Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы»



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80

Жоғары оқу орындарында «Қазақ диалектологиясы» 

пәнін оқытуда қолданылатын жаттығу тҥрлері 

 

Кенжебаева Г. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы

педагогика ғылымдарының кандидаты



 

 

 

Жаттығу  ҽдісінің  практикалық  маңызы  ҿте  зор,  сол  себепті  ол 



практикалық сабақтарда кеңінен қолданылады.  

 

М.Р.Львовтың 



ҽдістемелік-анықтамалығына 

сүйенер 


болсақ: 

«Жаттығуды  орындау  барысында  алынған  білімдер  түрлі  жағдайлар  мен 

түрліше  байланыстарда    бірнеше  рет  жҽне  вариацияланып  қолданылады. 

Жаттығудың  орындалу  үдерісі  барысында  үйренуші  ҽрдайым  ізденіс 

үстінде  болады,  алдына  қойылған  міндеттер  мен  мҽселелерді  шешудің 

ҿзіне  таныс  жолдарына  сүйене  отырып,  жаңа  жолдар  табуға  ұмтылысын 

қалыптастырады»[1]. 

Жаттығу 


оқу 

материалын 

меңгертуді 

ұйымдастырғанда,  оқу  үдерісінде  қолданылатын  ҽдістемелік  жүйенің 

құрылымдық  бірлігн  құрайды  [2].    Ҽсіресе  теориялық  пҽндерді  оқытуда 

жаттығу  ҽдісін  қолдану  студенттердің  теориялық  білімдерін  бекітіп,  тіл 

құбылыстарын  терең  бақылауына,  ол  туралы  байыпты  тұжырымдар 

жасауына  итермелейді.  Жаттығудың  түрлері  ҿте  кҿп.  Қазақ  ҽдістемесінде 

ол  ҽсіресе  қазақ  тілін  оқытуға  қатысты  кҿбірек  қарастырылды.  «Қазақ 

диалектологиясын»  оқытуға  қатысты  жаттығу  теориясы  мен  ҽдістемесі 

арнайы зерттелмеген.  

 

«Қазақ  диалектологиясын»  оқытуда  жұмсалатын  жаттығуларды 



қолданудағы  басты  мақсат  –  студенттердің  тіл  туралы  ғылыми  ұғым-

112 

 

түсініктерін  қалыптастырып,  тіл  құбылыстарына  терең  талдау  жасау 



арқылы  теориялық  пайымдаулар,  зерттеулер  жасауына  тірек  болуы  тиіс. 

 

Жаттығуларды  орындау  барысында  студенттер  мынадай  ғылыми 



ізденімдік-зерттеу міндеттерін шеше алуы керек:  

        – 

қазақ  тіліндегі  диалектілер  мен  говорлардың  ҿзге  тіл 

құбылыстарынан ерекшелігін бақылап, ажыратады;  

        –диалектілердің  қандай  да  бір  қасиетін  анықтау  үшін  оған  талдау 

жүргізеді;  

        –  диалектілерді  талдау  арқылы  оларды  ортақ  белгілері  мен 

ерекшеліктеріне қарай топтастырады;  

        – диалектілерді ерекшеліктеріне қарай ҽдеби тілдегі нұсқасымен жҽне 

ҿзге аймақтағы нұсқасымен салыстырады, олардың ҽдеби тілдегі орны мен 

рҿлін анықтайды; 

        –  белгілі  бір  аймаққа  тҽн  фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық 

бірліктердің табиғатын, сҿйленістегі қолданысын таниды;  

        –  диалектілергі  фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық  талдау 

жасап,  оны  ұлт,  тіл  тарихымен,  қазіргі  қазақ  тілінің  практикалық 

курстарымен байланыстырады;  

       –  диалектілердің  түрлі  жазба  ескерткіштердегі,  шығармалардағы 

қолданысына талдау жасап, баға береді;  

       – диалектілердің жасалу моделін анықтайды;  

       – диалектілердің таралымдық шегін анықтайды;  

       –диалектілерге оппозициялық, трансформациялық талдау жасап, оның 

тілдік-стильдік табиғатына баға береді т.б.  

 

Сайып  келгенде,  диалектілерді  талдап,  оны  бақылау,  бағалау 



студенттердің  тілдік  талғамы  мен  стильдік  қабілетін  ұштап,  сҿз  қолдану 

ҿнеріне баулиды. Сол себепті жаттығу  ҽдісін жүзеге асырудың жолдарын 

нақтылап, жүйелеп алу орынды.  

 

Қазақ  ҽдістемесінде  тілді  оқытуға  қатысты  Н.Ж.Құрманованың 



еңбектерінде жаттығудың кҿптеген түрлері кҿрсетіледі. Ол жаттығуларды 

1)  мақсатына  қарай  (тілдік,  сҿйлеу,  рецептивтік,  репродуктивтік, 

аспектілік,  кеенді,  оқу,  табиғи-коммуникативтік,  жаттықтыру,  бақылау 

жаттығулары);  оқу  материалының  табиғатына  қарай  (диалогтық  тілдегі, 

монологтық  тілдегі  жаттығулар);  орындалу  тҽсіліне  қарай  (ауызша, 

жазбаша,  бір  тілдік,  екі  тілдік,  механикалық,  шығармашылық,  үйде 

орындалатын,  индивидуалдық,  екі-екіден,  топтық  жаттығулар);  сҿйлеу 

түріне  қарай  (айтылым,  айту-тыңдау,  оқылым,  жазылым  жаттығулары); 

сҿйлеу формасына қарай (ауызекі сҿйлеу тілі, жазбаша тіл жаттығулары); 

тілдің  аспектілеріне  қарай  (фонетикалық,  лексикалық,  морфологиялық, 

синтаксистік) бҿледі [3].  Сондай-ақ, алдыңғы озық тҽжірибелерге сүйене 

отырып, сҿз тіркесін дамыта оқытуда қолданылатын келесі 17 жаттығудың 

түрлерін  саралап  кҿрсетеді:  аспектілік  жаттығулар,  қостілдік  жаттығулар, 

бір тілдік жаттығулар, үй жаттығулары, сынып жаттығулары, қатысымдық 

жаттығулар,  кешенді  жаттығулар,  бақылау  жаттығулары,  механикалық 

жаттығулар,  жазба  жаттығулар,  тілдік  жаттығулар,  орнына  қойғызу 



113 

 

жаттығулары,  мҽтіндік  жаттығулар,  трансформациялық  жаттығулар, 



ауызша жаттығулар, оқу жаттығулары, жаттықтыру жаттығулары [3, 89].  

 

Тілдің  нақты  салаларын  оқытуға  арналған  ҽдістемелік  еңбектерде 



жаттығулардың 

тілдің 


аспектілеріне 

қарай 


түрлері 

кеңінен 


қолданылатынын  кҿруге  болады.  Мысалы,  А.Жапбаров  стилистиканы 

оқытуда  жаттығудың  келесі  түрлерін  ұсынады:  стильдік-лексикалық, 

стильдік-морфологиялық, стильдік-синаксистік жаттығулар [4].   

 

Оған дейінгі қазақ тілін оқытуға арналған ҽдістемелік зерттеулерде де 



негізінен  осындай  аспектілік  жаттығулар  басым  қолданылғанын  кҿруге 

болады.  Мысалы,  Х.Арғынов  «Қазақ  тілі  методикасы»  атты  зерттеу 

еңбегінде  негізінен  тілдің  аспектілеріне  ерекше  назар  аударады,  осыған 

байланысты  мақсатына  қарай  негізінен  оқу,  аспектілік,  тілдік,  бақылау, 

репродуктивтік  т.б.  жаттығудың  түрлеріне  ерекше  назар  аудартады.  Оны 

мына  пайымдауларынан  байқауға  болады:  «...арнаулы  жаттығудан  ортақ 

мүшені таптыру керек, немесе оқушыларға ортақ сҿйлем мүшесін ұсынып, 

соны  құрамына  келтіріп,  салалас  сҿйлемдер  құратқан  жҿн.  Солардың 

негізінде  құрмаластың  ҽр  компонентінде  бір  сҿздің  қайта-қайта 

қайталанбауы сҿйлеуші мен жазушының стиліне ҿң беретіні түсіндіріледі... 

Салаластан  берілетін  жоғарыда  аталынған  дағдылар  сол  мазмұндағы 

жаттығу  жұмыстарын  орындату  арқылы  оқушылардың  бойына 

қалыптастырылады» [5].   

Ғалым  Т.А.Ильина:  «Жаттығу-білімді  бекітудің  жҽне  іскерлік  пен 

дағдыларды  қалыптастырудың,  сондай-ақ  оқушылардың  ойлау  қабілетін 

дамытудың  негізгі  методы»–деп  кҿрсетсе  [6],



 

ғалым-ҽдіскер  А.Ҽбілқаев: 

«Қазақ  тілі  бойынша  жаттығу  деп  грамматиканың  теориялық  курсынан 

алған білімін бекіту мақсатымен немесе сҿйлеу, мҽнерлеп оқу, дұрыс жазу 

дағдыларын  меңгеру  мақсатымен  оқушының  белгілі  бір  түрдегі  оқу 

тапсырмасын  орындауын  айтады  [7]

. 

Ал  педагогика  ғылымдарының 

докторы,  профессор  С.Рахметова:  «...оқушылар  жаттығу  процесінде 

үздіксіз  анализ-синтез  жасайды,  бір  тұлғаны  екінші  тұлғамен 

салыстырады,  абстракциялайды,  жалпылайды,  жаттығу  арқылы  білімін 

жүйелейді»,–дей отырып, жаттығуға қойылатын талаптарды саралап береді 

[8].  

 

«Қазақ  диалектологиясы»  пҽнін  меңгертіп,  модульдік  технологияны 



жүзеге  асыруға  септігін  тигізетін  келесі  жаттығудың  түрлерін  топтап 

кҿрсетуге болады:  

1.

 

Оқыту жаттығулары.  



2.

 

Мҽтіндік жаттығулар.  



3.

 

Рефлексиялық жаттығулар.  



 

1.  Оқыту  жаттығуларын  ҿз  ішінде  бірнеше  түрге  жіктеуге  болады: 



аспектілік,  лингвистикалық  эксперимент,  кешенді  жаттығу.  Оқыту 

жаттығулар  қазақ  тіл  білімі  диалектологиясының  теориялық  негіздерін 

танытуға, 

диалектілерді 

жан-жақты 

ҽрі 


нақты 

зерттеп-білуге, 

студенттердің диалектология туралы ғылыми-теориялық ұғым-түсініктерін 

қалыптастыруға  бағытталып,  соған  басшылық  жасайды.  Мұнда  студент 



114 

 

жаттығуда  орындау  барысында  «ҿздік  танымдық  ҽрекетін  ұйымдастыру,  



іздеп-зерттеу  арқылы»  диалектология  туралы  түсініктерін  санасында 

ретке,  жүйеге  келтіреді.  Нҽтижесінде  студент  ғылыми,  тілдік  ұғымдарды 

басқаруға,  оларды  практикада  қолдануға,  ол  туралы  ҿзіндік  баға  беруге 

дағдыланады.  Оқыту  жаттығуларын  орындауда  студент  ұқсастықтар  мен 

айырмашылықтарды,  байланыстар  мен  қатынастарды,  қасиет-сапаларды 

ажыратады,  заңдылықтарды  анықтайды,  теорияны  меңгереді.  Бұл 

жаттығулар 

студенттердің 

кейінгі 

орындайтын 

жаттығуларының 

алғышарты  болып  есептеледі.  Сондықтан  бұл  жаттығуларды  барынша 

ұтымды қолданған жҿн.   

  Оқыту жаттығуларының ішінде аспектілік жаттығулардың мақсаты 

–  диалектілерге  қатысты  тілдегі  жекелеген  құбылыстарды  талдау, 

салыстыру, бақылау, тану.  Үлгісі:  



  1-жаттығуФонетикалық варианттарда қолданылып жүрген сҿздерді 

еске түсіріңіз. Мына сҿздердің қандай варианттары бар. 

Залым, жаутаңдау, асылы, бҽйге, ары, риза. 

  2-жаттығу.  А/  ы,    е/і,    ы/і,    ҥ/ҿ    дыбыстарының  алмасуы,  олардың 

таралу шегі туралы түсінік беріңіз. 

3-жаттығу.  1.  Диалектологиялық  сӛздікті  пайдалана  отырып, 

сызбада кӛрсетілген үлгі бойынша синтетикалық тәсіл арқылы жасалған 

диалект сӛздерді теріп жазыңыздар. 

2. Диалект сӛз жасаудың 4 түрінде сӛз түрлендіруші, сӛз тудырушы 

деп неге бӛлінбеген, себебін түсіндіріңіз. 

Диалект 

сӛз 

жасаудың 

жолдары 

Синтетикалық  тәсіл  арқылы  сӛз 

жасау 

1.  Ҽдеби 

негіз+ҽдеби 

қосымша=диалект сӛз 

 

Сҿз түрлендіруші 



Сҿз тудырушы 

 

 

 

 

 

 

2  Диалектілік  негіз  +  ҽдеби 

қосымша = диалект сӛз 

 

 

 

 

 

 

3  Ҽдеби  негіз  +  диалектілік 

қосымша = диалект сӛз 

 

 

 

 

 

 

4  Диалектілік 

негіз 



диалектілік 



қосымша 



диалект сӛз 



 

 

 

Ҽсіресе,  соңғы  үшінші  жаттығудың  студенттердің  диалект  сҿздердің 

жасалуы  туралы  түсініктерін  қалыптастыруда  тиімділігі  ерекше.  Онда 

ғалым Ш.Сарыбаевтың диалект сҿздердің жасалу моделі берілген. 



Жаттығудың  мақсаты  –    синтетикалық  тҽсіл  арқылы  жасау 

жолдарын меңгерту, диалектологиялық сҿздікпен жұмыс жасауға үйрету.  



115 

 

Жаттығудың  міндеті  –  сҿздікпен  жұмыс  жасай  алу,  говорлардағы 

синтетикалық сҿз тудыру жолдарын білу, теориялық біліктілігі болу. 

Жаттығудың  тиімділігі  –  диалектілік  негіз,  диалектілік  қосымша, 

ҽдеби  негіз,  ҽдеби  қосымша,  олар  арқылы  диалект  сҿздің  жасалуы  т.б. 

мҽселелерді  меңгереді,  ғылыми  ҽдебиеттермен  жұмыс  жасауға 

дағдыланады, сҿздің этимологиясын анықтауға үйренеді. 



Жаттығудың  нәтижесі  –  ғылыми  ҽдебиеттермен,  сҿздіктермен 

жұмыс  істеуге  тҿселеді,  ҽдеби  сҿз  бен  диалект  сҿздің  аражігін  ажырата 

алады,  оны  практикада  қолданудың  қаншалық  қажеттігіне    ҿзіндік  пікір 

қалыптастырады. 

 

Мұндай  аспектілік  жаттығулардың  міндеті  –  диалектілерге  қатысты 



нақты  тұжырымдар  жасап,  ұғым-түсініктерін  жүйелеуі  тиіс.  Нәтижесі  – 

студент  тілдегі  диалектілерге  қатысты  жекелеген  құбылыстарды  танып, 

ажыратып,  зерттеп,  біліп  қана  қоймай,  ол  туралы  ғылыми  пайымдау, 

тұжырым    жасайды.  Сондай-ақ,  оны  тану-зерттеу  барысында  ғылыми 

ойлаудың  талдау-жинақтау,  топтастыру,  салыстыру  жүйелеу  ҽдістерін 

меңгереді.   

 

Лингвистикалық экспериментке негізделген оқыту жаттығулардың 

мақсаты  –  тілдегі  диалектілерді  ҿзге  тіл  бірліктерден  ажырату,  оның 

тілдік-стильдік ерекшелігін анықтау. Үлгісі:  



 

4-жаттығу.  Үстеу,  есімдіктерді  тауып,  жалпыхалықтық  тілмен 

салыстырыңыз. 



 

Түймебай  байлаудан  босаған  аяқ-қолын  бауырына  алып,  бір  демдей 

қыбырсыз  қалды.  Адайы  болсын,  табыны  болсын  ӛзбастан  осы 

түрікмендермен  аралас  қой  (Түрікм.  Конгур.).  Мінгенім  дайым  менің  кӛк 

дӛнен-ді, Жегені кӛк дӛненнің кӛк ӛлеңді (Орын.,Ад.).  Мына орды шыммен 

толтырмасақ,  бәрібір  алып  кетеді.  Әзіргіміз  әупірім  –  тәңірім  ғана. 

Құлыншағым  менің.  Кімнің  баласы  дейсің  бұл.  Бірәзір  ойнап  келші. 

Екеуінің  зілсіз  уәждескені  дәйім  қызық  кӛрінетін  маған.  Базбір  күндері 

отыра  қап  кӛкеме  хат  жазғым  келетін.  –  Ал,  балам,  хош  енді,-дейтін. 

Дейтін де, құнжыңдай жӛнелетін. Әсте артына қарайламайтын. Ӛзі де 

от  басында  бірпәс  отыра  алмайды.Жорта  қасарысып  тұрғанымды  сезе 

қояды  (Қ.Н.).  Сіз  ерепан  кӛп  жүре  бермеңіз,  шаршап  қаларсыз 

(Шығ.Қаз.,Күрш.). Мұқым бір тайпа елді шақырып той істеді (Монғ.қаз.). 

Ол  жұмысқа  шалт  кісі  (Түрікм.).  Кӛп  сӛйлеу  чыли  жақсы  емес 

(Жамб.,Мойын.).  Сондай  ма  алыс  жерге  кетерсің  ба?  (Маң.).  Не  зат 

болып қалды, неге шақырып жатыр (Гур.). Ол әзір бірқайда да істемейді 

(Гур.).  Еміл  Шүйде  осы  екеуін-ақ  ала  ма  оқуға  (Сем.,Ақс.).  Осы  қазір 

жадырап  жігіт  сауалына  сылдырай  күліп  жауап  берсе,  келесі  мәурітте 

піскен  шиедей  сӛлді  ернін  езе  тістелеп  дірілдей  толқып,  ӛз  ойына  ӛзі 

кӛміледі (Д.Досжанов). 

 

Лингвистикалық  жаттығуларды  қолданудың  басты  шарты  –  оны  ҿзге 



тілдік  құбылыстармен  бірлікте,  қатар  алу  керек.  Ҽдеби  тілде  диалектілер 

ҽдеби нормадағы сҿзбен оппозициялық бір қатарда алынғанда ғана тілдік-

стильдік 

сапасы 


жағынан 

танылады.  Осы 

мақсатта  мынадай 


116 

 

лингвистикалық жаттығу жұмысын ұсынуға болады: студенттерге кҿркем 



шығармадан диалектілер араласқан мҽтін беріледі де оны ҽдеби нұсқамен 

ауыстыруға  тапсырма  беріледі.  Бұл  арада  сӛздік  әдісі  де  қолданылады. 

Диалектілердің  ҽдеби  нұсқасын  студенттер  сҿздік  арқылы  тауып, 

алмастырады.  Нҽтижесінде  студенттерден  қандай  айырмашылықты 

байқағандарын жҽне оның автор стиліне қалай ҽсер еткені туралы ҿзіндік 

пікірлері  сұралады.  Келесі  жаттығу  тұтас  мҽтіндегі  ҽдеби  нұсқаны 

керісінше  диалектілермен  ауыстырып,  оның  шығарма  ситліне  қалай  ҽсер 

еткенін  бақыап,  пайымдау  жасау  тапсырылады.  Лингвистикалық 

эксперимент  тапсырмаларының  міндеті  –  тіл  бірліктерінің  арасындағы 

айқын  айырмашылықтарды  байқап,  олардың  тілге,  сҿзге,  стильге,  ҽдеби 

тілге  ҽсерін  нақтылау.  Нҽтижесі  –  студент  тіл  бірліктерін  талғаммен, 

сұрыптап қолдануға, диалектілер мен ҽдеби сҿз қолданыстарын ажыратуға 

жҽне  тіл  бірліктерін  шығармашылықпен,  еркін,  сыни  тұрғыдан  жұмсауға 

дағдыланады.  

 

Кешенді 

жаттығулардың 

мақсаты 

диалектілердің, 

тіл 

құбылысының 



жекелеген 

құбылыстарын 

алдыңғы 

білімдерімен 

байланыстырып, тұтастықта біріктіру. Үлгісі:  

5-жаттығу

Дауыстылардың 

алмасуындағы 

лабиалдану, 

делабиалдану  процесіне  түсінік  бере  отырып,  жаттығуды  орындаңыз. 

Лабиалдану, делабиалдану процесінің таралу шегі туралы түсіндіріңіз. 



Чәтбен  батыр  Қытай  чекарасындағы  қырғыздарға  -    Бұғы,  Саяққа 

барып  аралап  қайтып  кеген  соң,  елдері:  батыр  не  кӛрдің  дегенде, 

басқасын қоя тұрайын, бір сонын  әңгіме айтайын депті. 

Жолда  кетіп  бара  йатып,  бір  таудың  басына  отырдық.  Асты 

чыңырау зау тас. Сонда бір қарала бала бүркіт, анасы сары бүркүт ұчып 

жүр екен. Бала бүркүт аспаннан заулап келе йатса, үлкен бүркүт тосып 

алат. Ең соңғұ жолы тосқанына қарамай, қарала бүркүт құйұлұп түседі 

де, жоқ болады. Біраздан соң артынан сары бүркүт құйұлұп түсүп ол да 

жоқ болат. Бұ не, біліп келчі деп кісі жібереді. Барған кісілер бір чошқаны 

кӛрдүк,  оны  бала  бүркүт  ыстайды.  Бірақ  чошқа  оның  ішін  жарып 

ӛлтүрӛді. Мен бұл баладан қағанда не болам дегендей сары бүркүт те ӛзін 

ӛзі    тасқа  соғып,  ол  да  ӛлӛді.  Осыны  естіп,  баласын    алты  ай  ідеп 

табамай батырдан сұрап отұрған бір кісі: «Құс та баладан айырылып не 

болам  деп  ӛлді.  Мен  алты  ай  бойұ  іздеп  жүрүп  таба  алмадым.  Баладан 

айырылып,  мен  не  күн  кӛрӛйүн»  деп  ӛзүн  ӛзү  жарып  ӛлтүрген  екен. 

Чәтбен: «Мен осұнұ кӛрдүм»,- деген екен.     (Эксп.матер.). 

Тӛрт қыбыласы түгел қыбыладан соғатын бір суық жел бар-ау! Басы 

былақ болмаса аяғы былақ кӛл болмас. От басында кӛзіңді жымып отыра 

бересің ба? (Жүнісов. Қарақ.). 

 

Бұл  жаттығуларды  орындаудағы  студенттің  міндеті  –  пҽнаралық, 



тақырыпаралық  байланыстарды  тауып,  ұғымдарға  басшылық  жасау 

арқылы оны  тұтас  контексте  тану.  Нҽтижесінде  студент  жекелей  таныған 

тіл  құүбылыстарына  қатысты  ғылыми-теориялық  ұғым-түсініктерін 

жинақтайды,  топтастырады,  санасында  ретке  келтіреді.  Тілдегі 



117 

 

құбылыстардың  бір-біріне  ҽсерін  тұтас  контексте  алып  қарастыруға 



дағдыланады.  

 

2.  Мәтіндік  жаттығулардың  мақсаты  оқыту  жаттығуларынан 

ҿзгешелігі  жекелеген  аспектілерді  талдау  емес,  оларды  тұтас  мҽтін 

контексінде алып тануға итермелеу. Үлгісі:  



7-жаттығу. Сҿздіктерді пайдалана отырып, тҿмендегі мҽтінге талдау 

жасаңыз: 

а) мҽтіннен фонетикалық ерекшеліктерді анықтаңыз, оның қай говорға 

тҽн ерекшелік екеніне тоқталыңыз; 

ҽ)  грамматикалық  ерекшеліктерге  тоқталыңыз,  оның  қай  говорға  тҽн 

айырым белгі екендігін кҿрсетіңіз. 

б) лексикалық ерекшеліктерді тауып сипаттаңыз. 

в) жергілікті ерекшеліктерді тарихи жағынан сипаттаңыз. 



1.  -Доқтырға  қаралып,  дәрі-дәрмек  алып  ішсеңіз,  сақайып  кетерсіз-

деді  Нұрбек,  бұл  сӛзінің  бәлендей  әсері  болмайтынын  сезсе  де.  Ол 

мұндайды  кұтпесе  керек,  екі  қолын  тӛбесіне  қойып,  ақбеезерде-кӛкбезер 

болды. Мал деген не тәйірі, бүгін менің қорамда жатқанда ғана менікі!, ал 

ертең басқа біреу айдап әкетсінші, орнында самбыл да қалмайды. Малға 

жауапты боп жүрген бас дарғамды шақырып алып, үзын есебін сұрасам, 

ол тіпті кӛбейтіп жіберді. Бостандық пен еркіндікке қаталап жүргенде, 

дәмін бір рет таттық та, сол тоймаған, қанбаған қалпымызда ернімізді 

жалап, тамсанып қала бердік. Малдың басына ӛзі бата жасап, бүкіл ру-

туған,  зәузатына  бағыштап  шалады  да,  пәкізелеп  сойып,  тазалап 

қоржынға салып алады (Қ.Жұмаділов). 

Ҽдетте  мҽтіндік  жаттығулар  мҽтінге  дейінгі,  мҽтіндік,  мҽтіннен  соң 

орындалатын тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады. Тұтас мҽтін ретінде 

кҿркем  шығармадан,  кҿне  ескерткіштерден  немесе  ҽдеби  тұрғыдан  қате 

құрылған  аймақтық  газет  мҽтіндерінен  үзінділер  алынады.  Бұл 

жаттығуларда  назар  тек  диалектілерге  аударылмайды,  оның  фонетикасы, 

лексикасы,  грамматикасы,  сҿзжасамы  тұтас  алынып,  оның  шығармаға 

ҽсері,  тіл  бірліктері  тарихи  категория  ретінде  қарастырылады.  Міндеті  – 

диалектілерді,  тіл  құбылыстарын  жеке-дара  танып  қана  қоймай,  оны 

тұтастықта қарастыру, баға беру. Бұл жаттығулардың нҽтижесінде студент 

–  диалектілердің  сҿйлеудегі  қолданысын  меңгереді,  практикалық  маңызы 

бар  дағдыларды  алады.  Ол  –  диалектілерді  орнымен  қолдану, 

диалектілерді  кҿркем  шығармада  стильдік  мақсатта  қолдану,  яғни  уҽжді 

түрде  жұмсау,  диалектілерді  маңғынасын  контекст  арқылы  ажырату, 

диалектілер арқылы адамға сипаттама беріп, оның портретін айқындау т.б. 

Мҽтінді жаттығуларды орындауды келесі мҽтін түрлері қолданылады:  

 

– видео-мҽтін;  



 

– аудио-мҽтін;  

 

– жазба мҽтін;  



 

– ауызша мҽтін т.б.  



118 

 

 



Бұл мҽтін түрлерін аймақтық радио-теледидардан, баспасҿзден немесе 

екеуара  сҿйлескен  адамдардың  сҿздерін  үнтаспаға  басып  алып  қолдануға 

болады жҽне ол бойынша мынадай тапсырма түрлері ұсынылады:  

– нақты бір диалектінің мағынасын ажырату;  

– оны ҽдеби тілдегі нұсқамен алмастыру;  

– кейіпкердің сҿзіне қарап, оның қай облыс ҿкілі екенін анықтау;  

– кейіпкердің диалектіні қолданудағы мақсатын анықтап, баға беру;  

– мҽтінде қанша диалект сҿз қолданылғанын тыңдап айту жҽне тыңдап 

жазу, теру;  

– мҽтін бойынша аудиоклоуз тест орындау;  

– мҽтін бойынша серіктесіне түрлі тапсырмаларды орындауға ұсыну т.б.  

 

3.  Рефлексиялық  жаттығулар  студенттің  білімді  сыни  тұрғыдан 

қабылдауын 

қалыптастыруды 

кҿздейді. 

Міндеті 


– 

тапсырма 

ойландыратындай  болып,  студент  оның  дұрыс-бұрысығына  ҿзінің  білім-

тҽжірибесіне  сүйене  отырып  баға  бере  алуы  тиіс.  Нҽтижесінде  студент 

ҿзінің  біліміне  сын  кҿзбен  қарап,  қатесін  анықтап,  ҿзіне  баға  беруге 

үйренеді. Рефлексиялық жаттығулар проблемалық ситуацияға ұқсайды да, 

белгілі  бір  тапсырмаларды  орындауда  студент  ойланып-толғану,  іздену 

жолынан ҿтеді.  

 

Рефлексиялық  жаттығудың  шарттары  студенттің  ҿзіне  қарап 



қойылады  да,  ойланып-толғануға  құрылады.  «Қалай  ойлайсыз?», 

«Келісесіз  бе?»,  «Жоққа  шығаруға  бола  ма?»,  «Қарсы  қандай  пікір  айтар 

едіңіз?» деген сияқты ой алысуға, пікір алысуға құрылады. Рефлексиялық 

үлгідегі сұрақ-жауаптарды ҽр модульдің соңында беріп отырған да тиімді 

болып табылады.  

 

Ҽр  модуль  соңында  беріліп  отыратын  студенттің  ҿзін-ҿзі  бағалау 



парағында  қойылып  отыратын  сұрақтар  да  осындай  рефлексиялық 

мақсатты кҿздейді. Ҿзін-ҿзі бағалау парағының үлгісі:  

1. Бүгінгі сабақтан нені меңгердім, нені түсіндім... 

2. Есімде жақсы сақталғаны... 

   3. Бүгінгі сабақта жете түсінбеген мҽселелерім... 

 

Бұл  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  студенттер  ҿздерінің  осал  жҽне 



арты тұстарын анықтаса, оқытушы оқу үдерісін коррекциялау, толықтыру, 

жетілдіру мүмкіндігін алады.  

 

Сонымен,  студенттің  оқытушымен  ҿздік  жұмысын    жүргізу 



барысында    оқытушының  басшылығымен  орындалатын  жұмыстарды 

студенттің  ұтымды  игеруіне  мүмкіндік  тудыра  отырып,  жоғары  нҽтижеге 

қол жеткізуге мүмкіндік туады.  

 

Резюме 



 

В  данной  исследовательской  работы  анализируются  виды  упражнений  обучения 

диалектологие 

Summary 


 

In this research work the types of exercises of educating of  dialectology  are analysed. 



119 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1

 



Львов  М.Р.  Словарь-справочник  по  методике  русского  языка.  – 

М.: Просвещение, 1988. –240с. 

2

 

Азимов  Э.Г.,  Щукин  А.И.  Словарь  методических  терминов.  –



Санкт-Петербург: Златоуст, 1999. –375 с.  

3

 



Құрманова Н. Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы.  – Астана, 

2007. – 140б. 

4

 

Жапбаров  А.  Қазақ  тілі  стилистикасын  оқыту  методикасының 



негіздері. –Алматы, 1991, –160б.   

5

 



Арғынов  Х.  Қазақ  тілі  методикасы.  Синтаксис.  Пунктуация.  –

Алматы , «Мектеп» баспасы, 1974. –300б.  

6

 

Ильина Т.А. Педагогика. –Алматы: Мектеп, 1984.–488 б. 



7

 

Ҽбілқаев А. Қазақ тілін оқыту ҽдістемесі. –Алматы: Санат, 1995. –



117 б. 

8

 



Рахметова  С.  Бастауыш  класс  оқушыларының  тілін  дамытудың 

ғылыми  ҽдістемелік негіздері: филол. ғыл. докт. ...  дисс. – Алматы, 1994. 

– 434 б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет