Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80

 

УДК 82.09. 

 

Тарихи роман-трилогиядағы арманшыл ақын тағдыры 

 

Қадырбаев Н. 

«Сырдария» университетінің профессоры 

 

Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы  ҿте  бай.  Қазірде  тарихи  роман  жанрында 



жазылған  кҿркем  шығармалардың  қатары  да  кҿбейген.  Роман-

трилогиялардың  да  саны  едҽуір.  Басқаларын  айтпағанда,  жазушы  Дихан 

Ҽбілевтің  «Сұлтанмахмұт»  роман-трилогиясы  –  қазақ  ҽдебиетіндегі 

шоғыры биік айтулы туындылардың бірі. 

Жазушының  «Сұлтанмахмұт»  роман-трилогиясының  бірінші  кітабы 

«Ақын арманы» деп аталады. Кітаптың анықтамасында жазылғандай, бұл 

кітап  қазақтың  белгілі  ағартушы-демократ  ақыны  Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың  ҿмір  жолын  ҿзек  еткен.  Ақын  бейнесі,  оның  ҿмір  сүрген 

ортасы, іс-ҽрекеттері, қызметтері – роман-трилогияның басты желісі. 

Роман-трилогия жалшы-шҽкірт Сұлтанмахмұттың Баянауыл елінің мешіті 

тұсындағы  Рахметолла  қазіреттің  үйінде,  ат  қора  сыртында  «Алпамыс 

батыр»    эпосын  оқып  отырған  сҽттен  басталады.  Сұлтанмахмұт  ҿзінің 



136 

 

жалшы,  кедей  күйін  сезінеді.  Кіжінеді  де.  «Кедейшілікке  ҿшпенділік» 



ҿлеңі қағаз бетіне түседі. 

Бірақ,  ҿлеңін  қазірет  жыртып  тастайды.  Ҿлеңге  ҿш  қазіреттің  іс-

ҽрекеті  бҽрібір  Сұлтанмахмұтты  дегенінен    қайтармайды.  Оның  ҿлеңге 

деген  құлшынысын    Күлшира  есімді  жесір  қызметші  ҽйел  қолдағанымен, 

қолынан келер қолғабысы болмайды. Сұлтанмахмұт ҿзінің жазған алғашқы 

ҿлеңдеріне күмҽнмен қарайды. Ҿлеңін айтулы Мҽшһүр Жүсіп Кҿпеевке бір 

кҿрсетіп алуды армандайды. 

Роман-трилогияда  кедейшілік  ҿмір  тауқыметі  ҿте  аянышты  халде 

суреттеледі. 

Тіршілігі 

тас 

шайнағандай 



тақсыретпен 

ҿткен, 


қайыршылықпен бір түйін нанды тілеп, соны қаузаған тағдыр талайы жап-

жас бала Сейтжаппар мен соқыр анасы Қалампырдың бейнесі арқылы тым 

ауыр  бейнеленген.  Зарланған,  күңіренген  ғұмыр,  соған  кҿндіккен 

тіршіліктің болмысы,  ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласының қиын да, 

қатал тұрмысы жазушы қаламымен кҿркемдік тұрғыда кҿрсетілген. 

Шынында  да,  қатал  ҿмір,  қиындықтар  мен  жетіспеушіліктер  адам 

болмысын  тым  ҿзгертіп  жіберетіндігін  де  кҿзіқарақты  оқырман  жақсы 

біледі  дей  аламыз.  Қаламгер  кемпірдің  ҿлім  аузында  жатқан  хал-ахуалы 

былайша 

суреттеледі: 

«Оның 

үстінде 


кедейлік, 

қайғы-қасірет, 

қайыршылық – бҽрі жабылып ұсқынын ҽбден кетірген Қалампыр кемпірдің 

сау күніндегі күні адам шошырлық болатын.» [1, 13]. 

Сұлтанмахмұттың  ҽкесі  Шоқпыттың  ҿмірге,  уақыт  тынысына  деген 

ҿзіндік  кҿзқарасы  бар  екендігін  шығарманы  оқи  отырып  кҿз  жеткізе 

аламыз. «Шоқпыт (Шын есімі Ҽбубҽкір болатын) тоны келтеқолы қысқа, 

қарақасқа  кедей  болса  да,  ешкімге  сұқтықсыз,  ешкімнің  бақ-дҽулетін, 

абыройын  күндемейтін,  ҿсек-ҿтірік  дегенді  білмейтін,  момын  адам.  Бір 

сҿзді,  уҽдесіне  ҿлердей  берік,  Жаны  адал,  ары  таза  кедей.  Бір  арманы 

Сұлтанмахмұтты оқыту.» [1,21]. Жазушы бейнелеген Шоқпыттың портреті 

Махмұттың болашақта атпал азамат болып шығуына жоқтықтың қамытын 

кисе де, рухы биік ҽрі ҿр ҽкесінің оң ықпалы тигенін анық аңғарамыз. 

Сұлтанмахмұттың  ҿз  сауатын  ашып,  молдалыққа  үйретуді  ҽкесі 

Шоқпыт қаншалықты арман етсе де, қолының қысқалығы кедергі болады. 

Бірақ қазірет Рахметолла зерек Сұлтанмахмұтты тегін оқытып беруді ашық 

айтады.    Есесіне  Шоқпыт  оның  зекеттен  жиналған  жүз  елу  қойын  бағып 

беретін болады. Шоқпыт адал, қиянатсыз. Қорасы да кең. Сҿйтіп, Шоқпыт 

үш қыс бойы қазіреттің қойын қарайлап қалады. 

«Ҿлең,  ҽн-күй  –  сайтанның  ісі»  деп  білетін  қазіреттің  үйінде  бір 

жағынан  оқып,  екінші  жағынан  сол  үйдің  жұмысын  істеп  жүрсе  де, 

Сұлтанмахмұт  ҿлең  шығарумен  ҽуестене  береді.  Қазіреттің  бұрынғы 

ҽйелінен  қалған  он  тҿрт  жасар  Сҽлимашқа  арнап  ҿлең  шығарады. 

Адалдықты, ҽділдікті ҿзінің азаматтық кҿзқарасы ретінде  қалыптастырған 

Сұлтанмахмұт  шынайы  ҿмірде  қазіреттен  кҿрген  екіжүзділіктен,  бата 

бұзудан қатты жиіркенеді. Ҿйткені атастырылған Сҽлимашты бай болғаны 

үшін  басқа  біреуге,  ҿзімен  бірге  оқитын  қожа  Ахметжанның  баласы 

Ахметоллаға емес, Керекудің кҿпесіне ұзатып жібереді. Сҿйтіп, ақ бата да, 



137 

 

куҽлікке тартылған құдай да, Сҽлимаш пен Ахметолланың жас махаббаты 



да    қазіреттің  ақша  құдайға  табынуы,  оған  құл  болуының  арқасында 

құрбандыққа  шалынады.  Сұлтанмахмұт  алғаш  рет  ҿзіні-ҿзі  сын  кҿзімен 

қарап,  Алла  жолында  қызмет  етіп  жүрген  басты  адамдардың  бірі  – 

қазіреттің іс-ҽрекетінен қатты шошынады. 

Осынау  оқиғаға  негіз  болған  ҿлеңін  де  шығарады.  Онда  ақын 

Сұлтанмахмұт  былайша  толғанады.  «Адамға  азғырғанға  ермейтұғын, 

ҽдҽлетті  жақтайтұғын;  сүттей  кіршіксіз  ақтайтұғын;  арын  алтынға, 

абыройға  сатпайтұғын;  алмас  қылышпен  басын  шапқалы  тұрса  да,  қара 

қылды  қақ  жарған,  туралықтан  қайтпайтұғын,  екі  айтпайтұғын,  нашар-

момындарды қан қақсатпайтұғын жан бар ма екен? Бар болса кім? Молда 

шығар!  Кедей,  бай-қажы,  тҿре  –  бҽрі  бір болар  оған,  –    деп  ойлаушы  ем. 

Олай  емес  екен.  Жас  санам  алданып  жүр  екен.  Молда  атаулы  нашардың 

соры  екен.  Кедей  болсаң  жаназаңды  да  шығармайды  Малың  болса  жем 

кҿрген  аш  күйкентайдай    қиядан  келіп  қолыңа  қонады.  Айнуды, 

азғындықты  алдымен  молда  бастайды.  Сҿзі  оңды,  ісі  барып  тұрған  арам. 

Басқаға «Пҽлен ет!» деп бұйырғанымен, ҿз басы ҿмірі істемейді. Осындай 

молданы  ҿз  кҿзіммен  кҿрдім.  Басқаға  шариғатты  суша  ағызып,  ҿзі  бата 

бұзады.  Ахметжанның  баласына    атастырып  қойған  қызы  Сҽлимашты 

ақшалы кҿпеске екінші рет сатты. Міне, саған жұртым, айну мен азғындық 

керек  болса!  Осыны  істеп  отырған  Баянауылдың  дін  құдайы  қазірет.»  [1, 

23-24]. 

Бозбала  Сұлтанмахмұт  18  жасқа  шыққанда,  дін  иесінің  бойынан 

осындай керағар іс-ҽрекеттер мен мінез-құлықтарды байқап, тұла бойында 

қарсылық  пиғыл  оянады.  Қазірет  Рахметолланың  діни  іс-ҽрекеттерін, 

ғибадаттарын  жазушы  жан-жақты  кҿрсеткен.  Діни  амал,  ҽрекеттердің 

саналуан  қырын  да  суреттеген.  Намаз  оқу,  дҽрет  алу,  дұға  жасау,  тұмар 

жазып беру – бҽрі-бҽрі де қаламгер назарынан тыс қалмаған. 

Ал,  Сұлтанмахмұт  бұлардың  бҽрін  де  зейін  сала  орындауды  ҿз  бойына 

дарытқан-ды. 

Ҽйтсе де, Сұлтанмахмұттың болмысындағы тазалықты жазушы оның 

жақын  туысы,  дҽрігер  Аббастың  аузымен  былайша  ҿрнектейді:  «Естуім 

бар жас кҿкірегің жалын атқан қазына кҿрінеді. Жүрегіңді тозаң баспасын 

шырағым. Ҽділеттің, шындықтың перзенті бол!» [1, 34]. 

Роман-трилогияда  ислам  дініне  деген  қаламгерлік  кҿзқарас  пен 

суреткерлік  шеберлік  объективті,  шынайы  бейнеленген.  Дін  иелерінің 

кейбірінің сауатсыздығын сынаумен бірге, ҿзгелердің дінге деген ізгі ынта-

ықыласын  ешбір  боямасыз  халде  кҿрсеткен.  Мысал  келтірелік: 

«Шаңырағы  биік,  түндігі  ашық  кең  үйде  қазірет  даусы  мешіттегідей 

кҿтеріңкі,  нақышты  шықты.  Кейде  түйек-түйек  желдіре  шумақтап,  кейде 

жай қоңыр баяулатып күңірентіп, алуан ырғақ қирағатын мүлде түрлентіп, 

жұртты ҿзіне ұйыта оқыған аяты ҽлден уақытта аяқталды-ау, ҽйтеуір.» [1, 

37-38]. 


Роман-трилогияда  кейіпкерлердің  түрліше  ситуацияларда    ҿздерін 

мүлдем  басқаша сипатта кҿрсете білетін  психологиясы мен іс-ҽрекеттерін 



138 

 

табиғи  түрде    кҿре  алуымызға  мүмкіндік  беретін  эпизодтар  жеткілікті. 



Мҽселен,  Ҽбунүсіп  болыс  боларда  Мүсіркеп  бҽйбішенің    үш  баласынан 

қатты  қорқады.    Себебі  белгілі.    Ҽбунүсіп  ҿз  байлығы  деңгейінен 

қарағанда, олардан ҽлде қайда бақуатты. Бірақ ҿзіне мықты үрей келтірген 

үшеуі  бірдей  Петербургте  орысша  оқып,  білім  алып  келген  Ҽміреден, 

Теміршот  пен  Омардан  ҿлердей  қорқады.  Олар  –  білімді,  ҿнерлі,  білікті 

маман  иелері.  Ҽмірені  сондықтан  да  қызғаныштан,  кҿре  алмаушылықтан 

күн кҿрсетпей, жала жауып, елден кетіреді. Алтай асырады. 

Теміршот Петербургтегі кадет корпусын бітіріп, полковник қызметін 

иемденіп,  еліне  адал  қызмет  ету  ниетінде  жүреді.  Бірақ,  арманына  жете 

алмай  кенеттен  қайтыс  болады.  Кіші  інісі  Омар  да  о  дүниеге  аттанады. 

Сҿйтіп,  болыс  Ҽбунүсіп  ҿзінің  ішкі  алай-дүлей  пиғылын  кҿрсетпей, 

сыртқы  сабырлы  мінезбен,  қайғыра  білетін,  жүрегі  жылы  жанның  кейпін 

танытып,  жаназаға  келеді.  Тірісінде  сый-сияпат  танытпаған  Ҽбунүсіп 

қатты  қайғырған,  кҿкірегі  қарс  айрылған  жанның  бейнесінде  кҿрінеді. 

Бірақ бұл сыртқы кҿрінісі еді. Сол кездің ҿзінде ол Кҿкшағырға деген ішкі 

кегін мықтап тізгіндеп ұстап тұрған-ды. Кҿкшағыр есті, сергек, ақыл иесі 

болатын.  Оның  ҽділдігін  қызғанып  ҽрі  ҿзі  туралы  кесіп  айтар  сҿздерін 

Ҽбунүсіп ешқашанда жадынан шығармаған-ды. 

Мүсіркеп ананың кҿптің анасы екендігі оның сҿзінен де байқалады. 

Ол  –  ақыл,  парасат  иесі.  Кҿкірек  кҿзі  ашық  жан.  Сұлтанмахмұтқа  ҿз 

балаларының жылдық асын берген тұста: «Менің жан азабымды бермесін, 

жасымды берсін», «Ҿсер жігіт есер күлкіге жасымас болар, қайта ҿршелене 

түсер  болар!»  деуі  ҿмір  кҿргендігін,  кҿңілге  тоқи  білгендігін  кҿрсетеді. 

Сондай-ақ,  балалары  –  Теміршот  пен  Омарды  жоқтауға  келген  соқыр 

жырау  Ысқақбайдың  кҿпті  жылатқан  жыр  жолдарына  да  егіліп 

жыламайды.  Бұл  оның  сабырлылығы  еді.  «Жылайтын  уақыт  табылар. 

Мынау  сүйікті  ел-жұртымды  егілтпейін,  оңаша  жылайын  да  зарлайын» 

деуі – сҿзіміздің дҽлелі. [1, 43]. 

Дҽстүрлі  қазақ  ҽніне  замана  талабына  сай  ҿркениет  жемістерінің 

ҽсері  тиген  ҽндер  де  кҿркем  туындыда    кҿрініс  береді.  Ол  –  Ысқақбай 

жыраудың домбыраны шерте отырып, «Пароход» ҽнін орындауы дер едік. 

Бұл  ҽн  бұрынғы  ҽндерден  мүлде  ҿзгешелігімен  ерекшеленеді.  Ҽнде  сеңді 

бұзып-жарған  параходтың  ағысқа  қарсы  жүзген  бағыты,  пароходтың 

гудогі,  суда  тербеле  қозғалғаны,  адамдардың  дабыры,  баяулап  пристанға 

тоқтағаны күй, ҽуен ырғағымен беріледі. 

Роман-трилогияда  Ҽбунүсіп  болыс  пен  кедей  Кҿкшағырдың 

арасындағы  талас-тартыс  Ысқақбай  жырауға  қатысты  ҿрбиді.  Ысқақбай 

жырау  Ҽбунүсіп  болысқа  қатты  ашынады.  Ҿйткені,  оның  қыстан  шығар 

жалғыз  қойын  Сарбас  ауылнай  алым-салық  ретінде  тартып  алады. 

Ысқақбай  жырау  бұл  жҿнінде  Ҽбунүсіп  болысқа  шағымданғанда,  іс 

нҽтижесіз аяқталады. Патшаның алым-салығын жинаған ауылнайға болыс 

кінҽ артпайтындығын айтады. Ал, шындығында, сол жалғыз қойды болыс 

Баянауылда  оқып  жүрген  інісі  Нүркеннің  азығы  үшін  апарып  берген-ді. 

Қыстан  қиналып  шыққан  жырау  Теміршот  пен  Омардың  асында  болыс 



139 

 

Ҽбунүсіпті ҿлең жолдарымен тілгілейді. Бұған болыс кектенеді.  Болыстың 



шашбауын  кҿтерген  Ораз  поштабай  жыраудың  қолындағы  домбырасын 

тартып  алмақ  болады.  Жауырынына  қамшы  үйіреді  жҽне  бірнеше  рет 

тартып-тартып жібереді.  Жырауға жаны ашып, арашаға түскен Кҿкшағыр 

қамшының  ҿрімінен  ұстап,  оны  поштабайдың  ҿзіне  жұмсайды.  Ҽбунүсіп 

болысқа  тығылған оны  Кҿкшағыр  аямай    соғады.  Ендігіде  болыстың ҿзін 

де Кҿкшағыр қамшы астына алады. Жазушы роман-трилогияда «Кҿкшағыр 

алысқанын  аямайтын  нағыз  арыстан  сияқты.  Аңның  арыстаны  емес,  ар-

намыстың арыстан азаматы боп кҿрінеді» деп суреттейді. [1, 46]. 

Абақтыға  тоғытылған  Кҿкшағырды  қалайша  босатуға  болатынын 

ойлап,  жас  Сұлтанмахмұт  қатты  алаңдайды.  Ҿзін  кедей  шҽкірт,  ел-жұрт 

кҿзіне  еленбеген  балаң  жігіт  екендігін  сезініп  қорланады.  «Атақ  –  алыс, 

абырой  –  қашық.  Қанат  –  жас,  қадыр  –  аз»  деп  кҿңіл-күйі  жасиды  да.  [1, 

49]. 

Ал  қазірет  Рахметолланың  үй  қызметкері  болған  Күлшира  атты 



жесір ҽйел Сұлтанмахмұттың ой-пікіріне  мүлдем қарама-қарсы ой айтады. 

Ол  былай  дейді:  «–  Ойдан  не  ҿнеді,  шырағым?  Тамағыңды  іш!  Ҿзің 

жүдеусің?  Іш,  же!  Мен  айтайын  саған,  жастайыңнан  ойшыл-уайымшыл 

болғаның  жарамайды,  шырағым.  Таста  ойды,  таста!  Шүкіршілік  ет! 

Осында  келгенде  қаршадай  бала  едің,  ҿндірдей  жігіт  боп  ҿсіп  қалдың. 

Құдай  жеткізді  деген  со  да.  Молда  боласың.  Мал  табасың.  Ҽке-шешеңді 

асырайсың»  дейді.  Ҽрине,  Күлшираның  ойы  адал  ҽрі  таза.  Сұлтанмахмұт 

жігіт болып қалғанын мақтаныш етеді. Бірақ, Сұлтанмахмұттың ойы биік, 

талабы  мен  талғамы  кең  екендігін  роман-трилогияны  оқи  отырып,  кҿз 

жеткіземіз.  Сұлтанмахмұттың  ойы  жеке  бастың  қамы  ғана  емес,  елдік 

мүддемен жалғасып жатқан-ды. 

Роман-трилогияда  күрделі  ҿмірдің  терең  иірімдері,  психологиялық 

астарлары 

жазушы 


шеберлігімен, 

байқампаздығымен 

жан-жақты 

суреттелген. Мҽселен, Маматай кҿпестің бейнесін алайық. Ол  – сауданың 

адамы.  Ҽбунүсіп  болыс  белді  билермен,  байлармен,  қажы  жҽне  ҿзге  де 

ҿзінің  сҿзін  сҿйлейтіндермен  Маматай  кҿпестің  үйіне  келіп  түскенде, 

саудагер  кҿпес  құшақ  жая  қарсы  алады.  Қабақ  шыту  деген  ҽдетінде 

болмайды.  Қанша  күн  жатса  да,  реніш  білдірмейді.  Себебі  белгілі. 

Ҽбунүсіптің жанындағы бай-бағландар ҿздеріне керекті заттарды Маматай 

саудагердің дүкенінен сатып алады. Демек, сауданы қыздыратын Ҽбунүсіп 

жҽне  оның  қарамағындағылар.  Не  үшін  қабақ  шыту  керек?  Теріс  мінез 

кҿрсету – тұтынушылардан қараптан-қарап айырылу деген сҿз. 

Қазірет Рахметолла мен болыс Ҽбунүсіптің ҿзара қарым-қатынасы да 

есепке,  жеке  мүддеге  құрылған.  Керісінше  болуы  мүмкін  емес.  Бай  жҽне 

кедейлерге, яғни екіұдай қарама-қарсы қауымға бҿлінген қоғамда, сондай-

ақ  ҿмірдің  саналуан  құйтырқылығына  енді  ене  бастаған  Сұлтанмахмұт 

үшін  мұндай  кҿріністер,  ҿзінің  тілімен  айтқанда  «Бояма  ҿмір,  алдамшы 

кҿрініс,  жалған  қошемет».  Сұлтанмахмұттың    азамат  ҽрі  тұлға  ретінде 

қалыптасуы  үдерісінде  дүниеге  деген  бастапқы  ой-пікірлерінің  алғашқы 

шарпысуының  баспалдақтары еді бұл. [1, 51]. 



140 

 

Роман-трилогияда  елді  бірлікке,  ынтымаққа  шақырған  Ҽлдекей 



қарияның  аталы  сҿзі    мен  тағылымы  бүгінде  ҿзінің  мҽні  мен  маңызын 

жоғалтқан  жоқ.  Ҽбунүсіп  болыстың  жалғыз  үйлі  Кҿкшағырды  жер 

аудартпақ болған іс-ҽрекетін айыптаған Ҽлдекей қарияның сҿзінде данагҿй 

халқымыздың аса үлкен ғибраты бар. Ол былай дейді: «Ҽкім шалқар теңіз 

есепті.  Теңіз  кемеге  де  кешу  берер  болар,  қайыққа  да  есу  берер  болар. 

Дауылы  шулап,  толқыны  тулар,  қара  бұлт  қаптап,  найзағай  тҿсін  жарып 

түсіп те жатар, теңіз соның бҽріне тҿзер болар, ҽйтпесе оның несі теңіз?» 

[1, 53]. 

Ҽбунүсіп  болыс  Кҿкшағырды  патшаның  қаһарына  ұшыраған  бұзық 

деп кінҽлайды. Ал, соқыр Ысқақбайдың аузындағы ҽнін, жүректегі жырын 

дүрелегені  үшін  Кҿкшағыр  оны  елдің  сорына  туған,  қамысты  кҿлдің 

қабаны деп, кҿңілдегі берік байламын жасырмай айтады. 

Роман-трилогияның  бірінші  бҿлімінде  Сұлтанмахмұттың  азамат  ҽрі 

ақын  болып  қалыптаса  бастаған  сҽттері  Тамдыбұлақтағы  аста,  Мүсіркеп 

шешейдің  үйінде,  Ысқақбай  жырау  мен  Ҽбунүсіп  болыстың  арасындағы 

жанжал,  дарын  иесін  дүреден  қорғаған  Кҿкшағырдың  батыл  іс-ҽрекеттері 

мен кесек мінезі жҽне ҿзіне қарата айтқан «Ҿмірлі бол! Ҿлең-ҿнерің ҿмірлі 

болсын, кҿк қанат бала тұйғын!» – деген толғаулы түйінмен аяқталады. [1, 

60-61]. 

Сұлтанмахмұт  ендігіде  тҿрт  жыл  қазіреттің  қолында  алған  діни 

біліміне,  тҿңірегіне  ҿзгеше  кҿзбен,  сыни  кҿзқараспен  қарай  білуге  бет 

алады. Жас ақын Сұлтанмахмұт елі мен жұртының биікте тұрғанын қалап, 

оған адал қызмет жасауды бойына дарыта бастаған-ды. 

Жазушы  Баян  табиғатын  суреттегенде  оларды  адам  тағдырымен, 

ішкі  психологиясымен  үйлестіре  суреттейді.  Мҽселен,  тарихи  кҿркем 

шығарманың  бірінші  кітабының  екінші  бҿлімінде  Ақбеттаудың  табиғат 

кҿркіне  кҿзі  тоя  қарайтындай  суреттеледі.  Ақ  қайыңдар  түнгі  аспанның 

тҿрінде самсаған ақ жұлдыздар секілденеді. Кҿк тастарды жарып шыққан 

сары  қарағайлар  сымбатты.  Ҽлдекей  қария  сияқты  ұзақ  жасағандары  да 

бар. Сұлтанмахмұттың арманшыл кҿңілінен қанат қағып ұшқан ойлардың 

бір  орамы  қарағай  да  қайғырып  заманға  шуылдап  жатқандай  кҿркемдік 

тілмен ҿрнектеледі. 

Кейбір  қарағайлар  атаулысы  тіл  біткендей  қайғылы  үнмен  күбірлеп 

сҿйлеген  Мүсіркеп  ана  тҽрізденеді.  Жас  шілік  арманын  ақын  болашақта 

жердің  тұлғасы  болады  деп  ұлықтайды.  Тау  тҿбесінен  тҿменге  кҿз 

салғанда,  Сұлтанмахмұт  ҿзі  туып  ҿскен  Торайғыр  кҿлінің  баурайындағы 

ыстық мекені болған Шоқпыт қыстауын кҿреді. 

Ҽйтсе де, Сұлтанмахмұт ҿз үйіне келген соң қазіреттің үйінен қашып 

кеткенін, батасын алмай біржолата келгенін ҽкесі Шоқпытқа ашып айтады. 

Ҽкесімен  бетпе-бет  ҽңгімеде  ақынның  арман  тағдыры  шешіледі.  Құдіреті 

күшті  қазіреттің  айтқаны  заң  болғанымен,  оның  сҿзі  мен  ісі 

қабыспайтынын, Кҿкшағырды Ҽбунүсіпке жығып бергенін ашынған халде 

жеткізеді.  Ҿлең-жырды  жын-шайтанның,  азғынның  ісі  деп  білетінін  де 

ҽкесінің қаперіне салады. 



141 

 

«Арман кҿп. Алдым қараңғы» деген Сұлтанмахмұттың күмҽнді сҿзін 



діни ҽрі пҽндік білімдермен қаруланған Нұрғали молда сергек ойларымен 

сергітеді.  Білімді  болу  үшін  тек  діни  ұғымдармен  шектеліп  қалмай, 

тарихты, жағрафияны, жаратылысты жақсы білу қажеттігін ескертеді. ХХ 

ғасырдың    басында  қазақ  даласында  медреселерде  ендігіде  діни  білімдер 

мен  уағыздарды  насихаттап  қана  қоймай,  жаратылыстану,  тарих,  химия, 

астрономия,  математика  пҽндерін  оқыту  белең  ала  бастаған  еді.  Бұл  оң 

үдеріс  бертінде  кеңестік  жүйенің  қасаң  саясаты  нҽтижесінде  ислам  діні 

мен  жаратылыстану  ғылымдарының  үйлесімді  түрде  дамуын  күрт 

тоқтатуға  мҽжбүрледі.  Дінді  үзілді-кесілді  ҿркениет  дамуының  қас  жауы 

деп бағалау басымдыққа ие болды. 

Роман-трилогияда  Сұлтанмахмұттың  балаң  да  бозбалалық  шақтағы 

таза  махаббаты  да  ҽсерлі  суреттелген.  Сұлтанмахмұт  пен  Гүлайман 

балалық шақта Мұхан молдада бірге оқығанымен, ендігіде уақыт ҿте келе, 

бірі  жас  жігітке,  екіншісі  бойжеткен  қызға  айналып  үлгерген-ді.  Жазушы 

Гүлайманды ақ торғындай үлбіреген жүзді, қарақат кҿзді, ақ білекті, нҽзік 

саусақты,  жұқа,  қызыл  ерінді  бейнеде  суреттейді.  Сұлтанмахмұт 

Шериязданның  үйінде  жатқанда,  ұстазы  Нұрғалидан  «Дала  уҽлайаты» 

деген  газетті,  Троицкіде  сол  жылы  шыға  бастаған  «Айқап»  журналын 

кҿріп оқиды. «Менің берерімнен де, осылардың берері кҿп, Махмұт! Оқы, 

таныс.  Түсінбегенің  болса  сұра!»  деп  Нұрғали  ұстаз  жол  кҿрсетеді. 

Отырықшы  ел  болудың  артықшылығын  да  алғаш  рет  Сұлтанмахмұт  осы 

жерде кҿкірегіне берік түйеді. 

Роман-трилогияда  Сұлтанмахмұттың  білімге  деген  құштарлығы 

суреткерлік, авторлық баяндау арқылы берілген. Жас ақынның Гүлайманға 

деген  ғашықтығынан  гҿрі  оның  білімге  деген  аңсары  басымдау 

кҿрсетілген.  Жастардың  алтыбақан  құрып,  кҿңіл  кҿтеруі,  Абайдың 

«Татьянаға»  ҽнінің шырқалуы  да  танымдық  сипат  тұрғысында  ҽсер  етеді. 

Сұлтанмахмұттың  «Жан  қалқам»  ҽні  де  Гүлайманға  арналған  ғашықтық 

ҽні еді. 

Кҿрнекті  жазушы  Дихан  Ҽбілев  тарихи-кҿркем  туындыдағы  басты 

кейіпкер тұлғасын сомдауда ауқымды іс-ҽрекеттер мен саналуан мінездер 

қатысы арқылы осынау міндет үдесінен ойдағыдай шыға білген. 

 

Резюме 


 

 

В  статье  рассматривается    поэтический  и  общественно-гражданский  путь 



известного поэта Султанмахмута Торайгырова. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.  Д.  Ҽбілев.  Сұлтанмахмұт.  Роман-трилогия.  1-кітап.  Жазушы.  Алматы. 

1980 ж. 

2.  Серғазы Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен 

тарихы.-Алматы.: Білім, 2003ж.-258б.

 


142 

 

ӘОЖ 347.785 



 

Әл-Фарабидің музыкалық мҧрасы. 

 

Құттыбаева М.Т. 

«Сырдария» университеті 

 

           Ұлы  ғалым,  философ,  социолог,  математик,  физик,  астроном, 

ботаник,  лингвист,  логик,  музыка  зерттеушісі  Ҽл-Фараби  Ҽбунасыр 

Мұхаммед  ибн  Тархан  ҽл-Фараби  Оңтүстік  Қазақстан  ҿлкесінің  кҿне 

Фараби,  кейіннен  Отырар  қаласы,  Шҽуілдір  ауылында  дүниеге  келген. 

20жасына  дейін  сонда  оқып  ,  тҽрбиеленеді  де  ҿсе  келе  Шығыс  елдерін 

аралап  білімі  мен  ғылымын  дамытады.  Солардың  ішінде  араб 

халифатының  саяси-мҽдени  орталығы  Бағдатта,  Кайрде,  Алеппода, 

Дамаскіде  болып  кҿптеген  ғылыми  зерттеулер  жасайды.  Шам  шахарында 

кҿптеген  жылдар  бойы  тұрып  ғылыми  салаларды  игереді.  Фараби 

бабамыздың  асыл  ғылыми  шығармашылығы  дүние  жүзі  мҽдениеті  мен  

ғылыми  жаңалықтарына  Шығыстың  Аристотелі  деп  танылған.  Болашақ 

ұрпаққа  қалдырған  ғылыми  мұрасы,  160-қа  жуық  трактаты  біздің 

заманымызға жетті. [1.]  

         Ҽл-Фарабидің  еңбектерінің  ішіндегі  ең  шоқтығы  биігі  ол-музыка 

саласы. Негізінен алғанда, Фарабидің ҿзі -асқан музыкант, аспапта  шебер 

орындаушы болған. Ол жайлы ел арасында мынадай бір аңыз -ҽңгіме бар: 

         Шығыс  патшаларының  бірінің  сарайында  той-думан  қызып,  бек-

патша  ,  бай-манап,  қожа-молдалар  жиналып  үлкен  жиын-тамаша  құрып 

жатқан  кҿрінеді.  Оған  Фараби  де  қатысады.  Бірақ  шарап  ішіп  елірген 

қауым  Фарабиге  ілтипат  жасамайды.  Шыдамаған  Ҽбунасыр  бір  шетке 

шығып,  домбырасын  қолға  алып,  аса  бір  мұңды  күй  орындайды.  Оның 

мұңдылығы  сонша  жұрттың  бҽрі  ойын-сауықты  тастай  салып,  уайымға 

беріліп егіліп жылайды. Енді бір сҽт аса бір қуанышты, кҿңілді күйді ойнай 

жҿнелгенде  ҽлгі  жұрт  еңселерін  бірден  кҿтеріп,  балаша  билеп,  жын 

қаққандай сақылдап ойнап кетеді. Мұнан соң Фараби бір түрлі жаймашуақ 

,  бір  сарынды  қоңыр  ырғақты  күй  ойнағанда  отырғандар  музыка  ҽуеніне 

елітіп  ,  бірі  қалмай  ұйықтап  қалады.  Оларды  ұйықтатып  тастап  Фараби 

жайына жүріп кеткен екен. [6.] 

           Музыка зерттеу саласында Фараби ҽр алуан шығармаларымен қатар 

«Музыка  туралы  үлкен  кітап»  атты  кҿлемді  еңбек  қалдырды.  Бұл  жұмыс 

музыкалық  дыбыстың  сипаты  мен  құрылымынан  бастап,  музыканың 

поэзиямен  байланысына  дейінгі  музыканың  эстетикалық  –  теориялық 

принциптерін  шешуге  бағытталғын.  Музыка  зерттеу  саласындағы 

еңбектерінде  Фараби  музыканың  адамға  емдік  қасиетін,  жағымды  ҽсерін 

жан-жақты дҽлелдеді.  

            Фараби жалаң орындаушы ғана емес , аса ұлы музыка зерттеушісі , 

асқан  теоритик  болған.  Оның  «Музыканың  ұлы  кітабы»  деп  аталатын 

кҿлемді  шығармасын  бүкіл  музыка  тарихшылары  бірауыздан  музыка 


143 

 

теориясы  жайлы  жазылған  үлкен  еңбектердің  қатарына  қосуы  тегін  емес. 



Мҽселен,  француздың  кҿрнекті  музыка  зерттеушісі,  осы  еңбекті  1930-35 

жылдары француз тілдеріне аударған Р.Эрланже: «...Фарабидің бұл салада 

кейіннен  араб  тілінде  жазған  авторлардан  айырмашылығы  жер  мен 

кҿктей»  десе  ,  ағылшынның  қазіргі  музыка  зерттеушісі    Г.Фармер  : 

«Музыканың  ұлы  кітабы»  Фарабиді  орта  ғасырлардағы  музыка  жҿнінде 

жазған ең үлкен автор болды деген пікірімізді дҽлелдеп отыр» деп жазған. 

Фарабидің  пікірінше,  музыканың  ғылыми  іргетасы  тҽжірибе-бақылау  мен 

физика-математика ғылымдарының қағидаларынан тұрады, ал оның негізгі 

мақсаты мен адамның эстетикалық мұқтаждығын қанағаттандыруға тиісті, 

оның  бір  ұшы  поэзияға  тіреледі,  ҿйткені  поэтикалық  тіл  мен  музыка  тілі 

бір-біріне  етене  болып  қабысқан  кезде  музыканың  ҽсерлігі  мен  эфектісі 

күшейе  түседі,  яғни  музыка  ғылым  ретінде  математикаға  жақын  тұрса, 

ҿнер ретінде поэзияға туыстас.[3.]  

        Кейбір деректерге қарағанда Фараби шығарған ҽндер осы күнгі Иран, 

Ирак,  Түрік  жҽне  басқа  да  Шығыс  елдерінде  орындалады.  Оның  ҿзі 

жасаған «Канун», «Уд», «Қыпшақ» деп аталған аспаптары болған сияқты. 

Фарбидің  музыка  теориясына  арнап  бірнеше  еңбек  жазғаны  баршамызға 

мҽлім. «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтардың 

классификациясы», 

«Ғылымдардың 

шығуы», 

«Ғылымдардың 

энциклопедиясы»  атты  туындыларында  музыка  ғылымын  талдауға 

арналған тараулар бар. Ғалым музыка ғылымының шығуын материалистік 

тұрғыдан түсіндіреді.[5.]   

            Фараби музыка ілімін жасауда сҿз жоқ ертедегі грек оқымыстылары 

Пифагор,  Аристотель,  Евклид,  Аристоксен,  Птоломейдің  еңбектеріне 

сүйенеді.    Алайда Фараби бұл  авторлардың  идеяларын  сын  кҿзбен  қарап, 

логикалық  сарапқа  салып,  ғылымның  жаңа  жетістіктері  негізінде  қайта 

талдап  шығады.  Олардың  дұрыс-бұрыс  жерлерін  дҽл  басады.  Сондықтан 

да  Фараби  бұл  салада  гректерден  кҿп  озық  кеткен.  Мҽселен,  ежелгі  грек 

ғұламалары  аспаптарды  зерттеуді  тіпті  қолға  алмаған.  Ал,  Фараби 

музыкалық  аспаптарды  зерттеуді  тыңнан  бастап,  математика  мен 

физиканы  жетік  білгені  сонша  ,  олардың  музыка  іліміндегі  мүлт  кеткен 

жерлерін  дҽл  тауып  түзетеді,  дамытады.  «Мен  тек  музыка  ғылымын 

бағалаушы  ғана  емеспін,  музыка  ҿнерін  бағалаушыдамын,  сондықтан  да 

ертедегі  гректерге  қарағанда,  кҿбірек  зерттеуіме,  ізденуіме  мүмкіндігім 

болды»  деп  жазды.  Фараби  Шығыстың  ғылымы  мен  ҿнері  ескі  грек 

ғылымы мен ҿнерінің жай ғана кҿшірмесі болды деп кемітетін буржуазия 

ниеттес оқымыстылары бұған не дер екен.  

  Фарабидің  музыка  саласында  жазған  «Музыканың  ұлы  кітабы»  атты 

трактаты  құрғақ  музыкалық  шығарма  емес,  бүкіл  орта  ғасырлық 

ғылымдардың  сындарлы  ескерткіші.  Мұнда  ғылымның  философиялық 

мҽселелері мол қамтылған, музыканың тҽжірибелік жҽне теориялық негізін 

қалап,  музыкалық  аспаптарды  қалай  жүзеге  асыру  жолдарын  кҿрсетіп 

береді.  Нақтылы  айтқанда  ,  Фараби  теориялық  ғылым  жасаудың  үш 

шартын  қойып,  осы  шарттар  негізінде  музыка  теориясын  ҿз  бетінше 


144 

 

жаңадан  жасап  шығады.  «Музыканың  ұлы  кітабы»:  музыка  ғылымына 



кіріспе,  музыка  ғылымының  негіздері,  музыкалық  аспаптар,  музыкалық 

композиция атты үлкен –үлкен тараулардан тұрады.  

Бұл  еңбек  IY  ғасырда  –ақ  латын  тіліне  аударылып,  Европада  музыка 

ғылымының  дамуына  үлкен  ҽсер  етті.  Мҽселен,  бұл  еңбекте    музыканың 

теориясы мен практикасында қазір қолданып жүрген он екі жарты тондық 

музыкалық жүйенің бастамасы бар.    

«Музыканың  ұлы  кітабының»  бірінші  тарауында  мелодия,  музыкаға 

бейімділік,  практикалық  жҽне  теориялық  музыка,  музыканың  шығуы, 

музыкалық  білім  беру,  музыкалық  ҿнер,  сезім  жҽне  ақыл  қорытындысы, 

бастапқы  ,  негізгі  принциптер,  музыкадағы  табиғи  нҽрселер  жайлы 

айтылады.  

Екінші  тарауында  музыка  ғылымының  негіздері  жайлы  баяндаса,  үшінші  

тарауында  музыкалық  аспаптар  жайлы  айтылады.  Ал  тҿртінші  тарауында 

ырғақ, фонема жҽне фраза, тондар жайлы айтылады.  

Фараби  бұл  еңбекті  замандастарының  ҿтініші  бойынша  жазған,  оның 

себебі жайлы былай дейді: 

«Сен  ежелден  келе  жатқан  байырғы  музыка  ҿнерін  білгің  келіп,  түсінікті 

ҽрі  жеңіл  ,  жұрттың  кҿдесіне  жарайтын  кітап  жазуды  ҿтінген  едің...  Сол 

тапсырмаңды осы уақытқа дейін орындай алмай келдім. Себебі бұл мҽселе 

жҿнінде  жазған  ертедегі  ғалымдардың  еңбектерін  тегіс,  мұқият  қарап 

шығуға тура келді.  

Мен қарап шыққан еңбектерде бұл ҿнердің кейбір жақтары мүлде ескрусіз 

қалған  сияқты.  Кҿпшілік  кітаптарда  музыка  мҽселесі  ,  ҽсіресе,  оның 

теориясы  бір-біріне  байланыссыз  жазылған.  Алайда  бұл  кемшіліктер 

ертедегі  ғалымдар  қабілетінің  нашарлығынан  кетті.  Ал  енді  олардың 

музыка  жҿнінде  жазған  еңбектері  не  жоғалып  кеткен  немесе  арабшаға 

нашар аударылған болуы керек. Бұл мҽселенің олқы болып отырғанын мен 

осылай  түсіндіре  аламын.  Міне,  сол  себептен  мен  сенің  тілегіңді 

орындауды ҿзіме борыш санап, осы кітапты жаздым. »[2.] 

Музыка зерттеушісі  Ҽбунасыр Мұхаммед ибн Тархан ҽл-Фарабидің  ҽлем 

ҿнеріндегі  басты  жаңалығы  музыканың  теориясын  жасағандығында.  

Себебі осы уақытқа дейін музыка зерттеушілерінің сҿзіне сүйенер болсақ,  

«Ҽл-Фараби жасаған музыкалық теория нақты ҽрі айқын.» [4.] 

 

Резюме 



 

В  творческом  исследовании  музыки  Фараби,  наряду  с  различными  произведениями, 

оставил  «Большую  книгу  о  музыке».  В  этой  рассматривается  структура  и 

характеристика  музыкальных  звуков,  их  эстетико  –  теоретические  принципы  до  его 

взаимосвязи с поэзией. 

                                                            Summary 

 

In the creative study of music Farabi left along with various works  « Great book about 



musiс». 

 


145 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.

 



К.Кенжетаев. «Асылдар мен ардақтылар» Алматы. Ҿнер-2002. 

2.

 



Ҽ.Тҿлебаев. «Ҿнер үрдісі» 

3.

 



М.Ахметова. «Ҽн ҿнері жҽне уақыт» Алматы. Ҿнер-1993. 

4.

 



П.Момынов. «Қазақ музыкасының тарихы.» 1-том. 

5.

 



Балабеков. «Қазақтың музыка фольклоры.» Алматы. 2006. 

6.

 



Ҽ.Қоңыратпаев.,  Т.Қоңыратпаев.  «Кҿне  мҽдениет  жазбалары.» 

Алматы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет