Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80

 

ӘӚЖ 94 (574) 

 

Кенесары Қасымҧлы кӛтерілісінің зерттелу тарихынан 

 

Мамраимов С.Д. 

«Сырдария» университеті, т.ғ.к., доцент 

 

Кенесары  Қасымұлы  бастаған  1837–1847  жылдардағы  ұлт-азаттық 



кҿтерілісінің  қазақ  халқы  тарихындағы  мҽні  мен  маңызын  ашық  түрде 

талқылауға жазушы Мұхтар Мағауиннің тікелей жетекшілік етуімен 1990 

жылдың  кҿктемінде  ҿткізілген  «Жұлдыз»  журналы  редакциясының 

кеңейтілген  «дҿңгелек  үстел»  мҽслихатынан  кейін  ғана  жол  ашылды. 

Кенесары  бастаған  ұлт-азаттық  кҿтерілістің  себеп-салдары  мен  мҽн-

мағынасын  ашып,  қалың  кҿпшілікке  ұсыну,  оған  ғылыми-теориялық 

тұрғыдан  баға  беруге,  сондай-ақ,  ол  бастаған  кҿтерілістің  бүкіл  қазақ 

халқының қозғалысы ретіндегі тарихи мҽн-маңызын айқындауға  арналған  

«дҿңгелек  үстел»    мҽжілісіне    академиктер    М.  Қозыбаев,    Р.  Бердібаев,  

тарихшы-ғалым  Жанұзақ  Қасымбаев,  зерттеушілер  М.  Абсеметов,               

Ғ.  Ахмедов,  жазушы  Т.  Жұртбаев  қатысып,  ҿздерінің  ойларын  ортаға 

салды [1]. 

     Қазақ  тарихындағы  «ақтаңдақтардың»  ашылуына  кезінде  қоғамдық 

ортада  үлкен  пікірталас  тудырып,  халықтың  сүйіспеншілігіне  бҿленген 

жазушы 

І. 


Есенберлиннің 

«Кҿшпенділер» 

трилогиясы 

жалпы 


жұртшылықтың ғана емес, арнайы зерттеуші, мамандардың да тарихи ой-

санасының  оянуында  ерекше  қозғалыс  тудырған  туынды  болды.  Аталған 

автордың «Хан Кене» жҽне басқа да романдарының тҿңірегінде ҿрістеген 

қарама-қайшы  пікірлер  сол  кезеңдегі  кҿшпелі  халықтың  тарихындағы 

ҿзекті  мҽселелерді  дұрыс  танып-білуге  бағыт-бағдар  берген  алғашқы 

талпыныс болатын.  



       Қазақстан тҽуелсіздік алғанға дейін патшалық Ресейдің ҽскери-отарлау 

басқыншылық  саясатына  қарсы  қазақтардың  1837–1847  жылдардағы  ұлт-

азаттық  кҿтерілісін  ұйымдастырушы,  кҿрнекті  қолбасшы  Кенесары 

Қасымұлының қызметі біржақты жазылып, тарихқа қиянат жасалып келді. 

Бұл  тақырыпқа  еңбек  жазған  авторлар  кҿп  жағдайда  қазақ  халқының 

осынау  ұлт-азаттық  қозғалысын  патшалық  Ресей  билігінің  жалпы 



146 

 

қоғамдық-саяси  ұстанымы  тұрғысындағы  дворяндық-буржуазиялық 



тарихнамаға сүйене отырып сипаттап келді. 

 Қазақ  тарихнамасында  Кенесары  кҿтерілісі  туралы  алғаш  рет  ҿз  ой-

пікірін баспа бетінде ашық білдірген Шоқан Уҽлиханов болатын. Ол орыс 

ҽскерінің  офицері  болғандықтан,  алғашқыда  бұл  ұлт-азаттық  қозғалысқа 

империялық  саясат  ықпалымен  баға  берді:  «Бүлікші  сұлтан  Кенесары  –

феодалдық-монархиялық  қозғалысқа  бас  болып,  хандық  билікті  қалпына 

келтіруге  тырысты,  Орта  Азия  феодалдық  мемлекеттеріне  ұқсас  қазақ 

хандығын  құрғысы  келді»,  –  деп  жазды.  Кенесары  басқарған  қозғалысқа 

орыстың  отаршылдық  пиғылы  ҽсерімен  ой  қосқан  Шоқан  келесі  бір 

еңбегінің  түсіндірмесінде  «осы  кезеңде  ескі  мен  жаңашылдық»,  яғни 

«мұсылмандық  шығыс  жҽне  орыстық  құбылыстар»  бір-бірімен  теке-

тіреске түскенін айтып, Кенесарыға оң баға береді [2]. 

 Шоқан  Уҽлихановтың  Кенесарыға  алғашқы  берген  біржақты  бағасы 

кейінгі  орыс  тарихшыларына  сілтеме  жасар  мықты  бір  дерек  болды.  ХІХ 

ғасырдың екінші жартысында жарық кҿрген еңбектердің ішінен Кенесары 

кҿтерілісін  арнайы  зерттеген  М.  Красовский  мен  И.  Завалишиннің 

еңбектерін  ерекше  бҿліп  қарауға  болады.  Ҽсіресе,  М.  Красовский 

кҿтерілісті  патша  үкіметінің  жүргізіп  отырған  сыртқы  саясатымен 

байланыстыра  талдайды.  Аталған  автордың  зерттеуі  жалпы  «Сібір 

қырғыздарының  облысы»  тарихына  арналғанымен,  онда  1822  жылғы 

патша  үкіметінің  жаулап  алу  саясатын  ақтау  бағытында  түсіндірме 

берілген.  И.Завалишиннің  еңбегі  империяның  шеткі  аймақтарды  басып 

алып,  жерін  кеңейту  саясатын  дҽріптеу  тұрғысында  жазылған.  Бұл  екі 

еңбектің отаршылдық саясатты насихаттаудағы бағыты мен нысанасы ҿте 

ұқсас. 

       ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  жарық  кҿрген  еңбектер  арасында 



1870  жылы  «Вестник  Европы»  журналының  екі  бірдей  санында  жарық 

кҿрген      Н. Середаның еңбегінің маңызы үлкен. Расында да, Кенесарыға 

берілген  бағасы  мен  кҿтерілістің  сипатын  айқындаудағы  кҿзқарасында 

орын 


алған 

қайшылықтарға, 

халықтық 

кҿтерілісті 

«бүлік», 

«қарақшылардың ісі» деген сипатта бағалап, ханның ҿзін бірде «құйын мен 

дауылға»  теңегеніне,  енді  бірде  «Еуропа  ҽскерлерінің  тамаша 

қолбасшыларына»  теңегеніне  қарамастан,  ҽр  түрлі  деректерді  мол 

пайдалануы  жағынан,  қарастырылған  мҽселелерінің  ауқымдылығына 

қарай, аталған автор еңбегінің ғылыми құндылығы үлкен[3]. 

Кенесары  бастаған  ұлт-азаттық  кҿтеріліс  туралы  тарихнамалық 

материалдар  қалдырған  зерттеушілердің  бірі  А.А.  Янушкевич  болатын. 

Генерал  Вишневскийдің  басшылығымен  1846  жылы  Ұлы  жүз  бен  Орта 

жүздің  шекаралық  аймағында  мал  мен  халық  санының  есебін  жүргізген 

экспедициясына  қатысқан  А.А.  Янушкевичтің  Кенесары  жетекшілігіндегі 

қазақ  халқының  қозғалысына  бүйрегі  бұрып,  іштей  мақұлдай  жазғаны 

айқын.  Ҿйткені  оның  ҿзі  де  мұның  алдындағы,  1831–1833  жылдардағы 

Польша  азаттық  қозғалысына  атсалысқан  болатын.  Поляктың  осынау 

революционер-зерттеушісі А.А. Янушкевич қазақ ханы Кенесарыны бірде 


147 

 

Рим  империясына  қарсы  соғыс  жүргізген  Нумидия  патшасы  Югуртамен, 



енді бірде ХІХ ғасырдың 80-жылдарындағы Алжир халқының ұлт-азаттық 

күресінің  жетекшісі  ҽбд-ҽл-Қадермен  салыстырады.  Алайда,  осы  еңбекті 

француз  тілінен  орыс  тіліне  аударған  орыс  зерттеушісі  Ф.  Стеклова 

коммунистік партияның сол кездегі ҿктемдік етіп тұрған идеологиясының 

талаптарына  сҽйкес,  Кенесары  жҽне ол  басшылық  еткен кҿтеріліс  туралы 

біржақты  тұжырым  жасап,  поляк  зерттеушісі  А.А.  Янушкевичтің 

кҿзқарасына қарама-қарсы пікірлер білдірген [4]. 

Кенесары  мен  ол  бастаған  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  кҿтерілісіне 

ерекше  назар  аударған  авторлардың  бірі  –  ұлы  саяхатшы  А.П.  Семенов-

Тянь-Шанский.  Ол  ХІХ  ғасырдың  50-жылдарында  Верный  қаласында 

болып,  осы  кҿтеріліс  туралы  кҿптеген  мҽліметтер  жинастырады.  Соның 

негізінде  жазылған  еңбегінде  А.П.  Семенов    Тянь-Шанский  қазақ 

феодалдық  мемлекетін  уақытша  болса  да  қалпына  келтірген  Кенесары 

ханның  еңбегін  жоғары  бағалап,  оны  біздің  дҽуірімізге  дейінгі  екінші 

ғасырда  Кіші  Азиядағы  кішкене  ғана  Понт  патшасының  билеушісі,  Рим 

құл  иеленуші  мемлекетінің  шапқыншылық  саясатына  қарсы  тұра  білген 

Митридат VІ Евпаторға теңестіреді [5]. 

Компартия  билігіндегі  кеңес  үкіметі  кезінде  Кенесары  Қасымұлы 

кҿтерілісі  негізінен  большевиктік  идеология,  тап  күресі  мен  ҽлеуметтік 

ұстанымдар  негізінде  зерттеліп,  қазақ  халқының  азаттық  күресі 

мҽселелерін  талқылау  мен  тереңдетіп  зерттеуде  біржақты  кҿзқарас  үстем 

болғанына  қарамастан  бұл  қозғалысқа  шынайы  бағасын  берген  ғалымдар 

арасында Е.Б. Бекмахановтың еңбектерін ерекше атап ҿтуге болады[6].  

Кҿрнекті  тарихшы  Е.Б.  Бекмахановтың  1947  жылы  жарық  кҿрген 

еңбегін    Кенесары  бастаған  1837–1847  жылдар  аралығындағы  кҿтерілісті 

зерттеу  ісіндегі  ерекшелік  ретінде  бағалауға  лайық.  Орта  Азия  мен 

Қазақстан  аймағындағы  мұрағат  деректері  мен  ҽр  түрлі  сипаттағы 

құжаттар  негізінде  жазылған  сол  жылдардағы  айрықша  құнды  еңбек 

ретінде  аса  жоғары  бағаланатын  осы  еңбектің  ҿзінде  де  Кенесары 

кҿтерілісінің  қыр-сыры  толық  ашыла  қоймағанын  автордың  ҿзі  де 

мойындады.  Монографиялар  мен  басқа  жалпылама  еңбектердің  болмауы 

бірқатар  қиындықтар  тудыратыны  сҿзсіз.  Автордың  кейбір  зерттеген 

мҽселелері ҽлі де толық шешілмегенін жоққа шығару қиын. 

Кейбір  ғалымдар  сол  кездегі  күрделі  кезеңнің  тұзағына  түсіп  қалмау 

үшін  ҿздерінің  бұрынғы  кҿзқарастарын  ҿзгертуге  мҽжбүр  болды.  Атап 

айтқанда,  «Сырым  Датов»  атты  монографиясы  үшін  КСРО  Мемлекеттік 

сыйлығының  лауреаты  құрметті  атағын  алған  В.П.  Вяткин  «Вопросы 

истории» журналында жарияланған осы журналдың редакциялық алқасына 

арнап  жолдаған  хатында  ҿзінің  теориялық  тұжырымдары  мен  саяси 

кҿзқарасында «адасушылық» орын алғанын, оның басты себептері ҽріптесі 

А.Ф. 

Рязановта 



жатқанын 

айта 


келіп: 

«Буржуазиялық-ұлтшыл                

А.Ф.  Рязанов  бірқатар  еңбектерін  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  күресіне 

арнады,  оның  кҿзқарастары  кең  тамырын  жайып  кетті,  мен  де  біраз 

еңбектерімде  буржуазиялық-ұлтшалдық  қателіктерден  арыла  алмадым. 


148 

 

Оның  ішінде  бір  дҿрекісі  –  Кенесары  Қасымов  кҿтерілісін  сипаттаудағы 



қателігім…», – деп жазды [7]. 

 Е.Б. Бекмахановтың қазақ халқының 1837–1847 жылдардағы Кенесары 

бастаған  ұлт-азаттық  қозғалысын  ғалымдардың  барлығы  бірдей  біржақты 

сынап,  тек  қаралаумен  болған  екен  деген  пікір  түю  орынсыз  болар  еді. 

Тарихшылар  Н.  Тимофеев  жҽне  Е.  Феодоров  «Большевик  Казахстана» 

журналында  жарық  кҿрген  қазақ  халқының  1837–1847  жылдардағы 

тҽуелсіздік  үшін  күресіне  арналған  мақалаларында:  «Кейбір  жағдайларда 

А.  Якунин  маркстік  ҽдістен  ауытқып,  қозғалыстың  мақсаттарын 

анықтауда,  ҿзінің  жасанды  кҿзқарастарын  танытуға  ойы  бар.  1837–1847 

жылдардағы  тҽуелсіздік  үшін  күресті  Кенесары  мен  ат  тҿбеліндей  оның 

серіктерінің күресі ғана ретінде кҿрсетуге тырысқан»,  – деп жазды [8]. 

Компартияның  қатал  қысымы  мен  біржақты  саяси  бағытынан 

тайсалмаған  КСРО  Ғылым  академиясының  аса  кҿрнекті  бір  топ 

ғалымдары,  атап  айтқанда,  С.В.  Бахрушин,  Б.Д.  Греков,  Н.М.  Дружинин, 

А.П.  Кучкин,  М.К.  Рожкова  т.б.  Е.Б.  Бекмахановтың  аталған  еңбегінің 

талқылауына  белсенді  түрде  атсалысып,  оның  тұжырымдарының  дұрыс 

екендігін  ерекше  атап  кҿрсетті.  Мысалы,  КСРО  Ғылым  академиясының 

корреспондент-мүшесі  С.В.  Бахрушин  Кенесарыны  орыс  феодалдық 

мемлекетін аяққа тұрғызған Иван ІІІ, Иван ІV, ұлы Петр патшалардың іс-

ҽрекеттерімен  салыстыра  келіп,  олар  да  мемлекеттік  құрылысты  нығайту 

мақсатында қантҿгістен, күш қолданудан жҽне т.б. «жабайы» қимылдардан 

бас  тартпағанын  мысал  ретінде  алға  тартты  [9].  Академик                       

Н.М. Дружининнің пікірінше, «Е. Бекмхановтың соңына түсу тоқталмады, 

тіпті  шектен  асты.  Оның  жаулары  ғалымға  буржуазиялық  ұлтшыл  деген 

күйе  жағып,  кітабы  ғылыми  басқа  да  қауымға  теріс  ҽсер  етуде  деп 

байбалам  салды»  [10].  Кенесары  бастаған  қазақ  халқының  ұлт-азаттық 

кҿтерілісіне  байланысты  осындай  пікірталастар  орын  алып  жатқан  кезде, 

қырғыз  ғалымдары  да  ҿздерінің  шынайы  зерттеулерін  жариялап,  бұл 

қозғалыстың басты мақсаты  – патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына 

қарсылық 

екенін 

айтудан 


тайсалмады. 

Мҽселен, 

зерттеуші                           

Б.  Жамгерчиновтың  1945, 1963 жылғы зерттеулерінде,  1984  жылы  жарық 

кҿрген  «Қырғыз  КСР  тарихының»  бірінші  томында  Кенесарының 

ұйымдастыруымен  бүкіл  қазақ  даласын  қамтыған  ұлт-азаттық  кҿтеріліске 

қомақты да, салмақты баға берілді [11]. 

ХІХ  ғасырдағы  ойшыл  зерттеушілердің  бірінен  саналатын  Л.  Мейер 

ханның  кең  ҿлкенің  оңтүстігіне  қарай  қоныс  аударуын  «дала 

қарақшысының  ҿз  жеке  басының  пиғылын  ойлаған  іс-ҽрекетімен» 

байланыстырды  [12].  Ең  бастысы,  Л.  Мейер  ҿз  зерттеуінде  Кіші  жүз 

кҿшпенді  қазақтарының  хан  басқаруындағы  ауқымды  кҿтеріліске 

қатысуының  кейбір  жақтарын  ғана  атап  кҿрсетті.  Аталған  автордың 

еңбегінде  келтірілген  кейбір  деректер  мен  мҽліметтер  сол  заманда  ҿмір 

сүрген басқа да зерттеушілердің еңбектерінде қайталанады. 

Кейіннен  Батыс  Сібір  губернаторы  болған  И.Ф.  Бобков  осы  кҿтеріліс 

туралы  жинақталған  материалдарын  жазу  барысында  Кенесары 


149 

 

ауылдарының  Жетісуға  қарай  қоныс  аударуының  себептерін  империялық 



отаршылдық  пиғыл  мақсатына  қарай  кҿпе-кҿрнеу  бұрмалап  кҿрсетті.  Ол 

қазақ  даласының  оңтүстігі  мен  Жетісу  қазақтарын  «біздің  Ресей 

бодандығын  қабылдағандар»  ретінде  сипаттап,  жағдайды  кҿрсетуде  теріс 

бағаға  жол  берді.  Оған  қоса  ол  Кенесары  жасақтарының  қырғыздармен 

арадағы  қақтығысының  «басты    себебі»  –  ханның  «тас  дҽуіріндегідей 

жабайы қырғыздарды ҿзіне бағындырғысы» келгені ретінде ой айтты [13].  

Кенесары  ханның  қайшылығы  мол  күрделі  тарихи  тұлғасы  толық 

зерттеліп болды деген пікір түюге ҽлі де ертерек. Тіпті кҿтерілістің ҽскери 

жағынан ұйымдастыру мҽселелері, Орта Азиядағы хандық билік иелерімен 

саяси  қарым-қатынастарының  алмағайып  ҿзгеріп  отыруы,  кҿтеріліске 

ағаман, би-болыстардың қатысуы, сарбаздарды қару-жарақпен қамтамасыз 

ету жҽне тағы басқа да мҽселелер байыпты да терең зерттеуді қажет етіп, 

уақытын  күтіп  отыр.  Қазақ  халқының  ХІХ  ғасырдағы  ұлт-азаттық 

күресінің  тарихы,  оның  ұйымдастырушысы  Кенесары  хан  туралы 

мҽселелер  толық  ашылып,  тарихи  деректер  мен  мҽліметтер  түгелдей 

қамтылды деуге ҽлі де болмайтынын ескергеніміз абзал. 

 

Резюме 


 

В 

этой 



статье 

дается 


историографический 

анализ 


национально-

освободительного  восстания  1837-1847  годов,  который  возглавлял  Кенесары 

Касымулы. 

Summary 


 

  

In  this  article  provides  a  historiographical  analysis  of  the  national  liberation  uprising 



1837-1847 years who led Kenesary Kasymuly   

 

                            Пайдаланылған ҽдебиеттер 



                             

 1 «Жұлдыз» журналы, 1990. -№ 7. -153-177 бб. 

2 Валиханов Ч.Ч. Собр. соч., в пяти томах. Т. 2. -Алматы: 1985. -379 с. 

3  Середа  Н.  Бунт  киргизского  султана  Кенесары  Касымова  //  Вестник 

Европы. 1870. -№ №  8, 9. 

4 Стеклова Ф. Адольф Янушкевич и его книга // Дневники и письма из 

путешествия по казахским степям.-Алматы: ХХХVІІІ, 1966. -1 с. 

5 Семенов-Тянь-Шанский А.П. Путешествия (Мемуары). Т.2. -Москва: 

1949. -48 с. 

      6 Бекмаханов  Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века.  Алматы, 1947. 

7  Вяткин  М.П.  Письмо  в  редакцию  //  Вопросы    истории,  1952.  -№  2.                    

-158 с. 


8  Тимофеев  Н.,  Федоров  Е.  Борьба  казахов  в  1837-1847  годах  за 

независимость  // Большевик Казахстана, 1940. -№  4. -47 с. 

9 Вестник АН КазССР, 1948. -№  3. -47 с. 

10  Дружинин  Н.М.  Во  имя  научной  истины    //  История  Казахстана: 

Белые пятна. 1991. -33 с. 


150 

 

11  Жамгерчинов  Б.  Добровольное  вхождение  Киргизий  в  состав 



России.-Фрунзе:  1963.  -103  с.;  Жамгерчинов  Б.  Киргизы  в  эпоху  Орман 

хана  // Труды института истории, языка, литературы Киргизского филиала 

АН СССР. Вып. 1.-Фрунзе: 1945. -120 с. 

12 Мейер Л. Киргизы Оренбургского ведомоства. -СПб., 1865. С. 57-64 

13 Бабков И.Ф. Воспоминания о моей службе в Западной Сибири. Кн.1. 

-СПб., 1912. 



 

ӘӚЖ 94 (574)            

 

Дамыған  ғылым – ел әлеуетінің  кепілі 

 

Мамраимов С.Д. 

«Сырдария» университетінің ғылыми жҽне халықаралық қатынастар жҿніндегі 

проректор, т.ғ.к., доцент 

 

Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 



жоспары  туралы  Президент  жарлығы  еліміздің  білім  мен  ғылымын 

дамытуға  арналған  бағдарламасын  айқындап  берді.    Бағдарлама  білім 

саласындағы  басым  бағыттарға:  мамандар  даярлаудың  жаңа  сапасына 

кҿшу,  педагог  кадрларды  қайта  даярлауды  жҽне  қоғаммен  байланысты 

күшейту  мақсатында  қамқоршылық  кеңес  қызметін  үйлестіру  сияқты 

бірнеше мақсаттар мен міндеттерді айқындап берді. Стратегиялық  жоспар 

педагог  мамандығының беделін  кҿтеруді, білім беру  қызметін  қамтамасыз 

етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіруді мақсат етеді. Білім 

беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру мен білім 

беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен 

технологияларына  тең  қол  жеткізуін  қамтамасыз  ету  міндет  етіліп 

қойылды. 

Кез  келген  елдің  дамуы  –  оның  білімі  мен  ғылымының  дамуымен 

ҿлшенетіні  белгілі.  Елбасы    «Назарбаев  Университеті»  отандық  жоғары 

білім  жүйесінің  майталманы,  ҽлемдік  білім  кеңістігіне  мықтап  ену  үшін 

нағыз  кадрлар  дайындалатын  білім-ғылым  ордасына  айналатынын  атап 

ҿтті. Білім, ғылым жҽне инновация үйлесім тапқан ғылым ордасында жаңа 

технология, ғылымға негізделген ҿндіріс, жаңа материалдар салаларындағы 

елімізге  зҽру  мамандар  дайындалатын  болады.  Бұл  талантты,  дарынды 

жастарды мамандыққа баулуға ҿлшеусіз кҿмек болмақ. 

Бүгінде  ҽлемнің  дамыған  елдерімен  иық  тірестіре,    теңестіретін    жол 

жалғыз. Ол - ғылымның кең ҿрістеуі, қарқынды дамуы. Сонда ғана біздің  

экономикамыз,  ҽлеуметтік-саяси  жҽне  қоғамдық-мҽдени  ҿміріміздің 

ҽлемдегі  дамыған  50  елдің  қатарына  енуіне  жол  ашады.  Бүгінде  біздің  ел 

бұл міндет үдесінен ойдағыдай шыға білді. 

Жоғары  білім  беру  саласында  соңғы    жылдары  ғылыми  ұлттық 

орталықтар,  ғылыми  зерттеу  институттары,  ғылыми-технологиялық 


151 

 

парктер мен ғылыми консорциумдар сияқты ғылыми ошақтардың құрылуы 



ғылымның жаңа үрдісте, жаңа серпінде дамуына ҽкелді. 

Қазақстан  ғылымы   бүгінде  жоғары  технологияларды  енгізуге 

бағытталған  жҽне  инновацияларды  қолдау  мақсатында   ғылыми  зерттеу 

жұмыстарының  басым  жақтарын  айқындауда.  Міне,  осындай  жағдайда 

қазақстандық  ғылымның  даму  тенденциялары,  ғылыми  мектептердің 

бағыттары, маңызды ғылыми жетістіктер жайлы сараптамалық зерттеулерді 

ғылыми  басылымдарда  жариялау  ҿте  ҿзекті  болып  саналады.  Бұндай 

зерттеулер  Қазақстан  ғылымының  жаңа  ғасырдағы  бет-бейнесін, 

халықаралық  қауымдастықтағы    бҽсекеге  қабілетті    бағыт-бағдарын 

айқындау  үшін де маңызды саналмақ. 

Қазақстанның  ҽлемнің  бҽсекеге  қабілетті  50  елінің  қатарына  ену 

стратегиясының  бірінші  бағыты  Қазақстанның  ҽлемдік  экономикаға 

табысты  интеграциялануы  табысты  жаңарудың  негізі  ретінде  атап 

кҿрсетілуі  тектен  тек  болмаса  керек.  Ҽлемдік  экономикалық  интеграцияға 

жетудің  жолы  ғылыми  инновациялық  қолданбалы  зерттеулер  мен  озық 

технологияларды  ҿндіру  жҽне  тҽжірибеге  енгізу  болып  отыр.  Ең  жоғары 

халықаралық  стандартқа  сҽйкес  келетін  академиялық  орталықтар  мен  оқу 

орындарын, 

халықаралық 

деңгейдегі 

үрдістерге 

қатыса 


алатын 

технологиялық парктерді  ашу  жҽне дамыту, жаңа технологияларды игеру  

заман талабынан туындап отыр. 

Біз  шикізат  ҽзірлейтін  елден  ҿндірістер  ашып,  ҿз  ҿнімімізді  тұтынуға 

шығармайынша толыққанды бҽсекеге қабілетті ел бола алмайтындығымыз 

анық.  Президенттің  ғылым  мен  инновацияны  екінші  орынға  қойған  ел, 

ешқашан  ешбір  салада  бірінші  орынға  кҿтеріле  алмайтындығы  туралы 

қағидасы  «Ғылым туралы» заңда ерекше орын алады. 

Жаңа  заңда  қаржыландырудың  үш  түрі  қарастырылған  –  базалық, 

гранттық жҽне бағдарламалық-мақсатты. 

Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдарламалардың 

орындалуы  туралы  нақты  шешім  қабылдайтын  болады. Мемлекеттік 

ғылыми-техникалық  сараптама  ұлттық  орталығы  құрылады. Шешім 

қабылдаудың  барлық  деңгейлерінде  Отандық  жҽне  шетелдік  жетекші 

ғалымдар қатысатын болады. 

«Сырдария»  университетінің еңсесі тіктеліп, орныққанына соншалықты 

кҿп уақыт ҿткен жоқ, енді ғана екінші онжылдыққа аяқ басты. Осы мерзім 

ішінде  университеттің  материалдық-техникалық  базасы  нығая  түсті. 

Оқытушы-профессорлар  құрамының      сапалық  деңгейі  едҽуір  жақсарды. 

Бұл бағытта ҽлі де  елеулі істер алда күтіп тұр. 

Университеттің ғылыми зерттеу жұмыстарының  жалпы бағыты ғылыми 

жетістіктер  мен  озық  технологияларға  жҽне  оларды  талдауға  негізделген. 

Соған  сҽйкес  2011–2015  жылдарға  арналған  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын 

дамытудың  концепциясы  жасалды.  Университеттің  ғылыми  зерттеу 

жұмыстары  кафедралардың  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  жоспары 

негізінде жүзеге асырылады. 



152 

 

Ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  нҽтижелерін  іске  асыру  бағытында 



университет профессор-оқытушылар құрамы халықаралық, республикалық 

ғылыми-практикалық  конференциялар  мен  симпозиумдарға,  сондай-ақ 

салалық, оқу-ҽдістемелік жҽне ҿндірістік кҿрмелерге қатысып, баяндамалар 

жасайды. 

Университеттің  профессор-оқытушылар  құрамының  ғылыми  ҽлеуетін 

кҿтеру  жҽне  ғылыми  зерттеулердің  нҽтижелілігін  арттыру  мақсатында 

университеттің  Ғылыми  кеңесінің  шешімімен    ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу үшін ағымдағы жылы 4 млн. 800 мың  теңге қаражат 

бҿлу қарастырылды. 

Жоғарғы  оқу  орнындағы  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  мына  тҿмендегі 

бағыттар бойынша жұмыс жасайды: 

- оқу үрдісін ұйымдастыру проблемаларын зерттеу; 

- ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ҿткізу; 

- ғылыми еңбек жинақтары мен ғылыми жарияланымдарды ҽзірлеу; 

- ғылыми зерттеу нҽтижелерін ҿндіріске енгізу. 

Университет  жҽне  Қазақ  мақта  ғылыми  зерттеу  институтының 

арасында  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  үшін  келісім-шарт 

түзілген. Ғылыми жобаларды қаржыландыру Қазақ мақта ғылыми зерттеу 

институты жҽне университет есебінен жүргізіледі. 

Келісім – шарт  негізінде  орындалып  жатқан ізденістер  нҽтижелері  

бойынша  «Жаратылыстану  ғылымдары»  кафедрасының    профессоры, 

тех.ғ.д.  А.М.  Аширов  пен  б.ғ.к.,  доцент  С.Е.  Келдібеков  «Научное 

обеспечение 

ведения 


рыбного 

хозяйства 

на 

Шардаринском 



водохранилище» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 

Ғылыми – техникалық ҿнімді іске асыруда   ЖШС «Байтерек - ББМ» мен 

тех.ғ.д.,  профессор  А.М.  Аширов  екі  жақты  келісім  -  шарт  бойынша 

жұмыстар атқаруда. 

Инновациялық  ғылыми  зерттеу»  орталығында  «Биология»  саласы 

бойынша б.ғ.к., доцент С. Келдібеков «Мақтарал ҿңірінің флора, фаунасы 

жҽне  ауыл  шаруашылық  ҿсімдіктерін  агробиологиялық  зерттеу» 

тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстарына жетекшілік етіп, осы аталған 

тақырыпты  негізге  ала  отырып  іздену  жұмыстарын  бірнеше  бағытта 

жүргізуде.  С.  Келдібеков  «Сырдария  ҿзені  мен  Шардара  су  қоймасы 

аумағындағы  жабайы  ҿсімдіктерді  жүйелендіру    жҽне  оларды  ағын 

суларды  тазартуда  биологиялық  ҽдістерді    пайдалану»  атты  ғылыми 

зерттеу жұмысын Инновациялық ғылыми зерттеу» орталығының ботаника 

зертханасында жүргізуде. 

Агробиологиялық зерттеу жұмыстарын а-ш.ғ.д., профессор 

Ж.Я. Батькаев, тех.ғ.д., профессор Ҽ.М. Ҽшіров, а-ш.ғ.к., доцент 

Е.  Дошманов,    аға  оқытушы  Р.  Қошқаров  жҽне  тағы  басқа  профессор  - 

оқытушылар  жүргізуде. 

«Мақта  ауыспалы  егісінің  жҽне  минералды  тыңайтқыштардың 

топырақ  құнарлығына  ҽсерін  зерттеу»  тақырыбындағы  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарына  а.ш.ғ.д.,  профессор  Ж.Я.  Батькаев  жетекшілік  етіп,  бұл 


153 

 

жұмысты  орындау  үшін  топырақ  құрамы  мен  ондағы  тұздарға  жҽне  



қарашірік  құрамы  бойынша  алынған    үлгілерге  талдау  жасау  физико-

химиялық зерттеулер зертханасында жүргізілді. Тех.ғ.д., профессор 

Ҽ.М.  Ҽшіровтың  жетекшілігімен  «Ҽр  түрлі  мҽдени    дақылдардың   

ҿнімдерін арттыруда тҿменгі жиіліктегі   электромагниттік толқындардың 

ҽсерін  зерттеу»    атты  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  негізінде  ауыл 

шаруашылығы дақылдарына тҽжірибе жасау жалғасуда. 

«Сортаңданған  топырақ  жағдайында  мақта  ҿсімдігінің  физиологиялық 

ҿсіп-дамуына су режимінің ҽсерін зерттеу» бағытында а.ш.ғ.к., доцент 

Е. Дошманов зерттеу  жұмыстарын жүргізуде. 

«Оңтүстік  Қазақстанда  мақта  дақылдарын  зиянкестерден  қорғауда 

биологиялық  ҽдістерді  пайдалану»  атты  ғылыми  зерттеу    жұмыстарын  

жүргізу  барысында  аға  оқытушы  Р.  Қошқаров  тҽжірибелік  мҽліметтер 

алды. 

Химия  саласы  бойынша  х.ғ.к.,  доцент  Ч.  Ибраимов  жетекшілігімен 



аға  оқытушы  С.  Ҽбілхайыров  жҽне  ғылым  магистрі,  аға  оқытушы  П. 

Абдуразова 

«Органикалық 

оксиазореагенттердің 

жҽне 

олармен 


комплекстерінің  ерітіндідегі  жағдайларын  спектрофотометриялық  жҽне 

квант-химиялық  ҽдістермен  зерттеу»  атты  зерттеу  жұмыстарын  жҽне  

«Жаңа  рационал    органикалық  фотометриялық  реагенттерді  модельдеу 

жҽне  оларды  аналитикалық  химияда    қолдану»    тақырыбында  зерттеулер 

жүргізді. Осы бағытта биологиялық белсенді қосылыстардың құрылымына 

байланысты 

қасиеттерінің 

ҿзгеру 


заңдылықтарын 

МАТ-ЛАБ-6 

компьютерлік  бағдарламасын пайдаланып, зерттеулер жүргізілді. 

Физика  саласы    бойынша  «Энергияның  сақталу  жҽне  түрлену 

заңдарын,  соның  ішінде  күн  сҽулесінің  энергиясын  қолдану  жолдарын 

зерттеу»  бағытындағы  жұмыстарға    ф.м.ғ.к.,  доцент  Э.  Ходжахметовтың 

жетекшілігімен физика зертханасында жүргізілуде. 

Кафедра  аға  оқытушы  Р.А.  Қошқаровтың  жҽне  биология 

ғылымдарының кандидаты    С.Е. Келдібековтің бастамасымен хлорелланы 

лабораториялық  жағдайда  интенсивті  жҽне  экстенсивті  жолмен  ҿсіру 

жұмыстары қолға алынды. 

«Флора  жҽне  Фауна»  үйірмесінің  мүшелері  Жасұзақова  Бақтыгүл 

жҽне  Татаева  Айзадамен  бҿлме  ҿсімдіктерін    вегетативті  жолмен  кҿбейту 

мақсатында  колбаларда  ваккумдық  ҽдіспен  кҿбейту  үшін  жасаған 

тҽжірибелері оң нҽтиже беруде. 

Университетте  халықаралық  байланыстардың  дамуына    үлкен  мҽн 

берілуде.  Ағымдағы  жылы  мамыр  айының  21  жұлдызында  «Қазақстан» 

студенттер сарайында  Франция елінен келген Парламент сенаторы Эмери 

де Монтескью «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары жҽне 

студенттерімен  кездесу  ҿткізді.  Қазақстан  –  Франция  байланысына  елеулі 

үлес  қосып  жүрген  Эмери  де  Монтескью  мырза  қазақ  елінің  ҽлеуметтік-

экономикалық  дамуына  оң  баға  беріп,  оның  болашағына  үлкен  сеніммен 

қарайтындығын ҿз сҿзінде атап ҿтті. Сондай-ақ, екі елдің жоғары білім беру 


154 

 

орындары  арасында  ғылыми  байланыстар  мен  ғылыми  ізденістердің 



нығаюына ерекше назар аударатындығын айтты. 

Ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында шетелдік ЖОО байланыстар 

орнатылған.  Атап  айтқанда,  Ресейдің  5  жоғарғы      оқу  орнымен, 

Ҿзбекстанның  4  университетімен,  Қытай  Халық  Республикасындағы  

Синьцзян университетімен, Сеул қаласындағы Оңтүстік Корей мемлекеттік 

университетімен жҽне республикамыздың 40-тан астам университеттерімен  

қарым-қатынастар жүзеге асып отыр. 

Университетте  археологиялық    ғылыми  зерттеу  орталығы    жұмыс 

жасайды. Орталыққа тарих ғылымдарының  докторы, профессор М. Елеуов 

жетекшілік етеді. Тарих мамандығының студенттері  жыл сайын Мырзашҿл 

ҿңіріндегі  Сырдария  ҿзенінің  сол  жағалауында  орналасқан  орта  ғасырда 

ҿмір  сүрген    «Үтіртҿбе»  қалашығында  археологиялық  қазба  жұмыстарын 

жүргізуде. 

2010  жылы  қазан  айында  университетте  инновациялық  ғылыми  зерттеу 

орталығы ашылды. Бұл орталық қазіргі заманғы оқу-құрал жабдықтарымен 

жабдықталған.  Орталықта  студенттердің  жҽне  магистранттардың    ғылыми 

зерттеу жұмыстары үшін  барлық жағдайлар жасалған. 

Университетте сапалы білім беру ісіне ұдайы кҿңіл бҿлінуде. Осы орайда 

Елбасы  Н.Ҽ.  Назарбаевтың    мына  бір  сҿзі  еске  оралады:  «  Жаңаша 

жағдайда,  ҽлемдік  жаһанданумен  ақпарат  жҽне  экономиканың    жылдам 

дамыған уақытында ҿмір бойы үйренуге тура келеді...»  Бұл бүгінгі күннің 

ақиқаты. 

Университет  ҿзінің  алғашқы  онжылдығын  лайықты  атап  ҿтті,  алдағы 

кемел  келешекке  болжам  жасады  сҿйтіп,  ҽлемдік  білім  беру  кеңістігінде 

біздің  қол  жеткен  жетістіктеріміз  бен  табыстарымызды  ескере  отырып, 

стратегиялық мақсаттарымыз бен міндеттерімізді белгілеп алдық. 

 

Резюме 


 

В этой статье излагаются положительные аспекты развития науки нашей страны, 

в том числе университета «Сырдария» 

 

Summary 



 

In  this  article  sets  out  the  positive  aspects  of  the  development  of  science  of  our 

country, including the University "Sirdariya" 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет