Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы


Сот-заң істеріне қатысты сөздер



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

Сот-заң істеріне қатысты сөздер
XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ  даласындағы  заң, 
сот  құрылысы  сол  тұстағы  саяси-әкімшілік  жағдайға  тікелей 
сәйкесті  болғаны  мәлім.  Мамандардың  зерттеулеріне  қара- 
ғанда, бұл кезде Қазақстанда үш түрлі заң правосы қатарласа 
өмір сүрген: бірі – қазақтың байырғы әдет-ғұрпына негізделген 
право (уголовное, обычное право), екіншісі – Россия үкіметінің 
бүкіл империялық правосы, үшіншісі – ислам дінінің заң пра-
восы – шариғат
152
. Әрине, бұл үшеуінің арасалмағы мен халық 
өміріне  сіңісу  тарихы  (ертелі-кештігі)  бірдей  болған  жоқ. 
Қазақтың  өз  заңы  күнделікті  тұрмыстағы  қылмысты  істерді 
қарауға  қолданылса,  Россия  правосы  мемлекеттік  мәндегі 
қылмыстарды тексерді, ал ислам дініне және кейбір неке-се-
мья  қатынастарына  байланысты  қылмысты  істерді  шариғат 
бойынша  тексерді
153
.  Осыларға  орай  Абай  заманында  қазақ 
тілінде  осы  үш  правоның  үшеуінің  де  терминдері,  сөздері 
қатар қолданылды.
Бұлардың ішінде әріден келе жатқан қазақ өмірінде жиірек 
қолданылғаны – қазақтың өз заңы (әдет-ғұрып) болды. Көзін 
әріден – қазақ қоғамының тапқа жіктеле бастаған дәуірлерінен 
алып, ұзақ замандар бойы феодалдық қоғамның қондырмасы 
ретінде  қызмет  етіп  келе  жатқан  бұл  право  XIX  ғасырдың 
II  жартысында  күшін  жоймаған  болатын.  Сондықтан  бұл 
тұстағы қазақ әдеби тіліндегі заңға қатысты лексика тобының 
комақтысы осы правоның түрлі институттары мен ұғымдарына 
байланыстылары болды.
152
 Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. - Алма-Ата, 1955. - С. 101, 
121, 152;   Юридическая наука и образование в Казахской ССР за 30 лет и наши задачи 
// Известия АН КазССР. - Серия юрид. - 1948. - Вып.1. - С. 3.
153
 Сонда. - 83-б.

192
Ең  алдымен,  осы  правоның  қазақша  атауы  жайында. 
Орыстың  ғылыми  әдебиетінде  бұл  право  «обычное  право 
казахов»  (дәлірегі:  «уголовное  обычное  право  казахов»)  не-
месе  «адат»деп  аталып  келеді.  Ал  қазақша  бұл  ұғымның  бір  
сөзбен  аталатын  тұрақты  термині  болмаған.  Әдет,  қазақ- 
тың ескі әдеті, әдет-ғұрпы, жол деген сөздердің таза юрис- 
пруденциялық  термин  еместігін  заң  мамандары  да  атайды
154

Әдет, әдет-ғұрып сөздері тек заңға байланысты емес, жалпы 
салт-санадағы,  әлеуметтік  өмірдегі,  адам  баласы  қылығын- 
дағы дәстүрге айналған нормаларды білдіреді. Т.М.Құлтелеев 
бұрын қазақ тілінде заң сөзінің де қолданылғанын, ол сөздің 
«обычное право» деген ұғымды дәлірек беретінін айтады. Бірақ 
юристік ұғымдарды өте нәзік түсінген бұл тамаша зерттеуші 
заң сөзі қазақ қоғамының өзіне тән ертеден келе жатқан «обыч-
ное  право»  ғана  емес,  орыс  империясының  праволық  ереже- 
лері – законды да білдіргенін көрсетеді
155
. Шынында да, XIX 
ғасырда және одан әрі де заң сөзі «обычное право» дегенді ғана 
атайтын термин ретінде қолданылмаған. Абай: «От жақпаған 
үйінің  сұры  қашып,  Ыстан  қорыққан  қазақтың  құрсын  заңы  
(I,  71)  дегенде  заң  сөзін  тұрмыстағы  дәстүр,  әдет  деген 
сөздердің  синонимі  ретінде  ғана  пайдаланған.  Дегенмен  заң 
сөзін  «обычное  право»  деген  ұғымда  қолдану  да  жоқ  емес: 
Шығарған  төре  билеп  заң,өнеге.  Жоқ  жұмыс  шариғатта  ол 
немене (Әсет, 347). Сірә, бұлайша атау (заң, өнеге) қазақтың 
«обычное  правосын»  шариғат  (мұсылманның  правосы) 
ұғымынан ажырату үшін керек болған болар.
Қазақтың  әдет-ғұрып  правосы  –  өте  ертеден  келе  жатқан 
институт.  Бірақ  ол  еш  жерде  жазылып,  хатқа  түсірілмей, 
ұрпақтан  ұрпаққа  ауызша  тараған  да  оның  ережелері  «би-
лер  сөздері»  деп  аталатын  шешендік  сөздер,  мақалдар  мен 
мәтелдер  түрінде  сақталып  келген.  Зерттеушілердің  айтуына 
қарағанда, Тәуке хан (1680-1718) осы ережелерді жинаттырып, 
атақты  «Жеті  жарғы»  деп  аталатын  кодексін  жасаттырған. 
Абай  да  осыны  айтады:  [Әрбір  билікке  сайланған  кісі]...  Әз 
Тәуке  ханның  Күлтөбенің  басындағы  күнде  кеңес  болғанда 
«Жеті жарғысын» білмек керек (II, 161).
154
 Культелеев Т.М. Көрсетілген еңбек. - 85-б.
155
 Сонда. - 85-6.

193
Абай  заманында  қоса  өмір  сүрген  мұсылман  правосы 
шариғат  деп  аталған.  Бұл  право  қазақтың  өз  заңына  да, 
орыстың  законына  да  шатастырылмай  қолданылған.  Абай- 
дағы:  Балам  закон  білді  деп,  Қуанар  ата-анасы,  ойында  жоқ 
олардың Шариғатқа шаласы (I, 51) деуіне қарағанда, екі түрлі 
правоның  араларын  ашып  атаған.  Ал  үшінші  право  –  орыс 
империясының қылмыстық заңы ол кезде қазақ әдеби тілінде 
закон деп аталған. Мұны Абай да правоның қалған екі түрінен 
ажырату үшін закон деп атайды.
Енді  заң  саласындағы  басты-басты  ұғымдарды  білдіретін 
жеке сөздерді талдалық.
Би сөзі – ХІХ ғасырдың ІI жартысында нақтылы заң термині. 
Бұл сөздің терминдік мәні ертеректен келе жатса керек. Бірақ 
ол – әр кезеңде әртүрлі мәнге ие болып келген сөздердің бірі. 
Би сөзінің Абай тұсындағы білдіретін негізгі мағынасы – әрбір 
болыстыққа  сайланып  қойылған  заң  жүргізуші  адам,  яғни 
Абай сөзімен айтсақ, «әрбір болыс елде старшина басы бір би 
сайлану» (II, 
161).
Би сөзінің бұл жаңа лауазымды білдіретін мағынасы өткен 
ғасырдан  басталады.  Патша  үкіметінің  реформалары  бойын-
ша,  енді  қазақ  даласында  билер  сайланып  койылатын  және 
олардың  кандидатурасын  патша  администрациясы  бекітетін 
болған. Бұлар, шындығында, патша үкіметінің бұрынғы қазақ 
билерін  ығыстырып,  олардың  орнына  қазақ  арасынан  алып 
қойған тіл алғыш чиновниктері есепті болған
156
.
Сөйтіп, би сөзі бұл кездепатша администрациясы тарапы-
нан  сайланып  қойылатын  ресми  әкімшілік  лауазымның  ата-
уы ретінде қалыптаса бастайды. Ал оның бұрынғы мағынасы 
да қолданылудан қалмай, жарыса жүреді. Қазақтың Россияға 
қосылғанға  дейінгі  феодалдық  қоғамында  би  –  тек  үкім  шы- 
ғарушы  емес,  жергілікті  әкімшілік  органның  қызметін  атқа- 
рушы  да,  ауыл  ақсақалының  рөлін  атқарушы  да  болған
157

Ертеректегі қазақ қауымында би атағына ие болатындар ресми 
түрде  сайланбай,  халықтың  бірте-бірте  осылайша  тануымен 
156
 Фукс С. Некоторые моменты истории казахского права и «Описание киргизских 
обычаев» д Андре // Известия АН КазССР. - Серия юридическая. - 1948. - № 1. - С. 88.
157
 Құлтелеев Т.М. Көрсетілген еңбек. - 62-б.

194
болған
158
. Көптеген зерттеушілердің еңбектеріне қарағанда, би 
атану үшін қазақтың ата-баба әдет-ғұрып правосын, ғасырлар 
бойғы  қоғам  дәстүрін  жақсы  білетін,  әрі  тапқыр,  әрі  шешен 
адам  болуы  қажет  болған.  Яғни  бұл  правоның  статьялары 
мақалдар мен билер сөздері (шешендік сөздер) түрінде ауызша 
өмір сүріп келе жатқандықтан, би атанған адам осы правоны 
меңгеру үшін, сол мақалдар мен нақылдарды жақсы білумен 
қатар,  өзі  де  жазылмаған  статьялардың  жаңа  редақциясын 
жасай  алатындай  дәрежеде  тілді,  оның  әдеби-көркемдеу 
тәсілдерін  жақсы  меңгеруі  қажет  болған.  Істің  ақ-қарасын 
тексеріп,  үкім  айту  үшін,  заң  статьялары  есепті  мақалдарды, 
өзінен бұрынғы билер шумақтарын дәлелге келтіріп отырула-
ры және шарт болған. Сондықтан да Абайдың:
Биде тақпақ, мақал бар байқап қара (I, 69).
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап (I, 66).
Ескі бише отырман бос мақалдап (I, 67), –
деген жолдарында ақын өз тұсының билері емес, реформалар- 
ға  (1822,  1867-68  ж.)  дейінгі  қазақ  билерін  атап  түр.  Осыған 
орай, бұрынғы би атауының ішінде «шешен, тапқыр, ақылгөй, 
ел  басшысы»  деген  мағыналар  да  болғаны  байқалады.  Оны 
Абайдың өзі де айтып кетеді: «Ол заманда ел басы, топ басы 
деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды 
болса, билік оларда болады екен» (II, 211). Сөйтіп, бұрын би 
деп жалғыз заң адамын емес, жалпы ақылгөй адамды да атай-
тын болған. Бертін  келе билер ақылгөйліктен гөрі әкімшілік 
рөл атқара бастайды. Сөйтіп, Абай тұсына дейінгі кезеңдерде 
би  сөзі  әрі  заң  иесі  мағынасында  (іс  тексеріп,  үкім  айтушы 
адам), әрі «ақылгөй, шешен, тапқыр, билеуші топ уәкілі, бай 
адам» деген мағыналарда жұмсалып келген.
Абай мен оның тұстарында би сөзінің бұл мағыналары да 
әлі  қолданудан  шығып  қалмай,  қатар  жүргенін  көреміз.  Сөз 
жоқ, би терминінің бұрынғы мағыналары мен Абай тұсындағы 
158
 Заң мамандары өте ертеректе би атағының атадан балаға тұқым қуалап көшетін 
де  болғандығын,  оның  қазақша  шынжыр  қатар  деп  аталатындығын  айтады.  Бірақ 
қазақ жеріне патша үкіметінің жаңа ел билеу-сот системасын жүргізуінен көп бұрын-
ақ бұл тәртіп жойылғандығына байланысты шынжыр қатар атауы да немесе осыған 
қатысты қолданылған басқа сөздер де лексикадан ертерек шығып қалғаны байқалады. 

195
мағынасының арасында үлкен жақындық бар, айырмасы – ХІХ 
ғасырдың ІI жартысында бұл сөз терминдік сипат ала бастай-
ды, яғни қазақтың әдет-ғұрпы бойынша үкім шығаратын ресми 
заң иесі атауын тек қана би сөзімен (қазы, судья сөздері емес) 
білдіреді де, бұл сөз енді шешен, ақылгөй, кеңесші сөздерінің 
синонимі ретінде қолданудан қала бастайды.
Керісінше, би термині бидің жаңа типімен қатар туған бо-
лыс,  старшын  сияқты  әкімшілік  лауазымдармен  қоса  қолда- 
нылады: Қу, старшын,аш билер Аз жүрегін жалғайды (I, 64). 
Би болған, болыс болған өнер емес (I, 253).
Абай тілінде билік сөзі, көбінесе, екі түрлі мағынада жұм- 
салған:  бірі  –  қазақтың  әдет-ғұрып  правосы  бойынша  жүргі- 
зілетін заң ісінің жалпы атауы, екіншісі – бидің шығарған үкімі. 
Абай  билік  сөзін  бірінші  мағынада  өте  жиі  қолданады:  «Бо-
лыс пен биді құрметтейін десең, Құдай берген болыстық пен  
билік елде жоқ» (II, 177); «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде 
әрбір  сайланған  кісінің  қолынан  келмейді»  (II,  161).  Билік 
сөзінің  осы  ұғымына  қарай  Абай  тұсында  билікке  сайла-
ну,  билікке  таласу  деген  жаңа  тіркестер  пайда  болған.  Билік 
сөзінің бұл екеуінен басқа да мағыналары болған. Оның бірі – 
біз талдап отырған дәуірде, сірә, сирек қолданылған мағынасы: 
ол – бидің даугерден алатын ақысы, яғни бидің бітімімен дау-
герге қайтарылатын мал-мүліктің (айыптың) белгілі бір бөлігі 
биге,  тағы  бір  бөлігі  ханға  берілетін  болған,  биге  берілетіні 
билік,  ханға  берілетіні  хандық  деп  аталған
159
.  Ханның  өзі 
жойылғандықтан, оған тиісті гонорар атауы ретіндегі хандық 
сөзінің қолданылудан шығып қалғаны даусыз, ал осы мәндегі 
билік  сөзін  де  біз  ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысындағы  көркем 
әдебиет  тілінен  де,  Абай,  Ыбырай  тілдерінен  де  кездестіре 
алмадық. Соған қарағанда, не пассив қорға кеткен, не мүлде 
ұмыт болып шығып қалған болу керек.
Билік  тұлғасының  төртінші  мағынасы  өктемдік,  билеп-
төстеушілік».  Билік  сөзінің  бұл  мағынасын  үй  ішінің  (семья- 
ның)  билігі,  қара  басының  билігі  деген  тәрізді  тар  көлемдегі 
қожалыққа,  иелікке  байланысты  айтылатындығынан  да 
көреміз.  Би  сөзінің  қазақ  тілінде  о  бастағы  мағынасы  да 
осы  тар  көлемдегі  үстемдік  ету  (распорядительная  функ-
159
 Құлтелеев Т.М. Көрсетілген еңбек. - С. 188.

196
ция)  мәнінен  шығып,  бірте-бірте  юристік  (судебная  функ-
ция)  қызметін  де  білдіре  бастаған  деп  табамыз.  Махамбетте 
кездесетін  «Жолдасқа  билік  бермедім»  дегендегі  билік  сөзі 
соңғы мағынада жұмсалған.
Терминдік мәнде ертеден тұрақталған тіркестің бірі – жан 
беру.  Қазақтың  әдет-ғұрып  правосы  бойынша,  егер  би  екі 
жақты  бірдей  тыңдап,  өздігінен  билік  шығарарлық  шешімге 
келе  алмаса,  істі  жанмен  шешуге  мәжбүр  болады,  яғни 
жауапкердің ақтығына оның жақын туысы ант етуі, яғни «жан 
беруі»  тиіс,  жауапкердің  ақтығына  көзі  жетпесе,  өтірік  жан 
бере алмайды, бас тартады, ол қылмысты мойындаумен бара-
бар. Жан беру ритуалының бір ұшы шаманизммен жалғасып 
жатқанын  тіркестегі  сөздердің  мағыналары  да  білдіріп  тұр. 
Абай тұсында билік-сот ісінде жан беру тәрізді іс жүргізу әдісі 
жойылмаған  болатын,  бірақ  бұрынғыдай  емес,  жауапкердің 
ақ-қарасына  көзі  жетпей-ақ  жан  бере  салу  бұл  кезде  әдетке 
айналып  кеткенін  Абайдың  өзі-ақ  айтып  береді:  Жанын  бер-
се табылмас сөздің шыны (I, 161). Ал ертеректе істі жан алу-
мен (жанмен) шешудің өзі сирек болған, өйткені әділ, күшті 
би  ешкімді  куәлікке  тартпай-ақ,  ақ-қараны  өзі  табуға  тиісті 
болған,  сондықтан  «жаман  би  жанға  салар»  деген  мақал 
шыққан. Жан беру фразасының синонимі ант ету (ішу) тәрізді 
тіркес  Абай  тұсында  актив  қолданыла  бастайды.  Кейде  ант 
ішіп,  жан  беру  түрінде  қосарлана  қолданылады:  Ант  ішіп 
күнде берген жаны құрсын (І, 29). Абайда жан беру дегеннен 
гөрі ант ішу, анттасу варианттары жиірек қолданылған. Абай 
тіпті осылардан анттас деген жаңа сөзді де қолданады: Ант-
тасын алқайды Сен тентек демеске (I, 158). Ант ішу, антқа 
салу, анттасу сөздері жалғыз Абай емес, оның тұстастарының 
тілінде  де  кездеседі:  Аз  нәрсеге  ант  ішіп,  Аруақты  аттадым 
(Дулат,  87).  Ант  ішу  тіркесінің  жан  беру  тіркесіне  синоним 
ретінде  қолданылғандығын  Дулаттың  жоғарғы  жолдары  мен 
Абайдың «Ант ішуді кім ойлар дерт көрем деп» (І, 29) немесе 
«Нанымы жоқ, анты бар, Ел нұсқасы кетті ғой» (I, 65) деген 
тәрізді жолдары дәлелдейді.
Абаймен  тұстас  сөздіктер  ант  сөзін  жан  (беру)  сөзінің 
синонимі  деп  көрсетеді  де,  орысшасын  присяга  деп  береді, 

197
сонымен  қатар  жан  (беру)  терминінің  әлі  де  ескірмегенін, 
тіпті  анттан  гөрі  жан  беру  вариантының  тілде  жиірек 
қолданылатынын  және  көрсетеді:  ант  (обыкновеннее  жан) 
–  присяга  (Ильминский,44),  ант  –  присяга  (чаще  жан)  (Кр. 
русск-кирг. сл. 1897).
Қазақтың  әдет-ғұрып  правосы  бойынша  қолданылып  кел-
ген сөздердің бір тобы тексерілген істің нәтижесіне (жаза т.б.) 
қатыстылары. Олар: айып, ат-тон айып, күн, тоғыз, барым-
та, дүре,

салауат т.б.
Айып  сөзінің  өзі  –  қазіргі  күнде  абстракт  ұғымның  атауы 
(айыбы жоқ, айыбын мойнына алу, айып-шам т. б.). Ал әдет-
ғұрып  правосы  бойынша  айып  –  тартатын  жазаның,  яғни 
конкретті ұғымның атауы. Сондықтан да ат-тон айып, айып 
төлеу  түрінде  қолданылады.  Әрине,  айып  –  дәл  осы  күнгі 
штраф  дегенмен  дәлме-дәл  мағыналас  емес,  сонымен  қатар 
«жаза, төлеу» (вознаграждение в пользу потерпевшего) деген 
мағыналарды да қамтитын термин. Демек, айып – жазаны зат-
тай (малдай) тарту. Сондықтан да оның дифференциацияланған 
атаулары  сан  алуан  тоғыздар  (бас  тоғыз,  орта  тоғыз,  аяқ 
тоғыз, үш тоғыз, тоқал тоғыз) мен айыптар (ат-тон ~ ат-
шапан айып) болып және бөлінеді. Жоғарыда айтылған гоно-
рар  ретіндегі  билік  пен  хандық  сөздері,  сондай-ақ  жасауыл 
ақы,  жаушыға  жіп  кесер  тәрізді  төлеулер  де  осы  айыптың 
түрлері болған.
Абай  тұсында  да бидің  шешімін айыппен  өтеу  (яғни  мал, 
бұйыммен  төлеу)  практикасын  кеңінен  қолданылғаны  мәлім 
(мамандар  қазақтың  әдет-ғұрып  правосы  1917  жылға  дейін 
қолданылып келгенін айтады). Демек, Абай тілінде бұлардың 
барлығы  бірдей  орын  алмаса  да,  айып  сөзінің  дәл  осы 
көрсетілген мағынада сол тұста жұмсалғандығын аңғарамыз. 
Абайда:  Ат-шапаннан  кем  көрмес,  Біреу  атын  қойса  «қу»  
(I,  59).  Өзгелерде:  Қонақасы  бермесе,  Ат-шапанға  ілік  боп 
(Дулат, 88).
Сонымен қатар Абайдың «Кімі тентек, кімде айып» (I, 108) 
дегендеріне  қарағанда,  бұл  сөздің  терминдік  мәнімен  бірге, 
абстрактік мәні де (күнә, кінә-лармен мағыналас) ертеден келе 
жатқанға ұқсайды.

198
Қазақтың  әдет-ғұрып  правосына  байланысты  сөздің  бірі 
–  барымта.  Этимологтардың  талдауына  қарағанда,  монғол 
төркінді
160 
бұл  атау  –  қазақ  тілінде  өте  ертеден  келе  жатқан 
сөз.  Тәуке  хан  қазақтың  әдет-ғұрып  правосын  жинақтаған 
кезде (XVIII ғасыр) барымта актісі – бидің шешімін күшпен 
орындатудың  тәсілі  болған.  Ол  кезде  барымта  сөзінде 
«ұрлық»  мағынасы  болмаған
161
.  Кейін  келе,  әсіресе  өткен 
ғасырдың Абай өмір сүрген тұсында барымта үстем таптардың 
зорлық көрсету, қиянат істеп, мал айдап әкету, тіпті мал ұрлау 
тәрізді  озбырлық  әрекетіне  айналады.  Сондықтан  да  барым-
та,  барымташы  сөздері  Абай  тілінде  және  тұстастарында, 
ұрлық,  ұры  сөздерімен  қатаржүреді  де  көбінесе  соңғы,  сол 
өз  заманындағы  жағымсыз  іс  («талау,  зорлықпен  мал  айдап 
әкету, ұрлау») мағынасын білдіреді: ...Барымта алалық, ұрлық 
қылалық десе... (II, 212). Бұралқылар сандалды, Жуандарға сыя 
алмай. Сыйымсыз болды алашқа, Барымтасын тыя алмай (I, 
65). Батырдан барымташы туар даңғой (I, 96).
Кісі өлтірген айыпкерлерге берілетін жазаның бірі – «жанға 
жан,  қанға  қан»  принципіндегі  қан  жуар  Абай  тұсынан  көп 
бұрын-ақ, тіпті Тәуке заманының кезінде-ақ қазақ қоғамында 
қолданылудан қалып, оның орнын басқа актілер басқандықтан, 
бұл  сөздің  өзі  де  тіл  нормасынан  шығып  қалғанға  ұқсайды. 
Өйткені  Абай,  Ыбырайлардан  да,  өткен  ғасырдың  II  жарты- 
сындағы қазақ көркем әдебиетінің өзге уәкілдері тілдерінен де 
қан жуар терминін кездестірмейміз.
Жоғарыда көрсетілгендерден басқа өткен ғасырдағы халық 
тілінде  қазақтың  әдет-ғұрып  правосына  қатысты  құн,  дау, 
даугер,  жүгініс,  теңдік,  бітім,  төре  (беру),  жаза,  салауат, 
шағым сөздері мен керегеге таңу, сойыл айыбанасы т.б. тәрізді 
тіркестер  қолданылған.  Бұлардың  көпшілігі  Абай  шығарма- 
лары  тілінде  де  жиі  қолданылған.  Дау  сөзінің  сол  кездегі 
160
 Қазақ тілінің кысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 56-б.
161
  Өткен  ғасырда  қазақтың  соты  туралы  жазған  И.Ибрагимов:  барымта  сөзі 
тіпті  «талау,  тонау»  мағынасын  бермейді,  ол  айыпкерге  бидің  шешімін  орындаудың 
шарасы  деп  келіп,  өзінше  барымта  сөзін  этимологиялайды:  бар  –  есть,  барым  – 
мое  есть,  барымта  –  мне  следуемое  («Заметки  о  киргизском  суде».  -  СПб.,  1878.  - 
С.  3.).  Барымта  сөзінің  ғылыми  этимологиясы  жөнінде  «Қазақ  тілінін  қысқаша 
этимологиялық сөздігін» қараңыз.

199
мағынасын  тяжба,  иск  деп  Н.Ильминский  дәл  көрсеткен 
(120),  ал  даугер  –  истец.  Абай  мен  оның  тұстастарында  дау 
сөзінің  дау-шар,  дау-жанжал,  жанжал-дау  тәрізді  қос  сөз 
компоненті болып келген түрі мен дау даулау, дау ұру, дау са-
бау (Абайда ғана) тіркестерін құраған түрлері бар: «Әуремін 
мен тыя, Дауың мен шарыңды» (I, 220); «Жап-жай отырып, да-
уын сабап отырады» (II, 192). Біту, бітім, бітімші сөздері де – 
юристік терминдердің көнелері, мағынасы «істі дауласушы екі 
жақты да ырза етіп шешу, яғни дауды тыю», Абайда бұлар жиі 
кездеседі: Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні 
билікке таңдап алып... біте берсе, яки оған да ынтымақтаса ал-
маса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап 
алып, жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді (II, 161).
Қазіргі әдеби тілімізде «бостандық, азаттық, теңелушілік» 
мағыналарын  беретін  теңдік  сөзі  өткенде  мүлде  басқаша 
мағынада жұмсалған. Бұл да заңға қатысты терминдік мәні бар 
сөздердің бірі болған. Бұрынырақ айып пен құнды даугердің 
кез келгені төлете алмайтын, ондайды теңдік бермеу деп, ал 
төлете қалған күнде оны теңдік алу деп атаған
162
. Махамбеттің: 
«Теңдікті  малды  бермедік,  Теңдіксіз  малға  көнбедік»  (111) 
дегеніндегі  теңдік  сөздері  –  осы  мағынада.  Өткен  ғасырдың 
шағын  сөздігінде  (Н.Ильминскийдің  1861  ж.  сөздігі)  теңдік 
сөзін  «равенство,  беспристрастие,  правосудие»  деп  (111)  ау-
дарады. Бұл да жоғарғы пікірімізді растайды. Абайда бұл сөз 
осы мағынада бірер жерде ғана кездеседі: Алуға теңдік сенуге 
(I, 53).
Сөйтіп,  қазақтың  әдет-ғұрып  правосы  біраз  шектелген 
түрінде, өзге екі правомен қатарласа өмір сүрген Абай зама-
нында осы правоның бұрыннан келе жатқан көптеген тұрақты 
сөздері  әдеби  тілден,  оның  ішінде  Абай  тілінен  орын  алып, 
заман  картинасын  суреттеуге  қолданылған.  Олардың  басым 
көпшілігі бұрынғы өз мағыналарымен қолданылса, бірқатары 
бұрынғыларының үстіне жаңа мағына үстеп немесе мағынасы 
кеңейіп  не  тарылып  қолданылған  (мысалы,  билік  сөзінің  
«гонорар,  пошлина»  мағынасы  бірте-бірте  қалып  қойған  не-
162
 Толыбеков  С.Е. Общественно-экономический строй казахов в XIX вв. - Алма-
Ата, 1959. - С. 239.

200
месе барымта сөзі «ұрлық, зорлық акт» ұғымын жиірек бере 
бастаған т.т.).
Мамандар бұрынғы әдет-ғұрып правосы бойынша «мемле- 
кеттік  қылмыс»  деген  категорияның  болмағанын,  тіпті 
«қылмыс» (уголовное) пенен азаматтық сипаттағы «тәртіп бұзу- 
шылық»  (гражданское  правонарушение)  екеуін  екі  бөлек 
айырудың  өзі  әлсіз  болғандығын  айтады.  Сондықтан  да 
бұрынырақ қылмыс сөзі қолданылмаған, тәртіп бұзудың қай-
қайсысы да жаман қылық, жаман іс деп аталған дейді. Ал XIX 
ғасырдың  II  жартысында  нағыз  қылмыс  пен  әр  алуан  тәртіп 
бұзушылық  қылмыстар  ажыратыла  түсіп,  қауіпті  қылмыстар 
(мемлекетке  опасыздық  жасау,  яғни  патша  үкіметіне  қарсы 
шығу,  кісі  өлтіру,  жер  өртеу,  керуен  тонау  т.т.)  әдет-ғұрып 
правосының компетенциясынан алынып, империялық соттың 
қарауына беріледі. Енді осыған лайық жаңа юристік категори-
ялар мен іс-әрекет атаулары пайда болады. Ең алдымен,  орыс 
империясы правосының атын өзге екі праводан айырып атау 
тенденциясы туады. Ол әсіресе Абай тілінде өте-мөте сезіледі. 
Абай  бұл  правоны  орыстың  өз  сөзімен  закон  деп  атайды: 
«Қисық болса закон бар, Судьяға беруге» (I, 53); «Балам закон 
білді деп» (I, 51); «Ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей за-
коны болмаса, законсыз зорлығына көнбес едік» (II, 179).
Бұл  правоны  өткен  ғасырда  заң  деп  атау  тенденциясы 
болғаны байқалады. Бірақ онда да заң-закон тәрізді плеонастық 
тәсілмен  немесе  орыстың  заңы  деген  тәрізді  эпитетпен 
қолданылады. Ал Абай барлық жерде де бұл правоны тек қана 
закон деп береді.
Заң сөзін Абай «тәртіп, дәстүр, әдет» деген мағынада жұм- 
сайды: «Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы» (I, 71); «Өз 
заңымша ұқсаттым» (I, 186).
Сөйтіп, негізінен, Абай Россия империясы правосының ата-
уы ретінде закон сөзін тұрақты пайдаланып, нормаға айналды-
рады. Россия мемлекеті правосының атауын бұлайша айырып 
көрсету өзге қалам қайраткерлерінде де байқалады, бірақ бұл 
Абайдағыдай принципиалды сипатта емес: закон сұрау (Ақан 
сері), законмен жөн сұрамақ атақ болды (Майлы, 209).

201
Россия  правосының  конкретті  іс-әрекетінің  атауы  ретінде 
сот сөзі де қазақ тіліне XIX ғасырда еніп, оның II жартысын-
да актив сөзге айналады. Одан Абайда сотты адам (ісі орыс 
законы бойынша тергеудегі адам), басы сотқа ілігу (айналу) 
тәрізді тіркестер пайда болады: ...Егер жалынбаса... тергеулі, 
сотты  адам  болып...  басы  қатерге  түседі  (II,  160).  Қатты 
қысым қысқан соң Басым сотқа айналар (I, 82).
Сотпен қатар судья сөзін Абай мен Ыбырай әдейі қолдана- 
ды.  Орыс  правосы  бойынша  іс-тергеу  жүргізуші  адамды  би 
деп те, қазы деп те атамай, тек қана судья деп атап көрсетеді: 
«Қисық болса закон бар, Судьяға беруге (I, 53); «1876 жылда 
мен судьялық орында тұрғанымда...» (Алтынсарин, 1879. 58).
Бұл күнде мүлде қолданылмайтын, орыстың өз тілінде де 
жоқ,  бірақ  Абай  тілінде  және  тіпті  Абай  тұсында  жиі  қолда- 
нылған  жаңа  сөздердің  бірі  –  законшік:  Кейбіреуі  законшік, 
Оңдырмассып,  берсе  арыз  (І,  149);  Законшік,  көргіш  (I,  91). 
Законшік  сөзі  Абайда  «орыс  империясы  правосын  пайдала-
нып,  соған  сүйеніп,  басқаларды  жазғыру,  сотқа  тартуға  ты-
рысушы  адам»  мағынасында  және  ол  –  әділдік  іздеуші  адам 
емес,  керісінше,  жағымсыз  қылықты  адам.  Абай  тұсында 
қазақтың  әдет-ғұрып  заңы  ауыл  арасы,  ағайын  арасы,  кейде 
тіпті  бір  үйдің  отбасының  ұсақ-түйек  «жаман  қылықтарын» 
қарайтын право сипатында болды да оның кесетін жазасы да 
қылмыстың  ұсақтығына  орай,  көп  ретте  пәлендей  ауыр  бол-
мады.  Сібір  айдату,  түрмеге  жабу,  мал-мүлкін  конфискелеу 
тәрізді  эффективті  жазаларды  тек  орыс  империясы  право-
сы  беретін  болды.  Ал  нағыз  жалақордың  ең  биік  тілегі  де 
–  өштесіне  осындай  жазаларды  тартқызу.  Сондықтан  ондай 
адамдар законды сағалап, үкімет, сот орындарына арыз жазу, 
куә болу әрекетімен шұғылданды. Міне, осындай жаңа типті 
даугерлерді  бір  сөзбен  законшік  деп  атау  пайда  болады.  Бұл 
тұлғаны  Абай  шығарды  деу  қиын,  өйткені  законшік  сөзінің 
қазақтар арасында қолданылатындығын 1878 ж. қазақтың әдет-
ғұрып заңы туралы кітапша жазған И.Ибрагимов те (Түркістан 
генерал-губернаторының  жанында  тілмаш  болып  қызмет 
атқарған зиялы башқұрт) көрсетеді: «Законщиком киргизы на-
зывают людей, пишущих прошения»
163
.
163
 Ибрагимов И. Көрсетілген кітапша. 19-б.

202
Россия  империясы  правосының  қазақ  даласына  әкелген 
жаңа атауларының бірі – арыз сөзі. Бұл – лексикалық құрамда 
бұрыннан бар сөздің мағына ауысуы арқылы пайда болған не-
ологизм. Арыз – бұрын заң саласындағы терминдік дәрежеде 
емес, жалпы біреуге (заң орнына емес) «шағым, тілек, өтініш 
айту,  мұңын  шағу»  мағынасындағы  жай  сөз  болатын:  «Қыз 
Жібектегі» Төлегеннің қалыңдық іздеп келуге әкесінен рұқсат 
сұрауы  да,  «Айман-Шолпан»  жырындағы  Айман  қыздың 
Көтібарға:  «Атың  басын  тарта  тұр,  ер  Көтеке»,  –  деп  аулын 
шаппауын сұраған тілегі де, Қыз Назымның Қамбар батырға: 
«Мойныңды  бері  бұрсайшы,  Біздің  үйге  түссейші»,  –  деген 
құрбылық, ғашықтық өтініш-назы да – баршасы да арыз деп 
аталған:  «Ақ  Айман  өлең  айтып,  арыз  етті»  («Айман-Шол-
пан», 1957. 18); «Арызға келді балаңыз, Рұқсат бата бер, ата» 
(«Қыз Жібек», 1963. 96); «Сонда Назым сөйледі: «Қайрылмай 
қайда  барасың?  Хан  сүйекті  Қамбар-ау?»;  «Арызыма  менің 
құлақ сал» («Қамбар», 1957. 51). ХІХ ғасырдың І жартысында 
жасаған ақын қыз Алмажан да әділет іздеп Жәңгір ханға мұң-
шерін шегуін арызға келу деп атайды: «Арызға келген жетімді» 
(Алмажан, 174).
Қазақ қоғамына кеңселі, қағазды орыс соты келгеннен кейін 
дау  даулаудың  жаңа  тәртібі  ретінде  дауын  жазбаша  түрде 
түсіру енеді (бұрын қазақ правосы бойынша дау, өтініш, арыз 
айту да, ол дауды қарау, кесімін білдіру де ауызша жүргізілгені 
мәлім). Дау даулаудың жазбаша түрі енді арыз деп аталады да, 
юристік терминге айнала бастайды. Әрине, бұл сөздің бұрынғы 
мағынасы  да  бірден  жоғалып  кетпейді,  бірақ  жаңа  ұғымы 
басымдық  етіп,  жиі  қолданыла  бастағаны  байқалады.  Және 
бұл сөз империялық сот орындарына әділет іздеп арыз берудің 
жалпы атауынан да гөрі, «жалақорлық арыз, өтірік арыз, қара 
арыз» деген ұғымды көбірек білдірген. Абайда кездесетін арыз 
сөзінің басым көпшілігі осы соңғы оттенокпен қолданылған: 
«Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып» (I, 32 «Пысықтықтың 
белгісі – арыз беру» (I, 41); «Өтірік арыз көп берсе» (I, 59); 
«Бұл күндегіге... арыз бере білу мақтан» (II, 215).
Ал  арыз  құмар,  арызшы  сөздері,  сірә,  жоғарғы  законшік 
сөзінің синонимдері ретінде келеді. Бұрын арыз сөзі арыз айту, 

203
арызға келу тіркестерімен ғана келсе, енді жаңадан арыз беру 
тіркесі пайда болады, өйткені арыздың өзі қағаз (зат) түрінде 
ұсынылатындықтан,  заттық  ұғыммен  тіркесетін  беру  етістігі 
қолданылады. Осыдан арыз беруші деген жаңа заң термині де 
пайда болады.
Абайда арыз сөзін бұрынғы мағынасында қолдану да кез- 
деседі,  бірақ  бұл  соңғы  жаңа  мағынасына  қарағанда  өте  си-
рек.  Әбдірахман  туралы  циклдегі  бір  өлеңінде  «Ата-ананың 
қызметін,  Алған  жардың  қарызын  Өтемей  кеткен  бейнетін, 
Қағазға жазған арызын» (І, 183) дегенінде арыз –  заң термині 
емес,  «қоштасу  сөзі»  деген  мағынада.  Арыз  түбірінен  туған 
арыздасу  сөзінің  қазақ  тілінде  өлер  адамның  тірілермен 
қоштасуы деген де ұғымы бұрыннан бар болатын.
Сот  орнына  берілетін  шағым  мағынасында  арыз  сөзінің 
синонимі ретінде Абайда ауыспалы мағынадағы қағаз сөзінің 
де қолданылғаны қызық жайт: «Қағаз берер қарманар» (I, 82); 
«Өтірік берген қағаздың» (I, 82); «Өз қағазы өз көзін» (I, 82).
Сірә, халықтың сөйлеу тілінде алғашқы кезде арыз тәрізді 
документтің атауы сол документ жазылатын заттың (қағаздың) 
атымен аталған болар, бұл – тілдің ішкі заңына сыйымды тәсіл. 
Келе-келе, әсіресе оқу-ағарту ісі де дами түсіп, қағаз сияқты 
сөз конкретті зат атауы ретінде тұрақтала бастауына байланы-
сты, заңға қатысты жаңа ұғымды арыз сөзімен беру тенденци-
ясы күш алғаны сезіледі.
Жаңа  мағынадағы  арыз  сөзінің  тағы  бір  дублеті  шағым 
да  –  бұрыннан  бар  сөз,  мағынасы  біреуге  (юристік  орынға 
емес)  екінші  біреуден  көрген  жәбір-жапасын  айтып,  одан 
әділеттік тілеу. Сот орындарына берілетін арызда да дәл осын-
дай  мән  болғандықтан,  шағым  сөзі  арыз  сөзімен  параллель 
қолданылған. Өтірік арыз деген тәрізді өтірік шағым тіркесі 
түрінде келуі бұл екі сөздің дублеттер екенін аңғартады: Өтірік 
шағым толды ғой (I, 90).
Дублеттік қатар құрайтындардың бір тобы – тергеу, сұрау 
сөздері.  Бұлар  да  –  жаңа  атаулар,  алдыңғы  екеуі  –  мағына 
жаңғыру арқылы байырғы сөздерден туған неологизмдер. Заң 
процесінің  жаңа  түріндегі  актілердің  біреуінің  атауы  –  тер-
геу. Сірә, бұл сөздің бұрынғы мәнінде де бір нәрсенің дұрыс-

204
бұрысын,  ақ-қарасын  білу  үшін  істелінетін  әрекетті  атау 
оттеногі бар болған. Енді бұл сөз нақтылы іс-әрекеттің, яғни 
сот жүргізу процесінің белгілі бір сатысының атын білдіруге 
бағышталады да осы қызметте тұрақтала бастайды, бірақ заң 
саласындағы  кейбір  атаулар  тәрізді  терминдік  сипатқа  жете 
алмай,  сұрау,  дознание  тәрізді  параллельдермен  қосақтала, 
кейде  бірін-бірі  айқындап  түсіндіріп  қолданылған  сипатта 
қалады: «...Назначение қылғанда, тергеуі, сұрауы барлығына 
қарамаса...»  (II,  161);  «Оған  дознание  –  тергеу  шығарады»  
(II, 160).
Сұрау  сөзі  Абайда  «тергеу»  мәнінде  актив  қолданылған: 
«Қарсылық  күнде  қылған  телі-тентек.  Жаза  тартып,  ешбірі 
сұралмай жүр» (I, 34); «Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау 
беріңдер» (II, 191). Бұл жердегі сұрау беру – «жауапқа тартылу, 
сот орнында тексерілу» мағынасындағы тіркес.
Іс сөзі де Абайда орысша дело деген заң терминінің орны-
на қолданыла бастағанын көреміз: «Елдегі жақсы адамдардың 
бәрінің  үстінен  бекер,  өтірік  «шапты,  талады»  деген  әртүрлі 
уголовный  іс  көрсетіп,  арыз  береді»  (II,  160);  «Құтылам  деп 
ісінен, Бәрін көріп кісіден Шығынға әбден батады» (I, 58).
Бұрынғы  әдет-ғұрып  правосы  бойынша,  жазықты  адам-
ды  түрме,  гауптвахтаға  жабу  немесе  оған  қоғамдық  қызмет 
өтету деген болмайтын, сондықтан олардың атаулары да жоқ 
болатын.  Ертегі,  эпостарда  кездесетін  зындан  сөзі  –  шығыс 
тілдері  мен  Шығыс  сюжеттері  арқылы  келген  атау,  бұл 
Қазақстанның Орта Азия халықтарына шектес мұсылман пра-
восы – шариғат күші жүріп тұрған оңтүстік аудандарында бол-
маса, қазақ жеріне іс жүзінде көп тарамаған тұткын орны. Рос-
сия империялық сотымен қоса қазақ тіліне түрме, кәтелешке, 
абақты,  қараңғы  үй  сөздері  кірді.  Түрме,  кәтелешке  –  орыс 
сөздері болса, абақты, кейбір зерттеушілердің айтуынша, га-
уптвахта сөзінен, ал басқа бір мамандардың талдауы бойын-
ша, лабақ деген түркі сөзінен
164
 пайда болған. Қайткенде де бұл 
сөз – бұрын көп қолданылмайтын, кейін активтенген лексема. 
Қараңғы үй сөзі – орыс тіліндегі темница сөзінің калька жо-
164
  Сүлейменова  Б.  Лабақты//абақты  //  Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық 
сөздігі. - Алматы, 1966.

205
лымен алынған түрі. Бұл сөз Абайдың Лермонтовтан аударған 
өлеңінде  қолданылған:  Қараңғы  үй  терезесі  –  тұтқын  орны  
(II,  98)  –  Молча  сижу  под  окошком  темницы  (Лермонтов,  
I, 51).
Қараңғы үй атауы өткен ғасырда Қазақстанның көп жерінде 
пайдаланылғаны  байқалады.  Батыс  Қазақстанда  өмір  сүрген, 
өзі  ұстауда,  түрмеде  болған  Сары  Батақов  (1863-1895)  деген 
ақында да қараңғы үй сөзі бар: «Ішінде қараңғы үйдің бұ да 
жатыр» (Сары, 339). Сөздіктер де темницаны қараңғы үй деп 
береді.
Түрме,  абақты,  қараңғы  үй  сөздері  синонимдік  қатар 
түзейді.  Түрмеге  қарағанда  абақты  сөзі  көбірек  кездеседі: 
«Абақтыға жатарсың» (Шортанбай, 163); «Он екі ай абақтыда 
жатқанымда» (Сары, 339).
Абай  кәтелешке  сөзін  де  келтіреді:  Кәтелешке  көбейді, 
Сөгіс естіп тозды ажар (I, 82). В.Дальдің көрсетуі бойынша, ка-
талажка сөзі орыс тілінің шығыс (Сибирьді қоса) өлкелерінде 
«сибирка,  блошница,  каменный  мешок,  тюрьма,  арестант-
ская при полиции» (В.Даль, Толковый словарь, Т.II С. 96) де-
ген  мағынаны  берген.  Осы  мағынада  каталажка  сөзі  Семей 
өлкесінде (Сибирь) актив атау болғанға ұқсайды және ол нағыз 
үлкен  түрменің  өзінен  гөрі,  «арестантская  камера  при  поли-
ции» дегенді көбірек білдіргенін М.Әуезов те көрсетеді: «Он 
шақты күннен бері Абай Семейде каталашкада отыр. Үлкен 
абақтының өзі емес» («Абай жолы»).
Абақты,  түрмелерді  бейнелеп  атау  да  Абайда  жоқ  емес: 
Көрмей тұрып күсемін Темір көзді сарайды (I, 82).
Қазақ  даласына  түрме  ұғымы  мен  атаулары  келгеннен 
кейін, оған қамалатын адамның атауы да, қамау әрекетінің ата-
уы да келуге тиісті. Тұтқын сөзі бұрын соғыста қолға түскен 
қарсы  жаудың  адамын  білдірсе,  енді  түрмеге  түскен  адамды 
білдіреді: «Қараңғы үй терезесі – тұтқын орны» (II, 98); «Ба-
тыр ем, тұтқын болдым осы жайда» (Сары, 339). Тұтқынға алу 
тіркесінің жаңа мағынасы – «түрмеге жабу». Оның дублеті – 
Абайда ұстау етістігі: «Ұстаудағы кісідей мезгілі бар» (I, 35). 
Осыған қарағанда қазіргі «түрмеге жабу» мағынасында ұстау 
сөзінің қалыптасуы өткен ғасырдан, Абай кезеңінен бастала-

206
ды. Өткен ғасырдағы сөздіктер «арест» ұғымын ұстау, «аре-
стовать»  етістігін  ұстауға  түсіру,  «арестованный,  задержан-
ный» сын есімін ұстаулы деп береді.
Атылу, айдалу етістіктерінің де заң-сотқа қатысты нақтылы 
іс-әрекет  атаулары  ретінде  қолданылуы  өткен  ғасырда  пайда 
болды.  Бұрынғы  право  бойынша,  жер  аудару  (каторгіге  ай-
дау) немесе ату жазасына кесу дегендер болмағаны айтылды. 
Империя сотының үкімі бойынша, жазалыларды жер аудару, 
каторга жұмыстарына жіберу (айдау), атуға бұйыру фактілері 
басталады.  Абайдың  лексикасы  бұл  құбылысты  да  білдіреді: 
...Азар болса атылып я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-
ақ (II, 186).
XIX ғасырда патша үкіметінің каторга орындарының көбі 
Сибирьде болғаны мәлім. Сондықтан да қазақ тілінде әуелден-
ақ  Сібірге  айдау,  жер  Сібір  тіркестері  пайда  болған: Сібірге 
Исатайды айдаған бек (Шернияз, 129). Букин сөздігі заточе-
ние, ссылка дегенді жер Сібір деп береді. «Ссылка» ұғымын 
айдалатын территория атымен білдіру амалы жалғыз жер Сібір 
емес, омбы деген сөзден де көрінеді. Тағы да Букин сөздігінде 
«заточение, ссылканы» омбы деп те береді.
Куә, айғақ, қылмыс сөздері бұрыннан бар болғанмен, қазақ 
жеріне Россия империялық сотының келуіне байланысты жаңа 
терминдік  мағынаға  ие  болып,  жиі  қолданыла  бастайды.  Ал 
бұрын  әдет-ғұрып  соты  куә,  айғақ  дегендерге  мән  бермеген, 
өйткені бейтарап куә дегендер болмайды
165
. Абай бұл сөздерді 
жаңа терминдік мағынасында жұмсайды: «Өз қағазы өз көзін 
Жоғалтуға  жарайды.  Тауып  алып  жалғанын,  Қылмысыңды 
санайды»  (I,  82);  «Өтірік  көрмегенін  көрдік  деуші  куәлар  да 
әлдеқашан дайындап қойылған» (II, 160). Бұлардың осы жаңа 
мағынасын сол тұстағы сөздіктер де тіркеген: айғақ – свиде-
тель,  доказчик.  Кісінің  мойнына  бірнеме  салмақ  үшін  айғақ 
керек – чтобы уличить, нужен свидетель (Ильминский, 38).
XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ  қоғамындағы 
үлкен  қылмыстың  бірі  –  мал  ұрлау  болғаны  мәлім  және  бұл 
–  жоқтықтан,  мұқтаждықтан  күнкөріс  үшін  жарлы-жақыбай 
165 
Судебная часть в Туркестанском крае и степных областях. Сост. И.И.Крафт. - 
Оренбург, 1898. - С. 100.

207
істеген қылмыс емес, барлар, байлар, белділер ұйымдастырып 
жүргізген әрекеттері болды. Мұны қоғам тіршілігіндегі ауыр 
қылмыстың бірі деп таныған Абай ұры (21 рет), ұрлық (19 рет), 
ұры-қары, ұры-бұзақы сөздерін тіпті жиі қолданған.
Сөйтіп, заң-сот системасының жаңа түрі Россия империя- 
лық правосы қазақ тіліне, оның жазба әдеби үлгісіне көптеген 
жаңа ұғымдар, демек, жаңа сөздер әкелді. Олардың бірқатары 
мағына  ауысу  арқылы  бұрыннан  қолданылып  келе  жатқан 
сөздер (арыз, қағаз, шағым, сұрау, тергеу, іс, ұстау, тұтқын), 
бірсыпырасы орыс тіліне орай калька жолымен жасалған сөздер 
(қараңғы үй, атылу, айдалу, жер аудару), енді бір тобы орыс 
сөздері  (закон,  түрме,  кәтелешке,  дознание,  прошение,  сот, 
судья) болды. Бірқатар сөздер (заң, куә, қылмыс) активтенді.
* * *
Абай  тұсында  (және  одан  бұрын  да)  қазақ  даласында 
болған правоның үшінші түрі – ислам дініне сүйенген шариғат 
заңы  екенін  жоғарыда  айттық.  Бұның  күш-әрекеті  алдыңғы 
екеуіндей Қазақстанның байтақ территориясына түгел жайыл-
маса да, оңтүстік аудандарда, Орта Азия халықтарымен шек-
тес жерлерде айтарлықтай болғанын заң мамандары көрсетеді. 
Сондықтан  өткен  ғасырдағы  қазақ  әдеби  тілінде  шариғатқа 
қатысты сөздер де өмір сүрген. Олардың барлығы дерлік араб-
парсы сөздері: Абайда бұл саладан қазы, шариғат, күнә, талақ, 
әділет, адал, адалдық, арам, арамдық (харам) сөздері бар.
Қазы сөзін Абай не қазақтың би сөзімен, не орысша судья-
мен шатастырмайды. Шариғат бойынша төрелік айтатындар – 
қазылар.
Ал  заңға  қатысты  терминдік  мағынасы  жоқ  «төреші, 
төрелік айтушы» деген жалпы мағынада ақын үш атаудың кез 
келгенін қолдана алатынын көрсетеді: «Нені сүйдім, дүниеде 
неден күйдім, Қазысы оның – арым мен бір-ақ Құдай» (II, 110) 
– Как я любил, за что страдал – Тому судья лишь Бог да со-
весть  (Лермонтов  I,  26);  «Рахымсыз  билеріңді  қарғамаймын» 
(II, 109) – Судей бесчувственных моих Не проклинаю... (Лер-
монтов, II, 258); «Таразы да, қазы да өз бойында» (I, 27); «Сен 
аттың жөнсіз оқ, Тәңрі – қазы, Тас таразы, Тентекті Сұрамас 
деп қалма» (І, 102).

208
Қазы  сөзі  өткендегі  қазақ  тілінде  «төреші»,  «төрелік  ай-
тушы»  деген  ауыспалы  жалпы  мағынада  да  қолданылғанын 
көреміз:  «Ханекем,  қазым  да  –  сен,  төрем  де  –  сен»  (Шер-
нияз,  129);  «Жақсы  болған  қазылар  қара  қылды  қақ  жарар»  
(Дулат,  63);  «Қазы,  болыс  қойыпты  Некесіз  туған  шатасын» 
(Шортанбай, 162); «Дау еткің келсе – қазыға жүр» (Алтынса-
рин, 1879-60).
Күнә сөзі – шариғатқа қатысты ұғымның атауы. Қазақтың 
әдет-ғұрып правосы бойынша, жаман іс, жаман қылық, жазық 
сөздерімен  Россия  заңына  байланысты  активтенген  қылмыс 
сөзі осы күнә сөзімен синонимдес. Бір ұғымды білдіретін бұл 
үш түрлі сөздер тобы әр правоның өзінде қалыптасқан.
Талақ сөзі – қазақ тіліне шариғатпен қоса кірген элемент, ол 
мен сенен талақ, талақ ету, талақ қағаз түрінде қолданылған, 
бұл – шариғат заңы бойынша, жұбайлардың арасындағы некені 
бұзу.  Абай  бұл  сөзді  өз  мағынасында  емес,  ауыспалы  мәнде 
жұмсайды:  Талақ  етіп  бұл  ғаламды,  Болды  мәлім  кеткенің  
(II, 85).
Сөйтіп, Абай шығармаларының сөздік құрамында өз дәуі- 
рінде қазақ қоғамында болған заң-сот (право) ісінің картина-
сын толық көрсететін лексика тобы бар. Бұл салада Абайда әр 
ұғымды  дифференциациялап  атау  тенденциясы  мен  сөздерді 
терминдеу процесі болғаны байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет