Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


СӨЗ СОҢЫ НЕМЕСЕ ТҮЙІН СӨЗ



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

СӨЗ СОҢЫ НЕМЕСЕ ТҮЙІН СӨЗ

Өлең – эстетикалық таңбалардың шоғыры. Көркемдік пен 

әсерлілік  –  осы  таңбалардың  нәрі.  Абай  поэзиясының  тілі 

көркемдігі мен әсерлілігі жағынан шырқау биікке – классикалық 

жазба поэзияның сөз үлгісіне қалайша, немен көтерілді деген 

сауалға жауап іздеген бұл шағын жұмысымызда ұсынған ойла-

рымыз бен жасаған талдауларымызды түйіндесек, мыналарды 

айтар едік.

Қазақ  халқының  Абайға  дейінгі  поэтикалық  дүниесі  осал 

болған жоқ, ол ғасырлар бойы халықтың рухани-эстетикалық 

сұранысын өтеп келді. Ол үшін көркем сөздің өзіне хас белгілері 

мен заңдылықтары жасалып, орнықты. Абай өзіне дейінгі сан 

ғасырлық қазақ поэзиясының жалпы заңдылықтарына мойын 

сұнбай кете алмады, өйткені қай ақын болмасын өзіне дейінгі 

сөз  шеберлеріне  сынай  қарауы,  туындыларын  қабылдамауы 

мүмкін, бірақ халқының жалпы және поэтикалық нормаларын 

аттап  кете  алмайды.  Айталық,  Абай  қазақ  өлеңінің  өлшемі 

жағынан  бұрын  болмаған  мүлде  тың  түрлерін  жасады,  бірақ 

бұлар  қазақ  поэзиясының  негізгі  силлабикалық  (буындық) 

заңдылығына бағынды немесе тармақ саны мен ұйқас суретіне 

қарай  өлеңнің  бұрын-соңды  болып  көрмеген  жаңа  түрлерін 

ұсынды, бірақ бұлардың бәрі де өлеңді аяққы ұйқасқа құру шар-

тынан шықты. Абай қазақ құлағы естімеген теңеудің, эпитеттің, 

метафораның және тағы басқа да көріктеу құралдарының небір 

соны түрлерін дүниеге келтірді, бірақ бұлардың да негізгі жа-

салу амалдары бұрыннан бар болатын.

Десек  те  бұлардың  баршасы  поэтикалық  тілдің  жалпы 

заңдылықтары, ал олардың сыртында сан алуан жеке тәртіптер, 

көркемдік  амалдарын  құбылтушы  нормалар,  өзге  тілдердің 

әсерінен  туған  жаңалықтар,  әр  ақынның  өзі  сүйіп  қолданған 

және  активтендірген  тәсілдері  –  қысқасы,  әр  поэтикалық 

мектеп,  әр  кезең,  әрбір  ұлы  суреткер  енгізетін  жаңалықтар 

тұратыны аян.

Қазақтың  Абайға  дейінгі  күшті  дамып  келген  поэтикалық 

тіл  дәстүрінің  өзіне  тән  белгілері  болды:  ол  негізінен  ауыз-

ша  дамыды,  ауызша  таралды,  ауызша  сақталды,  поэтикалық 

мектептердің  ауысуы  баяу  жүрді,  дағдылы  нормалар  ұзақ 


217

сақталды, дәстүр жалғастығы мықты болды. Мұның барлығы, 

бір  жағынан,  поэтикалық  тіл  нормаларын  берік  сақтауға 

ықпал етсе, екінші жағынан, жаңалыққа көп жібермеді. Бірақ 

дамудың аты – даму, оның заңы қазақ өлеңі дүниесінде өзгеріс-

жаңалықтарды  туғызбай  тұра  алмайтын  еді.  Бұл  ұлы  тарихи 

миссия-міндет Абайдай талант иесінің үлесіне тиді.

Абай  қазақтың  поэтикалық  тілінің  бұрынғы  дәстүр-

нормаларын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, жүйеге айналдыру 

сияқты суреткерлік міндеттерді мойнына артты, сонымен қатар 

поэтикалық көріктеудің жаңа амалдары мен соны құралдарын 

ұсыну,  өлең  архитектоникасы  (құрылымы)  мен  фоникасына 

(мақамына, үніне) қазақ құлағы естімеген, қазақ аузы айтпаған 

мүлде  тың  жаңалықтар  әкелу  сияқты  іс-харекеттер  де  Абай 

көтерген  ауыр  да  зор  жүктердің  бірі  болды.  Сөйтіп,  Абай 

қазақтың  ауызша  тараған  көркем  сөзін  ұлттық  жазба  дүние 

дәрежесіне жеткізді, поэти-калық тіліне жаңа сапа енгізді. Бұл 

– Абайды жаңашыл әрі классик қаламгер деп танытты.

Өзіне  дейінгі  де,  өзінен  кейінгі  де  сөз  зергерлерінен 

Абайдың шоқтығы биік тұруының негіз-себептері көп болса, 

солардың  бірі  –  Абайдың  жеке  суреткер  қолтаңбасы  немесе 

шығармашылық контекст дегенді айқын көрсетуі болды, яғни 

ол өзінің ақындық қуатын, сөз тану қабілетін, сөз жұмсау та-

лантын  жаңаша,  өзінше  көрсетті,  өз  қолтаңбасын  танытты, 

мұны таратып айтқанда:

1)  Поэтикалық  көп  (үлкен)  ойды  –  «идеяны»  аз  сөзбен 

берудің  үлгісін  салды,  ол  үшін  бұрынғы  ақын-жыраулар 

тіліндегі  көп  сөзді  шаблондардан,  қызыл  сөзді  риторикадан, 

дидактикалық  параллельдерден  бас  тартты.  Құдайберген 

Жұбанов көрсеткендей, халық жырлары мен ақын-жырауларда 

елін сағынғандықтың идеясын айту үшін, арғымақтың үйірін, 

сұңқардың  ұясын,  қараша  қаздың  көлін  қайсысы  қалай 

сағынатынын айтып алып барып, «ниет қылдым еліме» деген 

өлең  жолын  келтіретін  тәсілге  Абай  бармайды,  айтпақ  ойын 

дәл әрі жинақы етіп беру үшін әсерлі, тың сөз-образдарға иек 

артады,  мұндай  образдарды  молынан  жасайды.  Бұл  орайда 

Гогольдің Пушкин өлеңдері жайында: «Мұнда қызыл сөз жоқ, 

поэзия бар» дегенін Абайға да жанастыра айтуға болады. Оны 



218

ақынның өзі де бірде: Сөзімде жаз бар шыбынсыз деп, енді 

бірде: Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз деп ескертеді.

2)  Мазмұн  мен  түрдің  –  поэтикалық  идея  мен  оны 

білдіретін  тілдік  механизмнің  сай  түсуіне  күш  салу  –  Абай 

қолтаңбасының көзге түсер белгілерінің бірі. Бұл сәйкестікте 

көркем  шығарма  тілінің  «текст  түзу»  деген  шарты  Абайда 

тұңғыш  рет  айқын  көрінеді.  Ақын  текст  түзу  үшін  әр  алуан 

уәжбен  сөз  таңдайды.  Бұл  орайда  тақырыптас  сөздердің,  си-

нонимдес тұлғалардың, төл сөзбен кірме сөздердің, көне мен 

жаңа  сөздердің,  экспрессивтік  бояуы  бар  сөздер  мен  бояу-

сыз жай сөздердің, терминдік мәні бар сөздер мен қарапайым 

тұрмыстық сөздердің, тіпті поэзия тіліне кіретін «хұқы» жоқ 

«қарабайыр»  немесе  «дөрекі»  сөздердің  ішінен  дәл  керегін 

таңдап  алады  да,  оларға  стильдік  жүк  артады,  образ  жасауға 

жұмсайды, экспрессоидтерге айналдырады.

3)  Абай қаламына белгілі бір суретті оқырманның көз ал-

дына  бадырайтып  көрсету  тән.  Мұны  орысшалап  айтқанда, 

кино  өнеріндегі  «крупным  планом»  деп  аталатын  тәсілмен 

салыстыруға болады. Бұл тәсілде кинода айырып көрсетілмек 

бір нәрсе (деталь, айталық, адамның бет-жүзі) экранды толық 

алып,  барынша  үлкейтіліп  түсіріледі.  Бұл  амал  поэзияда 

да  орын  алады.  Орыс  поэтикасында  мұны  тұңғыш  енгізген  

А.С. Пушкин болса (Онегинге хат жазып отырған Татьянаның 

әсемдеп шиырып қойған шашын – локондарын суреттегені – 

кейіпкердің  жан  толқынын  танытатын  бет  әлпетін  үлкейтіп, 

«бадырайтып»  керсеткені),  қазақ  поэтикалық  тілінде  де  сөз 

экранын  толық  алып  жатқан  суреттерді  тұңғыш  рет  Абай 

ұсынды  деуге  әбден  болады.  «Қансонарда  бүркітші 

шығады


 

аңға» өлеңіндегі бүркіттің аспанға қайқаң етіп ұшып шығуы, 

түлкіге  түскен  суреті,  құсына  мәз  болып,  насыбайын  атып 

тұрған аңшының бейнесі – бәрі де «үлкейтіліп» бүге-шігесімен 

көрсетілген.  «Ел  аулақта  жолғасқан»  ғашықтардың  иықтары 

түйісіп тұрғанын, әдепті жас сұлудың өз сезімінен өзі қысылып, 

«көздері  төмендеп»  тұрғанын  өлеңнен  оқығанда,  тағы  да 

киноның  «крупный  планын»  көргендей  боламыз.  Шындық 

картинаны бұлайша анық етіп, «детальдап» нақ түрінде көзге 

елестетіп ұсыну қазақ поэзиясында Абайға дейін бұрын-соңды 

болған  емес.  Ал  осындай  «үлкейтіп»  көрсетілетін  суреттер 


219

үшін Абай қазақ өлеңі тіліне нақты зат атауларын, оның ішінде 

тіпті тұрмыстық зат аттарын, қарапайым қимыл, іс-әрекет ата-

уларын енгізді, қысқасы, поэзия тілін өмірге, адамның өзіне, 

оның айналасына жақындатты (әдетте поэзия – түйіскен иық 

немесе  атқан  насыбай  сияқты  «ұсақ-түйекті»  елемеуге  тиіс 

жоғары материя ғой).

4)  Сөз  –  өлең  тілінің  арқауы.  Поэтикалық  өрнек  сөзден 

өріледі. Абайдың алдындағы Шөже ақын «қызыл тілден өрдім 

өрім»  деп  әдемілеп  айтқан-ды.  Бұл  өрнекті  салатын  өткірдің 

жүзіндей,  кестенің  бізіндей  қызыл  тіл  болса,  оның  сол  жүзі 

мен  бізі  –  сөз,  сөз  тіркесі,  сөздердің  бір-бірін  сүйеуі,  бір-

бірімен  «ұжымдасуы»,  бірін-бірі  «итеруі»  түрінде  көрінеді. 

Міне,  осы  қасиеттерді  Абай  нағыз  зергер  ретінде  керемет 

таныған, таныған соң таңдай білген, таңдаған соң орын-орны-

на жұмсай білген. Бұл тұжырымды ғылым тілімен айтсақ, Абай 

поэтикалық  образ  жасауда  сөз  мағынасын  құбылтудың  сәтті 

үлгілерін  ұсынды  дейміз,  яғни  сөздің  қосымша  мағыналық 

реңктерін  (коннотативтік  қызметін)  тап  басып  немесе  сөзге 

қосымша  реңк-семаларды  өзі  беріп,  айтпақ  ойының  әсерін 

күшейтті, қарапайым сөздердің мағынасын ауыстырып, олар-

ды образға айналдырды, синонимдік қатарларды қолданудың 

жаңа жолдарын керсетті. 

5)  Абайдың  поэтикалық  тілінде  көзге  түсетін  ең  үлкен 

құбылыстың бірі фразеология саласында болды. Мұнда да Абай 

қазақтың көркем тіліне жаңа үлгілер ұсынды. Фразеологизм-

дер дегеніміз – тұнып тұрған образ, ал өлең сөз – поэтикалық 

образдар  әлемі.  Сондықтан  бұл  қазына  Абайға  дейінгі  қазақ 

көркем  сөзінде  де  мол  болатын.  Осы  мол  дүниені  Абай 

жатсынған жоқ, бірақ оны түгелімен сол қалпында пайдаланба-

ды, оны жоғарыда айттық. Әрине, бұл әрекет әйтеуір байырғы 

дүниенің  барлығынан  қашу  керек  деген  пейілден  туған  жоқ. 

Абай  шығармашылығының  мазмұнынан,  сөз  өнерін  жаңаша 

ұсыну  принциптерінен  («сөз  түзелгендігінен»),  «түзелген 

сөзді», яғни жаңа поэзияны жаңаша көріктеп беруді көздеуден 

туды. Ол үшін Абай қазақ поэтикасында бұрын жалпы ныша-

ны  болған  амалдарды  жандандырды.  Мысалы,  перифраз  деп 

аталатын тәсілді молынан қолданып, оны жүйеге айналдырды

мағыналық өрістері бөлек сөздерді тіркестіріп, образ жасаудың 


220

не  бір  әсерлі,  әдемі  түрлерін  ұсынды;  сөздердің  эстетикалық 

зонасын  кеңейтті;  фразеологизмдердің  құрылымын  өзгертіп 

қолданудың да жаңа үлгісін салды: тұрақты сөз тіркестерінің 

кейбір  тәртібін  бұзып,  оларды  «тұрақсыздандырды»,  ол 

үшін фразеологизм құрамына қосымша сөздер қосып немесе 

компоненттерін ауыстырып я болмаса орындарын алмастырып 

қолданды. Қысқасы, Абай тілдің өте бейнелі, көрікті, бай бөлігі 

–  фразеологизм  саласына  «төңкеріс»  жасағандай  болды,  бұл 

төңкерісте өзгерістермен қатар жаңалықтар молынан көрінді.

6)  Бұдан  да  үлкен  «төңкерісті»  Абай  қазақ  өлеңінің  архи-

тектоникасында  (құрылымында)  жасады:  мүлде  тың  өлшем- 

дер мен ырғақтар әкелді, бұрын жоқ шумақ түрлерін ұсынды, 

шумақ  пен  шоғырдың  құрылымын  құбылтты:  атақты 

«Сегізаяқтан» бастап, алты тармақты шумақтан тұратын өлең 

– «алтыаяқтардың» неше түрін, жеті, тоғыз, он төрт «аяқты» 

өлең  құрылымын  дүниеге  келтірді.  Бұл  құрылымдар  қазақ 

өлеңінің  синтаксисіне,  интонациясына  жаңалықтар  әкелді: 

қазақ өлеңі жазба поэзия статусына көтерілді; жазба поэзияға 

тән «өлең тасымалы», ауызекі сөйлеу интонациясы дегендерді 

көрсетті.

7)  Пушкиннің  поэзиясы  туралы  П.И.Чайковский:  «Пуш- 

киннің  өлеңдеріне  музыка  жазып  әуреленудің  қажеті  жоқ, 

оның өзі музыка», – деген екен, сол сияқты Абай өлеңдері де 

тұнып тұрған үн гармониясы: ол қазақ өліңінің үнін, дыбыстық 

әуенін  (фоникасын)  құбылтып,  оның  құлаққа  жағымды 

музыкалылығын күшейтті, ол үшін бұрыннан бар ассонанс, ал-

литерация, анафора, эпифора сияқты дыбыстық үйлесімдермен 

бірге, түбірлес сөздерді қатар келтіру, ішкі ұйқастарды жиірек 

қолдану сияқты шеберліктің де үлгісін көрсетті.

8) Қазақ тілінің поэтикасына Абай әкелген жаңалықтар мен 

ол  жасаған  өзгерістер  жалғасын  тапты.  Абайдың  тіл  өрнегі 

бас-аяғы жоқ тұйықталған, қайталанбас феномендік құбылыс 

болып  қалған  жоқ,  қазақтың  мәдени  көгінде  тарихи  баста-

ма болып көрініп, әрі қарай ұласқан ұлттық мәнді табыс бо-

лып  шықты.  Оны  Шәкәрімнен  бастап,  бүгінгі  ең  жас  қазақ 

ақынының поэтикалық дүниесі дәлелдейді.


221

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ 

СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ 

222

Жауапты редактор: филология ғылымының докторы, 

профессор 3.Ахметов

Бұл  кітапта  автор  қазақ  өлеңдерінің,  оның  ішінде  Абай 

өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысын  олардың  ұйқас  суре- 

тіне,  өлшем  түрлеріне  және  композициялық  құрамына  бай-

ланыстыра  талдайды.  Сол  арқылы  Абайдың  өзіне  дейінгі 

әдеби  дәстүрді  қалай  пайдаланғанын,  поэзия  синтаксисіне 

енгізген өзгеріс-жаңалықтарын көрсетеді. Абай поэзиясының 

синтаксистік  құрылысын  талдау  ақынның  оқушы  назарын 

аудартпақ  болған  кейбір  идеялары  мен  ойларын,  сондай-ақ 

суреткерлік қалам тартысын тануға жәрдемдеседі.

223

АЛҒЫ СӨЗ

Өлең синтаксисін өз алдына арнайы сөз ету қажеттігі бар.

Әрине, өлеңді сөйлем (өлең тілі) – жалпы тілден тыс, бөлек 

тұрған  дүние  емес,  өлең  де  қарым-қатынас  құралының  бір 

түрі ретінде келіп, тілдің жалпы зандарына бағынады. Сөйте 

тұра поэзиялық шығармалардың өзіне тән, яғни өлең құрауға 

қатысатын өз заңдары және болады

52

. Бұл заңдар ырғақ, ұйқас, 



шумақталу,  интонациялық-мелодиялық  құбылыс  тәрізді  өлең 

белгілеріне  қарай  пайда  болады.  Қысқасы,  өлең  тілінің  қара 

сөз (проза) тілінен өзгешеленетін құрылымдық ерекшеліктері 

бар. Ол ерекшеліктер жалғыз синтаксис саласын қамтымайды, 

«структурные своеобразия стихотворной речи выражаются как 

в специфических свойствах ее звукового лада, звуковой систе-

матизации,  ее  синтаксического  строения  и  членения,  так  и  в 

отличиях словоупотребления и словесной семантики»

53

.

Осы  ерекшеліктердің  ішінде  біздің  қазіргі  назар  аударып 



отырғанымыз – өлеңнің, оның ішінде Абай поэзиясының син- 

таксистік құрылысы. «Өлеңнің синтаксисі» атты тақырып орыс 

филологиясында едәуір жиі сөз болып келеді. Н.С.Поспеловтің 

Пушкин өлеңдерінің синтаксистік құрылысын талдаған арна-

улы  еңбегі  сияқтыларды  былай  қойғанда,  Б.В.Томашевский, 

В.М.Жирмунский, Л.И.Тимофеев, В.В.Виноградов, Л.В.Щерба, 

Г.О.Винокур,  Ф.Е.Корш,  О.Брик,  В.Брюсов,  Ю.Тынянов  т.б. 

тәрізді  зерттеушілердің  жұмыстарында  өлең  синтаксисіне 

қатысты  жеке  талдаулар  мен  пікірлерді,  тұжырымдар  мен 

топшылауларды  табамыз.  Бұлар  көп  ретте  бізге  теориялық 

және  методологиялық  жағынан  басшы  материал  болғанын 

білдіреміз.

Қазақ  филологиясында  күні  бүгінге  дейін  белгілі  бір 

ақын  өлеңдерінің  немесе  жеке  поэзиялық  шығармалардың 

синтаксистік  құрылысын  арнайы  зерттеген  монографиялық 

еңбек жоқ. Бірақ жалпы өлең құрылысына немесе өлеңнің жеке 

белгілеріне арналған жұмыстарда поэзия тілінің синтаксистік 

52

 Томашевский Б. В. Стилистика и стихосложение. - Л., 1959. - С. 293.

53

 Виноградов В. В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1963. - С. 67.


224

құрылысы, әсіресе, оның жеке мәселелері жайында айтылған 

пікірлер  мен  талдаулар  бар.  Бұлардың  ішінде,  әсіресе,  проф. 

Қ.Жұмалиев қазақ өлеңінің табиғатына жиірек үңіліп, бұл са-

лада  көптеген  пікір-тұжырымдар  мен  талдаулар  ұсынғанын 

атаймыз


54

.  Сондай-ақ  І.Жансүгіров,  М.Әуезов,  С.Мұқанов, 

Е.Ысмайылов,  Б.Кенжебаев,  Ы.Дүйсенбаев,  Т.Нұртазин, 

Ғ.Мүсірепов,  3.Ахметов,  М.Хамраев

55

  т.б.  тәрізді  әдебиетші 



және жазушылар мен Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, 

І.Кеңесбаев,  Х.Махмудов,  М.Балақаев,  Т.Қордабаев,  Ғ.Мұса- 

баев  тәрізді  тіл  мамандарының  әр  кезде,  үлкенді-кішілі  әр 

алуан жұмыстарында қазақ өлеңінің құрылысы, ондағы жеке 

сөздер  мен  тұлғалардың  қолданысы,  өлеңнің  ырғақ,  ұйқас, 

өлшем сияқты шарттары сөз болады.

Өлеңнің  синтаксистік  құрылысын  талдауда,  ең  алдымен, 

өлеңнің жалпы белгілері мен жеке жайттарын танып білу аса 

қажет.  Сондықтан  біздің  бұл  жұмысымызға  жоғарғы  аталған 

зерттеушілер  мен  мамандардың  мақалалары  мен  еңбектері 

зор көмегін тигізді. Бұлардың ішінде, әсіресе, қазақ өлеңінің 

құрылысы  мен  Абай  поэзиясының  құрылысын  арнайы  зерт-

теген  құнды  еңбек  З.Ахметовтің  «Казахское  стихосложение» 

атты  кітабы  мен  мақалаларының  біздің  бұл  талдауларымыз 

үшін мәні зор болғанын атап өтеміз. Сонымен қатар тілшілер 

тарапынан өлең синтаксисі тақырыбына тұңғыш қалам тартқан 

Т.Қордабаевтың  «Поэзиялық  шығармалардың  синтаксистік 

құрылысы»  атты  жұмысын  да  арнайы  атаймыз

56

.  Мұнда  ав-



54

  Жұмалиев  Қ.  Әдебиет  теориясы.  -  Алматы,  1960;  Қазақ  әдебиеті  тарихының 

мәселелері және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1960.

55

 Жансүгіров I. Абайдың сөз өрнегі // Әдебиет майданы. - 1934. - № 11-12; Ауэзов 

М. Мысли разных лет. - Алма-Ата, 1959; Мұқанов С. Қазақ өлеңі туралы// Социалистік 

Қазақстан. - 1935. - №108; Муқанпов С. Жарқын жұлдыздар. - Алматы, 1964; Мұқанов 



С. Абай – қазақ халқының ұлы кемеңгері //Абай Құнанбаев. Шығармаларының толық 

жинағы. - Алматы, 1945; Кенжебаев Б., Жовтис А. Заметки о ритмике стихов Абая //

Вестник АН КазССР. - 1954. - №9; Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы. - 

Алматы, 1955; Нуртазин Т. О творчестве С. Муканова. - Алма-Ата, 1951; Исмаилов Е. 

Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия языка и литературы. 

-  Вып.  II.  -  1945;  Мүсірепов  Ғ.  Қазақ  әдебиетінің  өркендеу  жолындағы  Абайдың 

тарихи  орны  //  Жизнь  и  творчество  Абая.  -  Алма-Ата,  1954;  Ахметов  3.  Казахское 

стихосложение.  -  Алма-Ата,  1964;  Хамраев  М.  Ос новы  тюркского  стихосложения.  - 

Алма-Ата, 1963 т.б.

56

  Қордабаев  Т.  Поэзиялық  шығармалардың  синтаксистік  құрылысы  //Тарихи 

синтаксис  мәселелері.  -  Алматы,  1965  (бұл  жұмыстың  бас  жағындағы  едәуір  бөлігі 

Қазақ ССР Ғылым академиясының 1964 жылғы Хабарларында, Қоғамдық ғылымдар 

сериясының 6-нөмірінде жарияланған).


225

тор өлең синтаксисінің прозадан ерекше болатындығы туралы 

өзіне  дейінгі  орыс,  қазақ  филологтарының  айтқан  пікірлерін 

көрсете келіп, шумақ мәселесіне тоқталады және синтаксистік 

тұтастық  құрайтын  компоненттердің  бір-бірімен  байланысу 

жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ бұл жұмыста зерттеуші ауыз 

әдебиетінің екі үлкен мұрасы – «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш-

Баян  сұлу»  шығармаларының  синтаксистік  құрылысын  тал-

дайды.

Осылардың  барлығы,  біріншіден,  өлең  синтаксисін,  оның 



ішінде  жеке  қаламгерлер  шығармалары  мен  жеке  нұсқалар 

(мысалы,  эпостық  жырлар)  тілінің  синтаксистік  құрылысын 

талдап, солар бойынша қажетті тұжырымдар айтатын кез туға- 

нын көрсетсе, екіншіден, осы жұмысқа тікелей кірісуге мүм- 

кіндік берді.

Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысын  тану  арқылы 

олардың  кейбіреулерінің  композициялық-тематикалық  құры- 

лымын  білуге  болады.  Ал  шығарманың  тақырыбы  мен  ком- 

позициясын ашу қаламгер стилін тануға барып ұштасады. Бұл 

–  жеке  мәселе.  Жалпыға  келгенде,  бұл  талдаулар,  біздіңше, 

екі  түрлі  міндетті  өтейді,  оның  біріншісі  –  қазақ  өлеңінің 

синтаксистік  құрылысының  проза  синтаксисінен  өзгешелігі 

қандай;  өлеңнің  ұйқасы,  өлшемі,  композициялық  құрылысы 

және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен синтаксисінің арақатынасы 

қандай;  өлең  құрайтын  компоненттердің  (шумаққа  немесе 

тирадаға  ұйымдасқан  сөйлемдер  мен  оның  бөліктерінің)  бір- 

бірімен  іліктесіп,  байланысу  амалдары  қандай  –  деген  мәсе- 

лелердің сырын ашу.

Екіншісі – Абай поэзиясы мен оған дейінгі қазақ поэзиясы- 

ның  синтаксистік  құрылысында  қандай  өзгешеліктер  бар, 

яғни Абай поэзиясының бұл салада қосқаны мен жаңартқаны 

неде,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиеттің  өлең  синтаксисі 

тарауындағы  жақындығы  мен  алшақтығы  неде  –  деген 

сұрақтарға жауап іздеу.

Ол  үшін  біз  ең  алдымен  өлең  тілінің  синтаксистік  құры- 

лысының  ерекшеліктерін  сөз  еттік.  Мұнда  жалпы  отандық 

ғылымда, оның ішінде әсіресе орыс филологиясында бірқыдыру 

орныққан,  танымалды  қағидаларды  қазақ  өлеңі  синтаксисіне 



226

жанастырумен  бірге,  қазақ  тілінің  құрылымдық  өзгешелігі 

және  қазақ  поэзиясының  сан  ғасырлық  дәстүрі  нәтижесінде 

пайда болған өзіндік белгілері мен факторлардың бар екендігін 

көрсетуге  талаптандық.  Әрі  қарай  өзіміз  белгілеген  негізгі 

объектілерді  жеке-жеке  талдадық,  атап  айтқанда,  Абайдың 

шумақты,  шумақсыз  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысы: 

өлең  синтаксисіндегі  инверсияның,  тасымалдың  рөлі  мен  

қызметтері;  ұйқасқа  қатыстырылған  сөздер  мен  өлең  син- 

таксисінің арасындағы байланыс; өлеңдегі ықшамдау заңының 

синтаксистегі көрінісі деген жайларды сөз еттік.

Өлең  синтаксисін  талдау  үстінде  көп  сәтте  оның  компо- 

зициялық-тақырыптық  құрылысын  да  қоса  талдап  отырдық. 

Өйткені  өлеңнің  синтаксисі  көбінесе  оның  тақырыбы  мен 

идеялық құрылысына тікелей байланысып жатады, сондықтан 

оның  композициясын  дұрыс  жіктеу  синтаксистік  құрылысын 

дұрыс талдауға бірден-бір себепкер болады.

Бұл  жұмысты  «Абай  өлеңдерінің  композициялық  синтак- 

систік  құрылысы»  деп  те  атауға  болар  еді.  Бірақ  негізгі 

объектіміз синтаксистік элементтер болғандықтан, кейбір шы- 

ғармалардың композициялық құрылысын талдау негізгі тақы- 

рыбымызға  жәрдемдесетін  қосымша  тәсіл  болғандықтан, 

жұмысты «Синтаксистік құрылыс» деп атадық.


227

ӨЛЕҢНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Өлең тілінің

57

 синтаксисін сөз ету үшін үлкен екі топ мәсе- 



ленің бетін ашып алу қажет болады. Бірінші – поэзия тілінің 

синтаксистік  құрылысы  дегеннің  өзі  қандай  мәселелерді 

қамтиды, екінші – өлең синтаксисіне қатысты қандай фактор-

лар бар. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты: мәселелердің 

алғашқы  тобы  келесі  топтағылардан  шығарылып  айқындала- 

ды. Поэзия тілінің синтаксисін зерттеу өлең тексін классика- 

лық  грамматиканың  (оның  ең  шағын  түрі  –  мектеп  грамма- 

тикасының) схемасына салып, сондағы категориялардың бар-

жоғын, нормалы-нормасызын түгендеп шығу емес екені айдан 

анық. Өлеңді сөйлемнің синтаксистік құрылымын сөз еткенде, 

ең алдымен, оның қара сөздегі (әдеттегі) сөйлем құрылымынан 

түбірлі  айырмасын  ескеру  қажеттігі  туады.  Өлеңді  сөйлем– 

ерекше  сөйлем.  Бірақ  оның  ерекшелігін  прозадағы  сөйлем 

құрылымы  түп-тамырымен  бұзылып,  сөйлем  нормасына  де-

формация  жасалады  деп  ұғынуға  болмайды.  Өлеңдегі  син-

таксис  ырғаққа  (ритмикаға)  байланысты  құрылатындығымен 

ерекшеленеді. «Поэт как бы ставит задачу «оправдать ритм»

58



Сонымен қатар өлең сөйлемдері буын, бунақ (өлшем– метри-

ка)  тәртіптеріне  қарай  қара  сөздегіден  басқаша  құрылады»

59



Демек,  бұл  жерде  (өлеңде)  кейбір  ғалымдар  (Б.Эйхенбаум, 



57

  Орыс  филологиясынан  стихотворная  речь  деген  терминді  жиі  кездестіреміз. 

Орыс тіліндегі ғылыми әдебиетте «язык» пен «речь» сөздерін ажыратып, терминдеу 

тенденциясы  күшті.  «Л.  Якубинский...  определяет  речь  как  явление  языка.  Если 

язык  есть  система  знаков,  то  речь  –  действие,  использование  этих  знаков...  язык 

есть возможность выражать мысли и чувства, а речь – одна из реализованных форм 

этой  возможности»  (Махмудов  Х.Х.  Некоторые  вопросы  теоретической  сти листики 

// Филологический сборник. - Вып. IV. - Алма-Ата, 1965. - С.225). Орысша-қазақша 

лингвистикалық  терминдер  сөздігі  (Алматы,  1966)  бойынша  речь  қазақша  –  «сөз, 

тіл». Сөйтіп, қазақша екі ұғымды да бір ғана «тіл» сөзімен білдіруге мәжбүрміз. Осы 

жұмыста  бірсыпыра  терминнің  қазақшасын  жаңадан  жасауға  немесе  сәл  өзгертіп, 

басқаша  атауға  тура  келді,  өйткені  өлең  тілінің  синтаксисі,  жалпы  өлең  құрылысы 

туралы қазақ тілінде жазылған ғылыми әдебиеттің әлі де тапшылығы бұл саладағы 

қазақша терминдердің қалыптасып, дағдылы болып кетуіне мүмкіндік бермей келеді. 

Сондықтан біраз сәттерде біз бірсыпыра терминдердің орысшасын жақша ішіне қоса 

көрсетіп отырдық.

58

 Томашевский Б.В. Стих и язык. - М., 1958. - С. 20.

59

 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 154-6.



228

О.Брик)  көрсеткендей,  жалаң  синтаксис  емес,  ритмика-син-

таксис  (дәлірек  айтсақ,  ритмикалы  синтаксис)  құбылысын 

зерттеуіміз керек. Бірақ қайткенде де өлең синтаксисі мен жал-

пы синтаксис екеуі – екі бөлек дүние емес. Өлең тіл нормасы-

нан шығып кетпейді, соның заңдарына сүйенеді

60

. Керісінше, 



проф.  Қ.Жұбанов  дәл  айтқандай,  ол  әдеби  тіл  нормасын 

белгілеуге әсерін тигізеді: «...Художественная литература дей-

ствительно  отличается  (особенно  когда  она  стихотворна)  от 

обыденной, т.н. «рассудочной» речи своим синтаксисом, мор-

фологией и лексикой, но тем не менее подчиняется известному 

закону, более того, задает тон в установлении грамматических 

законов языка»

61

.



Қара сөзбен берілген ойымызда сөйлемдер өзара тығыз бай-

ланысып, күрделі синтаксистік тұтас дүниелер құрайтын болса, 

өлеңде оның тармақталуына, тармақтардың ұйқасуына, әсіре- 

се, өлеңнің шумақтарға бөлінуіне қарай ондағы сөйлемдердің 

бір-бірімен топтасуы тіпті күшті болады

62

: өлеңдегі сөйлемдер 



өзіне  тән  әр  алуан  тәсілдермен  берік  жымдасып,  «цементте- 

ліп»  қалады.  Демек,  өлеңді  фразаны,  не  сөйлемді,  немесе  

сөйлемдер тіркесін  талдағанда,  оларды қарапайым  (қара  сөз- 

дегі)  синтаксис  категорияларына  қарай  бұтарлай  салуға  бол- 

майтындығы  былай  тұрсын,  өлең  синтаксисін  өзіне  тән 

тәсілдерді қоса қамтып зерттеуге мәжбүрміз.

Қара сөз синтаксисіне қарағанда, өлеңді сөзде сөйлемдер- 

дің  бір-бірімен  байланысу  амалдарында  синтаксистік  қайта- 

лаулар, яғни жарыспалы сөйлемдер тобы болуы тәрізді немесе 

сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінде инверсия, өлең тасы-

малы (стиховой перенос) тәрізді өзгешеліктер көзге түседі.

Орыс  тіліндегі  өлең  құрылысын  зерттеуші  Н.С.Поспелов 

өлең  тілінің  синтаксисін  күрделендіретін  алты  түрлі  фактор-

ды ескеруді ұсынады. Олар: 1) өлең тармағындағы сөздердің 

мейлінше  тығыз  топталатындығы;  2)  өлең  тармақтарының 

бірінен екіншісіне көшкенде, синтаксистік байланыстың әлсі- 

60

  Тимофеев  Л.  Слово  –  образ  –  слово//Вопросы  литературы.  -  1962.  -  №6.  -  С. 

82-84.


61

 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966. - 52-6.

62

 Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. - 

М., 1960. - С. 5-6.


229

рей түсетіндігі және керісінше, вертикаль байланыс дегеннің 

пайда болатындығы; 3) өлеңдегі сөйлемдерді бір-бірімен бай- 

ланыстыруда әрқилы тәсілдердің қолданылуы, олардың ішін- 

де  шылаулардың  байланыстырушылық  (присоединительная)  

рөлі;  4)  инверсия  мен  әртүрлі  ұйқастыру  тәсілдерінің  рөлі; 

5)  өлең  тасымалының  синтаксистік  қызметі;  6)  өлеңнің  шу- 

маққа  бөліну-бөлінбеуіне  қарай  тармақтардың  өзара  бірігу 

ерекшеліктері

63

.



Орыс  өлеңінің  синтаксисін  зерттеген  бұрынды-соңды  ең- 

бектердің күллісін пайдалана, ескере келе ұсынылған бұл пікір- 

ді кәдемізге жарата отырып, барлығын түп-түгел қазақ өлеңі- 

нің  синтаксистік  құрылымына  көшіре  салуға  болмайтынды- 

ғын көрсетеміз.

Өлең  табиғаты  прозадан  өзгеше  келетіндігі  барлық  тілде  

де бар факт болғанымен, сөз жоқ, өлең заңдылықтары ұлттық 

болып  табылатындығын  айтқан  пікірлерді  біз  де  қостаймыз. 

Бұл  тұжырымды  Б.В.Томашевский  «Стих  и  язык»  деген 

еңбегінде бірнеше рет қайталап келтіреді. «Ритмизируемый ма-

териал по природе своей национален», «но в общем случае сти-

хотворная система основывается на свойствах родного языка». 

«Как бы ни был специфичен и своеобразен строй стиха, этот 

строй принадлежит языку и неповторим за пределами нацио-

нальных форм речи. В этом причина того, что поэзия остается 

всегда наиболее национальной формой искусства»

64

. Егер өлең 



заңдылықтары ұлттық жеке тіл нормаларынан тыс құрылатын 

болса,  олар  дүниежүзіндегі  тілдердің  бәріндегі  өлең  үшін 

ортақ болған болар еді. Шындығында, олай емес. Ортақ заңдар 

да бар, сонымен қатар әр тілдің өзінің құрылымдық белгілеріне 

және  әдеби  дәстүріне  орай,  сол  тілдегі  өлеңнің  ритмикалық-

синтаксистік  құрылысында  өзіне  тән  (немесе  сол  семьядағы 

тілдердің көпшілігіне тән) өз заңдылықтары және болады. Мы-

салы, орыс зерттеушілері көрсеткен факторлардың бірқатары 

қазақ өлеңінде не мүлде есепке ілінбейді, не өте әлсіз, неме-

се оның белгілі бір дәуірдегі сипаты қазіргіден өзгеше болып 

келеді.  Айталық,  өлең  тасымалы  –  орыс  поэзиясында  XIX 

63

 Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. - 

М., 1960. - С. 9.

64

 Томашевский Б.В. Стих и язык. - М., 1958. - С. 21, 23, 62.



230

ғасырдың  өзінде-ақ,  мысалы,  Абай  көп  оқыған  Пушкинде 

әлдеқайда кең қолданылған тәсілдің бірі болса, өткендегі қазақ 

өлеңінде, оның ішінде Абайда, әлдеқайда әлсіз, сирек құбылыс. 

Бұл – орыс поэзиясындағыдай өлең материалын синтаксистік 

жағынан ұйымдастыратын негізгі амалдың бірі ретінде көріне 

алмайды. Сол сияқты орыс өлеңінде тармақтардың жоғарыдан 

төмен қарай іліктесуі, яғни тармақ басындағы сөздердің тығыз 

байланысты  болып  келуі  (вертикальная  связь  строк  неме-

се  синтаксическая  унизывание  по  вертикали  начальных  слов 

в  смежных  строках)  –  өлең  синтаксисін  талдауда  ескерілетін 

факторлардың  бірі.  Мысалы,  Пушкиннің  «Медный  всадник» 

шығармасындағы:

Из тьмы лесов, из топи блат 

Вознесся пышно, горделиво, – 

дегенінде  «Из  тьмы...  вознесся»  ...болып,  тармақтар  басы-

на бір-бірін айқындай түсетін баяндауыш пен соған қатысты 

пысықтауыш орналасқан

65

. Ал қазақ өлеңі үшін тармақтардың 



бұл тәрізді жоғарыдан төмен қарай байланысуы тән емес.

Сондай-ақ  орыс  өлеңінің  синтаксистік  құрылысында 

бірнеше тармақты бір тұтас единица етіп құрастыруда и, или 

тәрізді  жалғаулық  шылаулардын  рөлі  зор,  бұлар  мұндайда 

жалғастырушылық  (сочинительный)  емес,  байланыстыру- 

шылық  (просоединительный)  қызмет  атқарады.  Ол  күрделі 

синтаксистік  тұтастыққа  енген  сөйлемдердің  ең  соңғысының 

алдында  тұрып,  оны  алдыңғы  тармақтармен  байланыстыра- 

ды

66

.  Бұл  тәсіл  Пушкинде  өте  жиі  қолданылғанын  Н.С.Пос- 



пеловтің  арнаулы  талдауынан  көреміз.  Ал  қазақ  өлеңіне  бұл 

фактор  да  жанаспайды.  Жалғаулық  шылаулар  қазақ  өлеңінде 

байланыстырушы, топтаушы рөл атқармайды (салаласқан жай 

сөйлемдер  арасында  келуі  бұл  қызметке  жатпайды),  қазақ 

өлеңінде осы рөлді өзге грамматикалық элементтер атқарады. 

Айталық,  бірнеше  сөйлемді  бір  тұтастыққа  топтауда  өткен  

65

 Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. - 

М., 1960. - С. 12-13.

66

 Н.С. Поспеловтың көрсетілген кітаптағы талдауы бойынша (16-6) бұған мынадай 



мысал келтіруге болады:

Сюда по новым им волным 

Все флаги в гости будут к нам,

И запируем на просторе.



231

шақ көсемше тұлғасының рөлі көзге түседі. Сол сияқты, біз- 

діңше,  қазақ  тілінде  (және  жалпы  түркі  тілдерінде)  тәуелдік 

жалғаулы сөздің синтаксистік тұтас единица жасаудағы қызметі 

айрықша танылады. Бұлардан басқа есімдіктер арқылы топта-

су  да  –  қазақ  өлеңінде,  біздің  байқауымызша,  әлдеқайда  ак-

тив  тәсіл  (бұл  тәсілдердің  әрқайсысы  жайында  кейін  арнайы 

тоқталамыз).

Сондай-ақ  ортақ  белгілер  де  бар.  Қай  тілде  де  өлең  син- 

таксисі  проза  синтаксисінен  әлдеқайда  күрделірек  келеді. 

Б.В.Томашевскийдің  байқауынша:  «У  Пушкина  проза  обла-

дает  значительно  более  простым  синтаксисом,  чем  стих,  об-

ладающий  гораздо  более  сложным  аппаратом  соотношений 

и связей»

67

. Дәлірек айтсақ, қара сөз көтере алмайтын кейбір 



конструкцияларды өлең синтаксисі жеп-жеңіл көтеріп түрады. 

Ол ауырлықтар, біздіңше, қазақ тілінде ұлан-ұзақ сөйлемдерді 

сыйыстыру  тәсілін  қолданған  сәттерде  (мысалы,  Абайдың 

«Жайнаған туың жығылмай» деп басталатын өлеңін алыңыз), 

әрқилы параллельдерді молынан келтірген кездерде (мысалы, 

«Сегізаяқты» қараңыз), инверсия тәсілін пайдаланған жерлер-

де  үнемдеу  принципін  ұстап,  сөйлем  мүшелерін  немесе  шы-

лауларды түсіріп құрған тұстарда болады. Осындай жерлердің 

барлығы прозада болса, сөйлем және сөйлемдер тобы (күрделі 

синтаксистік тұтастық) не түсінуге ауыр, не мүлде түсініксіз 

болып шығар еді. Абайдың мына бір шумақ өлеңін қара сөзбен 

жазып, проза түрінде оқып көрсек: «Көңіл қайтты достан да, 

дұшпаннан  да,  алдамаған  кім  қалды  тірі  жанда,  алыс-жақын 

қазақтың  бәрін  көрдім,  жалғыз-жарым  болмаса  анда-санда» 

деген  варианты  прозадағы  былайша  құрылған  вариантынан 

әлдеқайда  күрделі:  «Достан  да,  дұшпаннан  да  көңіл  қайтты, 

[өйткені]  анда-санда  [кездесетін]  жалғыз-жарым  [ы]  болма-

са, алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім, [солардың ішінде] тірі 

жанда  алдамаған  кім  қалды?»  Бұл  конструкцияның  өлеңді 

құрылысында ең алдымен инверсия күшті, ол бір сөйлем ая- 

сында  да,  сөйлемдердің  өзара  орналасуы  саласында  да  бар,  

екіншіден, айтылмақ ой компоненттерін бір-бірімен дәнекер- 

лейтін  жеке  сөздер  мен  шылаулар  түсірілген,  үшіншіден,  бір 

67

 Томашевский Б.В. О стихе. - Л., 1929. - С. 315.



232

жерге едәуір көп сөйлем шоғырланған. Бірақ осының барлығын 

оңай көтеріп тұруға өлең ырғағы мен өлшемі себепші болып 

тұр;  әрбір  тармақтың  интонациялық  оқшаулығы  олардың 

әрқайсысына жеке-жеке ой екпінін түсіреді; өлеңнің тармаққа 

бөлінуі арқылы әр тармақ не жеке сөйлем, не күрделі сөйлем 

мүшесі  болып  ұйымдасады  да,  кейін  бастарының  құрасуына 

жеңілдеу соғады. Белгілі бір айтылмақ ой тұтастығы, мағынасы 

бір-біріне қатысты жеке сөйлемдердің қатар айтылуы (сополо-

жение), субъектінің ортақтығы – осылардың барлығы бұл кон-

струкцияны дұрыс ұғынылатын өлең шумағына айналдырады.

Қай  тілдің  болмасын  өлең  табиғатына  тән  бұл  тәрізді 

белгілер қазақ өлеңінің де синтаксисін талдауда еске алынады.

Сөйтіп,  өлең  тілінің  синтаксисін  танып-білуде  жалпы 

өлең табиғатына сай барлық тілге ортақ факторлармен қатар, 

өлеңнің  әр  тілдегі  ұлттық  ерекшелігін  қоса  тауып,  талдауға 

мәжбүрміз.  Ортақ  белгілердің  өзінде  әр  тілдің  структуралық 

құрылысы мен әдеби дәстүріне байланысты ерекше назар ау-

даратын  сәттері  болады.  Қазақ  өлеңінің,  оның  ішінде  Абай 

поэзиясының  синтаксисін  талдағанда,  оған  тікелей  қатысты 

мынадай факторларға назар аударамыз.

Өлең  түрінде  ұйымдастырылған  күрделі  синтаксистік 

тұтастықтың  жігін  ажыратып  талдауда  өлеңнің  белгілі  бір 

тәртіппен  шумаққа  бөлінетін-бөлінбейтіндігінің  және  қандай 

шумаққа бөлінетіндігінің мәні бар. Айталық, 11 буынды, төрт 

тармақты шумақта көбінесе алдыңғы екі тармақ жеке-жеке екі 

сөйлем  немесе  синтаксистік  параллель  құрайтын  екі  сөйлем 

болады,  соңғы  екі  тармақ  бір  сөйлем  болып  келеді  және  ол 

көбінесе құрмалас сөйлем болады. Мысалы:

1. Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,

2. Түбін ойлап, уайым жеп айтқамын.

3. Ақылдылар арланып ұялған соң,

4. Ойланып түзеле ме деп айтқамын (I, 173)

68

.

Ал  шумақ  емес,  тирадаға  бөлінетін  7-8  буынды  жырда 

мұндай зандылық жоқ: кейде қысқа жеке жолдың өзі бір сөйлем, 

кейде  2-3,  тіпті  3-4  жол  бір-ақ  сөйлем  болып  құрыла  береді. 

68

 Осы жерде жәнеәрі қарай Абайдан келтірілген мысалдарға ақынның 1957 жылы 



шыққан екі томдық шығармалар жинағының том нөмірі мен беті осылайша көрсетілді.

233

Мұның  өзінде  де  сөйлемнің  немесе  сөйлемдер  тіркесінің 

басталып-аяқталар шегі тирадаға топталған тармақтарға бай-

ланысты. Мысалы, Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген 

7-8 буынды өлеңінде шығарманың өн бойында қайталап оты-

ратын ұйқас әрбір жеке ойды (сөйлемді не сөйлемдер тіркесін) 

аяқтап  отырады,  бірақ  әрбір  аяқталған  ойды  (высказывание) 

құрайтын  тармақ  саны  біркелкі  емес,  сөйлемнің  мағынасына 

қарай бірде бес-алтау, бірде төртеу, бірде үшеу болып келеді. 

Мысалы:


І ой  1) Келдік талай жерге енді,

 

2) Кіруге-ақ қалдық көрге енді.



 

3) Қызыл тілім буынсыз,

 

4) Сөзімде жаз бар шыбынсыз,



 

5) Тыңдаушымды ұғымсыз

 

6) Қылып Тәңірім берген-ді.



ІІ ой:  1) Осы жасқа келгенше,

 

  2) Өршеленіп өлгенше,



 

  3) Таба алмадық еш адам

 

  4) Біздің сөзге ергенді.



III ой: 1) Өмірдің өрін тауысып,

 

    2) Білімсізбен алысып,



 

    3) Шықтық, міне, белге енді (I, 117).

Шумаққа  бөлінетін  өлеңдерде  симметрия  принципі  күшті 

сақталады. Абайдың 11 буынды, 4 тармақты қара өлеңдерінен 

гөрі, өзге өлшемдегі өлеңдерінде қатар тұрған жеке тармақтар 

параллель конструкциялар құрайды:

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі...

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ...

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы...

Әрине, параллелизмдер бір тармақтың ішінде де болады:

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...

Кей құрбы бүгін тату, ертең бату...



234

Тіпті  проза  тіліне  де,  әсіресе,  Абай  прозасына,  паралле-

лизм принципі жат емес. Мысалы, Абайдың «Қара сөздерінде» 

кездесетін: Көкіректе сәуле жок, көңілде сенім жоқ (II, 165). 

Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, 

босанбас буын керек екен (II, 170) тәрізді құрылымдарда парал-

лель элементтер бар. Бірақ өлеңдегідей, оның ішінде Абайдың 

жаңа өлшемді өлеңдеріндегідей (мысалы, «Сегіз аяқтағыдай») 

таза  параллельдер  проза  тілінде  де,  қара  өлеңде  де  система  

емес.  Демек,  өлеңнің  шумаққа  қалай  бөліну  түрі  оның  син- 

таксисіне тікелей әсер етеді.

Өлең  синтаксисіне  қатысты  құбылыстың  тағы  бірі–  өлең 

өлшемі (метрикасы). Өлең тармағын құрайтын буын санының 

аз-көптігіне  орай  олардың  біршама  аяқталған  ойды  берудегі 

сыйымдылығы  да  әрқилы  болады.  Тармақтың  буын  саны 

неғұрлым  аз  болса  (төрт,  бес,  алты),  ондағы  сөйлемдер  де 

соғұрлым шағын, қарапайым болып келеді

69

.

Болды да партия 



Ел іші жарылды (I, 220), – 

деген 6 буынды екі тармақта бар болғаны үш мүшеден (баста-

уыш – ел іші, баяндауыш – жарылды, пысықтауыш – партия 

болды да) құрылған бір ғана сөйлем берілген, ал:

Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,

Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін (I, 173), – 

деген екі тармақта қаратпа сөзі де бар, тұрлаусыз мүшелері де 

түгел, бірыңғай күрделі мүшелері және бар жайылма сөйлем 

берілген.

Мүлде  шағын  (3,  4  буынды)  тармақтардың  әрқайсысына 

«тайға  міндік»  сияқты  толымсыз  сөйлемдер  немесе  «ата-

мыз бар», «молдамыз бар» тәрізді жалаң сөйлемдер болмаса, 

толыққанды  жайылма  сөйлемдердің  орналасуы  мүмкін  емес, 

сондықтан бұл сияқты аса шағын жолдар көбінесе параллель 

фразалар  болып  келеді  немесе  ондай  тармақтың  2-3-еуі  бір 

ғана сөйлемді құрайды. Мысалы:

Тайға міндік,  

 

– 4


Тойға шаптық,  

 

– 4



Жақсы киім киініп.   

– 7 (І, 129). 

Қайғысыз пенде    

– 5


69

 Ахметов 3.Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 21.

235

Көрдің бе    

 

– 3


Өміріңде?    

 

– 4 (І, 128). 



Өлең  өлшемінің  поэзия  синтаксисіне  ететін  әсері  жалғыз 

тармақтың  жалпы  санына  қарай  емес,  тармақ  ішіндегі 

бунақтарға  да  байланысты.  Әсіресе  11  буынды  өлеңнің 

соңғы бунағы 4 буынды болып келгенде, алдыңғы екеуі – бірі 

– 3, бірі – 4 буынды бунақтар – бір-бірімен орын алмастырып 

келе «тіркеседі, яғни қайткенде 3 буындысы әрдайым 1-бунақ, 

4  буындысы  2-бунақ  болып  орналасуы  шарт  емес,  бұл  құ- 

былмалылық  өлеңді  жандандырып,  түрлендіріп  отырады

70



Сондықтан да Абай «базарға /қарап тұрсам/, әркім барар» не-



месе біреу ұқпас /бұл сөзді/, біреу ұғар» тәрізді тармақтарды 

құрғанда, сөйлем мүшелерінің әдеттегі орнын бұзып, инверсия 

жасайды (дұрысы: «қарап тұрсам, базарға әркім барар», «бұл 

сөзді біреу ұқпас, біреу ұғар» болар еді).

Әдеттегі  (прозадағы)  синтаксистік  норманы  бұзып,  өлең 

синтаксисін ерекшелендіріп тұратын фактордың бірі – ондағы 

сөздердің орын ауысқан тәртібі, яғни инверсия. Өлеңді сөздегі 

инверсияның  сипаты  мен  себебі  әрқилы:  ұйқасқа  бола  жа-

салатын  инверсия

71

,  белгілі  бір  логикалық  мақсатпен  орны 



ауыстырылған баяндауышқа байланысты пайда болған инвер-

сия


72

, белгілі трафаретпен кеткен дәстүрлі инверсия т.т. бола-

ды. Мысалы:

Қарсылық күнде қылған телі-тентек (I, 33).

Мұның  әдеттегі  тәртібі  –  «күнде  қарсылық  қылған  телі-

тентек» болса керек еді, бірақ күнде сөзі тармақ басына шыға ал-

майды: өлең өлшемі бірінші бунақтың не 3 буынды (қарсылық) 

не 4 буынды (күнде қылған) болуын талап етеді, сондықтан екі 

жағдайдың  екеуінде  де  өлең  өлшемінен  туған  инверсия  пай-

да  болады.  Ал  «саналы  жан  көрмедім  сөзді  ұғарлық»  деген 

тармақтағы  инверсияның  (инверсиясыз  түрі:  «сөзді  ұғарлық 

саналы жан көрмедім») мотиві ұйқасқа байланысты.

70

 Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. - 85.

71

 Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. - 

М., 1960. - С. 22-6.

72

  ІЦерба  Л.  В.  Опыты  лингвистического  толкования  стихотворений  //  Русская 

речь. - Ч. I. - 1923. - С. 45.


236

Өлеңді сөйлемде қара сөзге қарағанда сөз тәртібі әлдеқай- 

да  еркін.  Және  бұл  еркіндікті  өлең  табиғаты  ауырсынбайды, 

яғни  өлең  ішінде  төңкеріліп  жүрген  конструкциялар  норма- 

сыздык болып сезілмейді.

Келесі назар аударылатын жай – ықшамдау (үнемдеу) неме-

се тығыздалу принципі. Әдетте, көп сөзді өлеңнің өзі үнемдеу 

заңын  сақтап  жасалады.  Өлеңде  өлшем  мен  ырғақ  талабына 

сай кейбір грамматикалық тәсілдерді ықшамдап және тығыз- 

дап қолдануға тура келеді. Қазақ өлеңі бұл тұрғыдан алғанда, 

кейбір грамматикалық норманың прозадағыдан өзгешелеу бо-

лып қалыптасуына мәжбүр етеді. Бұл тек синтаксис саласын-

да ғана емес, морфология саласында да бар. Айталық, кейбір 

морфологиялық  тұлғалар  мен  шылаулардың  ықшам  және 

толық  варианттары  бар.  Есімшенің  осы  күнгі  проза  тіліндегі 

нормалы көрсеткіші -тын жұрнағының -тұғын варианты, -дай 

жұрнағының  -дайын  түрі,  -ған-нан+соң  деген  жұрнақты-

шылаулы  тіркестің  -ғасын  түрінде  бірігіп,  ықшамдалған 

түрі, мен, да шылауларының менен, дағы варианттары – поэ- 

зия  тілінде  бұрында,  қазір  де  қатар  қолданылатын  бір-біріне 

«кезекші»  элементтер.  Қазіргі  проза  тілінде  бұлардың  бір 

ғана (көбінесе ықшам) варианты норма (немесе актив) болса, 

өлең тілінде бұлардың екеуі де – әдеби норма. Өлең өлшеміне, 

ұйқасына қарай, буын саны артық болса, ықшамы жетпей жат-

са, толығы дегендейін, бірінің орнына екіншісі еркін қолданыла 

береді.  Ал  кейбір  ықшамдауларды  тек  поэзия  тілі  көтереді. 

Мысалы, тура толықтауыш қызметіндегі табыстан өзге септік 

жалғаулары мен тәуелдік жалғауын түсіріп қолдану – проза тілі 

үшін нормасыздық болар еді, ал өлеңде:

Екеуінің ақ сауыт

Шығыршықтан сөгілді («Қобыланды»), – 

тәрізділер  көп  болмаса  да  кездеседі.  Мұнда  «екеуінің  ақ  са- 



уыты» болса керек еді. Сондай-ақ көсемшенің -ып жұрнақты 

түрінің тиянақты сөйлем баяндауышы болып келуі тек поэзия 

тіліне сыяды, бұл – прозада қазірде мүлде жоқ тәсіл.

Синтаксис  саласында  поэзия  тілі  ықшамдаудың  едәуір 

тәсілдеріне  ие.  Сөйлемде  баяндауыштың  түсіріліп  айтылуы 


237

– проза тілінде мүлде жоқ құбылыс, ал өлең тармақтары бұл 

тәсілді едәуір мол пайдалана алады. Мен, сен, біз, сіз, сендер де-

ген есімдік бастауыштары жасырынған толымсыз сөйлемдерді 

де өлең синтаксисі әлдеқайда жиі қолданады, егер бұл есімдік 

бастауыштар сөйлемге қатыстырыла қалса, көбінесе стильдік 

мәніболады.

Ықшамдауға  ұқсас  құбылыс  –  сыйыстыру  тәсілі  де  қазақ 

өлеңінде  проза  тіліндегіден  қолданылу  жиілігі  жағынан 

да,  амалдары  жағынан  да  молдау,  басым  түседі.  Өткен  шақ 

көсемше тұлғасы арқылы ұқсас сөйлемдерді бір синтаксистік 

тұтастыққа ұйымдастыру прозада да бар, бірақ поэзияда бұл әрі 

жиі, әрі көлемді. Бұған классикалық үлгі ретінде зерттеушілер 

Махамбетгің атақты «Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңі мен 

Абайдың  «Оспанға»  деген  шығармаларын  көрсетеді.  Сөйтіп, 

сыйыстыру  тәсілі  қазақ  өлеңінің  синтаксистік  құрылысын 

белгілейтін элементтердің бірі болып табылады.

Міне,  жалпы  қазақ  өлеңінің,  оның  ішінде  Абай  өлеңінің 

синтаксистік құрылысын танып-білуде осы аталған жайттарды 

талдап, сөз етеміз.



238


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет