Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



бет48/82
Дата22.11.2023
өлшемі1,43 Mb.
#125135
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Көз жүгіртіп оқу

мазмұнды жалпы қамти отырып, тек негізгі ақпаратқа назар аударып, егжей-тегжейіне мән бермей оқу.



Ізденістік оқу

белгілі бір ақпаратты іздеп табу мақсатында, мәтіннен алынған ақпаратты іс-әрекетте қолдану үшін ескертпелер жаза отырып, егжей-тегжейлі оқу.



Зерделеп оқу

мәтіннен алған ақпаратты өз қызметінде қолдану мақсатында ескертпе жазбалар жаза отырып, мәтінді толық түсініп, егжей-тегжейлі оқу.





Функционалдық сауаттылық
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – қарқынды өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес, сонымен қатар өзін қоршаған ортаға белсенді әсер етіп, оны жақсартуға және жетілдіруге дайын функционалдық сауатты тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаға қойылатын негізгі талаптар – шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, зияткерлік әлеуеті дамыған, жоғары білімді, кәсіби сауатты. Функционалдық сауаттылық бастауыш сыныптарда қалыптасады және сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлеріне – оқылым мен жазылым, айтылым мен тыңдалым дағдыларына негізделеді.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдысы оқу сауаттылығы болып табылады. Қазіргі қоғамда ақпаратпен жұмыс істей білу (ең алдымен оқу) табысты болудың міндетті шарты болып табылады. Саналы оқу тіл және әдебиет сабақтарында жақсы үлгерім мен табысқа жету үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген пән саласында табысты болудың кепілі, негізгі құзіреттіліктерді дамытудың негізі болып табылады.
Функционалдық оқу сауаттылығы – оқудың әртүрлі түрлерін қолдана білу: оқу, көру, танысу; мәтінді оқу және түсіну әдістерінің бір жүйесінен екіншісіне ауысу мүмкіндігі, сонымен қатар көркем мәтінді талдай білу. Функционалдық сауаттылық – бұл сөйлеу механизмдерінің де дамуы: синонимдерді таңдай білу, мазмұндауды ықшамдау, мәтіннің мазмұнын болжай білу, мәтіндегі негізгі ойды бөліп көрсету, яғни дамыған логикалық ойлаумен тікелей байланысты ақыл-ой әрекеттерін орындау.
Бастауыш мектептегі әдебиеттік оқу сабағының мақсаты – балаларды көркем әдебиетті оқуға дағдыландыру, орта мектепте жүйелі түрде оқуға дайындау, оқуға қызығушылығын ояту, оқу техникасын да, оқығанын түсіну әдістерін де меңгерген, кітаптарды өз бетінше таңдай алатын сауатты оқырманды қалыптастыру үшін негіз қалау.
Оқу процесі үш кезеңнен тұрады.
Біріншісі – мәтінді қабылдау, оның мазмұнын ашу, жеке сөйлемдерден жалпы мазмұн құралатынын ерекше ұғындыру (зерделеу, сөздердің мағынасын анықтау, сюжетті талдау, жандандыру және қайталау).
Екіншісі – мәтінді түсіндіріп беру: түсіндіру, салыстыру және салғастыру, жалпылап талдау, өз тәжірибесімен байланыстыру, мәнмәтін мен қорытынды туралы ойлау.
Үшіншісі – жаңа мағынаны қалыптастыру, яғни меңгерген жаңа білімді меншікті ретінде «иемдену». Оқу болжамдар мен гипотезаларды, модельдеу және жалпылауды, өмірде, оқуда және кәсіби қызметте қолдануды қамтиды. Оқылған мәтінге жауап ретінде оқырманның санасында ой-сезім мен бейнелер туындайды. Бұл адамдарда көптеген мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастардың қалыптасатынын түсіндіреді.
Оқудың бірінші кезеңінде тоқтағандар репродуктивті түрде оқиды, мазмұнын жаттанды түрде жаңғыртады, фактілерді қайталайды. Алайда бүгінгі таңда оқу барысында алынған ақпаратты ұғынып, оны түсіндіруді, бағалауды және өз түсінігін қалыптастыруды талап ететін шығармашылық оқу алдыңғы орынға шықты.
Оқу: ұтымды немесе эмоционалдық (ойлау, есте сақтау, қиял, ерік, сезімнің психикалық процестерінің қатысуымен); функционалдық немесе эстетикалық (мақсаттарына қарай); жылдам немесе баяу (жылдамдығына қарай) болуы мүмкін.
Функционалдық оқу аса маңызды рөл атқарады. Сабақта функционалдық сауаттылықты қалыптастыруды қалай ұйымдастыруға болады? Алдымен мұғалімнің сабақты құрылымдауға көзқарасын, нақты айтқанда мұғалімнің ұстанымын өзгерту керек. Оның ұстанымы екінші дәрежелі: көмек көрсету, түзету. Оқытуды «оқушы – оқушы» принципі бойынша интербелсенді тәртіпте жүргізген тиімді, бұл диалогтік оқуды білдіреді. Бұл жұптарда, шағын топтарда, құрамы ауысып отыратын жұптарда жұмыс жүргізуді қамтиды. Сыныпта диалогтік оқуды ұйымдастыру функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді, өйткені диалог: оқушыларға тақырып туралы өз түсініктерімен бөлісуге мүмкіндік береді; адамдарда әртүрлі пікірлер мен идеялар болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі; оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне ықпал етеді; мұғалімге оқушылардың оқу процесінде қандай сатыда екенін түсінуге көмектеседі, ал бірлесе білім алу немесе «ой алмасу» процесіне қатысу, диалогтік оқу арқылы әр оқушының негізгі құзіреттілігі қалыптасады және дамиды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері диалогтің сабақта басты орын алатынын көрсетеді. Мерсер және Литтлтон өз жұмысында сыныптағы диалог оқушылардың зияткерлік дамуына және оқу нәтижелеріне оң ықпал ететінін атап көрсеткен. Зерттеуде ересектермен және құрдастарымен интербелсенді қарым-қатынас балалардың білім алуына және танымдық дамуына ықпал ететіні атап өтілген. Балаларды топтарға бөлу үшін: сабақтың тақырыбына сәйкес келетін тақырыптық суреттерді; кез келген шығармадағы әдеби кейіпкерлердің есімдері мен портреттерін; шығармадан алынған жолдарды; шығармаларға иллюстрация түріндегі пазлдарды қолдануға болады.
Л. Выготский кіші жастағы балаларды әлеуметтік өзара әрекеттесу процесінде танымдық тұрғыдан дамитын оқушылар ретінде сипаттайды; нақтырақ айтқанда, оқушылардың өзінен анағұрлым қабілетті оқушылармен қарым-қатынас жасау және қоршаған ортамен, мәдениетпен әрекеттестік арқылы ойлау дағдысын жетілдіруге болады. Сондықтан оқушылардың субъективті, жеке тәжірибесін жетілдіру сабақтың ең маңызды аспектісі деп қарастыруға болады. Оқушыға сабақта меңгерген жаңа білім мен ақпаратты өз тәжірибесі арқылы қолданысқа енгізген кезде, оның білім қоры толығып, тиімділігі арта түседі.
Сұрақ қою негізгі дағдылардың бірі болып табылады, өйткені дұрыс тұжырымдалған сұрақ оқытудың тиімді құралына айналып, оқушылардың оқуын қолдайды, жетілдіреді және кеңейте алады. Сұрақтардың 2 түрі қарастырылып жүр: төмен деңгейлі сұрақтар және жоғары деңгейлі сұрақтар. Сұрақтардың бұл екі түрі де педагогикада тиімді қолданылады; қойылатын сұрақтың түрі және формасы белгіленген оқу мақсатына байланысты болады. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың оқу қажеттіліктеріне сәйкес тұжырымдалуы керек. Сұрақтарды әртүрлі оқушыларға және олардың әртүрлі мүмкіндіктеріне орай тиімді пайдалануға болады [69].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет