ШУМАҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Өлең тармақтарының (жолдарының) бір-бірімен синтак-
систік қарым-қатынасқа түсіп, бірігулерін, яғни синтаксистік
тұтас бір дүние құрап, топтасуларын сөз еткенде, ең алды-
мен, өлеңнің шумақтарға бөлінетін-бөлінбейтіндігін есепке
алу керек. Өйткені мұның өлең құрап тұрған жолдардың бір-
бірімен топтасып-ажырасатын межесін айқындауда айрықша
мәні бар. Б.В.Томашевский өлең тармақтарының строфикалық
(шумақты) және астрофикалық (шумақсыз) екі түрлі жолмен
топтасуын сөз етсе
73
, Н.С.Поспелов субстрофикалық (шумақ
элементі бар) құрылымды да қосу керектігін айтады
74
.
Ал шумақ (строфа, строфика) деген не? Өлең құрылымына
тән бұл категорияны әрқилы танушылық бар. Қазіргі орыс
филологиясында шумақ құрайтын белгілер: ұйқас бірлестігі,
тармақтардың белгілі бір тәртіппен орналасуы және шумақтың
ритмика-интонациялық оқшаулығы болып табылады
75
. «Стро-
фа является одновременно законченным синтаксическим и
тематическим целым: она заканчивается точкой и заключает в
себе законченную мысль»
76
.
Қазақ поэзиясын зерттеушілер де шумаққа бірдей анық-
тама берген емес. Проф. Қ.Жұмалиев негізгі белгі ретінде
синтаксистік тұтастықты алатын сияқты: «Өлең сөйлем-
деріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін шумақ деп атайды»
77
(Әрине, шумаққа берілген бұл анықтама тым келте, қара-
пайым). Шумақты жасайтын факторлардың бастысы ұйқас
деп танығандықтан, кейбір зерттеушілер бір ұйқаспен қам-
тылған тармақтардың күллісін бір-ақ шумақ деп табады. Мы-
салы, Е.Ысмайылов Абайда 32 ұйқасты тармақтан құралған
шумақ бар дегенді айтады
78
. Қазақ поэзиясын, оның ішінде
73
Томашевский Б.В.Строфика Пушкина // Пушкин. Исследования и материалы. -
Т. II. - М.-Л., 1958. - С. 51.
74
Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. -
М., 1960. - С. 38.
75
Томашевский Б.В.Стих и язык. - М., 1959. - С. 219.
76
Жирмунский В.М. Композиция лирических стихотворений // Опо лз. - 1921. - С.
13-14.
77
Жұмалиев К Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 159-6.
78
Исмаилов Е. Об особенностях поэтики Абая // Известия Каз ФАН СССР. - Серия
языка и литературы. - 1945. - Вып. 2. - С. 37.
239
арнайы Абай өлеңдерінің де құрылысын зерттеуші проф.
Б.Кенжебаев шумақ деп нені танитынын ашып айтпаса да,
ұйқас тұтастығын негізгі меже етіп ұстайтындығы байқалады.
Мысалы, Абайдын «Қарашада өмір тұр» деген шығармасын
сегіз тармақты шумақтардан құралған деп тануына да, «Келдік
талай жерге енді» деген өлеңін шумақтауында да ұйқас
принципі негізге алынған
79
. Өлең синтаксисіне әдейі арнаған
тарауында Т. Қордабаев та шумақ туралы пікір айтады, бірақ
зерттеуші шумақ категориясын абзац немесе тирада категория-
сымен араластырғаны байқалады. «Шумақтың құрылысы алу-
ан түрлі: ол екі тармақты (өте аз), үш, төрт тармақты болып
та, он, жиырма тармақты болып та келе береді. Кейде, әсіресе
жыр толғауларында ешбір шумаққа бөлінбей, аяқталмай,
біріне-бірі жалғасып кете беретін шумақсыз, яғни бір-ақ шумақ
түрінде (курсив біздікі – Р. С.) келетін өлеңдер де болады»
80
дегеніне қарағанда, автор өзіне-өзі қайшы келіп, шумақ деген
терминді өз мәнінде қолданбағаны көрінеді. Өйткені бір өлең
қалайынша әрі шумақсыз, әрі бір-ақ шумақты бола алады?
Өлең не шумақты, не шумақсыз болуы керек қой.
Қазақ филологиясында шумақты тануда толығырақ пікір
айтқан – проф. З.Ахметов. Ол өлең жолдарының шумаққа
бірігуіне негіз болатындар деп ұйқасты, интонацияны және
мағыналық тұтастықты – үшеуін қоса атайды. Бір ұйқасқа
құрылған тармақтардың тізбегі сол өлеңдегі келесі сондай
тізбектерге сәйкес (ұқсас, аналогиялас) болатындығы (әрине,
шумағы екіден асқан шығармаларда) белгілі бір заңдылықпен,
тәртіппен келеді де, әр шумақты танытады, – дейді. З.Ахметов.
Ұйқас шумақты танытатын бірден-бір белгі болмағанмен,
оның мәні зор екенін айта келіп, шумақтың белгілі бір аяқталған
ойды қамтитын синтаксистік құрылыс болуы шарт екенін
көрсетеді. Орыс зерттеушілері (Л.Тимофеев, Б.Томашевский
т.б.) назар аударғандай, қазақ өлеңдерінің шумақтарында да
ритмиканың (ырғақтың) рөлі күшті екенін және айтады
81
.
79
Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің негізін салушы // Абайдың өмірі мен
творчествосы. - Алматы, 1954.- 102-103-б.
80
Қордабаев Т. Поэзиялық шығармалардың синтаксистік құрылысы //Тарихи
синтаксис мәселелері. - Алматы, 1965. - 182-6.
81
Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 145-147.
240
Біз шумақты тануда соңғы зерттеушінің пікірін қуаттай
отырып, лингвистикалық тұрғыдан айқындай түскіміз келеді.
Ең алдымен, өлеңді шумақтарға бөлінген не бөлінбеген
деп тану үшін, ұйқасты ғана негізге алу дұрыс емес. Қазақ
өлеңдерінде, оның ішінде жырда, қатарынан келген бірнеше
тармақ бір ғана ұйқасқа құрылған болады. Ал жыр – астро-
фикалық (шумақсыз) өлең түрі, яғни ондағы тармақтар қатаң
тәртіппен (төрт-төрттен, алты-алтыдан, сегіз-сегізден т.т.)
тізбектелмей, әр жерде әр санды (4-5 тен 20-ға дейін не одан да
астам) болып топтасады, бірақ мұндада шумақтағыдай бірдей
ұйқас және біршама аяқталған ой тұтастығы болады. Еске ала-
тын және бір жай – қазақ поэзиясында, әсіресе жыр түрінде
көптеген тармақты бір ұйқаспен қамту – дәстүрлі кең тараған
құбылыс екенін көптеген зерттеушілер атап өткен болатын
82
.
Демек, шумақты танытатын бірден-бір белгі ұйқас болса,
осындай тирадаларды да шумақ деп тануымыз керек болар еді.
Абай өлеңдерін шумақтауда екі түрлі ерекше жайға көңіл
аударуға тура келеді. Бірі: Абай өлеңдерінің көпшілігі –
монорифмалық (жалғыз ұйқасты) шығармалар, олардың өзі
екі түрлі. Кейбір шығармалары бастан-аяқ бір-ақ ұйқаспен
жазылғанмен, жеке-жеке шумақтарға бөлінеді
83
. Мысалы,
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Адасқанның алды
– жөн, арты – соқпақ», ішінара «Қартайдық, қайғы ойладық,
ұлғайды арман» (мұнда 1-шумақ бір ұйқаспен, келесі 8
шумақ тағы бір ұйқаспен, қалған 3 шумақ үш түрлі ұйқаспен
құрылған), «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық» т.б. өлеңдері
төрт тармақты шумақтарға бөлінген. Демек, бір ұйқасты бо-
луына қарамастан, өлең жеке шумақтарға жіктелуі әбден
мүмкін екені көрінеді. Бұл – бір. Екіншіден, Абайдың едәуір
шығармасы әдеттегі төрт тармақты ааба ұйқасымен бастала-
ды да, әрі қарай екі тармақтың алғашқысы ұйқассыз қалдыры-
82
РадловВ. В. Образцы народной литературы..., - СПб., - Т. III. - С.XXIV.
Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. - 1861. - С. 108;
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - 183-б.; Ахметов 3. Казахское стихосложение. -
Алма-Ата, 1964. - С. 272-273.
83
Абай өлеңдерінің бұл ерекшелігін зерттеушілердің көбі (Е.Ысмайылов,
С.Мұканов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов т.б.) көрсеткен болатын.
241
лып, соңғысы алдыңғы тармақтардағы а ұйқасына құрылады,
сөйтіп, өлеңнің аяғына дейін жалғыз ұйқас сақталады.
Мысалы:
1. Қансонарда бүркітші шығады аңға,
– а
2. Тастан түлкі табылар аңдығанға.
– а
3. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет, – б
4. Ыңғайлы ықшам кшм аңшы адамға.
– а
5. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, –
6. Сағадан сымпың қағып із шалғанда,
– а
7. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, –
8. Іздің бетін түзетіп аңдағанда... – а (І,22).
Мұны зерттеуші З.Ахметов дәстүрлі он бір буынды ааба
ұйқасты әрі қарай жалғастыру деп табады
84
. Өзге зерттеушілер
(М.Хамраев, Рсалиев) ааба ұйқас суретімен басталып, әрі
қарай жол аралап а ұйқасы қайталап келіп отыратын өлеңдерді
шығыс поэзиясында өте ертеден бар газель өлеңдердің
ұйқасы деп қарайды
85
. Ал газельді көптеген зерттеушілер
бір тақырыпты (бір идеяны) ғана жырлайтын (о баста тек
сүйген қызына байланысты көңіл күйін білдіретін) шағын
өлең түрі деп табады. Газель өлеңдер – түркі халықтарының
кейбіреулерінде (ұйғыр, өзбек, әзірбайжан, түрікмен, түрік)
ертеден келе жатқан өлең түрі. Бұл жерде біздің мақсатымыз –
ааба шумағымен басталып, әрі қарай ва, га, да болып кететін
өлеңнің шығу төркіні, себебі емес (оны өлең шарттарын ар-
найы зерттейтін мамандардың үлесіне бердік), осы типтегі
өлеңдердің Абайда бар екендігі және соның синтаксистік
жағынан қалай құрастырылатындығы. Мұндай құрылысты
өлеңдерге, біздің байқауымызша, ақынның 1957 жылғы толық
жинағы бойынша 12 шығармасы жатады. Олардың ішінде
3.Ахметов көрсеткен 11 буындылардан «Қансонарда бүркітші
шығады аңға», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап»
деген өлеңінен басқа, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,
«Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Қыс», «Әуеде бір
84
Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 313.
85
Хамраев М. Основы тюркского стихосложения. - Алма-Ата, 1963. - С. 136-138.
Рсалиев К.Қырғыз ырларының түзулушу. - Фрунзе, 1965. - С.164.
242
суық мұз ақыл зерек»деген туындылары бар
86
. Көңіл аудара-
тын жайдың бірі – мұндай құрылысты Абай жалғыз 11 бу-
ынды өлеңде емес, 7-8 буынды өлеңдерінде де пайдаланған.
Бұған «Жақсылық ұзақ тұрмайды»
87
, «Орынсызды айтпаған»
(«Әбдірахманға»), «Қуанбаңдар жастыққа», «Ішім, өлген,
сыртым сау» дегендер жатады. Бұл типте ұйқастырылған
өлеңдердің ішінде екеуі тағы сәл ерекшеленеді. Бірі – «Қалың
елім, қазағым, қайран жұртым». Өлең бір ұйқасты, 30 жолды.
Бұл өлең ұйқасқа қарай өз ішінен тармақтарының топталуы
жағынан төрт бөлікке белінеді: алғашқы 16 жолдың алғашқы
төртеуі ааба болып кетеді, келесі топ алты жолды, ол да аабава
ұйқасты, ал соңғы 8 жол – төрт-төрт тармақтан тұратын ааба
ұйқасты екі бөлік
88
. «Байлар жүр жиған малын қорғалатып»
86
Абайдағы өлеңнің бұл ұйқасты түрі туралы айтып келіп, акад. С.Мұқанов:
«Абай 1882 жылы 37 жасындағы жазған «Аңшылық» деген («Қансонарда бүркітші
шығады аңға») өлеңінен кейін ұйқастырудың бұл түрін доғарған», – дейді («Жарқын
жұлдыздар», 336-6.). Біздің байқауымызша, бұл байлам аса дәл емес. «Әуелде бір
суық мұз», «Қыс», «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» өлеңдерін Абай 1886, 1888,
1889 жылдары жазған. Соған қарағанда, Абай бұл тәсілді ақындық«әлсіздеу» кезінде
пайдаланып, буыны қатая келе тастап кетпеген болар. Ұлы ақынның ааба в а га...
ұйқасын өзге өлшемде кейінгі жылдары жазылған шығармаларында да қолданғаны
бұған тағы бір дәлел болатын тәрізді.
87
Бұл өлең ақын жинақтарының барлығында да 26 жолдық етіп беріліп келеді
(1957 жылғы кітаптың 156-бетінде). Біздіңше, бұл жерде екі шығарма қатеден қосылып
кеткен. Алғашқы 10 жол – ұйқас пен шумаққа бөлінуі жағынан өз алдына бір шығарма:
бұл – бір ұйқасты, сөз етіп отырған ааба болып басталатын әрі қарай бір жолдан соң а
ұйқасымен келетін өлең:
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кез тозбайды,
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.
Қос тепкіні салсаң да,
Уайымнан озбайды.
Бір қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды.
Жер қорығыш желгек шал
Желіп жүріп боздайды.
Ал қалған 16 жол – а б а б ұйқасты, төрт тармақты 4 шумаққа бөлінетін өз алдына
дербес туынды, рас, бұл мазмұны жағынан алғашқы 10 жолға жуықтау келеді: мұнда
да «үрпейген жүрек», «қат-қабат кез келген қайғы» туралы философиялық толғау бар.
Бірақ бір тақырыпты бірнеше шығармасында қозғау Абайға тән нәрсе екенін және де
ақынның бір шығармасында әртүрлі құрылымды араластырмағандығын ескерсек, бұл
26 жолды екі шығарма деп тануымыз керек.
88
Ұйқасқа қарап өлең бөліктерін ажырату принципін графикалық жағынан көрсету
(яғни арасын интервалмен басу) тенденциясы Абай кітаптарының қай-қайсысында да
243
деген шығарманың алғашқы екі бөлігі ааба ұйқасты, төрт
тармақты (болып келеді де, қалған 10 тармағы сөз етіп отырған
тәртіппен кетеді (жол аралатып а ұйқасына оралып отырады).
Абай мұндай құрылысты тек осы 12 өлеңінде емес, ішінара
(басқа шығармаларында да қолданады. «Қақтаған ақ күмістей
кең маңдайлы» өлеңі екі-ақ ұйқасқа құрылған: алғашқы 20 жол
жоғарғыша ааба-мен басталып, жол аралаған а ұйқасты – бір
топ, соңғы 16 жол – басқа бір ұйқасты, бірақ екі топ: оның 14
жолы тағы да алдыңғы топпен аналогиялас, соңғы 4 жолы ааба
ұйқасты.
Сөйтіп, ұйқасқан тармақтардың орналасу тәртібіне қарай
біз талдап өткен құрылыстағы өлеңдерді қалай шумақтауға
болады: ұйқас бір болғандықтан, тұтас өлең бір-ақ шумақ
па (ол мүмкін емес екенін бір ұйқасты, бірақ төрт тармақты
шумақтарға құралған өлеңдердің барлығы көрсетеді), әлде
ааба болып келетін төрт жолы – бір шумақ та, өлеңнің
қалған бөлігі – бір шумақ па, жоқ, болмаса, қалған бөлігі
екі-екі жолдан бір шумақ болып келе ме? Бұл жерде шумақ
құрайтын белгілердің ұйқастан басқаларына – тармақтардың
синтаксистік құралымы (оформлениесі) мен интонациялық
тұтастығына және тармақтардың белгілі тәртіппен (циклмен)
топтасуына – жүгінуге тура келеді.
Шумақ ұйқас бірлігімен қатар «синтаксистік және
тақырыптық тұтастықты» (В.М.Жирмунский) танытатын бол-
са және «шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не азы шарт
емес»
89
болса, әрбір шумақтың соңы синтаксистік құрылыс
байқалады. Бірақ әрдайым дұрыс шыға бермеген. Мысалы, 1957 жылғы екі томдықта
осы өлең («Қалың елім...») тармақтары дұрыс топтастырылған. Сондай-ақ «Базарға
қарап тұрсам, әркім барар» (I, 43) деген өлеңнің алғашқы 4 жолы бөлек шығарылған
да, қалғандары тұтас (қатар) басылған. Ал осы типтес өзге шығармалардың
графикалық берілуі әрқилы: «Әуелде бір суық мұз акыл зерек» (12 жолды) үш бөлек
етіп көрсетіліпті, «Қыс» бастан-аяқ тұтас тіркеліпті. 7-8 буынды үш өлең де терме
тәртібімен жазылыпты. Дұрысында, бұлардың барлығында да алғашқы төрт жолды бір
бөліп тастап, қалғандарын тұтас беру немесе бәрін де тұтас басу керек еді. Бұл сияқты
пәлендей мәні жоқ сияқты түзетулер ұлы ақын мұрасының келесі басылуларында
(әсіресе ғылыми, мүмкін тіпті академиялық басылымында) еске алынуы керек қой
дейміз, өйткені оның жалпы кітап, баспа мәдениеті үшін ғана емес, өлең структурасын
оқушы жұртшылыққа дұрыс таныту – ақын стилін, ерекшелігін көрсете отыру үшін
де маңызы бар.
89
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1960. - 154-6.
244
жағынан айтарлықтай тиянақталып тұратын болса
90
, Абайдың
біз талдап отырған өлеңдерінде ұйқасы жағынан ааба суретті
бірінші топты бір шумақ етіп бөліп тастауға болатындай
көрінеді. Бұлардың 11 буындысында әдетте 1,2-тармақтары па-
раллель жеке сөйлемдер, ал 3, 4-тармақтары құрмалас немесе
жайылма бір жай сөйлем болып келеді.
Синтаксистік құрылысы жағынан кейінгі жалғасып кететін
тармақтар көбіне екі-екіден топтасады да, екеуі бір ғана сөйлем
құрайды:
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда (I, 22).
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім (І, 25)
Қатарынан тұрған мына тармақтарда, мазмұны жағынан да,
синтаксистік құрылысы жағынан да екі-екіден ажыратылады:
Дем алысы үскірік, аяз бен қар
91
,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып үсік шалды... (I, 74)
90
Томашевский Б.В.Строфика Пушкина. 56-6.
91
Бұл тұстағы мысалдарды өлеңнің 5-жолынан бастап алып отырмыз. Алғашқы
төртжолын ааба ұйқасты бір «шумақ» деп бөліп тастадық.
245
7-8 буынды «Қуанбаңдар жастыққа» деген өлеңде де алғашқы
ааба суретті төрт жолдан кейінгі жолдар екі-екіден жұпталып,
көбінесе бірыңғай (параллель) мазмұнды әрі біркелкі құралған
(баяндауышы II жақтағы бұйрық райлы етістіктен жасалған)
жайылма жай жеке сөйлемдер болып келеді:
Құрбыңның қызық дегенін
92
Сөз екен деп аптықпа.
Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа... (I, 240).
Және бұлар ырғағы жағынан да бір-бірінен айқын ажырап
тұрады. Бұлайша ритмикалық бөлек-бөлек топ құрауларына әр
екі тармақтың келесі тармақтармен синтаксистік параллельдер
жасайтындығы бірден-бір рөл атқарады. Мұндағы синтаксистік
бірыңғайлықтың күштілігі сондай, сөйлемнің белгілі бір
мүшесі (көбінесе баяндауышы) бір түрлі тұлғамен беріледі де,
оның өзі монорифма құрайды. Мысалы, «Әбдірахманға» деген
өлеңнің 7-8-жолдарынан бастап:
Өмір бойы талпынып,
Ғылым іздеп, жатпаған.
Түрленіп «төре болдым» деп,
Есерленіп шатпаған.
Жүз мың теңге келсе де,
Махаббатын сатпаған.
Жүйріктікпен шалқымай,
Тура сөзді жақтаған...(І, 185).
Осындай ритмика-синтаксистік оқшаулықтарына қарап,
бұл типтес өлеңдерді 5-6-жолдарынан бастап екі тармақты
шумаққа бөлуге болар ма еді? Біздіңше, болмайды. Ең алдымен,
бұл шығармаларда ритмика-синтаксистік тұтастық әрдайым
тек екі жолды ғана қамтып отырмайтынын байқаймыз. Кейде
(әрине, бұл екі жолдан топтасуға қарағанда әлдеқайда сирек-
теу) төрт жол (әңгіме 5-6-жолдардан бастап) синтаксистік бір
тұтастық болып та келеді:
Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.
92
Бұл да сондай.
246
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға (I, 22).
Барып келсе, Ертістің суын татып,
Беріп келсе, бір арыз бұтып-шатып,
Елді алып, Еділді алып есіреді,
Ісіп-кеуіп қабарып келе жатып (I, 32).
Мына тәрізді жолдарда да синтаксистік байланыс әлдеқайда
тығыз:
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек (I, 97).
Мұнда 3-жолдағы тәуелдік жалғауындағы біреуінің сөзі,
4-жолдағы үшеуінің сөздері алдыңғы жолдардағы бірыңғай
мүшелерге қатысты, соларды жинақтайды да, соңғы екі тар-
мақты әрі мазмұны, әрі грамматикалық байланысы жағынан
алдыңғылармен топтастырады.
Демек, тематикалық әрі синтаксистік тұтастығына қарап,
бұндайларды өз алдына шумақ етіп шығаруға бола ма? Біздіңше,
бұлардың біршама тиянақталып отыратын екі тармақтысын да,
соңғы көрсеткендей, тұтас ойды білдіретін төрт тармақтысын
да өз алдына шумақ деп бөлуге болмайды. Шумақтарды біз
де, Б.В.Томашевский көрсеткендей, тармақтардың әлдеқайда
молдау (үлкендеу) тобы деп білеміз
93
. Әдетте, жалғыз қазақ
өлеңі емес, басқа тілдер поэзиясында да өлең жолдары екі-
екіден жұптасып келеді, демек, бұл жерде де шумаққа тән цикл
тәртібі байқалады, бірақ бұл тәртіп шумақ жасау қажеттігінен
тумай, өлең құрау (ұйқастыру) заңына байланысты өзінен-өзі
(Б.В.Томашевскийше, автоматически) пайда болатындықтан,
мұндай екі тармақ шумақ құрай алмайды. Қазақтың бір
ауыз (бір шумақ) қара өлеңдерінде тематика-грамматикалық
жағынан соңғы екі тармақ алғашқы екеуінен мүлде алшақ жа-
тады: тақырып жағынан алдыңғы екеуі айтар ойға көп қатысы
жоқ «бірдеңелер» жайында, негізгі поэтикалық ой соңғы
93
Өзге туыстас тілдерде екі тармақтан тұратын шумақтардың бар екендігін
білдірген зерттеушілермен (Қ.Рсалиев, М.Хамраев) айтыспаймыз. Біз, қазақ, тіпті
дәлірек айтсақ, Абай поэзиясында екі тармақты шумақтың жоқтығын білдіреміз.
247
екеуінде және ол екеуі көбінесе бір ғана сөйлем болып келетіні
мәлім.
Бұған қарап бұл төрт тармақ жеке-жеке екі шумаққа бөлін-
бейді, бір ғана шумақ жасайды. Поэзияның шумаққа бөлінбей,
тирадаларға топталатын жыр түрінде де тармақтар ұйқас
жағынан да, синтаксистік құралымы жағынан да жұптасып
тұрады, бірақ олар да шумақ номенклатурасына кірмейді.
Шумақ құрайтын шарттардың бірі – өлең жолдарының топ-
тасу тәртібінде қатаң сақталатын біркелкілік (цикличность,
последовательность в расположении стихов), яғни бір өлең
шумақтарға бөлінетін болса, сол өлең бойындағы шумақтардың
бәрі тармақ саны жағынан да, ұйқасу суреті жағынан да бір-
біріне аналогиялас болуы шарт. Мысалы, Абайдың төрт жолды
шумақтарға бөлінетін өлеңдерінің, атақты «Сегіз аяғының»,
алты тармақты шумақтарға бөліп жазған «Қор болды жаным»
сияқты өлеңдерінің әр шумағы өздеріне сай келіп отыра-
ды: «Сегіз аяқтың» бір шумағы сегіз, екіншісі төрт, үшіншісі
алты тармақты емес, бастан-аяқ бәрі де – сегіз тармақты, ара-
лас буынды, аабввбгг ұйқасты тармақтар. Осы себептен, бір
өлеңнің бірінші шумағы төрт тармақтан, келесі шумағы екі не-
месе 48 тармақтан («Қансонарда» өлеңінде) құралуы мүмкін
емес. Интонациялық тұтастығына келсек те, алғашқы төрт
жол дауыс ырғағы жағынан бір бөлек болып айтылса да, әрі
қарай 48 тармақ өлеңнің 5-жолынан бастап, интонациялық
бір период құрап тұрады деу мүмкін емес. Керісінше, бұл 48
тармақтың әрбір жұбынан кейін (5-6; 7-8...) дауыс ырғағы
біршама тыныстап отырады, бұған сол екі тармақтағы ойдың
синтаксистік жағынан аяқталып отыруы да үлкен себепкер
болады. Бірақ интонациялық бұл оқшаулық әрбір екі жолды
шумақ етіп бөліп шығара алмайды, өйткені өлең ырғағының
әр екі жолдан кейін біршама тыныстауы жалғыз «Қансонарда»
типтес шығармаларда емес, төрттармақты, ааба ұйқасты қара
өлеңдер де болады
94
. Сондықтан Абайдың біз талдап өткен
бір топ шығармасы тармақтарының топтасуы жағынан ерек-
ше құрылған өлеңдер болып табылады. Бұларда шумақталу
тенденциясы да бар: ааба ұйқасты бірінші төрт тармақ – бір
94
Ахметов 3. Казахское стихосложение. - Алма-Ата, 1964. - С. 146.
248
шумақ, кейде алдыңғы 8 жол – екі шумақ, кейде соңғы жолдар
– бір шумақ («Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы»-да) тәрізді
болып келеді. Сондай-ақ бұларда шумаққа бөлінбеушілік
(астрофика) тенденциясы да бар: екі-екіден (кейде төрттен)
жұпталатын кейінгі тармақтарды біз өз алдына тұтас бір
шумақ деп те немесе екі жолдан (кейде төрт жолдан) құралған
бірнеше шумақ деп те таппаймыз. Бұл типтес 12 өлеңді
астрофикалық өлеңдердің ерекше түріне жатқызамыз. Мүмкін,
тіпті субстрофикалық (шумақ элементі бар) деуге болар ма еді?
Әрине, орыс өлең теориясында аталып жүрген субстрофикалық
шығарма дегендердің бұдан айырмашылығы бар. Ең алды-
мен, А.С.Пушкиндегі субстрофикалық деп табылған шығарма
– қысқа лирикалық өлеңдер емес, «Полтава» сияқты поэма,
онда да астрофикалық ұзақ периодтың өз ішінде строфика
элементтері қосылып отырған
95
. Мысалы, «Медный всадник»
С.Б.Рудаковтың талдауы бойынша, 15 периодтан құралса, әр
периодтың өз ішінде (басында не аяғында) төрт және екі
тармақты строфика элементтері бар көрінеді
96
.
Абайдағы өлең шумақтаудың бұл тәсілін тек өзіне ғана тән,
өзі шығарған ерекшелік деуге болмайды. О баста қайдан келсе
де (мұны түркі поэзиясына араб-парсы өлеңінің әсерімен
келген газельдік ұйқас деп танушылар бар екенін жоғарыда
айттық), өлең ұйқастырудың бұл түрі қазақ поэзиясында кең
етек жайған, үйреншікті тәсіл болғанын көреміз. Мұндай
өлеңдерді XIX ғасырда өмір сүрген Абайға дейінгі, оны-
мен тұстас ақындардың барлығынан да кездестіреміз. Және
мұсылманша хат таныған, яғни шығыс әдебиетінің дәстүрін
өз бетімен игере алатын қаламгерлер ғана емес, өлеңді төкпе
түрде (импровизациялап) айтқан, кейде мұсылманша сауаты
жоқ ақындарда да қолданылғандығын ескерсек, бұл амалдың
қазақ өлеңі техникасына әбден сіңген (немесе әуелден өзінде
дамыған) кәнігі тәсіл деп тануға тура келеді. Мысалы, Шөже
ақында (1808-1895):
Дәуеке, осынша не қылды бейлің қашып ?
– а
Арқада жатыр едім мойным қашық
– а
95
Поспелов Н.С. Синтаксический строй стихотворных произведе ний Пушкина. -
М., 1960. - С. 36-38.
96
Сонда. 40-б.
249
Атағың Алатаудай болғаннан соң,
– б
Құмар боп келіп едім болып ашық
– а
Бір тоғыз сіз бен бізге лайық емес,
–
Құрғақ кетіп қаламын амандасып.
– а
Арғы атаң қыдыр болған Дулат қожа,
–
Даңқыңа Дәукем деген келдім тасып.
– а
Бергенің бір сөзіме татымайды,
–
Қалды ғой көңіл шіркін жаман жасып
97
.
– а
Шернияз Жарылғасұлында (1817-1881) оның Баймағамбет
сұлтанға айтқаны дегеннің көп жері осы тәсілмен құрылған.
Ақан серіде (1843-1913):
Тартылып қай жараға ем болмадық?
– а
Қалайша патшамызға дем болмадық,
– а
Орыс, ноғай, сарт-сауан сәудегерге – а
Қалайша малмен, жермен тең болмадық?
– а
Сексен бес жыл болыпты бодандыққа,
– а
Қайырсыз патшамызға ел болмадық – а
Құр мен қоян секілді алуға оңай,
–
Қай жұртқа аңқаулықпен жем болмадық?
– а
Өлең жолдарын бұлайша топтастыруды көптеген ақын-
дардан (Базар Өтемісов – 1842-1911; Шәңгерей Бөкеев – 1847-
1921; Алмажан Азаматқызы – XIX ғасырдың I жартысы;
Сүйінбай Аронұлы – 1827-1896 т.б.), Біржан мен Сара айтысы-
нан т.б. көре аламыз.
Дегенмен Абай мен бұл аталған ақындардың өлеңді бұл-
айша құруында айырмашылық бар. Аталған ақындар бұл
тәсілді көбінесе тұтас бір шығармаға қолданбайды, өлеңнің
бір бөлегін ғана осылайша құрады және онша көп тармақтарды
қамтымайды. Ал Абай бұл тәсілді негізінен тұтас бір
шығармасына қолданады, бұлайша құрылған тармақ жолдары
Абайда 10-12-ден 52-ге дейін барады. Өзге ақындарда бұл тәсіл
көбінесе 11 буынды өлеңдерге қолданылған болса, Абай оны
7– 8 буынды өлең түріне де шебер қолданады.
97
Осы жерде және әрі қарай XVIII-XIX ғасырларда өмір сүрген қазақ ақындарынан
алынған мысалдар «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарынын шығармалары»
(Алматы, 1962) атты жинақтан келтірілді.
250
* * *
Сөйтіп, Абай өлендері тармақтарды топтастыру жағынан
екі түрлі болып келеді: шумақтарға бөлінетін немесе шумақты
(строфикалық), шумақтарға бөлінбейтін немесе шумақсыз
(астрофикалық) өлеңдер.
Сонымен, жалпы шумақты тануда бірді-екілі меже аздық
етеді. Белгілі бір тармақтар тобын бір шумақ деп тану үшін
олардағы ұйқастың бірдейлігін негізгі принцип етуге бол-
майды. Бұл принцип әрбір шумақ жеке-жеке әр түрлі ұйқасқа
құрылған күнде ғана біршама кәдеге асар еді. Ал қазақ поэзия-
сында, әсіресе Абайда, көптеген өлеңдер тұтасымен неме-
се оның үлкен бөліктері монорифмалық (бір ұйқасты) болып
келеді. Және ондай өлеңдер өз ішінен шумақтарға бөлінген
болып та келеді, шумақсыз жыр ағымымен жазылған болып
та келеді, тіпті аралас та (бірінші төрт жолы шумақ тәрізді,
қалғандары шумақсыз «газель өлеңдер») болып келеді. Демек,
бұларда негізгі меже ұйқас бірлігі емес. Бірақ ұйқас бірлігі
деген белгі принципінде дұрыс, яғни шумаққа топталған
тармақтарды белгілі бір ұйқас біріктіреді (мейлі ол ұйқас
келесі тармақтарда қайталансын-қайталанбасын). Бұл ретте,
сөз жоқ, ұйқасты шумақ құрайтын элементтердің бірі деп та-
нуымыз қажет.
Екінші меже – тақырыптың ой тұтастығы (бірлігі) болса,
бұл жерде қазақ поэзиясына қатысты ескертулер айтуға тура
келеді. Ең алдымен, тақырыптық-синтаксистік бірлік принципі
қазақ поэзиясындағы күллі шумақ атаулыға түгел жатпайды.
Абайға дейінгі поэзияда – ауыз әдебиеті үлгілерінде де, жеке
ақындар мұрасында да – әсіресе 11 буынды қара өлеңдерде
шумаққа топталған тармақтардың тақырыптық-синтаксистік
тұтастығы әрдайым сақталмайды. Атап айтсақ, кейде бір шумақ
құрап тұрған төрт жолдың алдыңғы екеуі негізгі айтылмақ
поэтикалық ойға тікелей қатысы жоқ тақырыптағы жеке
сөйлемдер болып келетіні мәлім. Демек, мұндай шумақтарға
тақырыптық-синтаксистік тұтастық (бірлік) принципін негізгі
шарттардың бірі етіп қоюға болмайды, олар бұл бірліксіз-ақ
шумақ бола алады.
251
Құланның жаста көрдім шоқырағын,
Қайыңның жолда көрдім жапырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың, –
(Халық өлеңі)
дегенде, отыз ұлдан қалған Зәурешін атап, оның топырағы
бұйырмағанын айтқан ой мен құлан, қайың туралы айтылған
ойдың арасында ешқандай логикалық бірлік жоқ, яғни
тақырыптық тұтастық жоқ, керісінше, бұл шумақта үш тақырып
бөлек-бөлек танылады, соған қарамастан, бұл – шумақ. Мұны
шумақ етіп тұрған ритмика-интонациялық бірлік пен өлшем
бірдейлігі және ұйқас суреті.
Бұл анықтамадағы шумақты тек ауыз әдебиетінен емес,
тіпті өткендегі ақындардың көпшілігінен табамыз. Әсіресе, ай-
тыс жанрында бұл – система. Демек, белгілі бір даму сатысын-
да 11 буынды өлең шумағын құру принципінде ырғақ, ұйқас
және өлшем бірдейлігі негізгі белгі болған. Кейінгі дәуірлерде,
тіпті Абайдан көп бұрында бұған ой-мазмұн (тақырып) бірлігі
қосылған. Өйткені ой (мазмұн) тұтастығы жағынан төрт
тармақты түгел қамтитын шумақтар ауыз әдебиеті үлгілерінде
де, Абайдан өзге жеке ақындарда да көп кездеседі. Абайдың
еңбегі – негізгі тақырыпқа жанаспайтын тармақтары жоқ
шумақты өзі шығарғандығында емес (өйткені оны Абай
шығарған жоқ!), бұл сипаттағы шумақты осы категорияға тән
принцип етіп ұсынуында, яғни норма етіп орнықтыруында.
Абай үшін шумақ – ритмика-интонацияның да, ұйқас пен
өлшемнің де және тақырып пен синтаксистік құрылымның да
тұтастығы, бірлігі; егер алдыңғы шарттар болғанмен, логи-
калық ой байланысы, тақырып бірлігі болмаса, ондай тармақ-
тарды Абай шумақ етіп тұтастырмайды, бір тақырып бір
шумақта аяқталып отырады.
Абай өлеңдеріндегі және қазіргі поэзиядағы шумақ катего-
риясына қойылатын шартта оның ритмикалық-интонациялық
құрылым жағынан тұйықталған біртұтас дүние болуымен
қатар, синтаксисі және тақырыбы жағынан да тұйықталған,
дербес дүние болуы міндетті саналады. Сонымен қатар өлеңді
шумақтауға осылардың бәрінің үстінен койылатын ең ба-
252
сты шарт – шумақталған тармақтар санының қатаң түрдегі
біркелкілігі; өлең шумақты болып табылуы үшін ондағы
шумақтар ырғағы мен өлшемі жағынан бастан-аяқ бірдей
болуы шарт. Ол бірдейлік болмаса, өлең шумақталған бо-
лып есептелінбейді, өйткені ұйқас, өлшем және тақырып пен
синтаксистік құрылыс бірлігі шумаққа ғана емес, тирадаларға
топталған тармақтарда да болады. Соңғылар да көбінесе бір
ұйқасқа құрылады, тармақтардың буын саны біркелкі болады,
бұнда да тармақтар синтаксистік күрделі тұтастыққа бірігіп,
бір тақырыпты қамтиды, бұл жағынан шумақ пен шумақ емес
топ (тирада немесе өлең шоғыры) бір-біріне өте жуық келеді,
айырмашылығы: шумақты өлеңдерде тармақтардың топта-
луы бастан-аяқ біркелкі (төрттен, алтыдан, сегізден т.т.) бол-
са, шумақсыз өлеңдерде топталған тармақтар санында мұндай
қатаң біркелкілік болмайды. Сондықтан кейбір зерттеушілердің
«шумақ» деген терминмен жалпы тармақтар тобын атау-
ын дұрыс деп таппаймыз (терминдерді өз мағынасында, бір
мағынада қолданған абзал ғой).
Демек, Абай шумақтарын тануда негізгі белгі ұйқас емес,
керісінше, Абайда ұйқас тұтастығының рөлі шумақтан гөрі,
тирадалар құрауда күшті сезіледі. Абай шумақтары ритмика-
интонациялық единица болумен қатар, мазмұны біртұтас
синтаксистік те единица болуды негізгі шарт етіп ұстайды.
Сондықтан да Абай қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған
шумақтар түрін жасаған, жаңа түрдегі шумақтарды ұйым-
дастыруда Абай осы принциптерді қатаң ұстаған, яғни бұл
принциптер Абайға буын саны жағынан да, ұйқас суреті
жағынан да алуан түрлі шумақтар жасауға мүмкіндік берген.
Абайда шумақталуға біртабан жақын құрылған өлеңдер
де бар, бірақ көп емес. Мысалы, «Сап, сап, көңілім...» өлеңі
тармақ саны жағынан бірдей шумақтардан құрылған деуге бол-
майды, дегенмен ұйқас тұтастығы, грамматикалық және тема-
тикалык дербестігі жағынан бұл өлең 5 бөлікке бөлінеді. Тіпті
әрбір бөліктің «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» деген жолдан
басталып анафоралық рөл атқаруы бұл өлеңді шумақтауға
итермелейді. Дегенмен 7 буынды аралатпа ұйқас пен – жыр
ағымымен – жазылған бұл өлең тармақтары бірде азырақ, бірде
253
көбіректен топтасып, шумақ шарты түгел сақталғандардың
қатарына қосыла алмай тұр. Дәл осындай жайт «Келдік талай
жерге енді» өлеңінің де басында бар. Мұнда бір ұйқас бастан-
аяқ келіп, өлеңді жеке-жеке синтаксистік единицаларға бөледі,
бірақ бұл бөлістегі тармақ саны әрқилы: бірде 2, бірде 3, бірде
4 (көбінесе 4):
1. Келдік талай жерге енді,
Кіруге-ақ қалдық көрге енді.
2. Қызыл тілім буынсыз,
Сөзімде жаз бар шыбынсыз.
Тыңдаушымды ұғымсыз
Қылып Тәңірім берген-ді... (I, 117).
Өлеңнің өн бойына алынған бір ұйқас осылайша 2-3-4 жол-
ды қосақтап алып, бір сөйлемге ұйымдастырады, ал тармақ
санының көп-аз болуы айтпақ ойға байланысты. Сондықтан
бұл өлең де строфикалық типке жуық тұрғандардың қатарына
қосылады.
254
Достарыңызбен бөлісу: |