Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


ІV гүлдің тапсырмасы: Суретпен жұмыс



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата22.12.2016
өлшемі2,51 Mb.
#101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

ІV гүлдің тапсырмасы: Суретпен жұмыс. 
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Қазақтың ақиық ақыны. Балалар ақиық 
дегеніміз не?  Ақиық-мықты ақын. 
Тапсырмасы 42-жаттығу
«Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» өлеңін жаттап алыңдар. Біз бұл өлеңді музыка сабағынан жаттаған 
болатынбыз. Сергіту сәті ретінде осы өлеңді қонақтарға айтып берейік. 
Осы өлең шумақтарындағы 
Мен тілеймін саған 
Ұзақ өмірді! 
Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар. Олардың құрамындағы дауысты дыбыстар жуан ба, жіңішке ме?
V гүлдің тапсырмасы:Дәптермен жұмыс.
Терме диктант.Тек жіңішке дауысты дыбыстар тұрған сөздерді теріп жазу.
Дәптерімізді көлбеу қойып, тап-таза әдемі етіп жазайық. 
Ата, әже, ана, әке, аға, әпке, көке.
Тақтамен жұмыс.
Әже, әке, әпке, көке.
VI Құмыраның тапсырмасы: 
Соңғы анамызға  беретін құмырамыздың тапсырмасы: 
Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Әжесі мен немересінің суреті.
Немере дегеніміз кім? Ұлдың баласы. 
Олай болатын болса, өлеңді түсініп оқыңдар. 
Оқулықпен жұмыс. 

Мұғалімнің оқуы

Жеке оқушының оқуы

Рөлге бөліп оқуы
Әжесі мен немересі
-Жүрегім кім менің?
-Мен!
-Тірегім кім менің?
-Мен!
-Жаным кім менің?
-Мен! 
-Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
-Қасыңда боп әрдайым, 
Мен ешқайда бармаймын.     Қ.Ыдырысов
Бекіту.Сұрақ қою арқылы
1.
Жуан дауысты дыбыстарды ата. 
2.
Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
3.
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз қалай айтылады? Жіңішке айтылады. 
4.
Әлди, әлди өлеңін кім айтады? 
Қорытынды
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Анамызға  өз біліміміз арқылы гүл жинадық. Аналарың мен әжелерің қуанатын болды. Әр уақытта ұстаздарды, 
үлкендерді ренжітпей, сыйлап, ақылды бала болып өсейік. Осы гүлді анамызға апарып қуантамыз. Келесі сабақтарда қолдан
өзіміз гүл жасаймыз. 
Сабақты бағалау. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды гүлдерін саната және мадақтай отырып бағалау. 
Үйге тапсырма:  Әркім өз отбасы жайлы суреттер көрмесін жасап келу. 45-бет «Әлди, әлди» өлеңі жаттап келу. 
35

Оңтүстік Қазақстан облысы , Сайрам ауданы
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 
Торегелдиева Жанат Куралбековна
Қазақ тілі  пәнінен қысқа мерзімді жоспар.  7 «А»-сынып                                                     
Сабақтың тақырыбы:
Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты:
 Етістіктің райлары туралы түсінік беру, танымдарын кеңейту.                   
Алған білімдерін пысықтап, үйренген нәрселерін күнделікті өмірде тиімді 
пайдалану.
Күтілетін нәтиже
  Етістіктің түрлерін ажырата біліп, күнделікті сабақ жазу барысында 
сауатты жазу.
Сілтеме
7-сынып қазақ тілі  оқулығы ,  257 – 347- беттер, 
Сабақта қолданылатын материалдар:
      1.  Оқулық    2. Кеспе қағаздар  3. Ереже жазылған кесте  4. АКТ      5.
Электронды оқулық   
Оқыту әдістері:
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер,СТО , АКТ, көшбасшылық,  
оқыту үшін бағалау Полиглот 
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ 
барысы 
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Қажетті 
құралдар
І. 
Ұйымдастыру 
кезеңі2 минут
 Оқушыларды түгендеп, журнал 
толтыру, кезекшімен сұхбат.
   
Кезекші сабақта жоқ оқушыны айтады.
Сынып 
журналы
   
Ынтымақтаст
ық 
атмосферасын
қалыптастыру
.2 минут
 Суреттегі нәрсені ыммен түсіндіру  
әдісі 
Түрлі кейіпке еніп тапсырма 
орындайды.
Түгел қатысады. Дене қимылдарын 
жасайды. 
суреттер
 ІІ. Үй 
тапсырмасын 
тексеру5мину
т
Кеспе қағаздарын таратып өткен 
тақырыптар бойынша жауап сұраймын.   
«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы үй 
тапсырмасын қайталау
.Берілген сұрақтарға жауап береді. 
Жіпті өзара тарқату арқылы сұрақтарға 
жауап беру.
Оқулық,кес
пе қағаздар, 
жіп, сұрақтар
Топқа бөлу  
2минут
Мақал- мәтелдер  арқылы топқа 
бөлінеді
 Суреттерді құрастыру арқылы мақал- 
мәтелдерді тауып оқиды, мағынасын 
ашып, етістікті тауып, рай түрін анықтап  
түсінік береді.Топқа бөлініп атын ,ұранын
тауып айтады.
суреттер
ІІІ. Жаңа 
сабақ          
 Тақырыпты
ашу
5минут
 «Қайталау- оқу анасы» деп бекерге 
айтылмаған. Ендеше, бүгінгі 
сабағымыздың тақырыбы қалай деп 
ойлайсыңдар? ( жауап: етістіктің 
райларын қайталау).
1. Электронды оқулық арқылы 
таныстырылым.
2. Полиглот әдісі арқылы тапсырмалар 
орындау
   Берілген сұрақтарға жауап береді. Өз 
ойларын ашық айтады Оқулықта 
айтылғандарды назар салып тыңдап алып 
тапсырма орындайды.. . 
2. Берілген суреттерге қарап көп 
нүктенің орнына тиісті сөзді тауып 
айтады. Қазақ, орыс, ағылшын 
тілдеріндегі аудармасын тауып айтады.
Таныстыры
лым, суреттер,
электронды 
оқулық.
Тапсырма
10 минут
Топқа тапсырма береді. 
І топ«Венн» диограммасымен райдың 
түрлерінің ұқсастықтарын, ерекшелігін 
жаз.
ІІ топ «Топтастыру»  диограммасымен 
райдың түрлерінің ұқсастығын жаз.
Әр топ өздері сөйлем құрап тақтаға 
жазып талдап береді.   
   Оқушылар топ болып берілген 
тапсырманы орындайды, қорғайды. 
  Ережеге бағынуды, уақытты ұтымды 
пайдалануды да естен шығармайды.
Тақтамен жұмыс.
Оқулық, 
дәптер, 
маркер, 
стикер, 
плакат.тақта
ІҮ. Сергіту 
сәті                  
2 минут
  «Көңіл- күй» әдісі арқылы  тапсырма 
орындау.
  Берілген сөйлемді түрлі кейіпке еніп 
орындау.Тренингке қатысады
Музыка, 
суреттер.
Ү. 
Пысықтау 9 
минут              
Шығармашылық тапсырма
Жеке жұмыс
 «Бақыт деген не?» 
 Берілген тақырыбында ой толғау 
жазады.
дәптер
ҮІ. 
Қорытынды   
2 минут
Сабақты қорытындылайды.    «ия», 
«жоқ» орындығы арқылыСұрақ – жауап 
әдісі
Оқушылар жауап береді
Оқулық, 
кеспе қағаздар
36

Кері 
байланыс    2 
минут
Стикерлерге сабақтан алған әсерлері 
туралы жазып, «Тілек 
ағашына»жапсыруға тапсырма береді.  
Тақтада ілулі тұрған «Тілек ағашына» 
сабақтан алған әсерлері туралы жазылған 
стикерлерлерін жапсырады.
 «Тілек 
ағашы» суреті 
Түрлі- түсті 
парақшалар
ҮІІ. Үй 
тапсырмасы    
2минут
Етістіктің райларын қайталап, 
«Атаңның баласы болма, адамның 
баласы бол» тақырыбында ойтолғау 
жазып келіңдер.
Тапсырмаларды мұқият тыңдап, түртіп 
алады.
күнделік
ҮІІІ. 
Бағалау       
2минут
Сабақ барысында алған балдарын 
қорытып, бағалау
Сабақта алған бағаларын 
күнделіктеріне қойдырады.
күнделік
Жуманазарова Гулнар Тожибаевна 
Бастауыш сынып мұғалімі
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Шардара қаласы
Тақырыбы:   Ара мен Шыбын     Оспанхан Әубәкіров
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі: оқушыларға  «Ара мен шыбын» мысалының мазмұнын меңгерту. Мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай   
жасау.
2.Дамытушылығы: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып 
сөйлеуін,шығармашылық ойлауын дамыту.
3.Тәрбиелігі: еңбек сүйгіштікке, қонақ жайлылыққа және жаман әдеттен аулақ  болуға     тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс - сабақ.
Әдісі: ЖИГСО , СТО, сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, сызба,үлестірме  қағаздар
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі:
А) Топқа  бөлу
І топ – «Оқу» тобы
ІІ топ – «Жазу» тобы
ІІІ топ – «Өнер» тобы.
( Топтың аты тақтаға ілінеді. Топ басшыларына ұпайды есептейтін бағалау парағы  беріледі. Олардың міндеті – жауап берген
өз тобының балаларын белгілеп отыру. Жинаған фишканы санап, әр топтың ұпайы есептеп шығарылады. Топтың аты 
жазылған әрбір қалташаға ұпайды салып отырады.)
2.Психологиялық  дайындық Жүректен  жүрекке
 3.Үй тапсырмасын  сұрау
А) Аққу  , Шортан  Һәм  Шаян  (жатқа)
Б) «Сиқырлы  сандықша » ойыны.
Ойынның  шарты : билет  таңдап  алады, сұраққа  жауап  береді. Дұрыс жауап берсе, сыйлық  бар.
4. Жаңа  сабақ
А) Ребусты шешу. Шешуі :  Ара  мен  Шыбын
Б) Кіріспе
Автор туралы қысқаша дерек.
      Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек 
ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», 
«Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т. б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – 
талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
В)  Үнтаспадан «Ара мен Шыбын»  мысалын  тыңдату .
Ара мен Шыбын туралы не білеміз? Ара-бал жинайды. Араның балы тағам ретінде пайдаланылады және көптеген  
ауруларға  ем.Уы да дәрі.
     Шыбын-буын аяқтыларға жатады.Шыбын жәндіктерге азық.Шыбынның өлексесі топыраққа сіңіп қара шірікке 
айналады
Г) «Кім  мықты? » ойыны
А). «Өнер» тобының тапсырмасы. Ара мен Шыбын қанатын жамылып, сахналау.
Ә). «Оқу» тобы мысалды  суреттеп  береді.Постермен  жұмыс .
Б). « Жазу» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам...» тақырыбына эссе жазады.
5. Дәптермен  жұмыс .   Өзіндік жұмыс: Сипаттау.
Шыбын (қандай?)    Ара (қандай?)
Жалқау          ұқыпты
Өтірікші          ұйымшыл
37

Арамтамақ           еңбекқор
Нас           шыншыл
Тұрақсыз             пайдалы
6. «Ойлы  болсаң , озып  көр»  сайысы
1- топ «Өнер» тобы Қонақ  жайлы тақпақ ,мақал-мәтел  айту.
2-топ «Оқу» тобы Еңбек  туралы тақпақ , мақал-мәтел  айту.
3- топ  « Жазу» тобы Жалқаулық , еріншектік туралы  тақпақ , мақал-мәтел айту.
7.Сабақты  пысықтау
А) Ханталапай  ойыны  Топ  мүшелері  үлестірме қағаздардағы  сұрақтарға  жауап  береді.  
8.  Анализ сатысы. Тақырыбы: Ара мен Шыбын  Авторы: О. Әубәкіров
Жанры: мысал   Кейіпкерлері: Ара, Шыбын
Негізгі идея: Ара сияқты еңбекқор, қонақжай, талапты, адал болу.
Қорытынды: Жалқаулықтан, еріншектіктен, жаман қасиеттерден аулақ болу.
9.Абай өсиеті бойынша сабақты қорыту.
Кеселді, жалқау, қылжақпас,
Әзір тамақ, әзір ас.
Сыртың – пысық , ішің – нас,
Артын  ойлап ұялмас .( 6 қара сөзінен)
11.Ара тілегі (видео)
12.Бағалау. Топ басшылары өз топтарының  мүшелерін бағалайды. Жинаған  жетондарына қарай , үздік  топты  анықтау.
Кері байланыс   Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
13.Үй тапсырмасы Мазмұндау.
* * * * *
Жарқынбаева Рано Түзелбайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№104    Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, С.Саттаров ауылы
Сабақтың тақырыбы: «Бірлігі жарасқан халықпыз»
Сәлемдесу: Қонақтармен сәлемдесу.
Мақсаты: Балалардың «достық», бірлік, халық құндылығы туралы түсініктерін 
кеңейту.
А) Біліміділігі: халықтар достығы, жарастығы, бірлігі туралы түсінік қалыптастыру.
Өтілетін кезеңі
     Топ атау
Пс
ихол
огия
лық
саба
қ
Ш
атт
ық
ше
ңбе
р
М
ен
жән
е
өзг
еле
р
ә
ңгі
мел
есу
М
әтін
мен
жұ
мы
с
Д
әйе
к
сөз
О
йы
н
жат
тығ
у
Т
апс
ыр
ма
Ж
аңа
ақп
ара
т
А
дам
и
қар
ым-
қат
ына
с
Т
ын
ыш
тық
сәті
Қ
оры
тын
ды
Ж
үре
кте
н
жүр
екк
е
«Қыран»
«Тұлпар»
Ә) Дамытушылығы: өзара сыйластық, қарым- қатынастарын дамыту;
Б) Тәрбиелігі: ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: 1.мәлімет, суреттер;
2.оқулық, дәптер;
3. гүл, карта, күн, көгершін
Сабақ түрі: ынтымақ сабағы
Сабақ типі: сабақты топтастыру «Қыран», «Тұлпар»
Сабақ әдісі: сұрақ- жауап
Сабақ байланысы: ана тілі дүниетану, музыка
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта
Сабақта өтілетін кезең:
3.
Ұйымдастыру: Психологиялық сабақ
 Шаттық шеңбері
Балдәурен
Болашақтың 
гүліміз,
Қазақстан 
думанды елім          
 Бақыт құшқан баламыз,
Жарқын біздің үніміз.
Балалық кез өтер сенде             
 Гүлге оранған даламыз.
Достық байлық мекені
Қызығы мол балдәуреннің       
 Жаңа елдің көгінде
Біздің туған еліміз.
38

Қызығы мол балдәуреннің        
Жұлдыз болып жанамыз.
Қазақстан  туған жерің,
Балдәурен-ай балдәурен
                                                                                                                                                                                                                  
Музыка; Қазақстандағы халықтар достығын ұғындыру мақсатында өлең мазмұнын талқылау.
Өлең жолдарын  әр бір екі қатар бойынша жеке- жеке талқылау.
Қазақстан не себепті достық мекені деп ойлайсың?
«Мен және өзгелер»ой толғау
1.Мен және отбасы
  2. Мен және  үн
3. Мен және достық 
 Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім: Сабақ тақырыбын бағыттау.
«Бірлік» «Татулық» туралы не білесің?
«Бірлігі жарасқан халықпыз» дегенді қалай түсінеміз?
Оқушы ойларын түйіндеу.
Мұғалім: Балалар дұрыс айтасыңдар. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де, бір ұлттың балаларындай, 
барлығы да бір –бірімен тең құқықта қарым- қатынас жасай алады, бірдей білім алады, бірдей еңбек етеді. Тіпті олардың  
арман тілектері бірдей, өткені бәрінің жүрегі туған өз отаны Қазақстан деп соғады.
5) Мәтінмен жұмыс:Туысқан ел.    Ж.Жабаев.
Енді бүгін қарасам,
Бірімен –бірі туысқанҚырғыз, қазақ, өзбектер, 
Айналам бақыт кең жатыр.
Қол ұстасқан ел жатыр. 
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузинОрыспенен, украинТерезесі тең жатыр.
Алатау Кавказ ұласып,Баурайы бұйрат кең жатыр.Бақыттың әні асқақтар
Құлаққа даусы кеп жатыр.
-Ақын не себепті әр түрлі ұлт өкілдерін бірімен-бірі туысқан деп айтады?
-Не үшін Қазақстан бақытты ел деп ойлайсыңдар?
Мұғалім: Ия, дұрыс айтасыңдар. Мұндағы әрбір адам қай ұлттық өкілі болмасын біздің елде тұратын барлық ұлттың 
тіліне, дәстүріне, әдеп ғұрпына сыйластықпен қарайды.
Кәнекей, біз де өзімізді тексеріп көрейікші.
6) Дәйек сөз: «Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады»
«Бірлігі жоқ ел  тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мақалға балалардың назарын аударып, оның мәнін талқылау.
2-топ мақал –мәтел айтамыз.
Дәйек сөзді дәптерге жазып алады.
       7) Ойын жаттығу:Тапсырма: «Менің елім бақытты»
Мағынасын түсіндіру.
8) Тапсырма: «Менің елім бақытты»
9) Күннің шуағына әңгіме құрастыру.
Жаңа ақпарат
Мұғалім: «елде ынтымақ, бірлік болғанда халық жарасымды, бақытты өмір сүреді» деген жаңа ақпаратпен оқушылардың 
алған білімдерін түйіндеу
10. Адами қарым- қатынас  «Бір ауыз сөзбен қуанту»
12. Үйге тапсырма Дәптерде берілген ашық хатта. Басқа ұлттардың әдеттерін , дәстүрлерін жазып келу.
12. Қорытынды. Достық. Бейбітшілік
14. «Жүректен  жүрекке»  балалар шеңберге тұрып қол ұстасып
«Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындайды
                                  «Әрқашан күн сөнбесін»
Күн әдемі, көк әлемі
          Әрқашан күн сөнбесін
Бұл суреті жас баланың
Аспаннан бұлт төнбесін
Ақ қағазда салған өзі                                   Қасымда болсын анам 
Жазылған бар сөзі                                        Болайын мен де аман.
Қорытынды 
* * * * *
Әзтай Перизат Саттарқызы Бастауыш сынып мұғалімі
Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебіОҚО, Шардара қаласы
Сабақтың тақырыбы: «Төрт ана» М.Шаханов
Сабақтың мақсаты:
А)Білімділігі:М.Шахановтың өмірі туралы мәлімет бере отырып,“Төрт Ана” өлеңін оқып мағынасын ашу.
Ә)Дамытушылығы:оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту, ойлау, сезіну қабілеттерін дамыту. 
Б) Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеп, тілді құрметтеуге, әдеп-ғұрыптарды және тарихымызды тереңінен білу. Өзіне тірек 
болатын тілін, салт-дәстүрін қастерлеу.
Сабақтың түрі:Дамытушылық сабақ.
Пән аралық байланыс:Қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка.
Сабақтың әдісі:мәтінмен,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:М.Шахановтың портреті,топтастыру әдісі,үлестірме қағаздар,интерактивті тақта,жауап белгісі, 
«бес саусақ» бағалау парақшасы,ойындар «Тиінге азық жинау», «Адасқан сөздер» 
39

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеп,топқа бөлу.
2. Психологиялық дайындық:
Оқушылар тақтада көрсетілген смайликтің бет бейнесін көрсету.
3.Үй тапсырмасын пысықтау.
«Құстардың айтысы» ертегі.
Ойын: «Тиінге азық жинау»
Торға қандай құстар түсті?
Құсбегі деген кім?
Құстар тордан босанудың қандай жолын ақылдасты?
Бірлік туралы мақал айт?
Көгершіндер қандай сөздер айтты?
Ертегі соңы қалай аяқталды?
4.Жаңа сабақ 
Слайд көрсету.
Мұхтар Шаханов жайлы қысқаша деректер:
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2-ші шілдеде Оңтүстік Қазақстан Облысы, Төлеби ауданы, «Қасқа су»селосында дүниеге 
келген.1969 жылы «Оңтүстік Қазақстан»институтын бітірген.
Қазіргі таңда «ХХІ ғасыр және Руханият»атты халықаралық лига клубының президенті.
Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта 72 жаста. Ақынның ұстанымы – халықтың көзін ашу.
5
. Оқулықпен жұмыс:
1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру. 
2. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту.
6.Топтарға ат беру
1-топ Туған жер
2-топ Туған тіл
3-топ Салт-дәстүр
4-топ Туған тарих
7.Топпен жұмыс
I .  Туған жер (Мақал-мәтел)
II . Туған тіл  (Өлеңді мәнерлеп жатқа айту)
III .Салт-дәстүр  (Бата сөздер)
IV .Туған тарих  (Еліміздегі  тарихи оқиғалар)
8.Сабақты қорытындылау
Ойын:  “Адасқан сөздер”
Берілген сөз тіркестерін тақырыпқа сай жапсыру. 
Отан,ауыл,ана тілі,бесікке салу,Мақтарал,қазақ 
тілі,отбасым,сүндет той,Астана,Байтерек,өнер алды-қызыл тіл
т.б.
9.Мағынаны тану:Сын тұрғысынан ойлау.
Туған тарих.(жасыл түс)
Туған тіл.(қызыл түс)
Салт-дәстүр.(сары түс)
Туған жер.(көгілдір түс)
10.Оқушылармен жұмыс:
Сұрақ-жауап
1. М.Шаханов кім?
2. “Төрт ананы” ата?
3. Ақын неше жаста?
4. Ақын қандай өлеңдер жазған?
5. “Достық өлкесінде“ өлеңінің ең соңғы шумағын жатқа 
айт.
11.Ән:
«Туған күн кешінде»
12.Үйге тапсырма: “Төрт Ана”   жатқа айту.
  Батыс Қазақстан облысы  Казталовка ауданы  Жұлдыз ауылы    
А.Хұсайынов атындағы  орта жалпы білім беретін мектебі
мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Жубанышкереева  Ақтоты Суеугалиевна
                                                                                                          
Тобы: Мектепалды даярлық тобы
Саласы: Шығармашылық   Бөлімі: Жапсыру   
Сабақтың тақырыбы:  Қажетсіз заттармен жұмыс. 
Сабақтың мақсаты: балаларды әр түрлі қажетсіз заттарды пайдаға асыра білуге үйрету. 
Йогурттың, сіріңкенің және босаған құтыларынан қоянның бейнесін құрастыра білуге 
үйрету,  ой - қиялын дамыту, саусақ моторикасын жетілдіру, ұқыпты және таза жұмыс жасау 
дағдыларын қалыптастыру, табиғатты аялау сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: орман, қасқырдың және қоянның суреттері, йогурттың қауашақтары, түрлі түсті қағаздар, сызбалар, 
ермексаз, сіріңкенің қорабы, қақпақ, жұмсақ қағаз, гуашь,
желім, қайшы және қажетсіз заттан жасалған үлгі аңдар.
Сәлемдесу:  
« Амансың ба, ұлдарым 
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерін
Қандай әсем жырларын.
Сәлеметсіңдерме, балалар!». 
Қане, балалар, бәріміз бірге шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері:
« Біз кішкентай баламыз,
 Өсіп- өніп толамыз,
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға 
Жақсылық біз тілейміз ».
« Қоянның құлағы неге ұзын » ертегісін оқу. 
    Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтарын 
және түрлі әдемі гүлдермен безендіреді. Қоян туған күніне арнап, әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне кірпіні, түлкіні, 
қасқырды, аюды шақырды.
40

- Туған күнін құтты болсын, Ақ қоян!- деп кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырш жаңғақтарын әкелді.
- Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсын!- деп аю бір шоқ қалампыр гүлін ұсынды.
- Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі?- деп түлкі келді.
- Қасқыр неге кешікті?- деп төртеуі бір-біріне қарады.
Біраздан соң есік сыртынан сықыр естілді. Қасқыр кешіккеніне кешірім сұрап, қоянға арнап сәбіз әкелді.
- Туған күнің құтты болсын!- деп, Қоянның құлағын созып тартады. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып 
кетті. Сонан бері қоянның құлағы ұзын екен.
   Ертегі мазмұны бойынша сұрақтар:
Балалар мен сендерге қазір сұрақтар қоямын сұрақтарға жауап берейік.
- Қоян туған күніне қандай аңдарды шақырды?
- Кірпі, түлкі, қасқыр қоянның туған күніне не сыйлады?
- Қасқыр кешігіп келіп не деді? Қандай сыйлық сыйлады?
- Неге қоянның құлағы ұзын екен?
Үстел үстінде тұрған қасқырдың, қоянның, орманның суреттерін таңдап, балаларды топқа бөлу.
Суретпен жұмыс. (Әр таңдалған суреттерге түсінік беру)
Қасқыр: - Білесіңдер ме, балалар, қасқыр күшті әрі шапшаң аң, оның ақылы мен айласы түлкіден де асып түседі. Олар 
жемтігін аулау үшін бірнеше сағат бойы жорта алады. Жемтігіне ұйымдасып шабуыл жасайды, бірі тығылып отырса, ал 
екіншілері жемтігін соған қарай қуады. Қасқырлар жемтіктеріне жеткенде, оған секіріп тарпа бас салып, тамағынан осып 
жібереді. Қасқырдың ауыз сүйегі өте тар, сондықтан ауыздарын кең аша алмағандықтан, жемтігін асықпай жейді. Қасқырлар
топтасып өмір сүреді. Бірігіп аң аулайды, бөлтіріктерін де бірігіп асырайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет