Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

 
 
 
 


МЕКТЕПТЕ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ. ПЕДАГОГТЕРДІҢ 
КӘСІБИ ДАМУЫН БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА МІНДЕТТЕР. ТАБЫСТЫ МЕКТЕП 
МӘДЕНИЕТІ 
 
ХХІ ғасырда адамзатты аса күрделі проблемалар күтіп тұр. Біз 
оларды шешу үшін ерекше шығармашылық және өнертапқыштық 
қиялдарымызды дамытуымыз керек. Біз үшін ең басты қауіп – 
болашақпен 
бетпе-бет 
келуде 
өзіміздің 
жасампаздық 
мүмкіндіктеріміз ретінде қол жеткізуге болатын барлық 
мүмкіндігімізді қолдана алмау. Оларды дамыту білім беру мен 
оқытудағы басым бағытқа айналуы тиіс. 
Білім дегеніміз – болашақтың кілті және одан асқан маңызды 
нәрсе болуы мүмкін емес. 
Кен Робинсон «Дарынға қарсы білім». Мәскеу, 2013 
Әлемнің өзгеруімен қатар білім беру де өзгеруде.
Жаһандану, технологиялардың дамуы, әлеуметтік қатынастарды жете түсіну және 
ұжымдық жобаларға қатысу қоғамның білім беруді қалай қабылдайтынына және оның 
қандай болуы керек екендігіне әсер етеді. Болып жатқан өзгерістердің маңыздылығы 
соншалық, оларды кейде «жойқын инновациялар» деп те атайды (Christiansen, Horn, 
Johnston 2008). 
Форсайт өзгерістерде заманауи үрдістер (трендтер) алты блокқа топтастырылып жүр
әлеуметтік, технологиялық, экономикалық, экологиялық, саяси және әлеуметтік 
құндылықтармен байланысты (STEEPV әдістемесі) блоктар. 
Технологияның дамуы өзгеріс енгізудің жалғыз факторы емес, бірақ ол барлық жаңа 
құбылыстар мен тәжірибелерді тарату және қабылдау қарқынын біршама жеделдетеді.
Мегатрендтер 
1. Егде жастағы халық санының, әлеуметтік және демографиялық теңсіздіктің өсуі. 
Халық қартайып, өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Жаһандық және ұлттық деңгейде әлеуметтік 
теңсіздік күшейе түсуде.
Жұмыс берушілер дайындықтан өткен еңбек ресурстарына мұқтаж және қартайып келе 
жатқан тұрғындар өмір бойы білім алады деп күтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет