Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Білімін тексеруге арналған сұрақтар



бет33/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Аймақтың табиғи жағдайының ерекшелігін көрсетіңіз.

  2. Шығыс Жерорта теңізі елдерінің саяси дамуын Египет және Месопотамияның саяси дамуымен салыстырыңыз.

  3. Сирия, Финикия және Палестина жерлері үшін Египет пен хеттердің күресі немен аяқталды?

  4. Палестина жерінде еврейлердің мемлекеті қашан құрылды?

ХІІ ТАРАУ


МИДИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АХЕМИНИДТІК ДӘУІРДЕГІ ИРАН



  1. Ежелгі ирандықтар. Мидия

Б.з.д. ІІ-І мыңжылдықтар межесі Иран территориясында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер пайда болған уақыт болып табылады. Таптық қоғамның қалыптасып, алғашқы мемлекеттердің пайда болуы бұл аймақта да өндіргіш күштер дамуының жаңа кезеңінде, темір ғасырының басталуымен қатар жүрді. Әлеуметтік, саяси және мәдени дамудағы алға басулар егіншіліктегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы жетістіктермен байланысты болды. Б.з.д. І мыңжылдықтың басында Иранның солтүстік-батысында территориялық жағынан кіші-гірім саяси бірлестіктер қалыптасады. Кейінірек бұл бірлестіктер өзара бірігіп анағұрлым ірі мемлекеттер пайда болды. Осындай мемлекеттердің бірі ҮІІ ғ. екінші ширегінде қалыптасқан Мидия державасы еді. Бірте-бірте ол Иранның барлық аймақтарын дерлік өзіне бағындырып, Алдыңғы Азияның солтүстігіндегі Урарту, Ассирия сияқты қуатты мемлекеттердің де территориясын басып алды.
Ежелгі шығыстағы мемлекеттілік тарихында маңызды орынды Мидия мен Ахеменид державалары дәуірі алды. Ирандағы мемлекеттік типтегі алғашқы құрылымдарды елдің жергілікті халқы негіздеген болатын. Сонымен бірге ІІ-І мыңжылдықтың межесінде Батыс Иранда шығу тегі әлі де ғылымда дау туғызып отырған келімсек тайпалар тарай бастайды. Олардың қоныстануы мен автохтонды халықпен ықпалдастыққа түсіп, оларды біршама ассимиляциялауы негізінде ирантілді халықтар қалыптасады. Дәл осы ирантілді халықтар пайда болған уақытынан бүгінгі күнге дейін, орта ғасырларда орын алған жаулаушылықтарға (арабтар, түріктер, монғолдар), әр түрлі этникалық араласуларға қарамастан өзінің этникалық ерекшеліктерін өзгеріссіз сақтап отыр. Ежелгі ирандықтар өздерін «арийлер» деп атаған. Иран атауының өзі осы сөзден шығады. Ирандағы арийлерге мидяндар, парсылар, т.б. жатса, Орта Азияда скифтер, сарматтар және басқалар жатқан болатын. Арийлер ІІІ-ІІ мыңжылдықтың межесінде үндіеуропалықтар қоныстанған ареалдың шығысында мекендеді, ал солтүстікте арийлердің көршісі Солтүстік-Шығыс Еуропа мен Уралдың финн-угор тайпалары болған. Бірте-бірте бөлшектене тарала отырып, иран тайпалары б.з.д. І мыңжылдықтың алғашқы ғасырларына қарай Солтүстік Қара теңіз жағалауынан Орта Азияға, Иран мен Ауғанстанға қарай таралады.
Жергілікті халықтар – хурритер және касситтермен өзара ықпалдастыққа түсе отырып ирандықтар б.з.д. ҮІІІ ғ. Бастап үстем этносқа айнала бастайды. Олар, өз кезегінде екі бөлікке – солтүстіктегі мидиялықтар мен оңтүстіктегі парсыларға бөлінеді. Ассирияның Урартумен соғыстары, киммериялықтар мен скифтердің шапқыншылықтары мидия тайпаларының топтасуы үшін қолайлы жағдай туғызды. Дәл осы тайпалар Мидия деп аталған мемлекет құрады. Мидия ҮІІ ғ. Қуатты державаға айналып, Вавилониямен одақтаса отырып, Ассирияны талқандаған болатын.
Киаксар патша тұсында (624-585) Мидия өз қуат-күшінің шарықтау шегіне жетеді. Мидия державасына Урарту, Манней және Скиф патшалықтары кірді. 590 жылы Мидия Кіші Азияның батысындағы басты мемлекет – Лидиямен соғыс бастайды. Соғыстың нәтижесінде Мидияға Кіші Азияның солтүстік-шығыс бөлігі беріледі.
Мидияның шығыстағы иеліктері туралы нақты мәліметтер жоқ. Оның ықпал ету аймағына Орта Азия мен Ауғанстанның батысы кірген болуы мүмкін. Бірақ Маргиана (Мерв) мен одан шығысқа қарай жатқан жерлер Ахеменидтер тұсында ғана Иранға қарады.
Территориялық жағынан ауқымды мемлекеттің құрылуы мен жаулап алынған жерлерден түскен орасан зор байлық Мидия қоғамының экономикалық және әлеуметтік дамуына оң ықпал етті. Мидияда құлдар мен басқа да тәуелді адамдардың еңбегін қанаған ірі шаруашылықтың болғандығы жөнінде деректер бар. Патша билігінің күшеюі жергілікті шонжарлардың сепаратизмімен үздіксіз күрес негізінде іске асып отырды. ҮІ ғ. Басына дейін ішкі қайшылықтарды сыртқы саясаттағы табыстар бүркемелеп отырған еді. Алайда Мидияның өрлеу дәуірі Киаксардың билеуі уақытымен тұспа-тұс келген болса, ал оның ұлы Астиаг тұсында Мидия мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатады.
Астиаг ақсүйек шонжарлардың ең жоғарғы бөлігінің күш-қуатын шектеуге тырысады. Сонымен бірге елде дінбасыларының ықпалы өсіп кетеді. Мидияда шиеленісті жағдай қалыптасады.
Осындай жағдайда патша әулетінен шыққан әскербасы Гарпаг бастаған шонжарлар парсы патшасы ІІ Кирмен келісімге келіп, елде көтеріліс бастайды. Вавилон хроникасының көрсетуі бойынша, 550 ж. көтеріліс баталғаннан кейін, Астиагтың парсыларға жорығы кезінде әскері өзіне қарсы шығып, Астиагты тұтқындап, Кирге тапсырады. Кир жеңіске жетіп, Мидия патшалығын Ахеменид державасы ауыстырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет