Пайдаланылған ҽдебиеттер
1.
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы 2002.
2.
Мұхтарова Энипа. Орта мектепте шығарма жаздырудың ҽдістемесі.
Канд.диссертация, Алматы, 2002 жыл.
3.
Ҽбдікҽрім Т.М. «Ҽліппе» мен «Ана тілі» оқулықтарында мҽтін түзудің
ғылыми-ҽдістемелік негіздері. Докт.диссертация, Алматы, 2007 жыл.
4.
А.Ҽлімов. Интербелсенді ҽдістерді жоғары оқу орындарында қолдану.
Алматы, 2009 жыл.
217
ӘӚЖ: 94 (574.51)
Қазақстандағы оралмандар мәселесі және олардың тарихи
Отанға бейімделу ҥдерісі
Сапармұратова Г.Т.
«Сырдария» университеті
Еліміз тҽуелсіздік алғаннан бері Қазақстан президенті
Н.Ҽ.Назарбаев «Алыстағы ағайынға ақ тілек» деген айдармен, тарихи
зобалаңдардың зардабынан тҿрткүл дүниенің тҿрт бұрышына тарыдай
шашырап кеткен қандастарымызды жер бетіндегі жалғыз ортақ
Отанымыз Қазақстанға шақырды/1/. Міне соның нҽтижесінде 1990
жылдардан бастап ҽлемнің түпкір-түкпірінен тарихи тағдырмен шет
елдерге ауа кҿшкен қазақ диаспорасы тарихи Отанына оралуда. Қазіргі
таңда да сол шеттен қоныс аударғысы келетін отандастардың саны
кҿбеймесе азайып отырған жоқ.
Бұл саясат заңдық тұрғыдан алғаш рет Қазақстан Республикасының
1992 жыл 26 маусымындағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы», «Иммиграция туралы», 1997 жылы 13 желтоқсанындағы
«Тұрғындардың миграциясы туралы» заңдарында бекітілді. Алғашқы кезде
миграциялық қатынастарды реттеу саласындағы заңдық актілердің
дамуында келеңсіздіктердің орын алғаны жҽне ол заңдардың мемлекет пен
оралмандар мүддесін қорғай алмағаны белгілі. Себебі ол заңдар уақыт
талабынан, обьективті жағдайлардан, асығыс қабылданғаны баршаға аян.
Нҽтижесінде ол заңдарға оралмандардың тарихи отанына оралуына
жағдай жасаған жҽне интеграциялық процестерді жетілдірген бірталай
ҿзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Тҽуелсіздік жылдарында кҿші-қон мҽселесінің жолға қойылуына
байланысты Қазақстан тағдыр тҽлкегімен шетелге шашырап кеткен
қандастарымызды еліне оралтуға жағдай жасап, мемлекетіміз бұл бағытта
ерекше үдерісті саясатты жүзеге асырды. 1991 жылдан бері бүгінгі есеп
бойынша елімізге 1 млн.-ға жуық этникалық қандастарымыз келген.
Бұлардың 790 мыңы Кҿші-қон комитетінің тізіміне еніп, тіркеуден ҿтіп,
оралман мҽртебесін алды. Ал қалған 200 мыңдайы ҿз күшімен кҿшіп
келгендер. 2010 жылғы қаңтардың 1-індегі мҽліметтер бойынша,
Қазақстанда 201 мың 309 оралмандар отбасы немесе 789 мың 339
этникалық қазақтар ҿмір сүріп жатыр. Отанына оралған этникалық
қазақтардың
барлығы
Қазақстан
Республикасы
заңнамасында
қарастырылған мемлекеттік кҿмектерге ие болған дейді Еңбек жҽне
халықты ҽлеуметтік қорғау министрлігі Кҿші-қон комитетінің тҿрағасы
Қабылсаят Ҽбішев/2/.
Ал 2012 жылдың маусымында Қазақстан президенті жанындағы
Адам құқықтары жҿніндегі комиссияның «Қазақстандағы оралмандар,
босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғалар» жҿніндегі сараптамалық
218
есептегі мҽліметтерінде: «1991 жылдан 2011 жылдың 1 қазанына дейін
тарихи Отанына 221,3 мың отбасы немесе 860,4 мың этникалық қазақ
елге оралды. Олардың 127,7 мың отбасы кҿші-қон квотасы бойынша,
94,2 мыңы ҿз бетімен квотадан тыс қоныстанған», - деп кҿрсетеді/3/. Бірақ
біздіңше бұл да нақты кҿрсеткіш емес. Себебі, бір ғана Ташкент облысы
Шыршық қаласы, Ангрен, Ахангаран жҽне Қыбрай аудандарынан,
«Түркістан» елді аумағынан қоныс аударып, Оңтүстік Қазақстан
аумағына шоғырланған қазақтардың ҿзі шамамен 300-400 отбасы
екендігін болжаймыз.
Бүгінде елге оралған қандастарымыз Қазақстан халқының шамамен
10 пайызын құрап отыр. Бұл кҿрсеткіш ҽрине еліміздің қазіргі таңдағы
күрделі демографиялық ахуалына да ҿң ҽсерін тигізетіндігі сҿзсіз.
Сондай-ақ олар ондаған жылдар бойы бҿгде ортада отырғаннан кейін сол
жергілікті ортаның мҽдениет элементтерін сіңдіруі де заңдылық. Бірақ
тарихи Отанынан жүздеген, ондаған жылдар бойы сырт жүрсе де, ҿзінің
ұлттық мҽдениетін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып атадан балаға
мирас етіп, этномҽдени мұраларының қалпын бұзбай келе жатқан ұлттық
нақыштағы дҽстүріміз, ҿнеріміз қазақ мҽдениетінің кейбір ұмыт бола
бастаған тұстарын толықтырып, жандандыруда. Сондықтан дҽстүрлі
мҽдениетіміздің жұрнағын таратушы қандастарымыздың ұлттық
мұраларының сақталуы мен ҿзгерісін, тарихи Отанға қоныстану
үдерісіндегі жергілікті ортаға бейімделу мҽселелерін, олардың еліміздің
саяси, ҽлеуметтік, мҽдени дамуындағы ролін зерттеудің маңызы зор. Олай
болса, басқа халықтар ҽлемінде ҿмір сүрген қазақ диаспорасының ұлттық
болмысын, мҽдени мұраларын зерттеу арқылы ұлттық идеяны
қалыптастырып, қазақ халқының біртұтастығын қамтамасыз ете аламыз.
Егер «оралман» терминіне тоқталатын болсақ, дүниежүзілік
практикада бұл термин белгісіз жҽне басқа елдерде қолданылмаған.
Қазақстандық тҽжрибеде бұл термин «отандастар», «репатрианттар» деген
терминдердің баламасы ретінде қолданыла бастады. Жалпы басқа
елдердегі этникалық азшылықты құрайтын қандастарымызды «диасрора»
деп атаймыз. Ал шегаралық межелеу кезінде кҿрші Қытай, Монғолия,
Ресей, Ҿзбекстан жерінде қалып қойған этникалық қандастарымызды
О.Нечипоренконың терминімен «ирридент» деп атауымызға болады/4/.
Сонымен оралмандар – Қазақстан тҽуелсіздік алғанға дейін басқа елдерде
тұрақты тұрып жатқан жҽне Қазақстанға тұрақты ҿмір сүру мақсатында
келген шетелдік, азаматтығы жоқ қазақ ұлтының ҿкілдері.
Миграция жҽне демография агенттігінің мҽліметтері бойынша
дүниежүзіндегі қазақ ұлтының ҿкілдері шамамен 13 млн. адамды құрайды.
Этникалық қазақтардың үштен бірі ҽртүрлі жағдайларға байланысты
Қазақстан тысқары жерлерде ҿмір сүріп жатыр. Олардың шамамен 2
миллионы тарихи отанына қайтуға дайын. Қазақстан диаспоралары
ҽлемнің 40 елінде тіркелген. Біздің қандастарымыздың кҿпшілігі
Қытайда - 1,3 млн., Ҿзбекстанда - 1 млн., Ресейде – шамамен 900 мың адам
ҿмір сүріп жатыр.
219
Тарихи Отанға қоныс аударушылардың ішінде саны жағынан
бірінші орында – Ҿзбекстаннан келген оралмандар болса (60,5%), екінші
орында – Монғолияан келгендер (13,3%), үшінші орында – Қытайдан
(10,3%), тҿртінші орында – Түркіменстаннан (7,8%) жҽне бесінші орында –
Ресейден келген қазақтар құрайды/5/.
Қазіргі кезде Қазақстанның барлық ҿңірлері мен облыстарында
оралмандар тұрып жатыр. Олардың басым бҿлігі, яғни 121 131 Оңтүстік
Қазақстан облысында тұрады. Бұл кҿрсеткіш шамамен Қазақстанда тұрып
жатқан барлық оралмандардың 26 пайызын құрайды. Екінші орында
оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын бҿліп кҿрсетуге болады.
Мұнда оралмандардың 61 737 немесе 13 пайызы тіркелген. Алматы жҽне
Жамбыл облыстарында 60 770 жҽне 49365 оралман орналасқан.
Оралмандар аз кҿшіп келген аймаққа Батыс Қазақстан, Атырау облыстары
жҽне Алматы мен Астана қалалары жатады/6/.
Мұндай қоныстандыру жағдайы ҽр түрлі факторлармен
айқындалады. Айта кетсек, квота нақты ҿңірлік бҿлініске бағытталған,
сондықтан да ол оралмандардың ҿмір сүру шекарасын шектейді. 1990
жылдары квота кҿбінесе Солтүстік Қазақстанға бағытталған болатын.
Оралмандардың ең басты ҿзекті мҽселенің бірі жергілікті Қазақстан
тұрғындарының оларға деген кҿзқарасы болып табылады. «Ҽлеуметтік
Технологиялар орталығы» деп аталатын тҽуелсіз аналитикалық
құрылымның зерттеулері бойынша оралмандарға деген сыни кҿзқарас
тҿмендегідей:
Жергілікті тҧрғындардың оралманарға қатысты пікірлері
Аймақтар
жақсы
шыдамда
немқұрайлы
нашар
Солтүстік
28,8
34,6
24,2
5,6
Оңтүстік
42,5
19,7
15,4
7,4
Батыс
46,4
13,7
23,6
4,8
Шығыс
26,6
18,4
24,6
17,2
Орталық
31,0
28,4
29,0
10,6
Алматы
28,2
33,4
18,1
16,1
Қазақстан
34,0
25,0
22,5
10,1
Кестеден кҿргеніміздей оралмандар үшін ең қолайлы аймақ – батыс
жҽне оңтүстік ҿңірлер болып отыр. Бұл жерде атап айтар бір жағдай Батыс
жҽне Оңтүстік Қазақстан облысына қоныстанушы оралмандар негізінен
Ҿзбекстан
Республикасынан
келушілер.
Олар
кезінде
тарихи-
географиялық шегараныың дұрыс межеленбеуінен басқа мемлекеттің
территориясында қалып қойған қандастарымыз. Жҽне шығу тегі жағынан
ру-тайпалық,
туысқандық
байланыстары
тығыз
дамып
жатқан
бауырларымыз.
220
Жергілікті респонденттердің оралмандарға мінездеме беріп қандай
сипаттама біліретіндігіне де кҿңіл аудара кету ҿте маңызды. Аталған
зерттеулер кҿрсеткендей оралмандардың ҽлеуметтік статусына
респонденттер түрліше ой білдірген.
Жергілікті тҧрғындардың оралмандары сипаттауы
Сипаттамалар
%
Олар ҿз отанының шынайы патриоттары
11,8
Олар қазақ мҽдениеті мен салт-дҽстүрін ұстанушылар
13,7
Олар жағдайын жақсартқысы келгендер
25
Олар республиканың толық құқылы азаматтығын алған аамдар
8,3
Олар тек мемлекеттің кҿмек күтетін адамдар
14,8
Олар Қазақстанда үміті ақталмағандар
5,7
Олар экономикалық жҽне ҽлеуметтік-мҽдени тұрғыдан
адаптация ете алмайтындар
4,8
Кестеден кҿріп отырғанымыздай қазақстанықтардың тҿрттен бір
бҿлігінің қоғамдық санасында сырттан келген қазақ ағайындардың
«жағдайын жақсартқысы келгенер» қатарына жатқызғаны кҿңлге кірбің
оятары ақиқат. Бұндай пікірді ҿзгерту үшін жергілікті халық арасында
түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі кҿрініп тұрғандай.
Қазіргі таңда ҽлемде тұратын қазақтардың 7-8 пайызы ғана
елімізге кҿшіп келді. Кҿштің басы болған соң оларды жоспарлы түрде
қалай орналастырды, қоныстандырды деген мҽселе маңызды. Олардың
ішінде шетелден келіп жатқан оралмандарды нақты қандай территорияға
қоныстандыру керектігіне байланысты мемлекеттік концепция жоқтың
қасы. Тек геостратегия жҽне мемлекеттің қауіпсіздігі үшін солтүстік
аймаққа қоныстандыру бағыты ғана тұрақталған. Қазақтану саясатын
жүргізу біздің мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып табылуы қажет.
Оралмандарды қоныстандыруда тҿмендегі негізгі бағыттарды қамтуы
тиіс:
1.
Солтүстік Қазақстанға сырттан келген репатрианттарды
орналастырудың қажжеттілігі;
2.
Қоныстанып жатқан қазақ-репатрианттарын республикамыздың
шекаралас аймақтарына қоныстандыру;
3.
Оралмандардың жүзіне, рулық-тайпа, туысқандық қатынасына
сҽйкес қоныстандыру;
4.
Репатрианттарды Қазақстан территориясындағы қолайлы
ҿнеркҽсібі дамыған қала немесе қалашықтарға қоныстандыру;
5.
Отандастарымызды демографиялық азаюшылыққа ұшыраған
территорияларға қоныстандыру;
6.
Оралмандарды Қазақстандағы кен орындары бар жерлерге
орналастыру.
221
Қоныстандыру туралы мемлекеттің нақты стратегиясы мен
бағдарламасының болмауының нҽтижесінде кҿптеген оралмандар зардап
шекті. Материалдық жҽне моральдық тұрғыда қиыншылықтарға
ұшырады. Мемлекеттік кҿші-қон саясатының немқұрайлы жүргізілу
салдары бүгінгі күні үлкен мҽселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда репатриант қазақтардың тарихи отанына оралуы
халқымыздың сан жағынан ҿсуіне ҽсер етіп, демографиялық жағдайды
жақсарта түсуде. Егеменді еліне оралып, азаматы атану, ата-жұот
топырағын түлету, елін кҿркейту оралмандардың басты арманы.
Шетелден этникалық қазақтарың иммиграциясы халық санының
артуына жҽне жалпы сандағы байырғы халық үлесінің артуына септігін
тигізері анық. Сонымен қатар қай жерге қоныс ауарса да сол этникалық
топ басқа ұлт ҿкілерімен тығыз қарым-қатынасқа бара отырып, рухани
жҽне материалдық құндылықтармен алмасаы, басқа ортаның кейбір
этникалық мҽдениет ерекшеліктерін қабылдайды. Олай болса, тарихи
Отанына оралған қандастарымыздың ҿзіндік мҽдени ерекшеліктеріне
үрке қарамай, олардың мҽдени ҿзгерістеріне де түсіністікпен қарауымыз
керек. Ал кей жағдайда оларың бір тобы қаймағы бұзылмаған
халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша қасиеттерін тірілтуге, ҿткеннің
ҿнегесінен үйретуге баулыйтын қоғам қайраткерлері, ақын жыршылары,
кҽсіпкерлері де оқ емес. Сондықтан, елге оралған отандастарымызды
бауырмалдылықпен қарсы алып, олардың ҿз елінде ҿгейсімей,
ортамыздан орын тауып, елге сіңісті болып кетуіне жағдай жасауымыз
қажет.
Резюме
Рассмотрены положения оралманов являющихся одним из важнейших проблем
современной политики департамента миграций Республики Казахстан. Обсуждены
проблемы приезда расположения оралманов их социально-экономические проблемы и
взгляды местных жителей к оралманам.
Summary
The positions considered of repatriates, which is one of the most important problems of
modern politics of the Department the migration of Republic Kazakhstan. The problems
discussed of arrival, the locations of repatriates, their socio-economic problems and the views
of local residents to repatriates.
Пайдаланған ҽдебиеттер
1.Назарбаев Н.Ҽ. Құшағымыз бауырларға айқара ашық.//Дүниеүзі
қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.-8 б.
2.http://www.inform.kz/kaz/article/2258590
3.Б.К.Қалшабаева, А.С.Сейсенбаева. Алматы облысындағы оралмандар:
саны жҽне тарихи отанға бейімделу үдерісі.//ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих
сериясы. №1, 2013. 107-б.
222
4. Политика возвращения и интеграции оралманов в Казахстане.
5. Б.К.Қалшабаева, А.С.Сейсенбаева. Алматы облысындағы оралмандар:
саны жҽне тарихи отанға бейімделу үдерісі.//ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих
сериясы. №1, 2013. 110-б.
6.Исаева А.И., Жайлыбаев Д.Ж. Оралмандарды қоныстандыру мен
орналастырудың этникалық ерекшеліктері мен басым бағыттары. //ҚазҰУ
Хабаршысы. Тарих сериясы. №2, 2013. 120-б.
ӘОЖ 811.512.122-92
«Ӛзім» саяси концептісінің тілдік табиғаты
Сейлиханова Н.К.
«Сырдария» университетінің магистранты
Саяси коммуникацияда билік концептісінің айналасына «президент»,
«үкімет», «оппозиция», «халық» лексамалары жинақталатыны белгілі.
Концептілердің семантикалық табиғаты, құрылымы саяси дискурстағы
жағдаяттарды айқындайды. Ол жағдаяттар концептілерді «ҿзім» жҽне
«ҿзге» топтарына жіктеуге мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеулерде «Ҿзім» концептісі – оппозиция, «Ҿзге» - билік
жақтастары деген ұғымды білдіреді» деп тұжырымдалған [1, 19]. Саяси
дискурста оппозиция деп танылатын «ҿзім» бинарын зерттеушілер ҽр
қырынан қарастырған.
Лингвосаясаттануда «ҿзім-ҿзге» концептісі антилексикалық, яғни
«дос-дұшпан» тізбегін құрай отырып, саяси ҽлемнің ерекшелігін, кез
келген моральдық, экономикалық, этникалық т.б. немесе ішкі саяси
қарама-қарсылықтарды белгілейді. Егер бұл жүйе саяси принциптиерге
сҽйкес келген жағдайда адамдар тобын шартты түрде «дос-дұшпанға»
ажыратады. Бұл екі топтың айырмашылығын К. Шмит былайша
түсіндіреді: «смысл различения друга и врага состоит в том, чтобы
обозначить высшую степень интенсивности соединения или разделения,
ассоциации или диассоциации. Не нужно, чтобы политический враг был
морально зол, не должен он непременно оказаться хозяйственным
конкурентом, а, можеть быть, даже окажется и выгодно вести с ним дела.
Он и есть именно иной, чужой» [2, 40].
Саяси лингвистикада «ҿзім» концептісі оппозицияның билікке деген
кҿзқарасы, бағалауы деп түсіндіріледі. Дегенмен баспасҿз мҽтінінен
жинақталған деректерге қарап, бір ғана оппозицияны «ҿзім» деу кҿп
жағдайларға сҽйкес келе бермейді. Саяси ҽлемде оппозицияның,
биліктегінің де ҿзіндік «мені» жҽне «ҿзгені» бағалау пайымы біркелкі
емес. Ендеше «ҿзім» концептісіне концептуалдық талдау жасап, ондағы
концептілердің жасалу жолдарына тоқталайық.
«Ҿзім» лексемасына тіл білімінің түсіндірме сҿздігінде мынадай
анықтама берілген: «1. Ҿз қара басының ғана қамын кҿздейтiн, ҿз мүддесiн
223
қоғам мүддесiнен жоғары санайтын. Бастық ҿзiмшiл болса коллективтiң
соры (Сағанаев). 2. ауыс. Ҿр кҿкiрек, менмен, тҽкаппар. Аудан басшысы ҿр
кҿкiрек ҿзiмшiл жiгiт (Досжанов). ҾЗІМШІЛДІК. 1. Жеке басының
мүддесiн кҿздеушiлiк, ҿз пайдасын ойлаушылық. Құрсын-ай, ҿзiмшiлдiк
деген қандай жаман едi (Салғарин). 2. Ҿр кҿкiректiк, менмендiк,
тҽкаппарлық. Ҿзiмшiлдiк, мансапқорлық - қоғамға жат мiнез.
ҾЗІМШІЛДЕУ. Ҿр кҿкiректеу, менмендеу, тҽкаппарлау. Бҽтес ҿзiмшiлдеу,
ҿкпешiлдеу (С.Мұқанов)» [3, 342].
Кез келген тіл элементтері белгілі бір деңгейдегі тұратыны секілді,
«ҿзім» концептісінің де жасалу, берілу, сипатталу жүйесі, формалары бар.
1. Ҿзім тізбегін құраушы элементтер газет тілінде заттанған сын есім,
сан есім, есімше, етістіктер арқылы беріліп, бағалаушының адресантқа
деген лебізін анықтайды. Мысалы, Әлем экономикасын қамтыған ауыр
дағдарыстан да біздің еліміз осы Ата Заңның әділдігі, Елбасымыздың
көрегенділігі мен даналығы арқасында ӛтіп келеді
(«
Егемен Қазақстан»,
17.10.11). Нұрсұлтан Әбішұлы бір елдің ғана қорғаушысы, жақтаушысы
болып қана қойған жоқ («Егемен Қазақстан», 26.01.11). Қоғам
белсенділері Ақжанат Жиенов, Естай Қарашев халықтың жоғын
жоқтаймыз деп, қанша зардап шекті?! («Дат», 25.10.12) т.б.
Сҿйлемдердегі
қорғаушы,
жинақтаушысы
деген
лексемалар
биліктегілердің «ҿзім» сипатын танытса, қоғам белсенділері оппозиция
ҿкілдері іс-ҽрекетінің нҽтижесі. Мҽтін авторы құндылықтар межесін сақтай
отырып, ҿзінің жақтастары туралы баяндағанда, оң, жағымды мҽндегі
бірліктерді молынан қолданады.
Газет мҽтініндегі концептілер мазмұны мҽтін субьектісінің оқиғаға,
құбылысқа,
іс-ҽрекетке
деген
бағалаушылық,
дҽйектеушілік,
эмоционалдылық категориясынан туындайды. Бұл ретте ғалымдар
бағалауды қарым-қатынасқа тҽн публицистикалық универсалий қатарына
жатқызады. Е. М. Вольф субъектінің объектіге бағытталған бағалауыштық
қатынас
белгілерін
эмотивтік,
эмоционалдық,
рационалдық,
аффектілік [4] деп бҿліп кҿрсетеді. «Эмоционалды бағалау субъектінің
объектіден алған ҽсерінен туындайды да, ҽртүрлі эмотивтер (одағайлар,
кҿңіл күй одағайлары) арқылы кҿрініс табады. Ал рационалды бағалау
субъектінің назарына түскен объектіге жағымды, жағымсыз, орынды-
орынсыз, қолайлы-қолайсыз, икемді-икемсіз т.б. деп сипаттай баға
беруінен кҿрінеді» [5, 172].
«Ҿзім» концептісі табиғатына негіз болатын бірліктер қабыса
байланысқан тіркестерде кҿрініс табады. Мҽселен, Бәрін жергілікті
мердігерлер атқарды («Егемен Қазақстан», 21.10.11). Осындай баға
жеткісіз еңбек сіңірген Нұрсұлтан Әбішұлы тәжірибелі капитан тәрізді
ӛзінің кемесін жарқын мақсатқа, бейбітшілікке, тұрақтылық пен
ӛркендеуге қарай бастай беруі тиіс деп есептеймін. Нұрсұлтан Назарбаев
– Ұлы Даланың ұлы реформаторларының теңдессіз рухани мұрагері
(«Егемен Қазақстан», 06.01.11). Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған,
аумалы-тӛкпелі кезеңде Президент Нұрсұлтан Назарбаев – аса көрнекті
224
реформатор және әлемдік ауқымдағы ірі саясаткер ретінде бүкіл әлемге
танымал болды («Егемен Қазақстан», 07.01.11). Жергілікті мердігерлер,
тәжірибелі капитан, ухани мұрагер, кӛрнекті реформатор концепті
мазмұнын ашудағы негізгі сҿз тіркестері автордың саяси тұлғаның
қасиетін кҿрсетудегі лингвистикалық тҽсілі жҽне оқырманның, автордың
бағалау категориясы. Бағалау категориясы түрлі жағдайда жүзеге асады.
Медиалингвист Қ.Есенова субъекті тарапынан берілетін имплицитті түрде
бағалаудың үш түрін дҽйектеген. Олар:
1.
Газет мҽтінінде баяндалып отырған оқиғаға субъектінің қатысы
жоқтығын кҿрсету мақсатында ол, олар есімдіктері қолданылады (санайды,
қарастырады). Мысалы, Қазақстан ұлттық және рухани лидер бар. Ол –
Нұрсұлтан Ҽбішұлы Назарбаев («Егемен Қазақстан», 26.01.11).
2.
Газет материалына арқау болған оқиғаға субъектінің мүлдем
қатыссыздығын кҿрсету үшін жақсыз конструкциялар қолданылады
(ҿкінішке орай, шын мҽнінде, солай деп тану керек). Мысалы, Оның
мҽртебелі ауыр жүгін Ғалымжан тектес арлы азаматтар ғана кҿтере
алса керек («Жас Алаш», З1.03.0).
3.
Бағалауды жүргізіп отырған субъектіні тасада қалдырып, тек
бағаның ҿзін беруді мақсат еткенде ырықсыз етіс формасының
қатысуымен жасалған конструкциялар қолданылады (жасалады, назардан
тыс қалдырылады, іс-ҽрекет тоқтатылады [5, 176]. Мысалы, Билік
құрамында жүріп құлтемірше бас шұлғудан жалыққан Жармахан
Тұяқбай, Әміржан Қосанов, Болат Әбілов сынды қайраткерлер кәріне
мінгенде шенеуніктер былай тұрсын, Елбасының ӛзін есін шығаратын
сындарды айтып салады («Қазақстан Заман», 12.01.12)
Біз концепт деп танитын тілдік тізбектер, олардың семантикалық
қабаты түрлі форамада кҿрініс табады. Тіл біліміндегі кҿпшілікке белгілі
форма – тілдік перифразалар. «Перифраз дегеніміз – затқа, ұғымға
анықтама, түсінік беру емес, оған ат, атау беру (номинация). Ат бергенде
жай ғана ат емес, бейнелі атау; заттың, құбылыстың басты белгісін немесе
оған тҽн ерекше қасиетін суреттеп, бейнелеп беретін тіркесті атау (сҿз
орамы немесе тұрақты сҿз тіркесі)» [6, 25]. Осы анықтаманың негізінде
ғалымдар қоғам тақырыбына қатысты тілдік перифразаларды лексика-
семантикалық топтарға бҿледі: ел, мемлекет, республика, жер, су,
құрылық, қала, уақыт, мезгіл, тарихи оқиғалар [6, 105-110]. Баспасҿз
мҽтінінен жинақталған материалдарда «президент», «билік», «оппозиция»
т.б. концептілердің табиғатын аша түсетін тілдік перифразаларды
кездестіреміз. Мысалы, Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы. («Егемен
Қазақстан», 22.01.11). Нұрсұлтан Әбішұлы шын мәнісінде ұлттың
Көшбасшысы, елдің үмітін ақтаған, арманын алға апарған қайраткер
(«Егемен Қазақстан», 07.01.11). Алтынбек – қазақ тарихында алтын
әріппен жазылып қалған тұлға («Дат», 23.02.11). Ел тірегі, ел намысы,
қайраткер, алтын әріппен жазылып қалған тұлға тілдік перифразалары
танымдық мағыналардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Автор
саяси тұлғалардың қасиетін бейнелеуде тіркесті атауларды тиімді
225
пайдаланып тұр. Алғашқы сҿйлемдегі сҿз тіркестері билік тобындағы
«ҿзім» болса, екіншісі қарсыластардың ҿзіндік «мені». Бұл тұста
ақпаратты беруші автор саяси жағдайды уақыт мерзіміне сҽйкестендірген.
Ел тірегі, ел намысы деген ойды жеткізуші сҿйлем осы шақ формасында
берілуі, іс-ҽрекеттің ҽлі күнге жаслғасып келе жатқанын білдірсе, екінші
сҿйлемдегі ҽрекет ҿткен шақ формасында қолданылып, саяси қоғамда
ҿзіндік із қалдырған, ҿмірден озған тұлғаның сапалық қасиеті, оның
келешектегілер үшін үлгі болатынын баядап тұр. Оқиғаның ҿтуіне
байланысты икемделетін сҿйлемдер журналист тарапынан орынды
қолданылған.
Саяси
таным
құрылымын
аудиторияға
бейнелі
жеткізуде
қолданылатын ең ұтымды тҽсілдердің бірі – метафора. Когнитивтік
феномен ретінде танылған метафораның аталымжасалуындағы маңызы
туралы Б.Қасым: «Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен
ҿтіп тек ұғымға атау беру қызметіне кҿшеді» [7] - деп тұжырымдайды. Ал
А.С. Сыбанбаева «Қазақ тіліндегі концептуалдық метафораның қызметі»
деген зерттеу еңбегінде: «Танымдағы ҽрбір жаңалық тілдің қорын
кеңейтіп, оның қорына жаңа метафораларды қосады. Тіл ҿзінің даму
жолында ҽрдайым үнемді жҽне нҽтижелі тҽсіл – метафоралану арқылы
дамиды» – дей келе, «Адамның ақыл-ойы салыстыруға келе бермейтін
семантикалық концептілерді (ұғымдарды) салыстырудың нҽтижесінде
метафора туындайды. Сондықтан метафораның жасалу механизмін зерттеу
– адамның ойлау процесін зерттеу деген сҿз» – деп, ой түйеді [8,16-21].
Визуалды ақпарат ҽлеміндегі саяси метафоралар жоғарыдағы
дҽйектемелерге сҽйкес беріледі. Оны баспасҿз материалдарындағы
мысалдардан анық байқай аламыз. Мысалы, Біздің Елбасымыз –
адамзаттың Тәурат заманынан кӛкірегінде аялап келе жатқан сол асыл
арманын жүзеге асыруды бастаған адам. Семсерден соқа соққан
саясаткер («Егемен Қазақстан», 23.10.11). Нұрсұлтан Әбішұлы – Ұлт
көшбасшысы. Көріпкелі. Ұлт намысының қамшыгері... Н. Назарбаев –
адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын,
әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл
ӛнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының
бірнеше ұрпағын ӛсіріп келе жатқан тәлімгер деген сӛздері еріксіз ойға
оралады. («Айқын», 1.12.12). Демек, Қазақстандағы демократияның
беломыртқасы – қазақтілділер («Жас Алаш», 29.03.05). Әзірге «Ұлы
дала» қозғалысының алдына түсіп «Қырандар» қырағылық танытты
(«Жас Алаш», 18.10.11).
«Ҿзім» концептісін тізбектейтін лингвистикалық белгілердің бірі –
Достарыңызбен бөлісу: |