Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80

 

ӘОЖ 94(574) 

 

В.В. Радлов – қазақ фольклорын зерттеуші 

 

 

Күмісбекова Д.А., т.ғ.к., доцент 

«Сырдария» университеті 

 

  ХХ  ғасырдың  басында  академик  Штернберг  «қазіргі  заманның  бас 

түркологі,  түркі  жҽне  Орта  Азия  халықтарының  тілі  туралы  ғылымның 

Колумбы»  деп  бағалаған  Василий  Васильевич  Радлов  түркология 

ғылымының  қалыптасуы  мен  дамуына  үлкен  үлес  қосты.  Түркі  тектес 

халықтардың  тілі  мен  фольклоры,  тарихы  мен  этнографиясы  жҿнінде 

ҿлшеусіз мұра қалдырды.  

  Радлов  Василий  Васильевич  (Фридрих  Вильгелм)  1837  жылы  5 

қаңтарда Берлинде полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келіп, 1918 

жылы  12  мамырда  Петербургте  қайтыс  болған.  1854  жылы  гимназияны 

бітіргеннен  кейін  Берлин  университетінің  философия  факультетіне  оқуға 

түседі.  Университет  қабырғасында  оқып  жүріп  араб,  парсы,  түрік,  татар, 

моңғол,  маньчжур,  қытай  жҽне  т.б.  тілдерді  үйренеді.  1858  жылы 

жолдамаман Барнауылға жұмысқа келеді.  

  В.В. Радловтың ғылыми ҿмірі үш кезеңге бҿлінеді.  

  Бірінші кезеңі – Алтай кезеңі (1859-1871 жж.). Бұл кезеңде Батыс Сібір, 

Қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография 

материалдарын жинаумен айналысты.  



129 

 

  Екінші кезеңі – Қазан кезеңі (1871-1884 жж.). Бұл жылдары В.В Радлов 



негізінен педагогикалық, ҽкімшілік қызметтермен айналысады. 1872 жылы 

ол  Қазан  губерниясындағы  татар,  башқұрт,  қазақ  мектептеріне  инспектор 

болып  тағайындалады.  Осы  жылы  оның  «Образцы  народной 

литературы...» атты еңбегінің 4 томы жарық кҿреді. Ал 1883 жылы «Батыс 

Сібірдің  энциклопедиясы»  деген  баға  алған  «Сібірден»  (екеуі  де  неміс 

тілінде) атты екі еңбегі баспадан шығады. 

  В.В.  Радловтың  ең  ҿнімді  жҽне  кҿп  еңбек  тудырған  тұсы  ҿмірінің 

үшінші  кезеңі  –  Петербургтегі  кезі  (1884-1918  жж.).  Ол  1884  жылы  Азия 

халықтарының  тарихы  мен  кҿне  дҽуірі  бойынша  академик  болып 

сайланады.  



  В.В.  Радловты  аса  кҿрнекті  фольклортанушы  ретінде  танытқан  «Түркі 

тайпалары халық ҽдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық еңбегі болды. Бұл 

кҿптомдықтың ҽр кітабы ҽр түрлі халықтардың фольклорына арналған-ды 

[1].    Оның  1-кітабы  (1886)  –  алтай,    құманды  татарлары,  шор,  саян;  2-

кітабы  (1868)  –  шұлым,  түрік,  хакас;  3-кітабы  (1870)  –  қазақ;  4-кітабы 

(1872) – барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына айналды.  

Қазақ  фольклоры  үшін  аса  қымбат  қазына  болып  табылатын  3-

томдағы    ел  аузынан  дҽлме-дҽл  жазып  алған  шығармалар,  ақын-

жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз ҽдебиетінің жанрлық құрамын 

белгілеуі,  халық  шығармаларының  тіл  жҽне  стиль  ерекшеліктерін 

анықтауы  бүгінгі  күнге  дейін  маңызын  жойған  жоқ.  Радлов  жинаған 

фольклор  үлгілері  «халық  ҿлеңдері»  (жеке  шумақтар,  бата  сҿз,  жоқтау, 

бақсы сҿз, ҿтірік ҿлең), «Ертегілер», «Батырлар жыры» («Ер Кҿкше», «Ер 

Тарғын»,  «Сайын  батыр»)  болып  жіктелген.  Сонымен  бірге  ғашықтық, 

тарихи  жырлар,  аңыз,  қисса-дастан,  айтыс  үлгілері  мен  ақын-жыраулар 

мұрасы да қамтылған [2].  

  В.В.  Радлов  қазақ  жеріне  сапарын  1862  жылы  бастайды.  Ол  шығыс 

Қазақстанда, Іле ҿңірінде болып, Ыстықкҿлге жетеді. Осы экспедицияның 

негізінде қазақ тілі мен ҽдебиетіне ғана емес, тарихына, археологиясына да 

байланысты  кҿп  материалдар  жинайды.  1868  жылы  ол  қазақ  даласына 

арнайы  үлкен  экспедиция  ұйымдастырып,  сахараны  жаз  бойы  аралап, 

Сырдария  облысына  дейін  барады.  Зеравшан  алқабында  болады.  1869 

жылдың  жазын  ғалым  қазақ  даласында  ҿткізген.  Бұл  жылы  Қапалдан 

поштабайлардың  жолымен  Алтын  Емел  пикетіне  жетеді  де,  Тегерек 

арқылы  Түргенге  келеді.  Ол  жерде  жергілікті  қазақтармен  кездесіп,  мол 

тілдік материал жинайды. Қайтадан Алтын Емел арқылы Верный қаласына 

келеді.  Верныйдан  Қастек  шатқалы  арқылы  Шу  алқабында,  Тоқмақ 

қаласына  барады.  Осы  жерде  қазақы  үй  тіктіріп,  бір  айда  тілге,  ауыз 

ҽдебиетіне  этнографияға  байланысты  бай  деректер  жинаған.  В.В.  Радлов 

Ыстықкҿлге  жетеді.  Онан  Ақсуға,  Верныйға  соғып,  қайтадан  Барнауылға 

қайтады.  Осы  уақытта  В.В.  Радловтың    «Краткий  отчет  о  поездке  в 

Семиреченскую  область  на  Ыссык-куль  летом  1869  г.»  еңбегі  жазылды, 

онда  ол:  «Халықтың  бай  эпикалық  поэзиясы  мені  ұлан  асыр  олжаға 

кенелтті.  Бұл  тек  лингвистер  үшін  ғана  емес,  халық  поэзиясын 



130 

 

зерттеушілер үшін де аса бағалы материал болып есептеледі»,- деп жазады 



[3].  

     «Терістік  Алтайдан  Орал  ҿзеніне,  Омбыдан  Зеравшан  ҿлкесінің    батыс 

аймағына ұлан ғайыр даланы ҿздері «қазақ» деп, орыстар мен басқа батыс 

елдері  қателесетін  «киргиз»  немесе  «киргиз-кайсак»  деп  атайтын  халық 

мекендейтіндігін» айта келіп, В.В. Радлов алғашқылардың бірі болып қазақ 

халқын  ҿз  атымен  атайды.  В.В.  Радлов  халықтық  шағармалардың  рухы 

таза,  ойы  анық,  тілі  кҿркем  деп    есептейді.  Кітаби  ҿлеңдерінің  сҿз 

оралымдарында исламның, кітаби тілдің ҽсері сезілетінін айта келіп, «бұл 

кітаби  ҿлеңдерді  мен  қазақ  тілінің  табиғатына  жат  грамматикалық 

формалары  мен  сҿздерден  сақтана  отырып,  сауатсыз  қазақтардың 

кҿмегімен    кҿшірдім,  араб  жҽне  парсы  тілдерінен  енген  сҿздерді 

қолжазбада  ҿте  дұрыс  жазғанына  қарамастан,  сол  қарапайым  халықтың 

ауызша  айту  формасында  беруге  тырыстым.  Осылайша  бұл  жазбалар 

түпнұсқадағыға қарағанда ҽлдеқайда қазақы сипат алды». 

Ҿмірін  Орта  Азия  халықтарының  тілі  мен  ҽдебиетін  зерттеуге 

арнаған ҽлемге ҽйгілі ғалым Мҽшһүр Жүсіп Кҿпеевпен, Марабай ақынмен 

кездеседі. Қазақ, Ноғай ҽдебиетін зерттеп, Едіге, Шора батыр, Қобыланды, 

Орақ-Мамай  жырларын,  Жиренше  шешеннің  ҽңгімелерін,  Шалкиіз, 

Доспамбет  сияқты  ақындардың  ҿлеңдерін  жазып  алады.  Қазақ,  ҿзбек, 

ноғай, қыпшақ, қырғыз, якут, қарақалпақ тілдерін зерттейді. 

       Қазақтың  шешендік  сҿздері  мен  ауыз  ҽдебиетінің  нұсқаларын  жинап, 

кітап  құрастырған  белгілі  түрколог  ғалым  В.В.  Радлов:  «Қазақ  тілі  – 

ісламның  бүлдіргіштік  ҽсеріне  ұшырамай  түпкі  таза  түрін  –  түркі 

сыйпатын  сақтап  қалған  тіл.  Рас,  мұнда  да  бірен-саран  жат  сҿздердің 

енгені байқалады. Бірақ ол сҿздер...қазақ тілінің үндестік заңына бағынып, 

бірыңғай халық тілінің қорына қосылған. Қазақ тілінің осы тазалығы мен 

табиғилығы,  сондай-ақ  кҿп  таралғандығы  бұл  тілдегі  мұраларды  менің 

кҿбірек жинап, оған ҽдебиет нұсқаларын құрастырған жинақтардың толық 

бір  томын  арнауыма  себеп  болды.  Оның  үстіне  қазақтың  басқа 

бауырластарына қарағанда сҿзге тапқырлығы мен шешендігі де маған ҽсер 

етті»,  -  деп  қазақ  тілінің  тазалығы  мен  табиғилығын  дұрыс  аңғара  білген 

[4].  


       Кҿп уақыт қазақтардың арасында ҿмір сүрген В.В. Радлов жоғарыдағы 

ойларын  одан  ҽрі  тереңдете  түсіп:  «Барлық  кҿпшілік  мерекелерде,  халық 

ҿте  кҿп  жиналған  кезде,  айтыскер  ақындар  ҿнерлерін  кҿрсетіп,  тарихи 

ҽндермен, айтыста ҿзіндік импровизациялармен жҽне мадақтама ҽндермен 

халықтардың  кҿңілін  кҿтеретін.  Осындай  айтыскерлер  мен  ҽншілер  ҿте 

кҿп. Оларды барлық жерде құшақ жая  қарсы алып, қонақ етеді. Қырғыздар 

жалпы  алғанда  сҿйлеу  ҿнерін  ҿте  жақсы  меңгерген,  ҽңгімелесуді  жақсы 

кҿреді. Сонымен қатар қатты ҽзілдесетін. Олардың ҽңгімелері ҿте ақылды 

жҽне  бір-бірімен  қатты  қалжыңдасатын.  Оларда  ҿте  бай  халық  поэзиясы 

пайда болған. Қырғыздар ҿздерінің халық поэзиясының туындыларын екі 

түрге  бҿледі:  халықтық  немесе  қара-сҿз  жҽне  кітаптық  сҿз.  Біріншісіне 

жазылмайтын  туындылар  жатады,  яғни  ауыз  ҽдебиеті.  Қырғыздар 



131 

 

ҿздерінің  кҿршілерінен  шешен  сҿйлеуімен  ерекшеленеді.  Кез-келген 



қырғыздың сҿйлеу ҿнері ҿте жатық жҽне еркін. Қырғыздар сҿйлеу ҿнерін 

(шешендік сҿздерді) жақсы меңгерген. Олар ҿте ұзақ ҿлеңдерді оқи алады, 

сонымен  қатар  олардың  қарапайым  сҿйлеуі  де  белгілі  ритммен  құрылған 

жҽне олар кҿбінесе ҿлеңдерге ұқсастығымен ерекшеленеді. Ойлары ашық 

жҽне  нақты,  сондықтан  қырғыздарды  толық  негізде  Батыс  Азияның 

француздары  деп  атауға  да  болады.  Осындай  халықтың,  мен  алдында 

жазғандай, ҿте бай халық ҽдебиеті туындысына таң қалуға болады»,  - деп 

айтады.   

      В.В. Радловтың түркі тілдерінің  материалдарын жазып алып, жинаған 

кезеңдері  түркі  тілдерінің  гүлденген  дҽуірлері  болатын.  Бұл  жағынан 

қарғанда,  академиктің  жинап-теріп,    бастырып  қалдырған  еңбектері 

кҿненің кҿзі іспеттес бай рухани қазына деп айтуға болады.  

 

Резюме 


 

В  статье  рассматривается    научное  наследие  видного  ученого,    крупного  

лингвиста, фольклориста,  этнографа, археолога В.В. Радлова, внесшего большой вклад 

в создание и развитие тюркологии и востоковедения.  

 

Summary 


 

In  the  article  discusses  the  scientific  legacy  of  a  prominent  scientist,  a  great  linguist, 

folklorist,  ethnographer  and  archaeologist  V.  Radlov,  who  made  a  great  contribution  to  the 

establishment and development of Turkic and Oriental Studies. 

 

Пайдаланған ҽдебиеттер 



 

1 Қоңыратбаев Ҽ. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, 1991. – 30 б. 

2 Қайдар Ҽ., Оразов М. Түркітануға кіріспе. – Алматы, 2004. – 42 б. 

3  Радлов  В.В.  Краткий  отчет  о  поездке  в  Семиреченскую  область  летом 

1869 г.  // Известия РГО. Т.6.  №3, с. 99. 

4 Шешендік сҿздер. – Алматы, 1967. – 7 б. 



 

811.512.1’ 373  

 

Қыпшақ-ноғай тҥркілерінің фразеологизмдері 

 

Қалыбаева Қ.С. 



Абай атындағы ҚазҰПУдың профессоры, филология ғылымдарының докторы 

 

Алтын  Орда  мемлекеті  құлағаннан  кейін  пайда  болған  халықтардың 



бірі    қыпшақ-ноғай    тобындағы  халықтар.  Тарихи  деректерде  бұл 

бірлестікті ноғайлы елі деп атағаны белгілі. Ноғайлы бірлестігі құлатылған 

соң,  олар  бірнеше  хандықтарға  ыдырап  кетті.  Соның  нҽтижесінде  ноғай, 

қарақалпақ жҽне қазақ халықтары қалыптасты. Бүгінде қыпшақ тобындағы 

түркі  тілдерінің  ішінде  қыпшақ-ноғай  тобына  енетін  қазақ,  қарақалпақ, 


132 

 

ноғай тілдері бір-бірінен ҽлдеқайда алшақтаған.  Оның кҿріністері аталған 



тілдердің фразеологизмдерінен де байқалады. Оның басты себебі – аталған 

топтағы  тілде  сҿйлейтін  халықтардың  территориялық  жағынан  ҽркелкі 

орналасуында  жатыр.  Соның  нҽтижесінде  жақын  туыстас  тілдердің 

лексикасында айырмашылықтар молая түскен.  

Ноғай тілі қазіргі Қарашай Черкес автономия облысында мекендейтін 

ноғай халқының тілі.  Ноғай тілі ҿзінің сҿздік қорына жҽне грамматикалық 

құрылымына  қарай  қарақалпақ  тіліне  жақын  келеді.  Ноғай  халқының 

біразы  Дағыстан  территориясында,  Ставрополь  ҿлкесінде,  Астрахань 

маңында  ҿмір  сүреді.  Баскаков  ноғай  тілінің  үш  диалектісін  кҿрсетеді 

(ноғай  диалектісі,    қара  ноғай  диалектісі,  ақ  ноғай  диалектісі).  Ноғай  тілі 

қалыптасу  тарихы  жағынан  үлкен  Ноғай  ордасымен,  Алтын  орда  жҽне 

қыпшақ тайпалар одағының даму тарихымен тығыз байланысты.  Ноғайлар 

мен  қазақтардың  түпкілікті  ажырауы  жоңғар  қалмақ  шапқыншылығы 

кезеңіне сай келеді.      

Ноғай  тілі  ҿзінің  құрылымы,  сҿзжасамы  жағынан  қазақ  тіліне  ҿте 

жақын  тіл болғандықтан бұл  тілдің фразеологизмдерінде  де  ортақтық ҿте 

мол.  Тек  аздаған  айырмашылықтар  кездеседі.  Ондай  айырмашылықтар 

негізінен 

кейбір 

фразеологизмдердің 



құрамындағы 

сҿздердің 

семантикалық жағынан ҿзгерісіне байланысты.  Мысалы, ноғай жҽне қазақ 

тіліндегі  бірқатар  фразеологизмдердің  құрамы  мағыналас  сҿзбен  ауысып 

келеді. Оны тҿмендегі мысалдардан байқауымызға болады. 

                          Ноғай тілінде                                    Қазақ тілінде 

                         Ауыз этуьв                                          ауыз тию 

                         Коъз атув                                             көз салу 

                         Ашув этув                                            ашулану 

                         Ашув сыпатланув                                ашуы келу т.б 

   Жалпы,  ноғай  тілі  қыпшақ  тобындағы  тілдердің  бҽрін  біріктіретін 

аралық  тіл  деуге  болады,  себебі,  ноғай  тілін  қазақ  тілінен  ерекшелеп, 

қыпшақ-бұлғар  тобындағы  татар,  башқұрт  тілдерімен  жҽне  қыпшақ-

половец  тіліндегі  қарашай  балқар,  құмық  тілдерімен  біріктіретін  бірқатар 

ортақтықтар  бар.  Ондай  ерекшеліктер ноғай  тілі  лексикасында  кездесетін 

қыпшақ  бұлғар  тобына  тҽн  желке,  мұрын  сҿзінің  фразеологизмдер 

құрамында 

мол 

кездесуі, 



қыпшақ-половец 

тобындағы 

тілдерге 

жақындататын  борбай,  ару,  тас  сҿздерінің  ҿнімді  қолданысы, 

грамматикасында  тувул  (түгел)  «жоқ,  емес»  модаль  сҿзінің  сақталуына 

байланысты.  Себебі,  бұл  халықтың  тарихын  зерттеуші  ғалымдар  ноғай 

жҽне қарашай балқар, құмық тілдерінің бірлікте болғанын айтады  [2, 11].  

  

Желке  сҿзі  қыпшақ  тобы  тілдерінің  фразеологизмдерінде  негізінен 



татар,  башқұрт  тілдерінде  ҽрі  қарашай-балқар,  құмық  тілдерінде  мол 

кездесуімен  ерекшеленеді.  Осы  секілді,  ноғай  тілінде  де  бұл  сҿз 

фразеологизмдерде  ҿте  мол  орын  алған.  Мысалы:  елкеси  тыртысув 

«жақтырмау»,    елкесин  коьргендей  этип  коьруьв  «ұнатпау»,  елкеси 

кайнав  «семіру»,  калын  елкели  киси  «бай,  тұрмысы  дұрыс  адам»  т.б.  

Сол  секілді  қазақ  тілінде  кҿбінде  танау  сҿзі  қолданылатын  



133 

 

фразеологизмдерде    татар,  башқұрт  тілдеріндегідей  «бурын»    мұрын  сҿзі 



қолданылуы  да  ноғай  тілін  аталған  тілдерге  жақындатады.  Бурын 

туьбинде  «жақын  жерде»,  бурын  тыгув  «тұмсығын  тығу»  (қажетсіз 

жерге  араласу),  бурнын  коькке  коьтерув  «танауын  көкке  көтеру», 

бурнынан тартса йыгылаяк «арық, жүдеу» т.б.    

  

Қыпшақ-половец  тобындағы  қарашай  балқар,  құмық  тілдері 



лексикасында  жиі  қолданылатын  борбай,  тас,  ару  сҿздері  де  ноғай  тілін 

аталған  татар,  башқұрт  жҽне  қарашай  балқар,  құмық  тілдеріне 

жақындатады  да,  қазақ  тілінен  ерекшелендіреді.  Мысалы:  кара  борбай 

болып  юруьв  «біреуге  бағынышты  болу»,  аърув  соьз  йыланды  иннен 

шығарар,  тас болу «кету, жоғалу» секілді бірліктер ноғай тілінің қарашай 

балқар, құмық тілдерімен ортақтығын танытады.  

Демек,  ноғай  тілі  ноғай-қыпшақ  тобындағы  тілдік  белгіні 

фразеологиясында  толық  сақтаған.    Соған  қарамастан,  ноғай  тілі  Алтын 

Орда  дҽуіріндегі  бұлғар,  половец  тобындағы  тілдердің  тығыз  қарым 

қатынаста  болған  дҽуірдегі  тілдік  белгілерін  де  сақтаған,    ҽрі  қазіргі 

халықтың  орналасу  территориясына  байланысты  тілдік  ареалдық 

ҿзгерістерге  де  ұшыраған.    Мұны  батыс  қыпшақ  тобындағы  тілдерді 

кеңінен  зерттеген  К.  Мусаевтің  пікірі  де  дҽлеледей  түседі.  Ғалымның  ҿз 

сҿзімен  айтар  болсақ:  «Конвергенция  восточных  и  западных  кыпчаков 

найболее  интенсивно  развивалась  в  золотоординскую  эпоху,  тогда  в  зоне 

контактов  между  двумя  основными  ветвями  складывается  смешанный 

язык  ногайского  типа  с  преобладанием  западных  элементов,  лексикой  – 

больше    заимствований  из  персидского,  арабского  и  северокавказских 

языков  и  из  русского  языка.  И  тем  не  менее  сохранил  некоторые  общие 

ногайско-кыпчакские  особенности,  которые  казахский  утратил»  [3,  23]. 

Дегенмен ноғай тілін қыпшақ тобындағы татар, башқұрт, қарашай балқар, 

құмық  тілдерінен  гҿрі  қазақ  жҽне  қарақалпақ  тілідерімен  ортақ  жағы 

анағұрлым мол.  

Ал,  қарақалпақ  тілі  Ҿзбекстан  құрамына  енетін  Қарақалпақ 

автономиялы республикасының халқының ҽдеби тілі. Құрылымы жағынан 

қазақ  жҽне  ноғай  тілдеріне  ҿте  жақын  тіл.  Қарақалпақ  халқы  Ҿзбекстан 

аймағындағы  Хорезм,  Ферғана  облыстарында,  Астрахань  аймақтарында 

жҽне  шетелдерден  Ауғанстанда  мекендейді.  С.П.Толстованың  пікірі 

бойынша  қарақалпақтардың  халық  болып  қалыптасу  процесі  Арал  теңізі 

маңында    оғыздар  мен  шығыстан  келген  қыпшақ  қимақ  тайпаларынан 

құрылған  Қаңлы  бірлестігінің  құрамында  болған  кезде  басталған.  

Қарақалпақтардың  печенег  оғыз  тайпаларынан  шыққандығын  А.Вамбери 

де  қолдайды.  Н.А.Баскаковтың  айтуынша  «Қарақалпақ  халықтық  тілі  

кейіннен Печенег (10-11), половцы (11-13), Алтын Орда (13-15) жҽне үлкен 

Ноғай  ордасы  мен  қазақ,  ҿзбек  одақтарына  сіңісіп  кеткен  тайпалардың 

негізінде қалыптасқан», - дейді [4,121].    

Қарақалпақ  жҽне  қазақ  тілдерінде  бір  семантикалық  мағынада 

жұмсалатын фразеологизмдердің құрамы ауысып келеді. Ондай ауысудың 

ҿзінің  екі  түрін  байқадық.  Біріншіден,  қазақ  тіліндегі  кейбір 


134 

 

фразеологизнің құрамындағы сҿздердің тек орны ауысып келеді. Жҽне бұл 



тҽсіл  негізінен  тек  осы  қарақалпақ  жҽне  қазақ  тілдерінде  байқалды. 

Мысалы:  Қарақалпақ:    аспан  менен  жершелли  «өте  үлкен    айырмасы 



бар деген мағынада», көз бен қастың арасында «тез жылдам », қалың 

бет  «ұяты  жоқ»  т.б.          Ал,    қазақ  тілінде:  Жер  мен  көктей,  қас  пен 

көздің арасында, беті қалың түрінде ауысып қолданылады.   

Ал,  ендігі  бір  фразеологизмдердің  құрамындағы  сҿздерінің  орны 

ауысып  келеді.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі  ит  тұмсығы  батпайтын  «ну 

орман»  мағынасы      пышық  мурны  батпас  түрінде  жылан  жалағандай 

тіркесі  пышық  жалағандай  түрінде  қолданылады.  Сол  секілді,  хат 

хабарсыз  «еш  хабарсыз»  тіркесі  қарақалпақ  тілінде  хабарсыз  -  атарсыз 

түрінде,  қазақ  тіліндегі  айдан  анық  тіркесі  айдан  ашық  түрінде,  қазақ 

тіліндегі  бес  саусақтай  білу  тіркесі  қарақалпақ  тілінде  бес  бармақтай 

білу  түрінде  қазақ  тіліндегі  бидай  өңді  тіркесі  буудай  жүзли,    қазақ 

тіліндегі, ақ кҿңіл ақ кҿкірек, басы піспеу басы батпау «тіл табыса алмау» 



ала аяқ ақ аяқ, ақ саусақ ақ жаға түрінде құрамы ауысып қолданылады.   

Қарақалпақ  тіліндегі  кейбір  фразеологизмдердің  тіркесу  тҽсілі  аздап 

оны  қыпшақ  бұлғар,  қыпшақ  половшы  тобына  жақындатады.  Мысалы  

Қарақалпақ  тіліндегі      қатігез:  бауыры  тас,  бай,  тұрмысты:  Ауқаты 



жақсы,      маңлайы  қара  «бақытсыз    тобығы  толған  «есейген»  түрінде 

кездесуі 

татар, 

башқұрт 


тілдерімен 

құрылымдық 

ортақтығын 

сақтағандығын танытады. 

Сонымен қатар қазақ тілінде мүлдем кездеспейтін фразеологизмдер де 

кҿптеп кездеседі. Мысалы:  жуулмаған қасықтай «сүйкімсіз, орынсыз ҽр 

іске  кірісетін  адам»;  терис  жоңқа  «қырсық  адам»;  адалға  қарсы  жоқ 

«кедей»; ай менен жарысқан «айдай сұлу»; аттың қасқасындай «айдан 

анық»;  ашылмаған  маңдай  ,  жазық  маңлай,  қара  маңлай  «бақытсыз 

адам», кәлә моллани көрмеген «тҽрбиесіз адам»; т.б. 

Дегенмен,  қарақалпақ  тілі  барлық  жағынан  қазақ  тіліне  жақын  тіл 

екендігін  фразеологизмдерінен  кҿруге  болады.  Қазақ  қарақалпақ  тілдері 

фразеологиясындағы 

басты 


айырмашылықтар 

негізінен 

лексика 

семантикалық  деңгейде  ғана  қалыптасқан.  Яғни,  қарақалпақ  тілі 

лексикасындағы  араб,  иран  элементерінің  молдығы  ол  тілдің 

фразеологиясына  да  ҽсерін  тигізбей  қалмаған.      Ал,  ноғай  тілі  ноғай 

қыпшақ тобындағы тілдік белгіні фразеологиясында толық сақтаған. Соған 

қарамастан,  ноғай  тілі  Алтын  Орда  дҽуіріндегі  бұлғар,  половшы 

тобындағы  тілдердің  тығыз  қарым  қатынаста  болған  дҽуірдегі  тілдік 

белгілері  де  байқалады,    ҽрі  қазіргі  халықтың  орналасу  территориясына 

байланысты тілдік ареалдық ҿзгерістерге де ұшыраған. 

Сонымен қорыта айтқанда қыпшақ тобындағы түркі тілдерінің ішінде 

қыпшақ-ноғай  тобына  енетін  қазақ,  қарақалпақ,  ноғай  тілдері  тобының 

фразеологиялық  сҽйкестігі  ортақтығын  сақтағанына  қарамастан  басқа 

топтарға  қарағанда  біршама  шашыраңқы.  Оның  басты  себебі,  аталған 

топтағы  тілде  сҿйлейтін  халықтардың  орналасуындағы  территориялық 

алшақтықтармен  байланысты  болса  керек.  Айталық,  жалпы  қыпшақ 


135 

 

тобындағы  тілдердің  ішінде  қыпшақ  бұлғар,  қыпшақ  половец 



топтарындағы  халықтардың  тілі,  лексикалық  сҽйкестігі  біршама  мол 

болып  келсе,  қыпшақ-ноғай  тобындағы  тілдер  (ноғай,  қарақалпақ,  қазақ) 

лексикалық  сҽйкестігі  салыстырмалы  түрде  біркелкі  емес.  Соның 

нҽтижесінде  жақын  туыстас  тілдердің  лексикасындағы  айырмашылықтар 

молая  түскен.  Ал,  оның  кҿрінісі  аталған  жақын  туыстас  тілдердің 

фразеологизмдерінен кҿрініс тапқан дегіміз келеді. 

 

Резюме 


 

       В  данной  статье  анализируются  кыпчак-ногайские  фразеологизмы  и  их 

сравнительно-лингвистические особенности. 

 

Summary 



 

 In  this  article  analysed  кypchak-nogay  phraseological  units  and  their  comparatively-

linguistic to the featur. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.

 



 Н.Бичурин.  Собрание  сведений  о  нородах  обитавших  в  средней 

Азии 


2.

 

Мусаев К.М. Лексика тюркских языков М.,1984,226б. 



3.

 

Баскаков.Тюркские языки.М.,2006.  



4.

 

Бертагаев  Т.А.  К  сравнительно-историческому  изучению  лексики 



монгольских языков.М.,Наука 1960. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет