Литература
1. Айзенберг А.Я. Самообразование: история, теория и современные
проблемы. – М., 1986.
2. Гребенкина Л.К., Анциферова Н.С. Технология управленческой
деятельности заместителя директора школы. – М.2000. с. 82 – 87.
0
1
2
3
4
5
6
7
2011-2012
2012-2013
2013-2014
2 категория
1 категория
83
3. Успешный учитель – успешная школа: путь к вершинам педагогического
мастерства.// Методист.- 2010.- № 4.- с. 58.
84
ПОДСЕКЦИЯ 1.1 РОЛЬ И ЗНАЧЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ
ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ТЕХНОЛОГИЙ В СОВРЕМЕННОМ ОБРАЗОВАНИИ
ВЗРОСЛЫХ
Әбильдина С.Қ., п.ғ.д., профессор, Е.А.Бөкетов атыңдағы ҚарМУ
Досова Л.А., аға оқытушы, «Өрлеу БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы
бойынша ПҚ БАИ», Қарағанды қаласы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЗЕРТТЕУ-ЖОБАЛАУ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ
РӨЛІ
Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек
М. Жұмабаев
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы «Қазіргі заманғы білім беру
жүйесін құру, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізуде педагог
қызметкерлердің тұлғасына және кәсіптік құзыреттілігіне жоғары талаптар
қоюда». Осы талаптарды жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінде өзгерістер
болуда, сол өзгерістердің бірі оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана
алуларына бағытталған білімнің болуы, яғни, оқушылар мен мұғалімдердің
құзіретті болуы.
Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір
сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны әлемде болашағына дұрыс таңдау жасай алатын,
ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына
икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы
әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Бүгінгі күнгі білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануга үйрету, қай
жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет
тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектепті философтар «адамзаттың өзіне –өзі
қойған қақпаны» деп айтып жүр. Мектеп бітірушінің 3 пайызы ғана жоғары
деңгейдегі шығармашылық білім өнімін құруға қабілетті болса, бастауыш мектеп
оқушысының жағдайы қандай болғаны бәрімізге белгілі.
Қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы
ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлануына,
өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын
төмендетеді.
Қазіргі кезде зерттеушілік шағын кәсіби ғылыми қызметкерлер тобына ғана
тән, аясы тар мамандандырылған қызмет ретінде емес, ол кез келген саладағы
қазіргі адамдардың өмір сүру тәртібіне айналған кәсіби өмірге белсене араласатын,
тұлғаға тән құбылыс. Сондықтан, жеке тұлғаның құзыреттіліктерін дамыту мен
қалыптастыруда нысандар мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өндеу
әрекетінің маңызы зор.
85
«Зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес энциклопедиясында» «жаңа білім алу
процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген.
Танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық (өнімсіз) және ( шығармашылық,
зерттеушілік) өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық
өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге
асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз
бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі
ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет.
Соңғы жылдары «зерттеушілік әрекеті» мәселесіне жаңа термин ретінде-
зерттеушілік әдебі орыс тіліндегі аудармасы «исследовательское поведение»
термині енгізілді. Зерттеушілік әдебінің А.И. Савенков күрделі психикалық
құбылыс екенін атап көрсете отырып, оған нақты анықтама берілмейды дейді. Ол
өз еңбектерінің бірінде былайша түсіндіреді: зерттеушілік әдебі ақпараттар
іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет етінде қарастырылады.
Автор «зерттеушілік әдебін ізденушілік белсенділігінде психикалық талабының
негізі бар нысанды танып білуге бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту –
зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі» деп түсіндіреді. Зерттеушілік
әдебі негізінде ізденушілік белсенділігі, оқушының қоршаған ортасын зерттеуге
деген талабы жатыр. Зерттеушілік әдебінің басында оның ішкі биологиялық
психикалық табиғи талабы тұрады. Бұл талаптың негізінде И.П. Павлов анықтаған
бағдарлы зерттеушілік рефлекс жатыр. Рефлекс адамға да, жануарға да тән
қоршаған ортасына психикалық реакциясын сипаттайтын талап. Зерттеушілік
әдебі «кез келген тіршілік иесінің өмір сүру белсенділігінің байқалуы ретінде»
қарастырылады. Ол дамыту қызметін атқарады.
Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Шығармашылық
зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық
ізденіс адамға екі жақты көзқараста: біріншісі – қандай да бір жаңа өнім алу
жағынан, екіншісі – ізденіс процесінің мәні жағынан маңызды. Адам тек
шығармашылығының нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық,
зерттеушілік процестің өзінен ләззат алуға қабілетті. Психологтар зерттеушілік
әдебін тұлғаның өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Ізденушілік
белсенділігінің тежелуі тұлғаның кез келген жағдаятта қауқарсыздығына апарып
соғады. Сонымен бірге оқушының жүзеге асырмаған зерттеушілік белсенділігі
оның өзіне деген сенімін төмендетеді, ақырында өзінің мүмкіндігін қолдана
алмайтын жағдайға душар етеді.
«Зерттеушілік әрекет» пен «зерттеушілік әдебі» әдіснамалық негізінде
әрекет жатқан синонимдер болып табылады. Осылайша оқушының зерттеушілік
әрекеті, зерттеушілік әдебі тұлғаны толык қамтитын күрделі кіріктірілген білімі
болып табылады. Осы екеуінен қазіргі кезде дәстүрлі тәжірибеде «зерттеушілік
оқыту» (exploratory eucation) ұғымы мен «зерттеушілік оқыту әдісі (немесе
өнімді)» пайда болды.
Зерттеушіліке оқыту – баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге
деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеушіліке
оқытудың негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық мәдениеттің қай саласында
болмасын өз бетімен шығармашылық жаңа іс-әрекет тәсілдерін игеруге
дайындығы мен қабілетін қалыптастыру болып табылады. Сондықтан, мұғалім
86
үшін негізгі нәтиже – баланың қолдан жасаған макеті немесе суреті емес, өз
бетінше алған ең құнды шығармашылық зерттеу жұмысы, жаңа білімі мен білігі,
жай орындаушы ғана емес, анық шығармашыл психикалық жаңа көзқарасы. Яғни,
оқушының зерттеушілік іс-әрекетінің жетекшісі төмендегі ережені сақтауы тиіс:
1)
оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;
2)
нақты нұскауларға қарағанда баланың ұсынысына көніл аудару;
3)
талқылау кезінде баға беруге асықпау;
4)
білім алу барысында балаларға көмектесу:
-
оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету;
-
нақты нұскауларға қарағанда баланың ұсынысына көңіл аудару;
-
талқылау кезінде баға беруге асықпау;
-
білім алу барысында балаларға көмектесу:
-
өз бетінше проблеманы шығару;
-
проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;
-
пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау;
-
ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;
-
өзіндіқ пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну.
5)
Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас
тартуға, шыдамдылық танытуға үйрету.
6)
Оқушының зерттеу әрекеті процесін мынадай бірізділікте көруге
болады:
-
зерттеу проблемасы мен бағытын аныктау;
-
зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу міндеттерін аныктау);
-
зерттеу әдістерін таңдау;
-
зерттеуді жүргізу (ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау,
эксперимент, т.б.);
-
алынған материалды талдау және тарату (алынған материалды белгілі
ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру);
-
қорытындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама
беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау, т.б.)
-
презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру)
-
аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау. Рефлексия.
Сонымен, оқушының шығармашылық қабілетің дамытудың құралдары мен
түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді
болып табылады. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларың зерттеу
әдісіне оқыту, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру
қазіргі білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі.
Әдебиеттер
1.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары,- Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2012.
2.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, - Қазақстан Республикасының
Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, 2010.
87
Абдраимова Асем Бауржановна, аға оқытушы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ
филиалы, «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ
БЕРУҰЙЫМДАРЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУ МАҢЫЗДЫ ШАРТ РЕТІНДЕ
Балалар - біздің елдің бүгінгісі мен болашағы,
біздің мемлекеттің басты байлығы мен тірегі.
Дамудың бірінші кезеңі, тәрбие мен білім
берудің бірінші сатысы- балалар бақшасы.
Н.Ә. Назарбаев.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие мен оқыту
бағыттарын қоғам сұраныстарына сәйкес құру көкейкесті мәселелердің бірі болып
отыр. Осыған орай, мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің кәсіби білімдерін
жетілдіру, оқу- тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға
бағыт- бағдар беру, озық іс- тәжірибелер мен идеяларды насихаттау негізінде
жүргізіледі.
Инновациялық іс-әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарының
оқу-тәрбие
үдерісінде
қолданылатын
бағдарламаларды
басшылыққа ала отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология,
әлеументтану, медицина саласындағы ғылыми- зерттеу жұмыстарының
нәтижелері негізінде анықталады. Инновациялық технологияларды меңгеру
педагогтың
интеллектуалдық,
кәсіптік,
адамгершілік,
шығармашылық,
зерттеушілік т.б. қасиеттерінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді, әр педагог өзін-
өзі дамытып, оқу- тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында: «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы
басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің
жаңа әдістеріне көшу керек»,- деген болатын.
Білім беру үрдісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекеттерін
ұйымдастыру мен мектепке дейінгі білім берудің сапасына оң әсер етеді. Қазіргі
заманғы педагогтардың инновациялық технологияларды білуі уақыт талабы.
Алайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды пайдалануда
бірқатар қиындықтар байқалады, олар:
-
педагогтардың
технологиялардың
құрамдас
құрауыштарын
жеткіліксіз білуі;
-
тәжірибе барысында тұтас технологияны емес, оның элементтерін
пайдалануы;
-
педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жоқтығы;
-
жұмыс тәжірибесіне сапа енгізуді бастамалайтын технология
идеяларын қате түсіну;
-
ең бастысы: алдыңғы қатарлы әр технологияда қарастырылған, баланы
қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани жан- дүниесінің
баюына және әр баланы жеке даму ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік дамуына жағдай
жасау мәселесі ескерілмейді.
88
Осындай мәселелер тек әдістер, формалар мен құралдар түрінде ғана
қолданылатын педагогикалық, білім беру жағдаяттарын тудырады.
Балабақшадағы инновацияға не жатады?
Инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады. Бірінші
кезеңде педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы
ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты
таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды. Тәрбиеші
инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру
кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл
кезеңде педагог оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап
отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты
уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді. Жаңалықты енгізу
уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс- әрекет үшінші кезеңіне өтеді.
Бұл кезеңде тәрбиеші жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие
жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың
оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға
ұсынады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет–
журнал материалдары арқылы танысып педагогтар – новатордың
әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет
ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат,
аннотация, рецензия жазып, оқу–тәрбие қызметіне педагогикалық
талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен
тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен
құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды
шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен
қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа
технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасуы керек. Қазақстанның
бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген, нақты
тәжірибелік іс-әрекетте өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл,
зерттеуші педагогтар аса қажет. Дәл осы сипаттағы педагогтың ең алдымен
инновация туралы түсінігі болуы қажет.
Қазіргі педагогикадағы инновация - білім беру, тәрбиелеу жұмысына
жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді амалдарды, құралдарды, жаңа
тұжырымдарды жасап, оларды қолдану ретінде анықталады. «Инновация»
термині, ағылшын тілінің «innovation» сөзінен шыққан, аударғанда «жаңалық,
жаңашылдықты енгізу» деген мағынада қолданылады: инновация құрал мен
процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді. Жаңалық-
бұл дәл құрал (жаңа әдіс-тәсіл, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы), ал
инновация- осы құралды меңгеру үрдісі. «Инновация» ұғымына түрліше
анықтамалар беріліп келеді. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет
шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, алғаш ашылған, бұрыннан таныс
емес енгізілген жаңалық.
Қазақстандық педагог ғалымдар Ш.Таубаева мен Қ.Құдайбергенова берген
анықтаманы негізге алсақ, «инновация - бұл қойылған мақсатқа жетуде ойға
алынған жаңа нәтиже». Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені
шешу жолында туындайды, түпкі ой мен шынайы нәтиже арасында қарама -
89
қайшылық туады. Кез- келген педагогикалық ұжым, кез- келген педагог
инновациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға құқылы. Бірақ жаңашылдықты
дайындау және ұйымдастыру барысында өзіне нақты міндет алуы тиіс, өйткені
кез келген педагогикалық бастаманың нысаны бала екенін ұмытпаған жөн.
Инновацияны жете түсініп, ииновациялық әдіс-тәсілдерді балабақша өміріне
кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір
шарты болып табылады. Инновацияны ұйымдастыру барысында алға қойылған
міндеттердің жүйелі және бірізді болуы маңызды. Оң нәтиже алу үшін келесі
шарттарды ұстанған жөн.
Бірінші – инновацияны енгізуге деген мотивациялық жағдай, жаңа іс-
әрекетті қабылдауға, әрі қарай меңгеруге деген себеп-салдардың туындауы.
Жаңашылдықтың негізгі кілті инновацияның педагогтың қызығушылығы мен
үйлесімділігі болып табылады. Ең алдымен «инновация қажет пе?» деген пікір
арқылы нақты ұсыныс қабылдауға болады. Инновациялық іс-әрекет жоспарын
қарастыра отырып, әр педагог нақты мәселені шешу, оның жалпы нәтижесі үшін
жауапкершілікті сезінуі тиіс.
Екінші – инновациялық іс-әрекетке дайындық – бұл құзыреттілікті
қалыптастыру деген сөз. Осы құзыреттілік ақпаратты қабылдау, жеткізу және оны
шынайы бағалаудан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісіне инновацияны енгізудің
қажеттілігі білім беру жүйесіндегі өзгерістермен, педагогтың шығармашылық
құзыреттілігімен және бала дамуындағы оң нәтижелермен анықталады.
Инновацияның бағыты әр педагогтың шығармашылық әлеуетіне, кәсіби
құзыреттілігіне негізделеді.
Педагогтың инновациялық іс-әрекетінің белгілері:
- өзінің жеке қасиеттерін еске ала отырып, басқалардың инновациялық
тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
- жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола
отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
- педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше
жасауымен сипатталады.
Инновациялық іс-әрекет- білім жүйесінде негізгі жетілдіру әдісі және
педагогтардың шығармашылық әлеуетінің даму шартының бірі болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы іс-әрекет әрбір педагогқа өзінің «инновациялық» және
креативті мүмкіндігіне, өзінің мотивация, кәсіби құзыреттілігін көтеруге ерік
береді.
Педагогтардың инновациялық әлеуетін дамытуда құрылған жоспар
балабақшаның әдістемелік жұмысының инновациялық бағытына қатысты.
Әдістемелік жұмыс мазмұны ұйымның даму стратегиясына бағынышты
болып табандылықтан, осындай әдістемелік жұмыс ұйымының даму
стратегиясының іздену және айқындау құралы болып табылады.
Инновациялық іс- әрекетті жүзеге асыратын МДҰ әдістемелік жұмысын
ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі- жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану. Бұл -инновациялық қызметті ақпараттық тұрғыдан қамту үрдісінде
бірініші кезекте тұрған мәселе. Алайда, жалпы алғанда, материалдық база
жеткілікті түрде жабдықталғанымен, бүгінде бұл үдеріс баяу дамуда.
90
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану мүмкіндіктері жоғары:
-
ақпараттық қорды құру (сыртқы қор: нормативтік- құқықтық
құжаттар, оқу- әдістемелік, педагогикалық орта туралы мәліметтер, ғылыми-
әдістемелік материалдар; ішкі қор: білім беру қызметінің нәтижелері, бала
денсаулығын медициналық –сауықтыру іс-шаралары, ата- аналармен жұмыс,
мамандармен қамтамасыз ету т.б.)
-
педагог тұлғасын мекеме, аудан, облыс, ел деңгейінде көрсету (озық
тәжірибені білім беру мекемесінен тыс тарату);
-
әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысу;
-
кәсіби педагогикалық байланыстарды кеңейту (инретнет желісі
арқылы хабар алмасу, біліктілікті арттыру курсында қашықтықтан оқу).
Аталмыш мүмкіндіктерді пайдалана отырып, инновациялық қызметті жүзеге
асыру барысында әдістемелік жұмысты сапалы түрде жүргізудің көрсеткіші
мониторинг болып табылады. Әдістемелік жұмысты диагностикалық негізде
ұйымдастыру педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндігін анықтауға,
нақтылап, шығармашылыққа бағыттауға, белгілі бір дәрежеде ортаның
инновациялық үдеріске әсер етуінің сипаты мен мөлшерін жоспарлауға мүмкіндік
береді.
Барлық педагогикалық инновацияларды балабақшада балалардың жас
ерекшеліктері мен әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген
жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау
қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен
ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осы орайды, «Егер айтып берсең, ұмытамын.
Егер көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын. Егер еліктіре тартсаң, расымен,
ұмытпаймын» деген қытай халқының көне ойшыл, (Конфуций) философтың нақыл
сөзі барша балақандардың тәрбиешіге жолдауы іспеттес деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |