Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80

 

295 

 

ӘОЖ: 347.131 



 

Ҥйлену салтына байланысты кейбip әдет-ғҧрыптардың тәрбиелік мәні 

мен сақталуы 

                            

Асабаев Ж., п.ғ.к., доцент, «Сырдария» университеті, 

Тотанов Н.Қ., Гулстан Мемлекеттік Университеті 

 

Қазақ  халқының  үйлену  салтына  байланысты  кейбір    ҽдет-



ғұрыптардың  ҿзіне  тҽн  тҽрбиелік  мҽні    бар  екендігін  бүгінгі    күнде 

жасырмай айтуымызға болады. Ceбeбi ҽйелдер бас бостандығы қолга тиген 

жайдары  заманда  жастарымыздың  тұрмыс  кұру  жасында  екі  жақ 

құдалардың  бipiн-бipi  танып,  біліп,  ұл-кыздарының  еркімен  олардың 

басын  косу  келешектегі  ҿмірлерінің  мҽнді  болуына  басты  себеп 

болатындығы  аньқ.  Кыздың  үйіне  жаушылыққа  бару  салтыньң  кейбір 

кҿріністерін байырғы ҽдеби мұраларымыздан кҿруімізге  болады. Сондай-

ақ олардын бүгінгі кундегі  жалғасын тауып келе жаткандығын да ҿмірде 

кездестіріп  отырмыз.  Негізінде  құдалардың  құдалық  сездері  астарлы, 

жұмбақ,  тұспалмен  айтылады.  Қызды  аққуга,  жігітті  сұңқарга  теңеген: 

eкeyi де аспанда жалғыз-жалғыз ұшып жүр, реті келсе, қанаттасып, бipiriп, 

биіктеп  ұшса  болар  еді  деген.  Қыз  бен  ұлды  аспандағы  айга,  жұлдызға, 

ұшкан  құска  теңеп  сҿйлеу  қырғыз  елінде  де  бар.  Мҽселен,  Қараханның 

қызы  Қанікейді  айттыра  барған  Бақай  Бұхар  каласының  хан  сарайына 

барғанда сҿзді  былай деп бастайды:

 

 Ырысы тар адамга,                                                                                                                                                               



Ҽр күш даушы келмей ме?

 

Ырысы тасыған адамға , 



Күн сайын жаушы келмейме? 

Құдалықпен келдім мен , 

Маңдайым жарық болса екен. 

Менің асыл қыраным 

Томағасын алмапты, 

 Дуадаққа топшы салмапты, 

Сізде бір сұңқар бар екен, 

Сары алтындай салмағы, 

Қыз біткеннің саңлағы . 

Соған «сырға » салсам деп, 

Құлдық ұрып ,мал беріп, 

Келін етіп алсам деп, 

Қайырыла келдім еліңе. 

    Содан  соңқалыңмал туралы ҽңгімелеседі. 

1872  жылы  Москва  қаласында  «Русский  Туркестан.  Сборник 

политехнической  выставки.  Стаьи  по  этнографии,  техники  сельскому 

хозяйству    и  естественной  истории»деген  кҿлемді  кітап  шыққан,  сонда 

И.И.Ибрагимовтың  қазақ  халқының  этнографиясы  туралы  очеркі 



296 

 

жарияланған.  Автор  қазақтардың  қалыңмал  беру  заңына  байланысты  ел 



арасында тҿрт топтың  бар екенін айтады. Бірінші, хандар мен сұлтандар, 

олар  қыздың  қалыңмалына  57  бас  мал  берген.  Кейде  байлығымды, 

барлығымды  кҿрсетемін  деп,  қалыңмалға  кілең  бір  түсті    (ақ,  боз,  қара)  

жылқылар  ҿткізген.  Екінші,  байлар  тобы  қалыңмалға      47  бас(  құлынды 

бие, құнан, түйе, тай ) мал арнаған еді. Қазақтың мынандай шешендік сҿзі 

бар;  «Бай  мен  бай  құда  болса,арасында  жорға  жүреді,бай  мен  кедей  құда 

болса, арасында зорға жүреді кедей мен кедей құда болса, арасында дорба 

жүреді.»Сол 

айтқандай, 

хандар 


мен 

хандар, 


сұлтандармен 

сұлтандар,баймен бай құда болуға ынта болған. 

Сҿйтіп,  екі  жақты  құдалар  қалың  малдың  ұзын  ырғасына  келіскен 

соң, 


қыздың ҽкесіне «қарғыбау», анасына   «сүтақысы»   ҿткізіледі. Фатиха-бата 

сҿздері 


айтылады. 

Құдалардың 

құрметіне 

кішігірім 

той 

ұйымдастырылады.Ұлттық  ойындар  болады,соның  бірі  -«  Құдатартыс» 



Кешкі  дастарханның  соңында  қонақтардың  үйіне  бір  топ  келіншектер 

келеді,  құдалармен  танысады,    «құдалықтарыңыз  құтты  болсын»  деген 

сҿздер  айтып,  жастарды  ойын-сауыққа  шақырып,  тойдың  басталғанын 

хабарлайды.Бастаушы  бір  келіншек  ел  арасына  кҿп  тарамаған  тың  ҽнді 

бастайды, құдалар зейін қойып тыңдайды.Ҽннің бір-екі шумақ қайырмасы 

аяқталған  соң:-Осы  ҽнді  енді  сіз  жалғастырыңыз!-деп,тҿрде  отырған 

құданың  біреуіне  ҽлгі  ҽлгі  келіншек  ҿтініш  айтады  .  Ҽнді  жалғастырып 

айтса,айтты,айтпаса ,қыздардың  күлкісіне ұшырайды.Ара-арасында қыз –

келіншектер құдаларға арнап кҿкке қалықтаған сұлу ҽндер айтады.Қыз бен 

жігіттің  қара  ҿлең,  қайым  ҿлең  айтысы  басталады.Айтыс  қызы-қыза 

жұмбақ  айтысына  ұласады.Ҽзіл-қалжыңды  одан  ҽрі  жандандыру  үшін 

ҽйелдер  сҿз  арасында  бҽдік  ҿлеңдерді  де  араластырады.  Егер  құданың 

біреуі  жұмбақты  шеше      алмаса  немесе  ҽн  айтып,  ҽзілге  ҽзіл  жауап  бере 

аламаса,  ондайда  жігіттің  басына  келіншектің  сҽукелесін  кигізеді.,бетіне 

қазанның  күйесін  жағады,  қол  аяғын  байлап,  киімін  шешеді.  Қыз-

келіншектердің  осы  ҽрекетіне  қарсылық  кҿрсетілсе,келемеждеудің 

сорақысы  ҽрі  қарай  үдей  түседі.Ондайда  құдалар  сый-сияпат  ,бағалы  зат 

беріп ,ҽрең дегенде құтылады.         

 «Құдатартыс»  ойынындағы  кейбір  басы  артық  тҽйтіктікті  үлкендер 

жағы мақұлдамаған . 

Арада  біраз  уақыт  ҿткен  соң,жастар  далаға  шығып,айлы  аспаннаың 

астына  алтыбақан  тебеді,  ҽн  айтады.Бұл  халық  театрының  о  замандағы 

алғашқы белгісі болып табылады. Ертеңіне құдалыққа  келген қонақтарды 

бүкіл халық болп шығарып салады.  

Енді,екінші кезекте, жігіттің ҽкесі қыз ауылына шақырушы жібереді, 

шақырылған  10-12  адам  қонаққа  келеді,тағы  да  кішігірім  той 

болады.Қалыңмалдың  үштен  екісі  ҿткізіледі,  киіт  кигізіледі.Қой,жылқы, 

түйе  қалыңмалдың  есебінде  жүргенде,ірі  қара    (сиыр,  ҿгіз)      есепке 

алынбаған.  Қалыңмал  беру  барысында              «қосақ  бау»  ,    «құрық  бау»     

деген ырымдар алынған.Мысалы,үй иесі құдасына түйе берсе, бұйда жібін, 



297 

 

жылқы берсе, жүгенін  алып қалған .Ондағы ойы- «ырысым бірге кетпесін»     



дегені. 

       Осылай құдалар бір-біріне сый алып жүргенде ,ұл мен қыз 13-15 жасқа 

толады.      «Сен  ер  жеттің  ,енді  ҿзіңе  айттырылған  қалыңдығыңды    кҿріп  

қайт»  ұл  ҽкесі  баласының  қасына  3  не  10  адам  қосып,  қыз  ауылына 

жібереді. Мұны қазақтар «ұрынбару»  немесе «ұрланып бару» деп айтады. 

Қазақтың осы кҿне салты жазба ҽдебиетке де ҽсерін тигізген. Мысалы Ұлы 

жазушы  М.Ҽуезовтың  «Абай  жолы  »  романын  алалық.  Соның  «Ҿрде» 

деген  тарауында  Абайдың  Ділдаға      «ұрын  бару  »  сапары  шебер  

суреттелген  Абайдың  ҽкесі  Құнанбай  дҽулеті    ҿзімен    теңдес 

Алшынбаймен  құда  болады:  «Сондай  ауылға  бала  қайындату  ,ҽсіресе 

«ұрын  жіберу  »осал  қам  емес.Мал-дүниенің  барлығына  да    кҿп  үлес,мол 

шығын  шығару  керек  деген  сҿз  Баратын  қар  малды  айтқанда  :  70жылқы 

30түйе аталды. 

          ...Абай  бірнеше  күн  қатты  толғанып  ,жапа-жалғыз  ойланып 

жүрді.Қайындамай,үйленбей 

қалу 


мүмкін 

емес.Ата-анаңның 

ҽмірінде.Бармаймын  деп  айтарлық  сылтауы  жоқ  -.Осындай  іші  бір 

жақты,сырты бір күйде болған,аса бір қиын енжер күйінде  Абай қайнына  

аттанды.»,-  деп  суреттеледі  романда  Абайдың  Алшынбай  ауылында 

аттанардағы  кҿңіл  күйі.  «Абайлар  Алшынбай  ауылының  тұсында  бір 

шақырымдай жер қалғанда,иіріле тоқтасты.Енді тобының ішінен Тҽкежан, 

Мырзахан  сияқты жас  үлкенірек  жолдастар бҿлініп,хабар  айта  кетті.Абай 

мен Ербол жҽне үш жігіт аттарынан түсіп ,қарсы алушы қыз келіншектерді 

тосып қалды», деп баяндалады романда.  

      Ҽдетте,«жасырын  бару  »  «ұрын  келуге  »    қатысқан  адамдар  қыз 

ауылына  жақынырақ  барғанда  ,жігіт  аттан  түсіп,жалғыз  қалады(не  1-2 

адаммен),  ал  жолдастары  қыздың  ауылына  барып,күйеу  баланың  келе 

жатқанын  хабарлайды.Ұрын  келе  жатқан  жігіттің  сырт  киімі  қызылды-

жасылды болады.,басына үкі тағады,үстіне қызыл манат шапан, биік ҿкше 

етік киеді. Осындай бақсы мен салға ұқсататын үкілі бҿрік,қызыл шапанды 

кимеймін деп ,Абай аналарына қарсылық білдіреді. «Ата-бабам жолы осы! 

Барған елің сені кінҽламайды. «Ҽкесі- күйеу, шешесі қалыңдық болмағанба 

? » -деп ,бізді мінейді.Ки! »

-

деп ,Зере мен Айғыз Абайды зекіген  тұстары 



романда айқын суреттелген . 

Осындай  салт-дҽстүрлер  негізінен  ұлтымыздың  қыз  алып  қашу 

салтынан  гҿрі  ,құда  болып  келін  алу  салтында  кҿбірек  орын 

алады.Жоғарыда  сҿз  болғандай  салт-дҽстүрлерді  бүгінгі  күнде  қайта 

жаңғыртып  ,  тұрмыс  тіршілігімізде  қолдана  білсек,  ұлттық  болмысымыз 

бен мҽнді ҽдет-ғұрыптарымызды сақтап қалып,елдігімізді ұлттық тұрғыдан 

жҽнеде  тереңірек  таныта  алған  болар  –ек  .Сонда  ғана  болашақ 

ұрпақтарымыз  ұлтымыздың  салт-дҽстүрлері    мен  ҽдет-ғұрыптарын  тек 

ҽдеби мұралардан ғана емес, ҿмірден кҿріп тереңірек танып білер еді.

   


 

 

 



298 

 

Резюме 



 

Рассматривал  прогрессивные  и  отрицательные  стороны  традиций,  обращал 

внимание  воспитательной  возможности    и  их  смысла.          Необходимо  внедрить  в 

сознание  прогрессивные    элементы  в    традиции  молодежу,тем  самым  положительно 

влиять   на  сознательность       подраситащего   поколения. 

 

Summary 



 

This work considered progressine and negcetive   sides of tradition,turn attention 

developing opporfunities and its meaning. 

 

Пайданалылған ҽдебиеттер 



 

1.

 



Ахметова З. Кҽусар бұлақ. Алматы, 1993. 

2.

 



Баласағұн Ж. Құтты білік. Алматы, 1995. 

3.

 



Жарықбаев  Қ.Б.,  Наурызбаев  Ж.  Қазақтың  ұлттық  тҽлім-тҽрбие 

атауларының түсіндірме сҿздігі. А., 1993. 

4.

 

Кҽмҽлҽшұлы  Б.  Қазақ  халқының  туыс-туғандық  жүйесі,  ұрпақ  ҿсіру, 



тҽрбиелеу дҽстүрі, үйлену ғұрыптары. А., 2005. 

5.

 



Қазақтың  тҽлімдік  ой-пікірлері  Антологиясы,  2  том,  (құр.  Қ. 

Жарықбаев, С.Қалиев). Алматы, 1994. 

           

 

ӘӚЖ: 347.785. 

 

Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы 

 

Ҽбілбашаров Е. 



«Сырдария» университетінің аға оқытушысы 

 

Қазіргі  қоғамды  дамытудың  ғаламдық  факторы  білім  мен  ғылым 



болып  табылады.  Ал,  сол  ғылым  мен  білімнің  ішіндегі  музыкалық  білім 

беру жүйесі жас ұрпақты мҽдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып 

ҿсуі  үшін  ең  жоғары  мүмкіндіктерді  қолдануды  мақсат  тұтады.  Еліміз 

егемендік  алып,  ҿз  шаңырағымызды  тіктеген  тұста  ұлттық  ҿнерімізді, 

мҽдениетімізді,  білімімізді  жаңғыртып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу  міндеті 

қойылды.  Ҽсіресе  бастауыш  мектеп  оқушыларының  ҿз  елінің,  халқының 

соның  ішінде  ҿзі  мекен  ететін  аймақтың  мҽдениетіне,  салт-дҽстүрлеріне 

деген  сезімдік-эстетикалық  қарым-қатынасын  қалыптастырудағы  музыка 

ҿнерінің маңызын айқын кҿруге болады. 

 

Бастауыш  мектептерде  музыка  сабағын  оқуту  жүйесіне  кҿптеген 



ҿзгерістер,  жаңалықтар  енгізіліп,  авторлық  бағдарламалар,  ҽдістемелік 

жинақтар  шығармашылық  ізденіспен  дамып  келеді.  Музыка  саласындағы 

дҽстүрлі  халық  музыка  байлығын,  Қазақстан  сазгерлері  шығармаларын 

насихаттау  жаңа  қырынан  алға  қойылып,  жаңартылған  музыка 

бағдарламалары  жасалуда.  Дегенмен  бұл  ҽдістемелер  мен  бағдарламалар 


299 

 

ҽлі  күнге  дейін  ғылыми  тұрғыда  зерттеліп,  оны  бастауыш  мектепте 



толығымен қолға алынбағандығына кҿз жеткіздік. 

Музыка  теориясын  жасаған  Шығыстың    ұлы  ойшылы  оның  басты 

нысаны - ҿнердің ҿкілі болып саналатын музыканың мҽн-маңызын зерттеу 

деп есептеген. Ал музыканың тарихи заңдылықтарын зерттеген Ҽбу Насыр 

ҽл  Фараби:  «Оның  дүниеге  келуіне  табиғи  жҽне  сезімталдық  қасиеттер 

ҽсер етті», - деп жазады. Ол бұл қасиеттерге адамның музыканы жазу мен 

жасауға  қабілеттігін,  ауыр  еңбек  бүтіндей  тартып  ҽкеліп,  шаршаудан 

серпіліп, демалуға ұмтылуды жатқызады.  

Осылайша Ҽбу Насыр ҽл-Фараби халық шығармашылығының бастауы 

болып саналатын – музыкамен поэзияның қызметін былайша айқындайды: 



біріншіден, тынығу – адамдар ҽн тыңдау арқылы демалумен қатар рахатқа 

бҿленеді;  екіншіден,  ҽсерлі  сезімді  шығармашылық    -  ҿз  тҽнінің 

жағдайына  ҽсер  еткісі    келеді:    оның  бойындағы  белгілі  бір  жағдайдан, 

үрей  –  қорқыныштан  жұбату,  одан    серпілту  немесе  бірдеңені  ұмыту; 



үшіншіден,  белсенді  шығармашылық  -  ҽн  шырқау  арқылы  ҿзінің  айтқан 

ауызекі сҿздеріне белгілі бір мҽн-мағына беріп, тыңдаушыны ҽсерге бҿлеп, 

оның кҿз алдына терең түсіністік жағдайын елестету [1, 167 - б]. 

Демек, 


Шығыстың 

ұлы 


ойшылы 

музыкалық 

мҽдениеттің 

проблемаларын  зерттей  отырып,  тұлғаның  рухани  жаңаруын,  яғни  оның 

педагогикалық  мүмкіндіктерін  бҿлшектеп  оқып  –  білу  музыканың  негізі 

боларлықтай  міндеті  деп  есептейді.  Музыканың  дүниеге  келуін 

қарастырған ол вокальдық жҽне аспаптық музыканы бҿле-жара қарап, ҽн-

жыр ҿнеріне басты маңыз береді.    

Бастауыш 

сынып 


оқушыларының 

эстетикалық 

талғамын 

қанағаттандыра  отырып,  олардың  музыка  ҿнері  жҿніндегі  түсінігін 

кеңейтуде,  ой-ҿрісін  дамытуда  заман  талабына  сай  құрылған  музыка 

сабағының  маңызы  зор.  «Балаға  білім  бергенде,  алыстан  жақынға, 

таныстан  жатқа  кҿшіп,  жаңа  білімді  ескі  білімге  байлап  беру  керек»-деп 

Мағжан  Жұмабаев  айтқандай,  оқыту  процесіне  жаңа  кҿзқараспен  қарау 

керек.  Осы  бағыттарда  мектептерде  музыкадан  теориялық  жҽне 

тҽжірибелік  білім  беру  жүйесінен  біраз  тҽжірибелер  жинақталған,  солай 

бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, ҽсіресе қазақ мектептерінде 

ұлттық  сазды  ҽуендерге  бай  музыкалық  мұраларымызды  молынан 

пайдаланудың  жолдарын  ғылыми  тұрғыда  зерделеу,  оны  оқушылардың 

санасына сіңіру қазіргі таңдағы мұғалімдердің тҿл міндеті.  

Басты  міндет-оқыту  мен  тҽрбиелеу.  Ҿз  пікірінде  кҿрнекті  педагог            

В. Сухомлинский «Ҿнер - ҿнегелі, ақылды адамдарды тҽрбиелейтін құрал» 

-деп  тҽрбие  үрдісінде  ҿнерге  аса  кҿңіл  аудару  қажеттілігін  қысқа  да 

түсінікті  түрде  атап  кҿрсетті.  Сырлы  да  сазды  ҽуендерді  бүгінгі  күн 

ҽуендерімен,  классикалық  музыкамен  ұштастыра,  шығармашылықпен 

тақырыпты  аша  түсіп,  оқушыларды  музыка  ҽлеміне  қызықтыра  білу 

музыка  мұғалімінің  ҿз  ісінде  шеберлігін  талап  етеді  [2,  12-б].  Оқуға 

ынтасы  барды  да,  ынтасыздарды  да,  тҽртіптілер  мен  тҽртіпсіздерді  де 

музыка  ҽлеміне  қызықтырып,  оқушылардың  рухани  бейнесі,  танымын 


300 

 

қалыптастыра  отырып,  қоғамның  саналы  азаматы  етіп  шығаруда  музыка 



пҽнінің  маңызы  зор.  Ҿйткені  Музыка  ырғағы  кез  келген  оқушының  сана 

түйсігі арқылы ойлау, қиялдау, елестету сынды психологиялық үдерістерді 

дамытуына ҿз септігін тигізері хақ.  

Ал, Плотон мен оның ізбасарлары музыканың дүниеге келуінің қайнар 

кҿзі  ретінде  оны  тек  құдайдан    ғана  берілген  қасиет  деп  айтса,  ал  Ҽбу 

Насыр  ҽл-Фараби  мен  оның  ізбасарлары  жеке  тұлғалық  жҽне  қоғамдық 

қажеттілік  «Музыка  жайлы  үлкен  кітабында»:  «Адам  ҿмірдің  сан  алуан 

жағдайларына  орай  музыканы:  біреулерге  шаттық  пен  қуаныш  үшін, 



екіншілерге 

қайғы-мұң 

үшін, 

үшіншілерге 

жұбаныш 


үшін,  

төртіншілерге  ақындық  сұхбат  жүргізу  үшін  таңдай  білуі  тиіс»,-  деп 

жалпы мҽдениеттің, соның ішінде, музыканың пайда болуымен дамуының 

табиғи  жҽне  қоғамдық-рухани  қажеттіліктері  оның  негізгі  ерекшеліктерін 

айқындайтынын  айтады.  Халықтық  музыкалық  мҽдениеті,  оның  «жыр»,  

«толғау»,  «жоқтау» жҽне тағы басқа түрлері мен мазмұны деп осы ойдың 

дҽлдігін айғақтайды [3, 79-б]. 

Ҿмірге  енді  ғана  қадам  басып  келе  жатқан  бастауыш  сынып 

оқушысының  жүрек  қалауы  оның  бойына  сазды  ҽуен  арқылы  сіңеді. 

Сонымен  қатар  оның  музыкадан  тҽрбие  алуының  да  мүмкіндіктерін 

айырықша  атап  ҿтуіміз  тиіс.  Халық  тҽрбиесіндегі  балаға  тҽлім-тҽрбиенің 

қайнар  кҿзі  ретінде  ананың  ҽуезді  сыңғыр  үнімен  берілетін  ҽлдиін  орны 

ерекше.  Бала  тал  бесіктен  ҽлди  арқылы  естіген  тҽрбиелік  ұғымдарды 

санасына  құйып  ҿсті.  Сол  арқылы  бой  түзеді  жҽне  сол  ҽуендер  бойына 

тарап,  жан  дүниесі  музыкаға  жақын  болып  ҿсті.  Осыдан  бала  бастауыш 

сыныпқа  келгенде  музыканың  жоғарғы  деңгейдегі  ҿнердің  бір  саласы 

ретінде танып терең ұғынады. Ал, осы кезеңде музыка пҽні ҿз деңгейінде 

оқушыға  берілмесе  онда  оқушы  дүниетанымында  ҽр  қилы  кҿз-қарастар 

пайда болуы ҽбден мүмкін.    

Бастауыш мектептің музыка пҽнінде жаңа ҽдістерді пайдалану арқылы 

мектептегі  сабақтарды  жаңаша  ұйымдастыру,  мұғалімнің  рҿлі  мен 

қызметінің  артуына  жағдай  жасау,  теориялық,  ғылыми-педагогикалық 

жҽне  психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып,  оқушылардың 

құзыреттілігін 

қалыптастыру, 

ақпараттық 

технологиялар 

мен 

инновациялық 



оқыту 

ҽдістері 

арқылы 

оқушыларды 



ізгілікке, 

елжандылыққа, 

саналыққа, 

адамгершілікке, 

имандылыққа, 

еңбексүйгіштікке  тҽрбиелеу  қажеттілігі  туындайды.  Осы  адами 

қасиеттерге  тҽрбиелеуде  ұлттық  халық  музыкасының  алатын  орнын 

кҿптеген  ғалымдар  ҿз  ғылыми  еңбектерінда  зерделеген.  Ғылыми 

еңбектерге  талдаулар  жасаған  кезімізде  ҽрбір  ғалым  ҿзінің  ғылыми 

жұмыстарында  ұлттық  музыканың  мектеп  оқушысына  берер  тҽрбиесінің 

мол  екендігін  баяндаған.  Осы  тұрғыда  бастауыш  сынып  оқушысына 

музыка пҽнінің оның тҽрбиесіндегі ролі мен маңызы айқындалмақ. 

Бастауыш  сынып  оқушыларына  эстетикалық  тҽрбие  беріп,  олардың 

бойына  туған  ҿлкесіне,  халқына  деген  адамгершілік  пен  сүйіспеншілік 

сезімдерін  сіңіруде  ұлттық  музыка  мҽдениетінің  алатын  орны  ерекше 


301 

 

екендігі  белгілі.  Осы  мҽселелерді  қайта  жандандыру  мақсатында 



оқушыларды  қабілетіне  қарай  –  жыраулық  ҿнерге,  терме  айтуға, 

шешендікке тапқырлыққа, айтыс ҿнеріне үйретуде – ҽн-саз пҽнінің алатын 

орны  орасан  зор.  Олай  болса,  оқытумен  тҽрбиелеудің  ой  елігінен  ҿтетін 

ҽдіс-тҽсілдерін  жаңашыл  педагогтардың  тапқан  ҽдістемелерін  біліп  қана 

қою жеткіліксіз, оны ҽркім ҿз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану 

қажет. Сонда ғана сабақ нҽтижелі болып білім сапасы арттады.  

Бастауыш мектеп оқушыларының білім алуында ерекше орын алатын 

пҽн  музыка  ҿнері  болып  табылады.  Ҿйткені,  ҽдемілік  пен  кҿркемділік 

адамның  күнделікті  ҿмірінде  зор  роль  атқарады.  Адамның  қоршаған 

ортасы неғұрлым кҿркем болса, соның ҿзі адамды кҿңілдендіріп, еңбек пен 

ҿмір шабытын тудырады. Осы аталған ҽдемілік пен ҽсемдік ҽлемінен сыр 

шертетін  ҽуезді  ҽн  ҿнері,  кез-келген  оқушының  пҽнге,  сабаққа,  ҿнерге 

деген  қызығушылығын  арттырып,  кҿркемдік  ой-ҿрісін  дамытып,  сұлулық 

ҽлемінен  тҽлім-тҽрбие  алуына  септігін  тигізетін  ғылым  саласының  бірі. 

Сонымен  қатар,  ҽн-саз  ҿнері  оқушылардың  рухани  дүниетанымын 

молайтып,  ҿнер  құндылықтарын  бағалай  білуге  де  септігін  тигізері  хақ. 

Ҽн-саз  ҿнеріне  ден  қойған  оқушының  бойында  қатыгездік,  тҽртіпсіздік, 

бұзақылық сияқты келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Ҿйткені оқушыны 

сезімталдыққа баулиды. Осы негізде ҽн-саз ҿнерінің салаларын жеке-жеке 

зерттеп,  оқыту  мҽселелерін  қарастыруымыз  қажет.  Зерттеу  жұмысымыз 

ҿнердің соның ішінде ҽн-саз ҿнерінің жекелеген түрлерін зерттеп, олардың 

бір-бірімен  байланысын,  ерекшеліктерін,  заңдылықтарын  егжей  тегжейлі 

даралап,  салаларға  бҿліп  ажыратып  оны  оқушылардың  бойына  сіңіру 

қажет деп тұжырымдауға негіз болды.  

Қорыта  айтқанда  бастауыш  мектептегі  музыка  сабағы  оқушыларды 

ҽсемдік  ҽлемінің  таңғажайып  сырын  терең  түсініп,  кҿркемдік  атаулыны 

шынайы сезінуге, одан рухани лҽззат, ҽсер алуға, ҿмір жайлы ой толғауға, 

ізгілікті  мұрат  мақсаттарға  жетелеп,  ҿнегелі  істерге  баулыйды.  Музыка  – 

құдіретті  күш,  жан  дүниені  ерекше  ҽсерге  бҿлеп,  адамды  сҽулелі  ҿмірге 

жетелейтін  сиқырлы  ҿнер.  Осы  тұжырымдар    бастауыш  мектепте  музыка 

сабағын оқытудың маңызын айқындай түседі.  

 

Резюме 



 

 

В статье рассказывается о значении преподавании музыки в начальной школе с 



опорой на различные концепции исследователей музыки.   

 

Summary 



 

The impottance of teaching music in an elementaty school with contribution on 

dibbetent concerts of music reseatchers. 

 

 



 

 


302 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.  АльФараби.-Трактат  о  музыке  /Аль-Фараби.  Избранные  трактаты. 

Алматы: 

Ғылым,1994.   

2. Сухомлинский А-;. Бaлаға жүрек жылуы. – Алматы, 1976. -136 б. 

3.  Қазақтың  музыкалық  фольклоры:  болмысы,  ҿзіндік  ерекшелігі, 

тҽрбиелік  мазмұны  мен  заманауи  ҿміршеңдігі.  Оқу  құралы.  -2-ші 

басылым.-Алматы: Триумф «Т» 2007 -160 б. 



 

ӘӚЖ:37.037 

 

Дамыту ойындары арқылы танымдық іс-әрекеттерін 

қалыптастыру  

 

Байдуллаева О.Ж., доцент, Саттарова Ж.С., 2 курс магистрі 

«Сырдария» университеті  

 

5-6  жасар  балалардың  ойын  арқылы  сҿйлеу  тілін  дамыту  жҽне  сыни 



тұрғыдан  ойлау  технологиясы  бойынша  құзіреттілікті  меңгерту.  Болашақ  

ұрпақтың  танымдылық  белсенділігін  дамыту  ақыл  –  ой  тҽрбиесінің  бір 

міндеті ретінде күні бүгінге дейін күн тҽртібінен түспей келеді[1]. Ақыл – 

ой  тҽрбиесінің  бұл  аспектісі  баланың  ойлау  операциясының,  танымдық 

процестерінің жҽне қабілетінің дамуына тікелей байланысты. 6 - 7 жастағы 

баланы  оқу  –  тҽрбие  процесінде  дамыту  мҽселесінде  басты  ролді  ең 

алдымен  баланың  ҿздігімен  ҽрекеті  жҽне  танымдық  белсенділігі 

атқарады[2].  Ғалымдар  С.  Л.  Рубинштейн,  Д.  П.  Годовикова,  Т.  А.  

Куликова,  А.  И.  Сорокинаның  еңбектерінде  6  -  7    жастағы  балалардың 

білуге  құштарлығының,  танымдық  қызығушылығының,  комуникативтік 

сұрақтары,  түрткісінің  дамуы  танымдық  белсенділігінің  кҿрсеткіштері 

ретінде  атаған[3].  А.П.Усова  ҿзінің  «Балабақшадағы  оқыту»  атты 

еңбегінде  мектепке  дейін  балалардың  оқу  ҽрекетіндегі  танымдық 

белсенділігіне  байланысты  үш  деңгейге  бҿлген  теориясын    басшылыққа 

алуды ұсынады[4]. 

6-7 


жастағы 

балалардың 

танымдық 

белсенділігін 

дамыту 

балабақшадағы  педагогтардың  үлесіне  тиіп,  ұйымдастыру  шеберлігімен 



тікелей  байланысты.  Сондықтан  бүгінгі  күні  тҽрбиеші-  педагог 

мамандарына түпкілікті білімм берумен қатар, кҽсіби іс-ҽрекеттің ғылыми 

негіздерін  практикада  қолдануға,  практикалық  біліктілікпен  дағдыны 

қалыптастыруға ерекше кҿңіл бҿлуде. Ең басты талап баланың бақыты мен 

тағдырына жауапкершілікпен қарап, дене, физиологиялық, психологиялық 

даму  заңдылықтарын  түсіну.  Балабақша  педагогы  ҿзін  жай  ғана 

тҽрбиешімін  деп  қарамай,  жалпы    мҽдениетін  жҽне  кҽсіби  біліктілігі  мен 

даярлығын  жетілдіру  қажет.  6-7  жастағы  балалардың  психологиялық  

ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген қызығушылығы 

басым болып келеді.Баланың ҿзіндік ішкі позициясы қалыптасып жҽне екі 



303 

 

қажеттілігі;  екінші  белгілі  бір  ҽлеуметтік  қатынасқа  байланысты 



қажеттілігі. 

Айналадағы ҽлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педагог-тҽрбиешімін, 

ересектермен,  құрдастарымен  қарым-қатынас  кезінде  танып    біледі. 

Осындай  жетістіктерге  жету  үшін  тҽрбиеші  педагог  алдында  тұрған 

ертеңгі  мектеп  оқушшысы  деп  қарап,  баланың  мінез-құлқын,  сана-

сезімінің  жетілу    дҽрежесін  таным  үрдістерінің  (түйсігі,  қабылдауы,  ес 

ойлау, сҿйлеу, зейіннің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап ҽрі 

дамытып  отыруы  керек.  Сондықтан  осындай  ерекшелігін  ескере 

отырып,оқу-тҽрбие процесін жүргізу қажет. Тҽрбиеші-педагог мектеп алды 

жастағы балалардың танымдық, белсенділігін қалыптастыруда, оның кҿзін 

ашуға  басты  тұлға.  Қазіргі  таңда  мектеп  оқушыларының  танымдық 

белсенділігін арттыру  мҽселесі жоғары деңгейде шешіліп, оқытудың жаңа 

технологиялары енгізіліп, сапалы нҽтижелері байқалып отыр.  

Сонымен  бірге,  оқушылардың  танып,  білуге,  қабілетін    дамытуға,  ҿз 

пікірін еркін айтуға шығармашылығын дамыту арқылы іске асыралады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстарды  кҿптеп  қатыстыруға,  ойландыруға 

мүмкіндік  туады.  Оқушылар  мен  студенттердің  танымдық  ойындар 

қолданудың маңызы зор. 

Ойын  дегеніміз-жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  кҿңіл-күйін 

кҿтеретін,ойландыратын 

үрдіс. 

Ойын-тҿзімділікті, 



алғырттықты, 

тапқырлықты,  ұқыптылықты,  ізденімпаздықты,  іскерлікті,  дүниетаным 

ҿрісінің  кҿлемділігінің,    кҿп  білуді,  сондай-ақ,  басқа  да  толып  жатқан 

сапалық 


қасиеттердің 

қалыптастыруға 

үлкен 

мүмкіндігі 



бар 

педагогикалық,  тиімді  ҽдістерінің  бірі.  Сондықтан  ойынды  сабақтан  тыс 

уақытты  пайдалану-үлкен  нҽтиже  берері  анық.  Ойынға  зер  салып,  ой 

жүгіртіп  қарар  болсақ,  содан  үлкен  мҽнді  де  мағыналы  істер  туындап 

ҿрбитінін  байқаймыз.  Себебі,  бар  ҿнердің  бастауы  деп  білеміз.  Ойын-тек 

жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дҽлдікке т.б 

ғана  тҽрбиелеп  қоймайды,  оның  ақыл–ойының  толысуына,  жан  дүниенің 

қалыптасуына, есейіп ҿсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан 

ҿмірдің  есігін  ашып,  оның  шығармашылық,  қабілетін  оятып,  танымдық 

қасиеттерін дамытады. 

3-5 жастағы балаларға арналған дамытушы ойындар 

3-5  жастағы  баланың  ағзасындағы  болып  жатқан  ҿзгерістер  1-ден  3-ке 

дейінгі жастағыға қарағанда барлық процесстер баяу жүреді. Ми ҿседі, ми 

қабығы  күн  сайын  мидың  жаңа  иірімдері  пайда  болады.  Баланың  басқа 

мүшелеріне қарағанда миы тезірек дамиды. 5-6 жаста ми 90% қалыптасқан 

болады.  2  жасқа  дейінгі  шыққан  сүт  тістері  4-5  жаста  түсе  бастайды,  ал 

нақты  тістері  6  жастан  кейін  қалыптаса  бастайды.  Сүйек  құрылымы  да 

дамиды,  бұлшық  еттерінің  ҿсуіне  байланысты  баланың  салмағы  да  ҿседі. 

Бала  іс-ҽрекеттің  қиын  түрлерін  үйрене  бастайды:  велосипед,  шаңғы, 

коньки  тебу,  доп  ойнау.  Бұл  уақытта  спорттық  түрлі  секцияларда 

жаттығуларды  бастауға  болады.  Осы  жасқа  келгенде  балалар  ҿздеріне 

қызмет  ете  алады:  ҿз  бетімен  тамақ  ішу,  жуыну,  киіну,  түймесін  ағыту, 



304 

 

бауын  байлау,  есік  тұтқасын  бұрап  ашу.  Олар  түзу  сызық,  шеңбер  сыза 



алады, сюжеттік суреттер сала алады, үлгі бойынша қайшымен қия алады. 

Бұл  жаста  баланың  ұсақ  моторикасы  дамиды.  3-тен  6  жасқа  дейінгі 

уақытта  ол  бірте-бірте  дамиды.  3-6  жаста  аралығындағы  баланың  ойлау 

қабілетінің  жҽне  эмоционалды  дамуының  ҿтпелі  кезеңі.  3  жасқа  дейінгі 

балалар  ойдан  шығарылған  обьектілерді  шындықтан  қиындықпен 

ажыратады.  Себебі,  балалар  ертегі  кейіпкерлерінің    кҿбін  рас ҿмір  сүреді 

деп ойлайды. Ҿмірінің 4 жылында бала практикалық іс-ҽрекеттерде негізгі 

дағды  қалыптастырады.  Ол  абстракциялық  схемаларды  қолдана 

бастайды,заттарды  біріктіреді.Бұл  жастағы  балаларға  заттар  арасындағы 

түсініктермен қарым-қатынастарды, олардың қасиеттерін ойын барысында 

түсіну үшін қажетті ойындармен жаттығуларды. 

 

Резюме 



 

Организовывая  действия  детей  младших  классов  мщжно  рассмотреть 

развивающую и воспитательную роль и обязанность позиавательных игры. 

 

Summary 



 

Organizing  actions  of  children  of    junior  classes  may  be  considered  the  developmental 

and educational rele and responsibility of cognitive games.

  

 



Пайдаланылған ҽдебиеттер 

 

1.С. Ұзақбаева. Тамыры терең тҽрбие. – Аламаты: Білім, 1995ж. 



2.А.К. 

Меңжанова. 

Балаларды 

кҿркем 


шығармалар 

арқылы 


адамгершілікке, еңбекке тҽрбиелеу (монография). –Алматы: Рауан, 1991ж. 

3.В.С. Мухина. Алты жастағылар мектепте. –Алматы: Мектеп, 1989ж. 

4.Ҽ.С.  Ҽмірова  Балаларды  кҿркем  ҽдебиет  арқылы  адамгершілікке 

тҽрбиелеу. –Алматы, Рауан, 1998ж. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет