Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 9.47 Mb.

бет32/80
Дата22.12.2016
өлшемі9.47 Mb.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80

ӘӚЖ. 347.785 

 

Мектептегі музыка мҧғалімі  іс-әрекетіндегі педагогикалық шеберлік 

мәселесі 

 

Барболова Г.Ж.   

«Сырдария» университетінің 2 курс магистранты 

 

Музыка  ҿнері  жеке  тұлғаның  дамып,  қалыптасуында  аса  маңызды 



роль  атқарады.  Музыка  адам  саласына,  жүйке  жүйесіне  ықпал  ететін 

ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы 

бейнеленеді. Ал ол дыбыстар-түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар 

емес,  адам  сезімін  бейнелеуші,  реттеуші  сұлулық  заңына  сҽйкестенген 

ҽсерлі ҽуен ҿрнектері. 


305 

 

Музыка  ҿнері  ҿмірдің  ажырамас  бҿлігі  ретінде  эстетикалық, 



танымдық,  тҽрбиелік  функциялар  атқарады.  Бұл  туралы  Д.Б.Кабалевский 

былай  деп  тұжырымдағанды:  «Адам  жасаған  ҿнер  сол  адам  туралы  жҽне 

сол  адам  үшін  жасалады,  музыка  мен  ҿмірдің  байланысы  осында  жатыр. 

Міне,  сондықтан  да  ҿнер  үнемі  адамдардың  идеялық  дүниесін  байытып, 

рухтандырып,  дүниетанымын  бекітіп,  күш  қуатын  арттырып  келеді».  

Музыкалық  шығармаларды  тыңдау,  ойнап  үйрену,  орындау  барысында 

оқушылардың  ҿмір  тҽжірибесі  байытылады,  болмысты  байыптау  ҿрісі 

кеңейеді,  ойлау  процестері  жеделдетіледі.  Музыкамен  қарым-қатынаста 

болу  ҽуен-саздың  ҿзара  байланысын,  мҽнерін,  бірізділіктегі  құрылымын 

танып  білуге  кҿмектеседі.  Оқушылардың  музыкалық  іс-ҽрекеттерінде 

дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына кҿмектеседі, 

дүниетанымын  кеңейтеді,  ақыл-ой  қабілеттерін  жетілдіреді.  Қиялдың, 

фантазияның  дамуы  -  тҽлім-тҽрбиенің  маңызды  жақтарының  бірі.  Осы 

ретте  бала  қиялын  шарықтатып,  арман-мақсатының  ҿресін  биіктетуде 

шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор [1, 12-б]. 

Мектептегі  музыкалық  тҽлім-тҽрбиенің  мақсаттары  мен  мазмұнын 

анықтау,  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мҽселелері 

қарастырылған  Н.Я.Брюсова,  музыка  сабағын  жобалау,  құру  мҽселелерін 

талқылауға  арналған  мақалалары  да  музыкалық  білім  беру  педагогикасы 

теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбектер деуге болады. 

Бүгінгі болашақ музыка-мұғалімінің ҽлеуметтік білім беру кеңістігінде 

білім  алу  жолын  оң  шешіммен  қарауы,  он  жүйелі  түрде  қарастыруы, 

ғылыми тұрғыдан ҿзінше тұжырым жасай отырып, оқу-тҽрбие процесінде 

пайдалана білуі бастауыш сыныптарда ҿтілетін музыка сабағындағы негізгі 

мҽселенің  бірі  болып  саналады.  Ұстаз-ҿзінің  іс-ҽрекетін  үнемі 

педагогикалық жаңашылдыққа, кҿркемдік құндылықтар мен білім берудің 

негізгі  жолдарын  меңгеруге,  оны  жеткізе  білуі  арқылы  мектептегі  тың 

бастамалардың қолдаушысы болуы тиіс [2, 81-б.]. 

Бүгінгі  музыка  мұғалімі-жан-жақты  білім  алған,  оқушылардың 

бойында  ҽсемдікке,  кҿркемділікке  деген  нҽзік  сезімін  шыңдай  алатын 

шығармашылық  бағыттағы  тұлға  болуы  қажет.  Болашақ  ұрпақтың 

білімділігі  мен  оның  рухани  байлығын  музыка  сабағы  арқылы  байытуда 

мҽдениетті, білімді, ҿзіндік ұстанымы мен таным-кҿзқарасы жетілген тұлға 

тҽрбиелеудің маңызы зор. 

Мектеп  мұғалімі  жеке  тұлға  ретінде  ҿзін-ҿзі  шығармашылықпен 

жүзеге асырған жағдайда ғана зерттеушілік мҽдениеті қалыптасады, ҿзінің 

кҽсіби  шеберлігін  шындауда  ҿзін-ҿзі  зерттеу,  кҽсіби  іс-ҽрекетін  талдау, 

оқу-тҽрбие 

жұмысында 

қолданатын 

ҽдіс-тҽсілдерінің 

тиімділігін 

пайымдау,  музыкалық  білім  мазмұнын  жобалау,  болашақ  нҽтижелерді 

талдау  сияқты  толып  жатқан  іскерліктерін  үнемі  жетілдіріп  отыруы  тиіс. 

Педагогикалық    талаптарына    сай      балаларды    ҽн    ҿнеріне    баулуда  

тҽжірибеде  қолданылатын    арнайы    ҽн    жаттығуларының  алатын  орны 

ерекше.  Болашақ  музыка  мұғалімі  педагогикалық  шеберлігінің  негізі-ең 

алдымен,  олардың  ғылыми  тұжырымдама  жасау  ҽдістемесін  бойларына 



306 

 

сіңіруіне  байланысты.  Танымдық  қызығушылықтың  ҿз  уақытында  пайда 



болып,  дамуымен  шығармашылық  бесленділігі,  қызығушылығы,  ҿз 

бетінше жұмыс жасау қалыптасады. 

Музыка  мұғалімі-ұйымдастырушы,  тҽрбиеші  ретінде  жетекші  ҿзінің  

педагогтық  шеберлігін арттырып, барлық жағынан  үлгі  болуға  міндетті. 

Ол  дайындықты    ұйымдастырудың  барлық    мҽселелерін    шешуге,    оның  

жоспарын  жасауға,  музыкалық  шығармамен жұмыс  істеудің  мазмұны  

мен  ҽдістерін,    жеке-дара    жҽне    топтың    сабақтардың    формаларын, 

тҽсілдері мен ҽдістерін құралдарын динамикалық  келісімділігін  жҽне  т.б. 

мұқият ойластыруға  тиіс. 

Бұл 


зерттеулерде 

болашақ 


мамандырдың 

педагогикалық 

шеберліктерін  қалыптастыру  мҽселесі  бойынша  теориялық-ҽдістемелік 

бағалы  ақпараттар  мен  тиянақты  кҿмек  бере  алатын  мҽліметтердің  бай 

қоры  сақтаулы.  Педагогикалық  шеберлік  ҽртүрлі  теориялық  білімдерден 

нҽр  алып,  теория  мен  тҽжірибе  арасындағы  ҿзінше  бір  жалғастырушы 

ролін атқарады. Сондықтан мұндай қабілеттерді жоғары оқу қабырғасында 

жүргенде  қалыптастыру  қажет.  Бұл  мҽселелер  кҽсіпқой–педагогикалық 

музыға  мұғалімдерін  дайындаудағы  жағдайды  кҿтеру  зерттеушілер 

О.А.Апраксина,  Л.Г.Арчажникова,  Э.Б.Абдуллин,  т.б.  зерттеушілердің 

еңбектерінде кҿрініс тапчан [3, 72–б.]. 

Шығармашылық ізденіс барысында, белгілі бір жағдайларда бұларды 

танымдық  қызығушылықтың  қалыптасуына  жҽне  шеберліктің  жаңа 

жолдарын табуға болатындығын мұғалімдердің жұмыстары кҿрсетіп отыр, 

бірақ бұл үшін алдыңғы қатарлы іс-тҽжірибелерді байытып, педагогикалық 

жҽне ҽдістемелік нанымды қалыптастыру, дамыту, жаңа ой түю қажет. 

Күрделі  сараптама  жасай  білу  қабілеті  музыка  мұғалімі  шеберлігін 

білдіреді.  Бҽрінен  бұрын-музыка  мен  аудитория  арасындағы  қарым-

қатынас орнату шеберлігі - ҽртүрлі жастағы оқушылар мен музыканы оқып 

үйренуде, ҽртүрлі қабілетті балалармен байланысты табу қасиеті. Музыка 

мұғалімі  жетістігі  кҿпшілігінде  балалармен  арада  орнатылған  қарым-

қатынас  шеберлігіне  де  байланысты.  Сыныппен  жүргізілетін  ҽрбір  сабақ 

ара қатынас тек айтылған сҿзде, мимика мен қозғалыста ғана кҿрініс тауып 

қана  қоймайды.  Оның  бояуының  реңі  тек  ҿнер  сабағына  тҽн  кҿптеген 

компоненттерден құралады, ішкі жан дүниеге ҽсер ететін, орындаушылық 

процестер кезінде, музыка тыңдағанда жҽне музыка жайлы ой жүгірткенде 

туындайтын  музыканың-ҿз  тілі,  сҿзі,  мимикасы,  кҿзқарасы    болады.  Ал, 

Ю.П.Азаровтың  пікірінше,  «дҽл  сол  жерде  болашақ  мұғалімдер 

педагогикалық шеберліктің алғашқы түп нұсқасын, жоғары педагогика мен 

мектептегі  білім  реформалары  мен  негізін  қалыптастырады».  Алайда,  тек 

жалғыз білім педагогикалық санатты анықтай алмайды. Егер мұғалім осы 

айтылғандарды іс-тҽжірибеде қолдана алса ғана олар жүзеге асады [4,16-б]. 

Егер  мұғалім  балалардың  ҽнді  қалай  айтып  жатқанын  естімесе, 

былайша  айтқанда,  олардың  бет  ҽлпетіндегі  ҿзгерістерді  кҿрмесе,  кҿңіл-

күйлерін  түсінбесе,  сҿйлемнің  айтылу  мҽнерін  байқамаса,  музыка  сабағы 

бүлінеді. Ҽсіресе, жоғары сынып оқушылар мұғалімнің жасанды қылығын 



307 

 

бірден  байқайды.  Бұл  жерде  қарым-қатынасты  ұйымдастыру  жҽне 



айтылатын  сҿздің  мҽніне  тікелей  ҽсер  ететін    сҿйлеу  ҿнері  де  маңызды. 

Барлық педагогтарға белгілі, бастауыш мектеп оқушылары ұзақ мазмұннан 

құралған,  берілген  тапсырманы  толық  игере  алмайды.  Кҿпшілігінде 

мұғалім бұл туралы ұмытып, ұзақ жҽне кҿп сҿйлеуге ҽуестеніп кетеді. 

Музыка  мұғалімі  музыка  сабағының  ҿзіне  тҽн  белгілерін  есепке  ала 

отырып,  дҽстүрлі  қарым-қатынас  ретінде  сұрақ  қоюды  белсенді  түрде 

қолданып  қоймай,  айтылған  сҿз-ойлау,  айтылған  сҿз-белгілі  бір  мҽселе, 

айтылған  сҿз-қарым-қатынас  деп  қарастыру  керек.  Балалардың  сабақта 

ойлануы-бұл  ҽңгімелесу  процесі  сияқты  музыкамен  кҿркемдік  байланыс 

кезінде  туындайтын  іс-ҽрекет.  Оқушылар  ҽрқашан  тыныш  ойлануға,  ал 

мұғалім  осы  ойларды,  пікірлер  мен  айтылған  сҿздерді  шебер  дамытуға 

үйренуі керек. 

Музыка  мұғалімінің  мҽнерлі  сҿзі,  дыбыстау  құралдарының  барлық 

жиынтығы,  дыбыс  күшінің  ҿзгеруі,  биіктігі,  дыбыстың  ұзақтығы  мен 

сапалы  бояуы  дауыс  ырғағының  арқасында  жүзеге  асады.  Мұғалімнің 

рухани  бай  екендігі  оның  ойлау  мҽдениеті  мен  сҿйлеу  мҽдениетінен 

кҿрініс  табады.  Бұл  қабілет  сонымен  қатар,  тұлғаның  қалыптасуында 

басты құрал ретінде кҿрініс береді. 

В.А.Сухомлинский  ҿз  сҿзінде:  «Мұғалімнің  сҿзі-тҽрбиеленушілердің 

жанына ҽсер ететін ештеңемен алмастырылмайтын құрал. Атап  айтқанда-

тҽрбие ҿнері-бҽрінен бұрын сҿйлеу ҿнері, адам жүрегімен байланыс жасау 

ісі» [5, 101-б.]. 

Адам  санасына  ғана  емес,  сонымен  қатар,  сезіміне  де  ҽсер  ету 

педагогикалық  шығармашылықтың  шынайы  шеберлігі.  Қазіргі  кезде 

мектептегі музыка сабағын беру ҽдіс-тҽсілі мынадай сенімді кҿрсетіп отыр. 

Ойнаған  шығармасын  үзіліссіз  байланыстыра,  айтылған  ой  немесе 

айтылған  сҿздер  ішкі  жан-дүниесімен  қабысса,  ҿзінің  дыбыстар 

үндестігіне  деген  қарым-қатынасының  ҿзінің  ҿмірлік  тҽжірибесімен 

жалғастырса  мұғалім-  сонда  ғана  ҿз  ісінің  шебері,  жасаушысы.    Шебер 

музыка мұғалімі алға қойылған тапсырманы, музыкалық сабақтың идеясын 

ҿз жүрегінің елегінен ҿткендей сезінуі қажет. 

Белгілі  зерттеушілердің  айтқандарын  негіздеп,  саралай  жеткізер 

болсақ,  педагогикалық  шеберлік-бұл  педагог-музыкант  тұлғасы,  оның 

кҽсіпқой  білімі,  педагогикалық  қабілеті  мен  педагогикалық  іс-ҽрекеттен 

тұратын тұтас жүйе. Болашақ маман келтірілген компоненттерді ҿз бетімен 

іс-ҽрекет  еткенде  игеру  қажет.  Ҿз  бетінше  жұмыс  жасау  жауапкершілігін 

түсінгенде  ғана,  алға  қойған  талапқа  ұмтылу  мен  балаларға  деген 

махаббат,  оның  кҽсіпқой  шеберлігін  қалыптастыратын  болады.  Біздің 

пікіріміз  бойынша,  педагог-шебер-бұл 

педагогикалық 

техниканы 

ҽдістемелік дайындық барысында игерген, оқып үйретудің ҽдіс-тҽсілдерін 

меңгерген  жҽне  оны  ҿзгерген  жағдайларға  байланысты  шебер  қолдана 

алатын    жоғары  кҽсіпқой  маман.  Тұтас  алғанда,  ҽрбір  мұғалімнің 

шығармашылық  мүмкіншілігінің  дамуына  қажетті  білім  кҿзі  мен  белгілі 

бір ҽдістер жинақталады. 



308 

 

Болашақ  мамандар  мектепте  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін 



есепке алып, негізі бағдарлама материалдарының мазмұнын, оқушылардың 

шынайы  мүмкіндіктерін,  оқу  процесінің  қамтылу  деңгейін,  ең  соңғысы 

ҿзінің  қабілеті  мен  қазіргі  музыка  мұғаліміне  деген  талап  олардың 

педагогикалық шеберліктерін арттыру себебінен екенін білулері керек. 

Халықтың  музыкалық  творчествосын  игеру  -  қыруар  еңбекті    талап  

ететін  ең  незізгі  мҽселе.    Мұны  жүзеге    асыруда  түрлі    ҽдіс-тҽсілдерді  

пайдалануға  болады.  Оқу  процесінің  нысаналы    жүргізілуі,  оның  

жүйелілігі,  түсініктілігі, кҿрнекілігі, ҿмірмен байланыстылығы, оқыту мен 

тҽрбиедегі сабақтастығы, ҽрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның 

барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігін қалыптастыру қажет. 

Шығармашылық ізденіс, ҿзін-ҿзі кҿрсету үшін  оңтайлы жағдайлар жасау 

жҽне  ұжымның,    жетекшінің    талаптарына    міндетті    түрде    бағыну,  

жоғары    тҽртіптілікті  талап  етеді.  Музыкалық  шығарманы  ұжымдық 

үйренуге кірісуде, шығарманың  музыкалық текстін  дҽлме-дҽл  орындау, 

ҽуеннің      сипатын  анықтау,  музыка    дыбысын    шығаруда    барлық  

тҽсілдерді  белгілеу,  бүкіл шығарма барысында дыбыстың тепе-теңдігіне 

қол  жеткізу,         орындаушылық   шеберлігінің     дҽлдігіне   жетуде  музыка 

мұғалімінің қосатын үлесі мол. 

Музыка мұғалімі оқушыларды музыкалық  шеберлігі пен дағдыларды  

игеруде  белсенділік    пен  дербестікті    дамыту    жҽне    халық  музыкалық 

творчествосының    негіздерін    оқып  үйреніп,    оларды    жүйелі    жүргізуді  

қамтамасыз  етеді.  Сонымен  қатар,  белсенділік    пен  дербестікті    дамыту  

жҽне  халық музыкалық шығармашылығының негіздерін  оқып үйреніп, іс-

тҽжірибеде  қолдануды  жүйелі  түрде жүргізуді  қамтиды. 

Музыка  мұғалімі  шеберлігінің  құпиясы-оны  зерттеу  ісінде  ғана  емес, 

жинақтаған  мұраға  жҽне  оқыту  ҽдістеріне  шығармашылық  шабытпен 

келуі,  оларды  жаңа  ҿзгерген  жағдайларға  байланысты  қолдана  білу, 

сонымен  қатар,  ғылыми  жаңалыққа  ҿз  сараптамаларын  жасай  білу 

талаптары,  кездескен  қиыншылықтарға  ҿз  бетінше  даяр  бола  білу  мен 

оларды  шешу  болып  табылады.  Оқушыларды  ҿз  бетінше  ізденуге, 

салыстыруға,  талдау  жасауға  жҽне  зерттеу  ісіндегі  құбылыстарды 

қоршаған ортамен байланысын табуға, ақиқат іздеуге, шығармашылықпен 

ойлау  қабілетін  қалыптастыру  музыка  сабағының      мақсаты  болып 

табылады. 

 

Резюме 


 

Современный  перподаватель  музыки  должен  уметь  со  стороны  социального 

образования      -  правильно  рассматиривать  образование  и  ее  положительные  виды 

систем и иметь личные выводы с научным подходом  и уметь использовать навыки на 

уроках  музыки  в  начальных  класах,  и  это  является  самыми  главными  проблемами  в 

учебно-воспитательном  процессе  музыки  в  начальных  классах.  Учитель  должен 

регулярно  направлять  свои  действия  к  педагогическому  новаторству,  усвоению 

основных  путей  в  преподовании  и  художественных  ценностей,  и  умея  довести  до 

сведения должен стать спутником инициатив в школе. 


309 

 

Summary 



 

Modern teacher of music should be able to by the Social Education - the right opinion to 

education and to know its positive kinds of systems, and have a personal conclusions from the 

scientific approach and be able to use the skills of music lessons in primary schools, and this 

is the most important challenges in the educational process of music in primary classes. The 

teacher  should  regularly  send  their  actions  to  the  pedagogical  innovation,  absorption  of  the 

main ways of teaching and in art treasures, and being able to bring to the attention should be 

attendant initiatives at the school. 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 

1. П.Момынұлы. Музыкалы-эстетикалық тҽрбие.-Алматы, 2000 ж. 

2. П.Момынұлы., И.Нүсіпбеков. Ҽн-музыка сабағы.-Алматы: Ҿнер,1957 ж. 

3.  Б.Ғизатов. Ҽн ҽліппесі.-Алматы: Ҿнер,1966 ж. 

4. Меңдіаяқова Қ.М.,Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тҽрбиесін беру   

     ҽдістемесі.-Алматы: Ҽл-Фараби, 1997 ж. 

5.  Жұбанов А. Музыкадағы алғашқы қадам. -Алматы: Ҿнер, 1963 ж. 

 

ӘӚЖ: 378.146 



 

Физикалық есептерді компьютердің кӛмегімен шығару 

 

*Бердалиев Д.Т., **Дайырбеков С.С. 

*ОҚМПИ Шымкент қ. Қазақстан,

 

**«Сырдария» университеті, п.ғ.к., доцент



 

 

Физика  –  табиғаттың  неғұрлым  жалпы  жҽне  іргелі  заңдары  туралы 



ғылым. 

Басқа 


барлық 

жаратылыстану 

ғылымдары 

физикалық 

заңдылықтарға  сүйенеді.  Ал  физика  ғылымын  оқушылар  жақсы  игеріп 

алуы  үшін  оның  ажырамас  бҿлігі  физикалық  есептерді  шығарып 

машықтануы  керек  [1].  Физикалық  есеп  –  бұл  оқушылардан  физика 

бойынша білім ҽдістеріне негізделген ойлау мен практикалық ҽрекеттерді 

талап  ететін  ситуация.  Физикалық  есептерді  шешуді  ҽр  оқытушы  немесе 

ізденуші  ҿз  тҽжірибесінен,  оқыту  ҽдісі  мен  бар  шеберлігін  қолдана 

отырып,  оқушы  санасына  жеткізуге  тырысады.  Қазіргі  кезде  арнайы 

ҽдістер жҽне есеп шығару тҽсілдері бар. Есеп шығарудың ҿзі кҿп ізденісті 

талап  еткендіктен  ең  тиімдісі  физикалық  есептердің  түрлеріне    қарай 

шешу, алгоритмдерін жасау болып табылады. Алгоритм есепті ҽрі түсінікті 

жолмен шығаруға кҿмегін тигізеді [2]. Орта мектепте кҿптеген физикалық 

есептер  қарапайым  формулалардың  кҿмегімен  шығарылады,  ҿйткені 

олардың  кҿпшілігі  нақты  жағдайдан  алшақ  болады.  Оқушылардың 

физикалық  құбылыстарды  тереңірек  түсінуі  үшін,  сонымен  бірге  пҽнге 

деген қызығушылығы арту үшін нақты ҿмірге жақын есептерді шығартқан 

жҿн.  Ҿмірдегі  нақты  жағдайға  берілген  бірде-бір  есеп,  сондай-ақ  үйкеліс 

күші  ескерілген  бірқалыпты  қозғалыс  динамикасының  есептерінде 

аналитикалық  жолмен  шешу  мүмкін  емес.  Қазіргі  уақытта  мектептерде 

компьютерлердің  кеңінен  қолданылуына  байланысты  тек  есептеу 


310 

 

техникасының кҿмегімен ғана шығарылатын есептерді шығару мүмкіндігі 



пайда болды.   Яғни аналитикалық жолмен шешуге болмайтын есептердің  

жуық  теңдеулері  сандық  ҽдіспен  алынып  одан  кейін  компьютердің 

кҿмегімен оңай шығарылады [3,4]. Ондай есептерге келесілер жатады: 

1.

 



Бір формуланың кҿмегімен бірнеше рет есептеуді қажет ететін есептер. 

Ҽсіресе график салатын есептер. 

2.

 

Шешу  барысында  жоғары  дҽрежелі  теңдеулер  немесе  трансценденттік 



теңдеулер кездесетін сандық ҽдіспен оңай шешілетін есептер. 

3.

 



Функциялардың экстремумдарын табу ұсынылып, ал оны аналитикалық 

жолмен табуға болмайтын есептер. 

4.

 

Тек сандық ҽдістермен шешуге болатын анықталған интегралды табуға 



арналған есептер. 

5.

 



Дифференциалдық  теңдеулерге  келтірілген  есептер.  Шешімі  сандық 

ҽдісті қолдану арқылы табылады. 

6.

 

Теңдеулер жүйесін шешуге арналған есептер. 



Оқушылар  жоғарыда  аталған  есептерді  компьютердің  кҿмегімен 

шығаратын  болса,  біріншіден  олардың  физикалық  процестердің  нақты 

жағдайда    қалай  ҿтетіндігімен  танысады,  екіншіден  физикалық 

құбылыстар  жҿніндегі  білім  тереңдей  түседі,  үшіншіден  компьютерлік 

бағдарламалау  элементтерімен  танысады,  тҿртіншіден  оқушылар  ҿте 

қуатты  ―барлығы  қолынан  келетін‖  сандық  ҽдістердің  негізгі  идеаларын 

түсініп  олардың  есеп  шығаруға  деген  қызығушылығы  артып 

компьютердегі  есептеу  жолдарын  жетілдіреді.   9-11  сыныптарға  арналған 

А.П.Рымкевичтің 

 

физикалық 



есептер 

жинағында 

келтірілген 

компьютердің  кҿмегімен  шығаруға  араналған  есептер  бір  формуланың 

кҿмегімен бірнеше рет есептеуді қажет ететін есептер болып келеді.  

Мысалы:  Есеп - № 77(ПРГ) [6]Троллейбус уақыттың ішінде жол 

жүрді. Бастапқы жылдамдығы v

0

-гe тең болса, жүрген жолдьщ аяғында ол 

кандай жылдамдыққа ие болды жҽне қандай а үдеумен козғалды? 

 

№ 







S, м 

120 


120 

120 


120  52 

t,c 

10 


12 

18 


24 

7,1 


v

0

м/с  10 

10 


10 

10 


6,3 

 

Шешуі.  Бағдарлама  құруға  арналаған  есептерді  шығару  үшін  ҽуелі 

есептің  шартында  берілген  барлық  физикалық  тұрақтылар  мен 

шамалардың мҽндері жҽне ізделіп отырған шамалар енгізілген кесте құрып 

алу  керек.  Берілген  шамаларды  машина  жадына  енгізу  тҽртібіне  сай  етіп 

кестенің  графаларына  толтырған  жҿн,  ал  ізделіп  отырған  шамаларды 

олардың шығарылу ретіне қарай толтыру керек. 



t

s

2

0





 бұдан  


0

2





t

s

 


311 

 

t



a

0







Компьютерлік  бағдарлама.  Бағдарлама  құру  үшін  мынадай 

аламастырулар жасаймыз: 

.

,

,



,

,

0



0

A

a

T

t

S

s

V

V





 



10 PRINT ―BIRKALIPTI KOZGALIS‖ 

20 DIM S(4), T(4), V0(4), V(4), A(4) 

30 DATA  120, 10, 10, 120, 12, 10,120, 18, 10, 120, 24, 10, 52, 7.1, 6.3 

40 FOR I=0 TO 4 

50 READ S(I), T(I), V0(I) 

60 V(I)=2*S(I)/T(I)-V0(I) 

70 A(I)=(V(I)-V0(I))/T(I) 

80 PRINT ―S(I)=‖;S(I), ―T(I)=‖;T(I), ―V0(I)=‖;V0(I), ―V(I)=‖; V(I), 

―A(I)=‖; A(I) 

90 NEXT I 

100 END 

Еркін құлаған дененің қозғалысына берілген есепті қарастырайық: 

Еркін құлаған дененің ҽр секундтағы орнын табыңдар (құлау басталғаннан 

кейін 20 секундқа дейін). 



Шешуі. Еркін құлаған кезде жол мынаған тең: 

2

2



gt

s



Компьютерлік бағдарлама.  

1 PRINT ―Еркін құлау‖ 

10 G=9,81 

20 Т=0 


30 Т1=1 

40 FOR І=0 TO 20 

50 PRINT G*T^2/2 

60 T=T+T1 

        70 NEXT I 

80 END 


Еркін құлаған дененің жолының уақытқа тҽуелділік графигін салу 

үшін келесі түрдегі бағдарлама құрылады.  

1 PRINT ―Еркін құлау графигі‖ 

10 SCREEN 2 

20 G=9,81 

30 Т=0 


40 Т1=1 

50 LINE (0,0)-(0,360), 8 

60 LINE (0,190)-(600,190), 8 

70 FOR T=0 TO 20 STEP .1 

80  S=G*T^2/2 

90 PSET (T*10, 190-S/10), 8 

        100 NEXT  T 

110 END 


312 

 

Егер  еркін  құлаған  дененің  қозғалысын  қарастырған  кезде  ауаның 



кедергі  күшін  ескеретін  болса,  есепті  аналитикалық  жолмен  шешу  ҿте 

қиын  болады.  Ондай  жағдайда  қозғалыстың  дифференциалдық  теңдеуін 

жазып  алып,  оның  шешімін  сандық  ҽдістерді  қолданып  тапқан  жҿн. 

Сандық  ҽдістерді  қолданған  кезде  есептеу  ҿте  кҿп  уақытты  алады.  Оны 

жеңілдету  есептеуді  компьютердің  кҿмегімен  жүргізу  қажет.  Мысалы 

қарастырайық:  Массасы  М=70  кг  дене  ауада  үлкен  биіктіктен  құлайды. 

Денеге 

3

*



*



B

A

F

уйк



 ауаның кедергі күші  ҽсер етсін. Мұндағы А жҽне 

В  коэфициенттер  сҽйкесінше 



ì

c

H

A

/

*



5



3

3

2



/

*

10



м

с

Н

В



  болсын. 

Дененің  жылдамдығының  уақытқа  тҽуелділігін  табыңдар.  Графигін 

салыңдар. 

Шешуі. Ауада құлаған дененің қозғалыс теңдеуі келесі түрде болады            

)

*



*

(

3



2

2





B

A

mg

dt

x

d

M



Оны тҿмендегі түрге келтіреміз   





dt



dx

, екендігін ескерсек теңдеу келесі түрге келеді:  



M

B

A

mg

dt

d

/

)



*

*

(



3





Бұл  теңдеуді  сандық  ҽдіспен  шешкен  кезде  оның  жуық  шешімі  келесі 



түрде болады:  

t

x

x

n

n

n





1

 





t

m

B

A

g

n

n

n





/

)



*

*

(



3

1





 

t

t

t

n

n



1



 

Компьютерлік бағдарлама: 

10 PRINT ―Ауада құлау‖ 

15 SCREEN 2 

16 T=0 


20 V=0 

30 X=0 


40 A=5 

50 B=1E-02 

60 M=70 

70 G=9.81 

80 T1=.1 

90 FOR J=1 TO 15 

 

100 FOR I=1 TO 10 



110 Z=G-(A*V+B*V^3)/M 

120 V=V+Z*T1 

130 X=X+V*T1 

140 T=T+T1 

150 NEXT I 

160 LINE (0, 190) – (600, 190), 8 

170 LINE (0, 0) – (0, 360), 8 

180 PSET (T*30,190-V*5), 8 

190 NEXT J 

200 END 


Резюме 

 

В  статье  дана  компьютерная  программа  выполнения  нескольких  задач, 

акцентирирующая внимание на особенности выполнения задач по физике с помощью 

компьютера. 

Summary 

 


313 

 

In the article discusses how to solve physics tasks with a help of computer peculiarities, 



given computer program to decide several tasks. 

 

 



Пайдаланылған ҽдебиеттер 

 

1.  Э.В.Бурсиан  «Задачи  по  физике  для  компьютера»    Москва 



«просвещение» 1991 

2.  Құдайқұлов  М.,  Жаңабергенов  Қ.  Орта  мектепте  физиканы  оқыту 

ҽдістемесі. Алматы: Рауан, 1998. 

3. Гулд Х., Тобочник Я. Компьютерное моделирование в физике, М., Мир, 

1990 г. 

4. Р.Ф. Маликов. Практикум по компьютерному моделированию 

физических явлений и объектов. Уфа-2004. 

5. . Жақыпбекова Г.Т., Ҽділбекова Э.Т. «Сандық ҽдістер» Шымкент 2002ж. 

6. А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» Алматы 1998ж  

 



1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   80


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал