Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

-ар+лық  жұрнақты  туынды  сын  есім  өз  қызметінде  келіп 
тұр. Енді осы сын есімдерді де зат есім орнына жұмсағанына 
жоғарыда  ұғарлықтарға  дегеннен  басқа  да  мысал  келтіруге 
болады:  «Маған  да  біреу  жалынарлыққа  жеткен  екенмін» 
деп мақтанып кетіп (II, 189) немесе: Жұмсалады түзеліп жет-
кен, енді елді түзерлігі-ақ қалған (II, 165) т.б. сөйлемдерде де 
әңгіме етіп отырған сын есім тұлғасы субстантивтеніп тұр.
Өзге сөз таптарының, әсіресе семантикасы жағынан адам- 
ның  сыр-сипатын  білдіруге  жақын  тұрғандарының  субстан- 
тивтеніп, зат есім орнында қолданылуы мақал-мәтелдерге, афо-
ризмдерге, поэзия тіліне тән екендігін Абайдың шығармалары 
да  дәлелдейді:  Абайдың  өлеңдерінде  бұл  тәсіл  өте  жиі 
қолданылса, прозасында әлдеқайда бәсең. Бірақ проза тілінде 
де заттанған сын есімдердің, есімшелердің кездесуі – біздіңше, 
Абайдың  поэзиялық  тілінің  әсері.  Абай  «Қара  сөздерінің» 
синтаксистік  құрылысы  сияқты,  кейбір  лексикалық,  морфо- 
логиялық  құрылымында  (оформлениесінде)  да  оның  өлең 
тілінің ізі (әсері) сезіледі.
* * *
Өзге  сөз  таптарын,  тұлғаларды  субстантивтендіріп  қол- 
дануда  Абайдың  өзгелерден  оқшау  тұратын  индивидуалдық 
бір  ерекшелігі  бар.  Абай  тұтас  төл  сөз  ретінде  келетін 
грамматикалық  тіркестер  мен  жеке  сөйлемдерді,  кейде  жеке 
сөздерді объект етіп алады да оларды заттандырып, зат есімше 
септеп,  тәуелдеп  қолданады:  «Мен  қалай?»-ға  салынбай, 
Жылы жүзбен жайнасын (I, 133). Сондай ерді «Ала бер»-ді Та-
бар енді біздің ел! (I, 151). Әуел сонан есітесің «Ат үстінен 
көтер»-ді (I, 62). Елдің байын еліртіп «жау мұнда»-лап (I, 67). 
«Ой Тәңір-ай»-шыл кер есек (I, 87). «Ала бер»-ден, «Келе гөр»-
ден, Бір күн басын бұрды ма (1,151). «Мені»-мен «менікі»-нің 
айрылғанын «Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес (I, 178). Сөз 
айттым  «Әзірет  Әлі,  айдаһар»-сыз,  Мұнда  жоқ  «алтын  иек, 
сары ала қыз» (I, 96).
Бұлардың  бірқатарында  біреудің  қылығын,  мінезін  сипат-
тайтын  етістік,  одағайлар  объекті  болған.  Мысалы,  дарқан, 
қолсыз  мырза  інісі  Оспанның  осы  қасиетін  оның  аузынан 

167
шықты  деген  ала  бер,  келе  гөр  сөздерімен  бейнелеп,  осы 
етістіктерді субстантивтендіреді. «Өй, Тәңір-ай», «жау мұнда» 
деген өзге адамдардың сөздері де объекті болып, образды суб-
стантивтер жасап тұр. Ал «Әзірет Әлі, айдаһар, алтын иек сары 
ала қыздар» – сол кездегі ислам діні пайғамбарлары мен саха-
баларын дәріптейтін қиссалардың объектілері.
Белгілі  бір  грамматикалық  единицаларды  (тіркестер, 
сөйлемдер) объект етіп алып, зат есім орнында қолдану – ауыз 
әдебиеті тілінде де, Абайға дейінгі не тұстас өзге қаламгерлерде 
де өрістемеген тәсіл. Абай бұл тәсілді тек өлеңдерінде емес, 
прозасында  да  қолданады:  Мұның  бәрі  төрт  аяқты  малды 
көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан... (II, 159).
Бұны  әуелде  ауызекі  сөйлеу  тіліне  тән  құбылыс  деп  ой-
лаймыз.  Объекті  (төл  сөз)  мен  автор  сөзінің  ортасындағы  де 
дәнекері  түсіріліп  айтылуы  –  тілдегі  үнемдеу  принципінің 
бірі. Абай осы амалды әдеби тілгс норма етіп енгізеді. Әсіресе 
поэзияда  да  дәнекерінсіз  объектінің  өзін  тікелей  заттанды-
ру,  бір  жағынан,  айтылған  ойға  белгілі  бір  эмоциялық  реңк 
беріп тұрады. Бұлар – әрине, лексикалық неологизмдер емес, 
сондықтан жеке жаңа сөздер деп танылмайды.
Белгілі  бір  жазушы  тіліндегі  субстантивтену  арқылы  пай-
да болған жаңа сөздерді талдағанда мәселеге екі-үш тұрғыдан 
қарау керек тәрізді. Ең алдымен, жазушының өзі қолданған суб-
стантивтер болады. Бірақ олардың бәрі кейін жалпыхалықтық 
тілде зат есім категориясына ауысып, таза субстантив сөздер бо-
лып шықпайды. Екінші – жазушы өз тұсында жалпыхалықтық 
тілге енген субстантивтік неологизмдерді пайдаланады. Мыса-
лы,  Абай  тіліндегі  пысық,  қу,  атқамінер,  атарман  сөздері  – 
осындай заттық ұғым беріп кеткенсын есім, есімше тұлғалар. 
Бұлар  –  таза  субстантивтенген  сөздер.  Абай  оларды  халық 
тілінен, өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен алып пайдаланған.
Абай  тілінде  зат  есім  орнына  қолданылған  сөздер  таза 
тілдік неологизмдер қатарына қосылмайды. Бұлардың ішінде 
әлеуметтік топтарды жинақтап, дәл атаған аларман тұлғасын 
және  заттық  ұғымда  өте  жиі  қолданылғанына  қарай  білімді, 
талапты деген сын есімдерді ғана зат есім категориясына ай-
нала түскен деп санауға болар.

168
* * *
Сөйтіп,  Абай  шығармалары  тіліндегі  негізі  төл  сөзден 
болған  неологизмдер,  көбінесе  үш  түрлі  тәсілмен  жасалған. 
Олардың  ішінде  басты,  өнімді  тәсіл  –  жұрнақ  арқылы 
жаңа  сөз  жасау.  Бұл  амалмен  Абай  көбінесе  жаңа  абстракт 
ұғымдардың атауын жасаған. Жаңа абстрактік атаулар әсіресе 
прозасының тілінде көптеп енгізілген. Ұқсату, балау мәндегі 
-сы жұрнақты сөздерді саны мен қолданылу жиілігі жағынан 
Абай  лексикасының  индивидуалдық  ерекшеліктерінің  біріне 
жатқызуға  болады.  Бұл  ерекшелік  Абай  шығармаларының 
тематиқасы мен мазмұнынан туған.
Сөз мағынасын жаңғырту аса өнімді тәсіл болмаса да, Абай 
лексикасына ондаған жаңа сөздің қосылуына себепкер болған.
Жаңа сөз енгізудің өзге тәсілдері Абай тілінде өріс алмаған. 
Екі  түбірді  біріктіру  арқылы  жаңа  сөз  жасау  қазақ  тілінде 
бар  тәсіл  болғанмен,  бұл  амалмен  Абайдың  өзі  жасаған 
неологизмдерді  жеке  топқа  бөліп  талдай  алмадық,  өйткені 
Абай тіліндегі атқа мінгендер, елубасы, атшабар тәрізді не-
ологизмдер – Абайдың өзінің емес, заманының туындылары. 
Сірә, бұл сөздер, о баста халықтың сөйлеу тілінде пайда болып, 
әдеби тілге халық тілінен алынған болу керек. Өйткені олар-
ды ХІХ ғасырдың ІI жартысындағы ақындардың, баспасөздің, 
сөздіктердің,  Ыбырайдың,  Абайдың  –  барлығының  тілінен 
қатар  кездестіреміз.  Өзгелерден  әзірге  ұшыратпаған  тілхат 
(Көңіл  аулап  сөз  айтар  Арадағы  тілхатым  –  I,  20),  қолөнер 
(қолөнер үйренбек керек – II, 188: адал еңбегін сатқан қолөнерлі– 
II, 189), тәнсаулық (Бермей ме Алласы Тәнсаулық қалқама – I, 
165) тәрізді бірді-екілі сөзді де тап басып Абай неологизмдері 
деуден тартынып отырмыз. Осыларға қарап, Абай екі түбірді 
қатар қолданып, бір ұғымды білдіру тәсілін көп пайдаланбаған 
деп табамыз.
Қандай тәсілмен жасалса да, Абай шығармалары лексика-
сында  тілдік  те,  стилистік  те  неологизмдердің  айтарлықтай 
пайда  болуына  бірнеше  факт  себеп  болған.  Басты  себеп  – 
Абай  шығармаларының  тақырыбы  мен  мазмұны.  Абай  сөз 
еткен  жаңа  объектілер  жаңа  атауларды  қажет  етті.  Өмір  мен 
дүние  құбылыстарына  өзінше  қарап,  толғану  кейбір  әрекет-
қимылдарды жаңаша тануға, демек, етістіктердің жаңа тұлға- 

169
ларын  жасауға  (қайраттысу,  әсемсу,  сәнсу,  қалжыңшылсу, 
серкесу)  мәжбүр  етті.  Лексикасына  жаңа  сөздерді  қосуға 
екінші себеп болған – аударма ісі. Оның ішінде орыс поэзия-
сынан аударған шығармалары едәуір жаңа ұғымдарды, демек, 
жаңа сөздерді алып келді. Үшінші себеп – проза жанрын жа-
сауы. Абай прозасы – ғылыми, публицистикалық стильдердің 
үлгісі болғандықтан, осы стильдерге қажет кейбір ғылыми ата-
уларды  (дінге,  философияға,  психологияға  қатысты  абстракт 
ұғым  аттарын)  енгізу  қажеттігі  туды.  Абайдың  стилистік 
неологизмдерді молынан пайдаланған саласы – «Қара сөздері».
Абай лексикасындағы сөздердің тематикалық 
сериялары
Қоғам  өмірімен  етене  қабысқан  тіл  –  сөйлеу  тәжірибесі, 
оның лексикасы сол қоғамның тыныс-тіршілігіне орай әр алу-
ан тематикалық серияларға бөлініп, бірқатарының мағыналары 
өзгеріп,  енді  бірсыпырасы  тұрақталып,  терминделіп  жатады. 
Қысқасы,  лексиканың  белгілі  бір  топтары  сол  қоғамның  сол 
дәуірдегі мазмұн-мәнін көрсететіндей дәрежеде қызмет етеді. 
«Бұл  процеске  жалпы  халықтың  сөйлеу  тәжірибесімен  қоса, 
қалам қайраткерлері де, өзге жазу үлгілері де қатысады. Әсіресе 
сөздердің терминделуі, активтенуі, мағына жаңғыртуы, мағына 
айқындауы тәрізді құбылыстарға Абай сияқты ірі-ірі жазушы-
лар тілі тікелей араласады.
Сондықтан  біз  Абай  лексикасындағы  кейбір  сөз  топта-
рын  бірнеше  серияға  бөліп  талдамақпыз.  Олар:  1)  қоғамның 
әлеуметтік  құрылысы  мен  әкімшілік  системасына;  2)  сот-заң 
істеріне; 3) сауда-саттыққа; 4) азаматтық сипаттағы оқу-ағарту 
мен ғылым-білімге қатысты лексика топтары.
Әрине,  белгілі  бір  тілдің  немесе  жеке  бір  жазушының 
сөздік құрамы тақырыбы жағынан тек осы төрт серияға ғана 
бөлінбейтіндігі белгілі. Біз материалымыздың ыңғайына қарай 
осы  төртеуін  ғана  алдық,  яғни  өткен  ғасырдағы  қазақтың 
жалпыхалықтық тілінің болсын, көркем әдеби тілінің болсын 
лексикалық  байлығына  айтарлықтай  өзгерістер  енгізіп,  ізін 
салған  салалардың  (тематиқалардың)  ең  бастылары  –  осы-
лар.  Бұларды  талдағанда  негізгі  назарымызды  сол  өзгеріс-

170
жаңалықтарға аударамыз, сондықтан осы серияларға жататын 
күллі сөздерді тіркеп шығу міндетін алмаймыз. Оның өзінде де 
Абай шығармаларының текстінде барларын ғана талдаймыз.
Осы талдаулар арқылы жоғарғы аталған төрт саладан бірқа- 
тар  сөздердің  мағыналарындағы  өзгерістерді,  бірсыпырасы- 
ның тіл тәжірибесінен шыға бастау немесе активтеніп, тұрақ- 
тана  бастауын,  едәуір  сөздердің  терминге  айналу  процесін 
көрсетуді көздедік. Және бұл құбылыстардың тек Абай тіліндегі 
емес, сол тұстағы жалпы қазақ әдеби тіліндегі күй-қалпы мен 
сыр-сипатын суреттеуді ойладық. Сондықтан бұдан бұрын сөз 
болған кейбір объектілер (сөздер) енді басқа тұрғыдан тағы да 
кездесуі мүмкін.
Қоғамның әлеуметтік құрылысы мен әкімшілік 
системасына қатысты сөздер
ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысында  қазақ  даласында  коғам 
құрылымы  (структурасы)  өзгергенін  жоғарыда  айтып  өттік. 
Сөз  етіп  отырған  дәуірде  хандықөкімет  билігі  мүлде  жойыл- 
ған  болатын.  Сондықтан  бұл  кезеңде  хандыққа  байланысты 
сөздер  лексикадан  орын  алғанмен,  не  өткен  дәуірлерді  су-
реттеу үшін немесе образ жасау үшін қолданылып, көнерген 
элементтерге  айнала  бастайды.  Абайда  хан  сөзі  «Біраз  сөз 
қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихты баяндайтын 
шығармасы  мен  сюжеті  өткен  тарихтан  (ертегі-аңыздардан) 
алынған өлең-поэмаларында кездеседі.
Қазақ  қоғамындағы  құлдық  институт  өткен  ғасырдың 
50-жылдарында ғана жойылған болатын, құлдар тәуелді шару-
алар тобына қосылған-ды»
137
. Сондықтан бұл кезде құлдыққа 
қатысты  жеке  сөздер  (құл,  күң  және  олардың  дублеттері) 
мен сөз тіркестері тілде әлі де актив қолданылғанын көреміз. 
Бұрыннан  келе  жатқан  мақал-мәтелдермен
138
  қатар,  құл, 
137
  Бекмаханов  Е.  Б.  Присоединение  Казахстана  к  России.  -  М.,  1957.  -  С.  145; 
Зиманов С. Общественный строй казахов I пол. XIX в. - Алма- Ата, 1958. - С. 267-273.
138
    Бұл  институттың  қоғам  тарихында  белгілі  орын  алғанын  соның  ізі  болып 
тілде сақталып қалған қыруар фразалар мен мақал-мәтелдерден көреміз: Аталы құл – 
қожалы құл; құла арғымақ мінсе де, құлдың аты – құл-ды, құба шекпен кисе де, ұлдың 
аты – ұл-ды; жібекті сақтай алмасаң жүн болады, қызды асырай алмасаң күң болады; 
құл табан; құлақ кесті құл т.т.

171
күң  сөздерін  өздерінің  тура  мағынасында  Абай  тілінен  де, 
тұстастарынан да табамыз: ...Біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз 
(II, 159). Азат басың болсын құл, Қолдан келмес іске ұмтыл (II, 
129). Айраншы шешең күң деп естуші едім, Түпсіз құл емес пе 
едің бауыры тақыр (Шөже, 124). Болмаса өнер бойында қораш 
құл боп өтсем деп (Дулат, 77).
Дегенмен бұл кезде оның ішінде Абайда құл (күң) сөзінің 
бұрыннан келе жатқан «пенде, адам» деген ауыспалы мағынада 
қолданылуы  басымырақ:  Мұны  жазған  білген  құл  Ғұламаһи 
Дауани  (I,  46).  Бермеген  құлға  қайтесің,  Жұлынарлық  ерікті 
(I, 186). Осы ретте Құдайдың құлы, Алланың сүйген құлы де-
ген тіркестер де қолданылады: ...Алланың сүйген құлының бірі 
боласың (II, 193).
Талдап  отырған  дәуірде  құлдар  саяси  право  (азаттық) 
алғанмен,  экономикалық  тұрмыс  жағынан  ең  бір  тәуелді, 
әлеуметтік  топ  болып  қала  бергендіктен,  құл,  күң,  құлдық 
сөздерінің  «жалшы,  есіктегі  қызметші»  мағынасы  пайда  бо-
лып,  қатар  жүргенге  ұқсайды.  Мұны  біз  өткен  ғасырдың  II 
жартысындағы сөздіктерден аңғарамыз. 1878 жылғы сөздікте: 
күң –служанка, рабыня (другой нации), құлдық – рабство, слу-
га, преданность (Спутник.... 1878) деп аударылған. Ал 1883, 
1897, 1900 жылғы сөздіктерде бұл сөздер енбей қалған (сірә, 
актив қолданылудан шығып қалған элементтер деп танылған 
болу керек).
Хан  немесе  сұлтан  тұқымы  қазақша  көбінесе  төре  деп 
аталған. Ақсүйек категориясына жататын бұл әлеуметтік топ 
өткен  ғасырдың  I  жартысында-ақ  өздерінің  бұрынғы  саяси 
билігі мен әлеуметтік салмағын заң жүзінде де, іс жүзінде де 
жоғалтқан  болатын.  Бірақ  төре  семьяларына  (ұрпақтарына) 
жататын  адамдар  өмір  сүріп  келе  жатқандықтан,  олардың 
атаулары да өзгермей, төре деп қала бергенін көреміз. Абай-
да:  Қазақтың  төре  нәсілдері  біз  татармыз  деп  айтысады  (II, 
221).  Онан  соңғы  біздің  ханымыз,  төреміз  –  бәрі    де  Жошы 
нәсілінен бола келген (II, 224). Бұл мағынадағы төре сөзінің 
дублеті  ақ  сүйек  тіркесі.  Айырмасы:  ақ  сүйек  –  белгілі  бір 
әлеуметтік  топтың  жалпы  аты  тәрізді  де  төре  –  сол  топтың 
жеке уәкілдеріне берілген титул есепті. Төре сөзінің ақ сүйек 

172
терминімен мағыналас екенін ақ сүйек – қарасүйек, төре – қара 
деген  параллельдердің  қолданылуынан  да  аңғаруға  болады. 
Ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін: Қара мен төре таласып, 
формына қарасып («Қамбар», 1957. 40) немесе: Төре емеспін, 
қарамын деген сөйлемдерге қарағанда төре терминінің анто-
ним формасы қара сөзі екенін аңғарамыз. Бұл жердегі қара – 
«халық, бұқара» мағынасында емес, тек қара «нәсілі төре емес, 
ақ сүйек емес» деген мағынада. Төре сөзінің бұл – 1-мағынасы. 
Бұл  мағынаны  1900  жылғы  Лаптевтің  сөздігі  айқын  білді- 
реді: төре – сын хана или султана, не вступивший или не вы-
бранный еще в кақую-нибудь должность, и вообще потомки 
прежних ханов, которые у нас титулуются солтанами.
Абай заманында бұл сөздің басқа да мағыналары болған.
Төре сөзі патша үкіметінің әкімшілік және әскери мекеме- 
лерінің  қызметкерлерін  атауға  пайдаланылған.  Абайда  осы 
мәнде жұмсайды. Баласы Әбдірахман туралы өлеңінде ақын: 
Төре  болдың,  бас  болдың  –Көкірегінді  кермедің  (I,  184). 
Түрленіп төре болдым деп, Есерленіп шатпаған (I, 185) дейді. 
Мұндағы төре – үкіметтің әскери мекемесінде қызмет етуші 
адам.
Ыбырай  төре  сөзін  «чиновник,  служащий»  мағынасында 
да, «господин» мағынасында да қолданады: ...Бір төре өзінің 
баласымен  бақшаға  барып...  (Алтынсарин,  1879.  5).  Бір  күн 
ұста  мырзаға  айтты:  «Төрем,  қарап  тұрғанша  шеге  соғуды 
үйренсеңші» (Сонда, 36). Демек, төре сөзінің «ел билеуші әкім, 
чиновник»  деген  екінші  жаңа  мағынасының  үстіне  осыдан 
шыққан  үшінші  мағынасы  және  пайда  болған.  Ол  орыстың  
«барин,  господин»  деген  сөздерінің  баламасы  ретінде  қолда- 
нылуы.  Мұны  да  өткен  ғасыр  сөздіктері  регистрациялаған: 
төре – боярин, султан, господин (Букин, 1883); төре – барин, 
господин,  офицер  (Лаптев,  1900).  Ал  төре  сөзінің  төртінші 
және бұрыннан келе жатқан мағынасы – билік, бидің шешімі, 
кесімі».
Абай  төре  сөзін  «хан  тұқымы»  және  орыс  администра- 
циясының  чиновнигі,  әкім  мағыналарында  қолдана  отырып, 
оны бір нәрсенің «ең үлкені, жақсысы» деген ауыспалы мағы- 
насында  да  келтіреді:  Құс  төресі  біздерге  Сіз  боларсыз  бір 
күні (II, 136).

173
Билеуші  топқа  жататын  феодалдардың  белгілі  бір  әкімші- 
лікті атқаратындарының атауы болған аға сұлтан сөзі өткен 
ғасырдың  II  жартысында  актив  қордан  шыға  бастағаны 
байқалады,  өйткені  1822  жылғы  устав  бойынша  енгізілген 
аға  сұлтан  лауазымы  1867  -1868  жылғы  реформа  бойынша 
жойылғаны мәлім. Абай сұлтан сөзін ауыспалы мағынадағы 
(«әмірші,  басшы»)  төре-нің  синонимі  ретінде  бірер  жерде 
қолданған: (Адам баласын Құдай тағала мұнша салахият иесі 
қылғаны  хикметпенен  өзге  қайуанға  сұлтан  қылғандығына 
дәлел емес пе (II, 183).
Қазақ қоғамындағы басты феодал табының атауы – бай.Бұл 
да – сөз етіп отырған дәуірде көп мағыналы сөз. Бір нәрсеге 
молдықты, барлықты білдіретін сын есімдік мәні мен «әйелдің 
күйеуі» деген мағынасын былай қойғандабай сөзі  бұл кезде 
актив әлеуметтік термин. Бұрынғыша қоғамдағы үстем феодал 
тапты,  қазақ  экономиқасының  негізгі  байлықтары  –  мал  мен 
жердің иесін білдіретін атау. Бірақ бұл кезде бай – тек мал (және 
жер) иесі емес, сонымен қатар саудамен, ақша капиталымен, 
тіпті кейбіреулері өнеркәсіп иелігімен айналыса бастағандар. 
Демек, бұл кезеңде көркем әдебиетте, әсіресе Абай тілінде бай 
сөзінің әлеуметтік тапты білдіретін терминдік мәні айқындала 
түседі  де  қарама-қарсы  тап  атауы  –  кедей  (жарлы)  сөзімен 
қатарласа  қолданылады:  Бай  кедейді  көрмейді  (Шортанбай, 
156). Біреу бай болса, біреу кедей болса (II, 184).
Қоғам  құрылымындағы  үлкен  өзгерістер  еңбекші  шаруа-
лар  табында  болды.  Қазақстанның  экономикасында  болған 
өзгерістерге  сай,  еңбекші  бұқараны  қараудың  жаңа  түрлері 
пайда  болды.  Бұрын  қазақ  қоғамында  болмаған  жалдама 
еңбек  тәрізді  түрлері  бірте-бірте  көріне  бастады.  Шаруа-
лар  өз  ішінен  айқын  дифференциациялана  бастады.  Осыған 
сай  бір  таптың  өз  ішінде  дараланып  көріне  бастаған  жеке 
топтарының әрқайсысының өзінше аталу қажеттігі туды. Енді 
бұрынғыдай барлығын да кедей және жарлы сөздерімен атай 
салуды тіл практикасы азсынғаны байқалады. Сондықтан XIX 
ғасырдың  II  жартысындағы  шаруалардың  кедей,  жарлы  де-
ген атауларымен қатар, шаруа, қоңсы, жатақ, жалшы деген 

174
айырым  атаулары  қолданылып,  олардың  өзі  терминдік  мән 
алады. Бұлардың барлығы да – әрине, бұрыннан (ең кемінде 
XIX  ғасырдың  басынан  бастап)  қазақ  лексикасында  бар 
сөздер, бірақ олардың лексикалық мағынасы әрқашан бірдей 
болған  емес.  Шаруалардың  бір  бөлегі  соншама  кедейленіп, 
экономикалық  күйі  жағынан  өз  дербестігін  жояды,  яғни 
көшер көлік, сауар мал, сатар қарасы мүлде болмағандықтан, 
байларға толық экономикалық тәуелді топқа айналады. Міне, 
осылар тілде қоңсы деген атауға ие болады
139
. Ал бұрынырақ 
бұл іспеттес жағдайдағы топ қазақ тілінде байғұс деп аталғаны 
байқалады. Осы ретте байғұс (қоңсы) пен қарашы категорияла-
ры аналогиялас: қарашы
140
 – ханды қоршаған, соның шаруасын 
шаруалап,  қызметін  еткен,  экономикалық  жағынан  басы  бос 
қоғамдық  топ  (саяси-праволық  және  экономикалық  жағынан 
толық тәуелділер – құлдар ғой).
Өткен  ғасырлардағы  қазақ  қоғамы  тарихын  зерттеуші  ма-
ман С.Толыбеков: «Хараши... дворовые люди у ханов, которые 
вербовались ханами из «хара қалық» – простонародья... Сло-
вами «хан» и «хараши» в те отдаленные времена обобщенно 
называли  представителей  двух  крайних  антагонистических 
социальных групп в казахском обществе, которые находились 
между собой в отношениях господства и подчинения, эксплу-
ататоров и эксплуатируемых», – деп көрсетеді
141
. Сондықтан 
да  қарашы  сөзі  хан  сөзімен  қатар  жүреді  (бұл  сөз  хандық 
дәуірдегі  әдебиетпен  мақал-мәтелдерде  молырақ  сақталған): 
«Хан – қазық, қарашы – азық», «Хан қасында қарашың бол-
са,  қара  жерден  кемең  жүрер»,  «Ханды  Құдай  алайын  десе, 
қарашысымен  қас  болар»,  «Ханның  ісі  қарашыға  да  түседі» 
деген  мақалдардан  қарашы  сөзінің  жоғарғы  мағынасын 
139
 Орыс тіліндегі ғылыми әдебиетте бұларды байғуши деп атайды.
140
 Тарихтық әдебиетте бұл сөздің түп төркіні «қара көбейту, қара болу» немесе 
«қараша үй» деген екі мағынаның біреуімен байланысты болу керек деген жорамал 
бар.  Бірінші  этимологияға  жүгінсек,  бұл  сөз  таптық  жіктелу  мағынасын  бермей, 
«компаньон»,  «сообщник»  дегенді  білдіреді  де    екінші  этимологияны  қостасақ,  
қараша үй монғолдардың «курені» тәрізді экономикалық-әлеуметтік жағынан тәуелді 
жақтың  атауын  білдіреді  дегенді  оқимыз.  Толыбеков  С.  О  некоторых  вопросах 
экономики дореволюционного кочевого аула казахов // Вестник АН КазССР. - 1951. 
- № 8.- С. 70-71.
141
Толыбеков С. Е. Көрсетілген мақала. - 71-6.

175
айқын тануға болады. Ал қарашылардың құлдардай емес, бас 
бостандығы  өзінде  екенін  Бұқардың  «Уақытыңыз  толғанда, 
Қарашың  қашар  қасыңнан»  (Бұқар,  46),  Махамбеттің  «Жай-
қоныстан айрылып Біз бір қаңғып жүрген қарашы» (Махамбет, 
112) деген жолдарынан көреміз. Өткен ғасырдағы қазақ лекси-
касын регистрациялаушылар бұл сөзді «подвластный, поддан-
ный» деп түсіндіреді (Ильминский, 172; Кирг.-русск. сл. 1897). 
Бұл,  әрине,  дәл  емес;  белгілі  бір  хандықтың,  патшалықтың 
қоластындағылардың  баршасы  қарашы  деп  аталмаған  (сірә, 
бұл  ұғымды  ертеректе  байтақ,  кейіннен  жұрт,  ел,  ал  орыс 
патшалығына  қараған  соң  бодан  сөздері  берген  болу  керек), 
олардың  ішінде  тікелей  хан  үйінің  шаруасын  атқарып,  көш-
қонына ортақтасып жүретін «подданныйлар» ғана қарашылар 
болса керек. Кейінірек феодалдық қоғам топтары айқындалып, 
оның  ішінде  ең  басты  билеуші  тап  –  байлар  экономикалық 
жағынан хан үйлерінен кем түспейтін дәрежеде күшейген кез-
де, енді байлардың да айналасында қарашы тәрізді әлеуметтік 
топтар пайда болады. Міне, осылар бір кезде, ертеректе, байғұс 
деп те аталса керек. Салыстыр: «Өтермеден кетер ме, Жарлы 
менен байғұстар» (Бұқар, 41), «Бай кісі мен байғұсты, Бәрін 
бірдей  тең  көрген»    (Тұрмыс-салт  өлеңі).  Байғұс  сөзінің  бұл 
мағынасы  «Ханның  ісі  қарашыға  түсер,  байдың  ісі  байғұсқа 
түсер»  (Катанов,  15)  деген  мақалдан  тіпті  айқын  байқалады. 
Байғұс  сөзінің  осы  мағынасы  Абайда  да  бірер  жерде  анық 
берілген:  «Бай  байғұсым  десін  деп»  (I,  50).  Бірақ  көпшілік 
жағдайда Абай тілінде және оның тұстастарында байғұс сөзі 
аяушылық,  кекетушілік  реңкі  бар  «бейшара,  мүсәпір»  деген 
сөздердің синонимі ретінде келеді: Бағанағы байғұс шал (I. 50). 
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың (І, 31).
Байғұс  сөзінің  қоңсы  сөзімен  синонимдік  қызметі  өткен 
ғасырда  жойыла  қоймағанын  сол  кездегі  сөздіктерден  де 
байқаймыз.  Әрине,  XIX  ғасырдағы  қазақ  сөздіктерінде  бұл 
тәрізді терминдік мәндегі сөздердің мағынасы дәл және түбе- 
гейлеп ашып көрсетілмеген, сондықтан байғұс сөзін «бедняк, 
бедный, бедняжка (с оттенком сожаления и участия), несчаст-
ный» деп аударады (қазіргі әдеби нормамызда байғұс сөзінің 
соңғы  «бедняжка,  несчастный»  мағыналары  қалыптасып 
орныққан да, «бедняк, бедный» ұғымдары жойылған).

176
Абай тұсында байғұс атауымен параллель қоңсы атауы жиі 
қолданылып, алдыңғы сөзді бірте-бірте ығыстыра бастайды да 
(оған «бедняжка, несчастный» деген мағыналарды қалдырады 
да)  өзі  әлеуметтік  термин  ретінде  қалыптасуға  бет  алады. 
Қоңсы сөзін Ильминский «человек, живущий в чьем ауле под 
покровительством» (183) деп көрсетсе, А.Старчевский де осы-
ны қайталап береді («Спутник...» 1878), 1897 жылғы қазақша-
орысша  сөздік  айқындаңқырап:  қоңсы  –  рабочее  семейство, 
расположившееся  около  богатого,  которому  работает  деп 
береді. Қоңсылардың өткен ғасырда әсіресе әлеуметтік сипа-
ты айқындалып, өздері қаналушы бұқара ішіндегі белгілі бір 
топқа  айналғанын  және  олардың  басы  бос,  яғни  өзі  қызмет 
етіп  жүрген  байынан  көшіп  кетіп  қала  алатынын,  бірақ 
шаруашылық  жағынан  тәуелді  екенін  ауыз  әдебиеті  де,  сол 
кездегі көркем әдебиет те, оның ішінде Абай тілі де көрсетеді: 
«Байдың бағы таярда, Қасынан қоңсы қозғалар» (Базар, 249); 
«Отты  түртсең,  өшірерсің,  Қоңсыны  кеулесең,  көшірерсің» 
(Мақал);  «Жаман  атқа  жал  бітсе,  жанына  торсық  байлатпас, 
Жаман  кісіге  мал  бітсе,  жанына  қоңсы  қондырмас»  (Мақал). 
Тегі, бұл мысалдардың барлығында да қоңсы сөзі көшу, қону 
сөздерімен  бірге  қолданылғанына  қарағанда,  қоңсылардың 
алдымен өзі тәуелді үйімен бір ауыл құрап, қоныстас болып, 
соны сағалау (яғни өзінде жоқ көш-қон көлік пен сауар мал-
ды сол байдан алу) сипаты көзге түседі. Тарихшы-экономист 
мамандардың айтуына қарағанда, о баста қоңсы деп, қонысы, 
яғни жайылымы мен көші-қоны ортақ қауымдарды атаған. Және 
ол  қоңсылардың  (компоненттердің)  экономикалық  жағынан 
біреуі екіншісіне тәуелді болуы шарт емес болған. Қоңсының 
шаруашылық  жағынан  байға  қарама-қарсы  топқа  айналуы 
кейіннен,  қоғамның  таптық  жіктелуі  күшейіп,  шаруалардың 
кедейлене түсу процесіне байланысты пайда болған
142
.
Ат  баймен  бірге  көшіп-қонбай,  бірақ  белгілі  бір  мау-
сымда  (кейде  тіпті  жыл  бойына)  соның  қызметін  атқаратын 
әлеуметтік  топ  –  қоңсылардан  өзгешеленіп,  басқаша  атала-
ды.  Шаруасы  жағынан  дербестігі  жойылмаған  (яғни  жалғыз-
жарым болса да сауар малы, бірер көлігі бар), бірақ қоңсылар 
142 
Сонда, 72-6.

177
тәрізді,  кедейленіп,  күнкөрістің  қосымша  түрлерін  іздестіре 
бастаған  кедейлер  (жарлылар)  тобы
143
  айқындалып,  қоғам 
құрылымына кіреді. Қазақ байлары шаруашылығында жалда-
ма еңбек категориясының пайда болуымен байланысты туған 
бұл  жаңа  әлеуметтік  топтың  тілдегі  атауы  жалшы  сөзі  бол-
ды. Жалшы неологизмі – жалпы атау. Байға жалданып, оның 
жұмысын белгілі бір маусымда ғана атқаруға немесе жыл бой-
ына тұрақтанып жалдануына қарай және де атқаратын жұмыс 
сипатына орай жалшылардың өзі малай, қызметші, бақташы, 
орақшы,  науқаншы  т.б.  деп  атала  бастайды.  Мамандардың 
зерттеулеріне қарағанда, ауыл шаруашылығындағы бұл жалда-
ма жұмысшылар тобы өткен ғасырдың I жартысында әлі мар-
дымсыз түрде болғанмен, II жартысында етек алып, сол тұстағы 
Қазақстан экономикасын сипаттайтын ерекшеліктердің біріне 
айналады
144
.
Қоғамның экономикалық өміріндегі бұл жаңалықтар әдеби 
тілде,  оның  ішінде  Абай  тілінде  көрінбей  қалмады.  Жалшы 
сөзі Абайда ең алдымен жалпы атау ретінде қолданылған: «...
Біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз» (II, 159); «Бай ұлына 
жалшы  ұлы  жалынышты»  (I,  72);  «Байда  мейір,  жалшыда 
бейіл де жоқ» (I, 73). Бұл сөйлемдердегі жалшы сөзіне қарап, 
жалданып күн көрушілердің нақтылы қай түрі туралы әңгіме 
болып  отырғанын  аңғару  қиын,  мұндағы  жалшы  –  әйтеуір 
жалдама  еңбек  адамы,  экономикалық  тәуелді  топ,  қаналушы 
шаруа.  Абай  жалшы  сөзін  аударма  шығармаларында  слу-
га деген жалданушы топтың нақтылы бір түрін атау үшін де 
пайдаланған: «Бір жалшы келді есікке қалт-құлт етіп» (II, 154) 
Слуги вышли с фонарями (Лермонтов, IV, 87). «Қошеметтің 
жөні деп қос жалшысы» (II, 153) – Слуги подхватили шутку 
(Лермонтов,  IV,  186).  Бірақ  слуга  сөзінің  баламасы  ретіндегі 
жалшы сөзі – тұрақты норма емес, бұл мағынада Абайда ма-
лай, қызметші кісі сөздеріде пайдаланылған: «Екі малай арты-
нан ертіп алған» (II, 152) – Двое слуг следовали за ним (Лер-
монтов, IV, 185). «Боласың ба қызметші менің кісім» (II, 153) 
– Хочешь ли быть моим слугою (Лермонтов, IV, 186). Үй ішінің 
143
 Зиманов С. Общественный строй казахов I пол. XIX в. - Алма-Ата, 1958. - С. 
287-251.
144
 Бекмаханов Е. Көрсетілген еңбек. - 184-б.

178
жинап-жуу тәрізді ұсақ-түйек жұмыстарын атқарушы жалшы-
ны (лакей, служитель, слуга) малай, қызметші деп атау тен-
денциясы, ал қора-қопсы немесе басқа да сыртқы шаруаларды 
атқарушы жалшыны (работник) жұмыскер деп атау тенден-
циясы  басталғаны  байқалады.  Бірақ  сол  кездегі  сөздіктерде, 
Ыбырай шығармаларында, тіпті Абайда да бұлар әлі орнықпай, 
бірінің  орнына  бірі  беріліп  немесе  параллель  көрсетілгеніне 
қарағанда, жалшының жеке түрлерінің атаулары Абай тұсында 
әлі нақтыланып, дараланып нормаланбаған деп табамыз. Мы-
салы,  И.Букин  сөздігінде  лакей  –  қызметші,  шоры;  работ-
ник  –  жұмыскер,  малай;  қызметші  –  лакей,  служитель  деп 
берілген.  Ыбырай  слуга  ұғымын  жұмыскер  сөзімен  береді: 
Бай  жұмыскеріне  ұрсып  тұр  екен  (Алтынсарин,  1879.  47). 
Сонда қазы ыза болып, ұшып тұрып, жұмыскерлерін шақырып 
бұйырды (Сонда. 43). Букин сөздігінде жалдама еңбек етушінің 
бір түрі поденщик дегеннің күндікші деген атауының көрсетілуі 
өте  қызғылықты.  Ең  алдымен,  өткен  ғасырдағы  әлеуметтік 
лексика саласында калька арқылы жаңа сөз жасау тәсілінің туа 
бастағанын танытса, екіншіден, күндікші сөзінің халық тілінде 
қолданылғанын  білдіреді  (бірақ  сол  тұстағы  көркем  әдебиет 
тілінде, оның ішінде Абай тілінде де, бұл термин кездеспейді).
Жалшы  зат  есімімен  қатар,  жал  түбірінен  туған  жал-
дау, жалға жүру сөздері де осы тұста, әсіресе, Абай тілінде 
активтенеді: Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап, 
еңбекпенен мал тап деген сөз болса... (II, 185). Жалға жүр, жат 
жерге кет, мал тауып кел (I, 174).
Қазақ  қауымының  әлеуметтік  структурасында  әңгіме  етіп 
отырған кезеңде бой көрсеткен топтың бірі – жатақтар. Жатақ 
сөзі – XIX ғасырдың өн бойына бір ғана мағынаны тапжыл-
мастан білдіріп келген сөз емес. Жатақ деп аталған қоғамдық 
категорияның  әлеуметтік  күйінің  (мәні,  болмысы)  өзгеріп 
отырғанына  орай,  жатақ  сөзінің  де  мағынасы  құбылып 
отырған.  О  баста  (кейін  де)  сірә,  жатақ  деп  көш-қон  көлігі 
жоқ болғандықтан, коллективпен бірге жайлауға шыға алмай, 
қыстауда қалып қойған кедейлер тобы аталса керек: Кедейің 
қайтіп күн көрер, Жаз жатақта жатқаны (Шортанбай, 156). 
Ал ХІХ ғасырдың І жартысында жатақ деген сөз қала-селолы 

179
жерлердің  маңынан  қоныс  теуіп,  отырықшыланған  шаруа-
лар тобын білдіре бастайды
145
. ХІХ ғасырдың ІI жартысында 
қазақ  қоғамының  таптық  дифференциациясы  күшеюіне  бай-
ланысты жатақтардың әлеуметтік өңі өзгереді, яғни «өзінің 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  бойынша  жатақтар  – 
жаңа-жаңа пайда бола бастаған ауыл шаруашылық пролетари-
аты. Тіпті кейіннен өнеркәсіп пролетариатының бір бөлегі осы 
жатақтар арасынан шығады»
146
. Дегенмен жатақ сөзі Абай 
тұсында тек ең соңғы көрсетілген мағынада ғана қолданылады 
деп кесіп айтуға болмайды. Сөз жоқ, жатақтың басым, негізгі 
ұғымы «қалалар мен орыс поселкелерінің маңындағы әр алуан 
кәсіппен  айналысқан  отырықшы  қазақтар»  дегенді  білдіреді. 
Сондықтан да болу керек, А. Старчевский жатақ сөзін оседлый 
киргиз деп аударады («Спутник»... 1878). Кейбір зерттеушілерге 
қарағанда, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тек 
жоқ-жұқа кедейлер емес, кейбір ауқатты шаруалар да қала-село 
маңынан  тұрақты  қоныс  теуіп,  өз  шаруасын  базар  қажетіне 
өтеуге лайықтап жүргізе бастайды. Олардың бірқатары әр алу-
ан кәсіппен, кейбіреулері егіншілікпен, үшінші біреулері сау-
дамен айналысып, енді жатақтардың өз ішінен таптық жіктелу 
басталады.  Жатақтардың  ең  көп  өрбіген  жері  Семей  облысы 
болады. Сөйтіп, жатақ сөзінің о бастағы көшуге көлігі бол-
май, қыстауда «жатып» қалған ең сорлы кедей деген мағынасы 
ғасырдың соңына қарай айтарлықтай өзгереді
147
. Ал Абайдың 
«Зекет  жиып,  егін  сап,  Тойдырып  ғаріп,  жатақты»  (I,  186) 
дегендерінен де жатақ сөзінің егіншілік кәсібімен айналысқан 
отырықшы топ деген мағынасы аңғарылады.
Еңбекші бұқараның жоғарғы көрсетілген топтардан өзге бір 
бөлігі және болды. Олар – экономикалық жағынан байға толық 
тәуелді емес, бірер болса да көшер көлік, сауар малы барлар. 
Оларды тілде шаруа, кедей, кедей шаруа деп атаған.
Абай  бұл  топты  көбінесе  кедей  деп  береді:  Кедейдің  өзі 
жүрер малды бағып (I, 72). Қоғамның әлеуметтік топтарын са-
нап өтетін 8-сөзінде болыс, би, бай, ұры-залым, сұм, сұрқия, 
кедей  дегендерді  атайды  да  осы  соңғы  терминнің  образды 
145
 Зиманов С. Көрсетілген еңбек. - 251-б.
146
 Бекмаханов Е. Көрсетілген еңбек. - 187-188-б.
147
 Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане поел. четв. XIX и начала XX в. - 
Алма-Ата, 1963. - 159-163. 

180
дублеті ретінде қой жүнді қоңыршалар деген тіркесті келтіреді 
(II, 166). Әрине, коңырша сөзі әлеуметтік термин боп орныққан 
жоқ (және Абай оны термин ретінде қалыптастыру мақсатымен 
қолданған емес). Абайдың кедей деп отырғандарының бәрі – 
қой жүнді қоңыршалар емес, титығы құрып, жалшылыққа ке-
туге  аз-ақжетпей  жүргендер.  Мысалы,  Барында  баймын  деп 
мақтанады. Жоғында баяғыда мал бітіп еді деп мақтанады. Ке-
дей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі (II, 168).
Шаруа сөзінін кедей-дің дублеті ретінде қолданылуы Абай-
да сирек болса да бар. Шаруаның біреуі екеу болып, жаңа жол-
мен көбейіп дәулст өнер (1,123). Бірақ бұл жердегі шаруа сөзін 
кедей деген терминнен гөрі «шаруа баққан адам» деген жалпы-
лама ұғымда деп те түсінуге болады. Шаруа вариантының бұл 
мағынасы мына сөйлемде тіпті айқын: Қайын бардық, Қатын 
алдық, Енші тиді азғана. Шаруа атандық, Енді ойландық, Қала 
берді  бозбала  (I,  130).  Шаруа  сөзі  Абайда  әлеуметтік  топ, 
тап  атауы  ретіндегі  терминдік  мағынадан  гөрі,  шаруа  қылу, 
шаруаға үйрену тәрізді тіркестерде келіп немесе жеке тұрып, 
«күн көріс кәсібі, жұмыс» деген мағыналарда жиі қолданылған: 
Оралып  ешбір  шаруа  оңалмай  жүр  (I,  34);    Шаруаға  қыры 
жоқ (I, 59); Сыпайы жүр де шаруа ойла (I, 240); Осы бір ұры, 
бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді (II, 
169). Еш шаруа, өнерге үйрене алмай (II, 213). Бұл кезде шаруа 
сөзінің «кәсіп», «жұмыс» ұғымында жұмсалуы жалғыз Абайда 
емес, өзгелерде де басым болғанын байқаймыз. Мысалы, Ду-
латта шаруа жию, шаруа істеу тіркесі жиі кездеседі.
Кедей мен жарлы деген екі сөздің бұл тұста тағы бір қызметі 
болған.  Ол  –  қоғамдағы  қарама-қарсы  екі  таптың  біреуі- 
нің,  атап  айтсақ,  қаналушы  таптың  жалпы  атауын  білдіретін 
қызметі.  ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысында  хатқа  түскен  ауыз 
әдебиетті үлгілерінде бұл варианттар қатар жүреді. Мысалы, 
«Қамбар  батыр»  жырында  біресе  кедей,  біресе  жарлы  деп 
таза  дублет  ретінде  қолданылған.  Бас  герой  –  Қамбарды  ке-
дей деп те, жарлы деп те атай береді. Жалаң аяқ жарлының 
жүргені бізге жақындап. Қамбар ойлайды: «Мені жарлы деп 
шақырмады»;  «Кедейсің  деген  кісіге  қылмайды  батыр  намы-
сты. Ақ бетім менің солды ма, Кедейдің соры болды ма?» т.б.

181
Өткен ғасырдың өн бойындағы қазақ ақындарының шығар- 
маларында  да  бұл  екі  сөз  бірінің  орнына  бірі  талғаусыз 
қолданыла  береді:  Қу  таяқты  кедейге  Дәулет  бітпес  демеңіз 
(Бұқар, 34); Жарлыны жарлы демеңіз, Жарлы байға тең келіп 
(Бұқар, 33); Жарлы, кедей, жоқ, жатау (жұтау, жадау?), Қайтіп 
күнін  көреді  (Дулат,  67);  Күтімсіз  сол  кезекте  кедей  болсаң 
(Шал, 52). Дегенмен ғасырдың аяқ кезінде бұл екі сөзді ажы-
ратып,  біреуін  тұрақты  атау  (термин)  ретінде  қалыптастыру 
тенденциясы  болғаны  байқалады.  Мысалы,  сол  тұстағы 
сөздіктердің алғашқыларында (А.Старчевский, И.Букиндерде) 
кедейді  де,  жарлыны  да  «бедный,  бедняк,  нищий,  скудный» 
деп көрсетсе, 1897 жылғы сөздікте кедей – бедняк және бед-
ный; жарлы – бедный деп, біреуін зат есім (атау), біреуін сын 
есімге бағыштау әрекеті бар. Ал Ыбырай кедей сөзін көбірек 
алады: ... Бұлотыз үйлі кедейді (Алтынсарин, 1879, 37). Абай 
да  көбінесе  кедей  сөзін  қолданады:  ...Қайта  кедейдің  балала-
рын  орысқа  қорлап  берді  (II,  179);  Кедей  көп  болса,  ақысы 
кем болар еді.... (II, 159); Білім-ғылым кедейге керегі жоқтай-
ақ (II, 166). Абайдағы кедей сөзінің қоғамдағы қарама-қарсы 
екі  таптың  біреуінің  атауы  ретінде  қолданылатындығы  бай 
сөзімен қатар жүрген жерлерінде айқынырақ көрінеді: Бай ма-
лын бағып, кедей жоғын іздеп... (II, 169).
Абайда кедей сөзінің үшінші қызметі және бар. Ақын бұл 
сөзді  «нищий»  дегеннің  баламасы  ретінде  де  пайдаланады: 
Қуды  кет  деп  кедейді  әлгі  тұрған  (II,  153)  –  Оттолкнув  ни-
щих  (Лермонтов,  185);  Жаман  үйде  жалғыз  шал,  Өзі  кедей 
күңіренді (II, 124); Дорбаға кедей жабысты (ІІ, 125). Бұл соңғы 
екі  мысал  Крыловтың  «Бедный  богач»  деген  баснясынан 
аударған  өлеңінде.  Сірә,  бұл  мысалдың  «Жарлы  бай»  деген 
атын автор қойған емес, ол – кейінгілердің қолы. Абайдың өзі 
қойса, осында қолданған кедей, байғұс, сорлы, жазған деген 
синонимдердің бірін келтірген болар еді, қайтер еді? Тегі, Абай 
жарлы  сөзін  таптың  атау  ретінде  де,  «нищий»  мағынасында 
да сирек пайдаланған. Соған қарағанда Абайда параллель келе 
жатқан екі сөздің бірін атау (зат есім) ретінде қалыптастыру 
принципі болғанын аңғарамыз.
Әлеуметтік лексикаға жататын сөздердің бірі – қоғам мүше- 

182
лерінің  жалпы  атауы  болмақ.  Қазіргі  әдеби  нормамызда  бұл 
ұғымда  халық  деген  сөз  терминделіп  қалыптасты.  Ал  өткен 
ғасырда  бұл  мағынада  бірнеше  сөз  қатар  қолданылған: 
халық,  жұрт,  астана  жұрт,  қара  халық,  қара  жұрт,  қара 
қазақ,  бұқара,  бенде,  әлеумет,  алаш,  ел.  Әрине,  бұлардың 
барлығы – бір-біріне тепе-тең дублеттер емес: әрқайсысының 
мағыналық  реңктері,  тіпті  стильдік  қолданысы  және  актив-
пассивтігі  жағынан  өз  орны  болған.  Қара,  қара  халық,  қара 
жұрт,  қара  қазақ  атаулары  –  еңбекші  бұқараны,  коғамның 
көпшілігін  билеуші,  ақсүйек  азшылықтан  айырып  көрсету 
үшін  қолданылған  сөздер.  Н.Ильминский  қара  қазақ  деген-
ге параллель етіп қара сүйек деген тіркесті береді де оларды 
«простой киргиз (не солтанского происхождения)» деп аудара-
ды (Ильминский, 171). Абай 3-4 жерде қара  халық, қара жұрт 
деген  тіркестерді  «бұқара,  масса»  деген  ұғымда  қолданады  
(II, 169, 211).
Жұрт сөзі де бірнеше мағынада жұмсалған. Өткен ғасыр- 
дағы сөздіктерде «жұрт – страна, государство, царство, вла-
дение, жительство, отечество; стойбище, стан, лагерь; народ, 
толпа, много людей; место, где стоит аул» («Спутник...» 1878) 
деп, негізінен, бұл сөздің төрт түрлі мағынада қолданатындығы 
көрсетілген.  Сірә,  өткен  ғасырдың  соңғы  кезінде  бұл  сөздің 
«халық,  бұқара,  масса»  деген  ұғымы  басым  (актив)  болғаны 
байқалады. 1897 жылғы сөздік жұрт сөзін «народ (в целом со-
ставе его или часть), толпа, много людей» деп қана түсіндіреді. 
Ал  бұрынырақ  бұл  сөз  «страна,  владение,  ханство,  господ-
ство» деген ұғымда да қолданылған. Қазақтың ауыз әдебиеті 
үлгілеріндегі (жырлардағы)  «Арыстаным, жөнінді айт, Қайсы 
жұрттан келесің» деген жолдарда жұрт – соңғы көрсетілген 
мағынада  қолданылған.  XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақтың 
хан,  би,  старшиналары  атынан  патша  үкіметінің  әкімшілік 
орындарына және бір-біріне жазысқан хат, арыз, донесение т.б. 
документтерінде, яғни ресми-кеңсе және эпистолярлық стиль-
де йұрт сөзі «территориялық тұтастық ретінде біріккен адам-
дар  қауымы»  мағынасында  жұмсалған: қырғыз-қазақ  йұрты, 
Руссия  йұрты,  Орал  йұртындағы  башқұртлар  (уральские 
башкиры), күллі йұртымызның жамағатлары (общины всего 

183
нашего жұрта) т.т. Сондықтан да осы документтердің орысша 
аудармасында бұл сөз өзгертілмей, жұрт деп алынған да, оған 
мынадай  түсініктеме  берілген:  «жұрт  –  страна,  территория, 
на  которой  живет  одна  семья  (усадьба)  или  род,  или  народ, 
но без ақцента на последнего (т.е. на население, народ), обо-
значающего термином «ель» (иль, эль)
148
. Сірә, жұрт сөзі бұл 
мағынада кейіннен шыққан хандық, патшалық тәрізді туынды 
атаулардың  орнында  жұмсалған.  Салыстыр:  XVIII  ғасырдың 
документтерінде Кіші жүз жұрты түрінде кездесетін тіркес 
қазірде Кіші жүз хандығы (ордасы) деп қолданылады, сондай-
ақ Руссия йұрты – Россия патшалығы (империясы) т.т.
Абай жұрт сөзін «ел, территориялық-әкімшілікке топтал- 
ған ел, халық, ұлт» ұғымында жұмсайды. Сондықтан да Абай-
да жұрт сөзі ел, қазақ, халық сөздерімен параллель, солардың 
дублеті ретінде жүреді: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым 
(I, 31). Аңдығаны өз елі... (I, 113). Осы жұрт па тапқаның (I, 
114). Жұртым деуге арлымын: Өзге жұрттан ұялып (I, 140).
Сонымен  қатар  Абай  жұрт  сөзін  «жалпы  адамдар,  көп- 
шілік» деген мағынада да жиі қолданған.
Өткен ғасырдың II жартысында арабтың халық деген сөзі 
актив  қолданыла  бастайды.  Бұл  тек  «қазақ  халқы»  (алаш 
сияқты) немесе тек «территориялық тұтастық» (жұрт сияқты) 
дегенді емес, жалпы адамдар қоғамы (народ) деген кең ұғымды 
білдіретін  атау  ретінде  жұмсалады.  Абайда:  «Қажымас 
дос  халықта  жоқ»  (I,  108);  «...Өзіне  қараған  халыққа  есеп-
теп  жүріпті»  (II,  221).  Халық  сөзінің  этникалық  тұтастық, 
ұлттық  единица  (осы  күнгі  қазақ  халқы,  өзбек  халқы  деген 
тәрізді) мағынасында жұмсалуы, біздің байқауымызша, Абай 
тұсында және Абайдың өзінде де әлі әлсіз. Абай көбінесе әрбір 
ұлттық қауымды сол ұлттың атымен атайды да халқы дегенді 
тіркестірмейді:  Біздің  қазақтың  жүректі  кісі  дегені  –  батыр 
кісі дегені (II, 170). Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? 
(II, 166). Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды (II, 158). 
Орысқа айтар сөз де жоқ... (II, 159).
Дегенмен халық сөзін «ұлт, этникалық единица» ұғымында 
қолдану нышандары да жоқ емес. Мысалы, Абайдың: «...бізден 
148
 Материалы по истории Казахской ССР. - М.-Л., 1940. - Т. IV. - С. 481.

184
басқа халықтың бәрі антұрған екен, ең тәуір халық біз екенбіз», 
– деп» (II, 158) деген сөйлемінде халық сөзі соңғы мағынада 
жұмсалған, өйткені алдында орыс, өзбек, татар халықтары ту-
ралы сөз етеді.
Әрине, бұл кезде халық сөзі жалпы «народ» мағынасында 
әбден  қалыптасып,  тұрақталған  емес:  бұл  ұғымда  әлеумет, 
бұқара сөздері де қатар қолданылған (бұл сөздер қазіргі әдеби 
тілімізде де бар, бірақ олар осы күнде халық сөзінің дублеттері 
емес, әрқайсысы – стильдік қолданысы мен мағыналық реңкі 
бар лексемалар).
Абай  тұсындағы  қоғам  структурасын  сипаттайтын  лек- 
сикалық  элементтердің  ішінде  Россия  қоғамы  категория- 
ларының  да  қазақ  тіліндегі  атаулары  кездесе  бастайды.  Рос-
сия империясындағы жер тапшылығынан орыс шаруаларының 
атамекенінен қозғалып, ұлан-байтақ Қазақстан территориясы-
нан қоныс тебулері Абай тұсынан көп бұрын басталған бола-
тын. Сондықтан орыс шаруаларын да өзгелерден айырып атау 
қажеттігі  туады.  Бұл,  әсіресе,  переселенецтер  қозғалысының 
аса  бір  күшейген  шағы  –  өткен  ғасырдың  II  жартысында 
айрықша  сөз  етіледі.  Орыс  шаруаларының  орысша  атаулары 
крестьян  және  мужик  сөздерін  қазақша  атаудың  сол  кезде 
бірнеше  варианты  болды.  Ең  көбірек  қолданылғаны  (әсіресе 
солтүстік-батыс өлкелерінде) қара шекпен тіркесі болған. Бұл 
атау, әсіресе, сөздіктер мен баспасөз тілінде көбірек кездеседі. 
Сонымен қатар мұжық сөзі қолданылған. Бұл Ыбырай тілінде 
және  өзге  ақындарда,  бірен-саран  сөздікте  осы  күйінде 
берілген.  Бір  жарлы  мужик  (Алтынсарин,  1879,  40).  Му-
жик пен жасауыл (Сонда. 11). Мужик – мұжық, қара шекпен  
(И. Букин, 1883). Түргендегі мұжықтың аты едім-ай (Сүйінбай, 
178).
Абайда  қара  шекпен  атауы  текст  ішінде  кездеспейді. 
Ал  И.А.Крыловтың  «Крестьянин  в  беде»  атты  мысалының 
атын  «Қазаға  ұшыраған  қара  шекпен»  деп  қоюы  Абайдың 
қолы емес тәрізді, өйткені Абай, сірә, өлеңге ат қою дегенді 
машықтамағаны  белгілі,  екіншіден,  мұнда  аудармашы  кре-
стьянин  туралы  емес,  бай  туралы  (тіпті,  ол  –  жалпы  бай  да 
емес,  купец,  лавка  ұстаған  саудагер  бай)  туралы  айтады: 

185
«Қорасына бір байдың түнде кірді ұрылар»; «Қайғысыз жатып, 
қарны тоқ» (қай крестьяниннің қайғысы жоқ, қарны тоқ болып 
еді!); «Ұйқысы қанып тұрды бай» (II, 122).
Тегі, Абай тұсында қазақ даласында орыс крестьянині де, 
оның атауы да болғанмен, ақын шығармаларында бұл атау (не-
месе  атаулар)  кездеспейді,  ол  Абайдың  бұл  сөздерді  жатыр- 
қауы емес, жалпы тақырыпқа орай тіліне оралмағандығы деп 
тану керек.
Қазақ  қоғамында  бұрын  бейтаныс  категорияны  атау  про- 
цесінде  крестьянин)  вариантын  алу  да  жоқ  емес:  Бара-бар 
крестьянға тең болмадық (Ақан сері).
Ал  орыс  қоғамына  тән  помещик,  дворянин,  рабочий,  фа-
брикант  (капиталист)  тәрізді  әлеуметтік  тап,  топ  атаулары 
не олардың қазақша баламалары Абай тілінен орын алмаған. 
Помещик, фабрикант дегендерді жалпы бір атаумен бай деп 
алады: Лермонтовтың «Вадим» атты шығармасының аударма-
сында Палицын деген дворянинді Абай бай деп береді: «Па-
лицын  бай  есікке  келіп  еді»  (II,  152)  –  русского  дворянина... 
Палицына (Лермонтов, IV, 185); «Әрбір бай жалдап жатыр жүз 
кедейді»  (II,  116).  Осының  алдындағы:  «Бақша,  зауыт,  жай-
ларды қылдым талқан» дегенге қарағанда, бұл жердегі бай – 
өндіріс иесі (фабрикант, капиталист) немесе помещик. Бұл 
жердегі  кедей  де  –  рабочий  мағынасында  қолданылған  атау. 
Сірә,  Абай  тілінің  өзінде  де,  тіпті  жалпы  Абай  тұсындағы 
қазақ  әдебиетінде  де  орыс  қоғамын  құрайтын  әлеуметтік  ка-
тегорияларды қазақша дифференциациялап атау қажеттігі туа 
қоймағанға ұқсайды.
* * *
XIX  ғасырдың  II  жартысындағы  қазақ  коғамы  өміріндегі 
елеулі  тарихи  фактілердің  бірі  –  ел  билеу-әкімшілік  сала- 
сындағы жаңалық, өзгерістер.
Қазақ халқының саяси-әлеуметтік өмірін шығармаларының 
тақырыбы  еткен  ұлы  ақын  Абай  тіл  тәжірибесіндегі  бұл 
саладағы сөздерді молынан қолданды.
Ең кіші әкімшілік единицасы ауыл басындағы старшиналар 
мен болыстық управлениенің басындағы болыстарды сайлау- 

186
ға он үйден, елу үйден бір адам уәкіл болады. Осылар он басы, 
елу басы деп аталды. Бұлар – бұрынғы ру басы, ел басы, топ 
басы деген атаулардың моделімен жасалған терминдер. Салы-
стыр: Ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен 
(II, 211). Елу басы, он басы деген тіркестер әкімшілік саладағы 
терминге айналып, тұрақталады: Елу басы шар салып, леп бе-
рем деп [алады] (I, 28). Ендігі байға мал бітпес, Елу басы, он 
басы (Шортанбай, 157).
Одан кейінгі әкім – ауылдық старшиналар. Бұның атауына 
қазақтар орысша старшын деген сөзді қалдырады. Старшын 
термині – қазақ даласында ертеректен келе жатқан сөз. Стар-
шина звеносы XVIII ғасырдың соңы мен 1822 жылғы ел би-
леу реформасында бар болатын. Яғни бұл – патша үкіметінің 
қазақ жерін отарлау системасымен бірге туып, бірге жасасып 
келе  жатқан  атау.  Мысалы,  Сырым  Датов  өзінің  1790  жылы 
II  Екатеринаға  жазған  донесениесін:  «...Байұлы  руының  баш 
старшинасы һәм тархан Сырым батыр Дад ұғлындан табиғна 
ғарыз  намә»  деп  атайды.  Дегенмен  старшын  сөзінің  көркем 
әдебиет пен жалпы жазба әдебиетте активтенуі XIX ғасырдың 
орта тұсынан былай қарай деп шамалауға тура келеді. Өйткені 
Бұқар, Шал, Тәтіқара, Ақтамберді, Махамбет, Шернияз, Алма-
жан т.б. сияқты XVIII ғасырдың II жартысы мен ХІХ ғасырдың 
І  жартысында  жасаған  ақындар  тілінде  бұл  сөз  кездеспейді 
(әрине,  бұл  құбылыс  осы  ақын-жыраулардың  жырлаған 
тақырыптары  мен  бізге  жеткен  шығармаларының  көлеміне 
де байланысты). Абай мен оның тұстастарында, әсіресе қоғам 
өмірін сөз еткен Шортанбай, Дулат ақындарда старшын сөзі 
термин  ретінде  қалыптасып,  болыс,  би,  ояз  сөздерімен  қатар 
қолданылады:  Қу  старшын,аш  билер  (I,  64).  Старшын,  биді 
жиғыздым (I, 79). Старшина бас бір би...(II, 161). Старшын, 
болыс қояды Қайдағы асыл задасын (Дулат, 70).
Болыс  және  кандидат  -  кәнделат  сөздері  де  –  терминдік 
сипатқа ие болып, әкімшілік лексикасынан берік орын тепкен 
лексемалар.  Кандидат  сөзінің  Абай  тұсындағы  мағынасы  – 
болыстың орынбасары және жай орынбасар емес, орынға та-
ласушы адам лауазымы.

187
Болыс  сөзінің  сіңіскендігі  сонша,  одан  болыстық,  болы-
стас тәрізді туынды түбірлер де жасалып қолданыла бастаған: 
...Қызметке, болыстық билікке таластық (II, 159). Болыс сөзі 
территориялық-әкімшілік  единица  –  волость  дегеннің  де, 
волостное  управление  дегеннің  де,  волостной  управитель 
дегеннің  де  мағынасын  берген.  Сондықтан  «Кісісін  бір 
болыстың  біреу  сабап»  (Біржан,  185)  дегендегі  болыс  сөзі  – 
территориялық-әкімшілік бөліністің атауы. «Үш жылға болыс 
сайланады»  (II, 160) дегендегі болыс – лауазым аты. 
Болыс  пен  старшина  лауазымдарына  (әкімшілік  инстан-
циясына)  қатысты  өткен  ғасырда  активтенген  сөздердің 
қатарына сайлау, шар, тас, атшабар, поштабай, бесір, хат-
шы сөздері жатады. Сайлау, сайлану сөздері бұрын «іріктеліп, 
өзгелерден  бөлініп  шығу»  деген  ұғымды  білдіретін  қимыл 
атауы (етістік) ғана болса (салыстыр: Сайланып шыға қапсыз 
тобыңызбен  –  «Қыз  Жібек»),  енді  процесс,  акт  атауына  ай-
налып, терминделеді. Бұл термин осы күнге дейін жетіп, сол 
мағынасында  қолданылып  отыр.  Сайлау  актісіне  байланы-
сты орынға сайлану, үш жылға сайлану тәрізді фразалар пай-
да  болады  (II,  165,  160).  Тас,  шар  сөздері  –  дублет,  екеуінің 
қолданылуы бірдей: тасқа салу ~ шарға салу – баллотировать, 
тасқа түсу ~ шарға түсу – баллотироваться, тас салу ~ шар 
салу – баллотировка, сайлаудың тасы – балл. Тас, шар сөздері 
– сайлау ритуалында қолданылатын нәрсенің (шардың) атынан 
алынған  атаулар.  Поштабай  (Майлықожада:  поштасы)  сөзі 
мен  атшабар,  шабарман  сөздері  де  –  дублеттер.  Болыстың 
елмен  немесе  басқа  да  әкімшілік  орындарымен  жүргізетін 
әмір-жарлық,  хат-хабар  т.б.  таситын  «вестовой»,  шабарман 
қызметіндегі  адам.  Ол  да  –  өзінше  «әкім».  Поштабай-ды 
орысша  «почтовой»-дан  алынған  деп  жүрміз.  Ал  бұл  сөзден 
гөрі  қазақ  әдеби  тілінде  осы  «лауазымда»  шабарман,  атша-
бар варианттары жиірек қолданылған. Абай да атшабар түрін 
қолданған: Атшабар келді лепілдеп (I, 79). Бұл – қазақ тілінде 
бұрыннан  (хандар  заманынан)  бар  сөз,  ол  шабар  түрінде  де 
келеді:  Келмембет  деген  шабары  («Қамбар»,  1957.  10).  Ша-
барман варианты кейін XIX ғасырда пайда болған немесе осы 
тұста активтенген деп топшылаймыз. Өйткені осы тұста пайда 

188
болған  атарман  компоненті  қатарласа,  атарман-шабарман 
болып  қолданылады.  Және  бұл  тұлғаларда  жек  көру,  кекету 
мағыналары  бар.  Өткен  ғасырдағы  болыстың  атшабарлары 
тек хабар тасушы миссиясын емес, болыстың әмір-жарлығын 
орындатушы  болып,  полицейлік  те  қызмет  атқарған.  Бұл 
қызметті  ақырып-жекіріп,  ұрып-соғып  атқаруларына  қарай 
халық атарман-шабарман деп атап кетсе керек-ті.
Әкімшіліктің жоғарғы инстанцияларында патша үкіметінің 
адамдары – орыстар отырғаны мәлім. Олардың атаулары ояз, 
жанарал – жандарал, майыр, төре, әкім және... орыс. Ояз сөзі 
жоғарғы  болыс  сөзі  сияқты,  әкімшілік  звеноның  атауын  да, 
онын басындағы адамның лауазымын да білдірген: «Ояз келсе 
қайтер ең?» (I, 75); «Ояз шықты, сияз бар» (I, 79). Ал майыр 
(майор) сөзі жанарал (генерал) сөзіне дублет болу керек, бірақ 
өткен ғасырдағы қазақ әдеби тілінде майыр варианты жиірек 
колданылғанын байқаймыз: Тек майырдың күлгені керек деп... 
(II, 179). Майырдың алса бұйрығын Ел пысығы жортады (Ду-
лат, 94).
Бұлар – орыс әкімдерінің конкретті атаулары. Бұлардың со-
нымен қатар жалпылама атаулары да пайда болған. Ұлық сөзі 
– орыстан болған жалпы «ел басы, начальник» дегеннің бала-
масы,  әкім  –  «жалпы  начальник»,  төре  –  «чиновник»  деген-
дерге балама ретінде қолданылған. Абай ұлық сөзін «власть» 
ұғымымен де ұштастырады, бұл жалпы халық тіліндегі ұлық 
сөзінің  жоғарғы  «өкімет  иесі»  деген  ассоциациясынан  туса 
керек: Ұлыққа қошеметшіл құл сықылды, Қатерге аяқ баспас, 
көрмей артын (II, 103) – Перед опасностью позорно-малодуш-
ные и перед властью презренные рабы (Лермонтов, I, 32).
«Начальник» ұғымын әкім сөзімен білдіру де бар: Абырой 
кетті әкімнен (Шортанбай). Бұл, әсіресе, сөздіктерде көрінеді. 
Осы  мағынада  бастық  сөзі  де  енді-енді  қолданыла  бастаған 
(1878, 1897 жылғы сөздіктерде).
Патша үкіметі әкімшілік звеносында жоғары тұрғандарын 
(орыс  адамдарынан  болған  ұлықтарды)  немесе  жалпы 
әкімшілік  орынның  өзін  Абайда  да,  басқаларда  да  орыс  деп 
атау бар: Орыс сияз қылдырса; Орыссыз жерде топ болса (I, 
64). Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға (I, 84). Орыс 

189
айтты: «Өзіңе ерік берем», – деп (I, 29). Орыста қалар жаласы 
(I, 51).
Ел билеудін жаңа системасына лайық туған жаңа әлеуметтік 
категориялардың  атаулары  атқамінер  мен  пысық  сөздері 
субстантивтеніп, актив қолданылады. Атқамінерлер деп жер- 
гілікті  әкімшілік  органдарын  сайлауына  қажетті  үгіт  ісіне 
қатысушы  адамды  атаған
149
.  Атқамінерлердің  функциясы  – 
жалғыз бұл емес. Өткен ғасырдағы атқамінерлерді сол кездің 
өзінде-ақ А.Диваев былайша дәл сипаттайды: «Этот своеобраз-
ный  тип  киргизского  общественного  деятеля  новейшей  фор-
мации выступает на сцену в жизни туземца в 4-х различных 
видах: как агитатор при выборах туземной администрации, как 
посредник между выборщиками и народом в хлопотах по воз-
врату затрат на выборы, как пособник сбора податей и, нако-
нец, как интриган при смещении туземной администрации»
150
.
Енді  бірқатар  зерттеушілер  бұл  сөздің  мағынасын  (яғни 
атқамінерлердің  әлеуметтік  сипатын)  бұдан  да  кеңірек  етіп 
көрсетеді: «Казахский народ всех лиц, занимающих должности 
волостных  управителей,  судей  аульных  старшин,  волостных 
писарей,  переводчиков,  пятидесятников,  лиц,  ранее  занимав-
ших  эти должности, а также всех тех, кто так или иначе при-
нимал  активное  участие  в  политической  жизни  населения,  в 
то время называл аткаминерами»
151
. Демек, атқамінер сөзінің 
беретін  мағынасы  да  оның  осы  көрсетілген  қызметтерінен 
шығады.  Атқамінер  сөзін  Абай  да,  оның  тұстастары  да 
көркем  әдебиетте  молынан  пайдаланған.  Көркем  әдебиетте 
қолданылған  атқамінер  атауының  мағынасы,  көбінесе, 
А.Диваев  көрсеткендей,  әлеуметтік  топты  білдіреді.  Өткен 
ғасырда бұл сөзбен болыс, би, писарь т.б. – қысқасы, әкімшілік 
орнындағы  адамдарды  атаудан  гөрі,  соларға  қызмет  ететін 
әлеуметтік  топты  атағаны  сезіледі.  Бұл  ретте  атқамінер  мен 
пысық  сөздері  бір-біріне  дублет  болып  түседі:  «Ендігі  атқа 
мінгендер Күнде ертеңге талмайды» (I, 64); «Атқамінер ауыл-
149
 Сулейменов Б. Аграрный вопрос... - Алма-Ата, 1963. - С. 89.
150
  «Окраина».  -  1894.  -  №  66.  В.  Сулейменовтың  жоғарыда  аталған  мақаласы 
бойынша келтірілді.
151
 Толыбеков С. Е. Общественно-экономический строй казахов в  XVIII-XIX вв. - 
Алма-Ата, 1959.  - С. 319.

190
да  Итше  ілініп,  ылықты»  (Дулат,  75);  «Ауылдың  атқамінері 
– Жемтікке қонған күшіген» (Дулат, 94). Ал пысық деген кате-
гория мен оның атауының Абай заманында туғанын ақынның 
өзі айтады: Пысық деген ат шықты... Пысық кім деп сұрасаң 
(I,  59).  Пысықтар  шалқайды,  Таласып  теңдеске  (I,  159). 
Пысық  –  жағымсыз  топтың  атауы.  Пысық  атауы,  біздіңше, 
атқамінер сөзімен мағыналас. Пысық сөзі мен қу сөзі де қатар 
қолданылады: «Ку, пысық»деген ат қайда? (І, 160). Майырдың 
алса бұйрығын Ел пысығы жортады (Дулат, 94).
XIX  ғасырдағы  қазақ  лексикасының  әкімшілікке  қатысты 
тобында  патша  сөзі  жиі  қолданылғаны  байқалады.  Бұл  сөз 
қазақ тілінде бұрыннан да бар болатын. Әсіресе XVIII ғасырда 
Қазақ  жерінің  Россияға  бағына  бастауымен  байланысты 
Россия  үкіметінің  монархы  –  царь-ды  қазақша  патша  деп 
атау  қалыптасады.  Абай  патша  сөзін  көбінесе  екі  мағынада 
қолданады.  Бірі  –  орыс  патшасы  емес,  жалпы  монарх,  ел 
билеуші мәнінде: Бақпен асқан патшадан Мыймен асқан қара 
артық  (II,  194).  Халық  билеген  патшалар,  Уақыты  жетсе  – 
құлайды (I, 188). Екіншісі – бір нәрсенің ең биігі, зоры, үлкені 
мағынасында.  Өлең  –  сөздің  патшасы  (І,  66).  Патша  Құдай 
сыйындым  (I,  42).  Абайда  орыс  патшасына  тікелей  арнап 
атау  жоқ.  Ал  Абайдан  бұрынырақ  та,  тұстас  та,  кейінірек  те 
жасаған қазақ ақындарының көбінен орыс патшасына тікелей 
атау  кездеседі.  Тіпті  ақ  патша,  патшамыз  деген  тіркестер 
мен  арнаулы  атаулар  да  пайда  болғаны  байқалады.  Мыса-
лы, Шерниязда: «Қылған ол ақ патшамен алыс-беріс» (129); 
Ақан  серіде:  «Тартылып  қай  жараға  ем  болмадық,  Қалайша 
патшамызға дем болмадық» (259). Сонымен қатар патша сөзі 
өткендегі  ақындарда  Абайдағы  сияқты  «жалпы  ел  билеуші» 
деген ауыспалы мағынада да қолданылған: «Хан Тезек, батыр 
Тезек, патша Тезек»  (Сүйінбай, 179). Бұл жерде титулды атап 
отырса,  ақын  біреуін-ақ  қолданар  еді.  Мұндағы  хан  да,  ба-
тыр да, патша да – «ел билеуші» деген ауыспалы мағынада 
пайдаланылған атаулар.
Абай тілінде кездеспегенмен, бұл тұстағы жалпыхалықтық 
тілде әкімшілікке қатысты мөр (печать), бесір (писарь, писец), 
санат (сенат: Және де сегіз санат – алысқия – Ақан сері, 258), 

191
медаль (Алтын медаль, шар айна, белдік алдық – Шөже, 121), 
махкеме – мекеме (уездное, губернское управление), ыштат 
(перечет  кибиток  на  трехлетие,  выбор  должностных  лиц  из 
киргизов)  сөздері  қолданылған.  Бұлар  сол  кездегі  сөздіктер- 
ден  және  бірен-саран  көркем  әдебиет  пен  баспасөзден  орын 
алған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет