Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата22.12.2016
өлшемі2,51 Mb.
#101
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

* * * * *
Драгалинова В.В.
Учительница школа искуство
Жамбулский обл. р/н Шу, пос.Толеби
Мозайка
Вид занятий:рисование по памяти и впечатлению.
Цели и задачи:знакомство с новыми выразительными возможностями цвета, цветоведением; развитие чувства 
композиции; умения определять оттенки одного цвета, «холодные» и «теплые» цвета; формирование графических навыков в
живописи, художественного вкуса; развитие наблюдательности и внимания; зрительных представлений и впечатлений от 
натуры, зрительной памяти; воображения, творческой фантазии, глазомера; воспитание эстетического отношения к 
действительности и искусству, трудолюбия, усидчивости, чувства товарищества и взаимопомощи.
Оборудование урока: гуашь, крупные и мелкие кисти, альбом, бумага, палитра.
Зрительный ряд: слайды весенней земли, грозового неба, тумана; близкие по выполнению в цвете репродукции 
живописных произведений; авторские работы школьников, студентов, художников; методические пособия по цветоведению.
Литературный ряд: рассказы М. Пришвина, стихотворение С. Есенина «Черемуха».
Музыкальный ряд:Э. Григ «Утро» (фрагмент из сюиты «Пер Гюнт»), А. Глазунов фантазии «Лес», «Море», А. Вивальди 
цикл «Времена года».
Ход урока
I.Организация класса.
Проверка отсутствующих, готовности к уроку.
II.Беседа по теме урока.
Показ и анализ слайдов, репродукций, методических пособий. При показе слайдов, передающих красоту весенней земли, 
подчеркнуть ее дымчатость, нежные и тонкие цветовые соотношения. Весной в природе мало открытого цвета. Некоторые 
слайды можно показатьне в фокусе(нечетко), тогда ребята яснее, обобщеннее увидят цвет весны. Нужно учить детей видеть 
и наслаждаться цветовым богатством природы. Цвет, смешанный с белой, черной, серой красками, становится 
приглушенным, «тихим».
-Какие же выразительные свойства у такого цвета, какие чувства он у вас вызывает?
«Звонкий» цвет получается от смешения красной, синей и других красок. К «звонкому» цвету прибавили черную краску - 
и цвет стал мрачным, опасным, как грозовые тучи; соединим «звонкий» с белой краской - он станет нежным, ласковым или 
грустным.
Так дети знакомятся с новым понятием - цвет «звонкий» и «тихий» (глухой), с новыми выразительными возможностями 
цвета как художественного средства в руках художника. Цвет «тихий» может быть нежным или мрачным, ласковым или 
грустным.
III.Работа над заданием.
Дети изображают весеннюю землю (индивидуально по памяти и впечатлению).
Работу провести или по выбору, или по вариантам: создаем либо «теплое царство» (используем «теплые» цвета + белый, 
черный), либо «холодное царство» («холодные» цвета + белый, черный). Добиваемся колористического богатства внутри 
одной цветовой гаммы. Для упрощения оформляем работу следующим образом:
125

1)отступив со всех четырех сторон листа по 1,5-2 см, рисуем (по линейке) рамку внутри листа;
2)затем произвольными линиями «дробим» внутренний прямоугольник на участки - кусочки. «Кусочки» не слишком 
большие и не очень маленькие,S= 1-4 см2;
3)затем раскрашиваем, но (!) используем каждый оттенок не менее 3-4 раз. Вначале несколько «звонких» пятен, затем 
«глухие» (их гораздо больше). Заполняем весь прямоугольник без пробелов.
IV.Итоги урока.
Анализ выполненных работ. Учитель отмечает красиво найденные сочетания «теплого» и «холодного» цветов. 
Подведение итогов урока. Уборка рабочих мест.
Домашнее задание:посмотреть, что и когда в природе окрашено в «звонкие и «тихие» цвета; когда в природе больше 
«холодных» и «теплых» цветов, когда - «звонких» и «глухих». Вспомнить, найти репродукции пейзажей, где преобладали бы
нежные или мрачные цвета
* * * * *
Шербекова Ақкүміс Досанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төлеби ауылы
«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды» -  дейді   халқымыз.   Ұрпақ   жалғастығымен  адамзат  баласы  мың  емес  миллиондаған
жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М.
Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты,
жас   ұрпақтарымызды   тәрбиелемесек   өспейді,   өнбейді.   Қазіргі   мектеп   мұғалімдерінің   алдында   тұрған   басты   міндет   -
оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш
сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге
келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат
ұрпағымен   мың   жасайды   дегендей   ұрпақ   тәрбиесі   қай   кезде   де   халықтық   мәселе   болған.
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын
шығармашылықпен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз -
мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа
технология негіздері болып табылады.
Қазіргі кезде  білім  беру саласында  болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі  ынталы бастамалар мен түрлендірулерге
кеңінен   жол   ашылуда.   Осы   тұрғыдан   алғанда,   ұрпақ   тәрбиесімен   айналысатын   әлеуметтік   -   педагогикалық   қызметтің
тиімділігін   арттыру,   оны   жаңа   сапада   ұйымдастыру   қажеттігі   туындайды.   Бұл   үшін   мұғалімдердің   инновациялық   іс   -
әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі
білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру
мен шығармашылық, педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы
зор. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім
беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым мен
тәжірибеде   педагогикалық   үрдістің   сапасын   көтерудің   бай   тәжірибесі   жинақталған.   Технология   сөзі   /   techne   -   өнер,
шығармашылық, logos - ілім /
Педагогикалық   технология   терминінің   анықтамаларын   көптеген   авторлар   өз   түсінігі   мен   өз   санасында   қалыптасқан
көзқарастарын қалыптастырған:

«Технология» - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым жиынтығы. (В. М. 
Шепель)
- «Педагогикалық технология» - оқыту, тәрбиелеу құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін, әрі анықтайтын 
арнайы жинақ, психологиялық – педагогикалық ұстанымдар жиынтығы; (Б. Т. Лихачев)
- «Педагогикалық технология» - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін сипаттау болып табылады. (И. П. Волков)
- Педагогикалық технологиялардың даму сатыларын жан - жақты қарастырып зерттеген ресейлік ғалымдар – Ф. А. Фрадкин,
Е. Ю. Рогачева, Л. И. Богомолова,
С. И. Мезенцева, Г. Н. Осухова, Л. А. Кирсанова және де т. б. Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету 
үшін пайдаланатын барлық дара инструменталдық
және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.
Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін жасап, 
белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - 
тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің 
тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын 
меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана 
алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын 
126

қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының 
жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап 
алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген 
сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 - астам түрлері бар.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны сөзсіз және бұл 
қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа
технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде пайдаланып жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық.
Модульдік оқыту технологиясы
Модуль – белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі (С. И. Ожегов). Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – тұлғаның 
танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, 
тұлғаның қажеттілігін қанағыттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технология тұлғаның даму 
ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық 
құрылымын дамыту ерекшеліктеріне негізделген.

* * * ** 
Б.МАЙЛИН - ҚАЗАҚ ТҰРМЫСЫНЫҢ ШЕБЕР СУРЕТКЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы 
№122 Ақжар жалпы орта мектебі ІІ санатты қазақ тілі мен
 әдебиеті пәнінің мұғалімі Байгонусова Нургуль Акимбаевна
Бейімбет   -   поэзия,   проза,   драма   саласында   бірдей   өнімді   еңбек   еткен   қаламгер.   Ол  «Садақ»  қолжазба   журналында,
«Айқап»  журналында,  «Қазақ»  газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап - ақ ел өмірінің сан-сала көкейкесті
мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң - мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық-теңдік тақырыбын тілге тиек
етеді.   Бейімбеттің   поэзиялық   шығармаларындағы   Мырқымбай   -   типтік   кейіпкер   деңгейіне   көтерілген   жиынтық   бейне.
Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс-бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік -
тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның  «Байдың
қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Хан күйеуі», «Мырқымбай»
поэмалары   тақырыбының   әр   алуандығымен,   оқиғалық   тартымдылығымен,   өзіндік   тіл   -   стилімен   қазақ   поэзиясының
көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет   Майлин   дарыны   оның   прозалық   шығармаларында   айрықша   жарқырап   көрінген.   Әсіресе,   қазақ   прозасында
әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін
реалистік   тегеурінімен,   көркемдік   биік   өресімен,   тақырыбының   әр   алуандығымен   дараланады.   Ол   -   көркем   әңгімелері
арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет - он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау»,
«Қоңсылар»  атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол - ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің
авторы. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен
мәңгі   бірге   жасайтын   болады.   Майлин   аз   өмірінде   аса   өнімді   еңбек   етіп,   елуге   тарта   кітабын   шығарды.   Оның
шығармаларында қазақ кедейінің мінез - құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан - жақты да
терең   суреттеліп,   қміршең   типтік   бейнелер   жасалды.   Майлиннің   ақындық   қызметі   1912ж.   жазылған  «Мұсылмандық
белгісінен   басталады».  Төңкеріске   дейін   жазған   көп   өлеңдерінде   («Мұқтаждық»,   «Мал»,   «Байлыққа»)  ауылдың   ауыр
тұрмысы,   әлеуметтік   теңсіздік   жырланады.   1916ж.   ұлт-азаттық   қозғалысы   Майлин   шығармашылығындағы   халықтық
сипатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған  «Қанды тұман»  өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі
суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа
биіктерге   бет   алды.  «Кедей»,   «Жауыз   кім?»,   «Кедейге»,   «Құтты   болсын»,   «Мейрамың»,   «Бүгін»,   «Гүлденсе   ауыл   -
гүлденеміз бәріміз»,  «Коллективтің жырын айт»  сияқты өлеңдерінде жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы
елдін   тұрмыс-тіршілігін   зор   шабытпен   жырға   қосты.   Майлин   поэзиясындағы   Мырқымбай   бейнесі   -   жиырмасыншы
жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы. Мырқымбай - тұтас бір өтпелі дәуірдегі ауыл
кедейінің   өмірінде   болған   өзгерістерді   оның   сана-сезімі,   мінез   -   құлқы,   іс-әрекеті,   тұрмыс   -   тіршілігі   арқалы   шынайы
суреттелген   типтік   бейне.   Мырқымбай   сияқты   типтік   дәрежеге   көтерілген   бейне   қазақ   әдебиетінде   күні   бүгінге   дейін
жасалына жоқ. Ол ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша кейіпкер ретінде көрінеді.
Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында»
сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі.   «Азат әйел», «Ғазиза»,
«Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде   жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға
қосты.
Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл  адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін
болмаған   ауқымда,   терең   білгірлікпен   және   шыншылдықпен   жан-жақты   суреттеді.   Кедейінің   болсын,   байы   мен
орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді.
Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын
ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі. 
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бейімбет қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туьш, өсті. Қазақ төңкерісіне дейінгі,
Кеңес өкіметі үшін күрес аласапыранында, өзі жазықсыз жазаға үшырағанға дейінгі кеңестік кезеңде реалист суреткер басқа
тақырыптарға алаңдамай, өзіне жақсы таныс, өзі қалың ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл тіршілігін өз шығармаларының
арқауы етіп алады. Өзі сияқты ауылдан шыққан және ауыл өмірін ешкімнен кем білмейтін біраз қаламдастары қаланы, зауыт
пен фабриканы, жұмысшы табын шығармаларына тақырып етіп жатқанда, саясат соған үндеп жатқанда, Бейімбет еліге
қойған жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап шыға қоймағандығынан деп түсіндіруге болмайды. Бұл оның талантының өзіндік
127

сипатына, шығармашылық бейімділігіне, өзіндік таным-түсінігіне байланысты еді. Осы мәселе жөнінде оның өзі де 1931
жылы: "Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге
шейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ" деп жазған. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен
өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Соған шабыттандырған
күш не екенін мына шумақан анық көруге болады: 
Сенің зарың - зарлайтыным өмірде, 
Сенің арың - арлайтыным өмірде.                   
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар, 
Сен қуансаң - қайғы, шерім аршылар. 
"Кедейге" деген бұл өлең оның кедей қауымына берген серт-уәдесі іспетті. 
Ал "Ұлы күн" өлеңінде жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп, оның себебін де айтады.                               
Жырлағаным - кедейдің жыры,             
Сырлағаным - кедейдің сыры.                
Сырым да бір, жырым да бір, 
Мен-дағы сол кедейдің бірі.                       
Көріп   отырғанымыздай,   ақын   дала   тіршілігіне,   қыр   елінің   кейпіне   өзінің   шыққан   тегі   -   кедейдің   көзімен   қарайды.
Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп - төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен
көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін
айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен
жіктер өкілдерінің ой - санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды,
әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы. 
         Ақын   төңкеріске   дейінгі   де,   төңкерістен   кейінгі   де   ауылды   суреттегенде   кедейлерге   мұраттастық,   мұңдастық
тұрғысынан көрсетеді. 
Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра
тартқандық болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген кезінің өзінде жазған "Мұқтаждық" деген алғашқы өлеңінде - ақ:
Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой! 
Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой! 
Қолды созып, бойды жазып жүргізбей, 
Ауруы   жоқ   бір   мүгедек   қылдың   ғой,   -   деп,   мұқтаждықтың   талапты   жастың   алға   басқан   қадамын   кейін   тартып,
"жалындаған жүрегін сендіретінін" күйіне жазған. 
Медресе - Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал - "Садақта" тұңғыш жарияланған (1912) "Мұсылмандық" деген
қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей
келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем
тай, қотыр қойының есебіне "о дүниеде" жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп: 
Барлық қазақ иемденіп жұмақты, 
Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын. 
Бейімбеттің ақындығының алғашқы қадамынан осылайша басталған сатира мен әзіл - сықағы келе - келе поэзиясының
күшті де әсерлі бір көркемдік сипатына айналады. Қарапайым өлең жолдарын бейнелі, терең мәнді қызықты етіп жібереді. 
"Рәзия қыз" поэмасында бай қызы (Рәзия) мен кедей жігіттің (Әлім) ғашықтық хикаясы, екі ғазиз жастың көксегендері
орындалмай,   ақ   бандылардың   қолынан   қайғылы   қазаға   ұшырағандары   суреттеледі.   Ал   екінші   поэмасының   кейіпкері
Маржан қыздың көңілі түскен кедей-жалшы жігіттер (жасы жағынан бірі - сақа, екіншісі - өзі қатарлы жас) Самалық байдың
кесепатына кезігіп, дүние салады да, Маржан ауыр қасіретке душар болады. 
Қалған поэмалары ішінде "Хан күйеуі" шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл
оқиғасы, азамат соғысы, жер бөлісі тақырыптарын қозғайды. 
Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше
бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында. Суреткердің өнері
өмірімен, яки өз басынан кешкен ғүмыр - тіршілігімен тығыз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы
жұртқа да соны танытады. Осы ақиқат тұрғысынан қарасақ, Бейімбеттің дүниеге көзін ашқаннан көрген - баққаны -
көбіне   ауыл   өмірі.   Төңкерістен   бұрыңғы,   төңкеріс   қарсаңындағы   және   одан   кейінгі   қыр   тіршілігі,   дала   тұрмысы.
Сондықтан оның ширек ғасыр бойы, сөз өнерінің қай жанырда болсын, жазған шығармалары түгел ауыл өнеріне арналуы
тегін емес.
 * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы 
№122 Ақжар жалпы орта мектебі І санатты қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімі Акбаева Катира Ахметовна
Сабақтың тақырыбы: Абайдың он жетінші қара сөзі
Сабақтың мақсаты:Білімділік-қара сөздің мәнін, мағынасын ұғындыру; 
Дамытушылық- түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге 
ұмтылдыру
Тәрбиелік: имандылыққа, адамгершілікке, елжандылыққа, отбасын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сын-тұрғысынан ойлау технологиясы түрлі стратегиялар.
Көрнекілік: портрет, буклет, альбом, кестелер, таблицалар, үлестірмелі материалдар. 
Пәнаралық байланыс:   музыка, қазақ тілі,бейнелеу. 
Сабақтың барысы.
Сыныпты рөлге бөліп оқыту.  ( Қайрат, ақыл, жүрек, ғылым) Үйге Абайдың «Адамның кейбір кездері» өлеңі жатқа 
берілген.
128

Эпирграфты оқып, талдау;
«Өлді деуге сыя ма, айтындаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
-Бұл кімнің сөзі? Осы өлең жолдары арқылы не айтқысы келген?
-Тағы да қазақтың бетке ұстар ұлыларын білесіңдер?
Ой толғау.«Күн шұғыласы»
Ақын. Абай. Абай шығармалары. 
Түсініктер бойынша ассосация құру.
Мұғалім: Он жетінші қарасөзді меңгерту барысында үш оқушы оқиды. Ақыл, қайрат, жүрек болып даулы пікірлерін 
айтады. Айтылған пікірдің қайсысын мақұл көріп, орынды айтылған сөз деп салар едіңдер? Оқушылардың айтқан ойының 
барлығында негіз бар екенін айта отырып, ғылымның ақыл, қайрат жүрекке берген кеңесі оқылады.Осы ұлы қасиеттер өз 
бойымыздан табыла ма? Ұлы ойшылдың көксеген толық адам жайлы ойын танып білдік.Қажырлы да қайратты , ақылды да 
мейірімді, жүрегі нұрлы адам болатынын түсіндік.  
Сөзжұмбақ шешу.
Мұғалім : Асыл сөзді іздесең
                  Абайды оқы ,ерінбе!
                  Адамдықты көздесең,
                  Жаттан таза көңілге.
Абай қазақ әдебиетінің ғана емес, барша қазақ халқының рухани нәр бұлағы, жан азығы, болашағының адастырмас 
темірқазығы. Абай сөзі халқымыздың өткен тарихын, ұлт мұрасын танумен бірге бүгінгі және келешек өміріміздің 
бағдаршамы, ақ жол, ғибратты үлгісі.
«Жинақтау кестесі» Оқушылар өздері толтырады.
Қайрат
Ақыл
Жүрек
Ғылым
Құдайға лайықты ғибадат
қылу. Күнаһарлықтан, 
нәфсі, шайтанның 
азғыруынан құтқару, бойды 
жиғызу.
Дүниеде не ахиретте не 
пайдалы, не залалды екенін 
білдіру. Менсіз пайданы 
іздей алмау, залалдан қаша 
аламау, ғылымды ұғынып 
үйрене алмау. 
Адам денесінің 
патшасымын, қан менен 
тарайды, жан менде мекен 
қылады. Адам баласын 
алаламау. Әділет, ұят, 
рақым, мейірбан менен 
шығарады. 
Үшеуің басыңды қос, 
бәрін жүрекке билет, бір 
кісіден табылсаңдар, 
қасиетті адам-сол

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет