ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Сембаев Т.М. – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университетінің оқытушысы, Семей қ.
sembaev.talgat@mail.ru
АҢДАТПА
Беріліп отырған мақалада информатика пәнін оқытдың жаңашыл әдістері
қарастырылған. Еліміздегі информатика пәнін оқытудың сапалылығы мен маңыздылығы
кӛрсетілген. Шет елдік зерттеу нәтижелері мен отандық веб-сауалнама қорытындылары
мазмҧндалады. Мақалада берілген мәліметтерді информатиканы оқыту әдістемесін жасауда
кӛмек ретінде қолдануға болады.
АННОТАЦИЯ
Данная статья рассматривает новейшие методы преподавания информатики. Указаны
качество и важность преподавания информатики в нашей стране. Излагаются результаты
отечественного веб-анкетирования и исследования зарубежных стран. Предоставленные
материалы статьи можно использовать как помощь в подготовке методического материала
по информатике.
ABSTRACT
This article considers the newest methods of teaching informatics. Quality and importance
of teaching informatics in our country are specified. It is stated results of domestic web questioning
and research of foreign countries. The provided materials of article can be used as the help in
preparation of methodical material on informatics.
Тҥйін сӛздер: информатика, инновациялық әдістер, веб-сауалнама.
Ключевые слова: информатика, инновационные методы, веб-анкетирование.
Keywords: informatics, innovation methods, web questioning
Қоғамның алға жылжуына қарай информатика пәнін оқытудың жаңашыл
әдістеріне сҧраныс артып, инновациялық әдіс-тәсілдер пайдаланылуда.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері ғылыми тҧрғыдан дәлелденген жаңашыл
әдістерді қолдану ҥстінде. Бҧл тәжірибе біздің елде тек біртіндеп қана енгізіліп
жатыр. Педагогикалық тҧрғыдан информатика бойынша сапалы білім бергіміз
келсе, еліміздің мҧғалімдері әлемдік білім беру ҥрдісіндегі жаңашылдықтар мен
ашылуларды бақылап, хабардар болып отыруы тиіс.
«Білім туралы» Заңның 8-бабында «Білім беру жҥйесінің басты міндеті –
оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ҧлттық және жалпы
адамзаттық қҧндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
тҧлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу ҥшін қажетті жағдайлар жасау» - деп кӛрсетілгендей, әрбір ҧстазға
қойылатын негізгі міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін ҥнемі
жетілдіріп отыру болып табылады [1].
Инновациялық оқыту әдістерінің жіктелуі әр тҥрлі болып келеді. Оқу-
танымдық қызметі бойынша жіктелуі 1-сызбада кӛрсетілген. Қатысушылар
94
саны бойынша: жекелей, топтық, ҧжымдық, диад немесе триад болып жҧмыс
жасау; ӛткізілетін орны бойынша: аудиториялық, аудиториялық емес
(экскурсиялық, танымдық) болып жіктеледі [2].
Сызба 1. Инновациялық әдістердің оқу-танымдық қызметі бойынша
жіктелуі.
Игерілуге тиісті ақпараттың тым кӛп болуы заманауи білім беруге тән.
Сондықтан сапалы білім беру ҥшін информатика пәнін оқытуда жаңашыл
әдістерді жиі қолданамыз. Беспалько В.П. оқу материалын игерудің келесі
деңгейлерін кӛрсеткен:
–
Тҥсіну – оқушының ӛзіне берген жаңа ақпаратты тҥсіне алуы, бҧл
тӛменгі деңгей.
–
Танып білу – оқушының әрбір әрекеті жеңілдіктер мен
нҧсқаулықтарға сҥйене жасалуы. Бҧл бірінші деңгей.
–
Жасап шығару – оқушының ӛз бетімен жоғарыда кӛрсетілегн типтік
жағдайларда әрекет етуі. Бҧл екінші деңгей.
–
Оқушының типтік емес жағдайларда ӛзінің жинаған білімі мен
дағдыларын қолдана алуы. Бҧл ҥшінші деңгей.
–
Жоғарғы деңгей. Оқушы кҥтпеген жағдайларда да ӛзінің
шығармашылық және зерттеу қасиеттерін кӛрсете алуы. Бҧл тӛртінші деңгей
[3].
Информатика пәнін оқытуда интерактивті оқыту әдістерін пайдаланудың
маңыздылығы жайлы Галеева А.Р. мен Зайцева О.С. 2012 жылдың қыркҥйек
Имитациялық
Ойындық
Ойындық емес
Оқу ойындары
Іскерлік ойындар
Ойындық
жағдаяттар
Белсенді тҥрдегі
Ойындық әдістер
Case study
Ӛнертапқыштар
тапсырмаларын
шешу теориясы
Іскерлік поштаны
талдау
Имитациялық емес
Мәселелік дәріс, бетпе-
бет дәріс, пресс-
конференция, алдын-ала
жасалған қателермен
дәріс
Іздеу зертханалық
жҧмыстар
Эвристикалық әңгіме
Семинар, дискуссия
Ӛздік жҧмыс
95
айында Ресей Федерациясының Тобольск қаласындағы №6 жалпы орта білім
беру мектептебінің 9-сыныптары арасында жҥргізген зерттеулер нәтижесінде
Беспалько В.П. бойынша оқу материалдарын игерудің жоғарғы деңгейіне
жеткендер саны 29%-ға артқан, бірінші деңгейдегілер 37%-ға азайған [4]. Бҧл
интерактивті әдістерді информатика пәнінде қолданудың ӛзектілігіне дәлел
бола алады. Сондықтан, оқушының жоғарғы жеңгейге жетуіне жағдай жасауға
арналған жаңашыл әдіс-тәсілдер ойлап табылуда.
АҚШ-тың ҧлттық тренингтік орталығының 80-жылдарда жҥргізген
зерттеу жҧмыстарының нәтижесінде интерактивті әдістердің тиімділігі
дәлелденіп, материалды игерудің орташа пайыздық кӛрсеткішін бейнелейтін
пирамида жасалған болатын, 1-суретте кӛрсетілген. Бҧл бастапқыда Эдгар
Дейлдің еңбегі еді. 1969 жылы Огайо штатының мемлекеттік университетінің
профессоры бола тҧра, бір тақырыпты бірнеше әдіспен оқытып, зерттеу
жҥргізген. Абстракциялау деңгейі тӛмен болған сайын, игеру сапасы
жоғарылады деген қорытынды жасаған [5], [6].
Пирамидаға сәйкес ойласақ, информатика пәнін оқыту ҥшін
оқушылардың ӛзіндік тәжірибе алу жағдайын жасай отыра, сондай жағдаяттар
қалыптастыра алуымыз қажет.
Сурет 1. Материалды игеру пирамидасы
Информатика пәнін оқытуда әлемде кӛптеген жаңашыл әдістер
қолданылады.
Жҧппен бағдарламалау – бір орында екі оқушының бірлесе отырып, бір
тапсырманы, бағдарлама кодын жазу техникасы. Бір оқушы тікелей
компьютерде кодты тереді. Екіншісі жазылып жатқан кодты бақылап, тҥзетулер
ДӘРІС 5%
ОҚУ 10%
БЕЙНЕ / АУДИО МАТЕРИАЛДАР 20%
ДЕМОНСТРАЦИЯ 30%
ДИСКУССИЯЛЫҚ ТОПТАР 50%
ІС-ӘРЕКЕТ АРҚЫЛЫ ТӘЖІРИБЕ 75%
ӚЗГЕЛЕРДІ ОҚЫТУ / БІЛІМДІ ЖЕДЕЛ ҚОЛДАНУ 90%
96
енгізіп, негізгі ретін сақтап отырады. Оның міндеті тапсырманың орындалуын
қадағалау. Белгілі уақыт сайын орындары ауысып тҧрады [7].
Жҧппен бағдарламалау әдісін қолданудың артықшылықтары:
–
Тәртіптің болуы;
–
Қатенің аз болуы, ҧғынуға оңай;
–
Бағдарламалау ептілігін дамытады;
–
Білім алмасу мҥмкіндігі;
–
Ортақ ресурстарды қолдану;
–
Бақылау мҥмкіндігі;
–
Бірлікті дамытады;
–
Кӛп компьютер қажет емес.
Жҧппен бағдарламалау әдісінің кемшіліктері:
–
Екі оқушының білім деңгейі әр тҥрлі болса, ол ӛзара тиімсіз.
–
Ӛте жақсы оқитын оқушы ҥшін ӛзгеге ҥйрету қиындығы;
–
Бағалау қиындығы;
–
Бағдарламалаудағы ӛзіндік ерекшеліктерінің болуы;
–
Уақыт кӛбірек кетеді [8], [9].
Жҧппен бағдарламалау әдісін информатиканың жоғарғы курсындағы
бағдарламалау тақырыптарын оқытқанда қолдану ӛте тиімді. Оның тиімділігін
анықтау мақсатында Словенияның Лубьяна университетінде арнайы зерттеу
жҧмыстары жҥргізілген. Соның бірі Веб-сауалнама. Ол студенттердің арасында
жҧппен бағдарламалау әдісіне деген кӛзқарасын білуге бағытталған болатын. 1-
диаграммада кӛрсетілген.
Бҧл диаграммада жҧппен бағдарламалау әдісіне деген кӛзқарас пайыздық
кӛрсеткішпен кӛрсетілген. 6% - негативті, 6% - маңызды емес, 6% - ойы мҥлдем
жоқ, 66% - жақсы және 16% - керемет деген кӛрсеткіштермен бағаланған [8].
Бҧл зерттеулерге қарап кӛпшілігі жҧппен бағдарламалау әдісін
қолдайтынын кӛруге болады. Еліміздегі мектептердегі жоғарғы сынып
оқушыларын оқытуда, информатика пәнінің бағдарламалауға қатысты
тақырыптарын осы әдіспен оқыту білім сапасын арттыруға әсер етеді деп
ойлаймын.
Диаграмма 1. Жҧппен бағдарламау әдісіне деген кӛзқарас
negative
6%
nothing spec.
6%
no opinion
6%
good
66%
exellent
16%
PP (Pair Programming)
97
Әлемде тағы белең алып келе жатқан оқыту әдісінің бірі – әлеуметтік
желілер арқылы оқыту. Қазіргі уақытта оқушылар әлеуметтік желілерде кӛптеп
отыратыны белгілі. Ӛздерінің қолданушыларын арттыру мақсатында
әлеуметтік желілердің ӛзі тек кӛңіл-кӛтеру мен қарым-қатынасты нығайтуға
ғана емес сонымен қоса, білім беруге бағытталған ресурстар санын арттыруда.
Соның бірі ретінде танымал әлеуметтік желі «Facebook»-ті білім беруде
қолдану болып табылады. Осы тақырып бойынша арнайы эксперименттер
жасалып, зерттеулер жҥргізілген. Палестина елінің Наблус қаласындағы Ан-
Наджа ҧлттық университеті мен Израильдегі Аль-Касеми білім беру колледжі
жҥргізген зерттеулер жайлы Дээр В. ӛз мақаласында жазады. Ол оқушылардың
пікір алмасуын, ӛзара дискуссияға тҥсуге ынталылығын арттыратыны
дәлелденген. Жазатын әр сӛзіне мән беретіні де байқалған [10].
Елімізде информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру маңыздылығын
алға тарта отырып мен ӛзімнің зерттеулерімді жҥрзігу барысындамын. Қандай
әдіс арқылы оқыту әсерлі болады? Нәтиже береді? деген сҧрақтарға жауап
іздеудемін. Тӛменде еліміздің информатика пәнінің мҧғалімдері арасында
жҥргізілген web-сауалнама нәтижелері ҧсынылып отыр.
Диаграмма 2. Информатика пәнін оқыту қаншалықты кӛңіліңізден
шығады
Диаграмма 3. Сіздің ойыңызша, информатика пәнін оқыту ҥрдісі
жаңашылдықты қажет етеді ме?
Зерттеулерден информатика пәнін оқытудың сапасын арттырудың
жаңашыл жолдарын іздестіру ӛте маңызды екенін кӛреміз. Респонденттердің
кӛңілім
толады
24%
орташа
деңгейде
52%
кӛңілім
толмайды
24%
0%
ия, қажет
етеді
82%
мҥмкін
18%
жоқ, қажет
етпейді
0%
0%
98
82%-ның жауабы «ия, қажет етеді» деген болатын. Ол жаңашылдықтарды тек
бақылаушы емес, сонымен қатар жасаушы болу әр заманауи ҧстаздың негізгі
қасиетіне айналуы керек. Еліміз ақпараттандыру заманына бет алған соң жаңа
технологияларды меңгеру қарқынын кҥшейту керекпіз, сонда ғана бақылаушы,
пайдаланушы кҥйінен қҧрастырушыға айналамыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N
319 Заңы
2
Татмышевский, К.В. Инновационные методы обучения (Активные
методы) Владимирский государственный университет [Электрон. ресурс] / К.В.
Татмышевский // – 2012. – URL: http://uu.vlsu.ru/files/Innovachionnie_MO (дата
обращения: 01.03.2015)
3
Беспалько, В.П. Основы теории педагогических систем (Проблемы и
методы психолого-педагогического обеспечения технических обучающих
систем) [Мәтін] / В.П. Беспалько // Воронеж: Изд-во ВГУ, 1997. – 304 с.
4
Галеева, А.Р. Применение интерактивных методов обучения на уроках
информатики [Текст] / А.Р. Галеева, О.С. Зайцева // Тобольская
государственная социально-педагогическая академия им. Д.И. Менделеева
Тобольск, Россия Журнал: Современные наукоемкие технологии – 2014 – №5-1
– С.44-45
5
Конанчук, Д. Передний край в образовании: инновации в методах и
технологиях [Текст] / Д. Конанчук // Центра инновационных образовательных
технологий АНХ при Правительстве РФ – 2010/04/01 – Высшая школа
экономики, Национальный исследовательский университет
6
Dale, Edgar Audio-Visual Methods in Teaching [Text] / Edgar Dale // 3rd
ed., Holt, Rinehart & Winston, New York, 1969, p. 108
7
Алистэр Коуберн Парное программирование: преимущества и
недостатки» [Электрон ресурс] / Алистэр Коуберн, Лори Вильямс // – 2002 –
URL: http://www.maxkir.com/sd/pairprog_RUS.htm (дата обращения: 01.03.2015)
8
Nančovska Šerbec Pair programming as a modern method of teaching
computer science [Text] / Nančovska Šerbec, B. Kaučič, J. Rugelj // This article was
modified from a presentation at the 31st International Convention MIPRO 2008 in
Opatija, Croatia, May 2008. Manuscript received 11 August 2008. Published as
submitted by the author(s). University of Ljubljana, Ljubljana, Slovenia
9
Laurie Williams Strengthening the Case for Pair Programming [Text] /
Laurie Williams, Robert R. Kessler, Ward Cunningham, Ron Jeffries // IEEE
Software, July–Aug. 2000, on Web. 4 October 2013
10
Daher, W. Students' Adoption of Social Networks as Environments for
Learning and Teaching: The Case of the Facebook [Text] / W. Daher is with An-
Najah National University, Nablus, Palestine and with Al-Qasemi Academic College
of Education // International Journal of Emerging Technologies in Learning (iJET) –
Baqa, Israel – 26 May 2014.
99
УДК*81(1)
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Смағұлова Г.Қ.-ҚТжӘГП кафедрасының аға оқытушысы,РИИ,Рудный қ.
smagulova_gulnar999@mail.ru
АҢДАТПА
Аталмыш мақалады жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пaйдалaну білім сaпaсын
aрттырудың негізгі жолы қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
В вышеназванной статье рассматривается применение инновационных методов
обучения как важный показатель повышения качества знаний.
ABSTRACT
This article examines actual problem of the application of innovative methods in teaching
the state language in school.
Тҥйін сӛздер: инновациялық технология,инновациялық техника,интерактивтік әдістер.
Ключевые слова: инновационная
технология,
инновационная
техника,
интерактивные методы.
Keywords: innovative technology, innovative teaching, active learning methods.
ХХІ ғасыр – бҧл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дҥниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мҧқият
қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның ӛзін-ӛзі дамытуға
қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде
қарастырылуда. Бҧл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жҥзеге асырылып
отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру ҥдерісінің
қуатты әрі тиімді қозғаушы кҥші болары сӛзсіз. Ақпараттық технология –
экономиканың және бҥкіл қоғам мен мемлекеттің ―ілгерілеуінің‖ белгісі. Біздің
ӛркениетті дамуымыздың барлық маңызды ӛмірлік салалары бҥгінде
ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек,
асыра айтқанымыз емес. Осы заманғы экономикалық ӛсімнің басты факторлары
микроэлектроника, сандық және ақпараттық жҥйелер, бағдарламалық
қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық
технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі. Заманауи ақпараттық
қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне
қол жеткізудің спутниктік жҥйелері, тікелей сандық теле және радиохабар
тарату, шҧғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация
жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі кездегі шапшаң жҥріп жатқан
жаһандану ҥрдісі әлемдік бәсекелестікті кҥшейте тҥсуде. Елбасы Н. Ә.
Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мҥмкіндік беретін аса маңызды
қҧралдарының бірі» деп атап кӛрсетті. Бҥгінгі білім мазмҧны мҧғалім мен
оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде кӛтерудегі
демократиялық бастамалардың барлығы оқытушылар арқылы жҥзеге
асырылады. Білім беру ҥрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық
100
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тҧлғаны бағыттап
оқыту мақсаттарын жҥзеге асыра отырып, оқу - тәрбие ҥрдісінің барлық
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды кӛздейді. Біріккен ҧлттар
ҧйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.
Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі –
ақпараттандыру.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне кӛшіп келеді, бҧл
кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты
барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің
барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім
берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ҧғымы «оқытудың
жаңа
инновациялық
технологиялары»,
«қазіргі
ақпараттық
оқыту
технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б.,
тіркестермен тығыз байланысты. Инновациялық технология электрондық
есептеуіш техникасымен жҧмыс істеуге, оқу барысында компьютерді
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны
қолдануға, интернетте жҧмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс
қҧралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді кӛздейді. Жедел дамып
отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам ӛмірінің барлық салаларын
ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық
технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы,
адамдардың тҧрмыс деңгейі, ҧлттық қауіпсіздік, бҥкіл дҥниежҥзілік
қауымдастықтағы мемлекеттің рӛлі тәуелді болады. Заман ағымына қарай
ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез
келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін
арттырып
қана
қоймай,
логикалық
ойлау
жҥйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ҧлттық білім беру жҥйесін
дамытуға және оның мҥмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну,
оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат
сақталатын дәстҥрлі және автоматтандырылған қҧралдарын пайдалана білуі
керек. Жаңа мыңжылдық – бҧл кҥнтізбедегі жаңа уақыт ӛткелі емес. Ол-ӛткенді
таразылап, ӛмірдің мәнін жаңаша тҥсінуге, болашақты барынша жете дҧрыс
анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, кӛбіне оның білімімен және
мәдениетімен анықталады. Сондықтан менің ойымша, білім жҥйесін қҧру,
қоғамды мына кҥнде дамып отырған әлемге дайындау – бҥгінгі кҥннің ең
негізгі және ӛзекті мәселесі. Қазіргі білім жҥйесінің ерекшелігі – тек біліммен
қаруландырып қана қоймай, ӛздігінен білім алуды дамыта отырып, ҥздіксіз ӛз
бетінше ӛрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға
ҥздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ҧсынатын әлеуметтік
институт болуы керек. Елімізде білім берудің жаңа жҥйесі жасалып, оның
101
мазмҧнының тҥбегейлі ӛзгеруі,оның дҥниежҥзілік білім кеңістігіне енуі бҥкіл
оқу-әдістемелік жҥйеге, мҧғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып
отыр. Бҧдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі
проблемаларының бірі – «Білім - бҥкіл ӛміріңе» қағидасынан «Білім бҥкіл ӛмір
бойына» қағидасына ӛте алатын білім жҥйесінің ҧйымдық қҧрылымдарын іздеу
қажет.
Қазақстан Республикасы орта білім жҥйесін ақпараттандыру туралы
мемлекеттік бағдарламасында «ҚР дҥниежҥзінің дамыған елдері сияқты
жоғары, орта білім беру жҥйесінен ақпараттандырудың жолына тҥсуі тиіс, яғни
бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жҥйесін жасау
керек. » Осы тҧжырым білім беру жҥйесін ақпараттандырудың мақсаты болып
табылады.Бҧл бағдарламалардың міндеттерінің бірі –жоғары оқу орындарын
компьютерлендіру. Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тҧлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жҥзеге асырады. Педагогикалық технология –оқытушының кәсіби қызметін
жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мҥмкіндік беретін
іс-әрекеттер жиынтығы.Педагогикалық технологиядағы басты міндет –
студенттің оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа
жету.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын
іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие
болатындар, сол байлықты ӛз иелігіне жҧмсайтындар, сӛз жоқ, қазіргі ЖОО
қабырғасында жҥрген біздің студенттеріміз екеніне ешкім кҥмән келтіре
алмайды.Студенттерге ҧлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар
олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық
жағынан ғылыми негізде, ӛмірмен байланысты ҧйымдастыру студенттің
қызығуын, білім қҧмарлығын таныту, әр сабақта студенттерді ойлануға,
ӛздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай
білуге, мәдениетті сӛйлеуге ҥйрету арқылы дағдыландыру - әрбір оқытушының
абыройлы борышы. Бҧл ретте ғасырлар бойы қолданылып, сҧрыпталып,
тҧрмыс пен ӛмір тәжірибесі сынынан ӛткен салт-дәстҥріміз педагогикалық әдіс-
тәсіл ретінде пайдаланылады.
Технологиялардың танымал тҥрлерінің бірі . Модульдік оқыту – оқытуды
оңтайландыру, тҧлғаның мҥмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса,
дамыта оқыту – оқушының жеке тҧлғасын, оның біліктерін дамыту. Біріншіден,
дәстҥрлі емес сабақтарды ӛту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін,
қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр кҥйінде бермей, студенттердің алдына
белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация элементтерін
пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс жолдарды пайдалану.Екіншіден,
студенттерге қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен
тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бҥгінгі кҥн
талабы.Дамыта оқытуда студенттің ізденушілік-зерттеушілік әрекетін
ҧйымдастыру басты назарда ҧсталады. Ол ҥшін студент ӛзінің бҧған дейін
білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
102
сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген
ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Ҥшіншіден, қазіргі таңдағы
талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін ӛмірде пайдалана білетін жастарды
тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының
бірі–желілік.
Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. Біріккен
ҧлттар ҧйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп
аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі
белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі
шарттарының бірі. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру
ҧйымдарын электрондық оқыту жҥйесіне енгізу.
Электрондық оқыту жҥйесінің негізгі мақсаты білім беру ҧйымдары
қызметкерлеріне ҥздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол
жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті оқу-тәрбие ҥрдісін
автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу ҥшін оқу –тәрбие
ҥдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді
ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртҧтас білімдік ақпараттық ортаны
қҧру болып табылады. Олай болса білім беру саласында информатика пәнін
оқытуда ақпараттық технологияны пайдалануға , әлемдегі ақпараттық кеңістікті
әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мҥмкіндік береді. Елбасы Н. Ә.
Назарбаев «Интеллектуалды ҧлт -2020» ҧлттық жобасы ҥш қҧрамдас бӛліктен
тҧруы тиіс деп, оны талдап берді. Біріншісі білім беру жҥйесін инновациялық
даму жҥйесіне тҥсуді қалыптастыру, екіншісі дәстҥрлі технологияның
қажеттісін ақпарат және біліммен мол қамтамасыз ету, білім тасқынынан
керектісін іріктеп алу және қолданысқа енгізу кҥн тәртібінен тҥспеуі тиісті. ХХІ
ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім
беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тҧрғыда оқытушыға білім
берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.Қазіргі
заман талабының ӛзі студентті 1-орынға қою, яғни мҧғалім сабаққа бағыт
беруші болып, студент алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ
тҥсіндіріп, ӛздік, ӛзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, ӛз ойларын толық
жеткізіп, білім беруші рӛлін алады.
Осы заманғы білім беру ісінің ӛзекті мәселесіне студенттерге тҥсетін
ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты,
белсенділік пен ӛз бетінше жҧмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
Оқытудың бірнеше моделін атап кӛрсетуге болады:
1) пассивті –студент оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және
кӛру);
2) активті /белсенді/ студент оқытудың «субектісі» болып шығады
(ӛзіндік жҧмыс, шығармашылық жҧмыс, лабораториялық-практикалық жҧмыс)
3) интерактивті – inter (ӛзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық
студенттердің тҧрақты белсенді ӛзара қарым-қатынасы арқылы жҥзеге
103
асырылады. Студент пен оқытушы оқытудың тең қҧқылы субъектісі болып
табылады.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бҧл коллективтік, ӛзін-ӛзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың ӛзара әрекетіне негізделген, оқу
процесіне студенттің қатыспай қалуы мҥмкін болмайтын оқыту процесін
ҧйымдастыру. Интерактивті тақтамен жҧмыс істеудің артықшылықтары:
•Бағдарлама бойынша барлық студент жастарға қолайлы;
•Web-сайттарды, басқа да қҧралдарды қолдана отырып жаңа
материалдарды тҥсіндіруге,меңгеруге;
•Берілген материалды әсерлі жеткізуге және курс студенттері арасында
талқылауға;
•Интерактивті тақта сыныптағы барлық студенттердің басты назарына
айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза
алады;
•Оқушы алдына жаңа материалды жанды тҥрде кӛрсете отырып,
танымдық қабілетін арттыруға мҥмкіндік алады.
Интерактивті оқыту әдісін қолдану арқылы студент жастар проблемалық
жағдай туған кезде оны дҧрыс шеше білу тәсілдерін ҥйренеді. Осы
инновациялық әдістерді қолданудың нәтижесінде ӛз бетінше ӛмір сҥре алатын
шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |