ӘӚЖ 37.022
Моңғолиядағы қазақтардың экономикалық проблемалары
104
Исмайлова К.Б.
«Сырдария» университеті
Алтай тауының теріскей бетіне қазақтар қоныстанып, қазақтың
генетикалық тобын қалыптастыруына зор ҽсерін тигізген фактор олардың
шаруашылық, кҽсіп ҽдістерімен тікелей байланысты. Күнделікті
тіршілікпен қатар ұсақ тауар ҿндірісімен шұғылдана отырып, ҿздерінің
тіршілігіне, базарға қажетті бұйымдар мен шикізатты ҿндіріп, ҿңдеп келді.
Алтай тауының теріскей жағын мекендеген қазақтардың негізгі
шаруашылығы, тіршілік кҿзі, экономикалық жҽне ҽлеуметтік жағдайының
негізгі тірегі кҿшпенді мал шаруашылығы еді. Жалпы, қазақтардың бұл
ҿңірге кҿшіп келіп қоныстанудың басты себебіде – тіршілік кҿзі болған
мал шаруашылығы қамы болатын. Алтайдың теріскей беті күнгей жағынан
мал үшін кҿп артықшылығы болды. Мысалы, жайлауы қоңыр салқын, суы
таза, шҿбі шүйгін дегендей кҿшпелі ел, жайлым малы үшін қолайлы
мүмкіндіктері артық еді. Қазақтың абақ-керей руларының мал
жайлымының жайы туралы Г.Ф. Астафьев былай деп жазады. ―Осы елді
мекеннің кейбір жеріне кҿшіп қонып мал жайып отыруға қолайлы еді.
Кҿшпенді мал шаруашылығының негізі қыс пен жазға сҽйкескен жайлымы
бар болуы қажет. Мҽселен, Алакҿл ойпаты мал қыстатуға ҿте қолайлы
болса да, жайлауға жайсыз болатын‖. Қазақ руларының үлкен бір бҿлігін
жайлымның осындай жайсыздығынан қыс пен жаз бойы малымен бірге
үнемі кҿшіп, қонып жүруге мҽжбүр
етті. Ҽсіресе, қыстау мҽселесі ҿте
күрделі болды. Г.Е. Грумм-Гржимайло: ―Алтайда жер дауы негізінен
қыстау дауы болатын‖ – деп жазады. Жайлау мен қыстаудың ара
қашықтығы 20-кҿш жер болу қазақтардың тіршілігіне ҿте батты. Сонымен,
жайлым мен кҿштің азабынан безген қазақтың абақ-керей руының аздаған
тобы Алтай тауының теріскей жағына біртіндеп жылжып кҿше орналасуы
оларды мал шаруашылығына кездесіп келген қиыншылықтан құтылуына
мүмкіндік жасады. Бұл ҿңір мал бағуға ҿте қолайлы, қыста қар жауып,
қысқы жайлымы су, шҿпке мол, қыстау мен жайлау арасы жақын т. б.
қолайлы жақтары қазақтар тұрақты мекендеп тіршілік етуіне зор ҽсерін
тигізді. Мал шаруашылығының қауіпсіздігі – қазақтардың ҿмір
тіршілігінің арқауы, ҿздерінің ҿмір тірлігінің кепілдігі болды [1, 468 б].
Бұл ҿңірге қазақтар ірге тепкеннен соң 30-дай жыл уақыт ҿткенде
қазақтар Қобда ҿзенінің батысы, оңтүстігінде Даян, Сырғалы кҿлі, Сақсай,
Буянт, Дэлүн ҿзендерін қыстап, жайлап отырды. ―Моңғолиядағы‖ қазақтар
Қобда ҿзені бойын қыстап, 6, 7, 8-ші айда тау жоталары мен Сырғалы,
Дайын кҿлі, Сақсай ҿзенінің сағасы мен Жалғыз ағашта жайлайтын еді‖ –
деп В.В. Сапожников 1906-ші жылы жазғанды . Осы кезде Алтай тауы
теріскей жағындағы қазақтардың негізгі кҽсібі кҿшпелі мал шаруашылығы
болып келді. Оның басты ерекшелігі тҿрт мезгілге сҽйкес, кҿшіп-қонып
жүру еді. Қазақтардың кҿшпенді ҿмірінде ру, ата, ауыл жағдайлары терең
ҽсер ететін. Бұл ҿлкедегі қазақтар үшінде ауыл – тек ағайын-туыс
адамдардың жиынтығы ғана емес, кҿшпенді мал шаруашылығы
105
жағдайында ҿндіріс жүргізудін ең тиімді түрі еді. Бір ауыл – кҿшпенді
ҿндірістің басты бірлігін құрады. Олар мал жаю, кҿші-қон, ақ, ет
тағамдарын дайындау, ҿңдеу т.б. еңбек күшін біріктірумен қатар,
материалдық жҽне рухани біртұтастықта болатын. Бұл ҿлкедегі қазақтарда
малдың жайына қарай ҿріс-қонысын ауыстырып, қыстау-кҿктеме-жайлау-
күзеуге кҿшіп, ҿндірістің кезеңдерін ҿткізетін [2, 136 б.].
Алтай тауының теріскей бетін мекен еткен қазақтар негізінен Қобда,
Сақсай, Дэлүн, Соғақ ҿзені бойы, Тұлба кҿлі маңындағы ықтасын жылы
ҿңірлерді қыстады. Бұл жерлер қар аз түсетін, малды табиғи жайлымда
ұстауға қолайлы жерлер болып келеді. Дейтұрғанмен бұл ҿлкеде қыс ұзақ,
кей жылдары қатты жұт болуы қазақтардың шаруашылық жҽне денсаулық,
рухани ҿмірінде кері ҽсерін тигізген. Қазақтар бұл ҿлкеде кҿбінесе,
қарашаның басында қыстауға қонып, кҿкекке дейін болатын. Қыстауда
негізінен соғым сойып, аң аулап, қол ҿндірісін жүргізетінді. Қыстауда
малдың семіздігін, мал басын аман сақтауға назар аударып, мал
шаруашылығы ҿндірісін бірқалыпта жүргізудің алғашқы шарттарын
қамтамасыз етеді.
Осыдан қарағанда мұндағы қазақтар негізінен қой, ешкі, жылқы
ұстағаны кҿрініп тұр [3, 316-318 б.].
Алтай тауынын теріскей бетіндегі қазақтың абақ-керей руларының
жылқысының дене бітімі келісті, басы ҽсем, кеудесі жуан, қарыны
тартыңқы, терісі жұқа, жүні қысқа, жылтыр, негізінен ақшыл қара, қаралау
ҿңді болғанын Г.Е. Грумм-Гржимайло байқағанды. Қазақы қой деп
аталатын, ет пен сүт бағытындағы тегене құйырықты қой ҿсірген. Қазақы
қойдың денесі үлкен емес, сары, қызғылттау ҿңді, басының маңдайы,
мұрыны дҿңес, астыңғы еріні ілгері, құлағы ұзын, беларқасы тегіс, кеудесі
жуан, аяғы тура тік, жазда денесіне май мол жинайды. Мұндағы қазақтар
ешкі ҿсірмейді деп Г.Е. Грумм-Гржимайло, түйесі аз деп Г.Н. Потанин
жазса да, олар кҿне заманнан бері ешкі, түйе ҿсіріп келгені белгілі [4, 71б.].
Баян-Ҿлгий аймағы құрылғаннан бергі уақытта халықтың ҽл-ауқаты
бір қалыпты болмады. Орталық ҿлкелерден алыс, экономикалық күш
қуаты тҿмен, мал саны аз, жоспарлы экономика саясаты т.б. салдарынан
қазақтардың шаруашылығы ҽлсіз, ҽл-ауқаты тҿмен болды. Халықтың ішіп-
жемінің бастысы ет, сүт тағамдары жҽне аз мҿлшерде кҿкҿніс болды.
Халықтың, ішіп-жейтін тағам мҿлшері тым тҿмен болмаса да адамға
қажетті барлық заттарды толық қамти алмады. Ауыл адамдарды дҽстүрлі
экологиялық таза ет, сүт, ҿнімдерін пайдаланды.
Ал, Баян-Ҿлгий аймағындағы қазақтар экономикасы нарықтық
қатынасқа кҿшті. Бірнеше үлкен объектілермен қатар 100-дей шағын
ҿндіріс жұмыс жасай бастады. Қоғамның орташа тіршілік ету деңгейінен
тҿмен ҿмір сүретін адамдар 1996-шы жылы Баян-Ҿлгий аймағы халқының
45,7%-іне жетті. 1995-ші жылы Баян-Ҿлгий аймағында 2187 отбасының
11034 адамы кедей деп есептелінді. Кедейліктен құтқару қорынан оларға
аздап жҽрдем жасалды. 1995-ші жылы АҚШ-тың шағын ҿндірісті қолдау
қорынан ұн, етік, тері илеу, кір сабын жасау қатарлы 20-дан астам шағын
106
ҿндіріске 66,8 млн сомның қарызы беріліп, 300-ден астам адам жұмысты
болды. Осындай, азды-кҿпті шаралар болғанымен де кедейлік,
жұмыссыздық ішіп-жем, басқа бұйымдар, электр қуаты, бензиннің бағасы
салыстырмалы қымбат болуы Баян-Ҿлгийде ең ауыр мҽселе қалпында
қалып отыр. Ҿлгий қаласының ҿзінде еңбекке жарамды 8863 адамнан
3490-ы немесе 38,2 %-і жұмыссыздар. Сондықтан да, Асгат күміс кені
сияқты ірі ҿндірістер ашуға батыстың инвестиясын кіргізуге арналған
қадамдар жасалуда. Қазақстан Республикасы да Баян-Ҿлгий аймағына
инвестиция кіргізуге келіскені белгілі.
Сҿйтіп, Баян-Ҿлгий аймағы ҿзіндік дара ерекшеліктеріне сҽйкес кҿп
салалы экономикалы болуға талпынуда. Ол үшін Баян-Ҿлгий аймағы
ҿзінің экономикалық артықшылықтары мен кемдіктерін есепке ала отырып
ҿзіндік экономикалық саясатын белгілеу қажеттігін ҿмір ҿзі кҿрсетіп отыр.
Біріншіден, Баян-Ҿлгий аймағы жері табиғи байлыққа бай, еңбек
күші, инженер-техникалық мамандар жеткілікті, рух потенциалды, шекара
ҿткелектері – Қазақстан, Ресей, ҚХР-мен қатынас жасауға қолайлы жҽне
экономикалық еркін ҿлке болдыру жайында ойланыстырылуда. Таяудағы
20 жылда жан саны 127,5 мың адамға жетіп, еңбек жасындағы адам саны
ҿседі. Міне, осыған сҽйкес жұмыс орнын пайда болғызу шетел
инвестициясын кіргізу, жаңа ҿндіріс орындарын ашу маңызды істер
ретінде туындап отыр. Баян-Ҿлгий аймағы экономикасында сыртқы сауда
ҿте маңызды орын алып келеді. Аймаққа қажетті бұйымдардың 48 – 93%-
ін шекара саудасы арқылы қанымдап отыр. Сондықтан аймақ ҿндірістері
ҿз ҿнімдерін халықаралық бағамен шет елдерге шығару, мал ҿнімдерін
ҿңдеп экспортқа дайындау т.б. қажеттігі туылуда .
Екіншіден –батыс ҿңірі экономикалық зонасымен интеграциялауда
маңызды іс болып отыр. Сонымен бірге, жол, ҽуе жолына, байланысты
замандандырудың маңызы зор.
Үшіншіден – Баян-Ҿлгий аймағының қоғамдық-экономикалық ары
қарайғы дамуын қамтамасыз етуге арналған дамудың ғылыми моделін
жасау қажет. Ондай моделді іске асыру жолдары Баян-Ҿлгий аймағының
географиялық орналасуы, экологиялық табиғи жағдайы, тек демография,
психология т.б. факторлармен қатар аймақтың қоғамдық-экономикалық
ҿмірінің ҿткенімен бүгінгісіне терең ғылыми талдау жасап, сол зерттеудің
нҽтижесіне сүйенген экономикалық даму бағдарламасын жасау қажет
болып отыр.
Баян-Ҿлгий аймағы құрылғаннан бері қазақтардың экономикалық-
ҽлеуметтік ҿмірінде белгілі мҿлшерде алға басушылықтар болды.
Дейтұрғанмен, халықтың экономикалық ҿмірін тұрақты, бірқалыпты
жүргізуіне социалистік экономикалық саясат аумағында ҽр түрлі кедергі,
ауытқулар ұшырасумен келді [5, 158-161 бб.].
Сонымен, Алтай тауының теріскей беткейіндегі қазақ ауылдарының
ҿмірі мен тіршілік кҿзі мал шаруашылығымен тығыз байланысты. Сол
себептен шаруашылықтың басқа салаларын меңгеру ҿздерінің ҿмір
қажеттігін қамсыздап, бұл ҿлкеде қазақ этносының қалыптасуы мен
107
дамуына ҿзіндік ҽсерін тигізді. Баян-Ҿлгий аймағының құрылуы, бұл
ҿңірдегі қазақтардың қоғамдық-экономикалық ҿміріне жаңа мүмкіндіктер
ашып берді.
Жоспарлы экономика дҽуірінде жалпы шаруашылықта кейбір
жетістіктер болғанымен халықтың ҿз дҽулеті болмауы олардың
экономикалық мүмкіндіктерін шектеумен келеді. Міне, соның кесірінен
нарық экономикасына ҿткен ҿтпелі кезеңде қазақтар ҿмірі ауыр қалге
түсті. Баян-Ҿлгий аймағының жалпы экономикалық ҿмірінен, мұндағы
қазақтардың болашағы ҿмір сүру деңгейімен айқындалатыны белгілі.
Резюме
В статье даны сведения о экономических проблемах казахского
населения, проживающих в регионах Баян Улке Монгольской Республики.
Summary
This article considered the economical problems of Kazak nation in Mongolia, Bayan
-Ulke area.
Пайдаланған ҽдебиеттер
1. Грум-Гржимайло Г.Е. (Очерк) ―Северно-заподной урианхайский край‖.
Т 3, – Москва: 1936. – 465-468 бб.
2.Мініс Ҽ, Сарай А. МХР Баян-Ҿлгий аймағындағы қазақтар тарихы. –
Ҿлгий, 1960. -136 б.
3.Қинаятұлы З. Моңғолиядағы қазақтар. – Алматы: 2001.- 316 б.
4.Ислам Қ. Моңғолия қазақтарының тарихы. – Ҿлгий: 1980. -71б.
5. Қозғанбаева Г.Б. Моңғолиядағы қазақ диаспорасы тарихы, бүгіні мен
ертеңі. Тарих ғыл. канд. дисс., – Алматы, 2003.-158 б.
ӘӚЖ:316.324.8:004
Қазіргі заманғы дҥниежҥзілік дамудың ӛзекті мәселелері
Исмаилов А.И., т.ғ.д., профессор, К.А. Ясауи атындағы ХҚТУ,
Молдадосова А.К., К.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ІI-курс докторанты
1991 жылғы желтоқсанда РСФКР (Б.Ельцин), Украин КСР
(Л.Кравчук) жҽне Белорус КСР (С.Шушкевич) басшыларының саяси
тҿңкерісінің нҽтижесінде Одақтық Кеңестер мемлекеті ыдырады.
Экономикалық жҽне ҽскери күш-қуаты жағынан Америка Құрама
Штаттарымен бҽскеге түсе алатын Кеңес державасының ҿте үлкен
территориясында нарықтық қатынастар кезеңі басталды /1/.
Ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи байланыстар мен саяси,
экономикалық ынтымақтастықты сақтап қалу үшін, сонымен бірге жаңа
108
тҽуелсіз елдер арасындағы қарым-қатынасын одан ҽрі дамыту мақсатында
1999 жылы 21 желтоқсанда алдынғы кеңестік 12 мемлекет (Прибалтика
елдері қатыспады) басшылары қол қойған Алматы Декларациясының
негізінде Тҽуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды/2/. Осы кезеңнен
бұл елдердің қазіргі заманғы тарихының егемендік пен тҽуелсіздік кезеңі
деп аталатын жаңа кезеңі басталды. ТМД елдері (Ресей Федерациясын
қоспағанда) ғаламдық ҿлшемдер бойынша дүниежүзілік саясат пен
экономикада айтарлықтай үлкен роль ойнамайды. 2008 жылы (қазіргі
созылған қаржы-экономикалық дағдарысқа дейін) ТМД елдері ҽлемдік
ЖІҾ - нің 1,3 пайызын ҿндірсе, ҽлемдік саудада ғаламдық тауар
экспортының 1,4 пайызын шығарды, ҽлемдік шетел инвестициясының 1,9
пайызын игерді/3/. Яғни ТМД елдері ҽлемдік экономикада «перифериалы»
мемлекеттер тобына жатады. Бұл қортынды ТМД елдерінің
экономикалық ҿмірінде сапалы құрылымдық ҿзгерістердің жоқтығымен
жҽне экономикалық ҿсімнің тҿмен кҿрсеткішімен одан ҽрі дҽлелдене
түседі. ТМД-ның жекелеген елдерінде (Ресей, Азербайжан, Қазақстан,
Түркіменстан) ҽлемдік нарықта мұнай шикізатында қалыптасқан
коньюктураға байланысты ҽлеуметтік-экономикалық салада белгілі бір
ҿсім байқалды. Кеңестік кезеңде одақтық бюджеттен бҿлінетін дотация
есебінен жағдайы жақсы болған Молдова, Қырғызстан, Тажікстан жҽне
Грузияда жағдайдың ерекше нашарлауы орын алды. Қазіргі қаржылық
ҿмірдің жағдайына тоқталсақ ДВҚ-ның (Дүниежүзілік Валюта Қоры)
бағалауынша ЖІҾ (Жалпы Ішкі Ҿнім) дағдарысқа байланысты бұл
елдерде 3 есеге ҿсті. ТМД елдерінің экономикасына инвистиция салу
айтарлықтай қысқарды. Қазақстанды қарастырып кҿрелік. 2010 жылдың
соңына қарай Қазақстанның тікелей инвестициясының географиялық
ауқымы тҿмендегідей (млн. доллар): Ресей – 891, Кипр - 496, Виргин
(Британия) аралдары – 689, Түркия – 574, Нидерланды – 9773,
Ұлыбритания – 2433, АҚШ – 600, Грузия – 162 жҽне басқалар. Жалпы
дүниежүзінің қаржы-экономикалық ҿмірінде қазақстандық инвестициялар
16176 млн.долларды құрайды. Ресейдегі Қазақстанның капиталдық үлесі
барлық ТМД елдерін қоса алғандағыдан екі есе кҿп. Жекелеген
қазақстандық бизнес құрылымдардың Ресей экономикасында
айтардықтай қомақты үлесі бар. Игорь Школьник (В.Школьниктің
баласы) 280 млн. долларға «Орск Нефте Орг синтез» компаниясының
(Орынбор обл.) 92,2 пайыз акциясын сатып алған. Келісім шарт Кипр
оффшоры арқылы жүзеге асырылды/4/.
Ҽдетте ауылшаруашылығының ортақ мҽселелері, атап айтар болсақ
ТМД тұрғындарының азық-түлік қауіпсіздігі үнемі назарда болды.
Ғалымдардың есебі бойынша Ресей 2020 жылы дүниежүзінің 1 млрд.
тұрғынын экологиялық таза ауылшаруашылық ҿнімдерімен қамтамасыз
етеді. Бірақ ҿзінің азық-түлік нарығында ДСҰ-на мұше елдерімен сҽтті
бҽскелестікке тҿтеп беру үшін дұрыс аграрлық саясат жүргізу керек. ДСҰ-
ның шарттары бойынша Ресей жыл сайын ауыл шаруашылығына 9 млрд.
доллар немесе 270 млрд. рубль кҿлемінде қаражат қаржылай кҿмек бере
109
алады. Ресей Федерациясы үкіметі аграрилердің келтірген кҿптеген
уҽждеріне қарамастан, бұл жылы ауыл шаруашылығына тек 15 млрд. рубль
бҿліп отыр. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық ҿнімдерін сатып алу
нарықтық бағадан 5 есе арзан. Аграрлық салада сҽтті мысал Белорусия
бола алады. Белорусь 10 млн. тұрғынына 2012 жылы 10 млн тонна астық
жинады. 2015 жылға қарай республикадағы сиыр саны 1,6 млн. басқа,
сүт ҿнімдерін ҿндіру - 10 млн. тоннаға жетеді. 2012 жылы
республикадағы ауылшаруашылық ҿнімдерінің экспорты 5 млрд. болса,
2015 жылы - 7 млрд. болады деп күтілуде.
Еуразиялық даму банкінің интеграциялық зерттеулер орталығының
бағасы бойынша ғаламдық астық нарығында Ресей, Украина, Казақстан
жҽне Белорусь маңызды орынға ие болмақ. Тек қана алғашқы үш
мемелекет ҿткен бес жылда дүниежүзілік астық нарығында бидай – 21,5
пайыз, арпа – 36,3 пайыз, жүгері – 7,7 пайыз орын алған. Еуразиялық
даму банкі 1,5 доллар капиталға иелік ете отырып, Еуразиялық
экономикалық кеңістікте аграрлық секторды қолдай алатынын мҽлімдеді.
Банк 2006 жылы Ресей Федерациясында жҽне Қазақстан
Республикасында ашылды. Бүгінгі таңда Белорусь, Армения, Қырғызстан
жҽне Тҽжікстан Банк мүшелері болып табылады. Табихи агроклиматтық
жағдайларды пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық кеңістік азық
түлік қауіпсіздігінің кепілі бола алады/5/.
Қазақстанның аграрлық потенциалы ҿте жоғары. Жердің жалпы
6 272 млн. гектар қорының ауылшаруашылығында 225 млн. гектары
қолданылады. Олардан айдалған егістік жер 35,4 млн. гектар болса,
табиғи жайылымдық жер – 89 млн. гектар болды. Қазақстанның ҽр бір
тұрғынына шаққанда 2,3 гектардан келеді/6/. Соңғы бес жылда
республикада мол астық алынды, яғни 70 млн. тонна содан экспортқа 25
млн. тоннасы шығарылады. Қазақстан бүгінгі таңда азық-түлік
ҿнімдерімен ҿзін-зі қамтамасыз ететін елдер қатарында.
Ресей ғалымдары ауыл шаруашылығында жаңа мҽселелердің
туындады деп есептейді. Бұл Ресейдің ДСҰ-на жҽне аймақтық ұйымдарға
енуімен байланысты. Одан бҿлек 2008-2012 ж.ж. ресейлік ауыл
шаруашылығы 269 млрд. рубльге инвестицияланбай қалды. Жалпы
тұтыну құрылымындағы отандық ҿнімдердің үлесі 67 пайызды құрайды.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылардың жалақысы елдегі
орташа жалақыдан екі есе тҿмен/7/. ТМД-ның басқа елдеріндегі (Украина,
Казақстан,
Белорусь,
Азербайжан)
ауылшаруашылығындағы
жұмысшыларының жалақысы да осы жағдайда. Болжамдар бойынша
Ресейде ауылшаруашылық ҿнімдерін ҿндіруде жасалған шығынды
ақтамау тенденциясы қалыптасуы да мүмкін.
Қазіргі жағдайда Ресей ұлы держава болуы мүмкін бе деген сұрақ
қояды белгілі ғалым-экономист Р.Хасбулатов. Ресей ҿзіне соңғы 200 жыл
бойына тҽуелді болып келген территориясының үштен бірін,
тұрғындардың 50 пайызын, 1990 жылғымен салыстырғанда ҿнеркҽсіп
потенциалының 50 пайызын жоғалтты. Ресей үшін ҿзінің үлкен
110
территориясын түбегейлі дамыту, ресейліктердің ҿмір сүру деңгейін
ҽлеуметтік-экономикалық жағынан кешенді түрде жақсарту қажет деп
есептейді ғалым/8/.
Ҽлемдік қатынастарда Қытайдың маңызы артып келеді. Еуропалық
елдерде Қытай инвистициясының кҿлемі 10 миллиардқа жетіп, одан ары
ҿсіп жатыр. Қытай үшін еуропалық нарыққа ену ҿте маңызды болып
табылады. Осы мақсатта Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралі
салынып жатыр. Бұл транспорттық дҽлізге Ресей мен Қазақстан да енеді.
Орталық Азиялық кеңістікте Қазақстан негізгі серіктес болып табылады.
Қытайдың Орталық Азиядағы тауар айналысында Қазақстан үлесіне 68
пайызы тиесілі. Қытай компаниялары Қазақстандағы мұнай резервтерінің
айтарлықтай бҿлігіне 1 млрд. тоннаға иелік етеді. Қазіргі таңда Қытай
Қазақстан Республикасында жыл сайын 15 млн. тонна мұнай ҿндіреді,
Шымкент МҾЗ жҽне «Қазмунайгаз» ҰК АҚ-ның 50 пайыз акцияларына
егелік етеді/9/.
Батыс елдерінде экономика мен қаржылық реттеу үшін соғыстан
кейінгі жылдарда Халқаралық Валюта Қоры (ХВҚ) құрылған болатын.
Фондтың негізгі капиталы Батыс елдерінің негізгі 10 елінің (АҚШ,
Ұлыбритания, Германия, Белгия, Швеция, Нидерланды, Канада, Италия,
Япония) тҿлемі негізінде құрылған. ХВҚ-ның құрамында 150-ден аса
мемлекет болса да, қаржылық жҽне саяси шешімдерін сол он мемлекет
ҿкілдері қабылдайды.
Қазіргі таңда Евросоюз дағдарыс жағдайында. Евро аймаққа енетін
елдер (олардың саны17) Брюссельдің қаржылық жҽне қазыналық
саясатына наразы. Біртұтас бюджеттік тҽртіп қолдау таппай отыр.
Еуроодақтағы қарама-қайшылық кешенді сипат алып отыр. Бұл ең
алдымен Еуроодаққа енетін 27 елдің мүддесінің сҽйкес келмеуінен. 1946
жылғы Уинстон Черчиллдің Фултонда жҽне Цюрихте ұсынған еуропалық
бірігу идеясы жақсы нҽтиже берді. Алайда бүгінгі күні еуропалық
интеграцияға қол жеткізу қиын болып тұр, себебі ЕО-тың алдыңғы
қатарлы елдерінің саяси жҽне стратегиялық мақсаттары сҽйкес келмейді.
Сонымен дүниежүзілік даму күрделі жҽне қарама-қайшылықты
болып отыр. Дүниежүзілік процесстерді талдау мен түсіндіру ғылым
мен оқу жоспарында ҿз орнын табуы қажет.
Резюме
Статья содержит вопрос о современных мировых изменениях, произведен
краткий анализ и обзор на политические и экономические события.
Summary
The article contains a question about the modern world changes, made a brief analysis
and overview of the political and economic events.
111
Ҽдебиеттер
1.
См.подробнее: Советская военная мощ. По ред. А.М.Деттярева.
М.1990. –стр
2.
Казахстанская правда, 23 декабря, 1991 г.
3.
Пылин А.Г. Особенности экономического развития стран СНГ в
контексте их устойчивости к внешним шокам. Автореферат к.э.н. М.2012.
стр.15
4.
Мировая экономика и международные отношения. РАН. М.202, №1.
стр.50,58
5.
Союзное вече. 2013 г. №2(475). Газета Парламентского Собрания
Союза Белоруси и России, г.Минск.
6.
Сельскохозяйственная наука. Достижения, разработки, внедрение.
Алма-Ата. 1986. стр.6.
7.
Вестник Российской Академии сельскохоз. наук. 2013. №1. Стр.5
(Москва).
8.
Международная экономика. 2013. №1. Стр.13,28 (Москва).
9.
Аnalytic. 2012. №2. Стр.80 (Алматы).
Достарыңызбен бөлісу: |