Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80

Отар – Қаратҿбе ауданындағы елді мекен. Бұл сҿздің этимологиясын 

В.В.Радлов от+ар деп кҿрсетіп, қазақ, ноғай, қырым татарларының тілінде 

кездесетінін  айтқан.  Қырым  татарларының  тілінде  кездесетінін  айтқан. 

Қырым татарларының тілінде «ҽр түрлі жайылымға айдайтын қой табыны» 

ұғымын береді. Қырым татарлары мен ноғай тілінде бұл сҿз «орыстың кіші 

деревниясы»  деген  мағынасы  да  бар..  Алайда  бұл  түсініктің  жер  атауына 

қатысы  жоқ.  В.В.Радлов  кҿптеген  түркі  тілдерінеде  от  сҿзінің  бір 

мағынасы  «шҿп,  ҿсімдік»  екенін  айтады.  «Шҿп,  ҿсімдік»  мағынасындағы 

бұл сҿз қазақ, қырғыз, түрік, азербайжан, алтай, ұйғыр тілінде от түрінде, 

ҿзбек тілінде – ут тұлғасында кездеседі. Отар атауының түбірі от екендігін 

азербайжан  тіліндегі  отлаг  –  пастбище,  выгон,  түрік  тіліндегі  отлақ  – 

пастбыще,  выгон,  түрік  болады.  Ҽ.Ҽбдірахманов  сҿздің  этимологиясы 

В.В.Радлов  айтқандай,  от+ар  жолымен  емес,  от+а+р  жолымен  жасалған 

деп кҿрсетеді. Ҿйткені зат есімнен кейін етістікті есімге айналдыратын –ар 

жұрнағы жалғанбайды. Демек, -а тұлғасы зат есімді етістікке айналдырып 

тұр да, оған есім тудыратын –р жұрнағы жалғанып тұр. Мұны осы жұрнақ 

жасалған  басқа  да  топоним  модельдермен  салыстыруға  болады.  Мысалы 

Қайна – р. Осы сҿздің қазақ тілінде ота-шҿбін жұл, қырғыз тілінде  – ото, 

ҿзбек тілінде – утамақ, алтай тілінде ото – жайылымда бағу ұғымын беруі 

біздің  жоғарыдағы  пікіріміздің  дұрыстығын  растайды.  Э.В.Сервортиян 

түркі тілдеріндегі есімшенің –р, -ар, -ер, -ыр, -ир, -ур, -ұр жұранғы тарихи 

жағынан  есім  жасайтын  осы  тұлғалас  жұрнақпен  дамып  шыққандығын 

айтады.  Отар  сҿзі  жоғарыдағыдай  жолмен  қалыптасқаннан  кейін  түркі 

тілдерінен монғол, бурят жҽне орыс тілінде – отары (гурт баранов) болып 

айтылып,  мағыналарының  бір-біріне  жуық  болып  келуі  осы  сҿздің  түркі 

тілдерінің  ауысқандығын  білдіреді.  Сонымен,  Отар  топонимінің 

этимологиясы:  түбірі  –  жалпы  түркілік  от  (шҿп  мағынасы)  +а  (зат  есімді 

етістікке айналдыратын кҿне жұрнақ) +р (етістікті зат есім айналдыратын 

жұрнақ). 

Аңқаты – Сырым, Ақжайық аудандарын кесіп ҿтетін ҿзен атауы жҽне 

елді  мекен  аты.  Аңқаты  атауын  түркі  тілдерінде  кездесетін  мына  сияқты 

сҿздер  мен  түбірлес  ҽрі  мағыналас  деп  қараймыз.  Қырғыз  тілінде-  «аң»  - 

шұңқыр,  ор  ;  Якут  тілінде  –  «аңхай»  -  жыра,  жылға,  сай,  ор,  т.б.  Осы 

деректергк сүйенсек, якут тілінде фразеологиялық тіркес түрінде сақталған 

(аңқа-аңқасы  кебу)  дегендегі  аңқа  (аң  –  ауыз  қуысы,  саңлау,  ҿңеш, 

жұтатын  тесік)  мағынасындағы  түбірден  шыққандығын  кҿреміз.  Ал  сҿз 

соңындағы – қа В. Котвичтің зерттеуінде, кішірейту, еркелету мағынасын 

беретін –қан, -кен, -ған, -ген жұрнақтарымен тығыз байланысты да, -ты зат 

есімнен қатыстық сын есімнен тудырушы қосымша деп кҿрсетілген.  

Осыған орай екінші пікірді де келтіре кетуді жҿн кҿрдік.  

Б. Базылханның сҿздігінде «Анга» - қуаң жер, жаңбыр сирек жауатын 

жер  мағынасын  білдіреді.  Олай  болса  «аңқасы  кебу»  мен  «қуаң  жер» 


81 

 

сҿздері  синонимдес  болып  келеді.  Аңқаты  топонимі  –  ХІІ  ғасырға  дейін, 



түркі  даласында  Шыңғыс  ҽскері  келгенге  дейін  қалыптасқан  атау.  «Итақ, 

мы  переправились  через  реку  Йаганды  именно  таким  способом.  После 

этого  таким  же  образом  переправились  через  реку  Джам.  Затем  перешли 

через  реки  Джахыш,  Узил,  Эрдэн,  Варыш,  потом  Анха,  Вавна  –  большие 

реки», - деп жазды А. Фадлан  ҿзінің күнделік қолжазбасында. Демек, осы 

деректерге  сүйене  отырып,  Аңқаты  атауы  кҿне  дҽуірлерде,  түркі-монғол 

тілдері туыстастығы кезеңінде қалыптасқан деп топшылаймыз.   

Қотантал  -    Шыңғырлау  ауданындағы  елді  мекен.  Осы  күрделі 

топонимінің  бірінші  сыңары  –  «қотан»  туралы  ғалымдар  арасында  түрлі 

пікірлер  бар.  Ҽ.  Абдрахманов  ол  сҿзді  хатын  қадын  қадұн  қайың 

тұлғасында  келген  сҿздегі  р>д>т>з>й  дыбыс  алмасуының  сҽйкес  пайда 

болған қайың атауы деп топшыласа, Э.М. Мурзаев бұл сҿздің шығу тегін 

Үнді-Иран  тілдерінде  жатқызады.  Алайда  ғалымдар  бұл  сҿздің  шығу 

тҿркінін  монғол  тіліндегі  «қоршау»,»дҿңгелене  орналасу»  мағынасы  мен 

байланыстырады.  Бұл  сҿз  моңғол  тілдерінде  де,түркі  тілдерінде  де 

кездеседі.  Мысалы,қазақ  тілінде  «алқа-қотан  отыру»  деген  тіркес  бар. 

Ҽдетте, дҿңгелене отыруды қазақтар осылай атайды. Кҿне моңғол тілінде 

«хотан»-қала, киіз үйлер тобы, қала сыртындағы қорған мағынасын берсе, 

бурят  тілінде  «хотон»  -  мал  қорасы  жҽне  ауылдың  топтана,  дҿңгелене 

қонуы  ұғымында  қолданылады.  Осы  салыстыруларға  назар  салатын 

болсақ,  моңғол  тіліндегі  «хотан,  хотон»  сҿзі  мен  қазақ  тіліндегі  «қотан» 

сҿзінің алғашқы мағынасы «топтала, дҿңгелене орналасу» болса керек. Бұл 

ұғымдар Э. Мурзаев ұсынып отырған куд, кат сҿзімен де мағыналас болып 

келеді.    Бекініс  немес  қорған  дҿңгелене  салынады.  Яғни  орыс  тіліндегі 

хутор  (күтір)  сҿзі  де  осы  кут  кат  сҿзінің  негізінде  қалыптасқан  деп 

есептейміз.  Олай  болса,  «қотан»  сҿзі  «тал»  сҿзімен  бірігіп,  «дҿңгелене», 

«топталып  ҿскен  тал»  ұғымын  беріп  тұр.  Қотантал  топонимін  Шығыс 

Қазақстандағы 

Қотанқарағай 

атауымен 

салыстыру 

да 

олардың 


семантикалық ортақ модель деп қарауға негіз береді.  

Жымпиты  –  Сырым  ауданының  орталығы,  елді  мекен.  Бұл 

топонимнің  құрамындағы  сҿздің  жымпию  етістігімен  еш  байланысы  жоқ. 

Бұл  атаудың  кҿне  түркі  тіліндегі  «чим»  -  қорған,  бекініс  мағынасын 

беретін  сҿзі  мен  қосымша  арқылы  жасалған  деген  Е.  Қойшыбаевтың 

пікірінің негізі бар. Жым сҿзі моңғол тілінде де бар. Б. Базылған сҿздігінде 

оны  «жым  жолы»  деп  береді.  Жымпиты  топонимінің  моңғолдық  тегі 

туралы  айтылған  пікірге  толық  қосылуға  болады:  біріншіден,  Ҿлеңті, 

Бұлдырты,  Аңқаты,  Қалдығайты,  Жымпиты,  Шідерті,  топонимдері  бір 

аймақ  кҿлемінде  орналасқан;  екіншіден,  бұл  топонимдердің  барлығының 

да  моңғол  тілінде  баламалары  бар;  үшіншіден,  бұл  топонимдердің 

барлығына  да  –ды,  -ты  кҿне  топоформанты  жалғанып  тұр.  Осы 

дҽлелдемелерді негізге ала отырып, Жымпиты топонимі де моңғол тілінен 

енген деп айта аламыз.  

Сол  сияқты  Сайлаубек  Қасымхановтың  мақаласында  белгілі  ғалым 

Мұрат  Аджидің  пікірін  келтіреді.  Белгілі  зерттеуші  М.  Аджи  «Қсар», 


82 

 

«Ксар»  «Сар»,  «Царь»  ежелгі  Алтай  түркілерінің  атақ  дҽрежесі  (титулы) 



«ең  басты»  «ұлы»  деген  мағына  беретінін  жазады.  Сарыжайлау  –  үлкен, 

кең,  ұлы  жайлау;  Сарыарқа  –  ұлы  арқа,  ұлы  дала.      Сарла  –  халық,  ел, 

ұрпақ.  Осыған  байланысты  «Сар  үйсін,  Сар  дала,  Сардар,  Сарбаз» 

сҿздерінің де ҿз мҽнінде қолданылып тұрғанын байқауымызға болады.  

Лағман тағамының шығу тҿркініне мҽн бере бермейміз. Біз лағманды 

ұйғыр халқының тағамы деп есептеп жүргенбіз. Бұл туралы «Ана тілі» (23. 

ХІ.12) газетінде мынадай мақала жарияланды. «Лағман» сҿзі ұйғыр тілінде 

«Лҽңмен» деп жазылады. Ол ет пен кеспеден жасалатын тағам. Ал еті ұсақ 

туралып, қуырылған етпен, сорпасыз кеспеден жасалған бұл тамақ ҿзбекше 

«лағмон» деп жазылып, «лағманҽ» деп айтылады. Ҽдетте «дұңған кеспесі» 

деп аталатын бұл тағам дұңған тілінде лен (суық) жҽне мян (кеспе) деген 

екі  сҿзден  құралып,  лянмян  болып  айтылады.  Ғалымдардың  зерттеуіне 

жүгінсек,  лағман  қытай  елінен  алынған  тағам  кҿрінеді.  Мҽселен, 

Новогородскийдің    деректерінде:  «Ла  мян»  -  да  созу,  тарту;  мянь  –  ұн, 

кеспе,  вермишель  деген  мағынаны  білдіреді.  Сонымен,  қай-қайсымыз  да 

сүйіп жейтін лағман тағамы қытайдан шыққандығын біліп жүрейік.  

«Егемен  Қазақстан  газетінде  (26.ХІІ.12)  Эльтондағы  –  этноауыл»  

деген мақалада Эльтонда тҿрт мыңдай қандасымыз тұратыны, оның ішінде 

Смағұл  Монтаев  деген  туысымыз  қолдан  сыбызғы,  ысқырық  жасаумен 

бірге  халқымыздың  салт-дҽстүріне  байланысты  заттарды  жинап,  музей 

(мұражай)  ұйымдастырғаны    айтылған.  Аталған  мұражай  киіз  үйде 

орналасқан.  Эльтон  кҿлінің  атауы  қазақтың  алтын  нұр  деген  сҿзінен 

алынған болса керек деген жорамал айтылады.  

«Папа»  грек  пен  латын  тілінің  сҿзі,  «мама»  латынның  «ҽйелдің 

емшегі» деген сҿзі екен. Қазақ тілінің Ташкент говорында ҽйелдің емшегін 

осы күнге дейін «мҽме» дейді.  

«Кітап»  сҿзі  араб  сҿзінен  енген  емес,  кҿне  түрік  тілінде  «бітіг»  - 

жазуды  оқу,  «мектеп»  -  кітап  оқитын  үй  деген  мағынаны  білдіреді  деген 

пікірлер бар.     

 

    Резюме 



 

В  данной  статье  ведется  этимологические  анализы  некоторых  слов  казахского 

языка.  Были  использованы  некоторые  этимологические  материалы  опубликованным 

печате.


  

 

Summary 



 

In  tһis  article  conducted  etymologic  analyses  of  some  words  of  Kazakһ.    Some 

etymologic materials  were publisһet. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.«Лағман»  сҿзі  ұйғыр  тілінде  «Лҽңмен»  деп  жазылады.  Ана  тілі  //  23. 

ХІ.12. – 4 б. 


83 

 

2.Эльтондағы – этноауыл. Егемен Қазақстан // 26.ХІІ.12. – 7б.    



 

ӘОЖ: 316.66 

 

Тәуелсіз Қазақстан жайлы шетел зиялы қауымның кӛзқарасы 

 

Иманбекова Г.М. 



М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ. 

 

Еліміздің  тҽуелсіздігін  алуға  негіз  қалаған,  тарихи  ерекшелігі  аса 



маңызды құжат – 1990 жылдың 25 қазанында республика Жоғарғы Кеңесі 

қабылдаған  «Қазақ  КСР-інің  мемлекеттік  егемендігі  туралы»  Декларация 

болып табылады. Декларацияда Қазақстанның ғасырлар бойы қалыптасқан 

тарихы  мен  мҽдениеті,  мемлекеттік-құқықтық  аумағы,  тағы  басқалар 

Қазақстанның  меншігі  болып  табылатындығы  қамтылды.  Азаматтардың 

құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері кҿрсетілді. Республиканың 

халықаралық қатынастарды дербес құратыны мҽлімделді. 

Мемлекеттілікке  ие  болудың  арқасында  Қазақстан  экономикалық, 

ҽлеуметтік,  мҽдени  дамуда  атап  айтарлықтай  нҽтижелерге  қол  жеткізіп, 

дүниежүзілік  қауымдастыққа  кеңінен  танымал  болды.  Оған  ЕҚЫҰ-на 

Қазақстанның  2010  жылғы  тҿрағалығы  дҽлел.  Бұл  –  Елбасы 

Н.Ҽ.Назарбаевтың  халықаралық  зор  беленінің  ерен  табысы,  еліміздегі 

ұлан-ғайыр  оң  ҿзгерістердің,  біздегі  демократияның  айшықты  нҽтижесі. 

Қазақстанның  2010  жылы  Еуропадағы  қауіпсіздік  жҽне  ынтымақтастық 

ұйымына тҿрағалық етуі  мемлекеттің ірі жетістігі. 

ҚР  Білім  жҽне  ғылым  министрлігінің  мҽлімдеуінше,  республика 

халықының  99,5  пайызы  сауатты.  Ҽлемдегі  117  елдің  ішінде  сауаты 

жағынан  14-орынды  иеленіп  отыр.  Халықтың  30  пайызы  білім  жҽне 

ғылымға қатысы бар салада жұмыс істейді. Бұған Жамбыл облысының да 

үлесі  бар  екені  айтпаса  да  түсінікті.  Ҿңірде  республикалық  деңгейде 

танымал  М.Х.Дулати  ат.Тараз  мемлекеттік  университеті  жҽне  т.б.  іргелі 

оқу орындары бар. 

Білім мен ғылым қоғамның экономикалық дамуына тікелей ҽсер етеді. 

USAID-тің Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жҿніндегі жоба директоры 

Грэг  Хемпфил  ҿз  баяндамасында  елімізде  адам  капиталының,  яғни  кадр 

мҽселесінің  тапшылығы  байқалатынын  айтып  ҿтті.  Оның  айтуынша, 

бизнеске  жаңа,  озық  технологияны  енгізу  жағынан  Қазақстан  86-орында. 

Жоғары  оқу  орындарының  менеджменті  жҿнінде  96-орынды  қанағат 

тұтуда,  білім  беру  сапасы  тұғырында  85-орынды  місе  тұтуға  тура  келеді. 

Оның  айтуынша,  кҽсіпкерлердің  білімі,  жаңа  технологияны  меңгеруі  оны 

іске қосу сапасы мүлде тҿмен. 

АҚШ-та мемлекет бюджетінің 70 пайызын, Жапон елінде 78 пайызын, 

Италияда  73  пайызын  кіші  (орта  жҽне  шағын)  бизнес  құрайды  екен. 

Қазақстанда  кіші  бизнестің  үлесі  20  пайызға  жетер-жетпес.  БҰҰ-ның 

дерегі бойынша, ҽлем елдерінің бюджет қоржынына түсетін қаржының 70-

80 пайызын орта жҽне кіші бизнес құрылымдарынан құйылады екен. 



84 

 

Бүгінде Қазақстанда ҽлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси салада 



даму  байқалуда.  Оған  дҽлел  индустриалды-инновациялық  серпінді 

жобалар десек қателеспейміз. 

Осыған орай Израильдің Президенті Шимон Перестің «Қазақстанның 

экономикалық  ҿсу  қарқыны  таңданарлық  жҽне  ол  сонысымен  тек  ҿңірде 

ғана  емес,  ҽлемде  де  ерекшеленеді.  Қазақстан  ұлтралық  жҽне  

конфессиялық  келісім  елінің  ҿте  жақсы  моделі  болып  табылады»,  деген 

еді.  БҰҰ-ның  экс-бас  хатшысы  Кофи  Аннан,  «Қазақстан  тҽуелсіздік 

жылдарында  ҽлеуметтік-экономикалық  салада,  сондай-ақ  ішкі  саяси 

тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  ісінде  үлкен  табыстарға  қол  жеткізді. 

Қазақстан  ҿңірлік  жанжалдарды  шешудің  бастамашысы  болуға  жҽне 

ядролық  қарусыздану  үшін  батыл  ҽрекеттер  жасауға  қабілетті  болып 

шықты. Қазақстанның іс-тҽжірибесі ұлтаралық жҽне конфессияаралық сан 

алуандыққа  кесір  ретінде  емес,  игілік  ретінде  қарау  керек  екендігін 

кҿрсетеді. Республика кҿптеген басқа елдерге үлгі бола алады» деді. 

Бұған  дҽлел  Тараз  қаласындағы  «TALDAU»  социологиялық  жҽне 

маркетингтік  зерттеулер  орталығының  жүргізген  сауалнамасының 

нҽтижесін келтіруге болады. «Қазақстандағы этносаралық татулықтың 

басты  негізі  неде?»  -  деп  сұрағанымызда,  респонденттердің    32,0  ℅-ы 

Елбасы  Н.Назарбаевтың  салихалы  саясаты  деген.  Бұдан  түсінгеніміз 

сауалнамаға  қатысқан  тұрғындардың  ҽрбір  үшіншісі  еліміздегі  этностар 

арасындағы татулықты Елбасымен байланыстыратындығы. 27,4℅-ы қазақ 

халқының  тҿзімділігі  мен  кеңпейілділігі  десе  11,0℅-ы  ҽртүрлі  этностар 

арасындағы  ҿзара  түсіністік  деген  ойда.  10,3℅-ы  барлық  этностардың  еш 

кедергісіз  салт-дҽстүрлерін  сақтаулары  деген  кҿзқараста.  Яғни  еліміздегі 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  ҿз  деңгейінде  жұмыс  істеп  жатқандығын 

айтуда. 

Сауалнамаға 

қатысқандардың 

9,6℅-ы 


Қазақстандағы 

экономикалық жағдайдың жақсаруы деп жауап берген. 

АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Уильям Перри «Қазақстанның 

азиялық  ҿңірдегі  рҿлі  баға жеткісіз, бұл  оның  географиялық  жағдайының 

ерекшелігіне  жҽне  табиғи  ресурстардың  үлкен  қорына  ие  болуына 

байланысты.  Қазақстан  дүниежүзілік  аренада  жҽне  осы  ҿңірде  ҿзекті 

позициялардың бірін иеленеді», деген пікірде. 

«Мұра»  қоры»  зерттеу  орталығының  аға  ғылыми  қызметкер  (АҚШ) 

Ариелб Коэннің пайымдауынша «Қазақстан ҿзінің мемлекеттік құрылысы, 

сондай-ақ  саяси  жҽне  ҽлеуметтік-экономикалық  реформаларын  күрделі 

ішкі  жҽне  сыртқы  жағдайларда  жүзеге  асыруда.  Ҿзінің  Жолдауында 

Президент  Н.Назарбаев  Қазақстанның  қайдан  келгеніне  жҽне  қайда  бара 

жатқанына ҽсерлі түрде баға берді. Оның алға қойған мақсаттары да, Тянь-

Шаньның  қарлы  шыңдары  сияқты  биік.  Ҽңгіме  зайырлы,  тҿзімді  жҽне 

кҿпұлтты  мемлекет  құруда  батыстық  демократиялық  құндылықтар  мен 

шығыстық  дҽстүр  ұсынылып  отырғансинтездеу  туралы.  Сондай-ақ 

экономиканы  ҽртарапты  дамыту  мен  мұнай  ҿндірудің  күрт  ҿсуі 

жағдайында  мұнайға  тҽуелділіктен  арылу  жҿнінде  күш-жігер  жұмсау 



85 

 

туралы,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы,  білім  беру 



саласындағы жаңа бастамалар туралы болып отыр». 

Гонконг  ғылым  жҽне  технология  университетінің  саяси  ғылымдар 

докторы  Хо  Вай  Ипа  «Қазақстан  Н,Назарбаевтың  басшылығымен  шын 

мҽніндегі егеменді мемлекеттің саясатын паш етуде, ол дамудың кеңестік 

те,  сондай-ақ  батыстық  та  модельдерін  енжарлықпен  қабылдай  салып 

отырған  жоқ.  Керісінше,  бұрынғы  КСРО-ның  кҿптеген  басқа  елдерімен 

салыстырғанда, Қазақстан қоғамды саяси, діни немесе қандай да бір басқа 

шығандауларға  ұрындырмай,  тҽуелсіздік  алған  кезден  бастап  дамудың 

ҿзіндік жолымен келе жатыр» деген екен. 

Бұл пікірлердің қаншалықты салмақты ой тудыратыны барлығымызға 

белгілі.  Сондай-ақ  тҽуелсіздігін  алғанына  20  жыл  болып  отырған 

Қазақстан  сияқты  мемлекет  бүгінде  тҿрткүл  дүниеге  танымал, 

халықаралық беделі жоғары екендігін түсінуге болады. 

Сҿзімді  қорытындылай  келе,  тҽуелсіздік  ұғымы  біздің  жастарымыз-

дың  бойына  ұлттық  мақтаныш  пен  патриотизмді  тудыруы  қажет. 

Тҽуелсіздік ұлттық идеядан жаңарған ұлттық идеологияға айналуы тиіс. 

 

Ҽдебиеттер 



 

1.

 



Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2003 ж 

2.

 



Байділдинов  Л.Ҽ. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж. 

3.

 



Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2003ж. 

4.

 



Таубаева  М.Е.,  Тҿлебекова  С.К.  Саясаттану  пҽнінен  ҽдістемелік 

кҿмекші оқу құралы. Шымкент ОҚМУ 2003. 



 

 ӘОЖ 27-75: 005.591.6 

 

Бiлiм қоғамы жолындағы ортақ мақсат – жетiстiк кепiлi 

 

Иманбердиев Д.А. 



Мақтаарал гуманитарлық-экономикалық жҽне агробизнес колледжі 

 

Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  биылғы  «Қазақстан-2050» 



стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан 

халқына  Жолдауының  –  ҿткенді  саралай  отырып,  Қазақстан   жастары 

үшін, алдағы уақытта атқаратын міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ, ел 

дамуының жаңа кезеңі мен тҽуелсіздіктің үшінші онжылдығына бет бұрған 

тұста  қоғамдағы  ең  ірі  ҽлеуметтік  топ  –  жастарға  деген  Президенттің 

сенімі  мен  қамқорлығы  олардың  білім  мен  ғылымға  деген  құштарлығын 

одан  ҽрі  күшейтті.  Осы  тұста  Мемлекет  басшысының  Жолдауынан 

мынадай  ұлағатты  сҿздерін  айтуға  болады:  «Бҽсекеге  қабілетті  дамыған 

мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз 

керек. Қазіргі  ҽлемде  жай  ғана  жаппай  сауаттылық  жеткіліксіз  болып 

қалғалы  қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең  озық  жабдықтармен  жҽне 


86 

 

ең заманауи ҿндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға 



тиіс.  Сондай-ақ  балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың 

функционалдық  сауаттылығына  да  зор  кҿңіл  бҿлу  қажет.  Балаларымыз 

қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.  

Қазіргі  замандағы  білім  беру  үш  маңызды  бҿліктен  тұрады; 

шығармашылық,  рухани  құндылық,  тез  ҿзгеріп  отыратын  ҽлемге  дайын 

болу. 


Қазақстанның  ҽлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  ортақ  еңбек 

қоғамына қарай – 20 қадам 

Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, ҽлемде ҿзіне лайықты 

орын алу үшін еңбектеніп келеді. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші 

ретінде  озық  идеялармен  қаруланып,  еліміздің  дамып,  ҿркендеуіне 

лайықты  үлес  қосып  келеді.  Болашақта  ел  тізгінін  ұстайтын,  еліміздің 

ҽлемдік  деңгейдегі  бҽсекеге  қабілетті,  экономикасы  дамыған,  ҿркениет 

кҿшінен  лайық  орын  алатын,  еліміздің  қарқынды  дамуына  ҿзіндік  үлес 

қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сҿзсіз. 

Еліміздің  ертеңі,  мемлекетіміздің  болашағы.  Бүгінгі  жас  –  ертеңгі  ел 

тізгінін  ұстайтын  ел  ағасы.  Бүгінгі  алдыңғы  толқын  аға  буынның  орнын 

басар,  ізін  жалғастырар  артында  ҿсіп  келе  жатқан  жастар  екені  даусыз. 

Еліміздің  ендігі  дамуы  мен  ҿркендеуі,  келешегі  жастарға  тікелей 

байланысты. Ҽрі білімді, бҽсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені 

сау яғни салауатты ҿмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады. Ұлы 

Мағжан  Жұмабаев  айтқандай,  «Арыстандай  айбатты,  жолбарыстай 

қайратты,  қырандай  күшті  қырағы  -  Мен  жастарға  сенемін»  дегендей, 

бүгінгі қоғам, қазіргі нарық  бҽсеке заманын талап етіп отыр. Жүректерінде 

жалыны,  бойларынан  күштері  бар  жиырма  бірінші  ғасырдың  жастары 

күнделікті  ҿзгеріп  жатқан  ҿмірге,  құбылыстар  мен  жаңалықтарға  шошып 

қарамай,  батыстың  қитұрқы  ҿміріне  еліктемей,  «жақсыдан  үйреніп, 

жаманнан жиреніп» жатса, бұл керемет болар еді. 

Қазіргі  жаһандану  заманында  Қазақстан  Республикасы  –  жастардың 

бiлiм мен бiлiктiлiкке талпынып ҽрекеттенуiн, еңбектенiп ҿсуiн талап етiп 

отыр.  Осы  тұста  Елбасының  мына  бір  сҿзін  айта  кетудің  орны  ерекше: 

«Елiңнiң  ұлы  болсаң,  елiңе  жаның  ашыса,  азаматтық  намысың  болса, 

қазақтың  мемлекетiн  нығайтып,  кҿркеюi  жолында  терiңдi  тҿгiп  еңбек  ет. 

Жердiң  де,  елдiң  де  иесi  екенiңдi  ұмытпа».  Сондықтан,  жастарға 

колледжде  бiлiм  беретiн  ұстаздар  да  ұлы  мұрат  жолында  жалынды  еңбек 

етуге даярмыз. 

Кезінде ұлы дана Абайдың ҿзі «Олай болмақ қайда деп, айтпа ғылым 

сүйсеңіз» деген емес пе еді? Біз еліміздің ертеңі жарқын, болшағы айқын 

болсын  десек  «олай  болмақ  қайданы»  емес,  керісінше,  ҿз  ҽлеуетіміз  бен 

күш-жігерімізді  қалай,  қай  бағытта  жұмсауымыз  керек  деген  сұрақтың 

жауабын  іздестіруіміз  керек.  Елбасы  ҿз  дҽрісінде  мемлекетті  «донор» 

ретінде  пайдаланудан  гҿрі,  онымен  ҽріптестік  қарым-қатынас  орнату 

қажеттілігі  туындап  отырғандығын  баса  айтты.  Осы  мҽселе  кҿптеген  кҿзі 

ашық,  ел  болшағына  алаңдайтын  азаматтардың  кҿкейінде  жүрген  түйткіл 



87 

 

деп білемін. Расында да ҽлі күнге дейін отандастарымыздың кҿпшілігінің, 



ҽсіресе  жастар  бойында  бойкүйездік,  мемлекеттің  мүлкіне  деген 

салғырттық  пен  болып  жатқан  оқиғаларға  деген  бейжайлық  басымдау. 

Сондықтан, ҽсіресе жас буын қазақстандықтардың бойына мемлекеттің ҽр 

азаматтың білім алуы мен лайықты ҿмір сүруіне жағдай жасайтындығын, 

ал  ол  мүмкіндіктерді  ҽркімнің  пайдалана  білуі  мен  оның  нҽтижесінде  елі 

үшін, ҿзі жҽне отбасы үшін одан ҽрі қажетіне асыруы олардың азаматтық 

ұстанымы  мен  таңдауларына  байланысты  екендігін  де  жеткізу  қажет  деп 

есептейміз.  

Елбасы  жолдауындағы  тағы  бір  маңызды  кҿтерілген  тақырып,  ол  – 

білім  мҽселесінің  қаралуы.  Білімді  жоғары  сапаға  кҿтеру,  міндетті 

мектепалды  даярлықты  енгізіп,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  білім 

беру,  мектептер  мен  балабақшалар  салу  арқылы  заманауи  білім  беруді 

қалыптастыру,  ҽлемдік  деңгейдегі  мектептер  мен  кҽсіптік-техникалық 

колледждер желісін одан ҽрі дамыту, оқыған талантты жастардың қатарын 

кҿбейту болды.  

 «Ҿткен  күн,  кеше  –  тарих,  келер  күн,  ертең  –  сыр,  ал  бүгінгі  күн  – 

үлкен  сый»  деген  данагҿй  Қорқыт  бабамыздың  нақыл  сҿзі  бар.  Ертеңгі 

күнге  батыл  қадам  жасау  үшін  бүгінгі  күннің  маңызын  бағалау  қажет. 

Сондықтан  да  «ҽрбір  адам,  соның  ішінде,  ҽсіресе,  жастар  белгілі  бір 

кҽсіптік саладан ҿз болашағын кҿргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – 

қалыпты жағдай. Ҿйткені, адам ҿзінің қайда бет алғандығын анық кҿрген 

кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» дей отырып,  Елбасымыз 

жастардың  ой-санасына  кҽсіби  біліктіліктің  кезең-кезеңмен  игерілуі 

қажеттілігін айқындап берді. 

Қазақстан  бҽсекеге  қабілетті,  білімге,  жаңалыққа  құштар  жастарды 

тҽрбиелеуде қазақ тілі мен ғылымға ерекше мҽн бермек. Жастардың бүгінгі 

келбеті елдің ертеңін елестетеді. Ал, ел ертеңін қалыптастыру білім беруді 

жаңғыртудан басталмақ. 

Бүгінгі  қоғамдағы  ҿзгерістер  -  ашықтық,  жедел  ақпараттану,  түрлі 

саладағы  қарқынды  даму,  жоғары  технология  т.б.  жайлар  білім  беруге 

қойылып  келген  міндеттердің  мазмұнын,  маңызын   түбегейлі   ҿзгертті. 

Қоғамның  сан  түрлі  салаларын  бағамдай  алатын,   оның  нҽтижелеріне 

жауапты,  білімділікпен  қарайтын  құзырлы,  бҽсекеге  қабілетті  тұлғаны 

қалыптастыру  тек  мектеп  қана  емес,  бүгінгі  орта  оқу  орындарының  да 

міндеті  болып  отыр.  Сондықтан,  білім  берудің  жаңа  технологияларын 

ендіре  отырып,  тұлғаны  дамыту  мақсатында  тҽрбиеге  баса  назар 

аударылуда.  Тұлғаның  рухани  тҽрбие  алуына,  адами  келбетінің 

қалыптасуына  ерекше  мҽн  берілуі  тиіс.  Ҿйткені,  орта  оқу  орындарына 

қабылданған шҽкірттердің  мектеп қабырғасынан алған тҽлім - тҽрбиесінің 

олқы тұстары айқындала бастайды. Осы тұста олардың ата  – аналарымен 

жұмыс  істеу  қажетілігі  туындайды.  Яғни,  жастардың  мінез-құлқы  жайлы 

қосымша  ақпараттар  алу,  олардың  мектеп  қабырғасындағы  атқарған  іс  –

ҽрекеттерінен  хабардар  болу  куратор  –  эдвайзердің  жұмысының  жемісті 

болуына  ҽсер  жасайтын  факторлардың  бірі.  Региондардан  келген  жастар 



88 

 

ата  –  ана  бақылауынан  босағанын  сезініп,  еркіндікке  бой  алдырып, 



қаланың   тыныс-тіршілігінің  жағымсыз  жақтарына  еліктеп,  адамилықтан 

аттап  кетіп  жататындары  да  аз  емес.  Осы  тұста  куратор-эдвайзерлер  тек 

тҽртіп бақылаушысы ғана емес, ата-ана, тҽрбиеші рҿлінде бола алуы қажет. 

Олардың  мінез-құлықтары  жайлы,  оқу  үлгерімі  жайында  хабарласып 

жататын  ата-аналар  қатары  ҿте  аз.  «Оқуға  түсті,  ендігі  жерде  оқу  оның 

міндеті»  деп  біржақты,  салғырт  қарау  тҽрбиелік  кемшіліктерге  апарып 

соғады.  Сондықтан,  шҽкірттердің  жатақханадағы  жҽне  одан  тыс 

ҿмірлерінен,  аралық  бақылау  нҽтижелерінен  ақпарат  беріп,  хабарласып 

отыру  -  ҿмір  талабы.  Сонда  білім  беру  факторларының  -  мектеп,  отбасы, 

қоғамдық  -  ҽлеуметтік  ортаның  кірігуіне  жол  ашып,  тҽрбие  жұмысының 

нҽтижелі болуына игі ҽсер етері анық. 

Білім беруді  тҽрбиемен ұштастыра жүргізу шҽкірттердің  білімін ғана 

емес,  оның   нҽтижелерін  қолдану  дағдыларын,  атап  айтқанда, 

функционалдық  сауаттылығын   немесе  құзыреттілігін  қалыптастырады. 

Оқу-тҽрбие  процесін  шҽкірттердің   патриотизмін  арттыруға,  мораль  жҽне 

адамгершілік нормаларын жоғарылата түсуге, ұлтаралық келісімді түсінуі 

мен  тҿзімділігін  шыңдауға,  физикалық  жҽне  рухани  дамуын  арттыруға, 

заңды  құрметтеуге  дағдыландыруға  бағыттау  мақсатында  жүргізу 

күнделікті  талап  етілуі  тиіс  жҽне  бұл  құндылықтар  қазіргі  тҽрбие 

жұмысының негізіне айналғаны жҿн. Жастардың бойында ҿздігінен   білім 

алу,   қоғамдық  ҿмірде  ҿзін-ҿзі   жан-жақты   таныту  үшін  алған  білімін 

тиімді  пайдалана  білу  дағдыларын  қалыптастыру  жҽне  қоғамға  пайда 

келтіру мҽселелері  маңызды болып табылады. Ал, сол ҿздігінен білім алу 

дағдысы  бірен-саран  жастардың  бойынан  ғана  табылуына  кімді  кінҽлауға 

болады?  Сауаттылығы  тҿмен  болуы  неден?  Мектеп  қабырғасынан  он  бір 

жыл  бойы  білім  алып  шыққан  шҽкірттер  ҿз  ана  тілінен  неге 

грамматикалық,  стильдік  қателер  жібереді  деген  сияқты  кҿптеген 

сұрақтардың  туындайтыны  шындық.  Осы  кҿкейдегі  ойлардың  басты 

жауаптарының бірі - ұлттық құндылықтарды атүсті оқыту болып отырған 

сияқты.  Халықтың  фольклорынан  бастап  кейінгі  кезең  ҽдебиетіне  дейін 

терең  үңіліп,  оқу  бағдарламасының  кҿбірек  бҿлігін  ұлттық  ерекшеліктер 

мен құндылықтарға арнау аталған кемшіліктердің алдын алуға, сауатты да 

салауатты  жастар  легінің  келуіне  мүмкіндік  тудырады.  Ҿз  халқының 

тарихын, ҽдебиетін, мҽдениетін, салт-дҽстүрін, менталитетін білмей тұрып 

басқа ғылымдарды игеру еліне, қоғамға пайда ҽкелуі былай тұрсын зиянын 

тигізері хақ. Соның бір дҽлелі - шет елден келген азаматтардың жергілікті 

ұлт тілін емес, орыс тілін меңгеруге ден қоюлары. Мемлекеттің ҽр азаматы 

жергілікті  халықтың  ҿкілі  ретінде  жоғарыда  аталған  сапалық  мақсат-

мұраттарды  меңгерген  жағдайда  ғана  білім  мен  тҽрбиенің  ұштасуы  ҿз 

бағытын  табады.  Мектеп  қабырғасынан  бастап  ұлттық  ҽдебиетпен  қоса, 

шетел,  орыс  классикасын  да  оқыту  керек.  Кітап  -  бар  білімнің  бастауы. 

Кітап  оқып  ҿскен  ұрпақ  ҿкілдерінің  жоғары  білімі  болмаса  да  адами 

парасат-пайымының жоғары болатынын ҿмір кҿрсетіп отыр.  


89 

 

Оқу-тҽрбие  процесінде  шҽкірттердің   қызығушылықтарын  ескере 



отырып,   жеке  тұлғаға  бағытталған  жұмыс  жүргізу,  жастарды  қоғамдық 

ҽлеуметтендіру, рухани-адамгершілік тҽрбиенің, ҿзін-ҿзі ұйымдастырудың 

нҽтижелері   жеке  тұлғаға  бағытталған   түрде  жүзеге  асырылғаны  жҿн. 

Яғни,  функционалдық  сауаттылық  -  білім  беруді   тұлғаны  қоғамдық 

ҽлеуметтендірумен   байланыстыру  тҽсілі  ретінде  түсіндіріледі.  Қазіргі 

ҽлемде аса кҿңіл бҿлініп отырған  функционалдық сауаттылық адамдардың 

ҽлеуметтік,  мҽдени,  саяси  жҽне  экономикалық  қызметтерге  белсенді 

қатысуына,   білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  факторлардың  біріне 

айналып  отыр,  ҽрі  жастарды   ҿз  елінің  тарихын,  салт-дҽстүрін  жақсы 

білетін,  мемлекеттік  рҽміздерін  құрметтейтін,  ҿзге  ұлт  ҿкілдерінің  салт-

дҽстүрі  мен  мҽдениетін  сыйлайтын  азаматтар  ретінде  тҽрбиелеуге 

бағыттайды.  Жастардың  сауатсыз  болуына  ҽсер  етіп  отырған  жайлардың 

бірі  ретінде  айтуға  болатын  интернеттегі  жазбаларды,  теледидардағы 

жүгіртпе  жолдардағы  қателерден  кҿз  ұялады.  Тіпті  дұрыс  сҿйлей  алмау, 

ойын  жеткізбеу  сияқты  жеке  тұлғалық  кемшіліктер  аяқ  басқан  сайын 

кездесіп отырады. Банкке барып, есепшот ашқысы келіп тұрған азаматтың 

«банкомат  ашайын»  деп  едім  деген  сҿзін  естігенде  күнделікті  тіршілікке 

сіңген ұғымның ҿзін дұрыс түсінбегеніне қынжылдық.  

Ата-аналардың  балаларының  білім  алуы  мен  тҽрбиесіне  ат  салысуы 

оқушылардың  функционалды  сауаттылығын  арттыруға  септігін  тигізеді. 

Сол  себепті  оларға  арналған  тренингтер,  семинарлар,  дҿңгелек  үстелдер, 

конференциялар ұйымдастыру тек жалпы білім беретін мектеп қана емес, 

кҽсіптік-техникалық  колледждерде  қамтылуы  тиіс.  Жас  ұрпақтың  жан-

жақты жетілген, сауатты  азамат болуы ортақ мҽселе. Кеңес үкіметі алғаш 

орнаған  жылдарда  «ликбез»,  сауатсыздықты  жою  ең  басты  мҽселе  болып 

қолға алынған, ҿйткені үкіметтің дамуы, ҿркендеуі тек сауатты, салауатты 

азаматтарға  тікелей  байланысты  болған.  Ал,  біздің  жас  мемлекеттің 

қарқынды  дамуына,  ҽлемдік  деңгейде  дамып  жатқан  ҿркениетті   елдер 

қатарына  қосылуына  тікелей  ҽсер  етуші  факторлардың  бірі  білім  деңгейі 

жоғары,  тҽрбиелі,  ҿз  елінің  құндылықтарын  бағалайтын,  үлгі   боларлық 

жастар  екенін  жадымыздан  шығармай,  ҽр  саналы  азамат  соған  үлес 

қосулары керек.  

Еліміздің  тарихын  оқушыларға  терең  ұғындыру  үшін  колледжімізде 

заман талабына сай техникалық құралдар жеткілікті. 

Сабақта  жҽне  сабақтан  тыс  шараларда  жаңа  технологияларды 

пайдалануға  мүмкіндік  мол.  Колледжмізде  сабақтан  тыс  уақытта 

оқушылардың  дүниетанымын  кеңейту  мақсатында  түрлі  шаралар 

ұйымдастырып ҿткізіледі.  

Мысалы:  Бҿлімаралық  «Бір  ғана  Отаным  бар,  ол  Қазақстан» 

тақырыбында  интеллектуалды  ойыны,  «Туған  жерім-мақтанышым» 

тақырыбындағы  топаралық  конференция,  «Кемеңгер  кҿшбасшымен 

татулық  кемесінде!»  тақырыбында    тарихи-танымдық  кеш,  «Қазақстан  - 

2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» тақырыбында тҽрбие 

сағаттары тағыда басқа оқушылардың тҽрбиесі жҽне білімдерін  жетілдіру 



90 

 

мақсатындағы  іс  шаралар  интерактивті  тақтаны  пайдаланып  ҿтіледі. 



Оқушылардың бұндай іс шараларға ықыласы ерекше болады. 

Колледжде  компьютермен    жабдықталған  дҽрісханалар  бар.  Онда 

түрлі  тақырыптарға  арналған  ашық  сабақтар  ҿткізуге  қолайлы. 

Тақырыптарға  сҽйкес  бейнефильмдер  топтамасы  бар  жҽне  оларды 

интерактивті  тақта,  графопроектор  кҿмегімен  дҽрісханада,  кітапханада, 

кҿпшілік залында кҿрсетуге жағдай жасалған. 

Колледж  кітапханасында  оқушылар  сабаққа  пайдаланылатын 

ҽдебиеттер жеткілікті. 

Колледжде  оқу  орны  тарихын  баяндайтын  стенділерден  оқушылар 

ҿздері  білім  алып  жүрген  оқу  ордасының  тарихы  туралы  мағлұмат  ала 

алады.  Барлық  мамандықтарға  жан-жақты  білім  алу  үшін  арнайы 

дҽрісханалар, зертханалар, кҿпшілік залы, спорт залы жабдықталған.  

Тағы  бір  осы  мҽселеге  қатысты  жайлардың  маңызды  тұсы  -  оқу 

 ҽдістемесін  жҽне  оқытуды   жаңарту.  Жоғары  технология  жетістіктерін 

ұтымды  пайдалана  отырып,  жастардың  сол  кҽсіпке  қызығушылығын 

арттырып,  білімді  тҽрбиемен  ұштастыру  жеке  тұлғаның  қалыптасуын 

толық  қамтамасыз  етеді.  Бұл  ретте  мемлекеттік  тілдегі  оқулықтарды,  оқу 

құралдарын,  қосымша  құралдарды қол  жетімді  етіп  шығару  керек. 

Қазақстанның  болашағы  зор  ел  екендігін  ҽлем  халықтары  мойындап 

отырған кезеңде соған лайықты қоғам мүшелерін тҽрбиелеу де келешекке 

міндет болуы қажет. 

 

Резюме 



 

В статье затронуты актуальные моменты в сфере образования. 

Рассмотрены  основные  направления  развития  и  совершенствования  системы 

образования Казахстана. 

Об  успешности  реализации  Государственной  Программы  Президента  РК,  о 

необходимости  повышения  эффективности  учебно-воспитательного  процесса, 

перспективы  интеграции  отечественного  образования  в  международную  систему,  в 

эпоху всемирного просвещения. 

Статья очень актуальна и содержательна. 

 

Summary 



 

In  the  article  relevant  points  raised  in  the  field  of  education.  The  main  directions  of 

development  and  improvement  of  the  education  system  of  Kazakhstan.  The  success  of  the 

implementation  of the State Program  of the President  of the Republic of  Kazakhstan, of the 

need  to  improve  the  efficiency  of  the  educational  process,  the  prospects  for  integration  of 

national  education  in  the  international  system,in  the  era  of  global  education.  The  article  is 

very relevant and meaningful. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.  Назарбаев  Н.Ҽ.  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты  //  «Ақиқат»,  №1,  2013  ж. 


91 

 

       2.  Назарбаев  Н.Ҽ.  Қазақстан  білім  қоғамы  жолында  //  «Егемен 



Қазақстан», 5 қыркүйек 2012 ж. 

 3. «Ҽлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты 

бағыты» атты Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа  Жолдауы. 

4. Н.Назарбаев. «Қазақстанның ҽлеуметтік  жаңғыруы: жалпыға Ортақ 

Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет