Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80

 

ОӘЖ 394.46 

 

«Қазақ» атауының шығу тегін зерттеулер негізінде ғылыми 

талдау 

 

Рустемов  С., т.ғ.к.   



  магистрант Туребаева М.Ы. 

 

Жалпы  халықтық  «қазақ»  атауының  тарихы  Қазақстанның  батысы 



мен шығысын мекендеуші байырғы тайпалар тарихымен байланысты. Бұл 

тұста  Қазақстанның  оңтүстігі  бҽрінен  гҿрі  Сырдария  ауданы 

байланыстырушы ҿткелек территория болды. Міне, сондықтан да қазақтар 

этногенезі  үшін  бұл  аудандардың  материалдық  мҽдениетін  зерттеудің 

ерекше мҽні бар. 

Н.Аристов  қазақтардың  этникалық  құрамын  талдай  келіп,  қазақ 

жүздері  құрамына  енген  кҿптеген  тайпалардың,  мысалы,  қаңлы,  дулат, 

тағы басқа да тайпалардың біздің жыл санауымызға дейін белгілі болғанын 

айтады,  сҿйтіп,  қазақ  халқының  ерте  уақытта  шығуы  туралы  тұжырымға 

мүмкіндік жасайды [1].  

Н.Харузин  бұл  сипаттас  қорытындыға  үзілді-  кесілді  қарсы  шығады. 

Ол  қазақ  халқы  «түркі-моңғол,  моңғол-түркі  жҽне  басқа  да  тайпалардың 

ала-құла  қиындысын  тігудің»  нҽтижесін  кҿрсетеді»,  дейді  де,  ҿз 

мақаласын: «Біз киргизияға бұл сҿздің қазіргі мағынасында, ХҮ ғасырдан 

арғы  жерде  шықты  дегенді  таңуға  ешқандай  негізіміз  жоқ»  деген 

тұжырыммен бастайды[2]. 

  Бізге белгілі қазақ халқы ҿзінің тайпалық құрамында кҿптеген ежелгі 

тайпалар  мен  халықтардың  ықпал  ізін  сақтап  қалған.    Осы  себепті  де 

Радловтың:  «Қазақ  халқы  түркі,  моңғол,  тіпті,  «кавказ»  (нҽсілдік  мҽнде) 

тайпаларының араласу нҽтижесі»,- деген пікірімен белгілі дҽрежеде санасу 

да керек.  Бірақ Радлов қазақ тарихында кҿне дҽуірден бастап-ақ кҿрінген 

жекелеген  тайпалардың  мұрагерлігі  дегенді  мойындай  отырса  да,  ол 

қазақтардың кейініректе құрылуы туралы пікірді, негізінен бұл құрылудың 

басы ретінде соңғы моңғолдық элементті құптауға бейім. 



198 

 

  Бұл 



сияқты  пікірлер  қазақтардың  негізгі  кҿпшілік  бҿлегі 

Қазақстандағы  байырғы  тұрғындармен  тікелей  байланысы  жоқ  болды 

дегенге  сол  сияқты  моңғол,  түркі  нҽсілдері  барынша  бергі  дҽуірдегі 

келушілер, 

қосылушылар 

болмай, 


қазақ 

халқының 

этникалық 

субстратының алғашқы негізі болды дегенге тіпті де дҽлел бола алмайды. 

  Сҿйтіп буржуазиялық ҽдебиетте егер «қазақ» терминінің ежелгілігін 

мойындаса,  мұны  этникалық  ұғымда  емес,  географиялық  ұғымда 

мойындайды. Олай болса, біздің міндетіміз «қазақ» терминінің этнонимдігі 

туралы ежелгі деректерді іздестіру болмақ. 

  Н.Я.Маррдың еңбектерінде «қазақ» сҿзінің тайпалық термин ретінде 

ежелгі  скиф  дҽуірімен  замандас  «касп»  этнонимінен  шығу  мүмкіндігі 

жайлы бірнеше рет айтылған болатын.  

  Бұл  тайпа  біржола  құрып  кетті  ме,  болмаса  басқа  этникалық  қайта 

құрылуда  сақталды  ма?  Біздіңше  олар  басқа  ,  барынша  ҽйгілі  сақ  тайпа 

одағы құрамында сақталып қалды. Ҿйткені «сақтар» «каспилермен» қатар 

жайлаған.  Григорьев.В.В  ҿзінің  белгілі  монографиясында  «сақтар» 

Азияның кҿшпелі халықтарының негізгі бір тобы болғанын дҽлелдеген [3]. 

  Сақтардың  тайпалық  федерациясында  «қас»  тайпа  этнонимі 

жойылып, ол жинақтық атау «сақпен» алмастырылған. 

  Сақтар  кҿшпелілердің  «скифтік»  жұртының  ортаазиялық  бҿлегін 

құрған.  Сақ  бірлігінде-  скифтерге  ұқсату  тұрғысынан  келгенде  де  ҽрі 

ежелгі  жазушылардың  деректері  мен  археологиялық  материалдарға 

сүйенгенде  де,-ыдырау  сатысындағы  рулық  құрылыстың  болғандығын 

айтуға  болады.  Бұл  дҽуірді  тек  түркі  тілді  тайпалардың  пайда  болуының 

басы деп қарауға болады. 

«Қазақ»  сҿзінің  қазір  жұртқа  белгілі  мағынасы  барынша  кейінгі 

дҽуірдің  жемісі:  ол  Орта  Азия  кҿшпелілері,  яғни  «қазақ»  этнонимін 

тұтынушылар тап болған тарихи тағдыр мен орта жағдайына байланысты 

шықты.  Міне  осы  себепті  де  этноним  атау  «қазақ»  сҿзін  түркі  тілінде 

мағынасы  жұртқа  ҿте  жақсы  белгілі  болған  «қазақ»  сҿзінен  сҿзсіз  айыра 

қарау керек болады.   

  Каспилер,  касхтар  немесе  косогтарды  Н.Я.Марр  Кавказда  барынша 

кейін  болды  дейді.  Ол  Кавказдағы  байырғы  халықтардың  біразы-ақ 

тариқтың  барынша  байырғы  ,  ежелгі  дҽуіріндегі  халықтардың  қалдығы 

болуы  мүмкін  деп  жазады.  Мұндай  халықтарға  Кавказда  солтүстік 

облыстарды  мекен  етуші  туыстас  атауға  ие  касхтар,  косогтар  жатады; 

осылардың  ішінде  ҽрі  «казахтар»  да  болды.  Н.Я.Марр  кейбір  таулық 

тайпалар «касыг» терминімен тіпті орыстарды да атайтынын ескертеді[4]. 

Хазар  дҽуіріне  дейінгі  ҽлеуметтік-экономикалық  қатынас  рулық 

құрылыстың  ыдырауы  мен  таптық  құрылыстың  қалыптаса  бастауын 

кҿрсетеді.  Каспилер  мен  сақтар  рулық  құрылыста  ҿмір  сүрді.  Мұның 

соңғысы  хазар  дҽуіріне  дейінгі  жерде  патриархалдық-құлдық  қатынастың 

негізі  қалана  бастаған  варварлық  сатыда  болды.  Бұл  дҽуірге  белгілі 

дҽрежеде  гун  одағы  да  кірді.  Қазақстан  туралы  айтылғанда  бұл  уақыт 

ҽдетте  соңғы  сарматтық  дҽуір  деп  аталады.  Бұл  дҽуірдегі  молалар 



199 

 

материлдары  рулық  қатынастың  құрылуын,  таптың  шығу  негізі–мүліктік 



теңсіздіктің  қалыптасуын  анық  кҿрсетеді.  Ҽрі  бұл  дҽуір  жаңа  этникалық 

элементтердің құрылуымен де ерекшеленеді. Гун дҽуірімен біз түркі тілді 

тайпалардың  құрылу  уақытын  белгілейміз.  Бұл  процесс  Қазақстанда  да 

болды ҽрі соңыра қазақ халқының құрамына кірген кангюй (қаңлы) ,усун 

(үйсін)  ,  қыпшақ  тайпалары  да  бірінші  түркі  тілді  тайпалардың  ҿкілдері 

болды деп білу керек. 

  Біз  усун  жайындағы  деректерді  алғашқы  қоғамның  ыдырау  дҽуіріне 

тҽн археологиялық материалдардан байқаймыз. Ҽрі бізге усундердің Орта 

Азия  тарихындағы  ролі  де  белгілі.  Біз  қыпшақтар  (біздің  заманымызға 

дейінгі  ІІІ  ғасырдың  аяғындағы)  туралы  бірінші  деректі  қытай 

шежірелерінен аламыз. 

  Бұл дҽуірдегі ескерткіштердің қыпшақтық тобы бізге ҽлі белгілі бола 

қойған жоқ.  

ХІІІ  ғасырдағы  түркі  диалектісінде  «қазақ»  сҿзінің  «үйсіз,  қуғын 

кҿрген, панасыз» деген мағынаны білдіргенін еске алу керек-ақ. Бұл арада 

біз Египетте 1245 жылы жазылды деген қыпшақ диалектісі сҿздігін айтып 

отырмыз  Мұнда  «қазақ»  сҿзінің  мағынасы  брілген.  Бұл  мағына  ХҮ 

ғасырда сҿз жоқ болды. Бірақ-та біз «қазақ» терминінің ХІІІ ғасырда, тіпті, 

1245  жылдан  бұрын-ақ  тайпаның  атауы  ретінде  қолданылғанын  да 

ескертеміз.  Бұл  тұста  Мұхаммед  Ҽл-Ауфидың  1228  жылы  Индияда 

жасалған «Анекдоттар мен ғажайып ҽңгімелер жинағын» ескеріп отырмыз. 

Академик В.В.Бартольдтың айтуынша «шығарманың авторы жас жағында 

кҿп  жерді  аралаған,  Бұхара  мен  Хорезмде  болған».  Жинақтың 

географиялық  бҿлімінде  түркі  тайпаларының  орналасуы  жайлы  деректер 

берілген.  Алтайды мекендеуші қарлұқтар тоғыз оғыздың құлдары болды, 

олар тоғыз бҿлектен тұрады, бұл тоғыздың ішінде үш чигил тайпасы, үш 

хасаг тайпасы, тағы басқалары бар[5].  

К.Багрянородный  деректерінде  хазардан  бҿлінген  «каспилерді» 

Геродот  заманында  белгілі  болған  каспилердің  жалғасы  деп  қарау  керек. 

Ҽрине Геродоттан кейін каспилер жҿнінде деректер болмағанына қарамай, 

«каспилер»  жойылып  кеткен  жоқ.  Сондықтан  да  бізге  белгілі    жаңа 

деректер  академик  В.В.Бартольдтың  бұл  жҿнінде:  «Каспи  халқы,  ҿзінің 

соншалық  кҿптігіне  қарамай,  тез  арада  ғайып  болды,  ҿйткені  Рим 

дҽуірінде-ақ олар туралы деректер айтылмайды; тіпті, ІҮ ғасырдың ҿзінде 

каспи халық ретінде еске алынбайды, тек бұл халықтың атында жекелеген 

географиялық  атаулар  ғана  қалды»  -деген  пікірін  толықтыра,  дҽлелдей 

түседі[6]. 

  «Касп», 

«хазар»,  «кас»  этнонимдерінің    жойылу  шеңбері 

Қазақстанның  батысына  қатысты.  Соңғысының  Қазақстанға  молырақ 

бойлай  түсуі  гун  дҽуірінде,  яғни  Ү  ғасырда  болуы  мүмкін.  Бұл  арада  біз 

гундердің  Батыста,  Каспийден  арғы  жерде,  жеңілгеннен  кейінгі  оралуын 

ескеріп  отырмыз.  Бізге  белгілі  Атилланың  ұлы  Ирнах  гун  бірлігіндегі 

тайпалардың  бір  бҿлегімен  батыстан  шығысқа  ҿткен  болатын.  Бұл 

қозғалыс «кастарды» да еліктіруі мүмкін. 


200 

 

  Қысқасы  ежелгі  ҽрі  хазар  «касы»  кейін  Кіші  жҽне  Бҿкей  ордасы 



аталған территорияның мекендеушілері болды. 

  Ал  Мұхаммед  Ҽл-Ауфидың  деректері  бойынша  да  Қазақстанның 

шығысында  да  қарлұқтардың  ішінде  Батыс  Алтай  мен  Шығыс 

Қазақстанды  мекендеуші  кҿшпелі  халықтың  «қазақ»  атымен  аталуына 

негіз болған этнонимді- «қазақ» этнонимін кездестіреміз. 

ХҮ-ХҮІ  ғасырлардағы  қазақ  жүздерінің  құрылуы  феодалдық 

қатынастағы  кҿшпелі  қоғамның  ерекше  іштей  дамуына  негізделді.  Бұл 

қатынас моңғол дҽуірінде ерекше дамыды.  

  Ендігі бір нҽрсе-«қуғын кҿрген», «еркіндік ҿкілі» сияқты мағынадағы 

«қазақ» сҿзінің шығу жайы да қызық. Бұл турасында В.В.Бартольд былай 

деп  жазды:  «Қырда  қалған  ҿзбектерге  «қазақ»  деген  ат  берілді.  «Қазақ»-

түркісҿзі-«қаз» деген сҿз, яғни ауыспалы мағынасында «құс сияқты еркін 

адам» дегенді білдіреді, ал бұл мағына келе-келе ҿз мемлекетінен бҿлінген 

адамның,  ҿз  ҿмірін  ерекше  ҿткізуге  мҽжбүр  болған  тайпа  мен  рудың 

атауына айналды. 

  «Қазақтарға»  тақ  үшін  күресте  жеңіліске  ұшыраған  ,  қйын  кезде 

ҿзіне  серік  болған  кісілермен  қашып  құтылған  адам  хан  болды,  ал  ҿз 

ханына  риза  болмаған,  ҿз  бақытын  басқа  жерден  іздеп,  оның  қарауынан 

кеткендер  қазақтар  деп  аталды».  Бізге  Мұхаммед  Хайдардың 

айтқандарынан  белгілі  болғандай,  ҿзбек  ханы  Ҽбілхайыр  билігінен 

Жҽнібек пен Керей сұлтандармен бірге кеткен осындай еркіндіктегі кісілер 

қазақтар  аталған.  «Қазақ»  термині  феодалдардың  қанаушылық  тҽртібіне 

риза болмай, бҿлініп, кҿшпелі болған қырлықтар (степняк) үлесіне тиді. 

  Сҿйтіп,  бірсыпыра  кҿшпелі  тайпалардың  хан  билігінен  кету 

нҽтижесінде «еркіндіктегілер» қауымы пайда болды, ал олардың арасында 

«қазақ» аталған тайпалар кҿпшілік болды ҽрі олар үстем тайпалар болды. 

Бұл  тайпалардың  ежелгі  «қазақ»  этнонимі  түріктің  «қазақ»  деген 

терминімен  ,  яғни  кҿшпелі  қауымда  болған  ҽлеуметтік  ҿзгерістердің 

нҽтижесінде,  қыпшақ  сҿздігінде  «қаңғыбас»,  «кезбе»  деген  мағынадан 

ҽлеуметтік 

құрылысқа 

риза 


еместер 

үшін 


атауға 

айналған 

«еркіндіктегілер» деген сҿздің синонимі болған «қазақ» сҿзімен бір болды. 

  Терминдегі  яғни  халық  атындағы  бұл  сияқты  ҿзгерістерді  жиі 

кездестіреміз.  Айталық,  тайпалық  «серб»  термині  ҿз  мағынасын  ҿзгертіп, 

бір  кезде  «тонаушы»,  «тағы»  деген  сҿздің  синонимі  болған.  Бұл  арада 

Н.Я.Маррдың мына бір айтқан сҿзін еске алу орынды: Ҽдетте, этникалық 

атау бҿтен тайпаның атынан алынғанына байланысты немесе бұл атау иесі 

болған  халықтың  таихи  роліне  байланыстытүрлі  ҿзгерістерге  ұшырап 

отырады.  Кейде  ол  ҽлеуметтік  атауға  да  айналып  кетеді:  егер  атаудың 

иелері бір халықтың ішінде езілуші топқа жатса, онда бұл атау шаруа, құл, 

бейшара, тұрпайы дегендердің баламасы болады, ал енді атау иелері екінші 

бір  халықты  езуші,  құлданушы  топ  болса,  онда  бұл  атау  ақсүйек,  еркін, 

ханзада  дегендерді  білдіреді,  этникалық  атау  енді  бір  кезде  жағымды 

немесе  жағымсыз,  физикалық  болмаса  адамгершілік  қасиеттер  мен 


201 

 

сапаларды  сипаттайтын  сын  есімге  айналып,  бір  халықтың  екінші  бір 



тайпа жҿніндегі кҿзқарасын білдіреді». 

  «Қазақ»  атауы  тайпа  ретінде  ілгерідегі  касп  жҽне  сақ  тайпа 

аттарымен  байланысып  жатыр.  Ал  Жошы  ұлысының  бір  бҿлегі  болған 

кҿшпелілердің  байырғы  тайпалық  атауы  «қазақ»  сҿзі  ХІҮ-ХҮ 

ғасырлардағы  жағдайда  бҿліне,  жарыла  кҿшкен  «еркіндіктегілердің», 

«кезбелердің» синониміне айналды. 

ХҮІІІ-ХІХ  ғасырда бірқатар орыс  тарихшылары  қазақ ұлысының  ру-

тайпаларының  бірігуіне  кете  тайпасының  ҽсері  молболғанын  ,  ҽсіресе 

ортақ тілдің қалыптасуына зор үлес қосқанын жазған-ды. Сол себептен де 

қазақты «кете-язычный» деп атағандары мҽлім. 

  Қас сҿзі мағыналық жағынан алғанда батыр деген ұғымды білдіреді. 

Мысалы,  қасқайып  қарсы  тұрды,  қасарысты,  қасарма,  қасқыр,  қасқа  емен 

жайсаң,  тағы  басқа  да  сҿздер  бар.  Кейбір  тарихшылар  айтып  жүргендей 

бұл  қашқын  да  пысқан  да  емес,  қаз  да  үйрек  те  емес,  батыр,  табанды, 

бетінен  қайтпайтын  деген  сҿз.  Ежелгі  ата-бабалар  жаудың  келержолында 

тұрған  ҿзеннің  бойына  ылғи  қастарды,  яғни  батырларды,  нағыз  жаны-

қастарды  сақшы  етіп  қою  арқылы  ҿздерінің  бостандықтарын  қамтамасыз 

еткен. 


  Бұл  проблеманы  ашуға  талпыныс  жасаған  зерттеушілер  қатарында 

Т.Жанұзақовты да қосуға болады. Оның ойынша халықтың құрылу , пайда 

болуы  мен  атының  шығу  мерзімі  бір  кезеңде,  бір  уақытта  болмайды. 

«Қазақ» атауы халық болып қалыптасқан дҽуірден бұрын да болуы мүмкін 

деген  тұжырым  жасап,  аталмыш  терминді  Солтүстік  Кавказда  пайда 

болған  «касоги»,  «касог»  атауларымен  байланыстырады».  Ал  «касоги 

(касаги),  касаг  сҿздері-  дейді  Т.Жанұзақов-  Кавказдағы  түркі  тайпалары 

құрамында  6  ғасырдан  бастап  жалпы  есім  жҽне  этнотермин  ретінде 

кездескен. Кейіннен Х-ХІ ғасырда осы қазақ сҿзі түркі тайпалары арасында 

кеңінен  тараған.  Осы  сҿздің  варианты  «қазақ»  сҿзі  кейіннен  қазақ 

халқының аты болып қалыптасқан» - деп пайымдайды[7]. 

  Қорыта  келе  осы  арада  айта  кетер  үлкен  мҽселе  бар.  Т.Жанұзақов 

жҽне одан басқа да зерттеушілерге ортақ тұжырым, ол Солтүстік Кавказда 

«касог»  жҽне  қарлұқтарға  жататын  үш  тайпа-«хасог»  деп  аталған 

терминдерден  «қазақ»  сҿзін  іздестіру.  Бұл  тұжырым  бұндай  күрделі 

мҽселені шешуде ҽлі де болса жеткіліксіз, ҽрі шындықтың ауылынан алыс 

жатқанын мойындауымыз керек.  

             

Резюме 

 

 



       В  статье    рассмотрена  проблема    формирования  термина  «казах»  на  основе 

исследовательских  трудов А.Аристова, Н. Харузина, Н.Я.Марра, В.В. Григорьева,  В.В. 

Бартольда .  

 

 



 

 


202 

 

Summary 



   

  

In this article discusses the problem of formation of term ―kazakh‖ in research works 



of A.Aristova, N. Haruzina, H. Marra, V.Grigorieva, V.Bartolda . 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 

 

1.Н.А.Аристов  Заметки  об  этнтческом  составе  тюркских  племен  и 



народностей  и  сведения  об  их  численностей    журнал  «Живая  старина» 

1896 вып. 3-4 с.308-309. 

2.  Н.Харузин.  К  вопросу  о  происхождении  киргизского  народа. 

Этнографическое обозрение 1895, вып3 с.49-92. 

3. В.В.Григорьев. О скифском народе саках СПб., 1871, с.4-5. 

4.  Н.Я.Марр.  Кавказскии  культурный  мир  в  Армении.  Мин.  Народн. 

Просвещ. 1915,с.3-9. 

5.  В.В.Бартольд.  История  изучения  Востока  в  Европе  и  в  России. 

СПб.,1911 190-191. 

6.  В.В.Бартольд.  Туркестан  в  эпоху  монгольского  нашествия.  СПб., 

1900,ч.2, с.36-37. 

7. Қ.Тоқмырзаұлы. «Қазақ» сҿзі туралы. // Ақтҿбе 1999,25.02. 

 

ӘӚЖ 94 (574) 

 

Бӛкей хандығының тарихтағы орны 

 

Рысбеков Т.З.  

М. Ҿтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

 

Бҿкей  хандығы  құрылып,  дамыған  XIX  ғасыр  жалпы  қазақ  қоғамы 



ҿмірінің күрт ҿзгерістерге ұшыраған кезеңі. Бұл уақытта қазақтың дҽстүрлі 

кҿшпелі 


ҿмірінің 

шаруашылық, 

ҽлеуметтік-экономикалық, 

саяси 


дамуындағы  күрделі  ҿзгерістер  алдымен,  Бҿкей  хандығының    XIX 

ғасырындағы  тарихынан  кҿрініс  тапты.  Хандық  тарихына  қатысты 

материалдар оның территориялық аумағындағы ҽлеуметтік-экономикалық 

ҿмір  тынысының  бастауларын  Кіші  жүздің  XVIII  ғасырдағы  тарихына 

бойлап енуді қажет етеді. 

1801  жылы  құрылған  Бҿкей  хандығында  ішкі-сыртқы  факторлар 

ҽсерінен  ҽлеуметтік  қатынастар  ҿз  дамуының  жаңа  түріне  ене  бастады. 

Хандық халқының кҿз алдында ҿзгеріп жатқан ғасырлар бойы қалыптасқан 

кҿшпелі  қоғамның  дҽстүрлі  белгілерінен  қазақтардың  бас  тартуы  ҿте 

қиындықпен  жүрді.  Капиталистік  тауар-ақша  қатынасының  дендеп  енуі, 

жерді тартып алушылық, тағы басқа кҿріністер шаруашылықта дағдарысты 

күшейтіп,  кҿшпелілердің  тұрмыс  деңгейін  құлдыратты,  нҽтижесінде 

дҽстүрлі  қоғамдық  құрылымды  дағдарысқа  ұшыратты.  Отаршылдық 

саясаттың  экстенсивті  кҿшпелі  мал  шаруашылығына  килігіп  араласуы, 

хандық қазақтарының ҽлеуметтік дамуына ҽсер етті. 


203 

 

Алдымен,  қазақтың  дҽстүрлі  құқысы  бойынша  ҿндіріс  құралдарына 



орныққан қауымдық меншік түрлері ҿзгеріп, енді жайылымға, су кҿздеріне 

жеке  иелік  түрі  басым  сипатқа  ие  болды.  Ҿзгеріске  ұшыраған  ҽлеуметтік 

қатынастарда жер қатынастары негізгі шешуші орынға ие болды. Сыртқы 

факторлар  ҽсерінен  шаруашылық  құрылымының  күрделенуі  қоғамдағы 

ҿндірістік қатынастарды ҿзгертіп, ҽлеуметтік ұйымдасуына ҽсерін тигізді. 

Жерге  иелік  ҽлеуметтік  құрылымның  жаңадан  пайда  болған  тобын 

құраушылардың  экономикалық  жҽне  қоғамдық  пайдалы  іс  қызмет 

саласындағы  міндеті  мен  ролін  байланыстырып,  сабақтастырған  жаңа 

факторларға айналды. Хандық аумағындағы табиғи климаттық жағдайдың 

күрделене  бастауынан  қысқы  жайылымдық  жерлердің  маңызы  артып, 

жерге иелік, жер қатынасы ҽлеуметтік ҿмірде шешуші, айқындаушы роль 

атқарды.  Бұл  қоғамның  ҽлеуметтік  жіктелісін  күрт  күшейтті.  Малға  жҽне 

жерге жеке иеліктің қалыптасып, орнығуы қазақ қоғамының ақ сүйек жҽне 

қара сүйек ҿкілдері қатар қол жеткен жаңа ҽлеуметтік топ, жік – феодалдар 

тобын  шығарды.  Нҽтижесінде,  табыстың,  қанаудың  баюдың  жаңа  түрі 

шықты. 


Хандықтың ҽлеуметтік ҿміріндегі ҿзгеріс – сұлтан, би, старшынға жер 

үлестіріп,  ҽлеуметтік  тірек  табуды  кҿздеуден  туған.  Ҿте  терең 

ойластырылған  бұл  ҽлеуметтік  саясаттың  жүзеге  асырылу  барысында  ру 

басқарушыларының  ықпалы  ҽлсіреп,  тарих  сахнасына  шыққан  жаңа 

ҽлеуметтік топ ҿкілдерінің ықпалы кҿтерілді. Бұлар хан  саясатын қолдап, 

жүзеге асырушы топ болды. 

XIX  ғасырдың  алғашқы  20  жылындағы  шаруашылықтың  даму 

бағытын  жҽне  зор  жетістігін  кҿрді.  Хандық  саны  ҿсті,  мал  басы  кҿлемі 

орасан  кҿп  мҿлшерде  кҿбейді.  Бірақ,  шаруашылықты  экстенсивті  ҽдіспен 

дамыту  мүмкіндігінің  жойылғандығын  ол  анық  ұғынды.  Сондықтан,  ол 

шаруашылықтың құрылымына, даму бағытына ҿзгерістер жасап, жетістікті 

сақтауға ұмтылды. Ол шаруашылық құрылымдағы ҿзгерісті  жайылымдық 

жерлердің басым кҿпшілігін жеке шаруашылықтарға беріп, қолдау кҿрсету 

арқылы  күшейте  отырып,  хандықтағы  жалпы  шаруашылық  дамуының 

жетістігін  тҿмендетпеуге  тырысты.  Бұл  жеке  иелікке  жер  алған  жаңа 

құрылым  жағдайында  жетекші  орынға  ие  болды.  Жартылай  кҿшпелілік 

пен егіншіліктің кеңеюіне үлгі болып, шаруашылық дамуының сенімдігіне 

негіз  қалады.  Бұл  жалпы  хандықтағы  шаруашылықтың  даму  бағытын, 

болашағын айқындау еді. 

Ресеймен шаруашылық экономикалық қатынастардың кеңеюіне сҽйкес 

шаруашылық  дамуының  жалпы  талабы  да  ҿзгерді.  Сауда  қатынастарың 

дамуы, жҽрмеңкелер ашылуы осы талаптардан туындайды. Жаңа жағдайға, 

талапқа  шаруашылық  мүдделерін  үйлестіре  жүргізуде  де  жеке  иелері 

икемділік  танытты.  Сонымен  қатыр,  бұл  жалпы  хандық  қазақтарының 

шаруашылық құрылымын жетілдіре түсті. 

Жерді  жеке  иелікке  беруде  бірнеше  мақсаттар  кҿзделген.  Алдымен, 

малы  кҿп,  жер  ҿңдеуге  мүмкіндігі  бар,  экономикалық  қуаты  мол  сұлтан, 

старшын,  билер  жерлерге  ие  болды.  Бұлардың  жаңа  жағдайдағы 



204 

 

ҿзгерістерге  ҿтпелі  кезең  қиындықтарына  тҿтеп  беретіндігі,  хандықтың 



экономикалық  қуатын  сақтап  қалатындығы,  шаруашылықты  жаңа  ҽдістер 

тұрғысынан дамытуға үлгі болатындығы ескерілді. Екіншіден, ең бастысы 

хандықтың осы шеткері іргелес жерлерін жеке иелікке беріп, ол жерлерге 

"байларды  "  тұрақтандыру  арқылы  –  хандық  жерінің  тұтастығын  сақтап, 

шекарасын бекіндіру кҿзделді. Бұл мақсат ҿте ҿміршең  ҽрі стратегиялық 

тұрғыдан дұрыс таңдалған экономикалық саясат болды. 

Хандықтың  құрылуы  барысында-ақ  саяси  жүйесінде  пайда  болған 

мұндай  ҿзге элементтер кҿлемі біртіндеп кҿбейіп, кейін шешуші ықпалға 

ие  болып,  нҽтижесінде,  хандықтың  саяси  жүйесі  қарастырып  отырған 

кезеңімізде  даму  эволюциясының  бірнеше  сатысынан  ҿтіп  үлгерді.  Оның 

алғашқы  кезеңі  1801-15  жылдарды  қамтып,  бұл  жылдарда  қондырма  мен 

ҽлеуметтік – экономикалық базистің даму бағытында, қатынасында белгілі 

бір  келісім,  түсіністік,  үйлесімділік  сақталып,  саяси  жүйеде  қайшылық 

болмады. 

Екінші кезеңі 1816-25 жылдары қамтып, хандықтың  саяси жүйесіндегі 

дҽстүрлі  ҽкімшілік  –  басқару  құрылым  элеметтерінің  ҽлсіздігі  анық 

байқалып,  империяның  саяси  талаптарына  жауап  бере  алмаған  саяси 

жүйеде шашыраңқылық, бассыздық күшейеді. 

Империя құрамында пайда болған хандық жан-жақты ҽскер шебі жҽне 

елді  мекендермен  қатынастарды  реттеу,  империя  щеңберіндегі 

экономикалық – сауда байланыстарының тереңдеуіне байланысты тауар – 

ақша  қатынастарының  дамып,  түрлі  сауда  орындарының  пайда  болуы, 

алым-салық  жүйесінің  дамуы  т.б.  орталықтанған  басқару  аппаратын 

құруға,  оның  бҿлімдеріне  нақты  міндеттер  атқаруға  ҽкелді.  Бұлардың 

қатарында:  хан  депутаттары,  есаулдар,  базар  сұлтандары,  шабармандар 

тобы жҽне хан жанында орталықтанған кеңсе құрылды. Хандыққа қатысты 

барлық іс-шешімдері осы кеңсе бҿлімдерінде тіркеліп, заңды түрде жүзеге 

асырылды.  Рухани  ҿмір  тынысын  билік  идеологиясына  сҽйкестендіріп, 

тікелей бақылау түрлерін дҽйекті түрде кҿрсетті. 

Кіші  жүздегі  ұлт-азаттық  кҿтерілісі  феодалдық  езгіге  қарсы  айқын 

бағытымен ерекшеленеді. Кҿтеріліс Қазақстанның Ресейге қосылу процесі 

аяқталу  жағдайында  жүрді.  Патша  ҿкіметінің  отарлаушылық  саясаты  да, 

айқын сипаттала бастады. Ресей ҽкімшілік жүйесін алдымен Қазақстанның 

солтүстік-шығыс  аудандарында,  содан  кейін  Кіші  Ордада  енгізудің 

алғашқы  қадамы  «1822  ж.  Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғы»  болды. 

Округтер  мен  округтық  приказдардың  құрылуы,  Орынбор  ҿлкесінде 

аралық  басқару  жүйесі  мен  арнайы  шекаралық  комиссиялардың  енгізілуі 

патша  ҽкімшілігіне  қазақ  руларының  жерлерін  иемдеуге  толық  жағдай 

жасауға  тиісті  болды.  Ресейдің  саяси  ықпалын  күшейту  жҽне  дҽстүрлі 

қазақ қоныстарын экспроприациялауға (яғни бір топтың жеке меншігінен, 

бұрынғы ҽлеуметтік артықшылығынан айырылуы) қарсы наразылықтарды 

басу үшін біршама орыс бекіністері салынды. Жері жоқ, бишаралық халге 

түскен  бұқара  орыс  помещиктеріне  орыс  отаршылары  тартып  алған 

жайылым жерге малдарын жайғаны үшін салықтар тҿлеуге мҽжбүр болды. 



205 

 

Жайық  ҿзенің  бойындағы  жерлер  Орал  казактарына  берілді.  Қазақ 



кедейлеріне  тұзды  кҿлдерден  тұз  алуға,  қамыс  шабуға  тиым  салынды. 

Бұларға қоса хан жыл сайын кҿшпенділерден ақшалай жию алып отырды. 

Осы  қысымшылықтардың  барлығы  қазақ  шаруаларының  кҿтерілісін 

дайындады.  Кҿтерілістің  ұшы  бір  жағынан  патриархалдық  –  феодалдық 

топтарға, екінші жағынан патша ҿкіметіне қарсы бағытталды. 

Ҽлемдік дамудың  қазіргі  кезеңіндегі үлкен ҿзгерістер,  ҽсіресе рухани 

салада  ерекше  ҿзгерістер  болып  жатыр.  Халықтар  тарихындағы 

мҽдениеттің  маңызы  мен  ролі  қайта  зерделенуде.  Адамзат  гуманистік 

дамудың  басты  негізі  мҽдениет  екенін  түсінуде.  Қазақстанның  қазіргі 

жалпы  ұлттық  мҽдениетінің  дамуы  мен  қайта  ҿрлеуі  қазақ  халқының 

дҽстүрлі  мҽдениетін  түсіну  арқылы,  халықтың  тарихи  жҽне  этномҽдени 

жадын  жаңғырту  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  салада  Бҿкей  хандығының 

мҽдени  мұрасын  зерттеудің  тарихи  маңызы  зор.  Шындығында  да  XIX 

ғасырда Бҿкей хандығы материалдық жҽне рухани мҽдениетінің дамуымен 

ерекшеленеді.  Бҿкей  хандығы  Қазақстандағы  бүкіл  мҽдени  ұжымдардағы 

істердің қолға алынуына негіз болды. 

Бҿкей  хандығындағы  мҽдени  ҿмірде  ―Қару  –  жарақ  палатасының‖ 

орны зор болды. Бұл қару – жарақ үлгілері жиналған мұражай тектес бҿлме 

еді.  Қару  –  жарақ  палатасын  ұйымдастыру  туралы  ой  ханға  1827  жылы 

Петербург  қаласында  болып,  астанамұражайларын

 

кҿргеннен  кейін  туған 



еді. 1828 жылы хан Жанқұста 23 бҿлмеден тұратын сарай салды. Оның бір 

бҿлмесі  мұражайға  бҿлінді.  Хан  ҽр  түрлі  сирек  заттарда,  тарихи 

жҽдігерліктерді  ҽсіресе  отбасы  үшін  қымбат  заттар  мен  қару-жарақтарды 

сұрап  тума-туысқандарына  хат  жазады.  Жҽңгір  ханның  ҽкесі  Бҿкей  хан 

ҽулеттің үлкені ретінде, отбасылық жҽдігерліктерді, қымбат сыйлықтарды 

сақтаған  екен.  Бҿкей  ханның  мұралары  ―Қару  –  жарақ  палатасының‖ 

негізін құрады. 

Ханның замандастарының айтуынша қару-жарақ палатасының тҿрінде 

қызыл  ағаштан  жасалған  кең  шкаф  тұрды.  Оның  ішінде  ҽр  түрлі  қару-

жарақ  түрлері,  винтовка,  семсер,  қылыш,  қанжарлар  ілініп  тұратын. 

Бұлардың ішінде екі  қылыш  болды.  Қымбат  тастармен  ҽшекейленген  бұл 

қылыштар  патша  сыйлығы  болатын.  Сонымен  қатар  мұнда  жылқы 

ҽбзелдері,  ер-тұрмандар,  күнделікті  ҿмірде  сирек  кездесетін  күміспен, 

қымбат  тастармен  ҽшекейленген  заттар  тұратын.  Архивте  мұражай 

коллекциясының  бағасы  туралы  мҽлімет  бар;  мылтық  жҽне  суық  қару  – 

6415 сом 75 тиын күміс, ат ҽбзелдері 1600 сом күміспен. 

Хандықтағы  бірінші  штаб-лекарь  Александр  Сергачев.  Ол  Қазан 

университетінің  медицина  факультетін  аяқтап  1832ж.  кҿктемінде  хан 

Ордасына  келді.  3  жылдан  кейін  ол  Саратов  губерниясының  ояздық  

дҽрігері  болып  тағайындалды.  Ал  1838  жылы  қайтадан  Ішкі  Қырғыз 

Ордасы  ханының  дҽрігері  болып  бекіді.  40-шы  жылдардың  басында  оны 

лекарь Евланов ауыстырды. 1848 жылы Орда дҽрігері болып А.Г. Тунорев 

бекіді.  Қазақ  даласындағы  бірінші  дҽрігерлік  пункт  осылай  қалыптасты. 

1840  жылы  ханның  кепілдемесі  бойынша  Бҿкей  хандығына  мал  дҽрігері 



206 

 

Константин Петрович Ольдеков жіберілді. Ол Санкт-Петербургтегі дҽрігер 



–  хирургиялық  академиясының  толық  курсын  тҽмҽмдаған  еді.  Мал 

дҽрігерлік  қызметте  жҽне  ағарту  ісінің  тарихында  кҿптеген  жақсы 

бастамалар  осы  кісінің  атымен  байланысты.  1848ж.  хан  Астраханнан 

шешекке  қарсы  егуші  татар  Абдулмамек  Юсуповты  шақырды.  Ол  қазақ 

жастарын шешекке қарсы егуге үйретті. 

Татар 1869 жылға шейін Ордада жалғыз шешекке қарсы егуші болып 

қалды.  1869  жылы  шешекке  қарсы  егушілердің  саны  кҿбейіп  ҽр  бҿлімде 

бір-бір шешекке  қарсы егуші тағайындалды. 1852 жылы Ордада аурухана 

ашылды. Ол 2 бҿлімнен тұрды: 

1)

 



ақсүйектер үшін; 

2)

 



хан ордасына келушілер үшін. 

Алайда,  бұл  жағдайлар  Ордадағы  ҽлеуметтік  толқулар  мен 

кҿтерілістерді тоқтата алмады. 

Қазақстанның  Ресейге  қосылу  процессінің  барысында  ҽскери 

кҿтерілістермен  қоршалып,  патша  ағзамға  бағындырылған  қазақ 

қоғамында  соның  ішінде  ішкі  (немесе  Бҿкей)  Ордасында  феодалдандыру 

күшейді. Феодалдық отарлық езгінің шұғыл күшеюі, ауылдық – қауымдық 

жерлерді 

ақсүйектерлердің 

озбырлықпен 

жаппай 

тартып 


алуы 

шаруашылық ҿмірдің құлдырауына, ауылдық ұжымдардың экономикалық 

ҽлеуетінің (потенциал) ҽлсіреуіне, күйзеліске ұшыраған жҽне кедейленген 

шаруашылықтардың  санының  артуына,  халық  арасында  сенімсіздіктің 

ҿсуіне, хан ҿкіметінің беделінің шұғыл тҿмендеуіне алып келді. 

Бҿкей  Ордасында  патриархалдық  –  рулық  тұрмыстың  үстемдік  етуі 

белгілі  –  бір  деңгейде  старшындар,  батырлар  жҽне  қарапайым  қазақтар 

арасындағы  топтық  айырмашылықты  бүркемелеп  отырды.  Алайда 

сұлтандар  мен  старшындар  арасындағы  рудағы  ең  басты  жағдайда  орын 

алу  үшін  талас  тоқтамады.  Бұл  екі  топтың  арасындағы  топ  күресінің 

кҿрінісі  болды.  Бұл  қайшылықтар  ҽсіресе  Сырым  Датов,  содан  кейін 

И.Тайманұлы мен М. Ҿтемісұлы бастаған кҿтерілістерде айқын орын алды. 

Сонымен,  ішкі  (немесе  Бҿкей)  Ордасындағы  ішкі  саяси  жағдай  оның 

тарихының  ҿн  бойында  шиеленіскен  жағдайда  болды.  Салыстырмалы 

түрдегі  тыныштық  саяси  режим  мен  хан  ҿкіметіне  қарсы  қарулы 

кҿтерілістерге ұласып отырған бұқара толқуларымен алмасып отырды. 

Патриархалдық-рулық 

қатынастармен 

бүркемеленген 

міндеттіліктердің ҽр-алуан үшін "ахун" бастаған молдалар тобын жасақтау, 

арнайы  күзеттегі  ҽскер  тобын  ұстау  хан  билігін  бекітіп,  басқаруды 

орталықтандыру саясатына қызмет етті. Жергілікті жердегі кҿшпелі рулар 

шеңберіндегі  дҽстүрлі  қалыптасқан  биліктің  басты  тірегі  "билерді" 

ығыстырған  Жҽңгір  хан  орталықтанған  басқару  құрылымына  сҽйкес 

тҿменгі  билік  буынының  ру  басқарушылары  мен  старшындарды  ҿзі 

тағайындау  арқылы  жүзеге  асырды.  Нҽтижесінде,  хандықта  хан-сұлтан 

мүддесін  кҿздеп,  жүзеге  асыратын  вертикальды  бағытта  ҿте  шнбер 

үйлестірілген саяси жүйе орнықты. 

 


207 

 

Ҽдебиеттер 



 

1.Бҿкейорда тарихы. Жауапты ред. Рысбеков Т.З. – Орал. – 2001. 

2.Кенжалиев И.Н. Исатай Тайманов. – А. – 1977. 

3.Рысбеков Т.З. Этюды истории родного края. – Уральск – 2007. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет