Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


 сынып, пәні: Дүниетану Бастауыш  сынып  мұғалімі:  Абдуразакова  Г



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата22.12.2016
өлшемі2,51 Mb.
#101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

сынып, пәні: Дүниетану Бастауыш  сынып  мұғалімі:  Абдуразакова  Г.
Сабақтың  тақырыбы:  Мәдени өсімдіктер
Сабақтың  мақсаты:
Білімділік:оқушылардың  мәдени өсімдіктер  туралы  білімдерін молайту, табиғатты  қорғау  әр  адамның  міндеті  
екенін  ұғындыру;
Дамытушылық: ойлау  қабілеттерін, оқушылардың  мәнерлеп   оқу, әңгімелесу    дағдыларын  арттыру; 
Тәрбиелік: мәдени  өсімдіктерді  тани білуге, табиғатты  сүюге, бағалай  білуге   тәрбиелеу.   
 Сабақтың  әдісі: түсіндіру,сұрақ -жауап
Сабақтың  түрі: аралас   сабақ 
Сабақтың  көрнекілігі: суреттер,  плакаттар 
І. Ұйымдастыру  кезеңі Оқушыларды  түгелдеу Назарларын  сабаққа  аудару
Психологиялық  дайындық:
                                                      Күнім  күлім  қағады,
                                                      Шуағын маған шашады.
                                                      Қуан, қуан, алтын  күн,
                                                       Қуан, қуан, жер – көгім.
               Қолдарына  жемістерді  ұстаған   балалар  дөңгелене  тұрып бір – біріне  жылы  лебіздерін  білдіреді.
Үй  тапсырмасын  сұрау:
1.
Өткен  сабақта қандай  тақырыппен   таныстық ? Тұқым  мен жеміс 
2.
Үйге  қандай тапсырма берілді ? Жемістердің  суреттерін  салу
4-5 оқушыдан үй  тапсырмасын  сұрау ( 15  мин)
Сергіту  сәті
                                  Тербеледі  ағаштар,
                                  Алдыңнан жел  соғады.
                                  Кіп – кішкентай  ағаштар,
                                  Үп- үлкен  боп өседі.
Жаңа  сабақ Жұмбақ  шешу
Көк лағым  көгенде   тұрып  семіреді                                                          Қарбыз
Аласа  ғана  бойы бар,   Тоғыз қабат тоны бар                                           Пияз
24

Сусыз піскен  ас көрдім Домаланған  бас көрдім                                            Қауын
Кішкене  ғана  құтша Іші  толған миқша                                                      Анар
Мәдени өсімдіктер
Адамдар  ерте  кезден –ақ  өз  қажеті   үшін   жабайы   өсімдіктерді   қолда   өсіріп,  мәдени  өсімдіктерге  
айналдырды.  Өз  қажетіне  жаратады. Жабайы  өсімдіктер өздері  өсіп,  өздері   көбейе   береді.  Жел  арқылы  
тұқымдары  шашылады. 
Бекіту:

Мәдени өсімдіктерге  қандай  өсімдіктер  жатады ?

Май  алатын  өсімдіктерді  ата . 

Астық  дақылдарынан  қандай  тағамдар  пісіреді ?

Мәдени  өсімдіктердің  адамдарға  тигізетін  қандай  пайдасы  бар  ?
Үйге  тапсырма: “Мәдени өсімдіктер” тақырыбын  оқу, өсімдіктердің  суреттерін  салу.
Бағалау.
* * * * *
Батыс Қазақстан облысы. Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы
А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ғиниятова Дана Сапарғалиқызы
Қазақ әдебиеті 8- сынып
Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұни  «Құтты білік» дастаны.
Мақсаты: а) білімділік: Ж. Баласағұнидің өмірі, шығармашылығы, «Құтты білік» кітабының негізгі тақырыбы, идеясы, 
мемлекеттік, адамның кемелдену жолдарының қағидалары туралы А. Йассауи, Абай шығармаларымен үндестігін түсіндіру;
ә) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, саналы білім алуға тәрбиелеу, жаман қасиеттерден жиренуге 
шақыру, ғылым-білімді игеруге тәрбиелеу;
б) дамытушылық:  сұрақтар, тапсырмалар, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындауға дағдыландыру,
бірін-бірі тыңдау, сыпайы және сенімді, әдеби тілде сөйлеуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекілік: портрет, сызбалар, интерактивті тақта, слайд, карточкалар.
Сабақтың барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.
II.
Үй тапсырмасын сұрау.
III.
Жаңа сабақ.
               Ж. Баласағұни 1015-1016 жж. Баласағұн қаласында туған. Сол кездегі ірі мәдениет орталығы болған Қашқарда 
туған. «Құтты білік» еңбегін 54 жасында он сегіз ай жазып, Қашқарда , 1069-1070 жылдары аяқтаған. Кітап 85 тараудан 
тұрады.  Кітапты шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған. Иранның ұлы ақыны Фирдаусидің «Шахнамасымен» 
қатар қойып, «Түрік Шахнамасы» деген атақ берген. Кітабын Қашқар билеушісі Табғаш Қара Бұғраханға сыйға тартып, 
«сарай министрі» («Хас хаджиб») деген атақ алған.
              Поэма туралы түсінік:
10.
Үш қолжазбаның сақталуы,  «Құтадғу біліг»яғни білімдер жинағы. Стамбулда 1943 жылы басылған.
11.
85 тараудан тұруы. Грек ойшылдарының жолын қуып, солар сияқты төрт негізгі принципке негізделуі. 
12.
Поэманың ақыл-нақылға, білімге, адамгершілікке толы үні, ғылымның өмірдегі орнын жыр етуіне құрылуы. 
Адамда оның мүмкіндігін, ақыл-ойдың жоғарылығын марапаттауы.    Дастан -  мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік 
принциптерін, қоғамдағы саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормаларын қамтитын 
энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды.
 Мағынаны тану.
«Түсініктеме күнделігі» әдісі.
«Білік» - білім, билік ету, басқару.
«Құтадғу» - құт, бақыт.
«Блум» кестесі бойынша әртүрлі сұрақтар және жауабын дайындату.
1.
Білім. Кітапқа негіз болған төрт асыл қасиетті атап беріңіз.
2.
Түсіну. Тақтада «Құтты білік» дастаны бойынша кесте ілінеді:
Жырдағы  кейіпкерлер
Жырдағы 4 асыл қасиеттің бейнесі
Күнтуды (патша)
Әділет
Айтолды (уәзір)
Бақыт немесе Дәулет
Өгдүрміш (уәзірдің баласы)
Ақыл
Одғұрмыш (уәзірдің туысы)
Қанағат
3.
Талдау.  Нақыл сөздерге қай сөздерді жатқызуға болады?
Ақыл, тіл, даңқ, әділет, сараңдық).
4.
Салыстыр.  а) Әйелдер туралы ойлары қазіргі заманға сай келе ме?   
ә)  Ж. Баласағұни  ойы  Абаймен үндесе ме?
5.  Қолдану.   1. Құтты білік» дастанынан бір үзінді алып, мазмұнына байланысты жоспар құрыңдар.
Жоспар:
1.
Қашық болар бес нәрсе:   а) ұшқалақтық; ә) сараңдық;   б) ашу;  в) надандық;   г) өтірік.
      2.  Екі түрлі достық:    адал және амал.
      3.  Ақыл, білім тілмашы – тіл.
25

                               а) «Өнер алды  - қызыл тіл».
                               ә)  «Басқа пәле - тілден».
                               б) «Сөздерді күзет, басың кетпесін,
                                      Тіліңді күзет, тісің сынбасын».
                                в) «Тіл - арыстан».
                                г) «Тілін ұстартқан кісі биікке көтеріледі».
                                д) «Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді».
Сабақты бекіту.
INSERT  стратегиясы.
Ж. Баласағұни туралы не 
білемін?
Нені білгім келеді?
Үйрендім
Үйге тапсырма: 1.  Құтты білік» дастанынан  үзінді жаттау;
2.
Достық туралы шағын шығарма жазу. 
* * * * *
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейі география пәні мұғалімі
Досекенов Нұрберген Бегалыұлы
Түсініктеме
Адамзат қоғамы қай кезеңде де ғылым,білім мәселесіне ерекше көңіл бөлген.Оқу шала естігеніңді бүтін,бүтін естігеніңді
данышпан қылады деп айтқандай мұғалімнің   ең біріншіқасиеті-ұғындыра білу, өз көкейіндегісіноқушыға жеткізе білуі.
Екіншіден-әділ талап ете білуі.
Сабақ мұғалім ізденісінің нәтижесі,оқушыны   нәтижеге   жеткізудің бір жолы сабақты түрлендіріп өткізу, бірсарынды
сабақтан  оқушы жалығып кетеді,сондықтан мен әр сабағымды өткізерде  бір жаңалық  енгізуге тырысамын.
Білім берудің жаңа үлгісінде ұстаз белсенді танымдық әрекетке талпынған оқушының кеңесші қызметін атқарады.
7-ші   сыныптың   география     пәнінен   «Еуразия   жер   бедері   мен   пайдалы   қазбалары»   тақырыбынан   алынған   сабақты
негізінен Блум таксономиясы негізінде 6 бөлімнен тұрады
1.
Білу    бұл   бөлімде   мен  жаңа   тақырыпты   өткен   матиралдармен   байланыстыра   түсіндіріп   кең  көлемде   мәлімет,
мағлұмат беремін.
2.
Түсінуде   Еуразияның жер бедерін түсіну үшін сандық диктанты ойнатып, онда  Сандармен  көрсетілген  кескін
карта беріледі. Картаның   шартты белгісіне сандар көрсетіледі. Сол сандар қандай тау екенін тауып оқушылар   атауын
жазады.
3.
Қолдануда  «Тау шыңдары» атты ойының өткіздім, бұл   бөлімде тау шыңдарының   географиялық координатасы
беріледі.  Оқушылар картадан географиялық координата арқылы қандай таудың  шыңы екенін табады.   
4.
Талдау  бөлімінде «Анықтаңдар»  ойыны ойнатылады, мұнда «білуде»  айтылған деректерді игергендігін тексеру
үшін кесте беріледі, кестеде екі геосинклиналдық белдеу беріледі және таулардың аттары беріледі оқушы таулардың кай
белдеуге жататының анықтайды.
5.
Жинақтауда  оқушыларға   тест   беріледі     жаңа   тақырыпты   қаншалықты   игергендігің   білу   үшін  және   сабақты
қортындыланады.
6
  Бағалауда  сабақ   барысында   сабаққа   белсене   қатысқан,   сұрақтарға   жауап   беріп,  ойындарда   көзге   түскен
оқушыларға алдын ала дайындалған карочкалар беріледі, карточкада таудың суреті бар болса «5», қырат «4», жазықтықтың
суреті болса «3» деген бағамен бағаланады. Оқушыларды осы жинаған карочкаға байланысты бағалаймын.
 
Сынып: 7  Сабақ тақырыбы:  §16-17.  Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары.  
Сабақ мақсаты:  Оқушыларға Еуразия жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, аласа таулары мен биік таулары және
пайдалы қазбалары туралы мағлұмат беру
Сабақ міндеті:
1.Білімдік:  Оқушыларға Еуразия жер бедері – жазықтары мен ойпаттары, аласа таулары мен биік таулары және  пайдалы
қазбалары туралы мағлұмат беру.
2.Тәрбиелік:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің  суын қорғауға, сақтауға өз
үлестерін қосуға  дағдылау, бағыттау.
3.Дамытушылық:  Балалардың өзіндік ойлана білуіне,  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға,   өздерінше іздене
білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,  картамен жұмыс,   кітаппен жұмыс, жеке жұмыс,  топпен жұмыс,  карточкамен жұмыс;
Құрал-жабдықтар: ҚР физикалық картасы,  ҚР  әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін
карта,  карточкалар, интерактивті тақта;
І. Үй тапсырмасы
                  Еуразияның зерттелуі
1.
Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашып, алғаш зерттеген  грек ғалымдары?
2.
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың Орта Азияны зерттеулері қаншалықты маңызы бар?
3.
П.П.Семеновтың Азияны зерттеуде қосқан үлесі?
4.
Н.М.Пржевальскийдің экспедедициясының маңызы?
Сабақтың барысы:   Блум таксономиясы
1.
Білу
2.
Түсіну
26

3.
Қолдану
4.
Талдау
5.
Жинақтау
6.
Бағалау
ІІ.  Білу:  жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақ түсіндірілместен бұрын мынадай сұрақтар қойылады, балалар сұрақтарға жауап береді.

Жер қыртысы деген не?

Платформа дегеніміз не, олардың бірнеше ірілерін  атаңдар.

Геосинклиналь дегеніміз не, оларға  қандай  жер бедері сәйкес келеді?

Материктің жер бедері алуан түрлі. Оны біздер қайдан білеміз?

Бір оқушы жауап береді. 
 Еуразияның физикалық картасынан түстер шкаласы  арқылы білеміз,  картада  жасыл түс, сары түс,  қоңырқай түс,
қою қоңыр түстер көрсетілген. Ол Еуразия материгінің жер бедерінің  алуан түрлі екенін, яғни жазықтар, үстірттер мен
қыраттар және  аласа – биік таулардың  кездесетінін  көреміз.

Өте жақсы. 
Материктің орташа биіктігі- 840 м. Ауданының жартысынан астамын таулар алып жатыр. 

Ең биік  нүктесі қандай?

Ең биік  нүктесі Джомолунгма шыңы, 8848 м. (Балалар картадан көрсетеді)

Ең  төмен жатқан нүктесі қандай? 

Ең  төмен жатқан нүктесі- Өлі теңіз маңы, -403 м. (Балалар картадан көрсетеді)

Ежелгі плиталары қандай?

Материктегі     ең   ежелгі   плиталар   -   Шығыс   Еуропа,   Сібір,   Қытай-Корей,   және     Оңтүстік   Қытай
платформалары. (Балалар картадан көрсетеді)


Еуразия материгі арқылы Дүние жүзіндегі  аса ірі  екі сейсмикалық белдеу өтеді.
1.
Альпі -  Гималай  белдеуі
2.
Тынық мұхиттық  геосинклинальдық белдеуі
Осы белдеулерді кім көрсете алады?

Балалардың     бірі   Альпі   -     Гималай   геосинклинальдық     белдеуін   көрсетеді,   екіншісі   Тынық   мұхиттық
геосинклинальдық белдеуін картадан көрсетеді.

Осы   геосинклинальдық белдеулерде   жер сілкінулер,   жанартау атқылау,   гейзерлер, жағалауларда   цунами жиі
болып тұрады.
Олай болса,   мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші:
1.
жер сілкіну не себептен болады?
2.
Гейзер деген не?
3.
Цунами дегеннің не екенін білесіңдер ме?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Еуропа мен  Азияның жер бедері  бір-бірінен  үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа  ойпатты, аласа таулы болып
келеді, биік таулар тек  оңтүстік  бөлігінде ғана шоғырланған.

 Балалар -  Еуропада орналасқан жазықтар мен тауларды атап, көрсетеді. Шығыс Еуропа жазығы, Дунай бойы
ойпаты,  Скандинавия,Орал аласа таулары,  Альпі, Карпат, Пиреней,  Апеннин және  түбектерінің биік таулары.

Азияның     ¾     бөлігін   таулы   үстірттер   мен   қыраттар   және     тау  жоталары   алып   жатыр.   Жазықтар   солтүстікте,
жазықтардың оңтүстігінде таулар орналасқан. Олар- Алтай, Саян,  Солтүстік-Шығыс сібір таулары,  Қиыр Шығыс таулары.
Оған батыстан шығысқа қарай Кіші Азия  түбегінің таулары, Кавказ таулары, Иран таулы қыраты және Биік Азия таулары.
Картадан мұғалім көрсетеді. 

Таулы   аймақтарда   жер   қыртысының     жарылыстар   бойымен   төмен   түсуінен   Такла-Макан,   Жоңғар,   Ферғана,
Балқаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншұңқырлар пайда болған.
   Еуразия пайдалы қазбалары.

Еуразия пайдалы қазбаларға бай болып келеді.  Пайдалы қазбаларды 2-ге бөледі. Магмалық және шөгінді.
Магмалық пайдалы қазбалар - Жер қойнауынан  жарылыстар бойымен  магманың  сыртқа көтерілуінен  түзіледі. 
Темір  –Үндістанда,   Қытайдың   солүстік-шығысында,   Ресейде   (Курск     магнит   аномалиясы),   Скандинавия   түбегінде
орналасқан. 
Асыл тастар- сапфир, рубин - Үндістан түбегі мен Шри-Ланка  аралында . 
Шөгінді  пайдалы қазбалар – теңіздік және  континенттік  шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған.
Мұнай мен газ -  Парсы шығанағы, Солтүстік және Жерорта теңіздері, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпатында, Каспий
теңізі қайраңында, Ұлы Қытай жазығында кездеседі.
Тас көмір – Еуропада- Уэлс,Жоғарғы Силезия, Рур   және   Донец, Кузнец, қарағанды алаптары. 
Фосфорит- Қаратау тауы, 
Алюминий – Қазақстанда, Ұлы қытай жазығында, Альпіде. 
1-тапсырма.   Түсіну:  Еуразияның жер бедері сандық диктанты 
  Сандармен  көрсетілген  кескін карта беріледі. Картаның  шартты белгісіне сандар көрсетіледі. Сол сандарға қандай тау
екенін – атауын жазыңдар.
27

 (Әр тапсырма 1 ұпаймен есептеледі)
Жауаптары:
1-
Орал тауы
2-
Кавказ тауы
3-
Шығыс Еуропа жызығы
4-
Каспий маңы ойпаты
5-
Батыс Сібір жазығы
6-
Орта Сібір таулы үстірті
2-тапсырма. Қолдану:  «Тау шыңдары» ойыны.
Тау шыңдарының   географиялық координатасы беріледі.   Қандай таудың   шыңы екенін табу керек.      (әр тапсырма 1
ұпаймен есептеледі)
Интерактивті  картада   балалар жазады.
5.
29

с.е.   89

 ш.б.
6.
65

с.е.  59

 ш.б.
7.
55

с.е.  160

 ш.б.
Жауаптары:
3.
29

с.е.   89

 ш.б.   – Эверест шыңы
4.
65

с.е.   59

 ш.б. -  Народная шыңы
5.
55

с.е.   160

 ш.б. -  Ключи шоқысы
3-тапсырма. Талдау:  «Анықтаңдар»
Осы таулар қандай геосинклиналдық белдеуге жататынын анықтаңдар:
(Әр дұрыс жауап  1 ұпаймен есептеледі)
1.
Альпі – Гималай  геосинклиналдық  белдеуіне  жататын таулар:
2.
Тынық  мұхиттық  геосинклиналдық  белдеуге жататын таулар:
IV.
Кракатау жанартауы
V.
«Отты шеңбер»
VI.
Кавказ таулары
VII.
Памир тауы
VIII.
Иран таулы қыраты
IX.
Жапония аралдары таулары
X.
Тибет таулы қыраты
XI.
Гималай тауы
XII.
Альпі тауы
XIII.
Ключи шоқысы
XIV.
Карпат тауы
XV.
Ява аралы  жанартаулары
Жауаптары: 
13.
Альпі – Гималай  геосинклиналдық  белдеуіне  жататын таулар:
C,D,E,G,H, I,K, 
14.
Тынық  мұхиттық  геосинклиналдық  белдеуге жататын таулар:
 A,B,F,J, L, 
4-тапсырма.   Жинақтау:  «Еуразияның жер бедері » тест тапсырмалары
1.
Еуропаның ең биік нүктесі қалай аталады?
A.
    Эверест шыңы
B.
Монблан шыңы
C.
Хан тәңірі шыңы
2.
Еуразия материгі жағалауында қанша геосинклиналдық белдеу бар?
A.
1
B.

C.
3
3.
Жер сілкіну орталықтарынан  жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам  тарайтын күшті толқындар
A.
   тайфун
B.
цунами
C.
гейзер
4.
Тынық мұхиттағы  жанартаулардың  атқылауы  жиі  байқалатын  белдеуді қалай атайды?
A.
«Отты шеңбер» 
B.
Тынық мұхиттық геосинклиналды  белдеу
C.
Альпі - Гималай геосинклиналдық белдеу
5.
Жанартау  әрекеті тоқтамаған  кейбір  аудандардағы  ыстық сулардың атқылауы-  
A.
 тайфун
B.
цунами
C.
гейзер
28

6.
Еуразияда орналасқан жазықтар
A.
Батыс Сібір,  Месопотамия,  Үнді-Ганг,  Ұлы Қытай 
B.
Альпі, Тибет, Куньлунь, Пиреней, Скандинав 
C.
Карпат, Тұран, Каспий маңы, Алтай, Тянь-Шань
7.
Еуразияда орналасқан таулар
A.
Батыс Сібір,  Месопотамия,  Үнді-Ганг,  Ұлы Қытай 
B.
Альпі, Тибет, Куньлунь, Пиреней, Скандинав 
C.
Карпат, Тұран, Каспий маңы, Алтай, Тянь-Шань
8.
Жер қойнауынан жарылыстар  бойымен магманың сыртқа көтерілуінен  түзілген   пайдалы қазбалар  түрі-
A.
   Магмалық пайдалы қазбалар  
B.
Шөгінді пайдалы қазбалар 
C.
Магмалық пайдалы қазбалар  және   шөгінді пайдалы қазбалар 
9.
Теңіздік және  континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған пайдалы қазбалар түрі-
A.
   Магмалық пайдалы қазбалар  
B.
Шөгінді пайдалы қазбалар 
C.
Магмалық пайдалы қазбалар  және   шөгінді пайдалы қазбалар 
10.
Қарағанды,  Донец, Кузнец  және  Рур, Жоғарғы Силезия  алаптарында қандай пайдалы қазбалар өндіріледі?
A.
Тас көмір  
B.
Мұнай 
C.
Табиғи газ   
Дұрыс жауаптары:
1 - В
2 - В
3 - В
4 - А
5 – С
6 – А
7 – В
8 – А
9 – В
10 -  А
Ү. Бағалау.  Сабақ барысында сабаққа белсене қатысқан, сұрақтарға жауап беріп, ойындарда көзге түскен оқушыларға
алдын ала дайындалған карочкалар беріледі, карточкада таудың суреті бар болса «5», қырат «4», жазықтықтың суреті болса
«3» деген бағамен бағаланады. Оқушыларды осы жинаған карочкаға байланысты бағалаймын.
ҮІ. Үйге тапсырма:  §16-17.  Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары  
Кескін картаға Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіріп келу.
* * * * *
Маңғыстау облысы. Түпқараған ауданы. Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагог-психологы
Дуйсенбаева Акерке Кайргалиевна
Тақырыбы: «Бала бағдаршамы –ата-ана» атты танымдық сабақ.
Мақсаты: Қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана  тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін 
жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Әдістері: түсіндіру,талдау,тест, жеке жұмыс, ойын.
Қажетті құралдар:  интерактивті тақта, маркер, ақ парақ, тас, ас бұршақ, құм, бос банка,су, доп, түрлі-түсті қағаздан
қиылған жүрекшелер.
Қатысушылар: Ата-аналар.
Сабақтың жүрісі. Кіріспе сөз.
І. Танысу сәті (сабаққа қатысушы ата-аналар өздерін таныстырады)
ІІ. «Жеке таңбасын салу»    Ата-аналар ақ парақты төртке бөліп, төмендегі төрт бөлім бойынша сурет салулары керек. 
1бөлім: бос уақытты қалай өткізгенді ұнатасыз
2бөлім: жақын арада жасаған, мақтан ететін әрекеттер
3бөлім: басқаларға қарағанда менің қолымнан жақсырақ келетін іс
4 бөлім: алдағы 6 айға арналған менің жоспарым.
   Жаттығу орындалғаннан кейін ата-аналардан қай бөлімді орындау қиынға соққандығын сұрау. Көпшілігіне төртінші
бөлімді   орындау  қиынға   түседі,   себебі   алдағы   жарты   жылға   жоспар  жасау  кімге   де   қиындық   туғызады.Ал,   кез   келген
табыстың кілті нақты анықталған мақсат пен оған жетудің айқын жоспары екендігін көпшілігіміз ескере бермейміз. Барлық
жетістіктердің басты себебі- мақсаттарды анықтау және оларға жете білу. Ата-аналарға баланың бойына жастайынан осы
дағдыны қалыптастыруға кеңес беру.
ІІІ. Мұны да білген жөн !
      Әдісі: Іс-жүзінде жүргізу (тас, ас бұршақ, құмды пайдалану арқылы)
Банканың ішін алдымен тастармен толтыру. Одан кейін ас бұршағын салып араластыру, бұршақтар тас арасындағы бос
жерлерге орналасады.Оның үстіне құмды, одан кейін суды құю. Су банкадағы құмды ерітіп жібереді.
Мағынасын   түсіндіру:  «Біздің   өміріміз   мына   банка   секілді.   Тастар   өміріміздегі   ең   маңызды   нәрселер.     Жанұямыз,
балаларымыз, денсаулығымыз, яғни бізді бақытты ететін нәрселер. Ас бұршақтары жеке сіз үшін маңызды болған нәрселер:
қызмет,мансап, көлік т.б. Ал құм қалған ұсақ түйектер. Егер банкаға алдымен құмды толтырсақ, онда тасқа да, ас бұршаққа
да орын болмас еді. Өмірде дәл осындай: егер барлық уақытыңыз бен күш жігеріңізді ұсақ түйекке кетірсеңіз, маңызды
нәрселер үшін орын қалмайды. Өмірде тек маңызды деген нәрселермен айналысыңыз.Ең басты сізге не қажет, соған уақыт
бөліп сол мақсат мүддеңізді орындауға асығыңыз. Ал қалғандары жәй құм ғана. Өмірімізді құм секілді ұсақ түйекке кетіріп
29

алмай, ең маңызды нәрселердің бірі бала тәрбиесіне маңызды көңіл бөлейік.»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет