Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің маңызды құндылықтары білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптерінде көрініс тапқан азаматтық және ұлттық
құндылықтардың басымдығымен сипатталады. Бұл
жас ұрпақты ұлттық сана мен
қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің маңыздылығын анықтайды ( «Білім туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы).
Құндылықтар белгілі бір сенімдер, мінез-құлық және
іс-әрекеттер жақсы немесе
қалаулы болып саналатын жетекші принциптерді қамтиды (Холстед пен Тейлор
материалдары бойынша, 2000).
Құндылықтар зерттеу және эксперимент жүргізу
барысында қалыптасады, оның
барысында адам бар тәжірибені және өзінің ұстанымдарын қайта қарастырады (CCSR,
2015).
Құндылықтар нақты әрекеттер мен мәтінмәндер шеңберінен шығады. Олар әртүрлі
жағдайларда қалай әрекет ету немесе не ойлау керектігі тұрғысынан нормативтік
ұсынымдық сипатқа ие
және адамдардың көзқарастарын, пікірлері мен әрекеттерін
айқындай алады (Еуропа Кеңесі, 2016).
Қарым-қатынасты «белгілі бір субъектіні мақұлдау
немесе мақұлдамай бағалау
арқылы көрінетін психологиялық үрдіс» ретінде анықтауға болады (Игли және Чейген,
1993, 1-б.).
Қарым-қатынастар қалыптасуы және өзгеруі мүмкін, тұлғаның басқа қасиеттерімен
салыстырғанда оның тұрақтылығы мен тиянақтылығы әлдеқайда төмен болып саналады
(Шварц және Бонер, 2001).
Қарым-қатынастар жеке тұлғаның бейімділігі мен құндылықтарынан бөлек, себебі
олар анағұрлым икемді болып табылады. Қарым-қатынастар белгілі бір нақты субъектіге
қатысты белгілі бір мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етуі мүмкін.
Білімнің құндылықтардан тәуелсіз болуы мүмкін емес. Мектептегі оқу процесі
көбінесе құндылықтар мен қарым-қатынастарға байланысты.
Құндылықтар мен
қарым-қатынастар жеке,
әлеуметтік, қоғамдық немесе
жаһандық адами қарым-қатынастар саласына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: