Мұғалімнің жазбалары: Оқушылардың өздері төрт түлік арқылы төрт топқа бөлінді. Топқа бөлуді кезекші оқушы
арқылы жүзеге асты. «Тұлғаны таны» бөлімінде Ақан серінің суретін көріп, бәрі топ болып тақырыпты ашты. Оқушылар
сыни ойланды. Мәліметтерді әңгімелесе отырып, толықтырды.
«Ақан сері кім?» топтастырды.
«Сергіту сәтінде» оқушылар «Құлагер» әнін ерекше сезіммен тыңдады.
Негізгі бөлімде «Ақан серінің қайғысы» тақырыбына шағын ойтолғау жазу тапсырылды. А оқушы да, В оқушы да
қабілеттеріне қарай жақсы жазды.
Сабақтың рефлексия кезеңінде рефлексия парағын бәрі толтырып тапсыруға тырысты.
Үйге тапсырмаға да шығармашылық жұмыс «Ақанмен сырласу хатын» жазуға тапсырма бердім. Бұл тапсырма
оқушыларды сезімталдыққа тәрбиелейді. Сабақ соңында білім ағашы арқылы бағаланды. Өздерін-өздері білім ағашының
қай тұсында екендігін жапырақ тәрізді стикермен жапсыру арқылы белгіледі.
5- сыныпқа арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың
атауы
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» ( «Ақан сері» романынан үзінді)
Кейіпкерлер бейнесі
(4-сағаты)
Сілтеме
«Кейіпкерлер бейнесі», «Түсіп қалған сөздерді толықтырушы полиглот», «Шығарманы
композициялық талдау», «Түртіп алу».
Жалпы
мақсаттар
Алған білімді жинақтау,толықтыру.
Оқыту
нәтижесі
Кейіпкерлердің жеке қасиеттерін естеріне түсіреді, қайталайды, талқылайды, ой
қорытады,сайысады,топтық жұмыс жасайды, тілдік байланыс болады.
13
Негізгі
идеялар
«Адам бойындағы асыл қасиеттер мен нашар қасиеттер»
Тапсырмала
р
1.Кейіпкерлерге мінездеме беру
2. «Полиглот»
3.Композициялық талдау жасау
4. Ой қорыту
Кейінгі
тапсырмалар
Үй тапсырмасына «бәйге» тақырыбына шығарма жазып келу
«Түртіп алу»
Мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдасты
ру бөлімі
(5 мин)
Үй
тапсырмасын
сұрау
(10 мин)
Тұсаукесер
(2 мин)
І бөлім
(10 мин)
ІІ бөлімі
(6 мин)
ІV бөлімі
(7 мин)
Бағалау
(2 мин)
Үйге
тапсырма
беру
(1 мин)
Рефлексия
(2 мин)
Оқушылармен амандасып,түгендеу. Жылқы аттары
арқылы топқа бөлінеді,ережелермен танысады.
Ақанмен сырласу хатын оқыту
Жаңа тақырыпты ашу сұрақтары қойылады:
«Бәйге» , «жарыс», «бәсеке сөздерінің мағынасын қалай
түсінесің?
2.Біреумен сайысу бізді неге жетелейді?
Сайыс шарттары: ең бірінші қай топ жауап бергеніне және
қаншалықты мазмұнды, дұрыс екендігі бағаланады.
Кейіпкерлерге мінездеме беру
«Полиглот» интерактивті тақтадан көп нүктенің орнына
сөз қойып, сол сөзді үш тілде айтып беру.
Шығармаға композициялық талдау:
1.Оқиғаның басталуы: Көкшенің дүлдүлін көргенше
асыққан жұрт
2. Оқиғаның байланысуы:Той думанға дала табиғаты бар
нұрын төгіп тұрғандай
3.Оқиғаның дамуы: Құлагерге қамшы сала көрме
4.Оқиғаның шиеленісуі: Қазір сонау бір кезеңде шаңымды
да көрмей қаласың
5. Оқиғаның шарықтау шегі: Пой-пой, шабысыңа болайын
6.Оқиғаның аяқталуы: Құлақ шекесінен бірдеме сарт етті
Мұғалімдердің өз бағалауы
«Бәйге» тақырыбына шығарма жазу
Бір-біріне сабақтан алған әсерлері сұралады
Оқушылар мұғаліммен амандасады, 4
топқа бөлінеді.Ережелермен танысады.
Оқушылар үй тапсырмасына берілген
хатты әр топтан шығып оқып береді.
Оқушылар сұрақтарға жауап
береді,ойларын айтып,сөйлеу
мәдениетін жетілдіреді, тақырыпты
ашады.
Оқушылар шығарма кейіпкерлеріне
мінездеме береді.
Оқушылар берілген сөйлемдерді
толықтырып, көп нүктенің орнына сөз
қояды,сол сөздердің
орысшасын,ағылшыншасын айтады.
Жұптық,топтық жұмыс жүреді.
Композициялық талдау жасайды.
Топтар марапатталады, жиынтық
бағалары қойылады.
Оқушылар күнделіктеріне жазып
алады.
Оқушылар ауызша өз ойларын
айтады.
Мұғалімнің жазбалары: Бұл сабақта оқушылар жылқы аттары арқылы төрт топқа бөлінді. Үй тапсырмасын сұрауда
оқушылар Ақанмен сырласу хатын оқыды. А оқушы да оқушы да жазып келді. Жаңа тақырыпты ашуда сұрақтарға
топпен жауап беру арқылы болжады. Сабақтың сайыс түрінде өтетіндігінен хабардар етілді.
І бөлімде оқушылар кейіпкерлер туралы не білетіндіктерін жазды. ІІ бөлімде «Полиглот» интерактивті тақтадан көп
нүктенің орнына сөз қойып, шығарманы оқыған оқымағандығы және тілді қаншалықты білетіндіктері байқалды.
Шығармаға композициялық талдау жасады. Үйге тапсырмаға «Бәйге» тақырыбына шығарма жазып келу тапсырылды.
Рефлексия кезеңінде оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтаға жапсырды.
Ақтөбе қаласы №32 «Қуаныш» МДҰ –ның ересек топ тәрбиешісі
Упекова Назгүл Алиханқызы
Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары мен үй құстары».
Білім беру саласы: Таным, Қатынас, Әлеуметтік орта, Шығармашылық.
Мақсаты:
Білімділік: Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың тілін, ой-қиялын ұштау дүние танымын қалыптастыру, құстар, жануарлар әлеміне деген
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту. Табиғаттың жаршысы-құстарды
жануарларды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің әдісі: сұрақ -жауап, ойын түрлері, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік әдістері.
Билингвалдық компонент: сиыр -корова, түйе-верблюд, ешкі- жылқы-лошадь, қой-баран.
Тәрбиеші:Балалар бұл күнді жақсы көңіл-көңілмен қарсы алайықшы. Шын жүректен бір-бірімізге жақсы көңіл- күй
сыйлайық.
Жылулық шеңбері:
14
Арайлап таң атты!
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды қаламыз!
Жайнай түсті даламыз!
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Ғажайып сәт:
Қошақан : Балалар мен бүгін балабақшаға келе жатып бір сандық тауып алдым. Сандықты ашайын десем ашылмайды.
Ішінен жануарлардын дауысы шығатын сияқты. Бұл сандықты ашып, оларды құтқару үшін мына қағаздағы жұмбақтардың
шешуін табу керек екен. Мен оқи алмаймын. Маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Балалар, Қошақанға көмектесеміз бе? Ол оқи алмайды екен.
Балалар: Әрине көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ол жәй сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды салып қойыпты.
Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстар сандықтан босап шығады екен.
Кезекті екі жануар
Үстінде екі тауы бар. ( Түйе)
Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақты. (Сиыр)
Көкке шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім. (Жылқы).
4. Кішкене ғана бойы бар.
Айналдырып киген тоны бар. (Қой).
5.Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. ( Ешкі).
6.Сүтті жақсы көреді
Жылы жерде ұйықтайды. (Мысық)
7.Үй жанында өмір сүреді,
Біреу келсе үреді. (Ит)
Сұрақ- жауап.
Тәрбиеші: Балалар бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
Балалар:Үй жануарлары.
Тәрбиеші:Олар қайда мекендейді?
Балалар: Үйде, қорада.
Тәрбиеші:Оларға кімдер қарайды?
Балалар:Адамдар.
Тәрбиеші:Олар немен қоректенеді?
Балалар:Жем, шөп, су.
Балалар жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр.
Өте тамаша!
Тәрбиеші:Ендеше балалар Сиыр, Жылқы сөздерін буынға бөліп , дыбыстық талдау жасайық.
Балалар: Буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.
Ойын: «Қай жануар қалай дыбыстайды» ойынын ойнайықшы.
Ойынның шарты: Тақтаға үй жануарларлрының суретін теріс қаратып іліп қояды. Балалар біртіндеп келіп суретті алып
қарайды. Кімге қандай төл келсе, сол бала сол төлдің дауысын салып беруі керек. Ойынның шарты бәрімізге түсінікті ме?
Онда ойынымызды бастайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. (құстардың дыбысын қосу.)
Тәрбиеші: Балалар сиқырлы сандықтан тағы бір дауыстар шығатын сияқты. Балалар, біз үй құстарын ұмытып кеттіппіз.
Үй құстарына көмектесуіміз керек. Ол үшін біз математикалық тапсырмаларды орындауымыз керек.
Көмектесеміз бе балалар.
Балалар: Әрине көмектесеміз.
1 тапсырама. Мына суреттегі жануарларды санап, тиісті сандарды жапсыр.
2. тапсырма. Заттар тобын санап, тиісті нүкте мен цифрды жапсыр.
Өте жақсы балалар біз бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарлары мен үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып
жатыр.
Тәрбиеші: Балалар үй құстарына қандай құстар жатады екен?
Балалар: қаз, үйрек, тауық, әтеш.
Тәрбиеші: Олар қайда мекендейді екен?
Балалар: Қорада.
Тәрбиеші: Олар немен қоректенеді?
Балалар: Жем, сумен.
Ойын: «Үй құстарын тап!»
Ойын шарты: Тақтада үй құстары мен дала құстары араласып тұрады. Балалар үй құстарын табу керек.
Балалар: Үй құстарын табады.
Тәрбиеші:Балалар мына менің қолымдағы қандай зат?
Балалар: Тоқылған наски.
Тәрбиеші: Біз бұл тоқылған наскиді қайдан аламыз?
Балалар: Жүннен тоқимыз.
Тәрбиеші: Жүнді қайдан аламыз?
Балалар:Қойдан аламыз?
Тәрбиеші:Ал мынау не?
Балалар:Сүт, айран, құрт.
Тәрбиеші:Біз оны қайдан аламыз?
Балалар: Сиырдан аламыз.
15
Тәрбиеші:Балалар мынау не?
Балалар:Бұл жұмыртқа.
Тәрбиеші: Біз жұмыртқаны қайдан аламыз?
Балалар:Бізге жұмыртқаны тауық береді.
Тәрбиеші: Осы сияқты біз жылқыдан қымыз, түйеден шұбат алады екенбіз, олардың құрамында көптеген дәрумендер
бар, адам баласының денсаулығына өте пайдалы екен. Және де балалар біз жануарлардың, құстардың етін жейді екенбіз.
Тәрбиеші: Балалар біз бойымызды сергітіп алайқшы. Кәне барлығымыз шеңбер жасайық.
Сергіту сәті
Алтын айдарлы әтеш оянды .
Тым ерте тұрыпты.
Ойқастап жүріпті
Жан-жаққа қарапты
Айдарын тарапты.
Қо-қо-қо , қо-қо-қо депті
Қорада ойранды салыпты
Бір тауық қайран қалыпты
Секіріп, секіріп айғайлап,
Шарбаққа қоныпты.
«Ғажайып сәт :
Қонаққа топқа тауық келеді
Тәрбиеші: Сен кімсің?
Тауық: Мен тауықпын. Балалар мен балапандарыммен серуендеп жүр едім, балапандарымды жоғалтып алдым.
Көрмедіңдер ме? Маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Көмектесеміз бе балалар?
Балалар: Әрине көмектесеміз.
Тәрбиеші: Мына алдарыңда жатқан қағазға балапандарды жапсырайық. Балалар біздің жапсырған балапандарымыздың
түсі қандай?
Балалар: Сары түсті.
Тәрбиеші:Балапандардың дене пішіні, құйрығы, ауызы, аяғы қандай геометриялық фигураларға ұқсайды.
Балалар:Денесі домалақ пішінге, ауызы, құйрығы, аяғы үшбұрышқа ұқсайды.
Ал енді балапандарды тауыққа берейік.
Тауық:Рақмет саған балалар сау болыңдар.(тауық шығып кетеді).
Тәрбиеші: Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Қошақан біздің балалар
сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындап, шықты саған ұнады ма?
Қошақан: Маған ұнады, рахмет балалар, жануарларды құтқарғандарың үшін Олар сендерге рахмет айтып жатыр. Балалар
сендер өте алғыр балалар екенсіңдер. Жарайсыңдар! Балалар сонымен біз бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
* * * * *
№32 орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Ақпанбетова Зухра Тұяқбайқызының
шығармашылық жұмысы
Тақырыбы: Химия сабақтарында жаңа технологияларды қолдану
Ұстаздың алдына қойған мақсаты: ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде
жұмыс істей алатын, дүниетанымы жоғары,жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар,
окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап
етеді. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы
атты жолдауында да «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп
атап көрсеткен еді. Осы кезге дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің ауызша түсіндіруін немесе оқулықты пайдаланып
келдік, алайда ол әдіс қазіргі заман талабына сай емес. Қазіргі заман талабына сай сабақ өткізу мақсатында жаңа
технологиялармен сабақ өткізу арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады.
«Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра
алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ»,-деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің өсиетін негізге алып
әрбір өткізген сабағымды оқулықпен ғана шектемей, қосымша ақпараттар беру арқылы, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды
қолдана отырып өткізіп келемін.
Сондықтан да күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдаланып отырамын.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға
және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының
ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
16
Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр
оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты
дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше
қайталап оқуына, тыңдауына көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі
қолданылуда. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге
жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына
қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді.
Әсіресе,оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп,
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып,шығармашылығын дамытады.
Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек
компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, химиялық формулалар,
сөздіктерді, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.Менің ойымша, сабақты сәтті
ұйымдастырудың бірнеше алғышарттары бар.
Олар:
- Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет.
Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.
- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп
ала білу.
- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды
мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.
–
Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.
Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына
зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге оқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа
технологияны пайдаланубарысында қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да
артық болмайды. Өйткені мұғалім тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп үлгермеушілер
қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей қоймайды. Ақпараттық технологиялардың бірі –
интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті
тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік
интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
кеңінен қарастырылған. Мектептің химия кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты
қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын.Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын,интеллектуалдық
танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде химиядан
зертханалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.
Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар
бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткеншебірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум
талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген киын
сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі. Химия сабағында жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу, шапшаңдылық, шеберлік
дағдыларын ұйымдастыра отырып, сабақтар өткізуді қолға алдым.
Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне,
ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға
машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып,
тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.
Сабақ барысында оқушыларды біліммен қаруландырып қоймай оларды қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
үшін оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, өмірге ғылыми көзқарасын
дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар: «Химия ғылымға қызмет етеді!», «Білгір химик», «Жүзден жүйрік», «Не?
Қайда? Қашан?» сияқты танымдық ойындарын қолданамын. Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және
істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға
қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы
кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін,
шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім. Мысалы: 9 сыныпқа «Металдар» тақырыбында өткен
ашық сабағым өте сәтті өтті. Сабаққа тірек сөздер, инсерт кестесін қолдандым. Темірдің химиялық қасиеттерін
видеоролик арқылы көрсеттім. Ақпарат құралдарын пайдаланып деңгейлік тапсырмалар арқылы танымдық
қызығушылығын арттыру мақсатында өткізген 8 «А» сыныбы бойынша «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары»
тақырыбындағы сабағым оқушыларды ынтымақ-бірлікке, тез ойлауға және теориялық білімдерін бір жүйеге келтірді.
Есте сақтау қабілетін шыңдауға, ғылым мен техника жетістіктеріне, білімге деген қызығушылығын арттыруда сыныптан
тыс шаралардың маңызы зор. Оқушылардың химиялық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау
үшін сыныптан тыс жұмыстар жүргізіп, оқушыны қызықтыратындай химиялық ойындар викторина шешу, кроссворд
құрастыру, логикалық есептер шығарту арқылы ой-өрісін, пәнге қызығушылығын арттырып, пән аралық байланысты
нығайту қажет. Тарауды қайталау, қорытындылау кезінде «қайталау-оқу анасы» деген нақыл сөздерді қолданып, тақырыпқа
байланысты сөздік қорларын молайтып, өткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып,
сабақты бекітемін. Әр тарауды өткен соң, химиялық диктант, өздік жұмыс, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тестік
тапсырмалар өткізу арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеріп, тақырыпты толық меңгере алмаған
оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргіземін. Тест түрлері оқушы білімін бекітуге қайталауға,
жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қоса мұғалім мен оқушылардың уақытын үнемдеуге оқу жұмысын ұйымдастыруға
жағдай жасайды. Тестік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейіне байланысты құрастырып, нәтижесін кілтімен
17
тексертіп өздеріне бағалатамын. Егер жауап-75%-дан жоғары болса-«жақсы»,-50%-ға дейін «қанағаттанарлық»,-50%-дан
төмен-білім деңгейі «төмен» көрсеткішпен бағаланады. Оқушы білімін бағалауға оқушылардың жауап беру мүмкіндігі
мен өз бетінше іздену дағдысын ескеріп, оқушы қабілетіне, қабылдау және меңгеру деңгейіне қарай сараптап тұлғаның
психологиялық жас ерекшеліктерін ескеремін. Баға-бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың
нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау парағына әр деңгейлік тапсырманың бағасын қойып,
қорытынды бағасын шығарып отырамын.
Химиктердің өмірі мен кызметі жайында компакт-дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты
химиктердің өмірбаяны жөнінде ақпарат құралдарынан энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар,
оқушылармен сабақта «Химик анықтамалығы» журналына шығатын СD-де ұсынылған слайд-презентацияларын үнемі
пайдаланамын. Журналға шығатын презентациялар кез- келген тақырып үшін таптырмайтын құндылық және оқушылар
кеңірек мәліметтер алады.
Жалпы оқушылардың жаңа ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді.
6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер
барысында анықтайды.
7. Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі-оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап,
түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Шығармашылық жұмысымды қорытындылай келе, «Мұғалім әрдайым оқуын
тоқтатпау керек, тоқтатқан жағдайда ол мұғалім болуын да тоқтатады» деген пікірді қолдап, алдағы уақытта да өз-өзімді
жан-жақты дамытып, жұмысымды одан әрі жандандыруды мақсат етемін.
* * * * *
Достарыңызбен бөлісу: |