ІҮ. Сергіту сәті «Қызықты сұрақтар» ойыны.
Бұл ойын ата-аналарға сергіту сәті кезінде жүргізіледі. Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады.Ойынды жүргізуші
допты лақтыру арқылы ата-аналарға кезекпен сұрақтарды қояды. Допты алған ата-ана сұраққа жауап беріп, допты кері
қайтарады. Ойын қызықты өтеді.
1.Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Кеше сабақтан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1 сыныпқа қай жылы барды?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі? т.с.с
Ү. «Сіз қандай ата-анасыз?» атты тест жұмысын орындату және нәтижесімен таныстыру.
Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.
Жауаптар:
А) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын.
Ә) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын.
Б) қолымнан келмейді.
1. Кез -келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан
келе ме?
2. Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?
3. Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?
4. Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?
5. Егер баланың қылығы сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?
6. Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?
7. Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу
қолыңыздан келе ме?
8.Бала кезіңізде болған оқиғаның тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?
9. Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?
10. Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?
11. Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?
12. Егер де сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа,
eлеп- ескермеу сіздің қолыңыздан келе ме?
13. Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұранып тұрса, сіз осыған ұстамдылық
ете білу қолыңыздан келе ме?
Кілті: А- 3ұпай, Б-2 ұпай, В-1 ұпай.
16 ұпайға дейін– бала тәрбиесі Сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге не білім жетіспейді, не болмаса балаңызды
жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Сол
себептен педагогтан және психологтан кеңес алуды ұсынамыз.
16-30- Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе ол балаға деген қамқорлық.Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс
жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде тым қаталсыз, кей жағдайда тым жұмсақсыз. Сізге баланы тәрбиелеуге
мән берген өте қажет деп ойлаймыз.
30-39- өміріңіздегі ең қыматты адам- балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз
келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын
ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.
ҮІ. «Жүрек жылуы»
Ата-аналарға жүрекшелер таратылады.Сол жүрекшеге балаларына деген жақсы лебіздерін жазу, ұсыну.
ҮІІ. Қорытынды
* * * * *
Маңғыстау облысы. Түпқараған ауданы. Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагог-психологы
Дуйсенбаева Акерке Кайргалиевна
Тақырыбы: «Сенім – менің серігім» психологиялық тренинг сабақ
Мақсаты: оқушылардың бойына сенімділікті орнату, стрессті жеңудің жолын көрсету, жағымды көңіл-күй
қалыптастыру.
Әдістері: түсіндіру,талдау, жеке жұмыс, ойын жаттығулары.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, маркер, ақ парақ, әуен, қызыл кілемше т.б.
Қатысушылар: ҰБТ тапсырушы 11-сынып оқушылары, көрермен мұғалімдер.
Сабақтың жүрісі: Кіріспе сөз.
Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер және оқушылар қазір өткелі отырған «Сенім-менің серігім» атты тренинг сабаққа қош
келдіңіздер! Сабаққа көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, қызықты өткізейік.
Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі адамның өмірге деген құштарлығын оятып, қызығушылығын арттырады. Егер
де біз сенімді өмірлік серік қылсақ өз құндылығымызды түсінуге, ойлаған мақсаттарымызға жетуге көмектеседі. Әрине,
30
өмір болған соң әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерін бастан өткіземіз. Бойымыздағы сенімділікті
төмендететін адамда кейбір кедергі ойлар туындайтын кездер де болады. Қазіргі таңда сендерді мазалайтын ой ҰБТ-ден
жоғары ұпай жинау,өздерің қалаған оқу орындарына түсу.Қазір біз өзімізді мазалайтын кедергі ойлардан арылу үшін «Маған
не кедергі?» жаттығуын орындаймыз.
«Маған не кедергі? » жаттығуы
Оқушыларға қалам, парақ және 5 минут уақыт беріледі. «Маған не кедергі» тақырыбына тізім жасайды және әр оқушы
өздерінің жазған кедергілерін оқиды.
Топта талқылау. Бізге не кедергі екенін білген кезде, бізге жағдайды өзгерту жеңіл болады. Егер адам нақты кедергіні
сезінсе, оның қайдан шыққанын оңай түсінеді және одан шығар жол таба алады.
«Менің мақсатым...» жаттығуы
Әрбір оқушы өзінің мақсатымен таныстырып өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп кезекке тұрады. Музыкалық әуен
жіберіледі. Жүргізуші әр оқушының мақсаты болып белгіленеді. Содан кейін оқушылардың кезекпен көздері байланады,
олар жүргізушіні тауып жетулері керек.
Талдау: Мақсатыңа жету оңай болды ма? Қандай сезімде болдың? Оқушыларға мақсатқа жету жолында әр түрлі
кедергілердің болатынын және әр кім әр түрлі жолмен жететінін түсіндіру,қандай жағдайда да сенімдерін жоғалтпауды
ұғындыру.
«Өзіммен өзім» жаттығуы
Оқушылар жайланып отырады, әдемі әуен жіберіледі. Оқушыларға мына мәтін оқылады: Көз алдарыңызға үлкен жасыл
ағаштың астында, самал жел мен көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Әрқайсымыз өзіміздің 5 жылдан
кейінгі өмірімізді көз алдымызға елестетеміз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кімдер бар? Қай
жерде тұрасыз? Қандай маман иесі болдыңдар? Осылардың барлығын көз алдымызға елестетіп, ойымызды жинақтап, қазіргі
әлемімізге оралайық.
«Қабылдау комиссиясы» рөлдік ойыны
Бұл ойынға оқушылар оқуын бітірген, белгілі бір маман иесі ретінде қатысады. Қатысушы мұғалімдер арасынан
мамандарды жұмысқа қабылдайтын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясы алдында әр оқушы өзінің
көрсететін қызметі, қабілеттері, бейімділігі, жетістіктері туралы айтып, өзін-өзі жарнамалайды.
Талдау: Қабылданушының комиссиямен әңгімесі мен мінез-құлқы, сонымен бірге «қабылдау комиссиясы» мүшелерінің
әрекеті талқыланады.
«Мен жұлдызбын» жаттығуы
Әрбір оқушыға қазіргі таңдап отырған мамандықтарының жұлдызы болатынын сезінуге мүмкіндік беру.
Оқушылар жерге жайылған қызыл кілемшенің екі жағына бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Әуен жіберіледі. 20
жылдан кейінгі елбасымыздың қабылдауына жиналып тұрған мамандар. Жүргізуші оқушылардың аты-жөнін атап шақырған
кезде (мысалы: медицина ғылымдарының докторы, «Ең білікті маман-2030» байқауының жеңімпазы Құралбаева Айдана
Нығыметниязқызы) қызыл кілемшенің үстімен көрермендерге қарап, екі қолын жоғары көтеріп, күлімдеп жүріп өтеді.
Қорытынды
Сеніміңнен сен биікте тұрасың,
Сонда саған басын иер құзар-шың.
Сенім-патша,сенім-қыран,сенім-жыр,
Арманыңның асқарына шығарсың.
* * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы,Сайрам ауданы №28 «Ақбай» жалпы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Куралова Ділдара
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: 13.03.2015
Пәні:Қазақ тілі
Сынып: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы:
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты:
Құрмалас сөйлемнің арасына қойылатын тыныс белгілері туралы үйрету,
құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге сөйлем мүшелеріне талдай алуға
дағдыландыру.
Оқыту нәтижелері:
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері туралы түсінік қалыптасады,тыныс
белгілерді қоюды меңгереді. Салалас пен сабақтасты ажырата алады.
Негізгі дерек көздер:
Оқулық, таратпа материалдар, стикерлер, проектор,слайдтар ,ноутбук
Сабақтың барысы:
Сабақтың
кезеңдері
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
Ресурстар,
көрнекілікте
р
Ұйымдасты
ру кезеңі
(3 минут)
А 4 парағына қима қағаздарды жапыстыру және
стикерді түсін таңдап алу арқылы топқа бөліп
отырғызамын.
Оқушылар қима қағаздар
арқылы екі топқа бөлініп
отырады.
Қима
қағаздары,сти
керлер
Үй
тапсырмасын
сұрау
(5 минут)
Берілген мәтін бойынша сатылай комплексті
талдау жұмысын тексеріп сұрақ-жауап
ұйымдастырамын
Оқушылар қима
қағаздарына жазылған
сұрақтарға жауап береді
Қима
қағаздары,сти
керлер
31
Ой қорыту
(5 минут)
Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері туралы
мәлімет беремін
. Құрмалас сөйлемдердің
тыныс белгілері туралы
мәлімет алады және
сайдтағы сөйлемдерге
тиісті тыныс белгілерді
қойып оқиды
Оқулық
,слайд
Миға шабуыл
(15 минут)
Қызықты сұрақ-жауап ұйымдастырамын
Оқушылар сабақ
барысында он сұрақтан
тұратын қызықты
сұрақтарға жауап береді
Оқулық,үл
естірмелі
қималар
Мағынаны
тану
(3 минут)
Стикерлерге деңгейлік тапсырмалар жазылған ,
сөйлемдерден бағыныңқы, басыңқы сөйлемдерді
табу тапсырмасын беремін
Оқушылар сойлемдерді
оқып , сөйлемдерден
бағыныңқы, басыңқы
сөйлемдерді тауып оқып
береді
стикерлер
Сергіту сәті
(3 минут)
«Тропикалық жаңбыр»ойнын ойнатамын
Қимылдар
жасап,бойларын сергітеді.
бейнеролик
Сабақты
қорытындылау
(5 минут)
Топ арасында тақырыпқа байланысты А6 парағына
қима қағаздарда салалас сабақтас құрмалас сөйлем-
дердің жалғаулықтарын жа -зып араластырып тастай
-мын
Оқушылар қима
қағаздарда жазылған
салалас сабақтас құрмалас
сөйлемдердің
жалғаулықтарын ажыратып
А6 парағына жапыстырады
да қорғап береді
Қима
қағаздары, А6
парағы
Оқушылардың
өзін-өзі бағалауы
(2 минут)
Өтілген тақырып бойынша оқушылардың
білімдерін анықтау үшін топтық бағалау жасатамын.
Топ бір-бірін
бағалайды,өздеріне берілген
бағаны нақтылайды.
Екі
жұлдыз,бір
тілек
жазылған
стикерлер
Үйге тапсырма
(3 минут)
224-жаттығу «Көңіліміздегі түрлі ойлар»
тақырыбында шағын пікір жазып,сыңары -ларының
арасына қос нүкте , нүктелі үтір, сызықша қойылған
құрмалас түрлеріне мысалдар келтіріңдер
Үй тапсырмаларын
белгілеп алады.
Оқулық
Кері байланыс
«БББ»
(2 минут)
«Қураған ағаш.» ойынын ойнату
Сабақ барысында нені
білді,не түсінді деген
сұрақтарға жауап ретінде
өз ойларын стикерлер
жазып жапыстырады.
үлестірмелі
стикерлер,сла
йд
Қарағанды облысы. Жаңаарқа ауданы
«№132 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Ермекбаева Гулдана Тлеубаевна
Дүниетану 4-сынып
Тақырыбы:Жер-шар тәріздес дене. Глобус-жердің дәл үлгісі
Мақсаты:
Жердің пішіні туралы түсінік беру және оның шар тәріздес екендігі туралы дәлелдермен
таныстыру.
Глобус-жер шарының пішінін дәл бейнелейтін шағын үлгісі екендігін түсіндіру.
Міндеттері
-
Тапсырмаларды орындата отырып,өсімдік мүшелеріне жаңа ұғым тудыратынына
көз жеткізу;
-
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру,ой қорыту,пікір айту дағдыларын
жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап,шығармашылықпен
жұмыс істеу дағдылары артады;
Тапсырмаларды талдау арқылы еркін ойлау,өз көзқарасын жеткізу,дәлелдей
білу,өзгені тыңдау,тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
Әр оқушы өз-өзіне баға береді,өзіндік пайымын жасайды,тәрбиелік,тағылымдық
мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер:
Оқушылардың жер планетасы туралы танымын шыңдау,қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ барысы:
Кезеңдері,м
одульі
Мұғалімнің іс-
әрекеті
Оқушының іс-
әрекеті
Тапсырмалар
мазмұны
Бағалау
Ресурс
тар
32
Ұйымдас-
тыру
(3мин)
Оқушылармен
амандасу,түген-
деу,сабаққа қатысуын
қадағалау.Бүгін-гі
сабақтың
мақсат,міндет-терін
қою.
Оқушыларды
топқа бөлу.
Сабаққа
даярланады,
жинақталады,жаңа
сабаққа ден
қояды.Топқа
бөлінеді,топ
ережелерін
бекітеді.
Стикерлер
үлестіріледі.Әркім өзі
таңдаған сөздері туралы
түсінік бере отырып,топқа
бөлінеді.
Бағалау критерийлері
және оқышының аты-жөні
жазылған кесте беріледі.
Өзара
кри-
терийалды
баға-лау, өл-
шемдерімен
та-нысады.
Күр-
делі
сөздер
жа-
зылған
үлес-
тірмелі
кар-
точкалар
Көркем
жазу:
(3мин)
Ауызша сұрау.
Психологиялы
қ трениг.
Қайырлы күн,достым!
Сәрсенбінің сәті,
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Өзін-өзі
ба-ғалау.
Зерттеу
жұмысы.АКТ
-ны
пайдалану
№ «Ұлттық
ақпараттанд
ыру
орталығы»А
Қ
(5мин)
АКТ-ны пайдалана
отырып топтық
тапсырмаларды
орындату.
Тапсырманы орындау
барысында топтың
жұмысын
қадағалау,бағыт-
бағдар беру.
Топта біріге
отырып,талқылау.Т
алқылау
барысында топта
бір-бірін
тыңдау,ортақ
шешімге келу.
1-тапсырма:
-Күн жүйесінің құрамы
қандай?
-Күн дегеніміз не?
2-тапсырма:
-Күннің бетіндегі қызу
қандай?
-Терең қойнауында ше?
3-тапсырма:
-Күн мен жердің ара
қашықтығы қандай?
4-тапсырма:
-Күннің жарығы мен
жылуының жер беті үшін
маңызы қандай?
Бірін-бірі
ба-ғалау.
Флип-
чарт-тар,
мар-
керлер,тү
рлі-түсті
қағаз-дар,
желім,т.б.
Жаңа
сабақ.
АКИ-ны
пайдалану
№4293
(5мин)
Жер-шар тәріздес
дене,глобус-жердің
дәл үлгісі екенін
таныту.Құрлықтың
жан-жағынан
мұхиттармен
қоршалған ірі
бөліктері материктер
екеніне оқушылардың
көзін жеткізу.
Берілген
сөздерден сөйлем
құрастыру.Өздері
тірек-сызбамен
қорытындылайды.
Мәтінмен жұмыс.
Ой қозғау.
Тапсырмаларды
орындау.
Өзін-өзі
бағалау.
Интер-
активті
тақта.
Оқулықпен
жұмыс.
(10мин)
Әр топтың жұмыс
жүргізу барысын
бақылау,бағыт беру.
Жеке жұмыс.
Оқушылар
тақтаға тізбектей
орындайды.
Оқушыларме
н бірлесе отыра,
берілген
тәжірибені жасау.
1-топ.Мұхиттар аттын
жазу.
2-топ.Материктер атын
жазу.
3-топ.Глобус суретін
салу.
4-топ.Жер-шар тәріздес
дене(эссе)
Өзін-өзі
бағалау.
Топтың
бағалауы.
Флип-
чарт-тар,
мар-
керлер,тү
рлі-түсті
қағаз-дар,
желім,т.б.
Шығармаш
ылықпен
жұмыс.
(10мин)
Әр топқа өз бетінше
берілген сурет
бойынша тірек
сөздерді
пайдаланып,мәтін,өле
ң құрастыруды
тапсырады.Оқушылар
ды
шығармашылықпен
жұмыс істеуге
баулиды.Оқушыларды
ң жұмыстарын
қадағалайды,жетекшіл
ік жасайды.
Топтық жұмысқа
даярланады.
Әр топ өздеріне
берілген
тапсырмалармен
жұмыстанады,біріг
іп атқарған жұмыс
нәтижесін бір
оқушы көретеді.
Оқушылар мұхиттар
мен материктерді жарты
шарлар картасынан
көрсетеді.
1-2 топ. «Жер - ана»
эссе жазу.
3-4 топ.Жер туралы
мақалдар жазу.
Топтың
бағалауы.
Флип-
чарт-тар,
маркерле
р, түрлі-
түсті
қағаз-дар,
желім,т.б.
33
Сабақты
қорытындыл
ау.
Акт №4292
(5мин)
Бүгінгі сабақты
қорытындылау,
оқушыларды
бағалау,үйге тапсырма
беріледі.
Уақыты:5минут
Тест тапсырмасын
орындату
Әр топ
оқушыларын өзара
бағалау парағы
арқылы бағалату.
(қалыптастыру
шы баға)
«Бүгінгі сабақтан
алған әсерім...»
рефлексия жазу.
Үйге
тапсырма:
Күн мен
жер
планетасыны
ң ортақ
қасиееттерін
жазу.
Оқу
құралдар
ы.
Кері
байланыс.
(оқушылар
рефлексиясы)
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не
ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша
сұрақ немесе пікірің...
Қарағанды облысы. Жаңаарқа ауданы
«№132 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Жахина Қарлығаш Серікқызы 1-сынып
Пәні: сауат ашу
Сабақтың тақырыбы:«Әлди, әлди» өлеңі. Жіңішке айтылатын сөздер.
Мақсаты:
-Әлди,әлди өлеңін түсіндіру, жіңішке дауысты дыбыстарды меңгерту.
-Көркем жазу, ауызекі тілдерін, жүйелі сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылықтарын арттыру.
-Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: интер белсенді тақта пайдалану, оқулық
Сабақтың түрі:жаңа білім беру
Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, дүние тану
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Отыра қойыңдар. Бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Себебі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Үйге берілген тапсырманы «Адасқан төлдер» ойыны сұрақтар арқылы тексеру.
Балалар біз нелердің суреттерін көріп тұрмыз? Төлдердің. Дұрыс айтасыңдар, балалар бұл төлдер адасқан төлдер екен.
Бұларды біз аналарына қосуымыз керек. Ол үшін әр төлдің өз тапсырмасы бар екен.Сол тапсырманы орындайық. Дұрыс
орындаған балаға гүл беріп отырамын, сабақтың соңында кімде, қанша гүл бар екенін анықтап бағалаймыз.
Ой қозғау.
1.Сиырдың төлі-бұзау. Төрт түлікті ата.
2.Жылқының төлі-құлын. Төрт түліктің пайдасы қандай?
3.Қойдың төлі-қозы. Төрт түлікті ағылшынша ата. Түйе-камел, жылқы-хос, сиыр-кау, қой-шип, ешкі-гоут.
Ешкінің төлі-лақ. Төрт түлік туралы тыйым сөздер айт.
4.Түйенің төлі- бота. Ешкі сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Өте жақсы. Адасқан төлдерді аналарына қосып бердік. Аналары сендерге алғысын білдіріп жатыр.
Біз сонымен төрт түлік жайлы өткен болатынбыз. Төрт түліктің бізге пайдасы өте көп. Болашақта біз төрт түлік туралы
көп мәліметтермен танысатын боламыз.
Сонымен балалар біз дауысты дыбыстар туралы өткен болатынбыз. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? Екі.Жуан
дауысты дыбыстар: а,о,ы,ұ және жіңішке дауысты дыбыстар:ә,е,ө,і,ү.
Ендеше біз бүгінгі сабағымызда «Әлди, әлди» өлеңі арқылы жіңішке айтылатын сөздермен танысамыз.
Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Қыс мезгілінен кейін қай мезгіл? Көктем. Көктем айларын атап жіберіңдерші. Наурыз,
сәуір, мамыр. Көктем мезгілінде қандай мерекелер бар? 22-наурыз, 8-наурыз аналар мерекесі.
Видео көрсету.
Не тыңдадық? Ән. Қандай ән? Бесік жыры. Бесік жырын қашан айтады? Баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін,
ертерек ұйықтауы үшін айтылатын жыр. Бесікке не үшін бөлейді? Дене бітімі сымбатты және өте таза болсын деп бөлейді.
Бесік жырынсыйлайтын кім бізге? Аналарымыз бен әжелеріміз . Аналары баласы үшін бәріне дайын. Кімнің анасы?
Біздің анамыз. Біз анамызды жүрегімізбен сыйлаймыз.
Алдағы келе жатқан 8-наурыз аналар мерекесіне анамызға сыйлық жасаймыз. Сыйлықты қайдан аламыз? Әрине дүкеннен
аламыз. Бірақ дүкенші бұл гүлдерді сендерге тегін бермейді. Сендер гүлді өз білімдерің арқылы аласыңдар. Кім көп гүл
жинайды сол балалар анасына гүлді беріп, анасын қуантады. Анамызды қуантуға дайынбыз ба? Олай болса балалар
құмыраға гүл жинайық.Гүлдердің өзінде тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындайық.
І гүлдің тапсырмасы: 41-жаттығу. 1. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.
Әлди, әлди
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Жілігіңнің басына
34
Үкі тағып берейін.
2. Қарамен жазылған сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар жуан ба, жіңішке ме?
Бұл сөздер неге дауысты дыбыстар?
Ереже: сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады. Қандай сөздер балалар? Мысалы: жілік, үкі,
дәптер, терезе, киік, өзен, күрек .
Өте жақсы. Гүл құмыраға салынды.
ІІ гүлдің тапсырмасы: Суретпен жұмыс
Суретке назар аударайықшы. Суретте үйдің ішінде кімдер отыр? Ата-әже, ана-әке, ұл бала, қыз бала.
Сөйлем құрату. Балалар сендердің аналарыңның әкесі мен анасы сендерге кім болады? Нағашы ата. Нағашы әже. Өте
жақсы. Бәрі бір үйде тұрса қалай атаймыз? Отбасы.
Сендер ағылшын тілінен де өттіңдер маған ағылшынша бұл сөздер қалай аталатынын айтып беріңдерші. Ата-гранд фазе ,
әже-гран мазе , ана-мазе, әке-фазе, ұл бала-сан, қыз бала-дотә, нәресте-бейби.
Сендер бұл сөздердің орысшасын білесіңдер ме?
Ата-дедушка, әже-бабушка, әке-папа, ана-мама. Жарайсыңдар балалар!
Шығармашылық тапсырма: Оқушылар өз отбасылары туралы таныстырып өту. Олай болса келесі гүлдің тапсырмасын
орындайық.
ІІІ гүлдің тапсырмасы: «Ойлан тап» ойыны. Берілген сөздер: сәбіз, қарбыз, қоян, шар, доп, гүл.
Жарайсыңдар! Келесі гүлді құмыраға салайық енді. Гүл құмыраға салынды. Балалар санап көрейікші неше гүл болды?
Достарыңызбен бөлісу: |