12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ТҰҒЫРЛАРЫ
Д.Б. Касенова
№7 ЖББОМ, Павлодар қ.
Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі,
тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны
үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген
мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір
сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін
шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Себебі әлемдегі
ғажайып жаңалықтарды өзі білім, білікті шығармашылық құндылық
ретінде бағалаумен, оны ізгі мақсаттарға сәйкес қолданып, жаңаны
табумен мүмкін болады.
Еліміздегі білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуді,
әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарасты
жаңаша тұрғыдан қарастыруды көздейді. Осыған сәйкес қазіргі білім
беру жүйесінің мақсаты - білімді, бәсекелестік қабілеті бар,
шығармашыл, дербес, ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-
жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Мектептегі жас ұрпақтың ақыл-ойы, рухани дамуының негізі –
оқылатын пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие жұмысының мақсатқа
сәйкестігі мен меңгеретін ғылыми білімдер жүйесінің шығармашылық
сипатына байланысты.
Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім
беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық
болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға
сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздейді.
Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті тек қана қосымша
бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге
сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен
біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, ұлттық,
мәдени, рухани құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке
тұлғасын қалыптастыру екендігін түсінетін уақыт жетті.
Сондықтан әлемдегі білім беру ісінің даму жағдайына талдау
жасай отырып, ерекше үміт күттіретін тенденциясын көрсетуге
болады:
● мектеп жүйесіндегі демократизация;
● мектеп тәрбиесінің гуманистік бағыты;
● оқушылардың
шығармашылығын,
дербестігін,
ізденімпаздығын, белсенділігін дамытуға бағытталған оқытудың әдіс-
тәсілдерін қолдану;
● ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды пайдалану;
● оқыту жүйесін модернизациялау;
● тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;
● жаңа техникалық құралдарды пайдалану;
● мектептегі және мектептен тыс уақыттағы оқыту мен
тәрбиелеуді кіріктіру.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын
қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып
есептеледі. Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір
шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу
үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер
қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін
нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық іс-әрекет – мәселелі қою, ойды тұжырымдап
айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы,
аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны
тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
–
Оқушының шығармашылық деңгейі оның мселені
қ
ою мен
.
оны шешудің жолдарын табуынан к рінеді
М
ұнда жаңа білімді
меңгеру процесі шығармашылық ойдың қалыптасуымен жне
.
,
-
дамуыменбіргежүреді Демек шығармашылықойдыңнтижесі
т
ек
,
,
қана белгілі ұғымдарды қайталап жаңғыртумен ғана емес сонымен
,
.
қатаржаңабілімдіжасау тапсырманыорындаудажаңажолдардыашу
ХХІ
ғасыр білімін
адамның шығармашылық
қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің жеке тұлғалық дамуы деп
түсіну қажет. Бұл - әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра
алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы,
айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның
интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы қалыптасады.
Шығармашылық қызығушылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың
қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін
қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін, танымын кеңейтуге
негіз болады.
«Шығармашылық қызығушылық» ұғымының мазмұнын
Психологтер мен педагогтер төмендегідей сипаттайды:
- жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа
ұмтылу, ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға қарай әрекет
түрлерін тез арада өзгерте алу қабілеті (Ю.Н. Кулюткин);
- тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы,
бағыттылықтары (А.М. Матюшкин);
- индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру
мүмкіндігін көрсететін қасиет (Л.В.Занков).
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл
шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.
Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына
сәйкес, мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңға қатарлы
педагогикалық ой өкілдерінің шығармашылық қызығушылықты
қалыптастыру идеяларын зерттеу және талдау негізінде маңызды бес
бағытты бөліп көрсетеміз: философиялық-танымдық бағыт;
дидактикалық-психологиялық бағыт; педагогикалық-әдістемелік
бағыт; педагогикалық-инновациялық бағыт; акмеологиялық бағыт.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық және философиялық
зерттеулерді талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
Шығармашылық қызығушылықты қалыптастырудың қазіргі
тұжырымдамасы жаңа парадигмаға сүйенеді, ол әр жеке тұлғаның
ынтасы; әр жеке тұлғаның даму мүмкіндіктерінің, оның ішінде оның
шығармашылық өзін-өзін дамытуды қажетсінуінен; ішкі еркіндігінің
басылымдылығы – сырқы шығармашылық өзін-өзі дамытудың
табиғатын танымдық қызығушылықтың ықпалдастырылған
сипаттамасы ретінде түсінуден тұрады.
Жеке тұлғаның шығармашылық қызығушылығы – бұл ішкі
процесс, адамның орта әсеріне белгілі бір жауап беру тәсілі, өзіндік
қарама-қайшылықтар әсерінен және қоршаған ортаға, әлеуметтік
қатынастардың субъектісі ретінде өзінің субъективті қарым-
қатынастарын есепке алу негізінде өзін саналы түрде жетілдіруге
ұмтылысы.
Шығармашылық қызығушылықтың жетекші функцияларына
талаптанушылық, танымдық, реттеушілік, рефлексиялық, белсенді
өзара қарым-қатынас т.б. жатқызылады. Олар өзін-өзі дамытудың
бағыттылығы мен артуын, тұлғалық компоненттердің деңгейін және
олардың сабақтастығын айқындайды, адамға өзін жетілдіруге орай
дербес әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру - субъект-
субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір
жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау,
өзін-өзі басқару, өзін-өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін
арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында
субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп отыратын
проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды
шешуге бағытталады.
Әлемдегі алдыңғы қатарлы мектептер тәжірибелерін жалпылап,
құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес
пайдалана отырып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою
өзекті мәселе. Мемлекеттік білім беру жүйесі негізінде әлемдік білім
кеңістігіне ену – оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайту арқылы
денсаулығын сақтау, бос уақытын жеке мүмкіндіктері мен
қабілеттерін жетілдіруге жұмсауға жағдай жасап қана қоймай, оқыту
сатылары бойынша оқу материалын тиімді түрде игеруге, оны өмірде
қолдану және болашақ мамандықтарына қажетті дағдыларды
жинақтауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекетаралық білім
сайыстарына, бағдарламаларға, білім жобаларына қатысуына
мүмкіндіктер туындайды, нәтижесінде отандық аттестаттардың
шетелдерге танылуын қамтамасыз етеді.
Сондықтан қазіргі қоғам талабына сай, баланың ой-өрісін
дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз
тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой
дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл
тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы – 12 жылдық білім беру
жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр.
Оқушылардың
шығармашылық
қызығушылығын
қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа
парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық
қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман
талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің
дамуына жағдай жасау. Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас
ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті
атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі
жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл
шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.
Әдебиет
1. 12 жылдық білім берудің бастауыш буынындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Әдістемелік құрал. –Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО, 2003. –
46 б. (бірлестікте: Кенеш Ә.С., Дүйсенова Ұ.А.).
2. 12 жылдық мектепте оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру. Оқу құралы. – Ақтөбе, 2006. –146 б.
3. Диагностика готовности детей к обучению в 12-летней школе.
Методическое материалы. – Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования,
2003. –20 с.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ҚҰЗЫРЕТТІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
А.Т. Машрапова
№ 17 ЖОББСОБМ, Павлодар қ.
Бүгінгі таңдазаманталабынасайоқушырлардыңболашақмірге
.
бейімделуіне ерекше мнб еріледі Сондықтан р сабақта мұғалім зі
,
,
ғанасубъектболаалмайды оқушыменбірігіп проблемалардышешуге
.
–
.
дайын болу керек Мұғалімнің ролі
ұйымдастырушы ролі
Оқушыларға білімді дайын күйінде беретін педагогиканың бұрынғы
.
,
бағыты қанағаттандырмайды Жапон мақалы айтқандай бүгін зекті
«
,
,
»
болып Үйреткің келсе балықты бермей қармақбер дегенданас зі
.
,
,
-
,
табылады Егербұрынбілім білік дағды біздіңүш алыбымызболса
бүгінгі таңда олардың орнына леуметтік тжірибемен
п
айдалана
,
білуді қоғамдағы практикалық дағдыларын қамтамасыз ететін
құзыреттіктерді қалыптастыру талабы білім беру саласының бағдары
.
болыпанықталды Кез келгенсабақтаноқушы зіне болашақтақажетті
.
«
»
біртжірибе
а
лып шығукерек Сондықтанбұлжерде құзыреттілік не
.
екенінанықтауымыздұрыс
Құзыреттілік – кез келген әлеуметтік және тұлға үшін
маңызды саладағы тәжірибемен шартталған оқушының жеке
тұлғалық қаситеттерінің тұтастығы.
Ата-бабаларымыз айтқан екен: «Білім – арзан, білу –қымбат».
Бүгінгі таңда бұл нақыл сөздің өзектілігін түсінгенде, халықтың
даналығына таң қаласың. Расында, мектеп бітірушісін болашақ өмірге
бейімдеу үшін тек қана теориялық білім берумен шектелмеу керек
екені айқын.
Білім беру мақсатына сай құзыреттіктердің келесі түрлері бар.
Атап өтсек, олар:
−
Жалпымәдениеттік;
−
Коммуникативтық;
−
Оқу-танымдық;
−
Ақпараттық;
−
Әлеуметтік-тұрмыс.
Қазақ тілі сабақтарында бұл құзыреттіліктердің бәрі де
қалыпсуы қажет.
Ал енді қазақ тілі сабағының кезеңдеріне келетін болсақ, олар
мынадай:
−
Ұйымдастыру кезеңі;
−
Сарындық кезеңі;
−
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі;
−
Рефлексия кезеңі;
−
Қорытындылау кезеңі.
Жалпы қазақ тілін меңгеруінің тәсілдерін сипаттағанда, оларды
келесі сөздермен айтуға болады:
−
Іздеу;
−
Ойлау;
−
Таңдау;
−
Бірігіп істеу;
−
Іске кірісу;
−
Пікірлесу;
−
Қорытындылау;
−
Өз ойын білдіру.
Барлық құзыреттіктерді зерттегенде, олардың келесі
құндылықтары табылады:
−
Тәжірибе алу;
−
Тәжірибеден пайда шығару;
−
Проблемаларды шешу;
−
Жаңа шешімдерді табу.
Сабақ кезеңдердің әрқайсысында құзыреттіктер қалыптасуы
қажет. Егер мұғалім сабақ сайын осы құзыреттіктердің қалыптасуына
мән берсе, бірнеше сабақтың арасында нәтиже көре алады.
Ұйымдастыру кезеңі – әңгімелесу, хабарлау, баға беру.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі – баяндау, мәнерлеп оқу,
таңдау, іздеу, жазу, қорытындылау.
Сарындық кезеңі – салыстыру, талдау, жүйелеу, гипотеза
шығару, мақсат қою, жоспарлау.
Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі – жазу, таңдау, айыру, бөлу,
теру, жүйелеу, талдау, себебін анықтау, келісуін-келіспеуін жеткізу.
Рефлексия кезеңі – қорытынды шығару, тақырыптың өзектілігін
анықтау, жаңа жоспар құру.
Әрине буған сабақтың түрлері әсер етеді. Жалпы қазақ тілі
сабақтарының тақырыптары келесі түрлерге бөлінеді.
−
Теориялық тақырыптар;
−
Танымдық тақырыптар;
−
Ұлы тұлғаларға арналған тақырыптар;
−
Тіл дамытуға арналған тақырыптар.
Сабақтың түрі оның мазмұнына, шәкірттерде қалыптасатын
құзыреттіктеріне байланысты, кез келген құзыреттіктердің басыңқы
болуына қарай бірыңғай бола алмайды. Мысалы, теориялық және
танымдық тақырыптарды меңгеруге бағытталған сабақтарда
ақпараттық және оқу-танымдық құзыреттіктердң қалыптасуы
басыңқы болса, тіл дамытуға арналған сабақтарда қарым-қатынастық,
жалпымәдениеттік құзыреттіктер қалыптасады. Бұл жерде тағы да
айтып кететін бір нәрсе бар: әр сабақта мұғалім тілдік бірліктерінің
сатылап берілуіне мән берген дұрыс.
Дыбыс /әріп/ – буын – сөз – сөз тіркесі – жай сөйлем –
құрмалас сөйлем
Бұл жерде тағы да бір жағдайға назар аударғанымыз жөн.
Құзыреттіліктерді қалыптастыру үшін кез келген сабақта әңгімелеу,
жазу алгоритмдерін жасаған жөн. Солар арқылы оқушылардың
сөйлеу, жазу құзыреттері тез қалыптасады. Мысалы, жоғары
сыныптарда бағдарлама бойынша оқушыларда мазмұндама жазу
дағдылары қалыптасуы жоспарланады. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ
тілінде естіген мәтіннің мазмұнын қайыру оңай емес. Бұл дағдыларын
қалыптастыруға мазмұндама жазу алгоритмін жасаған дұрыс.
Алгоритм оқушыға өз ойын жүйелі түрде жеткізуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдардың тәжірибесі бұны дәлелдейді.
−
Мәтін не туралы?
−
Уақиға қашан, қайда болды?
−
Мәтіннің кейіпкерлері.
−
Мәтіннің қысқа желісі.
−
Мәтіннің негізгі ойы.
−
Менің ойымша,.....
/келісу-келіспеуі; сынау, қолдау, ой салуы/
Өз ойын оқушы мақал-мәтелмен, белгілі нақыл сөзбен
дәлелдегені жөн.
Жоғары атап өткен ұлы адамдарға арналған сабақтарға келетін
болсақ, кез келген сабақта жұмыс алгоритмын жасаған дұрыс, өйткені
оқушылар барлық ұлылардың өмірін есте сақтай алмайды. Ал
алгоритм бойынша ол тек қажетті ақпаратты ғана есіндже сақтайды.
Әсіресе, мұндай алгоритммен монолог жасау емтиханға
дайындалғанда қолайлы.
−
/..../ кім?
−
/..../ қашан, қайда туды?
−
/..../ туған отбасы, тәрбиеленген ортасы.
−
/..../ алған білімі. Қай оқу орнын бітірді?
−
/..../ қай салада еңбек етті? Қай заманда өмір сүрді?
−
/..../ белгілі еңбектері. Ерлігі.
−
/..../тарихи орны. Қалдырған ізі. Ескерткіші.
−
/..../ кейінгі ұрпақтардың құрметі.
Бұл жерде оқушылардың ақпаратпен істеу қабелеттері де
дамиды. Өйткені олар тек маңызды, болашақта оларға қажеттісін
іріктеуге бейімделеді.
Қазақ тілі сабақтарында пәнаралық құзыреттіктері қалыптасады.
Өйткені мұнда тарих, география, математика, физика, т.б. пәндердің
ақпараты орын табады.
Бүгінгі көтеріліп отырған мәселе өте өзекті, өйткені оны
мұғалімдердің өзі алдымен зерттеп, талдап, істе қолдануы қажет.
Тіл құзыреттіктері қалыптасуына бастауыш, орта сыныптарда
ойын әдістері өте қолайлы. Ал жоғары сыныптарда мектеп
бітірушілерін азаматтық, тұтынушы, кәсіпкерлік,т.б. рольдерге
бейімделуі қажет. 10-11 сынып оқулықтарында әр тақырыптан кейін
деңгейлік, нәтижелік тапсырмалар ұсынылған. Бұл мұғалімнің
жұмысын жүйелеуге зор әсер етеді. Мақала, сценарий жаз, өз пікіріңді
білдір, т.б тапсырмалар оқушыларда ақпаратпен жұмыс істеу, алған
мәлімет бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.
Сонымен оқушының құзыреттіктерін қалыптасуына бейімделген
сабақ модельдеріне келетін болсақ, оларды келесі түрде ұсынуға болады.
10 сынып Сабақтың тақырыбы: «Бизнесте не күшті?»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, кезекшімен сұхбаттасу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
3 жұптың арасында «Еліміздің экономикалық саясаты»
тақырыбына диалог жасау.
ІІІ. Сарындық кезеңі.
Мұғалім Елбасының Жоладуынан экономикаға байланысты
үзіндісін оқиды. Онымен оқушылар арасындағы сұхбаттасу «Қазіргі
Қазақстандағы экономика жүйесі».
Оқушылар соңында елімізде қазір нарық экономикасы дамып
жатыр деген ойға келеді.
Оның негізі неде? – Жеке, орта меншік кәсіпкерлікті дамыту.
Яғни бизнесті дамыту.
ІV. Жаңа тақырыпты меңгеру. Операциялық кезеңі.
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Интернеттен, газеттерден,
сөздіктерден алдын ала тапқан мәліметтен бизнес не екені туралы
мәлімет жинау, оны жүйелеу.
Бизнестің 3 түрі бар екенін таниды: шағын, орта, ірі. Шағын
бизнес – ол МК, ЖК; орта – ЖШС; ірі – АҚ. Мәтінмен жұмыс 64 бет.
Мәтінді оқу, аудару, талдау. Жаңа сөздермен жұмыс.
Жеке меншік кәсіпкер болу үшін не керек екенін шешу: білім
/бизнес жоспар құру үшін/, ресурс, материалдық қоры, қаржы,
жарнама. Әрқайсысын талдау.
Ү. Рефлексия кезеңі.
Рольды ойын. «Өз ісіңді аш!» Бизнес жоспар жасау үлгілері.
Оқушылар интербелсенді тақтада өзінің болашақ бизнесінің моделін
жасау жолдарын ұсынады. Бизнестің ұтымдылығын қорғау.
Өзектілігін жариялау.
ҮІ. Қорытындылау кезеңі.
Ұсынылған жоспарларға баға беру, баға қою.
Үйге: «Банкке барып, қаржы алу» -диалог.
Қорытындылай келгенде, сабақтың әр кезеңі оқушыға қызықты
болып, табысқа жол ашу керек. Оқушы әр тапсырманы орындауы
қолынан келетіндігін түсіну керек.
Білім алу барысынан өтіп оқушы нені пайда қылады? – Ең
маңыздысы – бейтаныс жағдай алдында оның қорқынышы жойылады,
қарым-қатынасты талап етеді, өз бетінше проблемаларды шешуге
бейімделеді, өз пікірін дәлелдеп, өзгенің пікірін құрметтейді, өзін
бақылайды.
Мектеп бітіруші болашақ өмірден нені күтеді? Тек табысты.
Табыс жағдаят – оқуға деген жағымды көзқарастың белсенділікке,
шығаршылыққа өсуінің қажетті жағдайы. Болашақ өмірге мектеп
бітірушісі үлкен сеніммен қарау керек. Оған осы өмірдің белсенді
кейіпкері болып түсіндіруі - мектеп ұстаздарының міндеті.
Әдебиет
1. Хуторской А.В. «Ключевые компетенции как компонет личностно-
ориентированного образования» il –n. ru>board. aspv
2. Петровская Л.А. Компетентность в общении. - М., 1989г.
3. Скала К. Социальная компетенция.Ключевые компетенции. - М., 2008
4. Маркова А.К. Психологический анализ професситональной
компетентности. - М., 1990.
5. Бездухов В.П., Мишина С.Е., Правдина О.В. Теоретические проблемы
становления педагогической компетентности учителя. - Самара., 2001г.
6. Шакирова Г.С. Роль ключевых компетенций в становлении личности
учителя и ученика. - Алматы, «Педагогика –Пресс» Внеклассная работа в школе.
2010 №11
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ҚАБІЛЕТІМЕН БЕЙІМІНЕ ҚАРАЙ ТАНЫМДЫЛЫҚ
ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМАДСТЫРА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
Ү.М. Мүлікбаева
№ 21 ЖББОМ, Павлодар қ.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға
дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты -
жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайьшда алынған терең білімнің,
кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі
дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты
шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны калыптастыру деп
нақты көрсетілген.
Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі
қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі - математика.
12 жылдық білім беру тұжырымдамасында орта білім берудің
басты мақсаты: Қазакстан Республикасының әлеуметтік,
экономикалык және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге
қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие
үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке
дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетін өмір сүріп
отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы,
қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны
қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті,
іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, дәлелді
пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап
салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.
Заман талабына сай білім беру - бұл оқушыларды адамгершілік,
интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін
қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз
үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу
процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының кабілетімен
бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды
әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және әр біреуін
жақсы оқыгу болып табылады.
Білім беру жүйесінің негізгі бөлшегі - оқушы, оқушылар тобы,
сынып, мектеп болса білім саласы баспалдақтардың әр бір буынына
байланысты біз білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға
тырысамыз.
Оқушыларға математикалык жүйелі білім беру, олардың
өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы
дамытуға тәрбиелейтін - мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы
жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы.
Мұғалімдердің мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін
пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім
беру.
Әрбір оқушыны жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу - әр
мұғалімнің негізгі міндеті. Математика - ерекше құдіретті ғылым.
Қазіргі заман - математика ғылымының өте жан-жақты тараған
кезеңі. Математиканы оқьпудын мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа
технологиялар ауадай қажет. Қазіргі акпараттық технологияның озық
жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-
әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардын құзіреттілігін
дамытуға болады.
Жаңа технологиялар мұғалімнін жүйелі жұмыс істеуіне
мүмкіндік береді. Ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні
интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті
тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше
пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының әзірше ойлау қабілетін
арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге
үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық
белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады.
Математиканы оқытудағы негізгі талап - оқушыға есептер
шығара білу жолдары мен тәсілдерін үйрету. Интерактивті тақтамен
сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен
қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы
қозағау салып, шәкірттердің кұзіреттілігін дамытуға әсер етеді. Ең
алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретемін.
Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде
тани білуге тырысады. Математика сабағында оқушылар өз бетінше
жұмыс жасай дағыдыларын дамыту, баға жетпес құндылыктардың
бірі.
Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін
тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін
кенінен қолдану қажет деп білемін.І
Математика сабағында сын тұрғыдан әр түрлі стратегияларды,
жаңа акпараттық технологияларды, (интерактивті тақтаны) қолдана
отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы - есептерді шығара білу,
шапшаңдылық, шеберлік дағдыларын ұйымдастыра отырып,
оқушылардың кұзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын
дамыту.
Ұсынылып отырған жұмысымда, 9 сыныпта өткізілген
математика сабағында сыни тұрғыда әрбір стратегияларды,
интерактивті тақтаны қолдау арқылы сабақ өткізу болды. Математика
сабағынан алған теориялық білімдерін оқушыларға интерактивті тақта
мүмкіндігін пайдалана отырып бекіту ұсынылды. Сабақты бұлайша
түрлендіру үшін оқушының алдымен информатика сабағынан алған
мүмкіндіктерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру және берілген
есептерді интерактивті тақтада жазып, сауатты орындай білу керек.
Бұл кезде оқушылардың ойлау қабілеті іске қосылып,
танымдылық іс-әрекетті жинақталып құзреттілігі дамиды. Оқушыны
біліммен, білім алу тәсілімен қаруландырып, оның өмір салтымен,
мінез-құлқын сақтандыра отырып өзін үнемі дамитын оқушыны
тәрбиелей отырып, саналы білім алуын жүзеге асыру. Егер
математика пәні бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе,
жаңа ақпаратты технология арқылы оқушылардың шығармашылығы
қалыптасса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол
білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай,
бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлға болып қалыптасады.
Сабақты 3 кезеңге бөлдім.
1-кезең
- бұл кезде оқушылар өз бетімен өткен тақырыпты еске түсірді
- оны жаңа сабақпен байланыстырады
- пәнге деген қызығушылығын арттырады
2-кезең
- оқушы интерактивті тақта арқылы жаңа ақпаратпен танысып,
тақырып бойынша жұмыс істейді
- өз пікірін оймен бере алады
3- кезең
- оқушылар үйренгенін саралап ой-елегінен өткізеді
- компъютер үдістері арқылы бір жобаға салады.
Осы кезеңнен кейін оқушылардың танымдық іс-әрекетінің
дамуының деңгейін анықтау кестесін қолданамын. Оқушылардың
есеп шығару барысында қабілет дәрежесі біркелкі болмайтынын
ескеріліп қиындығы әртүрлі есептер берген жөн.
Оқушылардың құзыреттілігінің кілтін қалыптастыру барысында
оқулықтан мынадай мысалдар қарастырамыз.
№1 есеп. 5-сынып оқулығы бойынша: Үш мәтін 34 бетті
қамтиды. Бірінші мәтін 6-бет, ал екінші мәтін беті үшінші мәтінге
қарағанда үш есе кем бет құрайды. Екінші мәтін неше бет құрайды?
Бұл есеп оқушылардың құзыреттілігін жетілдіру емес, бірақ осы
есепті сұрақпен толықтыру арқылы біз бірінші деңгейге неізделген
есеп құрастырам ыз. Мысалы: (Мәтіннің кітап бетін қамтуын пайыз
есебінде дөңгелек диаграмма құрастыру керек болса, есептеулер
арқылы оқушылар бұның нәтижесін диаграммамен көрсетеді.)
№2 есеп. Ю.Ф. Фомин мынадай есеп ұсынады. «Капитан Грант
балалары романында: «Ауа-райы тамаша, өте ыстық емес ....
Роберттің білгені Виктория провинциясында жылдық орташа ауа
райы +74
0
Фаренгейт бойынша. Бұл Цельсий температурасы бойынша
қанша болады? Цельсий температурасын есептеу үшін бізге формула
құрастыру керек. КЕстеде мұздың еру және судың қайнау
температурасы Цельсий мен жәнге Фаренгейт бойынша берілген.
Мұздың еру мен қайнау температурасы.
Температура
Цельсий температурасы Фаренгейт
Мұздың еруі
0
32
Судың қайнауы 100
212
Бұл есеп бірінші деңгей есебі болып саналады, оқушылар
таблица бойынша формула құрастыру керек, және сұрақтарға жауап
беру керек.
Осы есепті екінші деңгейге аудару үшін есептің мәніне
қосымша сұрақтар толықтыру қажет.
Мысалы: Ауаның температурасы күні бойы 7
0
тан 26
0
градусқа
Цельсий бойынша өзгерді. Суретте температураның өзеруі берілген.
Функцияның графигін Фаренгейт бойынша сызыңдар.Бұл екінші
деңгейдің тапсырмасы ,өйткені сурет бойынша оқушылар шаманың
өзгеруін және нәтижесін график бойынша анықтайды.
Оқушылардың қабілетімен бейіміне қарай танымдылық іс-
әрекетін ұйымдстыра отырып оқушылардың құзыреттілігін дамыту
мақсатында мынадай есептер қарастырылады.
№3 есеп. Бір литр бензин 2006 жылы 125 теңге тұрды. 2007
жылы ол 13 пайызға қымбаттады. 2007 жылғы бензиннің бағасын
есепте.
№4 есеп. Кестеде плацкарт вагонының билет құны көрсетілген.
Плацкарт вагонының билет құны:
айы
құны
Маусым
5000 тг.
Шілде
6000 тг.
тамыз
7500 тг.
Үш адамнан тұратын отбасының барыс-қайтыс жолға төленген
ақшасын есепте.
Мысалы, Геометриялық прогрессия тақырыбын алсақ. Формула
бойынша есептеп шығарған кезде оқушыларға төмендегідей
тапсырмалар ұсынуға болады.
- бірінші мүшесі мен еселігі берілсе n-ші мүшесін қалай табуға
болады?
- тізбек берілсе n-ші мүшесін қалай табамыз?
- еселігі мен n-ші мүшесі берілген болса бірінші мүшесін қалай
есептеуге болады?
Осы сұақтарды талдау нәтижесінде-
a
n+1=
a
n
.q , q=0 , a
1
=0
a
n
=a
1
.q
n
Формула пайдалану керектігін айтып көз жеткіземіз.
Оқушылардың тапсырмаларының негізі болып оқушылардың
ақыл-ойымен іс-әрекеттерін шығармашылықпен дамитынын
көрсетеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің аттыру мақсатында
әр-түрлі есептер дайындап келулерін ұсынамын .
Оқушылар тапсырманы орындауға теориалық дайындықпен
келулері тиіс. Оқушыларжұмысты аяқтаған кейін тексеру парағын
таратамын.
Оқушы шығарған есептерін мұқият тексеріп өзіне-өзі баға
береді. Өзін-өзі бағалау оқушыны шығармашылыққа тәрбиелеуге
баулиды.
Мұғалімнің білімі - оның негізгі құралы, білімсіз мұғалімнің бір
сарынды. Леонардо Да Винчи «Сүйкімді асты қабылдаудың еш
жағымды әсер болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдау
да ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы
тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды» - деген еді.
Яғни, оқушыларды тәрбиелеу мұғалімнен басталады
Әдебиет
1. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. «К конкурентноспособному
Казахстану, конкурентноспособной наций» - Астана. 19 наурыз, 2004ж.
2. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М.: Педагогика.
1981-186с.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім концепциясының
дамуы. /Казахстанская правда. 26 желтоқсан, 2003ж.
4.Хуторской, А.В. Ключевые компетенции и образовательные стандарты
[Текст]/ А.В. Хуторской // Интернет-журнал "Эйдос". 2002. - 23 апреля.
5.Ярулов, А.А. Познавательная компетентность школьников [Текст]/
А.А. Ярулов // Школьные технологии №2, 2004 год, С.43-84.
|