ӘӚЖ 81
,
373;001.4
Қазақ және Ӛзбек тіліне ортақ лексика
Нұрбек М.А.
Абай атындағы ҚазҰПУ, «Қазақ тілі мен ҽдебиеті», мамандығының 2-курс докторанты
Тілді қолданушылар ҽр заманда оның ҿзіне дейінгі жинақталған сҿздік
қорын, қалыптасқан заңдылықтарын қолдана отырып, тілішілік жҽне
тілден тыс факторларға байланысты ҿз тарапынан ҽртүрлі ереже-
қағидаларды енгізетіні, сҿздік құрамды ҽртүрлі қырынан байытатыны жҽне
қандай да бір бҿлігін қолданыстан мүлде шығарып тастайтыны, я болмаса
бұрыннан келе жатқан қолданыстарды ҽртүрлі қырынан ҿзгертетіні белгілі.
Тілді осындай даму жҽне қалыптасу заңдылықтарын қазіргі кезде
қолданылатын тілдердің деректерімен салыстыра отырып айқындау,
олардың арасындағы сабақтастықты анықтау қазіргі таңдағы ҿзекті
мҽселелердің бірі болып отыр.
Қазақтардың ҿзбек елімен бұрынғы замандардан бері қатар отырғаны,
қоян-қолтық араласқаны белгілі. Қазақ халқы ҿкілдерінің жекелеген бҿлігі
(Ҿзбекстан мемлекеті жеріндегі кейбір қазақтар) ҿзбек халықтарының
құрамына еніп, сіңіп кеткен жағдайлары да кездеседі. Бірнеше мың
жылдық кҿршілестік негізіндегі мҽдени байланыстардың дҽнекерлік
қызметі жҽне бар. Сондықтан, маман ғалымдардың пікірі бойынша, қазақ
жҽне ҿзбек тілдерінің кҿне дҽуіріне қатысты мұрағаттардағы лексикалық
бірліктердің тілдік табиғатын айқындауда аталған тілдердің даму
жолындағы түрлі кезеңдердің ерекшеліктерін ескерген жҿн.
Ежелден аралас-құралас ҿмір сүріп келе жатқан қазақтар мен
ҿзбектердің бұрынғы кезден бері аудармасыз тілдесіп келгендігі анық.
Оның үстіне қазақ жҽне ҿзбектердің бір мемлекет құрамында болуына
байланысты бір-бірінің құрамына сіңіп кету жағдайлары да тарихта жиі
177
кездеседі. Осындай жағдайларға байланысты жекелеген атаулардың,
сҿздердің аталған екі тілдің бірінен біріне ауысуы мҽселесінде ақиқатқа
жету ҿте қиын [1, 157-б.]. Академик Ҿ.Айтбайұлының «ұлт болып
бҿлінбей тұрған кезде ортақ қолданыста болған сҿздерді бір тілден екінші
тілге ауысты деп айту қисынсыз. Асылы, тіл-тілдегі мұндай элементтерді
ортақ мұра есебінде қарастырған жҿн деп ойлаймыз» [2] – деген пікірі
қисынды кҿрінеді. Сондықтан қазақ жҽне ҿзбек тілдеріне тҽн лексика
құрамын белгілеуде осы кезеңге жататын лексиканы ортақ мұра ретінде
қарастырудың қажеттігі дау тудырмайды [1, 157-б.].
Біздің дҽуірімізге келіп жеткен Орхон-енисей ескерткіштерін оқып
қарап таныссақ, шүбҽсіз түсінуге болады. Оның үстіне бұл ескерткіштер
таза түркі тілдерімен жазылған [3, 39-б.]. Себебі Шығыс Түрік
қағандығының құрамында ҿмір сүрген түріктер осы Орхон-енисей жазуын
қолданып, сол жазудың тілінде сҿйлеген [4, 12-б.]. Демек, бұл қазіргі түркі
тілдерінің де, бҽріне ортақ ата тілі болып есептеледі. Ҽрбір ұлт тілінің
қандай ҿзгеріске түскенін білу үшін оны ескерткіштер тілімен
салыстырып, анықтауымыз мүмкін [3, 39-б.].
Қазақ жҽне ҿзбек тілдерін Орхон-енисей тілімен салыстырып қарайық.
Қазақ тілі
Ҿзбек тілі
Орхон-енисей
ескерткіштер тілі
Ұл
қыз
ана
ата
іні
ер
келін
қатын
күйеу
уғил
қиз
она
ота
ини
эр
келин
хотин
куѐв
огул (сын)
қыз (доч, девочка)
ана (мать)
ата, ада (отец)
ини (младший брат)
ер (муж, герой)
келин (невестка)
қатун (жена, госпожа)
кудегу (зять)
Сол сияқты адамның дене мүшелерінің аттары да жалпы түркі
халықтарында, соның ішінде салыстырып отырған қазақ жҽне ҿзбек
тілдерінде, ұқсастығы былай тұрсын, Орхон-енисей тілімен де жақындығы
сақталғандығын кҿреміз.
Қазақ тілі
Ҿзбек тілі
Орхон-енисей
ескерткіштер тілі
Бас
құлақ
кҿз
қас
аяқ
тізе
бош
қулоқ
куз
қош
оѐқ
тизза
баш (голова)
кулак (ухо)
кҿз (глаз)
каш (бров)
адак (нога)
тиз (колена)
178
Хайуанаттар,
құстар,
жҽндіктерге
байланысты
лексикалық
ұқсастықтар да барлығын салыстырып кҿруге болады:
Қазақ тілі
Ҿзбек тілі
Орхон-енисей ескерткіштер
тілі
Ат
тай
бие
айғыр
іңген
түйе
бұқа
ҿгіз
қой
құс
ит
от
той
бия
айғир
урғочи туя
туя
буқа
хукиз
қуй
куш
ит
ат (лошадь)
тай (жеребенок)
би (кобыла)
айгыр (жеребец)
инген (верблюдица, самка)
тебе (верблюд)
бука (бык-производитель)
ҿкүз (вол, бык)
қой (баран)
хус (птица)
ит (собака)
Маусым, уақыт аттары да ұқсас екендігі байқалады:
Қазақ тілі
Ҿзбек тілі
Орхон-енисей
ескерткіштері тілі
Күн
жыл
жаз
күз
таң
кун
йил
ѐз
куз
тонг
кун (день)
иыл (год)
йай (лето)
куз (осень)
таң (рассвет)
Сол сияқты жер-су, табиғат, аттарында да тектестік, ұқсастықтар
сезіледі:
Қазақ тілі
Ҿзбек тілі
Орхон-енисей
ескерткіштері тілі
Жер
су
тау
теңіз
йер
сув
тоғ
денгиз
йер, йир (земля)
суб (вода)
тағ (гора)
талуй (море)
Қазақ жҽне ҿзбек тілдерінің ұқсастығын сҿз таптары бойынша да
байқауға болады. Біз кейбір сын есімдерді салыстырып қарайық:
Қазақ тілі
Ҿзбек тілі
Орхон-енисей
ескерткіштері тілі
Қызыл
қалың
жасыл
қара
сары
ұзын
қизил
қалин
яшил
қора
сариқ
узун
кызыл (красный)
калын (толстый)
йашыл (зелѐный)
кара (чѐрный)
сарығ (желтый)
узын (длинный)
179
ауыр
қысқа
жаңа
оғир
қисқа
янги
агыр (тяжелый)
кысга (короткий)
йаңы (новый)
Қысқасы, қазақ жҽне ҿзбек тілдерін ҿзара салыстыру арқылы олардың
бір-бірімен жақындығын, ал Орхон-енисей ескерткіштерінің тілімен
салыстырсақ, ол сҿздердің ертедегі түркі сҿздері екендігін, сақталу
дҽрежесін анықтаймыз. Демек, түркі тілдері, соның ішінде қазақ, ҿзбек
тілдері негізінен түркі тілдік, бір-бірімен тектестік қасиетін сақтап қалған.
Бірақ бұл тілдердің ескі сҿздік құрамын сақтап қалғандығын шартты
түсіну керек. Ҿйткені салыстырылған сҿздердің мазмұны дҽл келгенмен,
айтылуында бірсыпыра фонетикалық ҿзгерістер пайда болған. Демек, ҽрбір
тіл ұлт тілі болып қалыптасуда ҿзіндік ҿзгешеліктер пайда болады. Ол
ҿзгешеліктер – бір тілді екінші тілден ажыратудағы ұлт тілінің белгісінің
бірі.
ІХ ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан территориясын
арабтардың жаулап алуына байланысты оқу-білім, ҽдебиет араб тілінің
ықпалында ҿркендейді. Осыған байланысты Орта Азия тілдеріне араб
сҿздері келіп кіреді. Ҿзбек тіліне қарағанда қазақ тілінде айтарлықтай кҿп
емес. Оның үстіне араб сҿздері қазақ тілінің ырқына кҿніп біраз
фонетикалық ҿзгеріске түскен, ҽйтсе де араб сҿздері қазақ тілінде ҿз
сҿзіндей болып сіңіп кеткен. Ҿзбек тілінде кҿбінше ҿзгеріссіз жҽне кеңінен
қолданылады. Қазақ жҽне ҿзбек тілдерінде қолданылатын бірнеше сҿздерді
салыстырып қарайық:
Арабша
Қазақша
Ҿзбекше
Жаза
шифа
қассаб
диққат
харакат
зиһн
кадрат
баракат
фикр
инсаф
мажбур
мақул
масалан
тақдир
адат
даһр
назар
аман
даража
жаза
шипа
қасап
-
ҽрекет
зейін
құдірет
береке
пікір
ынсап
мҽжбүр
мақұл
мҽселен
тағдыр
ҽдет
дҽуір
назар
аман
дҽреже
жазо
шифо
қассоб
диққат
харакат
зехн
кудрат
баракат
фикр
инсоф
мажбур
маъқул
масалан
тақдир
одат
давр
назар
омон
даража
180
Бұндай сҿздерді кҿптеп келтіруге болады. Салыстырып зерттеу
арқылы араб сҿздері біршама фонетикалық ҿзгерісте айтылғанымен екі
тілде де мағынасы бірдей екендігі сезіледі.
Осымен қатар, қазақ жҽне ҿзбек тілдеріне парсы-тҽжік тілдерінен де
біршама сҿздер келіп кірген, ол сҿздердің екі тілде ортақ
қолданылатындығын тҿмендегідей салыстырулар арқылы кҿруімізге
болады.
Тҽжікше
Қазақша
Ҿзбекше
Куча
сишамба
умед
пулод
заргар
дузах
нозик
норозий
бетараф
дорухона
фарзанд
занчир
пара
дарвоза
найза
охур
остар
тоза
шира
нишона
мис
кҿше
сейсенбі
үміт
болат
зергер
тозақ
нҽзік
наразы
бейтарап
дҽріхана
перзент
шынжыр
пара
дарбаза
найза
ақыр
астар
таза
шырын
нысана
мыс
куча
сешанба
умид
пулат
заргор
дузах
нозик
норози
бетараф
дорихона
фарзанд
занжир
пора
дарвоза
найза
охур
астар
тоза
шира
нишон
мис
Демек, ҽрбір ұлт тілі ҿзінің қалыптасу дҽуірлеріне жеткенше ҿте кҿп
бұрылыстарды, тарихи кезеңдерді басынан кешірген, ол ҽрбір тілдің сҿздік
құрамында із қалдырғанын кҿреміз. Қазақ жҽне ҿзбек тілдерінің сҿздік
құрамына енген араб, парсы-тҽжік, т.б. сҿздері біртіндеп сіңісіп, халыққа
толық түсінікті болғанда, ҿз сҿзіндей қалыптасып кеткен. Бұл сҿздерді тек
салыстырып зерттеп, этимологиясын іздемесек, қазіргі қазақтың немесе
ҿзбектің сҿзі емес деу де қиын. Сондықтан бір тілдің лексикалық
құрамындағы сҿздерді екінші тілдермен салыстыру арқылы ғана оның
тарихи даму жолдарын, ескі түркі тектестігін сақтау дҽрежесін, ҿзінің
жақын тілдерімен байланысының алыстық, жақындық ҿзгешелігін анықтау
мүмкін [3, 40-50-бб.].
181
Резюме
В данной статье рассмотривается лексические особенности приминение в
казахском и узбекском языках.
Summary
This article considered the usage of lexicons of kazakh and uzbek languages.
Ҽдебиеттер
1.
Қазақ тіл білімі мен түркітану мҽселелері. «Жібек жолы баспасы»
Алматы, 2007.
2.
Айтбайұлы Ҿ. Қазақ сҿзі (Қазақ терминологиясының негіздері).
Алматы, 1997.
3.
Нұрмаханова Ҽ.Н. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
«Мектеп баспасы» Алматы, 1971.
4.
Айдаров Ғ., Құрышжанов А., Томанов М. Кҿне түркі жазба
ескерткіштерінің тілі. «Мектеп баспасы» Алматы, 1971.
ӘӚЖ: 94 (574.52)
ХХ ғасыр басында Тҥркістан ӛлкесіндегі жәдидтік білім беру
жҥйесінің кейбір мәселелері
Ҿтепбергенова Г.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Дінтану» орталығы
ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында аяқталған ірі державалар
арасындағы ҽлемді бҿлісу процесі, ҽлемдік ҿркениеттің үлкен бір бҿлігін
құраған Тұран елі – Түркістан ҿлкесін де отар елге айналдырып тынды.
Жаңа қосып алған жерлерінде патша үкіметі жаңа ҽкімшілік шараларын
жүзеге асырды. Орыс үкіметінің Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген
отарлау саясатының империяның басқа отарлық аймақтарымен (мысалы,
Польша, Балтық теңізінің жағалауы, Закавказье) салыстырғанда
айтарлықтай ерекшелігі болды. Бұл ерекшелік – мұндағы саясаттың толық
отаршылдық орнату сипатында болғандығы. Бұл ҿлкеде Сібір, Қырым,
Еділ ҿңірі сияқты тұрғындарын толық орыстандыру мақсаты кҿзделді. Ол
үшін ҿлке халқының тілін, салт-дҽстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше
болмыс-бітімін қуғындау, тағылық жҽне айуандықпен жазалау арқылы ұлт
ретінде жойып, бүтін ҿлкені орыстандырып жіберу саясаты қолға алынды.
Бұл мақсатта ең алдымен ҿлкеде қалыптасқан, ұлттық мүддеге сай
құрылған халық ағарту мекемелерінің қызметін барынша шектеп, сол
арқылы ұлттық мҽдениеттің негізін шайқалту, рухани негізден айыру
міндеті қойылды.
182
Зерттеулер орыс отарлауына дейін Түркістанда білім берудің негізгі
түрі дҽстүрлі мектептер мен медреселер болғандығын кҿрсетеді. Ресей
патшалығының отарлауына дейін жергілікті халықтың сауаттылық деңгейі
жоғары болған. Зерттеулер ХХ ғасырдың басында ҿлкеде 5892 мектеп пен
353 медресе болғандығын мҽлімдейді [1, 16].
Осы жерде кҿңіл аударарлық жҽйт – бұл білім беру орындарының
басым бҿлігі «заңнан тыс», яғни орыс отаршыл үкіметінің рұқсатынсыз
ашылғандар еді. Бұл туралы тарихшы К.Рысбай: «1913 жылы кең-байтақ
қазақ даласында не бары 157 орыс-қазақ мектебі бар еді, олардың
кҿпшілігінде оқушылар саны 50-ден аспайтын. Оның есесіне, жер-жерде
бастауыш діни оқу орындары «заңсыз» (нұсқау бойынша отарлық ҿкімет
орындарының жазбаша рұқсаты талап етілетін) жұмыс істеді. Олардың
саны дҽл есептеуге келмейтін, ҿкіметтен жасырылатын. Толық емес
мҽліметтерге қарағанда, Сырдария облысының Шымкент оязындағы бір
ғана Түркістан учаскесінде мыңнан астам осындай мектеп болған», [2, 160]
- деп жазады.
Жергілікті тұрғындардың сауаттылығының деңгейі жоғары екендігін
патша ҽкімшілігінің ҿзі де мойындаған. Оған Түркістан генерал-
губернаторы П.И. Мищенконың 14 наурыз 1909 жылы Ресей Халық ағарту
министріне жолдаған хаты дҽлел бола алады. Ол осы хатта: «Түркістан
бұратаналарында сауаттылықтың таралуы, ҽсіресе, оның негізгі үш облысы
Сырдария, Ферғана, Самарқанда европалық Ресеймен салыстырғанда
анағұрлым жоғары. Кҿптеген бастауыш училищелердің (мектептер) жҽне
орта, жоғары оқу орындарының (медреселердің) тығыз жүйесі ҿлкенің кең
аумағын тұтас қамтыған» деп жазды [3, 95].
Орыс отаршыл үкіметі жергілікті халықтың рухани ҿміріне ықпалы
зор, ертеден қалыптасқан бұл білім беру орындарының қызметін барынша
шектеп, оларды біртіндеп халық ағарту институты ретіндегі рҿлінен
айыруды міндет етіп қойды. Патша ҽкімшілігі ұлттық мектептердің
қызметінен жастарды ұлттық рухта тҽрбиелейді, ұлттық сана
қалыптастырады деп қауіптеніп, олардың қызметін барынша шектеуге
тырысты. Миссионер Ильминскийдің жүйесімен жақсы таныс Кауфман
Орта Азия халықтарының діни істеріне қол сұқпай, жергілікті мұсылман
мектептерінің маңызын тҿмендетудің ҿзіндік теориясын жасады.
Ол үшін дҽстүрлі мектептерге балама ретінде отарлық ҽкімшілік
қалалық жҽне приход школдарын, Ташкент қаласында мұғалімдер
семинариясын ашты. Бұл ашылған мектептердің ҿзі де тұрғын халықтың
кҿзін ашып, санасын ояту мақсатында емес, отаршыл билік аппаратының
аудармашы, хатшы сияқты кеңсе қызметкерлерін дайындау мақсатында
ашылды. Алғашқы кезде орыс мектептеріне жергілікті ұлт ҿкілдерін тарту
барынша шектелді. Мысалы, 1896 жылы Ташкенттегі ерлер жҽне қыздар
гимназияларында оқитын 307 ер баланың 10-ы, яғни 3%-ы, 177 қыздың 8-і,
яғни 2%-ы ғана жергілікті ұлттың балалары болған. Ташкент мұғалімдер
семинариясын 1879-1904 жылдары бітірген 415 адамның 65-і ғана
жергілікті ұлт ҿкілдерінен болған екен [бұл да сонда, 94].
183
Халық ағарту министрлігі де империяның шеткері аймақтарындағы
халықтарды орыстандыру ісі арнасына тартылып, оның 1870 жылғы 26
наурыздағы ережесіне сҽйкес мұсылмандық оқу орындарында орыс тілін
оқыту міндетті болып белгіленді. Ереже бойынша мұсылмандық мектептер
мен медреселер ашуға орыс тілі пҽнінің мұғалімдері болған жағдайда ғана
рұқсат берілді. Онымен қоса мұсылмандық оқу орындарында балаларын
оқытқысы келгендерден жергілікті білім беру саласының бастықтарынан
рұқсат алу талап етілді. Ондай рұқсат үшін алым алынды. Рұқсат алудан
бас тартып, балаларын мұсылмандық мектеп-медреселерге ҿз бетімен
берген адамдарға айыппұл салынды [4, 22-23].
Отаршыл үкіметтің жергілікті халықтың рухани ҿміріне жасаған
шабуылы азаттық күрес жетекшілерін бей-жай қалдырмады. ХІХ-ХХ
ғасырлардағы орыс империяшыл үкіметінің ҿз отарындағы түркі-
мұсылман халықтарына кҿрсетіп отырған озбырлығы бұл езгіні бірге
басынан кешіріп отырған халықтардың азаттық жолындағы күресте
бірігуіне алып келді. Оларды біріктіруші ортақ күш – мұсылмандық жҽне
түрікшілдік фактор, яғни діні бірлік, шығу тегі бірлік еді. ХХ ғасыр
басында орыс отаршылдығында отырған түркі халықтарының саяси күрес
тҽжірибесі ҿлкеде жҽдидшілдік, мұсылмандық, түрікшілдік сияқты азаттық
күрес формаларын дүниеге ҽкелді.
Ресей империясы құрамындағы түркі-мұсылман халықтарының
азаттық қозғалысы барысына ХІХ ғасырдың 80 жылдары татар
интеллигенциялық
буржуазиясының
арасында
пайда
болған
«жҽдидшілдік» деп аталатын қоғамдық-саяси ағымның ықпалы зор болды.
Жҽдидтік қозғалыс зерттеушілерінің бірі С.Тұмабаев бұл ағымның
пайда болып, дамуы туралы мынадай тұжырымдар жасайды: «Ресей
мұсылман ағартушылары мектепті реформалауды, бұқараны ағартуды
халықты қараңғылық пен теңсіздіктен құтқару жолы деп түсінді. Алдыңғы
қатардағы ұлттық интеллигенция орыс жҽне еуропалық білім жүйесінің
ҽсер етуімен діни қағидаттарды жаттату мен оларды түсіндіруді оқытудың
негізі етіп алған ортағасырлық мектептерге қарсы шықты. Жҽдидтер
оқытудың жаңа, дыбыстық ҽдісін ұсынды («усули жҽдид», қозғалыстың
аты осыдан шыққан; «жҽдид» - арабша «жаңа»), сонымен қатар, мектепте
діннен басқа, ана тілі мен ҽдебиетін, математиканы, тарихты, жағрафияны
жҽне басқа да дүнияуи (светтік) ғылымдарды оқытуды талап етті. Бұның
бҽрі бірден дҽстүрлі мектептің жақтаушылары – қадымшылардың
(«қадыми» сҿзінен шыққан – «ескі», «кҿне») тарапынан қарсылық
тудырды... антифеодалдық мҽні бар жҽдидтік қозғалыс, объективті
тұрғыдан алғанда ҿмірге келген капитализмнің буржуазиялық-
демократиялық ұмтылысын білдірді. Субъективті тұрғыдан алғанда
халықты ағарту, оны ҽлемдік мҽдени жетістіктерге жеткізу ұлттық сана-
сезімді оятуға жҽне оны дамытуға қызмет етті. Жҽдидтер ҿз халқын
білімді, құлдықтан, рухани дағдарыстан еркін халық ретінде кҿргісі келді»
[5, 45].
184
Жҽдидтіктер Түркістанда, Бұхара мен Хиуада қысқа мерзім ішінде оқу
жҽне жазуға үйренуге мүмкіндік беретін жаңа ҽдісті мектептер ашып,
жергілікті халықтың балаларын оқытуға кірісті. Бұл мектептерде тарих,
арифметика, география, ана тілі жҽне басқа да зайырлы пҽндер оқытылды.
Мұндай мектептер Ташкент, Ҽулие-ата, Шымкент, Ферғана, Қоқан, Бішкек
жҽне Алматыда кең тараған. Жыл ҿткен сайын жҽдидтік мектептер
кҿбейіп, 1905 жылға дейін тек Түркістан ҿңірінде ғана жҽдидтік мектептер
саны 35-ке жеткен [6, 14].
Түркістандық, бұхарлық жҽдидтер Ресей империясының шығыс
аудандарынан, сондай-ақ Түркия, Ауғанстан, Үндістан сияқты шектес
елдерден де ұдайы газет-журналдар алып отырды. Олар осы ҽдебиеттермен
ҿлке халықтарын таныстырды. Бұл басылымдарда басылған мақалалар сол
кездегі ғылым, философия, саяси экономика, халықаралық құқық хақында,
қалалық ҿзін-ҿзі басқару, тағы басқалар туралы жалпы түсінік берді.
Сҿйтіп, түркістандық оқырмандардың қоғамның жаңалықтары мен жаңа
құбылыстарын түсінуіне жол ашты.
Жаңа білім беру жүйесін енгізушілердің бұл ҽрекеттері отаршыл
үкіметті
шошындырып,
үкіметтің
жергілікті
билік
органдары
жҽдидшілдерге қарсы бақылау ҽрекеттерін күшейтті. Монархиялық
үкіметтің ҿсіп келе жатқан жҽдидтік қозғалыстың күш алып кетуінен қатты
үрейленгенін полиция департаментінің 1900 жылы желтоқсан айында
Жетісу облыстық ҽскери губернаторына жіберген мына бір нұсқау хатынан
байқауға болады. Онда: «соңғы кезде татар ҽдебиеттерінде орыс
мемлекетінің 14 миллионнан астам мұсылмандарының кҿп ғасырлық ҿмір
салтын ҿзгеріске түсіретіндей барынша күшті ықпал байқалуда. Бұл ықпал
Гаспринскийдің 1884 жылы жарияланған ҽліппесінен басталды... Орта
Азиядағы оқиғалар, ҽсіресе Ҽндіжан кҿтерілісі бізге мұсылмандар
арасындағы кез-келген қозғалысқа асқан сақтықпен, ҽрі қырағылықпен
қарауды кҿрсетіп отыр. Сондықтан жаңа қозғалыс Түркия жағынан
қаншалықты қолдау тауып отырғандығы, жҽдидтік мектептердегі
мұғалімдердің қай жерде, қандай білім алғандығы жҽне т.б. жайлы бізді тез
арада хабардар етіп отырыңыз» деген [7, 26].
Жҽдидшілдердің беталысы ресми билік орындарымен бірге, кертартпа
дін басылары мен олардың соңындағы молдалардың да ашуын шақырды.
Себебі бұл қозғалыс бұрынғы дүмше молдалардың қоғам алдындағы
беделін түсірумен бірге оларды бұрынғы билігі мен табысынан да
айыратындығы белгілі болатын. Міне, сондықтан да осы жағдай жергілікті
осы бір ҽлеуметтік топтың ресми билікпен бірге жҽдидшілдерге қарсы
күшке айналуына себеп болды. Тарихшы М.Қойгелдиев 1909 жылдың
сҽуір айында Троицк қаласының 122 мұсылман тұрғындарының осы
қаладағы «Мұсылман қайырымдылық қоғамын», «Няжат» кітапханасын
жҽне «Приказчиктер қауымдастығын» жабу, сондай-ақ осы ұстанымдағы
адамдарды жер аудару туралы ұсыныс жасағаны туралы дерек келтіреді [8,
219]. Жоғарғы билік орындарына жіберілген осы мазмұндас хаттарда
сондай-ақ «усул-жадид» арқылы тҽрбие мен білім алатын жастардың
185
қарттарға құрметпен қарауды қойғаны, бұл бетімен олардың билікке де
бағынудан қалатыны ескертілген.
Жалпы жҽдидтік білім беру жүйесінің басында татар қайраткері
Ысмағұл бек Гаспралы тұрса, осы саладағы Алаш қайраткері Ахмет
Байтұрсынұлының еңбегін ерекше атауымыз керек. Ол ҿзінің оқу мен
оқыту жайындағы ой-пікірлерін алғашында «Айқап» журналында, кейін
ҿзі шығарған «Қазақ» газетінде кеңінен білдірді. Ол жазу үлгісін араб
ҽліпбиі негізінде түзеп, қазақ ұлтының тілдік ерекшелігіне сҽйкестірілген
жазуды тұңғыш болып ұсынды. Сондықтан да, қазақ даласында
И.Гаспралы
қалыптастырған
жҽдидтік
үлгіні
жүзеге
асырған
А.Байтұрсынұлы деп білеміз. И.Гаспралы мен А.Байтұрсынұлының
бастамасын Ҽ.Бҿкейханов, М.Шоқай, М.Дулатов, Ғ.Қараш, М.Сералин,
М.Жұмабайұлы, Ж.Ҽбубҽкір, М.Кҽшімов сияқты зиялылар бірден дұрыс
бағыт деп қабылдады.
ХХ ғасыр басында Ресей империясының отарлауы дін мен тілге ауыз
салған тұста, тарихи қажеттілік дүниеге ҽкелген жаңа тұрпатты қоғамдық
саяси ҽрі ҽлеуметтік күш - ұлт зиялыларынан құралды. Олар алғашында
ана тілінде сауат ашып, сонан соң медреселерде оқып, ҿз ұлтының тарихы
мен ұлттық ерекшелігін жете танып-білді, түркі тектес ғұламалар мен
ойшылдар танымынан тағылым алып, кейіннен, орыс оқу орындарында
тҽрбиеленіп, білімін жетілдірді, яғни «шығыс» пен «батысты» тең игере
отырып, елі үшін жанқиярлық еңбек етті. Осы тұста ойға түйер тұжырым –
қазір де ұлтжанды, халқына жанашыр азамат ҿсіріп шығару үшін, алдымен
ана тілінде сауат аштырып, ұлттық құндылықтарды сіңіріп ҿсірудің
маңызы зор екендігін естен шығармағанымыз абзал.
Резюме
Данная статья посвящена теме джадидского системы обучения. В статье
рассматриваются некоторые аспекты системы обучения распространенная в
Туркестанском крае в начале ХХ века, политика колониального правительства против
местной системы народного образования и роль национальной элиты в формировании
общественного сознания.
Summary
This article is devoted to the topic Jadid training system. This article discusses some
aspects of the education system which disseminated in Turkestan at the early ХХ century, the
policy of the colonial government against the local public education system and the role of
national elites in formation of the public consciousness.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1.
Рсымбетова Л. Ташкент қаласының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр
басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы: тарих
ғыл. Канд. ... автореф. – Алматы, 2010. – 32 бет.
2.
Рысбай К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 2005. – 368
бет.
186
3.
Хазретҽлі Т. Түркістанның этносаяси үдерістеріндегі ұлттық элита
қызметінің тарихы (ХХ ғ. Алғашқы ширегі): тарих ғылымдарының
докторы ғылыми дҽрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
қолжазбасы. – Семей, 2010. – 313 бет.
4.
Наушабаев Ж. Түркістан ҿлкесіндегі ұлттық қоғамдық-саяси
ұйымдардың құрылуы мен қызметі (ХХ ғасыр басындағы Жетісу жҽне
Сырдария облыстарының материалдары бойынша): тарих ғыл. Канд. ...
диссертацияның қолжазбасы. – Алматы, 2010. – 134 бет.
5.
Тұмабаев С.Т. Кеңестік кезеңнен кейінгі Орталық Азиядағы тарих
ғылымы жҽдидшілдік туралы // Отан тарихы. – 2005. - №3. – 45-бет.
6. Вежихи Хекимоғлу. Түркия жҽне Ресей мен КСРО да түрікшілдіктің
даму тарихы. (1900-1930жж.басы): тарих ғыл.канд. ... автореф. –
Алматы. 2010. – 30 бет.
6.
Рүстемов С. Мұсылмандық қозғалыс һҽм қазақ қоғамы // Қазақ тарихы.
– 1996. - №4. – 25-29бб
7.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: «Санат», 2008. – 392 б.
Достарыңызбен бөлісу: |