Бағалау туралы есепті жасау кезіндегі бағалаушының алдындағы міндеттер және бағалау туралы есеп.
Бағалау туралы есепті жасау кезінде бағалаушының алдында мынадай негізгі міндеттер тұр: біріншіден, талдау мен есептеулердің логикасын баяндау қажет; екіншіден, бағалаудың барлық маңызды сәттерін жазып алу; үшіншіден, есепті оның тұтынушысы қалаған жағдайда талдау мен есептеулерді қайталай алатындай етіп дайындау және бағалаушы жасаған қорытындыға келу керек.
Бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуі тиіс:
1) бағалаушының атауы (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) айқындалатын құнның түрі;
4) есептің жасалған күні және бағалау күні;
5) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері және сипаттамасы;
6) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау тәсілдері мен әдістері;
7) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары;
8) алу көзін көрсете отырып, бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын нақты деректер;
9) есептеу негіздемесі;
10) бағалау нәтижесі;
11) жүргізілген бағалаудың нәтижесін толық және бір мәнді түсіндіру үшін қажетті өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Бағалау туралы есеп нені қамтиды?
Бағалау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету.
Бағалау процесінде қолданылатын ақпарат сенімділік, нақтылық және толықтық бойынша келесі талаптарға сай болуы керек. Пайдаланылатын ақпарат объектіні сенімді түрде көрсетуі, бағалау мақсаттарына дәл сәйкес келуі және объектінің жұмыс істеуінің сыртқы жағдайларын кешенді түрде ескеруі қажет.Ақпаратты сыртқы және ішкі деп жіктеуге болады.
Сыртқы ақпарат аймақтағы, саладағы және тұтастай экономикадағы объектінің жұмыс істеу жағдайларын сипаттайды. Сыртқы ақпараттың көлемі мен сипаты бағалау мақсаттарына байланысты өзгереді. Ақпаратты оңтайлы көлемде және бағаланатын объектіге бағытталған пайдалану керек. Макроэкономикалық көрсеткіштер макроэкономикалық жағдайдың өзгеруі объектінің жұмысына қалай әсер ететіні туралы ақпаратты қамтиды және тұтастай экономикадағы инвестициялық климатты сипаттайды.