110
Алиментарлы токсикалық алейкияның негізгі клиникалық
көріністері: септикалық тонзиллит (бездердің, жұмсақ таңдайдың,
жұтқыншақтың артқы қабырғасының қабыну зақымдануы), геморрагиялық
бөртпелер, мұрын, ішек және жатырдан қан кетуі. Өлім 60% немесе одан
да көп болуы мүмкін.
Эрготизм.
Claviceps purpurea микроскопиялық саңырауқұлағының
қалдықтары (саңырауқұлақ тіндері) бар нан мен басқа
да дәнді дақылдарды
тұтынған кезде эрготизм ауруы дамиды. Ол басқа микотоксикоздардан
ерекшеленеді, өйткені бұл организмге микотоксиндердің ғана емес,
сонымен қатар саңырауқұлақ тіндерінің де енуіне байланысты. Алынған
микотоксиндердің санына байланысты эрготизм бірнеше формада жүруі
мүмкін. Құрысулық
форма бұлшықет гипертониясымен, жүйке жүйесінің
зақымдалуымен (сананың бұзылуы, галлюцинация), жүрек айнуымен,
құсумен, ішек коликімен сипатталады. Эрготизмнің гангренозды түрінде
перифериялық қан айналымының бұзылуы (әсіресе төменгі аяқ
аймағында), ишемияның, некроздың және гангренаның дамуы байқалады.
Уланудың аралас түрі де байқалуы мүмкін. Азық-түліктік астықтағы
эрготтардың құрамы 100 кг астыққа 5 мг
аспайтын деңгейде
регламенттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: