59
Магний мен темір тағамдармен шамадан тыс келсе, марганецтің
сіңімділігін тежейді және оның несеппен шығарылуын тездетеді.
Ересек сау адам үшін марганецке қажеттіліктің физиологиялық
деңгейі тәулігіне 2 мг құрайды. Бұл элементтің биомаркері - қан
сарысуындағы марганец деңгейі: нормасы - 9,1-12,7 нмоль/л.
Алиментарлық жетіспеушілігі теңгерімсіз парентеральды тамақтану
кезінде, сондай - ақ диетада фитаттар, оксалаттар, таниндер - оның сіңу
ингибиторлары және осы элементті тұтынудың жоғарылауы, мысалы, қант
диабеті және созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда мүмкін.
Марганецтің ағзаға шамадан тыс түсуі өндірістік жағдайда (негізінен
аэрозоль арқылы) байқалуы мүмкін, бұл манганоздың клиникалық
көрінісінің дамуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: