Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы


Абай шығармалары тіліндегі жаңа сөздер



Pdf көрінісі
бет9/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Абай шығармалары тіліндегі жаңа сөздер
(неологизмдер)
Белгілі  бір  жазушы  лексикасындағы  неологизмдер  мен 
сол  жазушы  өмір  сүрген  дәуірдегі  жалпыхалықтық  тілдегі 
жаңа  сөздер  бір-бірімен  ұштасып  жатқанмен,  сан  жағынан 
да,  сипаты  жағынан  да  бірдей  болуы  мүмкін  де  емес,  шарт 
та  емес.  Өйткені  жеке  қаламгерлер  тілінде  жаңа  сөздердің 
бірқатары стилистік мақсатпен жасалады да тек сол жазушы 
сөздігіне  тән  болады.  Ондай  индивидуалдық  неологизмдер 
әдеби тілдің актив қорына енбей де қалуы мүмкін. Сондықтан 
Р.А.Будагов көркем әдебиеттегі жаңа сөздерді тілдік неоло-
гизмдер  (языковые),  стилистік  (стилистические)  неологизм-
дер деп екіге болуге болады деген пікірді айтады
122
. Тілдік не-
месе лексикалық
123
неологизмдер – қоғамдық қатынастардың, 
техника  мен  шаруашылықтың,  ғылым  мен  мәдениеттің 
өзгерістері мен дамуына байланысты жалпы әдеби тіл норма-
сына енген жаңа сөздер. Жазушы тілінде белгілі бір мөлшерде 
бұл сипаттағы неологизмдердің бірқатары қамтылады. Бірақ, 
біздіңше,  қаламгер  сөздігіндегі  лексикалық  неологизмдерді 
қолдану принципі (сипаты) мен соның мөлшері (көп-аздығы) 
әр  дәуірде  және  әр  жазушыда  әрқилы  болады.  Бұл  ретте 
Абайдың орны айрықша. Абай – заманын жан-жағынан алып 
сөз еткен жазушы. Сондықтан ол, бір жағынан, өз дәуіріндегі 
қазақ  қоғамына  енген  жаңалықты,  соған  орай  тіліне  енген 
жаңа сөздерді өз тұсындағы жалпыхалықтық қазынадан алып 
қолданса, екінші жағынан, сол қазынаға біраз жаңа сөзді өзі 
жасап берді. Бұл типтегі жаңа сөздердің бірқатары – жалғыз 
Абай  тілінде  емес,  оның  тұстастарында  да  (көркем  әдебиет 
уәкілдерінде  де,  өзге  стильдерде  де)  қолданылып,  орын 
тепкендер.  Ал  бірсыпырасы  –  тек  Абай  тілінде  кездесетін, 
Абай  жасаған  жаңалықтар.  Бірақ  бұлар  да  –  эмоционалдық 
экспрессивтік  мотивте  жасалған  индивидуалдық  неоло-
гизмдер  емес,  өз  заманының  заттық  және  рухани  дүниесіне 
122
 Будагов Р.А. Очерки по языкознанию. - М., 1953. - С. 62. 
123
 Біз бұл типтегі неологизмдерді лексикалық деп атағанды жөн көреміз.

147
қатысты  жаңа  сөздер.  Мысалы,  Абай  творчествосында 
философиялық толғанулар мен талдаулар бар. Ұлы жазушы 
өлеңдерінде  де,  қара  сөзбен  жазылған  трактаттарында  да 
көптеген абстрактік ұғымдарды әңгімелейді және қазақ тілінде 
тұңғыш рет сөз етеді. Демек, осы ұғымдардың бірқатарының 
атауларын  Абайдың  өзі  ұсынуға  тура  келді.  Абай  лекси-
касына  жалпы  әдеби  тіл  мұқтажына  қажет  бірсыпыра  жаңа 
сөздерді енгіздірген екінші маңызды фактор – оның аударма 
шығармалары, Пушкин, Лермонтов, Крылов т.б. қаламынан 
туған  дүниелерді  аудару  үстінде  Абай  орыс  тіліндегі  бір 
алуан  сөздерді  дәл  беру  үшін  қазақша  жаңа  тұлғалар  мен 
тіркестер жасайды.
Абай  тіліндегі  жаңалықтарды,  әсіресе  жаңа  атаулар-
ды  танып  зерттеудің  үлкен  бір  қиыншылығы  бар.  Жалғыз 
Абай  емес,  жалпы  жеке  қаламгерлердің  қайсысы  қай  сөзді 
енгізгенін тап басып көрсету – қиын да күрделі іс. Мысалы, 
стушеваться деген етістікті Достоевский тілге мен енгіздім 
деп  жүрсе,  бұл  сөздің  одан  бұрынғыларда  да  бар  екендігі 
кейіннен  айқындалды
124
.  Белгілі  бір  сөздердің  қай  кезеңдс, 
қай  жазушы  арқылы  (немесе  қай  стильде)  енгенін  шамалап 
болса да анықтау үшін сол дәуірлер мен әр дәуірдегі барлық 
қаламгер (ұлы-кішісі түгел) тілінің сөздік байлығы зерттеліп, 
айқындалған болуы керек
Ал Абай неологизмдерін түгендеуде бізге ыңғайсыз тиетін 
жағдай  –  Абайдың  алдындағы,  тұсындағы  үлгілердің  тілдік 
байлығы  зерттеліп  талданған  емес.  Олардың  лексикасын-
да  қай  сөздің  бар-жоғы  түгенделмек  түгіл,  жалпы  сипаты 
зерттеліп  суреттелген  емес.  Біз,  сөз  жоқ,  Абай  тілін  талдау 
үстінде  ұлы  ақынның  алдындағылары  мен  замандастарының 
тілін  де  әр  тақырыпқа  байланысты  қарастырып  отырдық. 
Бірақ  ол  ізденулеріміз  түгел  де,  арнайы  да  бола  алмайтыны 
анық.Сондықтан көп ретте кейбір сөздер тек Абай текстерінде 
кездессе  де,  оларды  дәл  Абай  жаңалығы  деп  кесіп-пішуден 
тартынған жайымыз бар. Мысалы, дүрсу (кейбіреуі дүрсіп жүр 
124
 Будагов Р.Л. Көрсетілген еңбек. - С. 61.

148
– І, 149)
125
өкімет (өкіметпен қолына тартып алды – I, 259)
126

саудайы,  саудырсыз,  серменде,  шонтаю  т.б.  сөздер  әзірге 
Абайдан  өзгелерде  табылмағандығына  қарамастан,  Абайдың 
не өзге тілдерден алып, не көне сөздерді жандандырып енгізген 
жаңалығы дей алмадық.
Жоғарыда  көрсетілгендей,  Абай  неологизмдерінің  екінші 
тобы – өз қаламына тән, стилистік мақсаттан туған жаңа сөздер. 
Енді осы екі топты өз фактілерімен талдайық.
Абай неологизмдерін талдамас бұрын ескерте кететін тағы 
бір  жай  –  біз  бұл  кітапта  тек  лексикалық  единицаларды  сөз 
етеміз. Яғни жаңа фразеологиялық тіркестер енген жоқ.
Лексикологтар  неологизмдер  жасайтын  бірнеше  тәсілдің 
мынадай  негізгі  түрлерін  атайды:  1)  бұрынғы  сөздің  жаңа 
мағынада қолданылуы; 2) аффикстер жалғануы; 3) сөздердің 
бірігуі;  4)  өзге  тілдерден  ауысуы;  5)  калькалау
127
.  Жаңадан 
сөз жасау процесінде, мысалы, орыс тілінде мағына жаңғырту 
(модернизация  значения),  сөздерді  қосақтау  (словосложе-
ние)  және  суффиксация,  префиксация  тәсіл-амалдарынан 
өзге  субстантивтендіру,  бір  сөз  табынан  екіншісіне  көшіру, 
терминдеу тәрізді жолдардың да бар екені айтылады
128
. Бізге 
қазір қажеті неологизмдер жасаудың тіл-тілде қандай жолдары 
бар екендігін айқындау емес екені түсінікті. Сондықтан Абай 
шығармалары тіліндегі қазақтың төл сөздерінен жасалған жаңа 
элементтерді  жоғарғы  амал-тәсіл  түрлерін  ескеріп,  негізінен 
үш  салаға  бөліп  қарамақпыз:  а)  жұрнақ  арқылы;  б)  мағына 
жаңғыру арқылы; в) субстантивтенду арқылы жасалғандар.
125
  Бұл  тұлғаны  проф.  Қ.  Жұмалиев  Абайдағы  неологизмдсрдің  бірі  деп  табады 
(«Қазақ  әдебиеті  тарихының  мәселелері  және  Абай  поэзиясының  тілі»  197-б.):  дүр 
деген архаизмге а>л деген жұрнақтар жалғанып жаңа эпитет жасалған дейді. Абайдың 
ұқсату  мағынасын  беретін  -сы  аффиксін  (адамсу,  батырсу)  актив  пайдаланғанына 
қарағанда,  проф.  Қ.  Жұмалиевтің  бұл  тұжырымының  қисыны  да  бар.  Бірақ  біз  бұл 
туынды  тұлғаны  қайткенде  де  тек  Абайда  ғана  бар  неологизмдер  қатарына  әзірше 
кіргізбедік, өйткені бұл тұлғаның түбірі (дүр) өзге ақындарда өте жиі қолданылған, 
сондай-ақ -сы жұрнағы да сирек кездеспейді, демек, дүрсу сөзі Абайдан бұрынғыларда 
да болуы мүмкін деп ойлаймыз.
126
  Бұл  тұлға  (өкімет)  Абай  шығармаларының  1909,  1939,  1957  жылғы 
баспаларында осылай берілгенмен, Мүрсейіт дәптерлерінде және қалған баспаларында 
өкімдікпен деген тұлғада берілген, сондықтан бұл іспеттес текстологиялық алалығы 
бар (разночтение) сөздерді де неологизмдер қатарында талдаудан бой тарттық. 
127
 Мұсабаев Г. Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1959. - С. 94. 
128
 Ефимов А. II. О языке художественных произведений. - М., 1954. - С. 225. 

149
Жұрнақ  жалғау  арқылы  жасалған  неологизмдер. 
Төл  сөздерден  лексикалық  неологизмдерді  жасауда  Абай- 
дың  ең  актив  қолданған  тәсілі  –  жұрнақ  жалғау.  Және  бұл 
жердегі тәсіл біреу болғанмен, аффикстер де, түбір морфема- 
лар  да  және  осы  тәсілмен  жаңа  сөз  жасау  мотивтері  де 
әлденешеу  болып  келеді.  Ең  алдымен,  жұрнақтар  арқылы 
Абай жасаған жаңа сөздердің үлкен тобын абстракт ұғымдағы 
есімдер  құрайды.  Жалпы  Абай  текстерінде  айрықша  көзге 
түсетін  нәрсе  –  абстракт  атаулардың  молдығы.  Оның  себебі 
бар. Абай творчествосы сан тақырыпты, алуан мазмұнды болып 
келсе, солардың біреуі – философтық сипат. Абай толғанады. 
Бір кезек адамның, әсіресе замандастарының әрқилы қасиет-
мінездерін  сөз  етіп  ойға  шомады.  Енді  бірде  болмыс  пен 
рух,  адам  табиғаты  мен  Құдай  тағала  тәрізді  ұғымдарды 
жеке  бір  шығармасының  тақырыбы  етеді.  Бұл  толғаныстар 
өлеңдерінде де бар, ал прозасында тіпті басым. Демек, ойшыл 
Абай дерексіз ұғымдарды өз алдына объект етіп не жырласа, 
не  «Қара  сөздерінде»  әңгімелесе,  сол  ұғымдар  атауы  молы-
нан қолданылуы қажет. Ал Абайдан бұрын таза қазақ тілінде 
дәл  осындай  философиялық,  психологиялық  трактат,  этюд-
тар жоқ болатын. Пушкин сөзімен айтсақ, ол кезде қазақтың 
«метафизикалық тілі» жоқ-ты. Сондықтан Абайға бұл қыруар 
ұғымдардың атауларын өзі жасауына немесе өзге тілден алу-
ына я болмаса тілде бұрыннан барларын активтендіруге тура 
келді.
Абайда  -лық  жұрнағы  арқылы  абстракт  ұғымды  білдіре- 
тін  туынды  зат  есімдер  жасау  тәсілі  ерекше  көзге  түседі. 
Мысалы,  ашуланшақтық,  өтірікшілік,  салғырттық,  күлкі- 
шілдік,  ықтиярсыздық,  беріктік  тәрізді  атаулардың  -лық 
жұрнағынсыз  түрлері  қазақ  тілінде  жиі  қолданылатын,  бірақ 
бұлардан  абстракт  есімдер  жасау  потенциясы  болғанмен,  ол 
есімдер  көп  қолданылмайтын.  Айталық,  Абай  беріктік  сөзін 
«твердость  духа»  деген  дерексіз  есім  атауына  айналдыра-
ды. Бұрын немесе Абай тұстарында мінезі берік немесе тіпті 
біреудің  мінезінің  беріктігі  (қаттылығы  деген  мәнде)  тәрізді 
тіркестер  қолданылғанымен,  беріктік  сөзін  Абай  тәрізді 
абстрактік категория атауына айналдыру жоқ болатын. Сондай-

150
ақ адамның көңіл-күйін білдіретін мағынадағы суықтық сөзі 
Абай жаңалығы: Жанында суықтық бар бір жасырын (II, 104). 
Тегіндік сөзі де –  аударма үстінде туған Абайдың неологизмі: 
Айтшы, аға, нағып жеңілдік,  Мәскеуде емес тегіндік (II, 70) 
– Скажи-ка, дядя, ведь не даром Москва спаленная пожаром... 
(Лермонтов, I, 14).
Абайдың 15-сөзіндегі өзі объект етіп әңгімелейтін қызық- 
пақтық,  құмарлық  деген  категориялардың  осы  атауларын 
да  автор  өзі  жасаған.  Үшінші  –  әрбір  нәрсеге  қызықпақтық. 
Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатұғын нәрсе екен (II, 172). 
Мұндағы құмарлық сөзі тұлға жағынан бұрыннан да бар бо-
луы  әбден  ықтимал,  бірақ  бұрынғы  құмарлық  –  әйел  мен 
еркектің бір-біріне деген сезімін ғана білдірсе, Абай әңгімелеп 
отырған  құмарлық  –  жалпы  бір  нәрсеге  ұмтылу,  талпыну 
мағынасын беретін сөз. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады 
екен, әртүрлі құмар болған нәрсе... (II, 172). Осы жердегі әрбір 
құмарлық, әртүрлі нәрсеге құмарлық дегеніне қарағанда, автор 
бұл сөзге жаңа ұғымды сыйғызып, жаңа сөз жасап тұр. Сірә 
да, -лық жұрнағы арқылы жана сөз жасауда сын есім түбірін 
актив пайдалану Абай қаламына тән нәрсе. Өзгелерде, әсіресе, 
жалпыхалықтық  тілде,  жақсылық,  жамандық,  үлкендік, 
кішілік,  жомарттық,  сараңдық  тәрізді  ертеден  қалыптасқан 
сөздер болмаса, сын есім түбірлерінсн -лық арқылы туынды 
сөз жасау дәл Абайдағыдай дәрежеде емес.
Ақынның өте жиі қолданған сөздерінің бірі – салғырттық 
тұлғасы  да,  жоғарғы  суықтық,  құмарлық  сөздері  де  осы 
іспеттес.
Абай  -лық  жұрнағы  арқылы  жаңа  абстракт  есім  жасауда  
бұл  тәсілдің  өзіне  дейінгі  тіл  практикасында  көп  қолданыл- 
маған  түрін  пайдаланады.  Ол  –  әр  алуан  жұрнақтар  арқылы 
жасалған  туынды  сөздерге  -лық  аффиксін  тіркеу.  Бұлардың 
ішінде -лы,  -сыз  жұрнақты  туынды  түбірлерден -лық  арқы- 
лы  жасалған  дерексіз  ұғым  атаулары  ерекше  көзге  түседі: 
тоқтаулылық, байлаулылық, арлылық, намыстылық, естілік, 
білімділік, қайратсыздық, ақылсыздық, талапсыздық, тиянақ- 
сыздық, қайғысыздық, ассыздық, сусыздық т.б. Бұлардың көбі 
–  Абайдың  өзі  жасаған  неологизмдер,  әсіресе  тоқтаулылық, 

151
байлаулылық, арлылық, намыстылық тәрізді туындылар Абай-
дан  өзге  қаламгерлерден  табылмайды.  Бұл  есімдердің  түбірі 
– адам баласына тән қасиеттерді білдіретін сөздер. Солардың 
бар (-лы арқылы) немесе жоқтығына (-сыз арқылы) қарай аб-
стракт ұғымды білдіру Абай тақырыбына үндеседі.
-лы,  -сыз  жұрнақтарынан  басқалары  арқылы  жасалған 
туынды  түбірлерге  де  -лық  аффиксін  тіркеп,  абстракт 
ұғым  атын  білдіру  –  Абайда  жүйелі  тәсіл.  Бұлардың  ішінде 
қорғалауықтық  (Жүз  кісіге  қорғалауықтығынан  жалынып... 
II,  176),  күлкішілдік  (Арылмас  әдет  болды  күлкішілдік  –  I, 
56),  жеңсікқойлық  (Көп  жүрмес,  жеңсікқойлық  әлі-ақ  тозар 
–  I,  39),  өршілдік  (Өршілдікпен  лағнетке  болған  душар  –  II, 
118) деген туынды сөздер – Абай неологизмдері немесе Абай 
активтендірген атаулар.
Туынды  түбірлерден  жасалған  абстракт  атаулардың  Абай 
тіліне ғана тән тағы бір тобы бар. Олар – -мақ жұрнақты тұлғаға 
-лық  жалғануы  арқылы  пайда  болғандар.  Біреудің  сипаты-
на түспектік (II, 181). Үшінші – әрбір нәрсеге қызықпақтық 
(II, 172). Бұл модельмен жасалған абстракт атаулар Абайдың 
38-сөзіңде  молырақ  кездеседі:  Мұның  табылмақтығына  се-
бептер... (II, 194). Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, 
өзін танымақтық, дүниені танымақтық...(II, 195). Бұл жердегі 
танымақтық  –  «познание»  деген  философиялық  терминнің 
баламасы.
Абай  тіліндегі  абстракт  есімдердің  бірқатары  –    жұр- 
нағы  арқылы  жасалғандар.    тұлғалы  тұйық  етістіктің 
субстантивтенуі – ертеден бар құбылыс және субстантивтен- 
гендерінің  бірсыпырасы  абстракт  ұғым  атауын  білдіруі  де  
Абай  тұсындағы  қазақ  тілі  нормасына  жат  болмағаны  бай- 
қалады.  Абайдағы  тілеу  (Тілеуді  кесіп  Құдайым,  Зарлатып 
қойды  артынан  –  I,  190.  Мұның  тілек  варианты  да  бар),  ал-
дау (Баяғы қулық бір алдау – I, 93) тәрізді атаулар сол кездегі 
халықтық тілде орныққан сөздер болса, алығу, өлшеу, ұмыту 
сияқты сөздерді Абай өзі абстракт ұғым атауына айналдыра-
ды: Пәндеде бір іс бар жалығу деген (ІІ, 175). Бұл сөйлемдегі 
жалығу сөзін жазушы, сірә, «разочарование» деген ұғымның 
атауы ретінде алып, 20-сөзінде, осы жалығу категориясының 

152
өзін талдайды: Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан 
да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңіл аз 
ба, көп пе жалығады. Оның үшін [оның себебі] бәрінің айыбын 
көреді,  баянсызын  біледі,  көңілі  бұрынғыдан  да  суи  бастай-
ды... Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, 
дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адам-
нан шығады (II, 175).
Ұмыту  сөзін  ақын  аударма  өлеңінде  қолданады:  Ұйқы, 
тыныштық, ұмыту – бер дегенім (II, 117). Бұл жердегі ұмыту 
–  орысша  забвенье  (забыться)  дегеннің  баламасы.  Өлшеу 
сөзі  де  тілде  бұрыннан  қолданылып  келе  жатса  да  (өлшеусіз 
ризық, өлшеулі дүние т.т.), атау күйінде тұрып, абстракт тер-
мин дәрежесіне көтерілуі Абай тіліне ғана тән. Әрбір жақсы 
нәрсенің  өлшеуі  бар,  өлшеуінен  асса  –  жарамайды.  Өлшеуін 
білмек – бір үлкен керек іс (II, 217). Бұл жердегі өлшеу – «пре-
дел» мағынасындағы философиялық категория атауы.
Өмір  сүрудің  мән-мазмұны  туралы  жаңа  философиялық 
толғану  болып  табылатын  34-сөзінде  Абай  жоғарғы  модель-
мен  бірнеше  абстракт  ұғым  атауларын  жасайды:  ...Дүниеде 
жүргенде туысың (тууың – рождение), өсуің, тоюың, ашығуың, 
қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі 
бірдей,  ахиретке  қарай  өлуің,  көрге  кіруің,  шіруің,  махшарда 
сұралуың бәрі бірдей... (II, 190). Жұрттану, адамтану тәрізді 
күрделі сөздерді Абай ғылыми атау дәрежесінде қолданады.
Бірақ    тұлғалы  есімдерді  абстракт  ұғым  атауына  айнал-
дырып қолдану -лық жұрнақты тұлғаға қарағанда әлдеқайда 
сирек.  Кейде  тіпті  бұл  мағынадағы  -у  жұрнақты  тұлғаның 
орнына  -мақ  жұрнақты  тұлғалардың  дублет  етіп  қолдану 
фактісі бар: Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек, Ха-
рекет  қылмақ,  жүгірмек,  Ақылмен  ойлап  сөйлемек  (1,243). 
Білмекке құмарлық (I, 144). Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл 
көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мәнсап іздемек, айла-
лы болмақ, алданбастық – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі 
бар  (II,  218).  Әрбір  мақұлыққа  Құдай  тағала  бір  қалыпта 
тұрмақты берген жоқ (II, 175). Өлмектен басқа дауа жоқ Ал-
ланын салған дертіне (I, 192). -лық арқылы Абай қаламынан 
туған жаңа элементтердің бір тобы – лексикаланған тіркестер. 

153
Қазіргі құлағымызға әбден сіңіскен тамағы тоқтық, жұмысы 
жоқтық,  қызба  бастық,  тән  саулық  (қазіргі  денсаулықтың 
дублеті),  әсем  салдық,  көрсе  қызарлық,  күлкі  тоқтық,  өнер 
жоқтық, есі барлық, қолы тарлық сияқты тіркестерді осындай 
жүйелі тобымен алғашқы рет тек Абай тілінен табамыз. Мұнда 
жазушы  -лық  жұрнағын  қызба  бас,  көрсе  қызар,  әсем  сал 
тәрізді бір мағына беретін лексикаланған фразалық тіркестерге 
жалғаған  және  тамағы  тоқ,  жұмысы  жоқ  (осылардың 
моделімен, бәлкім, Абайдың өзі тіркестірген күлкісі тоқ, өнері 
жоқ), тәні сау тәрізді предикаттық құрамдарға, яғни сөйлем 
іспеттес  атрибутивтік  тіркестерге  жалғаған.  Соңғы  тәсілде 
тілдің  ішкі  үнемдеу  заңы  бойынша  бірінші  компоненттің 
тәуелдік формасы түсіп теқалады: күлкі + сі тоқ+тық > күлкі 
тоқтық; тән ісау+лық >тән саулық; түсірілмей де жасала-
ды: тамағ+ы тоқтық, ес + і барлық, қол+ы тарлық т.б.
Туынды  түбірлерден  -лық  жұрнағы  арқылы  жаңа  тұлға 
жасаудың Абайда жүйелі амалға айналғандығы сонша, ол тек 
туынды сын есімдерді ғана емес, есімше тұлғаларын да пайда-
ланады. Зор болғандық, адам жаулағандық, арызы жеткендік, 
сыйы өткендік дегендер – Абай неологизмдері. Даусыз Абай 
қаламынан туған жұрнақты неологизмнің бірі – өз басындық 
тіркесі. Бұл – «дербес, тәуелсіз, өзін-өзі билеушілік» (орысша 
самостоятельный)  дегеннің  баламасы:  Единица  нөлсіз-ақ  Өз 
басындық болар сол (I, 95).
Абайдағы  жаңа  сөздерді  туғызған  жұрнақтардың  ішінде 
екінші орында -сы жұрнағы тұрады. Бұл – есім немесе есімше 
тұлғалардан туынды етістік жасайтын жұрнақ. Қазақ тілі мор-
фологиясын  зерттеушілер  -сы  аффиксі  сөйлеуші  өзін  кімге, 
неге теңеп, балап айтумен немесе бір нәрсені істеген немесе 
істемеген  етіп  көрсетумен  байланысты  есімше  тұлғасындағы 
етістіктерге және зат есімдерге қосылып, туынды түбір етістік 
(білгенсі,  жазғансы,  барсы,  кісімсі)  жасайды,  ал  -сын/-сін 
күрделі  аффиксі  туынды  түбір  етістіктердің  сөйлеуші  бір- 
деңені  өзіне  «қомсынуын»  немесе  «көпсінуін»  білдіретін 
түрін  (азсын,  көпсін,  қызықсын)  жасайды  деп  жазады
129
.  Бұл 
қызметтегі -сы жұрнағының беретін мағынасы – сөйлеушінің 
129
 Хасенова А.Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. - Алматы, 1959. - 66-б.

154
өзін бір нәрсеге, біреуге жай ғана теңеп, балауы емес, соның 
үстіне  ұқсауға  тырысу  және  көлгірсу,  бағалау  семантикасы 
бар  -сы  аффиксімен  жасалған  етістіктердің  бұл  мағынасын 
Э.В.Севортян  ашып,  анық  көрсеткен:  «...Значение  уподобле-
ния  в  глаголе  (типа  мүсәпірсі-  «прикидываться  беспомощ-
ным»,  саңраусы-  «притворяться  глухим»)  приобретает  более 
конкретную  семантику  подражания  и  притворства  (курсив 
біздікі  –  Р.С.)...  Другой  конкретизацией  семантики  уподоби-
тельности,  а  возможно,  и  развитием  предыдущего  значения 
является значение оценки, передаваемое словами «считать за», 
«рассматривать в качестве», «выдавать за...» «Приведем при-
меры:  ...казах.:  құдайсы-  «ставить  себя  выше  других»,  «важ-
ничать», кирг. баатырсы- «считать себя богатырем», «изобра-
жать из себя героя», «стремиться показать себя храбрым»
130
...
Мамандар -сы (-сы + н) аффиксінің беретін өзге де мағы- 
налары бар екенін көрсетеді. Бірақ бізге қажеті – осы айтылған 
мағынасы.  Өйткені  бұл  жұрнақ  арқылы  Абай  жасаған 
сөздердің  барлығы  дерлік  жоғарғы  Э.В.Севортян  көрсеткен 
мағынаны  білдіреді:  Еш  нәрсе  көрмегенсіп  бұртақтаған  
(I, 24). Еңбегі жоқ еркесіп, Бір шолақпен серкесіп (I, 59). Айт-
шы-айтшылап  жалынар,  Ұққыш  жансып  шабынар  (I,  86). 
Малға бөге қалған кісімсіп (II, 189). Араз кісі болғансып (I, 62). 
Қайраттысып, қамқорсып (I, 80).
Абай  бұл  ретте  тек  зат  есім  түбірлерін  емес  (серкесу, 
еркесу,  жансу,  кісімсу,  тәңірсу),  сонымен  қатар  сын  есім, 
оның  ішінде  туынды  тұлғаларды  да  пайдаланады.  Қайрат- 
тысу,  қалжыңшылсу,  жарамсақсу  тәрізді  сөздер  –  тек  Абай 
текстеріндегі  жаңалықтар.  Салғыртсу,  әсемсу  сөздері  –  бұ- 
рыннан тілде бар бола қалған күнде де Абай неше рет қайталап 
қолданып,  активтендірген  туындылар.  Талданып  отырған 
жұрнақпен  жаңа  тұлға  жасауда  Абайдың  жиі  пайдаланған 
материалы  –  тіркестер.  Жоғарыда  көрсеткен  -лық  жұрнағы 
тәрізді, -сы жұрнағын да Абай қалжың бас, жер тәңрі сияқты 
тұрақты  тіркестерге  де  жалғайды:  Жер  тәңрісіп  кермағыз 
(І,149).  Қалжың  бассып  өткізген  қайран  дәурен  (I,  37). 
130
 Севортян Э. В. Аффиксы глаголообразования в азербайджанском языке. - М., 
1962. - С. 302-304.

155
Сондай-ақ грамматикалық тіркестерге де жалғайды. Мұндай- 
да көмекші етістік қызметінде келген есімше тұлғалы тіркес- 
тер мен алдында анықтауыштары бар есім тіркестер негіз бола-
ды: ...Қайғылы кісі болғансығаны (II, 162). Араз кісі болғансып 
(1, 62). Еш нәрсе көрмегенсіп бұртақтаған (I, 24). ...Бір міні 
жоқ бендесіп. Сөзі қылжаң еркесіп (I, 154). Еңбегі жоқ еркесіп 
(I, 59). Жанын құрбан жолына қылған жансып(II, 72). Соңғы 
мысалдарда бендесу, еркесу, жансу сөздері – жеке сөз неоло-
гизмдер емес, тіркес неологизмдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет