Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80

1.  Қазақстан  Республикасының  2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму 

жоспары. 

2. Ғылым туралы» заң, 2011 жылғы ақпанның 18-і.  № 407-IV. 

 

 



 

155 

 

УДК 94(574):378 



Хан  Кене  және  Тәуелсіздік 

 

Мейірбеков М.Б. 

 «Сырдария» университеті, т.ғ.к., доцент  

 

       Қазақ  халқының  ауыр  да  қасіретті  тарихына  қарасақ,  оның  екі 



нҽрсені  ең  ұлы  мұрат,  ең  асыл  құндылық  санайтынын  кҿреміз.  Олар: 

Отан, Атамекен жер  жҽне  Тҽуелсіздік. Ел тарихындағы қазақтың бүкіл 

күресі,  арман-мұраты  мен  іс-ҽрекеті  осы  Отаны  мен  жерін  жҽне 

Тҽуелсіздігін  қорғауға  бағытталған.  Екі  жүз  жылдай  (1731-1917)  Ресей 

империясының, жетпіс жылдан астам (1917-1991) Кеңес империясының 

отары  болған,  тағдыр-талайы  ауыр  қазақ  халқына  Тҽуелсіздік 

оңайлықпен келген жоқ. Ол–«мың ҿліп, мың тірілген» (Ж. Молдағалиев) 

халқымыздың  тҽуелсіздік  пен  азаттық  жолындағы  сан  ғасырлық 

тынымсыз  күресінің,  аққан  тер  мен  тҿгілген қанының  арқасында келді. 

Қазақ халқының тҽуелсіздік жолындағы сондай ұлт-азаттық күрестерінің 

бірі  де  бірегейі  –  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  кҿтеріліс 

болатын.  

      Коммунистік идеология мен тар таптық кҿзқарас, еуроцентризм мен 

ресейцентризм  үстемдік  құрған  кешегі  кеңестік  дҽуірде  тҿл 

тарихымыздағы  кҿптеген  мҽселелер,  соның  ішінде  осы  хан  Кене 

бастаған  күрес  те  бұрмаланып  жазылып  келгені  белгілі.  Кеңестік 

тоталитарлық  тҽртіп  50  жылдары  Кавказда  тау  халықтарының  имам 

Шҽміл  бастаған  кҿтерілісін  дҽріптеді  деп  Жафарұлын  қудаласа, 

Қазақстанда  Кенесары  Қасымұлы  күресі  жҿнінде  шындықты  жазғаны 

үшін  қазақтың  атақты  тарихшы-ғалымы  Ермұхан  Бекмахановты  25 

жылға соттап, Сібірге итжеккенге айдады.  

     Тоталитарлық  жүйе  тек  тарихымызды  ғана  емес,  сонымен  бірге 

тілімізден, дініміз бен ділімізден,  салт-дҽстүрімізден  айыруға  тырысты. 

Оның  түбінде  жалғыз  үстемдік  етуші  саяси  ұйым  –  Коммунистік 

партияға  құлдай  бағынатын,  жалғыз  идеология  –  коммунистік 

идеологияға 

құлай 

табынатын, 



бірыңғай 

«социалистік 

ұлт» 

қалыптастыру саясаты жатқан болатын. 



      Кеңестік  тарихнамада  Кенесары  хан  бастаған  ұлт-азаттық  күресіне 

«феодалдық-монархиялық  қозғалыс»  деп  баға  беріліп,  оның  «халыққа 

қарсы», «орысқа қарсы» сипаты жазылып, ал хан Кененің ҿзі «бүлікшіл 

сұлтан»,  «баукеспе  қарақшы»  бейнесіне  дейін  тҿмендетіліп  келді. 

Мысалы,  бес  томдық    Қазақ  ССР  тарихының  3  томында  бұл  мҽселе  – 

«ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  феодалдық  қозғалыстар»  деген 

тақырыптың  ішіндегі  «Кенесары  Қасымов  бастаған  феодалдық 

қозғалыс»  деген  атпен  бір  тақырыпшасы  ретінде  ғана  берілген  [1]. 

Қазақ-совет энциклопедиясында да «Кенесары Қасымов– Қазақстандағы 

феодалдық-монархиялық қозғалыстың басшысы» ретінде ғана айтылады 

[2]. 


156 

 

      Еліміз 



тҽуелсіздік  алғаннан  кейін  ойдың  шідері  алынып, 

тарихымыздағы  «ақтаңдақтарымыз»  ашылып,  ол  обьективті,  шындық 

тұрғыдан  жазылуда.  Соның  ішінде  хан  Кенеге,  оның  күресіне  ҽділ 

тарихи  баға  берген  іргелі  еңбектер  жарық  кҿрді  [3].  Кезінде  тиым 

салынған  Е.Бекмахановтың  «Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  20-40 

жылдарында» деген ҽйгілі монографиясы қайта басылып шығарылып, ол 

халық  арасында  зор  ілтипатқа  ие  болды.  Елдің  елдік  санасын  оятып, 

ұлттық  рухын  кҿтеретін  бұл  оқиғаның  болашақта  да  зерттеле 

беретіндігіне  еш  күмҽн  жоқ.  Бұл  қысқа  мақаламызда  біз  де  кейбір 

мҽселелерге кҿңіл бҿлмекпіз.  

      Біріншіден,  сипаты  жағынан  хан  Кене  бастаған  кҿтеріліс,  бұрын 

жазылып  келгендей,  «феодалдық-монархиялық  қозғалыс»  емес,  ол  – 

қазақ  халқының  тҽуелсіздігі  жолындағы  ұлт-азаттық  күресі.  Бұл 

мҽселеге кеңес дҽуірінде берілген баға – «қазақты азат еткен Ұлы Қазан 

тҿңкерісі,  ұлы  орыс  халқы»  деп  есептейтін  отарлық  тұжырымдаманың, 

шынайы  ұлттық,  Отаншылдық  мүддені  тар  таптық  мүддемен,  жалған 

интернационализммен  алмастырған  кеңестік  солақай  саясаттың  қате 

тұжырымы.    Шындығында,  атақты  Абылай  ханның  ұрпағы,  қазақтың 

соңғы ханы Кенесарының қолға қару алып атқа мінгендегі ұлы мақсаты 

–  қазақ  елінің  тҽуелсіздігі  мен  азаттығы  еді.  «Кенесары  қазақтардың 

ежелгі тҽуелсіздігін қалпына келтіреміз, яғни тҽуелсіз  Қазақ  мемлекетін 

құрамыз деген ұранмен күрес жүргізген» [4]. 

      Кеңестер  Одағы  деген  ортақ  Отанның  қоластында  тоталитарлық 

жүйенің  бақылауымен  ғұмыр  кешіп  жатқан  «кіші  ұлттар»  тарихының 

жазылуында, ҽрине ұлттық, отаншылдық мүдделер кейін ысырылып, ол 

тар таптық қалыпқа салынды. Бұл жағдай хан Кене қозғалысынан айқын 

кҿрінеді.  Мҽселен,  сол  кезеңдегі  қазақ  тарихының  басты  оқулығында: 

«Кенесары  Қасымовтың  идеологиясы  оның  ірі  феодал,  хан  ұрпағы 

ретіндегі  жағдайына  ҽбден  сҽйкес  келді.  Ол  қазақ  жүздерін  ҿзінің 

мұралық  иелігі  деп  санады.  Кенесары  қазақ  халқын  да  мұраға  қалған 

меншігім  деп  қарады»[5]  деп  жазылған.  Иҽ,  хан  Кене  Ресей  үкімет 

орындарына  жазған  хаттарында  ҿзін  қазақтың  ұлы  ханы  –  Абылай 

ханның  ұрпағы  екендігін  баса  кҿрсетіп,  ал  қазақ  халқын  –  «менің 

халқым», «менің қазақтарым», «біздің ел» деп, оның сол кезеңдегі ауыр 

хҽлі  мен  бұлыңғыр  болашағына  жаны  күйзеле  жазады.  Оның  сол 

заманда  ел  хандарының  ұрпағы,  ҿзінің  де  халық  сайлаған  қазақ  ханы 

ретінде  жҽне  сол  халықтың  бүгінгі  ҿмірі  мен  болашақ  тағдырына 

жауапты  тұлға ретінде  солай  айтуына құқысы  бар  емес  пе?  Ҽрине  бар. 

Мұнда  материалдық  тұрғыдағы  меншік  емес,  дербес  елдің  халық 

сайлаған  ханы  ретіндегі  сол  елді  басқару  құқығы  айтылып  отыр.  Бұл 

жерде  мҽселе  басқада:  ұлттық  мүддені  мүлде  елемей,  тар  таптық 

мүддеге  сүйенген  кеңестік  тарихнаманың  қазақ  халқын  хан  Кененің 

«меншігіне» балауында жатыр. Қайта керісінше, Ресей империясы қазақ 

елін отарлап, оны ҿзінің басыбайлы меншігіне айналдырған жоқ па? Ал, 

хан Кене оған заңды түрде қарсы шықты. 


157 

 

     Екіншіден,  Қазақ  тарихында  осы  кезеңде  отаршылдық  езгіге  қарсы 



тҽуелсіздік жолында Кенесары Қасымұлы сияқты хан тұқымы басқарған, 

бүкіл қазақтың үш жүзін түгел қамтыған ірі азаттық кҿтерілісінің болуы 

–  заңды,  табиғи  құбылыс  та  болатын.  Бұл,  алдымен,  Ресей 

империясының  экспанциялық-отаршылдық  саясатының  тереңдеуімен 

жҽне  сонымен  бірге,  қазақ  елінің  екі  жақты  (солтүстіктен  –  Ресей, 

оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары) отарлық езгіге түсіп, ел ретінде 

саяси  дербестігінен  мүлде  айрылып  бара  жатқан  ауыр  кезеңімен 

байланысты.  Ресейдің  ұлы  патшасы  І  Петр  кезінде  Қазақ  еліне  Азияға 

кіретін  «кілт  пен қақпа» ретінде жоғары  маңыз  берсе,  кейін  ХІХ  ғасыр 

мен ХХ ғасыр басында Қазақстан «Орыс империясы тҽжіндегі ең жарық 

бриллиантқа»  айналды.  Ҽсіресе,  ХІХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында 

орыс-ағылшын бақталастығы  барысында  Ресей,  Орта  Азия  хандықтары 

жҽне  Қытай  арасында  орналасқан  Қазақстанның  аса  зор  стратегиялық 

маңызы  айқындала  түскен-ді  [6].  Ал  экономикалық  тұрғыдан, 

капиталистік  қатынастар  дами  бастаған  Ресей  үшін  қазақтың  асты  да, 

үсті де байлыққа толы кең-байтақ  даласы жҽне оның арзан шикізат кҿзі 

мен  аса  бай  рынок  ретіндегі  ролі  ҿлшеусіз  ҿсе  түскен  болатын. 

Сондықтан  осы  кезеңде  Ресей  империясы  Қазақстанды  кең  кҿлемде, 

қарқынды түрде отарлады.  

     Қазақ  халқына  ҽсіресе  патша  үкіметінің  жер  мҽселесіндегі 

отаршылдық  саясаты  ауыр  тиді.  Қазақ  жеріне  ішкерелей  қаптаған 

бекіністер салынып, халық ғасырлар бойы пайдаланып келген шұрайлы 

жерлерінен  айрылып,  шҿлейтті,  құнарсыз  аймақтарға  ығыстырылып 

жатты.  «Ата-бабаларымыз  бізге  мұра  етіп  қалдырған,  –  деп  жазды 

Кенесары  патша  үкіметіне  жазған  хатында  –  Есіл,  Нұра,  Ақтау,  Ортау, 

Қарқаралы,  Қазылық,  Оқият,  Тоғызақ,  жҽне  Жайыққа  дейінгі  жерлер 

қазіргі  патшаның  тұсында  бізден  тартып  алынып,  оларға  бекіністер 

салынды.  Енді  біздің  жерімізді  күн  сайын  басып  алып,  оған  бекіністер 

салып  жатыр.  Сҿйтіп  халықты  барынша  ашындырып  отыр.  Бұл  біздің 

болашағымызға  ғана  емес,  тіпті  қазіргі  тіршілігімізге  де  үлкен  қауіп 

туғызып отыр» [7]. Қазақ халқына орыс ҽскерлерінің талап-тонаушылық 

сойқанды  шабуылдары  да  ҿте  ауыр  тиді.  Ҿзінің  бір  хатында  Кенесары 

патша ҿкімет орындарына былай деп жазады: «1825 жылдан 1840 жылға 

дейін  олар  (жазалаушы  отрядтар)  біздің  ауылымызды  да  он  бес  рет 

шауып  кетті.  Сондықтан  біздер,  қазақтар,  мұндай  қысымға  жҽне  кісі 

ҿлтірушілікке  шыдай  алмай,  лажсыздан  басымыздың  ауған  жағына 

кҿшіп жүрдік. Бірақ сҿйтсек те бізге тыныштық бермеді... Сондықтан да 

мен  Кенесары  Қасымов  қолға  қару  алып,  ұлы  күресті  бастауға 

аттандым»  [8].  Иҽ,  бұл  шынында  да  қазақ  халқының  тҽуелсіздігі 

жолындағы ұлы күрес болатын.  

     Солтүстіктен  Ресей  отарласа,  Қазақстанның  оңтүстігін  Қоқан,  Хиуа 

хандықтары  иеленіп,  олар  да    қазақтарды  аяусыз  қанады.  Осындай  екі 

жақтан  агрессиялық  қысым  туып,  қазақ  халқына    ҿзінің  саяси 

дербестігін  біржолата  жоғалту  қаупі  туғанда,  тарих  сахнасына  хан 



158 

 

Кененің  шығуы,  оның  қазақ  елінің  болашағы  үшін  күресуі  –  заңды, 



солай болуы тиіс табиғи құбылыс болатын. 

     Үшіншіден,  хан  Кене  бастаған  қозғалыстың  негізгі  ҿзегі  –  ұлттық 

бірлік  пен  мемлекеттілік  болып  табылатындығында.  Оның    Исатай-

Махамбет,  Жоламан  Тіленшіұлы,  Жанқожа  Нұрмұхамедұлы  бастаған 

т.б.  ұлт-азаттық  кҿтерілістерден  басты  ерекшелігі  де  осы  саяси 

мақсатында  жатыр.  Егер  1836-1838  жылдардағы  Бҿкей  Ордасындағы 

кҿтерілісте  Махамбет ақынның ҿзі айтқандай, «Еділ үшін егесіп, Жайық 

үшін  жандасып»,  «Қара  қазан,  сары  бала  қамы үшін  қылыш    сермесе», 

яғни  қазақ  жері  үшін  жҽне  қазақ  халқының  ҽлеуметтік  жағдайын 

жақсартуды  басты  мақсат  етсе,  ал  Кенесары  күресінде  оларға  қоса, 

Абылай  хан  ұрпақтарының  басшылығымен  Тҽуелсіз  Қазақ  мемлекетін 

құру  идеясы  басты  орынға  кҿтерілді.  Сондықтан  да  бұл  жҿнінде 

Елбасымыз  Н.Ҽ.  Назарбаев:  «...бас-басына  босып  жүрген  қазақ  рулары 

қанқұйлы  кҿршілердің  оңай  олжасына  айналатынын,  сондықтан  да 

қоғамның  ұйысуы,  қазақ    мемлекеттілігін    қалпына  келтіру  ҿмірлік 

қажеттілік екенін нақ  Кенесары айқын түсінді. Кенесары ханның қазақ 

даласын  біріктіру  ҽрекеті  ҽбден  пісіп-жетілген  болатын»  [9]  -  деп  баға 

береді. 


     Тҿртіншіден,  хан  Кене  бастаған  ұлт-азаттық    күресіне  ҽлемдік 

деңгейдегі  ұлт-азаттық  қозғалыстардың  бірі  ретінде  баға  берілуі  қажет 

[10].  ХІХ  ғасырда  Ресей  отаршылдығына  қарсы  имам  Шҽмілдің 

қозғалысы,  поляктардың  кҿтерілісі,  Ҽндіжандағы  халық  толқуы  болса, 

сонымен 

бірге 


ҽлемде 

Үндістан 

сыпайларының 

ағылшын 


отаршыларына,  Абд-ҽл-Кадар  бастаған  алжир  халқының  француз 

отаршыларына  қарсы,  сондай-ақ    Қытайда да  ұлт-азаттық    қозғалыстар 

жүріп  жатты.  Демек,  хан  Кене  қозғалысы  да  ҽлемдік  қозғалыстардың 

бірі, ол империализмге тҽн құбылыс – отар елдердің ҿз метрополиясына 

қарсы азаттық жолындағы бұлқынысы еді.  

      Бесіншіден,  кеңестік  тарихнамада  хан  Кене  тұлғасына  жҽне  оның 

күресіне берілген «халыққа қарсы», «орысқа қарсы» деген пікірлер қате 

ҽрі  орынсыз.  Қайта  керісінше,  хан  Кене  кҿтерілісі  негізінен 

бүкілхалықтық  сипаттағы  қозғалыс  болды.  Егер  Ресей  отаршылдығына 

қарсы  Сырым  Датұлы,  Исатай-Махамбет,  Жоламан  Тіленшіұлы, 

Жанқожа  Нұрмұхаммедұлы,  Есет  батыр,  т.б.  бастаған  кҿтерілістер 

білгілі  бір  аумақпен  тұйықталса,  ал  Кенесары  кҿтерілісі  бүкіл 

Қазақстанды  қамтыды.  Рас,  хан  Кене  қайда  барса,  сол  жердің  халқы 

кҿтерілді, ҿзге аймақтағы күрес басылып қалып отырды. Дегенмен, оған 

бүкіл үш жүздің қазақтары белсене қатысқан қазақ даласындағы аса ірі 

кҿтеріліс  болатын.  Сондай-ақ  бұл  кҿтеріліске  ҿзге  ұлттардың  да 

ҿкілдері,  атап  айтқанда,  орыстар,  поляктар,  татарлар,  башқұрттар, 

қарақалпақтар, түрікмендер, қырғыздар, ҿзбектер де қатысқан [11].  

    Ал,  хан  Кененің  ҿзін  қолдамай,  оған  қарсы  тұрып,  Ресейге  қызмет 

еткен  би-сұлтандарға  келсек,  онда  мҽселе  басқа.  Хан  ондайларды 

ауылымен  қоса  шапқаны  рас.  Бірақ  ол  неге  шапты,  оған  қандай  баға 


159 

 

беруге  болады?  Бұл  сұраққа  тек  сол  кездегі  ушыққан  тарихи  жағдайды 



нақты  бағамдай  отырып  жҽне  оған  сол  заманғы  ұғым-түсінікпен 

қарағанда  ғана  дұрыс  жауап  табуға  болады.  Біріншіден,  ол  кезде 

Кенесары ханның үш бірдей майданда күресуіне тура келді: оның екеуі – 

қазақ елін теріскейден (Ресей империясы) жҽне түскейден (Қоқан, Хиуа 

хандықтары) отарлаған сыртқы жау болса, үшіншісі – сол отаршылдарға 

қызмет  еткен,  ұлттық-мемлекеттік  мүддеден  гҿрі  ҿзінің  жеке  басының 

қамын  жоғары  қойған  би-сұлтандар  болатын.  Қос  бүйірден  қысқан 

сыртқы жауға қарсы күш біріктірудің орнына, қайта ҿзіне қарсы  шығуы, 

бүл ҽрине ұлттың бірлігі мен мемлекеттілігі үшін жан аямай арпалысып 

жүрген  хан  Кененің  жанына  қатты  батты,  оны  ашындырды.  Ал,  ашу 

үстінде кейде қаттырақ кететін кездер де болады. Оның үстіне мҽселе ел 

болашағы  мен  ұлттық  мүддеге  келіп  тіреліп  тұрса.  Екіншіден, 

бытыраңқы,  ҿзінің  күнделікті  тіршілігіне  мықтап  байлаулы,  үлкен 

саясаттан  алыс  жатқан  қарапайым  халықты  жалпыұлттық  қарсылыққа 

күшпен  тарту  тек  Кенесары  қозғалысына  ғана  тҽн  құбылыс  емес.  Осы 

мазмұндағы  кҿріністерді,  мҽселен,  Солтүстік  Кавказдағы  Шҽміл 

бастаған  қозғалыстан  да  байқаймыз  [12].  Үшіншіден,  халық  сайлаған 

қазақтың  ханы  ретінде  Кенесарының  отаршылдарға  құлшына  берілген 

сатқын  сұлтандарға,  билерге  ҿктемдік  жасар  жолы  да,  құқы  да  бар-ды. 

Қай мемлекет, қай заманда болмасын ұлттық-мемлекеттік мүддеге қарсы 

болған құбылыстарға еш аяушылық білдірмеген. Ҿйткені, ұлттық бірлік 

–  кез-келген  мемлекеттің  басты  саяси  ұстанымы.  Сондықтан  сонау  ел 

басына  күн  туған  ауыр  заманда  ат  үстіндегі  хан  Кененің  кейбір  ҿзіне 

ермеген  би-шонжарларға  деген  ашу-ызасын,  кейбір  қызба  ҽрекеттерін 

осымен  түсіндіруге  болатын  шығар.  Оның  үстіне,  тҿртіншіден,  Ресей 

үкіметі  қазақтың  би-сұлтандарын  Кенесарыға  қарсы  жиі  айдап  салып 

отырды.  Қазақ  пен  қазақты,  соңында  қазақ  пен  туысқан  қырғызды  бір-

біріне  қарсы  қойды.  Бұл  патша  ҿкіметінің  қазақ  елін  бағындырудағы 

ұстанған  шебер  тактикасы,  отарлау  саясатының  ажырамас  құрамдас 

бҿлігі еді.  

     Келесі  атап  ҿтер  мҽселе,  Кенесары  қарапайым  орыс  халқына  емес, 

орыс  ҿкіметіне  қарсы  болды.  Ол  екеуінің  жер  мен  кҿктей 

айырмашылығын  ҽрине  хан  жақсы  түсінді.  Оған  дҽлел  –  Кенесары 

қозғалысына  кейбір  орыс  халқының  ҿкілдерінің  де  белсене 

қатысқандығы. 

Тарихшы-ғалым 

Е.Бекмахановтың 

еңбегінде 

Кенесарының  ҿзінің  ордасында  болған  жҽне  соғыста  тұтқынға  түскен 

орыстармен жақсы қатынаста болғаны жҿнінде қызықты мҽліметтер бар. 

Мысалы,  Кенесарыда  болған  Семей  приказчигі  Уфимцевті  хан  «қолын 

беріп жҽне басынан сүйіп» сҽлемдесіп, екеуі сҿйлескен, сырласқан. Оны 

бір апта бойы сыйлы қонақ етіп, құрметпен жіберген [13]. Хан Кененің 

ордасында болған барон У-р: «Кенесары қымбат бұхар кілемі жабылған 

үлкен сандықтың үстінде отырды. Мені кҿре салысымен, ол сандықтан 

тұрып,  маған  қол  беріп  сҽлемдесті»  -  дей  келіп,  ҿзін  жақсы  күткенін 

айтады.  «...Кенесары  менімен  жылы  сҿйлесті.  Ҽр  күні  ол  мені  ҿзіне 


160 

 

шақырып  алып,  ұзақ  ҽңгімеге  кірісетін.  Бұл  ҽңгімелердің  негізгі 



мазмұны  оның  бұған  дейін  ҿзі  жасаған  шапқыншылықтарынан  ақталу 

еді».  Хан  Кене  оған  сірҽ,  Ресейге  неге  шабуыл  жасағанын,  оның 

себептерін  түсіндірсе  керек.  «Біз  тұтқында  болған  уақытта  бізге  қатал 

қараған  жоқ»  -  деп  жазады  Кенесары  тұтқынына  түскен  орыс  солдаты 

Андрей  Иванов,  -  «...Кенесары  біздің  қожайындарымыздан  бізді 

дұрыстап  тамақтандыруды  талап  етті  жҽне  жҽбірлеуге  жол  бермеді» 

[14].  Бұдан  біз  Кенесарының  бұрын  баға  беріліп  келгеніндей,  қанішер, 

қатыгез  еместігін,  оның  адамгершілігін,  қарапайым  халыққа,  оның 

ішінде орыс халқына да қарсы болмағанын кҿреміз.  

     Алтыншыдан,  Кенесары  кеңестік  дҽуірде  айтылып  келгеніндей, 

«бүлікшіл  сұлтан»,  «жыртқыш»,  «қарақшы»  емес.  Хан  Кене  ҽрдайым 

барлық  ушыққан  мҽселені  ақылға  салып,  келісіммен,  дипломатиялық 

жолмен шешіп отыруға тырысқан. Кҿтеріліс басталардан алдын бірнеше 

рет жҽне кҿтерілістің ҽр кезеңдерінде патша ҽкімшілігіне жиі хат жазып, 

оларға  жағдайды  түсіндіруге,  істі  бейбіт  жолмен  шешуге  тырысып 

отырғаны  белгілі.  Мысалы,  хан  Кененің  Батыс  Сібір  генерал-

губернаторы Горчаковқа  жолдаған хатында былай  дейді: «Екі  иеліктегі 

халықтың  тыныш  ҿмір  сүруін  қалайтынымды  Сізге  хабарлауды  құрмет 

деп  есептеймін,  ал  Сіз  бұл  күнде  мені  қол  астыңыздағы  халықты  ҿзіне 

қаратып алуда деп күдіктенесіз, менің айтарым, қайта Сіз біздің атамыз 

Абылайға  тиісті  жерлерде  округтік  дуандар  құрып,  қырғыздардан 

(қазақтардан)  баж  салығын  аласыз,  олай  болса,  сіздер  бізді  қыспақта 

ұстап  отырсыздар,  ал  біз  бұған  наразымыз  жҽне  сіздердің  қол  астыңда 

салық  тҿлеп  ҿмір  сүру  мүмкін  емес;  мысалы,  Ресейді  басқа  бір  ел 

басқарса  қалай  болар  еді,  міне  сондықтан  бізді  де  түсініңіздер»  [15]. 

Ресейге  жазған  тағы  бір  хатында  ол:  «Біз  достық  пен  ынтымақта  ҿмір 

сүрсек,  қандай  жақсы  болар  еді»  [16]  –  деп  армандайды.  Мұндай 

мысалдарды кҿптеп кездестіруге болады. Демек, Кенесары жҽй ҽншейін 

«бүлікші»,  «қарақшы»  емес,  отаршыл  мемлекеттермен  арадағы 

мҽселелерді  дипломатиялық  жолмен  шешуге  тырысқан  ақылды 

мемлекет қайраткері. 

       Жетіншіден,  Кенесары  кҿтерілісінің  соңындағы  ең  қайшылықты 

оқиға  –  хан  Кененің  қырғыздармен  қатынасы  мҽселесіне  дұрыс, 

обьективті  баға  берілуі  жҽне  ол  туысқан  екі  халықтың  достығына 

ешқашан  да  сызат  түсірмеуі  қажет.  Кенесары  ханның  1847  жылы 

Қырғызстанға  басып  кіруі  –  оның  күресінің  ұлт-азаттық  сипатын 

ҿзгертті.  Бүкіл  қырғыз  халқын  ҿзіне  қарсы  қойып  алуы  –  Кене  ханның 

үлкен қателігі еді. Бұл қателік оның ҿзінің де ҿмірін қиды. Оның мұндай 

қателікке  ұрынуының  себептері  қандай  еді?  Біріншіден,  хан  Кене 

Жетісуға  келгенде,  ол  ҽрине  қырғыздармен  соғыс  болатынын  мүлде 

ойлаған  жоқ-ты.  Оның  мақсаты  –  оңтүстікке  кҿшкенде  азайып  қалған 

ҽскерін  Ұлы  жүз  қазақтарымен  толықтырып  жҽне  бауырлас  қырғыз 

халқымен  одақтасып  (олар  толықтай  Қоқан  езгісінде  болатын),  ортақ 

жау – Қоқанға қарсы күресіп, одан азаттық алу еді. Қырғыз тарихшысы 



161 

 

Сыдықов «Қырғызстан тарихы» атты кітабында: «Қазақ ханы Кенесары 



Ормонға  ҿзінің  ҿкілін  жіберіп,  ортақ  жауға  қарсы  бірігіп  күресу  үшін 

қырғыз, қазақ болып күш қосуды ҿтінді» [17] - жазады. Ҿкінішке қарай, 

Ресей  мен  Қоқан  арасында  сатқындық  саясат  ұстанған  қырғыздың 

Ормон,  Жантай  бастаған  манаптары  Кенесарының  ҿтінішін  қабыл 

алмай,  қайта  қырғыз  халқын  оған  қарсы  айдап  салады.  Кене  хан  арада 

болған  кішігірім  қақтығыстарды  бітім  жасап,  бейбіт  жолмен  шешуге 

қанша  тырысқанымен,  ол  жүзеге  аспады:  бітім  артынша  қырғыз 

манаптары  тарапынан  бұзылушылықпен,  қазақ  батыры  Саурықтың 

ауылын  шауып,  оны  ҿлтірумен  аяқталды.  Сондықтан  хан  Кене  ақылға 

емес,  ашуға  бой  алдырды,  ол  қырғыз  еліне  басып  кірді.  Екіншіден, 

патша  ҿкіметі  Жетісуға  генерал  Вишневский  бастаған  ҽскер  жіберіп, 

Ұлы жүз қазақтарын жҽне қырғыз халқын, оның манаптарын Кенесарыға 

қарсы  соғысуға  үгіттеді.  Сҿйтіп,  қазақ  пен  қырғыздың  арасына  от 

тастады.  Қоқандықтар  да  қырғыз  манаптарын  Кенесарыға  қарсы  айдап 

салды.  Ресей  мен  Қоқанның  бұл  зымиян  саясаты  ҿз  «жемісін»  берді. 

Үшіншіден, Ресей империясымен он жыл бойы тынымсыз соғысып, оған 

елі мен жерін алдыра да қалдыра келіп, ақырында жеңіліс табуы – оның 

жүйкесіне ҽсер етуі табиғи. Болашақтан күдері үзіле бастаған хан Кене 

терең  рухани  дағдарысқа  түсіп,  ҿмірден  түңілген,  тығырыққа 

тірелгендей болды. Осы жағдайлар хан Кененің бағытынан жаңылдырды 

жҽне оның ҿмірін қиды.  

          Қорыта  келгенде,  Кенесары  Қасымұлы  –  кейбір  қайшылықтарына 

қарамастан,  сҿз  жоқ,    қазақ  тарихындағы  ұлы  тұлғалардың  бірі.  1837-

1847  жылдардағы  Хан  Кене  басқарған  ұлт-азаттық  кҿтеріліс  –  тарихи 

маңызы зор, Отан тарихының тҿрінен орын алатын, ҽлем тарихынан да 

ҿзінің  орнын  табуға  тиісті  даңқты  оқиғалардың  бірі.  Ҿйткені,  адамзат 

баласының  ең  асыл  құндылықтарының  бірі  –  тҽуелсіздік  пен  азаттық 

десек,  хан  Кене  бастаған  бұл  кҿтеріліс  сол  тҽуелсіздік  пен  азаттық 

жолындағы  қазақ  халқының  ХҮІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  кҿтерілістерінің 

ішіндегі  ең  шоқтығы  биік,  ең  табанды,  ең  ірі  жҽне  жалпыхалықтық 

сипаттағы  күресі  болатын.  Бұл  оқиға  ел  тҽуелсіздігі  мен  ұлт  болашағы 

жолындағы  күресте  қазақ  халқының,  тіпті  барлық  түркі  тілдес 

халықтардың  ҿзара  бірлігі  мен  ынтымағы  ғана  жеңіске  жеткізе 

алатындығын кҿрсетті. 

 

Резюме 


 

В  статье  рассматривается  историческое  значение  национально-освободительной 

борьбы, возглавлявщий Кенесары Касымулы, о котором искаженно писали в советско-

тоталитарный период, а также место  Кенесары хана  в истории Казахстана

 

 

 



 

 


162 

 

Summary 



 

In  this  article  the  historical  importance  of  national  -  liberation  struggle,  being  at  the  head 

Kenesary  Kasymuly  which  distored  wrote  in  soviet  time  and  the  place  of  Kenesary  khan  in 

the history of Kazakhstan. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет