Групповое родительское собрание на тему: «Воспитание у детей младшего
дошкольного возраста самостоятельности в самообслуживании»
План подготовки и проведения собрания
1.
Посещение семьи. Цель: изучение условий, созданных в семье для
формирования у ребенка первых трудовых навыков (есть ли вешалка для одежды, висят
ли полотенца на уровне роста ребенка; где и как хранятся игрушки). При посещении
педагог отмечает особенности жилищных условий семьи.
В беседах с родителями выяснить: насколько самостоятелен ребенок в
самообслуживании; как в семье приучают ребенка к самостоятельности; все ли члены
семьи одинаково требуют от ребенка самостоятельности в самообслуживании; какие
трудности испытывают родители при воспитании у детей самостоятельности в
самообслуживании.
2.
Подготовка родителей к выступлению на собрании.
3.
Оформление стенда на тему « Я сам» (Под редакцией Н.Ф. Виноградовой «
Воспитателю о работе с семьей»- М., 1989. Стр 93 )
4.
Изучение методической литературы.
Буре Р.С., Островская Л.Ф. «Воспитатель и дети» - М., 1985.
Буре Р.С., Островская Л.Ф. «Учите детей трудиться»- М.,1983.
Нечаева В.Г. «Воспитание дошкольника в труде» - М., 1983.
Маркова Т.А. «Детский сад и семья» - М., 1986.
Групповое родительское собрание на тему «Воспитание у детей старшего
дошкольного возраста настойчивости и ответственности в труде»
План подготовки и проведения собрания:
1.
Наблюдения за детьми, беседы с родителями и детьми.
Прежде чем вести с родителями разговор о воспитании у детей настойчивости и
ответственности, педагог анализирует уровень развития этих качеств у детей старшей
группы. Наблюдая за ними, педагог выясняет:
может ли ребенок самостоятельно определять цель работы ( сказать, что
собирается сделать, для чего это нужно);
подбирает ли сам все необходимое для работы ( материалы, орудия труда), может
ли сказать, что и в какой последовательности будет делать;
572
самостоятельно ли выполняет необходимые действия;
как реагирует на трудности: встретив трудности, бросает работу; готов бросить,
но если получает от взрослого помощь, продолжает выполнять задание; при
затруднениях обращается за помощью, а если помощи не получает, то отказывается от
работы; пытается преодолеть трудности самостоятельно, если не справляется, то
обращается за помощью; пытается преодолеть трудности самостоятельно, упорно
стремится к достижению поставленной цели;
как относится к результатам труда: огорчен, смущен, если результат недостаточно
качественный, не удалось достичь поставленной цели ( низкое качество результата,
невыполнение задания переживаний у ребенка не вызывает).
Беседуя с детьми, педагог предлагает им следующие вопросы:
Про какого человека можно сказать, что он ответственный человек?
Какого человека можно назвать настойчивым?
Есть ли в нашей группе ребята, про которых можно сказать, что они
настойчивые, ответственные? Почему вы считаете их такими?
Обращаясь к ребенку, воспитатель спрашивает: « Представь, что ты убираешь в
группе игрушки, а в это время за тобой пришла мама. Как ты поступишь?»
Более полные и объективные характеристики детей складываются у педагога
после бесед с родителями, которым задаются вопросы о том, как они оценивают
уровень развития настойчивости и ответственности у своих детей, как относятся к
участию ребенка в хозяйственно - бытовом труде семьи, как этот труд организуют,
какие при этом испытывают трудности.
2.
Подготовка сообщения воспитателя на собрании.
3.
Оформление стенда на тему « В труде воспитывается воля».
4.
Изучение методической литературы.
Буре Р.С., Година Г.Н. «Учите детей трудиться» - М., 1983.
Буре Р.С. «Готовим детей к школе» - М., 1987.
«Воспитание дошкольника в труде» \ Под ред . В.Г. Нечаевой.- М., 1983.
«Детский сад и семья» \ Под ред. Т.А. Марковой.- М., 1986.
Кононко Е.Л. «Я сам»- Киев, 1983.
Список используемой литературы:
1.
«Зерек бала» Программа воспитания и обучения детей младшего
дошкольного возраста (от 3 до 5 лет) Астана 2009.
2.
Буре Р.С., Островская Л.Ф. «Воспитатель и дети». – М., 1985.
3.
Буре Р.С., Островская Л.Ф. , «Учите детей трудиться». – М.,1983.
4.
« Детский сад и семья» \ Под ред. Т.А. Марковой.- М., 1986.
5.
«Воспитателю о работе с семьей» / Под ред, Н.Ф. Виноградовой.- М., 1989.
6.
Буре Р.С., Година Г.Н. «Учите детей трудиться».- М., 1983.
7.
Буре Р.С., «Готовим детей к школе».- М., 1987.
8.
«Детский сад и семья» / Под ред. Т.А. Марковой.- М., 1986.
9.
Кононко Е.Л. «Я сам».- Киев, 1983.
573
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІГІ
п.ғ.к., доцент: Бейсенбекова Г.Б., 2-курс магистранты: Казанғапова С.О.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласы
Заманауи жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы тәрбиеші
қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлау мәселесі алға қойылса, ҚР білім беруді
дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «баршаға
бірдей сапалы білімге қол жеткізу үшін коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті
дамыту», – деп көрсетілді[1]. Қазақстан білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне
енуге деген талпынысы, білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа ұлттық модельдің
қалыптасуы болашақтың жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы
дамыған ұрпағын оқытып, тәрбиелейтін педагогикалық кадрларды дайындау сапасын
арттырудың қажеттігі заңды құбылыс. Соған орай, білім берудің негізгі мақсаты –
еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын,
құзыретті тұлғаның қалыптасыру[2].
Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен,
адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық
қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан
кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады.
Кәсіби құзіреттілікті анықтау туралы мәселе педагог, философ, физиологтардың,
арасында пікір қайшылықтары мен жаңа ойлар тудыруда. Тұлғаның кәсіби процесін көп
жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады.
Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер,
В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың
кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады.
Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар
кәсіби құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде
қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген
қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге
талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Д.Л.Томпсон, Д.Пристли
кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары моралдық нормалар мен
педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде анықтайды[3].
Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның
мәселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің
қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім,
білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның
қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың
жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің,
кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.
Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті
қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас
мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім
кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
574
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
«құзыреттілік», «құзырет» терминдері, біздің еліміздің білім беру жүйесіне яғни, жаңа
білім стандарты ұстанған басты бағыт болып ене бастады. Мұндай аса жауапты білім
деңгейіне жету үшін оқу-тәрбие үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, ортада қарым-
қатынасқа түсе алатын коммуникативті құзыреттілігі қалыптасқан тәрбиеші
мамандарды даярлау міндеті тұр.
«Құзыреттілік» терминінің мәніне филологиялық тұрғыдан келсек онда, «Қазақ
тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» «құзыр» ұғымына «қайсыбір
тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деген анықтама
берілсе[51] С.И. Ожегов сөздігінде «құзыреттілік – белгілі бір мәселені жан-жақты
білу» дейді[4].
«Шет тілдері сөздігі» «құзыретті» түсінігіне «құзырларға – қызметтік өкілеттікке
ие» деген анықтама берген[53]. Ал жалпы педагогикалық әдебиеттерде «құзыреттілік»
аясында білім алушылардың мына негізде әрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті
түсіндіріледі:
нәтижесі – білімдер болып табылатын танымдық іс-әрекет тәжірибесі;
нәтижесі іскерліктер түрінде болатын іс-әрекет тәсілдерін іске асыру
тәжірибесі;
нәтижесі проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып
табылатын
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі.
Бізге педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді талдау кезінде құзыреттіліктің
түрлі мағыналық деңгейде қолданғанын көріміз. Оны ғалымдар былай жіктеп
қарастырады: субъектінің қоғамдық-практикалық тәжірибесінің қалыптасқандығы
деңгейі (Ю. Н. Емельянов); қызметтік талаптарды іске асырудың адекваттылығы (Л. И.
Анциферова); белсенділіктің арнайы және дара формаларын меңгергендігі деңгейі (Л.
П. Урванцев, Н. В. Яковлев).
Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай біз, оның
кең мағыналылығына көз жеткіземіз. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең
сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды[55].
Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы – маманда кәсіби іс-әрекетті
атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай
кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады. Демек, «құзыреттілік» және
«құзыреттілік тұғыры» ұғымы туралы әр қилы анықтамаларды Шет ел, Ресей және
Қазақстандық ғалымдар берген болатын.
Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай біз, оның
кең мағыналылығына көз жеткіземіз. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең
сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды[55].
Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы – маманда кәсіби іс-әрекетті
атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай
кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады. Демек, «құзыреттілік» және
«құзыреттілік тұғыры» ұғымы туралы әр қилы анықтамаларды Шет ел, Ресей және
Қазақстандық ғалымдар берген болатын, ол кесте 1 берілген.
575
№
Ғалымдар
Анықтама
1
Аронов
А.М.
Құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы
2
Аганина
К.Ж.
Құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты
«өзінің ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа
жетуде іске асыра алуы
3
Голуб Г.Б.
Құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар
іс-әрекеті жатыр, іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі, ал
құзыреттілік бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-
әрекеті.
4
Давыдов
В.В.,
Дударева
Э.А
Құзыреттіліктің көрсеткіші рефлексияның болуы.
5
Кенжебеков
Б.Т.
Кәсіби құзіреттілік – бұл кіріктірілген іргелі білімдер,
адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің,
оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны
жоғары
деңгейде
меңгеруінің,
мәдениеті
мен
шеберлігінің,
ұйымдастырудағы
шығармашылық
әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды
қамтиды. Бірақ, бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту
нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушы-лардың
шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдар-ларының жүйесін де
көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде күнделікті
өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу
қабілеттілігі. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен,
оқытудағы құ-зыреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз
етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын
бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзырет» және
«құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің
мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Дегенменде педагогикалық әдебиеттерде құзыреттіліктің келесідей түрлері
кездеседі:
түрлі ақпарат көздерінен білімдер алу тәсілдерін меңгеруге негізделген
өзіндік танымдық
іс-әрекет саласындағы құзыреттілік;
азаматтық-қоғамдық іс-әрекет саласындағы құзыреттілік (азамат,
сайлаушы, тұтынушы
ролін орындау);
әлеуметтік-еңбек іс-әрекеті саласындағы құзыреттілік (өзінің кәсіби
мүмкіндіктерін
бағалай алу, өзін-өзі ұйымдастыру дағдылары т.б.);
576
тұрмыстық саладағы құзыреттілік;
мәдени-демалыс саласындағы құзыреттілік (бос уақытты тұлғалық
сұраныстарға жауап
беретін талаптарға сай ұйымдастыра алу)[5].
Білім беру мазмұнында түсініктердің, іс-әрекет тәсілдерінің және жеке позицияның
көрініс табуы тәжірибесінің кіріктірілуі білім алушының өзіндік іс-әрекет тәжірибесін
тәрбиешімен бірлескен шығармашылық іс-әрекетте жүргізіледі. Бұл жерде
құзыреттілік оқыту нәтижесі бола отырып, одан тікелей шықпайды, керісінше,
индивидтің өзіндік дамуының, тұлғалық және іс-әрекеттік тәжірибені қорытудың
салдары болып табылады[6].
Жаңа сапаға қол жеткізу үшін берілетін білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың
санын көбейту шарт емес. Бұл жерде тек берілетін білім көлемін ұлғайту арқылы
жоғары сапаға қол жеткізу мүмкін болмайтындығын айта кету керек. Егер біз сапаға сан
арқылы қол жеткізу жолымен жүретін болсақ, онда тиісінше қалыптастырылатын
құзыреттіліктердің саны да шекіз болып шыға келеді. Бұл өз кезегінде оларды шын
мәнінде қалыптастыруды қиындатып, білім беруге құзыреттілік тұрғыдан келудің мәнін
жояды. Сондықтан негізгі немесе басым құзыреттіліктерді іздеу барысында кілттік
(базалық) құзыреттіліктер түсінігі қолданылады.
Kілттік (базалық) құзыреттіліктер дегеніміз – неғұрлым спецификалық құзырлар
қалыптастыруға негіз болатын кең спектрлі әмбебап құзыреттіліктер.
Э.Ф. Зеер кілттік құзыреттіліктердің мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетеді.
олар көпфункционалды (құзыреттіліктерді меңгеру күнделікті, кәсіби және
әлеуметтік
салаларда проблемалық жағдаяттарды шешуге мүмкіндік берген жағдайда олар
кілттік болып табылады).
кілттік құзыреттіліктер пәнді меңгеруден тыс және пәнаралық болып табылады.
кілттік құзыреттіліктерді қалыптастыру интеллектуалды дамудың белгілі бір
деңгейіне
сүйенеді (абстрактілі, сыни ойлау, өзіндік рефлексия және т.б.).
кілттік құзыреттіліктер көпжақты, яғни олар өзінің құрамында түрлі тұлғалық
қасиеттерді,
интеллектуалдық қабілеттерді, коммуникативті іскерліктерді қамтиды.
«Кілттік құзырлар» термині алғаш рет 1992 жылы «Еуропадағы орта білім беру»
деп аталатын Eуропалық Кеңестің жобасында қолданылды, бұл дүниежүзілік білім беру
процесінің нәтижелік компонентін жаңа жағдайда, басқа тұрғыда қарастыруға
мүмкіндік берді. Кейінірек, 1996 жылы «Еуропа үшін кілттік құзыреттіліктер» деген
атпен Еуропа Кеңесі өткізген симпозиумде төмендегідей бес кілттік құзырлары бөліп
көрсетілді:
саяси және әлеуметтік құзырлар (өзіне жауапкершілік алу, бірігіп шешім
қабылдауға
қатысу, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қабілеттері);
көп мәдениетті қоғамда өмір сүруге байланысты құзырлар (толеранттылық–
айырмашылықтарды қабылдай алу, басқаларды құрметтеу, басқа мәдениет, тіл,
діндер өкілдерімен өзара қатынас жасай алу қабілеттері);
577
басқа тілде жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасай алуға байланысты
құзырлар;
ақпараттық қоғамның пайда болуына байланысты құзырлар (жаңа
технологияларды
меңгеру, оларды пайдалану мүмкіндіктерін түсіну, бұқаралық ақпарат құралдары
және жарнама тарататын ақпаратқа сын тұрғысынан қатынас);
кәсіби даярлық контексінде өмір бойы білім алуға қабілеттілік, білім алудың
үздіксіздігін
түсіну.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика
үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық
іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және
педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық
шеберліктің негіздері қаланады.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды,
педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын
педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.
Ғалымдар оқу орнын бітірушілердің құзыреттіліктерінің құрылысын жалпы
кәсіби құзыреттілік, арнайы кәсіби құзыреттілік деп бөліп саралайды Жалпы кәсіби
құзыреттілік студенттің жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен мамандығының
дайындығы арқылы анықталады. Сонымен бірге құзыреттіліктің бұл түріне студенттің
ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және
педагогикалық қызметі жатады.
Арнайы кәсіби құзыреттілік бітірушінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіби
қызметті атқарудағы дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады. Олардың
мазмұны мемлекеттік классификациялармен анықталады.Е.А.Климов мамандық
бойынша байланысты былайша жіктейді: адам – адам; адам – белгілер жүйесі; адам –
көркем бейне; адам – техника; адам – табиғат.
Ал кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және
интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет,
оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты);
экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей
және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу
қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.
Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік
дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың
педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі
туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі;
маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым
жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына
бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде
туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.
578
Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының,
басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.
Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу
мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін
көрсете білуі, рефлексия, іс-әрекетінің бағасы енеді. Іс-әрекеттің негізгі факторы –
ізгілік, құндылық болып табылады.
Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру,
қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау
қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға
болады[6].
Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін
қалыптастырудың мазызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі
білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және
эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық
бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Сондықтан маманның кәсіби құзыреттілігінің арнайы, әлеуметтік және
тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Арнайы - өзінің мамандығына сәйкес білімі,
біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін
бағалау, біліктілігінің болуы. Әлеуметтік–тіл туралы білімінің, коммуникативті
мәдениетінің, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-әрекетінің
нәтижесіне, қоршаған ортаға дайындығының болуы. Тұлғалық - өзін-өзі тану бойынша
біліктілік, дағдысын жетілдіруге кәсіби іс-әрекет тұлғаның дамуына дайындығының
болуы. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті
күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен
дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың
қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер
тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін
айқындайды.
Қорытындылай келе, білім саласындағы қызмет атқаратын педагогтардың
талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған
алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің
қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға
жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – балалардың өз
бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда
әрбір мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі білім стандарты талабына сәйкес
инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000488_Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен
және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан"
бағдарламасын бекіту туралы.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы//Егемен Қазақстан. – 2007. –
Б. 3-4.– 15тамыз.
579
3.Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл.докт....автореф.: 21.05.05. - Қарағанды:
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. - 40 б.
4.Ожегов С.И. Словарь русского языка. – Москва: Русский язык, 1986. - 797с.
5.Бейсенбекова Г.Б. Николаева В.В. Қазнғапова С.Ө. Жаңа формациядағы
тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Қазақстандағы және әлемдегі
мектепке дейінгі білім беру: тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы халық.аралық
ғыл.прак. конференция материалдары жинағы. Алматы, Қыздар университеті. 7-8
қараша 2014ж. - Б.- 474- 476
6.Барсай Б.Т. Құзыреттілік – педагогтің кәсіби дайындығының маңызды сапасы
//Білім-
Образование. - Алматы, 2008. -№ 1.- Б.41.
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ - НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ.
Казангапова С.О.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Казангапова М.О.
№8 ЖОБМ, Балқаш қаласы.
Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің
жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде
жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден
тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің
барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің
мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген
үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша
технологиясын меңгерудің өзі педагогтың шығармашылықты талап етеді. Ал
шығармашылықпен жұмыс жасау үшін тәрбиеші өзінің кәсіби біліктілігін арттырып
отыруы қажет. Тәрбиешінің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр
деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің
ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы тәрбиеші өзінің білімін, жалпы дүниетанымын
кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық–педогогикалық,
сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен
білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі
және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын
өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Сол кезде ғана
тәрбиешінің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі
дамытуға деген қажеттілік туады[1].
Дамыған елдердің білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
«құзыреттілік», «құзырет» терминдері, біздің еліміздің білім беру жүйесіне яғни, жаңа
580
білім стандарты ұстанған басты бағыт болып ене бастады. Мұндай аса жауапты білім
деңгейіне жету үшін оқу-тәрбие үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, ортада қарым-
қатынасқа түсе алатын коммуникативті құзыреттілігі қалыптасқан тәрбиеші
мамандарды даярлау міндеті тұр.
Осыған орай, соңғы кезде оқу және тәрбие беру үдерісінде олардың
коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі алға қойылды.
Арнайы психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдай келе біз, құзыреттілік
теориясы Ю.В.Койнов, В.В. Сериков, Дж.Равен және т.б. еңбектерінде негізделген.
Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-
тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылғанын көреміз. Ал, Қазақстанда кәсіби
құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілерін
Ш.Х.Құрманалина, Б.Т.Кенжебеков, Г.Ж.Меңлібекова, Б.Қасқатаева, С.Т.Каргин т.б.
ғалымдар зерттегенін аңғарамыз[2].
«Құзыреттілік» терминінің мәніне филологиялық тұрғыдан келсек онда, «Қазақ
тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде» «құзыр» ұғымына «қайсыбір
тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деген анықтама берілсе,
С.И. Ожегов сөздігінде «құзыреттілік – белгілі бір мәселені жан-жақты білу» дейді[3].
«Шет тілдері сөздігі» «құзыретті» түсінігіне «құзырларға – қызметтік өкілеттікке
ие» деген анықтама берген. Ал жалпы педагогикалық әдебиеттерде «құзыреттілік»
аясында білім алушылардың мына негізде әрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті
түсіндіріледі:
нәтижесі – білімдер болып табылатын танымдық іс-әрекет тәжірибесі;
нәтижесі іскерліктер түрінде болатын іс-әрекет тәсілдерін іске асыру тәжірибесі;
нәтижесі проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып
табылатын шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі[4].
Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай біз, оның
кең мағыналылығына көз жеткіземіз. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең
сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды[55].
Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы – маманда кәсіби іс-әрекетті
атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай
кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады. Демек, «құзыреттілік» және
«құзыреттілік тұғыры» ұғымы туралы әр қилы анықтамаларды Шет ел, Ресей және
Қазақстандық ғалымдар берген болатын, ол кесте 1 берілген.
№ Ғалымдар
Анықтама
1 Аронов А.М.
Құзыреттілікті белгілі бір әрекетке даярлығы
2 Аганина К.Ж.
Құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты «өзінің
ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа жетуде
іске асыра алуы
3 Голуб Г.Б.
Құзыреттілік тұғырда оқушының белгілі бір өнімі бар іс-
әрекеті жатыр, іс-әрекет ойлау әрекетінің бөлігі, ал
құзыреттілік бұл іс-әрекеттің жіктелген субъектіленген іс-
әрекеті.
581
4 Давыдов В.В.,
Дударева Э.А
Құзыреттіліктің көрсеткіші рефлексияның болуы.
5 Кенжебеков
Б.Т.
Кәсіби құзіреттілік – бұл кіріктірілген іргелі білімдер,
адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің,
оның кәсіби маңызды сапаларының, технологияны
жоғары
деңгейде
меңгеруінің,
мәдениеті
мен
шеберлігінің,
ұйымдастырудағы
шығармашылық
әрекетінің, өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі
Құзыреттілікке берілген анықтамалардың әртүрлілігі мен көптігіне қарай біз, оның
кең мағыналылығына көз жеткіземіз. Солай бола тұра бұл ұғымды неғұрлым кең
сипаттаған ғалымдар Н. Ф. Талызина, Р. Х. Шакуров, А. И. Щербаковтар т.б. болды.
Олардың пікірінше, құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы – маманда кәсіби іс-әрекетті
атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тәжірибенің бірыңғай
кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады[5].
Жаңа сапаға қол жеткізу үшін берілетін білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың
санын көбейту шарт емес. Бұл жерде тек берілетін білім көлемін ұлғайту арқылы
жоғары сапаға қол жеткізу мүмкін болмайтындығын айта кету керек. Егер біз сапаға сан
арқылы қол жеткізу жолымен жүретін болсақ, онда тиісінше қалыптастырылатын
құзыреттіліктердің саны да шекіз болып шыға келеді. Бұл өз кезегінде оларды шын
мәнінде қалыптастыруды қиындатып, білім беруге құзыреттілік тұрғыдан келудің мәнін
жояды. Сондықтан негізгі немесе басым құзыреттіліктерді іздеу барысында кілттік
(базалық) құзыреттіліктер түсінігі қолданылады.
Мектепке дейінгі тәрбиешінің басты рөлі – баланың жеке дамуына негізделген,
жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау,
нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық
мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы білім берудің
жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден тәрбиешілердің кәсіби
біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал тәрбиешілерден негізгі кәсіби
құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту
түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып, елімізде білім
берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған
елдерінің (Жапония, Германия, Чехия) тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты-
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі
мен дағдысы емес, тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай,
бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді
шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек
сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың
компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге
жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі.
•Әр педагог оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған
әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек.
•Мектепке дейінгі мекеме тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.
582
•Мектепке дейінгі ұйым жұмысын бақылау – басшылық жұмыстарын
жандандыру, себебі бұл баланың білім сапасының деңгейін анықтап, педагогтың
жеке жауапкершілігін көтереді.
•Мектепке дейінгі мекеменің материалдық базасын нығайту.
•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару. Оқыту
деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.
Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары педагог ғана
жүзеге асырмақ.
Қорытындылай келе, білім саласындағы қызмет атқаратын педагогтардың талабы
таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын,
оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген
сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді,
жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – балалардың өз бетінше білім
алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мектепке
дейінгі ұйым тәрбиешісі білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек
етуге тиісті.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. – 2007.
– Б. 3-4. – 15 тамыз.
2.
Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл.докт....автореф.: 21.05.05. - Қарағанды:
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. - 40 б.
3.
Ожегов С.И. Словарь русского языка. – Москва: Русский язык, 1986. - 797с.
4.
Словарь иностранных слов. - 18 изд. - Москва.: Русский язык, 1989. - С.624.
5.
Бейсенбекова Г.Б. Николаева В.В. Қазнғапова С.Ө. Жаңа формациядағы
тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Қазақстандағы және әлемдегі
мектепке дейінгі білім беру: тәжірибе, қазіргі жағдайы және болашағы халық.аралық
ғыл.прак. конференция материалдары жинағы. Алматы, Қыздар университеті. 7-8
қараша 2014ж. - Б.- 474- 476
Достарыңызбен бөлісу: |