) 
ғылым жҽне халықаралық байланыстар басқармасы (ҒХББ) құрылған. 
Университеттің  ғылыми-зерттеу  жұмысы  33  кафедра,    Ҽлеуметтік  жҽне 
гендерлік  ғылыми-зерттеу  институты  (ҼГҒЗИ),  Іргелі  ғылыми-зерттеу  орталығы 
жҽне  3  дербес  ғылыми-зерттеу  («Қазақ  ұлттық  мектебінің  даму  мҽселелері», 
«Зерттеудің инновациялық ҽдістері» жҽне  «Ҿзін-ҿзі тану») зертханалары арқылы 
жүргізіледі.  
 Университетте  2006-2008  жылдары  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  Қазақстан 
Республикасы  Білім  жҽне  ғылым  министрлігінің  қаржыландыруымен  білім 
саласын жетілдіруге маңызы зор  – 17, (оның ішінде 5 іргелі, 9 қолданбалы жҽне 
халықаралық ЮНИСЕФ, ЮНИФЕМ қорларының демеуімен 3 қолданбалы жоба) 
жүзеге асырылды.  
Аталған  ғылыми  жобалар  аясында  орындалып,  бүгінгі  таңда  ұлттық  білім 
жүйесін  дамытуға  қосар  үлесі  зор  біраз  оқу  құралдары,  оқулықтар  жарық  кҿрді, 
олар:  

 
«Мҽдени мұра бағдарламасы бойынша «Ҽлемнің ҽйгілі психологтары» сериясы 
бойынша 10 том: 

 
«Қазақ халқының тҽлімдік ойлар  Антологиясының» 6 томы; 

 
Жоғары педагогикалық  оқу орындарының студенттеріне арналған  «Педагогика 
тарихы» оқулығы; 

 
«Гендерлік білім: теориясы мен практикасы» жҽне «Гендерлік саясат» атты оқу 
құралдары; 

 
«Тҽртібі  қиын  балалармен  ҽлеуметтік-педагогикалық  жұмыс  ұйымдастыру 
тұжырымдамасы». 
2009-2011  жылдары  аралығында  3  іргелі  ғылыми  зерттеу-жобасы  бойынша 
жұмыс  жүргізілуде.  Сонымен  қатар,  «Мҽдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша 
«Ҽлемдік  педагогикалық  ой-сана  антологиясының»  8,9,10  томдарын  біздің 
университеттің ғалымдары дайындауда. 
 Университеттің  жаратылыстану  факультетінің  ғалымдары  биотехнологияға 
байланысты  зерттеулерді    Е.А.  Букетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 
университетімен,  ҽл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  химия 
факультетімен,  Қазақ  Ұлттық  академиясының  биология  ғылыми-зерттеу 
институтымен,  Қазақстан  Республикасы  ҰҒА  Ҽ.Бектұров  атындағы  химия 
ғылымдары  институтымен,  ҒҾО  «Фитохимия»  институтымен  бірігіп,  ғылыми 
жоспар  бойынша  жұмыс  атқаруда.  Университеттің  физика  жҽне  экология 
кафедраларының  ғалымдары  ҽл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  жҽне  Ұлттық 
аграрлық университетімен бірігіп зерттеулер жүргізуде. 
Университеттің  «Жалпы  педагогика»  кафедрасы  (кафедра  меңгерушісі 
пед.ғ.д., 
профессор 
А.Құсайынов) 
ауқымды 
деңгейде 
Халықаралық 
салыстырмалы педагогика қауымдастығымен, Мҽскеу мемлекеттік педагогикалық 
университетімен,  Санкт-Петербург  мемлекеттік  университетімен  байланыстар 
орнатып,  іргелі жҽне қолданбалы ғылыми жобалар аясында табысты жұмыс істеп 
келеді.  Ал  «Теориялық  жҽне  практикалық  психология»  (каф.меңгерушісі  – 
Х.Т.Шерьязданова)  кафедрасы  үнемі  ізденіс  үстінде  болуының  арқасында 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 

бірнеше  ірі  ғылыми  жобаларды  абыроймен  жүзеге  асырды.  Мысалы, 
Халықаралық  денсаулық  сақтау  қорының  филиалымен  бірге  «Арал  аймағының 
экологиялық  жағдайының  балалардың  психологиялық  денсаулығына  ҽсері», 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындарына  арналған  «Ҿзін-ҿзі  тану»  пҽнінің 
эксперименттік  бағдарламасы,  ал  бүгінгі  таңда  кафедраның  профессорлары  мен 
оқытушылары Тҿтенше жағдайлар жҿніндегі комитетпен бірігіп қолданбалы жоба 
аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде. 
Ғалымдардың  тынбай  ізденулерінің  арқасында  университет  8  патентке  ие 
болды.  Сонымен  қатар  университетіміздің  біраз  ғалымдары  (С.  Қалиев, 
К.Қожахметова,  А.  Құсайынов,  С.  Жайлау,  Р.  Дҽрменова,  Қ.  Ашекеева) 
республикалық үздік ғылыми еңбек сайысына қатысып, М.Ҽуезов, А.Байтұрсынов, 
Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский атындағы сыйлықтардың иегерлері атанды.  
Университет  кадрлар  даярлау  жүйесінің  екі  сатылық  жүйесіне  кҿшіп,  2002 
жылы    8  мамандық  бойынша,  ал  2009  жылы  19  мамандықтан  магистр 
даярланатын  болды.  Сонымен  қатар,  республикада  шешімін  таба  алмай  келе 
жатқан мҽселелердің бірі – «Хореография», «Кітапханатану жҽне библиография», 
«Дене шынықтыру жҽне спорт» мамандықтары бойынша ғылыми педагогикалық 
кадрлардың тапшылығына байланысты магистратура ашылмай келген. Мҽселенің 
маңыздылығына байланысты, 2009 жылдан бастап, аталған 3 мамандық бойынша 
магистратураны эксперимент жүзінде ашуға мүмкіндік жасалды. 
Университетте  магистратура  арқылы  ғылыми-педагогикалық  кадрлар 
даярлауға  ерекше  мҽн  беріліп,  магистранттарға  дҽріс  оқу,  ғылыми  жетекшілік 
жасау  негізінен  ғылым  докторларына  жүктеледі.  Магистранттардың  курстық 
жұмыстары  мен  диссертацияларын  даярлау  үшін  ірі  ғылыми  орталықтар  мен 
зертханаларға,  ғылыми-зерттеу  институттары  мен  кітапханаларға,  сол  ғылым 
саласының  жетекші  ғалымынан    кеңес  алу  үшін  тҽлімнамаға  жіберу 
қарастырылған. Мысалы, тек 2008-2009 оқу жылында біздің магистранттар жақын 
шетел  –  Ресейдің  Мҽскеу,  Санкт-Петербург,  Томск,  Новосибирск  қалаларының 
ғылыми  ошақтарына  жҽне  алыс  шетел  –  Қытайдың  Пекин  Орталық  ұлттар 
университетіне,  Сингапурға  барып  табысты  оралды.  Ҿз  мемлекетіміз  аясында 
Астана,  Қарағанды,  Семей  қалаларындағы  жоғары  оқу  орындарына  тҽлімнамаға 
барып  келді.  Жалпы,  2008-2009  оқу  жылында  магистранттардың  тҽлімнамасына 
қаржы 3.602.485 теңге кҿлемінде жұмсалды. Сапасы жоғары маманға сұраныс кҿп 
болатыны  белгілі.  Сондықтан,  біздің  магистранттарымыз  жоғары  оқу 
орындарына,  орта  арнайы  білім  мекемелеріне,  мектептерге  арнайы  шақырумен 
орналасуда.  
Университетте  аспирантура  –  15,  докторантура  –  8  мамандық  бойынша 
жоғары  дҽрежелі  ғылыми-педагогикалық  кадрлар  даярлауды  дҽстүрлі  жүйе 
бойынша жүргізуде.  
Ғылыми-педагогикалық  кадрлар  даярлауда  университеттің  жанынан 
құрылған  диссертациялық  кеңестердің  маңызы  ҿте  зор.  2009  жылға  дейін 
университетте 2 диссертациялық кеңес 8 мамандық бойынша жұмыс істеп келді. 
Біріккен  диссертациялық  кеңес  ОД  145017  2005  жылдың  29  сҽуірінде  №  340 
Қазақстан  Республикасы  Білім  жҽне  ғылым  министрлігінің  Білім  жҽне  ғылым 
саласындағы қадағалау жҽне аттестаттау комитетінің бұйрығымен қайта ашылған, 
ол  кеңес  2005-2007  жылдар  аралығында  10.02.01.  –  орыс  тілі,  10.02.02.  –  қазақ 
тілі,  10.02.18.  –  тіл  теориясы,  13.00.02.  –  оқу  мен  тҽрбиенің  теориясы  мен 
ҽдістемесі  (қазақ  тілі  бастауыш  жҽне  жоғары  білім  беру  жүйесінде) 
мамандықтары  бойынша  7  ғылым  докторы  мен  45  ғылым  кандидаттарын 
дайындады, оның басым кҿпшілігі – осы университет мамандары. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
8
 
 Диссертациялық  кеңес  Д  14.61.09.  ҚР  Білім  жҽне  ғылым  министрлігінің 
Білім  жҽне  ғылым  саласындағы  бақылау  комитетінің  01.07.2008  жылғы 
бұйрығымен  ашылған,  бұған  дейін  бұл  кеңестің  тек  кандидаттық  диссертация 
қорғатуға  мүмкіндігі  болған.  Бүгінгі  таңда  Д  14.61.09  диссертациялық  кеңесте 
докторлық, кандидаттық  ғылыми  дҽреже  алу  үшін  13.00.01  –  жалпы  педагогика, 
педагогика  жҽне  білім  тарихы,  этнопедагогика  жҽне  13.00.02  –  оқыту  мен 
тҽрбиенің  ҽдістемесі  (бастауыш,  орта  жҽне  жоғары  білім  жүйесіндегі  музыка) 
мамандықтары  бойынша  жоғары  дҽрежелі  ғылыми-педагогикалық  кадрлар 
даярлануда.  
Университет  ізденушілерінің  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  нҽтижелері 
2006  жылдан  бері  «ҚызПУ  хабаршысы»  арқылы  6  сериямен  (жаратылыстану, 
тарих,  экономика  жҽне  білімдегі  сервис,  педагогика,  психология,  филиология) 
жарық кҿреді.   
Әлеуметтік  және  гендерлік  ғылыми-зерттеу  институтының  мақсаты 
қоғамдағы  орын  алып  отырған  ҽлеуметтік-экономикалық  ҿзгерістердің 
индикаторлары  ретінде  гендерлік  мҽселелерді  кешенді  түрде  зерттеу,  гендерлік 
индикаторларды пайдалана отырып, ҽлеуметтік жҽне білім беру бағдарламаларын 
құрастыру, республикамыздың білім беру жүйесіне үздіксіз гендерлік білім беруді 
енгізу, оқу бағдарламаларына гендер туралы ақпараттар енгізуіне ықпал ету жҽне 
оны оқу үдерісінде белсенді түрде қолдану.  
Институт  қоғамдық  мҽні  бар  жобалар  аясында  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  жанынан  құрылған  ҽйелдер  ісі  жҽне  отбасылық-демографиялық 
саясат жҿніндегі Ұлттық комиссиясымен; БҰҰ «Гендер жҽне даму» бюросы жҽне 
халықаралық  ЮНИСЕФ,  Сорос-Қазақстан,  ЮСАИД,  ЮСИС,  Ф.Эберт 
қорларымен;  ҽл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің  жанынан 
құрылған  гендерлік  зерттеу  орталығымен;  Қазақстанның  іскер  ҽйелдер 
Қауымдастығымен тығыз ҽріптестік қарым-қатынаста бірлесе қызмет атқарады. 
Институттың ғылыми жұмыстары нҽтижесінде мектепке арналған «Гендер» 
кешендік білім бағдарламасы даярланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне   -  
«Мен-қызбын,  мен-ұлмын»;    бастауыш  мектепке  -  «Гендер  ҽліппесі»;  5-8 
сыныптарға  -  «Гендер  грамматикасы»;  9-11  сыныптарға  арналған  «Гендерлік 
білім негіздері» оқу-ҽдістемелік кешені (орыс тілінде)  республикалық «Оқулық» 
атты  ғылыми-практикалық  Орталықтың  сараптамасынан  ҿтіп,  басылымға 
ұсынылды. 
Гендерлік  ғылыми-зерттеу  институтының  қызметкерлері  университет 
кҿлемінде  үнемі  ҽлеуметтік  зерттеулер  ұйымдастырып  тұрады.  Мысалы,  2005-
2006  оқу  жылында  «Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  институты 
студенттерінің  ҽлеуметтік-педагогикалық  портреті»  деп  аталатын  зерттеу 
ҿткізілсе,  2008-2009  оқу  жылы  «Қазіргі  студент  қазақ  қызы:  гендерлік  бағдары 
мен мінез-құлық моделі» атты зерттеу жүргізілді.     
Университет  студенттерінен  алынған  сауалнама  жауаптарына  сүйене 
отырып,  университетіміздің  ерекшелігіне  сҽйкес,  2  курс  студенттеріне  арналған 
«Қазақ аруы» арнайы курсы ендірілді. 
 «Қазақ  аруы»  арнайы  курсы  гендерлік  мақсатты  негізге  ала  отырып, 
ҿркениеттік  үлгідегі  ойын  ұлттық  мүддемен  байланыстыра  білетін,  мінез-құлқы 
мен  жүріс-тұрысы  ұлттық  ділмен  ұштасқан,  кҽсіптік-педагогикалық  имиджі 
қалыптасқан зиялы ҽйел-ана  тҽрбиелеуге бағытталған. 
«Қазақ аруы» арнайы курсының негізгі мақсаты: 
  Қоғамдық  ортада  азаматтық  ұстанымы  бар,  жеке  ҿмірінде  отбасылық 
этноҽлеуметтік рҿлдерді алған білімімен  ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, 
шынайы қазақ аруының бейнесін сомдау   

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 

  Басты міндеттері: 
-
 
Тарихи  дара  тұлға  арулардың    ерекше  қасиеттерін  талдау  арқылы  қазақ 
қызының жиынтық образын қалыптастыру; 
-
 
Отбасы  тҽрбиесінде  ҿмірге  негіз  болатын  этноҽлеуметтік  рҿлдерді  атқаруға 
даярлау; 
-
 
Кез келген ортада тіл мҽдениеті мен шебер сҿйлеуді дамыту; 
-
 
Халықаралық  іскерлік  ҽдеп  нормалары  мен  ресми  ишара  ережелерін  игеруге 
бағыт беру; 
-
 
Сұлулық пен денсаулық сақтаудың басты қағидаларын ұстануды жҽне оны жан 
сұлулығына үйлестірудің құпияларын меңгертуге баулу; 
-
 
Үй шаруашылығына қатысты ҿмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру; 
-
 
Ұлттық  саз  аспабы  –  домбырада  ойнау  арқылы  ҿмірге  қажетті  тұрмыс-салт 
жырларын үйрету; 
Осындай  мақсат-міндеттерді    сипаттайтын    «Қазақ  аруы»  арнайы  курсы 
кіріктірмелі  компоненттер  күйінде  қарастырылып,  кешенді  оқу  бағдарламасы 
тҿмендегіше тақырыптық модульдарды қамтиды: 
1.Ұлы қазақ даласында ӛткен тарихи дара тұлға-арулар 
2.Отбасы тәрбиесінің теориясы мен халықтық тәжірибелері 
3.Риторика  
4.Іскерлік әдеп және  және қарым-қатынас мәдениеті 
5.Сұлулық және денсаулық 
6.Үй шаруашылығындағы тұрмыстық қызмет 
7.Саз ӛнері  
Университеттің Іргелі ғылыми зерттеулер орталығы (жетекшісі тех.ғ.д., 
профессор  Р.Баймахан)  Ұлттық  ғылым  академиясының  ғылыми  зерттеу 
институттарымен,  ҽл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетімен, 
Жапониядағы  Хоккайдо  Университетінің  аналитикалық  зертханасымен  жҽне 
Канаданың  Альберто  университетімен  бірлесіп  бірнеше  жобаларға  қатысып 
жұмыс  істейді.  Соның  нҽтижесінде,  университетімізге  шетелдік  ғалымдар  - 
Альберто  университетінің  профессоры  Дейв  Чан,  Токио  университетінің  
профессор Кагуэй Танако келіп, докторанттар, аспиранттар мен магистранттарға, 
профессор-оқытушылар  қауымына  ғылыми  семинарлар  ҿткізіп  тұрады.  Ҿз 
кезегінде  біздің  университеттің  профессоры  Р.  Баймахан  Канаданың  Альберто 
жҽне  Жапонияның  Хоккайдо  университеттері  шақыруымен  дҽріс  оқып  қайтты. 
Ресми  шақырумен  Франциядағы  дүниежүзілік  ISSMGE,  TC28  аталатын  ғылыми 
комитеттің Қазақстандық мүшесі ретінде тех.ғ.д., профессор Р.Б. Баймахан, 2008 
жылы Шанхайда ҿткен мҽжілісіне қатынасып, баяндама жасады. 
Зерттеулердің нҽтижелері шетелдерде ҿткен 8 халықаралық конференциялар 
мен    симпозиумдарда  баяндалып,  45    ғылыми    мақала  жарияланды.  Сонымен 
қатар,  бірнеше  студенттің    ғылыми  мақалалары  Малайзия  мен  Шанхайда  жарық 
кҿрді.  Ғылыми  Орталық  конкурс  арқылы  жеңіп  алған  Канаданың    халықаралық 
―FSIDA‖ білім гранты бойынша университетіміздің екі студенті  Маханова Айгүл 
мен  Алихан  Амангүл  Перу,  Бразилия,  Кения,  Австралия,  Въетнам,  Жапония 
студенттерімен  бірге  ағылшын  тілінен  емтихан  тапсырып,  жақсы  нҽтижелермен 
түсіп, халықаралық арнайы бағдарлама бойынша Альберто университетінде оқып 
қайтты.  Альберто  университетінің  профессоры  Дэйв  Чан  мен  профессор 
Р.Баймахан студенттерге арнап  математикалық моделдеу пҽнінен бірігіп оқулық 
жазып,  қазақ  жҽне  орыс  тілдерінде  -  Алматыдан,  ағылшын  тілінде  -  Канададан   
шығаруы жоспарланды. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
10
 
Университеттің  құрамындағы  «Қазақ  мектебінің  даму  мәселелері» 
зертханасы  2006  жылы  қаңтар  айында  құрылған.  (Зертхана  меңгерушісі-
Д.Садыкова).  
Университеттің  ғылыми  кеңесі  бекіткен  «Қазақ  ұлттық  мектебінің    тарихы 
жҽне даму болашағы» тақырыбы бойынша зертхана 2006 жылдан бастап Алматы, 
Астрахан, Орынбор,  Москва, Ташкент, Қазан, т.б. қалаларындағы орталық жҽне 
мемлекеттік  архивтерімен  жҽне  облыстық  (Астана,  Қостанай,  Орал,  Семей, 
Шымкент, Тараз, т.б.) мұрағаттарымен байланыс орнатты. Тақырыптарды зерттеу 
жҽне  оған  қажетті  материалдарды  жинау  үшін  зертхана  ҚМҚП  университеті 
кітапханасымен,  Қазақ  мемлекеттік  ұлттық  кітапханасымен,  Қазақ  ұлттық 
техникалық  ғылыми-зерттеу  институтымен,  Қазақстан  Республикасы  ұлттық 
педагогикалық  кітапханасымен,  Абай  атындағы  қазақ  педагогикалық  ұлттық 
университеті  кітапханасымен,  ҚР  Орталық  мемлекеттік  кітапханасымен,  Ресей 
мемлекеттік  тарихи  мұрағат  қорымен  байланыс  жасап,  ғылыми  кҿздерге 
зерттеулер жүргізді. Зертхана республикалық жҽне аймақтық қазақ мектептерімен 
тығыз байланыстар орнатқан.  
Зертханаға  6  мектеп  тірек-эксперимент  мектептері  ретінде  бекітілген 
(Мамания  орта  мектебі,  Шарын  қазақ  орта  мектебі,  Т.Рысқұлов  атындағы  орта 
мектебі, Ш.Уалиханов атындағы № 12 кҿпсалалы гимназия мектебі, Қарғалы №2 
гимназия-мектебі,  Тасқарасу  орта  мектебі).  Бұл  мектептерде  педагогикалық 
менеджмент,  білім  жҽне  тҽрбие  мазмұны,  инновациялық  жаңа  технология,  ұл 
жҽне  қыздар  тҽрбиесін  ұйымдастырудың  этнопедагогикалық  негіздері, 
оқушылардың 
ҿзін-ҿзі 
басқаруын 
ұйымдастырудың 
жаңа 
формалары 
тақырыптарында  семинар-кеңестер  ҿткізілді.  Зертхананың  зерттеу  нысанын 
аралас  мектептердің,  шағын  жинақталған,  ауыл,  қала  қазақ  мектептерінің 
мҽселелері құрайды.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында  Қазақ  мемлекеттік 
қыздар  педагогика  институтында  2006  жылдың  28-29  наурыз  күндері  «ХХІ 
ғасырдағы  қазақ  мектебі:  даму  болашағы»  атты  республикалық  ғылыми-
практикалық конференция ҿткізілді. 
Конференцияның  мақсаты:  қазақ  мектебінің  жай-күйін  жете  зерттеп-
зерделей  келе,  оның  даму  болашағын  айқындау,  білім  беру  сапасын  арттыру 
бағытында кең кҿлемде пікір алмасу, ой бҿлісу. Осы мақсаттарды орындау жолын 
анықтап, нақты ұсыныстар қабылдау. 
 Конференцияның:  «Қазақ  мектебінің  даму  мҽселелері:  тарихы  мен 
тҽжірибесі», 
«Қазіргі 
қазақ 
мектебіндегі 
оқытудың 
инновациялық 
технологиялары»,  «Қазіргі  қазақ  мектебі  тҽрбие  жүйесінің  этнопедагогикалық 
негіздері», «Жаңа формациядағы ұстаз келбеті», «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің 
моделі. Басқару мҽселелері» атты 5 секциялары бойынша республиканың барлық 
орблыстарынан  келген  207  баяндама  талқыланды.  Конференцияға  қатысушылар 
университет  ректоры  Ш.К.Беркімбаеваның  пленарлық  мҽжілісте  жасаған  «Қазақ 
мектебі – қазақ ұлтының бесігі» атты баяндамасын секциялық отырыстарда қызу 
талқылап, қазақ мектебіне қатысты ҿткір пікірлерін ортаға салып, тың ұсыныстар 
жасады.  
 Зерттеудің  инновациялық  әдістері  зертханасы  –  (зертхана  меңгерушісі 
С.С. Мірсеитова). 
Зертхананың  мақсаты:  философиялық  тұрғыда  адам  мүмкіндіктерін, 
психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, таным ҽрекетін қалыптастыру. 
Зертхана  2006  жылдың  қыркүйек  айынан  бастап  жұмыс  істейді.    
Зертхананың  жұмысы  сын  тұрғысынан  ойлау  мен  оқу  мҽселесіне  арналған. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
11 
Зерттеудің  нҽтижесі  2008  жылдың  28-29  наурызында  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 
педагогика университетінде ҿткен «Оқушының жеке басының дамуы: ҽлеуметтегі 
орны» атты конференцияда ҿз бағасын алды.  
Зертхана  жетекшісі  Мірсеитова  Сапаргүл 
–  Халықаралық  Оқу 
Ассоциациясының  Евразиялық  комитетінің  тҿрайымы.  Зертхана  шетелдік 
ғалымдармен  тығыз  байланыста  жұмыс  жасайды.  Мысалы,  АҚШ,  Айова 
университетінің  профессоры  Дҽвид  Ландис  жыл  сайын  ҿз  студенттерін  ертіп 
келіп  зерттеу  жұмыстарын  университеттің  ғалымдары  жҽне  студенттерімен 
бірігіп  ҿткізуде.  Бұндай  жұмыстардың  студент  жастарға  берері  кҿп,  ҽсіресе  тіл 
үйренуде (американдық студенттер – қазақ тілін үйренуге мүмкіндік алса, ҚызПУ 
студенттері – ағылшын тілін меңгеруде). Зертхана жыл сайын ҿтетін халықаралық 
Оқу  Ассоциациясының  конференцияларына  белсенді  қатысып  отырады. 
Зертхананың  ұйымдастыруымен  «Дауыс&Кҿрініс»  журналы  шығып  тұрады. 
Қазіргі  кезде  зертхана  жетекшісі  2009  жылдың  айында  Португалияның  Брага 
қаласында ҿтетін 16 Европалық конференцияға дайындық үстінде. 
 Университеттегі  ғылыми  жұмысты  қажетті  деңгейге  кҿтеру  ғылыми 
педагогикалық кадрлар ҽлеуетіне тікелей байланысты екені белгілі. Бүгінгі таңда 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 56-ғылым докторлары; 
255-ғылым  кандидаттары  жұмыс  істейді.  Олардың  ішінде,  тек  қана  Қазақстан 
Республикасына  емес,  алыс-жақын  шетелдерге  де  танымал  ғалымдар 
шоғырланғанын  айта  кету  керек,  олар:  Тынық  мұхит  аймағы  елдерімен  жҽне 
Жапония  ғалымдарымен  ынтымақтастықта  жұмыс  істейтін  профессор, 
Мемлекеттік ғылыми стипендия жҽне  «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» 
мемлекеттік  грант  иегері  –  Р.Б.Баймахан;  «Дҽстүрлі  емес  энергия  кҿздерін 
пайдалану»  жҽне  «Физиканы  оқыту  ҽдістемесі»  ғылыми  жобаларға  жетекшілік 
жасап  жүрген,  «Құрмет»  орденінің  иегері  тех.ғ.д.,  профессор  А.Ж.Жамалов; 
«Ҿзін-ҿзі тану» адамгершілік-рухани білім беру оқу ҽдістемелік бағдарламасының 
жетекшісі,  ҽрі  кеңесшісі,  «Мҽдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  жарық  кҿрген 
«Ҽлемнің ҽйгілі психологтары» он томдығының авторларының бірі, «Ерен Еңбегі 
үшін»  медалінің  иегері  –  псих.ғ.д.,  профессор  Х.Т.Шериязданова;  Жалпы  білім 
беретін  мектептерге  (12  жылдық)  арналған  оқулықтардың  авторы,  «Құрмет» 
орденінің  иегері,  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  атты  мемлекеттік 
грант  иегері  –  Қ.А.Аймағамбетова,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 
сыйлығының  лауреаты,  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  мемлекеттік 
гранттың  жҽне  Ресей  Федерациясы  тағайындаған  К.Д.  Ушинский  атындағы 
медальдың  иегері,  п.ғ.д.,  профессор  А.Қ.Құсайынов,  «Қазақтың  тҽлімдік  ойлар 
Антологиясының»  6  томының  құрастырушысы,  халықтық  педагогиканың  даму 
тарихын түбегейлі зерттеген ғалым, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, 
п.ғ.д.,  профессор  С.Қ.Қалиев,  Этнопедагогика  ғылымының  ҽдіснамалық, 
теориялық  негіздерін  анықтап,    дамуына  елеулі  үлес  қосқан  ғалым, 
Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, п.ғ.д., профессор К.Ж.Қожахметова; 
Педагогика  ғылымының  ҽдіснамасын  зерттеудегі  зор  еңбегімен  танымал  ғалым, 
п.ғ.д.,  профессор  Ш.Таубаева;  Ресей  Федерациясының  М.Ломоносов  атындағы 
медалінің 
иегері 
В.И.Жұмағұлова; 
«Құрмет» 
орденінің 
иегері 
– 
профессорҼ.Б.Бірмағамбетов;  Қ.Сҽтбаев  атындағы  сыйлықтың  иегері  –  ф.м.ғ.д., 
А.Қ.Ершина;  «Жоғары  оқу  орнының  үздік  оқытушысы»  атты  мемлекеттік  грант 
иегерлері: ф.ғ.д., профессор Б.Хасанұлы, х.ғ.д., профессор Б.М.Бутин, филос.ғ.д., 
профессор  Н.Қ.Сейтахметов,  п.ғ.к.,  доцент  Р.Р.  Масырова,  п.ғ.к.,  доцент 
И.А.Ҽбеуова, 
ф.ғ.д., 
профессор 
Т.Н.Ермекова, 
п.ғ.д., 
профессор 
Ж.Н.Сүлейменова,  п.ғ.к.доцент  Р.Дҽрменова.  Бұндай  жетістіктер  университет 
ғалымдарының жоғары деңгейі мен ҿре биіктігін байқатады. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
12
 
Университеттің халықаралық байланыстары 
 Университет  халықаралық  ынтымақтастықты  кеңейту  бағытында  біраз 
жетістіктерге  қол  жеткізген.  Оған  дҽлел  университет  Туркия  жоғары  оқу 
орындары Ассоциациясының (ЙОК) жҽне Педагогикалық білім беру ғылымдары 
Халықаралық  академиясының  мүшесі  (Мҽскеу),  EWHA  Корея  қыздар 
университетімен, 
Кангнам 
(Корея, 
Сеул), 
Айова 
штаты(АҚШ) 
университеттерімен  жҽне  басқа  да  Ресей,  Қырғызстан,  Ҿзбекстан,  Тҽжікстанның 
ЖОО –мен ынтымақтастық байланыста.  
Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстары 
Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің    алдында  тұрған 
басты міндеттерінің бірі  - аға ұрпақтың  еліміздің ғылымын дамытудағы ҿнегелі 
істерін жаңа серпінмен жалғастыра алатын жас ғалымдарды тҽрбиелеу. 
Осыған  орай,  университет  студенттерін  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына, 
шығармашылық  ізденістерге    тарту  үшін  2004  жылы  Кіші  ғылым  академиясы 
құрылды.  Кіші  ғылым  академиясы  үйірмелер  арқылы    студенттерді  ғылыми-
зерттеу  жұмысын,  ҽр  түрлі  конференциялар  ұйымдастыруға,  студенттердің  
қалалық,  республикалық,  халықаралық    конференцияларға,  олимпиадаларға, 
кҿрмелерге қатысуына ықпал етіп отырады. 
 65  жылдық  тарихы  бар  университетімізде  студенттердің  тұңғыш  ғылыми-
практикалық конференциясы 1948 жылы ҿткізілген, ал 2008-2009 оқу жылында 62 
-  ші  ғылыми-практикалық  конференциясы  ҿтті.  Конференцияда  студенттердің 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нҽтижелері  жан-жақты  талқыланады.  Ғылымға 
қызығушылығы  бар  студенттерді  қолдау  мақсатында  Жас  ғалымдар  кеңесі  мен 
Кіші  ғылым  академиясы  тарапынан  ҽр  секция  бойынша  эксперттік  комиссиялар 
құрылып, комиссия тҿрағалығына басқа жоғары оқу орнынан танымал ғалымдар 
шақырылады. Бұндай ҽрекеттер студенттердің қызығушылығын дамытумен қатар, 
университет  студенттерінің  білім  деңгейін  басқа  жоғары  оқу  орнының  ұстазы 
бағалауы  арқылы  сол  оқу  орындарының  студенттерімен  білім  деңгейін 
салыстыруға мүмкіндік береді. Сҿйтіп, бұндай шаралар бҽсекеге қабілетті маман 
даярлауға ҿз септігін тигізетіні ақиқат. Жоғары бағаланған баяндамалар міндетті 
түрде ғылыми жинаққа енуге мүмкіндік алуымен қатар, студент ақшалай сыйақы 
мен бағалы сыйлыққа ие болады.    
Конференциялармен  қатар 
университетімізде  студенттердің  пҽндік 
олимпиадаларын  жүйелі  түрде  жыл  сайын  ҿткізу  ҿз  жемісін  беруде.  Біздің 
студенттеріміз  2008-2009  оқу  жылының  ҿзінде  республикалық  студенттердің 
олимпиадаларында  жүлделі  орындарға  ие  болды:  математикадан  –  жеке  студент 
(Хансеитова  Айгерім)  –  Гран  Приге  ие  болса,  ал  жалпы  команда  ІІ  (екінші) 
орынды  иеленді;  информатикадан  –  ІІ  орын,  психологиядан  –  ІІ  орын;  мектепке 
дейінгі білім – І орын; қазақ ҽдебиеті – І орын; қазақ тілі – І орын; 
2007-2008  оқу  жылында  Жоғары  оқу  орындарының  арасында  ҿткен 
жаратылыстану-техникалық,  ҽлеуметтік-гуманитарлық  жҽне  экономикалық 
ғылымдар  бойынша  студенттердің  ең  үздік  ғылыми  жұмысына  арналған 
республикалық  байқауда  жүлделі  орынға    ие  болған  университеттің  8  студенті 
Қазақстан  Республикасы  Білім  жҽне  ғылым  министрлігінің  арнайы  дипломымен 
марапатталды.  Олардың  үшеуі  –  1  дҽрежелі,  екеуі  2  дҽрежелі,  үшеуі  3  дҽрежелі 
диплом  иегерлері  болса,  Корпоративтік  Қазақстан  Білім  жҽне  ғылым  қорының 
тағайындаған атаулы стипендиясына университеттің 4 студенті ие болды. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
13 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ 
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ 
ЛАУРЕАТЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ КЕҢЕС НҮРПЕЙІСҰЛЫ НҮРПЕЙІСТІҢ 
ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет