САРЫАРҚАНЫҢ ЖАҢБЫРЫ
Күн еңкейіп барады. Мен Қызылқайың сар қы ра ма сы ның
жағасындағы кəрі қайыңның түбінде ойға батып отырмын.
I
Жазатырдан елең-алаңнан шыққан қос атты күн екін дік-
ке таянғанда, Аршаты ауылына келіп түсті. Жүрістері суыт
емес, аттарын сипай қамшылап қатты аяң мен бүлкек ит
желістен оздырған жоқ-ты. Сондығы ма, міністерінің ал қы-
мы мен құлағының түбі ғана жіпсіпті. Өздері сергек. Дік-дік
түсе-түсе қалысты да, аттарын бұғының қатып-семіп қал-
ған мүйізі қағылған кермеге байлай салды. Ағаштан қиып
салынған қос бөлмелі үйге беттеді.
Айнала сыңсыған қалың тайга. Қия бетке орналасқан
жиырма шақты киіз үй етекке домалап кетердей. Бойларын
көкке маңғаз созып, аса тəкаппарлықпен жайлап қана тер-
бе ліп тұрған ағаштың ұшар басына қарасаң, бөркіңді қо лы-
ңа ала сың, қазбауыр ақша бұлт торлаған аспанды кө ре сің.
Ша йыр дың иісі қолқаңды атады. Алтай табиғатының осы
бір оқшау көрінісін қызықтағысы келді ме, дөңгелек жүз-
ді, сұң ғақ бойлы, құба шұбарлау жігіт қапсағай денелі қау ға
са қал шалды оздырып жіберіп, өзі жүрісін ірке берді. Салт
ат ты лар дың бөтен сыңайын таныған бірлі-жарым адам жас-
қа ныс сыз бедірейіп тесіле қарады. Ши борбай айран бет үш-
төрт бала құйрығын сабалап құйғытып кеп қалды да, бө тен
331
болған соң, сілеусін көрген еліктей едірейіп қалт тұра қа лыс-
ты. Қапсағай шал «Насыбай бар ма?» – деп, жорта тап бе ріп
еді, бажбаң етіп ыржиысты да, бет алды тыраңдай жө нел ді.
– Ақсақал, сіз үйге кіре беріңіз. Мен сыртта тұра тұ ра-
йын, – деп құба жігіт шалға қарады. Шал бұрылған да жоқ.
– Мейлің.
Жігіт шағын ғана ауылдың жүдең қалпына көз жүгірте
тұ рып, қабағын кіреукелендіре тық-тық жөтелді. Күндізгі
жү ріс жон арқасын құрыстырып тастапты. Салт көп жүр ме-
ген ді гі болар. Бағана ет қызуымен білмепті. Екі иығы мен
қара саны талып, адымын аштырмайды. Күн алып дəу шо-
қы лар дың қалқасында қалды. Мұнда ерте батады екен. Бірақ
ұйы ған қоңыр барқыт кеші ұзаққа созылып барып, ымырт
үйі рі ліп, көз байланады. Алтай табиғаты қаншама əсем бол-
ған мен, ауыл адамдарын əбден жалықтырған секілді. Жо-
лаушы жігіттің үн-түнсіз айналаға көз тастап, балаша аң-
та рыл ған жұмбақты тұрысына бірер жалтақтасты да, үй ле-
рі не беттеді. Сонан соң əр түңдіктен болар-болмас же ті мек
ұшқындар ұшты. Тау кешінің өзгеше сырын ұққысы, зер-
делеп алғысы келді ме, жолаушы жігіт сонау батып кеткен
күннің артында қалған қызыл батсайы жалқынға қарап тұр.
Көңілі бейжай. Көңілін татар əніндей мұңды да зарлы се зім
басқан. «Тағдыр тарантасы қайда əкеліп тастады. Енді қай-
да апарады. Адам бұл пəниде тек жүре беруі керек шығар.
Адам бұл тертедей ғана шолақ өмірде тек күліп қана өтуі
керек емес пе еді. Бірақ менде жүру бар да, күлу жоқ. Өмі-
рім нің өрлерін бүтіндей оқуға, білім алуға бағыштамақ едім.
Қыс қа жіп күрмеуге келмеді. Қырсықтың құрығы үзілмеді.
«Міне, бақыт ұшпағына шығарар баспалдақ», – деп кім ұсы-
нар алдыңнан игілікті. Шоқпыттың қайда қалмаған бір ұлы.
332
Егер ертеңгі күні көзің жұмылып кетсе, бата оқылып, бет
сипалады. Қырық күннен соң ұмытыласың. Қандай сорлы
əрі аянышты пенде деген. Мынау жаһанға келіп-кеткеніңді
кім білер, кім сезер. Меңдеген сырқатым күндердің күнінде
алып жесе, артымнан аңырап қалар кімім бар? Е... е... Ма-
қыш, ақын емес, дəруіш болғаның осы». Жігіт ауыр күр сін ді.
Кө зі не ащы жас іркілді. Таудың кешкі салқын лебі бо йын ұс-
тап тоңдыра бастады. Желбегей жамылған кеу де ше сін қау-
сы ры нып, қоналқы үйге кірді.
Сығырайған май шамның жарығы бөрене-бөрененің ара-
сынан мүгі сапсиған ағаш үйді қара көлеңкелеп тұр. Төр ал-
дында дөңгелек тақтай стол. Стол үстінде орта тегене қы-
мыз. Сыңайы – ішіп орталаса керек. Қауға сақал шал төр де
бір шынтақтай жатыр да, оң жағын ала ағаш төсекке ар қа-
сын сүйей, бір жақ көзінің тарыдай ағы бар тағы бір қарт
отыр малдас құрып. Махмұттың сəлемін сақалын саумалай
іл ти пат пен қабыл алды.
– Уағалайкүмассалам, жол болсын, балам! Төрге шық.
Былай, ана жолсерік атаңның ар жағына шығып кет. Сыртта
көп аялдап қалдың-ау.
– Махмұттың ол əдетін жақсы білем, Ореке. Кеш бол-
са, кү бір леп түзде жүреді. Əлгінде қымыз ішуге ша қырт-
тыр ма ға ным да сол. Ойдың адамы ғой. Кешкі көкжиекке
көз жібермесе, ұйықтай алмайды білем, – деп Махмұттың
орнына жауапты қауға сақал берді. Көзі шегір, шəушиген
сары бəйбіше қымыз құйып беріп отыр. Кимешегінің жақ-
та уын қайта-қайта созғылап, самайынан құлағына ысыра
бе ре ді. Тегі, тар тігілген секілді. «Шүкір» деген есен дік тен
соң, лəм деп аузын ашқан жоқ. Тұқырған күйі жалын шал-
ған ағаш ожаумен үйірілген сары қымызды дамылсыз сор-
333
сор сапырады. Ішінде жалын жатса да, бала жылап жатса
да, сездірмейтін мерез адам сыңайлас. Əлгі əңгіменің ақы ры
шолақ қайырылды да, қылқ-қылқ қымыз ішісу біраз үн сіз дік
жайлатты.
Төргі үйде не бары беймəлім. Алдыңғы ауыз үйде қа за-
қы қара сықырлауық төсек, бірер бөстек, жез құман, ор та да-
ғы дөңгелек стол мен үй иесі шалдың ескі ішігінен өзге жə
деген зат жоқ. Оң жақ босағада күміс маңдайы жалтырап,
қасқайып жатқан қазақы шапқан ер-тұрман ғана, зəу де ға лам
ұры түссе, қолына ілігері. Бұл үйдің бар байлығы осы – ер,
бар шайлығы – қымыз секілді.
Ербең еткен бала көрінбейді.
Махмұттың жай-күйін Шағиман шал таныстырса керек,
үй иесі «Баянауылдың азаматы екенсің ғой» дегеннен бас-
қа қадалып ештеңе сұрамады. Тіпті сұраса да Мах мұт тың
əң гі ме айтар реті жоқ-тын, дəуілдекті суқаны сүймей, мына
отырыстан ерқашты болайын деген. Күндізгі ұзын-сонар
іркілдек жүріс соқты ма, аса шаршастың райы бар жү зін-
де. Қымызға да зауқы шаппайды. Дел-сал маужырап отыр.
Осы ретте сары кемпір шегір көзін бақшайтып бір қарады
да, күңк етті:
– Балам, шаршасаң жат, төсек сап берейін, – деді Мах мұт-
тың мына күйіне шынымен жаны ашығаны ма немесе қу сы-
ры лып бара жатқан қымыздың қамы ма, оншасын ажырату
қиын.
– Сөйтіңізші, əже. Демалғаным дұрысырақ болар.
Жатуын жатса да Махмұт көпке дейін көз ілмеді. Ер те ңі-
не бір сəт көз жүгірткен жоқ, өткенін есіне ала берді ауық-
ауық. Қымызға қызған екі шал дүрілдесіп əңгімеге кі ріс ті.
Сары кемпірде үн жоқ, тобық жұтқандай томпайып отыр-ау.
334
«Қаратай қазақтарының мінезі қызық екен, – дейді Мах мұт
ішінен, – ғажап, тылсым мінезді адамдар. Адамдар сырын
ұғу қиын ғой». Махмұт Алтайдың өр қой на уы на кел гелі,
осындай тайталас ойдың ұшығынан ұстай алмай жүр ген.
Мына өзін Шəңгіштайға бала оқытуға апара жат қан Ша-
ғи ман шалдың жүріс-тұрысы, қысылмай қай қай тып тұ рып
дүңк еткізетін сөздері, керек жерде кəдеге жарататын ақыр
заман ылпың-жылпың қулығы, нар жығар қа руы мен өт-
кір, сексеуілдің шоғындай əмісе жайнап тұратын көзі аса
та ңыр қат қан-ды. Болыс екінің біріне тапсырмайды ғой жа-
уап ты шаруасын. Бірақ Шағиман – Махмұттың сирек жо-
лық тыр ған шалы. Қара дүрсін орысшасы мен там-тұм да ған
моңғолшасы, шүлдірлеген қытайшасы бар. Шаруасын ың-
ғай лау ға келгенде, қай ұлтпен болсын тіліне тиек сап көр ген
жоқ. Арқаның еліндей емес, діндарлығы да бо саң. Та мақ-
тың алды-артынан «құдай жарылқасын» деп бет си па ға ны
болмаса, күніне бес уақыт шоңқаңдап намаз оқып, құ ма нын
сүй ре ген кезін кезіктірмеген. Махмұт бұған да қайран қал-
ды. Əр нəрсені тез сезіп, мəн-мағына тастай қарайтын жіті
кө ңіл Алтай қазақтарының ғұрпын жыға танымай сар саң.
Қа зір де ертеңін емес, бүгінін ойлап жатыр. Осынау тау хал-
қы ның жайсаң да жабыңқы, еркін де қатыгез, қа һар лы да
жас қан шақ, шаттықтары мен сорлылықтары аума-төк пе ле-
не беретін оқшау тірлігін бағамдап жатыр. Өздері та қыл да-
ған тақуалығы, сораптап кетер ділмарлығы жоқ, тұ йық жұрт.
Осы ның бəрі Махмұт көңіліне бұрынғыша өр нек ті жыр
ұя лат па ған, топырлап кеп тоғытылып қалған ға ла мат əсер,
түп сіз ой жыр көзін тұмшалап, жігіт сезімін буып тас та ған-
ды. Алтайда туатын өлең əдетінше лақ етпей, шым-шым дап,
сыз дық тап, сірнеленіп шығатын-ау...
335
Сығырайған жалғыз терезеден түскен сəуле таңның ат қа-
нын əйгілей алмады бұл үйге. Бозамықтанған жарықтан əр
заттың нобайы ғана бұлдырайды. Үркер тас төбеге шық қан-
ша, көз ілмей жатқан Махмұт талықсып барып, қатты ұйық-
тап кетіп еді. Əсіресе, қазір маңдайы жіпсіп, ессіз, еркін һəм
тəтті ұйқыда жатыр. Мынау жарбиған ағаш үй өртеніп кетсе
де, сезбес еді. Түндегі анталаған көп ойдың кесірі ме, əй те-
уір, сандырақ түстің сан-сапалағын көрді.
...Баянауылдың шыңайты мына Алтайдан əлдеқайда биік-
теп, көк күмбезіне бой созып кеткен екен. Ұшар басы ба-
рып-барып шыңылтыр көк тасқа айналып, найзаланып біт-
кен. Қап-қара бұлттан болар-болмас қана болжанады. Дү ние
ызың-шудан адыра қалған тұл, əлем-тапырық дауыл ал дын-
да ғы тылсым тыныштық секілді. Мүбəдə көзге түртсе көр гі-
сіз түнге айналды. Тек Баянауылдың тауы ғана көзге шалы-
нар. Махмұт осы таудың етегінде еді, енді бір уақытта қо-
ңыр қай оба тастардан жеңіл ырғып-ырғып өтіп, Баянға тыр-
мыса бастады. Қоңырқай тастар бітіп, көк тайғақ жылтыр
шың ға ұласты. Махмұт жан дəрмен өрмелей берді, өрмелей
берді. Үстіндегі лыпасының түгі қалмаған. Тырнағының кө-
бе сі нен, қос тізесінен сорғалаған қан ақты. Құр сүлдері.
– Баянның басында əкеңнің құны қалған жоқ, етекке
түс! – деп əлдекім ақырып еді, Махмұт құлағына да ілмеді
оны. Əлгі əлдеқайдан күңіреніп шыққан сайқымазақ дауыс
əжуа келекеге айнала бергенде:
– Өрмеле, Махмұт! Шынар басына шықпасаң, шын дық
қуғаның неткенің! – деп дауыстады. «Міне, қараңыз, Мах-
мұт Баянауылдың аспанмен тілдескен шыңында тұр. Аспан-
да күн жоқ, тек Махмұт қана. Əлгіндегі тұлан тұтқан қа-
раң ғы лық сейілген, дүние Махмұттан тараған нұрдан қуат
336
алып, шұғылаға шомылып тұр. Қазақтың дарқан даласы
гүл-бəй ше шек ке бөленіп, иран бағындай құлпырады. Мах-
мұт қолында – найза. Найза емес-ау, қаламсап. Соған сү йе-
ніп тұр ол. Əлден уақытта, əлдеқайдан өзгеше тегеурінді
қол Махмұтты шың басынан бөріктей іліп алды да, түпсіз
шы ңы рау ға тастап жіберді. Шыбын жаны шырқырай зулап,
жұл дыз дай ағып бара жатқанда, Шағиман шал қағып алды».
Махмұт булығып барып, көзін ашып еді, Шағиман шал
жіпсіген маңдайынан сипап тұр екен.
– Есіңді жишы, балам, шаршап ояндың-ау. Шошынып
қала ма деп, маңдайыңнан сипап ояттым, – деді майда қо ңыр
дауыспен. Махмұт Шағиманның үлкен ұялы көзінен əке лік
қамқорлықтың айтып жеткізгісіз игі райын байқады. Басы
зеңгіп, ауырып қалған екен, таудың суық суымен ұзақ жу-
ынды. Күн сонау апайтөс таулардың басынан енді-енді ғана
қылтиып келеді. Ауыл адамдарының көбісі ұйқыда. Қо лын-
да жүгені бар əлдекім жалғыз аяқ соқпақпен орманға бет-
те ді. Шағиман шал аттарды ерттеп қойыпты. Ер тең гі лік тің
таза жұпар иісі сарайыңды салқын тарттырып, бой сер гі те ді.
Тау саһары соншалық сұлу. Айтып жеткізе алмайсың. Та би-
ғат толайым бар інжуін дəл осы өңірге төге салғандай. Тіп ті
əудем жерде жер ошақтың отын көсеп, көк түтінді бық сы-
тып отырған сары кемпірдің ана қаракеті өзіне бір түрлі жа-
расымды, аса ұнасымды іспетті. Аршатының кешінен таңы,
таңынан кеші артық, өзіңді ессіз құмарлыққа, ын ты зар лық қа
итермелейді екен. Махмұт осыны бажайлады.
Күн көкжиектен көтеріле бере, екі жолаушы атқа қон ды.
Бірі – Алтайдың көмпіс сұңғыла шалы да, екіншісі – бо ла-
йын деп бола алмай, толайын деп тола алмай ты раш та нып
жүрген Сарыарқаның боздағы. Бірінің ендігі үмі ті, кө рер
337
таңы – əзіргі тірлігі. Шығандап кетер өрісі жоқ бар бол ға-
ны – Əбдікерім болыстың тауанын шақпау. Өз иесіне əділ,
адал ниетімен қызмет қылу, шау тартқан шалдың өткені
мен бо ла ша ғы осыған көгендеулі. Ал желкілдеп шыққан
көк шөп тей жаңа ғана қауашағын ашып келе жатқан жа са-
мыс тың өткені аяулы, ертеңі бұлдыр да арайлы. Екеуінің
тір лі гі екі басқа. Екі басқа болғанымен – мəмілелес. Еке уі-
нің талап-талғамы, ой-арманы екі басқа. Екі басқа бол ға-
ны мен – өзек тес. Ол өзектестік жалпы иісі қазақ баласына
деген ұлы махаббат, ыстық ықылас, жамандық атаулыны
ман сұқ етіп, мынау тұрлауы жоқ пəниге адамның ең асыл қа-
сие ті – адамгершіліктің ұрығын себу. Сайып келгенде, олар-
дан бұдан зор ерлік, бұдан асқан инабат дəмету – бекершілік
болар.
Қос жолаушының əзіргі ойы тоқайлас келеді. Мынау қа-
ты гез даланың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт,
бей қам жомарт таңы, неткен ғажап едің!
Өрелдің өріне келгенде, Махмұттың қылаң қарагері Ша-
ғи ман шалдың тобылғы торысынан оқ бойы озып, сар же ліп
кетті.
II
Махмұттың Əбдікерім болыстың қол астына кеп бала
оқыт қа ны на жыл уағынан асқан. Ту Семейден қа жы ған-
дық тан емес, қамыққандықтан, ашу мен ызаны ауыз дық тай
алмағандықтан, парықсыз қазақ арасына тартып берген жас
жі гіт алаңсыз əрі бейқам өмір құшағына енгендей еді. Ша-
һар да кем көрініп жүргенше, ызың-шудан ада Қа тон қа ра ғай-
да дем алып, бала оқытып жүргенін ар тық санаған. Əб ді ке-
338
рім болыстың бұған деген көзқарасы екі ұшты. Сыр бер мей-
тін сырбаз бай оны да ал дегенде-ақ сынай қарсы алып еді.
Əлі күнге өз пікірін сездірмеген. Болыстың ал ғаш қы жүз де-
суі Махмұт көңіліне де əдемі əсерін қалдырған.
Сəлем беріп кіріп келген қалаша киінген жігітті Əб ді-
керім:
– Е... е, ақын жігіт, сен екенсің ғой. Төрлет, шырақ. Атың
Сұлтанмахмұт па еді? Алтай – Баянауыл емес, Мах мұт бол-
саң да жарар, Сұлтан бола алмассың, – деп қақ та ған кү міс-
тей аппақ маңдайына аса жарасымдылықпен қиы ла ор на лас-
қан қара қасын кере кеңк-кеңк күліп алған.
– Анау-мынау адам емессің ғой. Сөз төркінін тү сі не тін
боларсың. Атаңның əзілін көңіліңе ауыр алма, – деп уыт ты
қалжыңның артын бықсытпай майпаздай салған. Бірақ сөз
астарын аңғарып қалған Махмұт жүзінің жайдары қал пын
бұзбастан:
– Алашқа барып Сұлтан болғанша, өз еліңе барып ұл тан
бол дегеніңіз-ау бұл, ақсақал. Мүбəдə мен Алтайға сұл тан
болайын деп те, ұлтан болайын деп те келмегенім рас. Мө-
рі ңіз де, төріңіз де өзіңізде қалады. Секем алмаңыз. Ме ні кі
де қалжың, Əбеке. Əзілің жарасса, атаңмен ойна деген, – деп
күле жауап берген.
Тоғыз қанат ақ отау. Қаратай елінің игі жақсылары тү гел-
дей осында жиналған екен. Əбдікерім орыс ғұрпынша жа ға-
лай таныстырып өтті. Күзге айнала бастаған мезгілдің күш ті
сары қымызы қыздырып дүрілдесіп, көңілді мəжіліс құ рып
отыр. Қалтасынан ақ торғын бет орамалын алып, жіп сі ген
маң да йы на басты болыс. Быршып терлеп, қалжасы əб ден
жа ғып отыр. Есендіктен соң бір сəт үнсіздік басып еді, Əб-
ді керім:
339
– Уа, Мұса! Ахметбек пен Жанмырзаның арасында бі тіс-
пей жүрген не дау еді? Шақыртшы мұнда! Сен шеше ал ма-
саң, көмейінің желі бар мына ақын жігіт шешер, – деп ша ға-
ла дай аппақ тісін ақсита күлді. Мұса есік жақ та ғы ба ды рақ
көз жыпылық қара бұжыр жігітке иек қақты. Бұл үй дің əр
ым-жымын қас қақтырмай сезу қадетіне қалыптасып кеткен
жігіт сыртқа тұра атылды. Есіктен екеу кірді. Ал дың ғы сы –
жап-жас жігіт те, екіншісі – орта жастан асқан кемиек шал.
Маңдай тісі түгелімен жоқ, опырық ауыз. Тегі, қарт тық тан
емес, қанқұрттан түсіп қалған секілді. Анасы – Ахмет бек те,
мынасы – Жанмырза екен.
– Сөйле, Жанмырза! – Болыстың үн қатуы мұң екен, əл-
гі ден бері таспиғын санағандай мүлгіп жүресінен отыр ған
опырық ауыз шал кемсеңдей жөнелді.
– Мына Ахметбек тентектеріңіз талшық етіп отырған
жал ғыз тазы итімді өлтірді. Міне, бақандай екі жұлдыз ауыс-
ты, сырғақтап құнын төлемей жүр. Айыбын алып бер се ңіз-
дер екен, əділ қауым.
Жігіт лəм деген жоқ. Жымияды. Əлпетінде мысқыл бар.
Əбдікерім:
– Рас па? – дегенде, – рас, – деді.
– Ал, ақын, біздің бидің төрелік бере алмай жүргені – осы
ит дауы. Түйіні өзіңде. – Отырған қара сақал, ақ са қал дар
мырс-мырс күлісті. Бөтеннен келген адамды орталарына
алып сынап, сөз көкпарына салатынын сезген Мах мұт ір кіл-
ген жоқ.
– Қаратай елі, баршаңның үкімін айта алмай сар саң ға
түс кен де рің жалғыз ит болса, жер дауын, жесір дауын қа лай
бі ті рі сіп келген екен, қайранмын. Ақсақал, итіңіз тазы ит де-
ді ңіз бе?
340
– Иə, қарағым. Итім ит-ақ еді.
– Жігіт, сізде құныкерге берер күшік бар ма?
– Бар. Аламойнақ күшіктегелі екі ай болды. Көбін елге
таратып жібердім.
– Қазір қолыңда қалғаны нешеу?
– Екеу.
– Құныкер ақсақал, мықтасаңыз, иттің басы – екі-ақ кү-
шік. Екеуі өсіп бір иттің басын толтырар. Айыпкер жігіт, екі
күшігіңді шалға бер, – дегенде, отырғандар ду күлісті. Ке-
миек шал Махмұтқа көзін ақшита бір қарады да, үнсіз шы-
ғып кетті. Жігіт те іле-шала жөнеле беріп:
– Ұқтыңыз ба, отағасы. Мықтаса, иттің басы – екі-ақ кү-
шік, – деді дауыстап. Осы бір сөз қақтығысынан кейін Ах-
метбек жаңа келген жас жігітті іш тартып кетіп еді.
Махмұттың қайран қалғаны: орта жастан асып кетсе де,
өңін бермеген Əбдікерімнің келбеттілігі. Тостағандай дөң-
ге лек бота көзді, жұқалтаң жүзді, аппақ сазандай кісі екен.
Не ұзын, не келте емес, қара сақалы өзіне өзгеше жараса-
ды. Кірпияз, əрі талғампаздық жағынан бірегей. Неге бол-
сын көзін күлімсірете тура қарап, үкімін айтады. Бұл өңірде
тұң ғыш рет бұдан жеті жыл бұрын орыс-қазақ мектебін
аштырды. Онда орыс учительдерін ұстайды екен. Кіші ұлы
Шабдан Петерборда оқиды. Басқа ұл-қыздары да бі лім нен
кенде емес. Өздері шетінен сұлу. Махмұт осының бəрін ба-
ғам дап, көңіліне топшылап жүретін. Өзін ана іргедегі орыс-
қазақ мектебіне онша араластырмай, бөтен үй тігіп, бо ла-
шақ молдаларды жиып бергеніне риза болмаса да, «Қанша
жү рем дейсің. Бір жылға қоянның терісі де шыдайды» деп,
өзін-өзі алдаусыратып қояды. Əйтсе де орыс тілі пəнінен са-
341
бақ беретін Михаил Комаров деген орыстан анда-санда тіл
сындыратын.
Махмұттың тіпті ертеректе қайтып кеткісі бар-ды. Қас-
қыр мен қойдың ғұмыры дос болмайтынын да біледі. Қа лың
жұрт қазақтың дертіне ем іздеп, басын тауға да, тасқа да ұр-
ған ақын өмір айдынындағы тау толқындарымен ай қа сып,
үмі тін желкен, жігерін қайық етіп жүргенде, тек жыр ғана
кеу леген жүрегі сеңдей бұзылып, Алтай талына жар мас қан
еді саусағы. Ол əлі өзі ғана білетін, өзі ғана дейміз-ау, үшеуі
ғана білетін, жұмбақты сыр. Əр үміттің түні бойы ұйық тат-
пай, беймаза ететін қиялды сəулелері иіндесе келіп, үл кен
арманға, ыстық махаббатқа ұласқандай еді. Бір кезде ле-
пі ріп бақ іздеп, албатыдан жар іздеген көңілі ақ ерке сұлу
та уып, байызданған. Сүймейтін бір сұлуды сатып алып,
«Сүй» деп зорлайтындарға тумысынан қаны қарсы Мах мұт
өзі нің жұмбақты əрі мұңлы сүйіспеншілігін өзгені қо йып,
өзі не қиғысы жоқ. Қызғанады. Ол, əсіресе, соңғы күн де рі
сең дей соғылысқан азапты сезімнің құрсауында жүр. Бұ-
рын да ауыл шетіндегі қарағай түбіне алтыбақан құрып тас-
тап, осынау меңіреу өңірді əн мен күйге бөлеген шат тық ты
шақтары бұлдырап, күн жылжыған сайын, артта қалып бара
жатқандай.
Бағана Ахметбек келіп:
– Махмұт, бүгін алтыбақан құрайық деп едік. Сенсіз жиы-
ны мыз дың сəні болмас. Келіп гармонь тартып бер, – дегенде:
– Мақұл, – деп келісімін беріп қойған. Онда да Бағила
барады деген соң, дидарласудың ыңғайы келе ме деп үміт
еткен.
Бала оқытудан қолы босаса болды, Қызылқайың сар-
қы ра ма сы ның жағасына келеді. Оның барар жері, отырар
342
орны біреу-ақ – су жиегіндегі кəрі қайыңның түбі. Осында
ұзақ отырып, дəптерге əлденені сарыла жазатын. Бірақ неге
отыратынын, көз майын тауысып не жазатынын тірі пенде
білмейді. Кейде күн таласып батып бара жатқанда, екі қо-
лын басына жастап көк күмбезіне телміретін. Аспанда қал-
қып бара жатқан бұлттарға қарап күбірлейтін. Мүмкін, ол
кін дік жұрты Баянауылына ала кет, мінгестіре кет деп не-
месе Сарыарқаның жаңбырын құя кет деп сəлем жолдайтын
шы ғар. Не, мүмкін, бүгін түнде ақ еркеммен жолыққандай
болсам, айдың бетін жап, қорғала бізді, түннің құшағында
тербет дей ме екен. Əлде «жанды мал үшін жаратып жүрген»
мынау елге деген өкпе-назын, ішіндегі қазандай қайнаған
құса ойын, ел тағдырын кемеңгерге емес, езге, малға өңгеріп
берген заман зарын еншілес дей ме. Кім білсін. Əйтеуір, ұзақ
ойланады, əйтеуір, жалықпай жазады. «Кім жазықтының»
мынау кəрі қайыңның түбінде тұсауы кесілгенін қайдан біл-
сін мынау бейбақ ел.
Əлі есінде:
Махмұт болыстың үйіне барған сайын, Əбдікерімнің
үл кен қызы Бағилаға көз қырымен қарай отыратын. Ал се-
зім тал қыз болса жігіттің өзіне деген ниетін қымыз ұсы нып
отырып-ақ аңғаратын-ды. Екеуі бір-бірінен балаша ұя ла тын.
Неге қысылатынын өздері де сезбейтін. Бұл үнсіз жұм бақ
сү йіс пен ші лік те рін бір-бірінен қызғана да жасқана жасы-
ратын. Бір-бірлерін ойламаса да, жүректерінде əр қай сы сы-
ның бейне бір буалдыр көлеңкелері тəрізді бір сағым ке зе-
тін. Махмұт бұл үйге келген сайын, келуін зарыға күт ке нін
қашан болса да жəудіреген мойыл көзінен танитын, оның
өзі де ертеден-ақ бөтен сезінгендей, оның келетінін біл ген-
дей, аңсап күткендей болып жүргенін қимыл-қы бы ры мен-ақ
343
аңғартатын. Бір-бірін жан-тəнімен қиыла сүйетіні ашылма-
са да, ауызекі сұхбаттасудан əлдеқайда күшті құдіретті се-
зім жеткізіп қойған. Бұл үнсіз сүйіспеншіліктері бой бермей
билеп əкетсе, түбі неге апарып соғатынын, мына Ба ғи ла ның
əкесі не дейтінін ойлаудың өзі аса сұмдық еді. «Қыз ме нің
етегімнен ұстады делік. Оны осынау жылы қо ны сы нан бө-
ліп қайда апарып, қандай ұшпаққа шығарар едім. Қара ба-
сты қаңғыртып, ел кезіп жүрген Махмұт, жар кү тер лік жа-
ла қың бар ма? Жарайды, оған да мойымаймын. Сонда Ба-
ғи ла ның құдандаласқан жері бар ғой, Əбдікерім салт басты,
сабау қамшы сақа жігіттің қолына жетектетіп жіберер дей-
мі сің қызын». Міне, осы бір тастаяқтай қақтығысып тыншу
бермейтін түпсіз ой Махмұт жүрегіне ақпанды азынатып
жүрген. Нұрмаш қыздан беріп жіберген алғашқы хатына
өзгеше назбен сазды жауап беріпті. Бұл да жігіттің күй ре-
уің кі жанына үлкен медеу болды. Бағана Бағиланың жа уа-
бын көкірегіне мықтап қысқан күйі үйреншікті орны – қа-
йың ның түбіне келген. Етпетінен жатып алып, жалпақ көк
тас тың үстіндегі қағазға əлденені беріле жазуда. Нұр маш тың
келгенін сезген жоқ. Ерке қыз сыралғы жігіттен жас қан бай-
тын. Бірінің астына бірі мөрдей тіркеліп жатқан өлең жолда-
рын үнсіз оқып тұр:
Келді хатың мен шаршап,
Отырғанда қамығып.
Хабарыңа бек аңсап,
Созылып көзім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым жамығып, –
344
деген жеріне келгенде, қыз шыдай алмай сықылықтап кү ліп
жіберді. Махмұт селк ете түскен. Атып тұрып, дəптерін жа-
сыра қойды.
– Е, сен екенсің ғой, Нұрмаш.
– Ақын жігіт, сағыныштан əбден біткен екенсіз. Құ шақ-
тап жатқаныңыз Бағила емес, көк тас қой. Оны неге өлең ге
қосасыз?
– Адасқан қаздай қаңқылдап əбігері шығып, жар із де ген
жабыңқы жүрек ойда жоқта туласа, есеңгіретіп тастайды
екен, Нұрмашжан. Тұйық ағаңның тұтқиылдан ту ған ма-
хаббаты тұмшалаған тұманды ойдың тұнығын тілімен емес,
жырымен жеткізуге талпынғаны да. Нан іздеймін деп жү ріп,
жар таптым ба деп едім, үмітім ескексіз қайыққа айналды.
– Қамықпаңыз, Махмұт аға, Бағиланың сізге деген ықы-
ла сы оң. Тыншу бермей сізді қинап жүрген сезім оның ба-
сында да бар. Түбі қайырлы болсын деңіз. – Əлгінде ғана
бұл тың дап қуақыланып тұрған қыз Махмұттың бет-əл пе-
тін де ті мұңайыстың ауыр табын аңдап, момақан күйге көш-
ті. Белін қынай тіккен пүліш камзолының арқасында шаш-
баулап өрген қос өрім күрең шаш қыздың қара торы өңі не
өзгеше жарасымды, басын піскен алмадай иіп, жігіттің ал-
дында бейне бір өзін борышкер адамдай сезініп тұр.
– Қолымнан бар келгені – хаттарыңызды бір-біріңізге та-
быс ету болса, оның өзі де қияметке айналып бара жатыр.
Бағиланың үй-іші секем алады білем. Бағана Бағила ша қырт-
ты деген соң, кіріп шығып едім, шешесі жер-жебір, жекен
суыма жетті. – Сен қыз бұл үйге сумаңдай берме, – дейді.
– Тəңірім-ау, сенгенім сен болсаң, сенің жолыңды да жі-
ңіш керт кен екен. Алладан медет тілегендей, намазшам ара-
сында қырға шығып қайтатынмын. Сонда сенің ті ле уің ді
345
Бағиладан кем тілемейтінмін, Нұрмаш. Сен мен бей бақ қа
үлкен жақсылық жасадың. Қайда жүрсем де ұмыт пас пын.
Бодауын қайтару қолымнан келмейді. Тіліме тиек, жырыма
өрнек боларсың.
Күн таласып барады. Шəңгіштайдың бар малы өрістен
құ лап келеді. Кешқұрымғы ауа салқын. Аздап жел бар. Мах-
мұт жел өтіне төсін беріп тура қарап тұр. Жүзі сынық.
Нұрмаш қайтуға ыңғай білдірді.
– Махмұт аға, желге бұлай қарсы қарап тұрмаңызшы,
суық тиер. Кешке алтыбақанға барарсыз. Бағила əкем Үлкен
нарын жақтан келіп қалмаса, бір соғып қайтармын дейді.
Сəті келсе, жүздесіп, тілдесіп қаларсыз.
– Айналайын, Нұрмаш-ай, көңілімнің көк мұзын жал-
ғыз сөзіңмен-ақ еріттің-ау. Ымырттың тез үйірілгенін тіле
десеңші.
Махмұт шолпысы тілерсегіне соғылып, ырғала басып,
асық пай оқшау жүріспен аяңдап бара жатқан Нұрмаштың
артынан ұзақ қарап қалды. Жүрегін əлденендей жақсы үміт-
тің сағымы шарпи бастап еді, булығып кеп үздіге ұзақ жө-
тел ді. Алыста, қызыл ала кеңістікте бір топ жабайы үй рек
қо нал қы ға беттей ұшып барады...
Достарыңызбен бөлісу: |