Басқару психологиясының пәні және оның мақсат-міндеттері Басқару психологиясы


Тиімді коммуникация ұғымы және кәсіби қызметінде қолдану



бет27/32
Дата24.04.2023
өлшемі1,22 Mb.
#86440
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Бас ару психологиясыны п ні ж не оны ма сат-міндеттері Бас ару

75. Тиімді коммуникация ұғымы және кәсіби қызметінде қолдану

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп 


адамдардың өзара түсінусуге негізделген байланысты, бір-бірінен ақпарат, 
мәліметтер алмасуы. Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және 
шешім қабылдау үшін біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға 
арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау 
қызметтерін отындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты.
Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушысы процесі болып 
табылады. Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-
қатынас – орнатуы қажет. Шет ел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-
қатынас – проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді 
жұмыс істейтін басшылар- бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. 
Ұйым ішінде, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары 
үшін де, сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі адамдарды 
пайдаланады. Сыртқы орта арқылы пайда болатын алуан түрлі проблемаларға 
байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы 
келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары, есептері, бейнетаспалар т.б. 
жасалады. Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, 
басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, 
әрі басшыға топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Кез-келген 
басқарушының негізгі міндеті: ұйым бекіткен мақсаттарға жету үшін барлық 
қажетті шараларды қолдану болып табылады. Қай ұйымның басшысы болсын, 
ол шешімді тиімді қабылдау үшін, әртүрлі деректерден алынған дәл ақпаратпен 
қамтамасыз етілуі тиіс. Басқарушы жүктейтін коммуникациялық процестер 
басқарушы, қол астындағы адамдар, әріптестері және қоршаған сыртқы орта 
арасындағы маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Ақпаратты 
нақты тұтынушылар оны дұрыс түсініп, оның потенциалды пайдалылығын 
түсінетіндей етіп беру маңызды міндет болып табылады. Бұл өте маңызды 
талап, өйткені: ең құнды ақпарат пайдасыз боп қалуы мүмкін, егер де 
тұтынушы оның дәл мәнін жете түсінбесе. Басқарудың табыстылығы көбінесе 
коммунациялық процестерді дұрыс құруға байланысты. Коммуникация 
теориясын қолдану басқаруды ұйымдастыруға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. 
Коммуникацияның классикалық теориясын К.Шеннон жете зерттеген болатын 
және кейбір түр өзгертулерімен қазір ғылым мен техниканың көптеген 
салаларында қолданылады. Коммуникация объект және оқиғаға сәйкес жалпы 
немесе ішінара ақпаратты алу үшін сөзді, әріптерді, символдарды немесе 
соларға үйлес құралдарды пайдалану болып анықталуы мүмкін. Мұндай 
анықтама беруде коммуникацияның үш аспектісіне ерекше көңіл аударылады. 
Бірінші - кейбір адамдар сөздерді, әріптерді және символдарды басқа 
адамдармен өзара қатынасқанда пайдаланады. Екінші - объектілер туралы 
жалпы немесе ішінара ақпарат алудың маңызы өте жоғары. Үшінші - 
коммуникацияда екі немесе одан да көп адамдар қатысуы мүмкін. 
«Коммуникация» латынның «communis» - «ортақ» деген мағынаны білдіретін 
сөзінен шыққан. Жіберуші (басқарушы) басқа біреумен (бағынышты адаммен, 
жоғары тұрған тұлғамен, әріптесімен) қарым-қатынас орнатуға тырысады. Ол 
ақпарат, қатынастар және идеяны ұғынуға ұмтылады. Коммуникацияны 
жетілдіру мақсатымен оны процесс модельдері ретінде зерттеу жүргізуге 
талаптандырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет