Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата14.02.2017
өлшемі3,31 Mb.
#4097
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Галигузова  Л.Н.,  Мещерякова  С.Ю.  Педагогика  детей  раннего  возраста:  учебное 
пособие для студентов вузов. - М.: ГИЦ ВЛАДОС, 2007. – 372 с.  
2
 
Ефимкина Р.П. Детская психология: Методические указания. – Новосибирск: Научно-
учебный центр НГУ, 1995. – 42 с. 
3
 
Болотова А.К. Психология развития. – М.: ЧеРО, 2005. – 524 с. 
4
 
Печора  К.Л.,  Пантюхина  Г.В.,  Голубева  Л.Г.  Дети  раннего  возраста  в  дошкольных 
учреждениях: Пособие для педагогов дошкольных учреждений. - М.: ГИЦ ВЛАДОС, 
2002. – 443 с.  
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақала өзектілігі қосалқы білім берудің кәсіби дамуында мұғалімді психологиялық қолдау 
мәселесіне арналған. Ғылыми әдебиеттердің негізін саралау барысында нысандардың даму сапасы 
ретінде  тұлғаның  интегральды  мінездемесі,  педагогтік  ұстанымы  және  кәсіби  құзыреттілігі 
көрсетіледі.  Сонымен  қатар  мұғалімнің  педагогикалық  ұстаным  және  кәсіптік  құзыреттілігі 
ашылады. 
 
RESUME 
 
The article is devoted to an actual problem of psychological support of professional development of 
a  teacher  of  the  additional  education.  Based  on  the  analysis  of  the  scientific  literature  the  integral 
characteristics of personality are identified as objects: pedagogical position and professional competence. 
Also the stages of development of the pedagogical position and professional competence of a teacher are 
disclosed. 
 

 
97 
ӘОЖ 37.013:39 (045) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.С. Кульбаева  
С. Бәйішев атындағы Ақтөбе 
университеті, пед. ғыл. канд. 
 
 
Қазақ 
ағартушылары мен 
ойшылдарының 
этнопедагогикалық 
идеяларындағы 
еңбекке баулудың 
тарихи-
педагогикалық 
алғышарттары 
 
Аннотация 
Мақалада  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып 
және  ұлттық  құндылықтар  арқылы  балаларды 
еңбекке  тәрбиелеудің  алғышарттары  нақтылан-
ған.  Автор  ғылыми  зерттеулер  мен  әдебиеттерді 
талдау  барысында  ұлттық  педагогика  идеялары 
негізінде  балаларды  еңбекке  тәрбиелеу  мәселе-
сінің өзектілігін қарастырған.  
Түйін  сөздер:  этнопедагогика,  ұлттық 
тәрбие,  рухани  құндылықтар,  еңбек  тәрбиесі, 
еңбексүйгіштік, «ата кәсіп». 
 
 
Қазіргі  таңда  мектеп  түлектерін  ұлттық 
сипатта  тәрбиелеу  жүйесі  этнопедагогикалық 
тұрғыдан сұрыпталып, педагогикалық тәжірибеге 
енгізілу назарға алынуда. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
заңында  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 
құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға 
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру мен 
оқу-тәрбие 
үдерісін 
ұйымдастыру 
міндеті 
көзделген [1]. 
Халықтың  әлеуметтік-мәдени  және  рухани 
құндылықтары  мен  дәстүрлері  баланың  азамат 
болып  қалыптасуына,  оның  ізгілік,  адамгершілік 
және еңбексүйгіштік қасиеттерін дамытуда, тұтас 
алғанда,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  әрдайым 
маңызды  рөл  атқарған.  Ұлттың  ұрпағын 
әлеуметтендіруде 
тәлім-тәрбиенің 
бастауына 
бармай,  яғни  этнопедагогикалық  негізіне  орал-
май, жеке тұлғаны толыққанды тәрбиелеу мүмкін 
емес. 
Өйткені 
халықтың 
ізгілік 
және 
демократиялық  мұраттары  негізінде  алынған 
этнопедагогика  ғылымының  идеяларын  бала 
тәрбиесінде  өркендету  үшін  білім  беру  мен 
тәрбиелеу  мазмұнын  жаңғырту  үдерісі  ерекше 
мәнге ие болды.  
Рухани  жетілген,  жан-жақты  дамыған, 
ұлттық  құндылықтар  мен  мәдени  мұралары-
мыздың  мәнін  түсінетін  жеке  тұлға  қалып-
тастыруда  этнопедагогика  идеяларын  негізге 
алудың  маңызы  зор.  Бала  тәрбиесіндегі  алға 
қойылатын талап: ұлттық қасиетімізді танып-білу, 
өзгелерге  таныту,  яғни  ұлттық  ерекшеліктеріміз 
бен    құндылықтарымызды    бүгінгі     талаптарға 

 
98 
сәйкес  жүйелеп,  байытып,  дамыту.  Ғасырлар  бойы  жинақталған  қазақ  халқының  мол 
тәжірибесін  бастауыш  сынып  оқушыларын  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеуде  қолданып, 
әдістемелік жүйе жасау қажеттілігі туындайды. 
Балаларды еңбекке баулу және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мәселесіне әрбір тарихи 
кезеңде әр түрлі баға берілсе де, еліміздің экономикасының дамуына орай бұл мәселенің 
өзектілігі күн сайын арта түсуде.  
Жас  ұрпақты  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу  тағылымдары  сонау  Орхон-Енисей 
ескерткіштеріне  тасқа  қашап  қалдырушы  Иоллығтегіннің  «Күлтегін»,  «Білте  қаған», 
«Тоныкөк» дастандарынан, атақты жырау, күйші, оғыз-қыпшақ елінің данышпан ақылгөйі 
Қорқыт атаның алғашқы еңбекке тәрбиелеудегі философиялық идеяларынан бастау алады 
[2].  
Баланы  еңбексүйгіштік  қасиетке  баулуда  жалпы  халықтың  еңбек  тәрбиесін  жан-
жақты  қарастырған  дала  ойшылдары  әл-Фараби  [3],  Қожа  Ахмет  Яссауи  [4],  Жүсіп 
Баласағұни [5], Махмұт Қашқари [6], Ахмет Иүгінеки [7], М.Х.Дулати [8] өз еңбектерінде 
атап  көрсеткен.  Мәселен,  әл-Фараби  шығармаларында  ұрпақты  еңбексүйгіштікке, 
іскерлікке, өнер-білімге шақырған насихаттарының тәрбиелік мәні зор.  
XV-XIX  ғасырларда  өмір  сүрген  (Дулат  Бабатайұлы,  Майлықожа  Сұлтанқожаұлы, 
Ақтамберді жырау, Шал ақын және т.б.) ақын-жыраулар шығармаларында өмір, болмыс, 
қоғам, табиғат тақырыптарымен қатар еңбек тәрбиесі де кең орын алған [9]. Еңбектің адам 
өмірінде  алатын  орнын  айқын  зерделеген  ақын-жыраулар  жас  ұрпақтың,  біріншіден, 
еңбексүйгіш, екіншіден, елі мен жерін қорғайтын ер жүрек болып өсуін уағыздаған. 
Баланы  жастайынан  еңбекке  үйрету,  еңбектің  адам  өміріндегі  орны  төңірегіндегі 
айтылған  ой-пікірлер  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  Шоқан  Уәлиханов,  Абай 
Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, т.б. мұраларында да жалғасын 
тапты.  Сонымен  қатар  бұл  мәселенің  қазіргі  таңдағы  зерттеулерде  (С.Мусин, 
А.С.Иманғалиев, К.Ж.Қожахметова) де маңыздылығын көрсеткен.  
Еңбек  тәрбиесінің  жүйесі,  еңбек  дәстүрлері  мен  салттары  қазақ  халқының 
материалдық  және  рухани  өмірінің,  тарихи,  географиялық,  әлеуметтік-экономикалық 
жағдайларының ықпалымен қалыптасты. 
Қазақ  этнопедагогикасындағы  еңбек  тәрбиесінің  мақсаттары  мен  міндеттері 
тақырыбын  ашуда  біздің  қоғам  өзінің  даму  жолында  бірнеше  ғасырлар  бойы  түрлі 
философиялық, саяси-әлеуметтік бағыт ұстанғандығына соқпай өте алмаймыз. Халық қай 
кезеңде  болсын,  өмір  үшін  күресін,  яғни  еңбек  етуін  тоқтатқан  емес.  Халықтың  ауыз 
әдебиетінде, тарихи ескерткіштер мен дала ойшылдарының еңбектерінде де бұқара халық 
пен кедей-шаруалар, қолөнершілердің өз ұрпағын еңбек тәрбиесіне баулумен байланысты 
идеялары мен тәжірибелері көрініс тапқан. 
Көшпелілер философиясының ұстанымы бойынша халық табиғатпен үйлесімді өмір 
сүруі үшін табиғаттан керегін алып және оның орнын толтыру сияқты идеяны қолданды, 
ұрпағын  соған  тәрбиеледі.  Табиғатты  құрметтеу,  жерді  тоздырмау,  су  көздерін  ашу, 
кесілген ағаштың орнын толтыру, пайдаланар нәрсені ысырапшылдыққа ұшыратпау үшін 
бар  мүмкіндігін  қарастыру  сияқты  үнемшілдікті  басты  қағида  етті.  Мал  өсіре  отырып, 
оның шашауын шығармай пайдалану көзделді. Бір  ғана малдан алынатын өнім: сүті мен 
майы, еті ғана  емес, жүні  мен терісі,  сүйегі  мен мүйіз-тұяғы, тіпті, тезегіне дейін далаға 
тасталмай, ұқыптылықпен пайдаланылды.  
Қазақ  халқы  Қазан  төңкерісіне  дейін  табиғи  өнімдер  –  сүйек,  тері,  ағаш,  тастан: 
белбеу,  тарақ,  моншақ,  сақина,  жүзік,  білезік,  т.б.  сияқты  сәндік  бұйымдарды,  кебеже, 
сандық, асадал, адалбақан, т.б. тұрмыстық жиһаздар, кілем тоқу, киіз басу, кестелеу өнері, 
бау-құр  тоқу  сияқты  киіз  үй  жабдықтары  мен  бұйымдарын  жасап,  қолданбалы  қолөнер 
мен  зергерлікті,  өңдеу  ісін,  т.б.  дамытты.  Осындай  бұйым  жасайтындарды  кәсіпті 
меңгеруіне орай: шебер, ұста, зергер, т.б. деп атады. 

 
99 
Қазақ  халқы  тек  мал  шаруашылығымен  ғана  емес,  егін  шаруашылығымен  де, 
қолөнер  өндірісімен  де  айналысқан.  Еңбекті  механикаландыру  болмағандықтан,  қараша 
халық  пен  шаруалар  өздерінің  қолынан  шыққан  еңбек  құралдарын  пайдаланған.  Атадан 
балаға  мұра  болып  қалатын  «ата  кәсіпке»  жаңа  буын  жас  ұрпағын  тәрбиелеп  отыру, 
олардың  еңбекке  ықыластылығы  мен  еңбектегі  болашағын,  кәсіпке  лайықтылығын, 
халықтық  тәжірибедегі  диагностикамен  болжап,  бағыттап,  бағдарлап  отырған.  Бұл  –  тек 
қазақ халқының тарихында ғана емес, адамзат тарихына ортақ тәжірибе. 
Еңбек етудің философиясы немесе еңбекке философиялық тұрғыдан тұжырым жасау 
жөнінде әлем ғалымдарының пікірлері  өзара үйлеседі. Әрине, адамзат  өмірінің мәні  мен 
мағынасы,  дамуы  ұқсас  мақсатта  болғанымен,  әр  ұлттың  өмір  сүру  салтына  сәйкес 
ерекшеліктері болатыны рас.  
Ал,  еңбек  тәрбиесін  педагогикалық  тұрғыда  қарастырсақ,  қазақ  халқының  еңбек 
туралы  тәлім-тәрбиелік  тағылымдары  сонау  VII-VIII  ғасырлардағы  Орхон-Енисей  түркі 
жазба  ескерткіштері  мұрасынан  бастау  алады.  Орхон  өзенінің  бойында  бұдан  1300  жыл 
бұрын бабаларымыз тасқа қашап жазған тарихи  – «Күлтегін», «Білте Қаған», «Тоныкөк» 
дастандарының  тәрбиелік  мәні  зор.  Ежелгі  түркі  мемлекетінің  қолбасшысы  Күлтегін, 
оның  ағасы  Білге  қаған,  қағанның  кеңесшісі  Тоныкөк  болған.  Күлтегін  сөз  арқылы 
тәрбиелеудің үлгісін қалдырады.  «Әкем Қағанның әскері  бөрідей бопты»,  «Қол қосылса, 
күш өсер», - деп батырлыққа, ерлікке, бірлікке шақырса, «Кедей халықты бай қылдым», - 
деп,  ел  үшін  еңбек  етуді  уағыздайды.  «Бүгінгі  түркі  халқы  мен  бектері  менің  сөзімді 
бұзбады»,  -  деп  береке-бірлікке  шақырады,  «Ақыл  иесі,  сөз  иесі  мен  болдым»,  -  деп 
Тоныкөк  еңбектің  бастысы  ой  еңбегі  екендігін  де  ескертеді.  Иоллығтегін  Күлтегіннің 
ерлігін, еңбегін жазады. 
Атақты  жырау,  ұлы  күйші,  оғыз-қыпшақ  елінің  данышпан  ақылгөйі  Қорқыт  ата 
өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын ата-ананы құрметтеу, еңбек еткен адамды ардақтауды 
уағыздайды.  
Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып 
табылатын  Қорқыт  атаның  жырлары  мен  өсиет  сөздері,  күйлері  мен  аңыз  әңгімелері 
ұрпақты  еңбекке  тәрбиелеу  ұлағаттарына  үлкен  үлес  болып  қосылады:  «Ер  жігітке  қара 
таудай  мал  бітсе,  жияр,  көбейтер,  талап  етер,  бірақ  несібесінен  артығын  жемес. 
Тәкаппарлықты тәңір сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Маңғырған мал жиғанмен
адам  жомарт  атанбас.  Анадан  өнеге  көрмеген  қыз  жаман,  атадан  тағылым  алмаған  ұл 
жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды. Атадан қалған малы 
болмаса,  баланың  күні  қараң.  Ақылсыз  балаға  ата  дәулетінен  қайран  жоқ.  Қанша  тасып 
тулағанмен,  су  теңізді  толтыра  алмайды.  Ат  арытпай,  жол  бітпейді»,  -  деген  ойлары 
халықтық қағидаға айналған. Қорқыт ата тағылымдары тұжырымды ойларымен өміршең 
[2].  
Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің «Алтын қорына» өлшеусіз үлес 
қосқан энциклопедист-ғалым әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы асыл қазына 
іспеттес.  Оның  «Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарастары»,  «Бақытқа  жету 
жолдары», «Философиялық трактаттарында» зерттеліп отырған мәселенің кейбір қырлары 
жақсы  ашылып  көрсетілген.  әл-Фарабидің  педагогикалық  жүйесінің  іргетасының  оның 
адам туралы ілімі, гуманистік, ізгілік қасиетке баулу мәселесімен қатар балаларды еңбекке 
тәрбиелеуге тікелей қатысы бар. 
«Бақытқа  жеткізетін  еркін  әрекет,  тамаша  әрекет  –  еңбек»  дей  отырып,  бақытқа 
жетуде  еңбекті  сүюге,  сол  арқылы  мінез-құлықтың  жетілуіне  мүмкіндік  туатынын  айта 
кетіп,  ақыл-ойдың,  еңбектің  және  білімнің  биік  мәнін  дәріптейді.  Жастарға  өнегелі  іс 
жасағандарды  үлгі  етіп,  өмірді  бекер  өткізбей,  қоғамның  пайдалы  азаматы  болуларын 
қалайды [3].  
«Адам  тәнінің  кемелдігі  –  ол  денсаулық,  егер  денсаулық  бар  болса,  оны  сақтау 
қажет, ал ол жоқ болса, оған түрлі әрекеттер жасап, жету керек. Еңбек, еңбексүйгіштік те 

 
100 
адам  баласын  жетілдіретін,  бақытқа  кенелтетін  ізгі  қасиеттерге  жатады.  Байсалды, 
бірқалыпты еңбек кезінде адамға күш қосылады дей отыра, әл-Фарабидің пайымдауынша, 
жауынгер  көксеген  бақытқа  ел  есінде  қаларлық  іс-әрекеті  жатады»,-  деп  ұлы  ғалым 
бақытқа жетудің бір жолы еңбекте екенін айтқан. 
Ұрпақты  еңбекке  тәрбиелеу  тақырыбы  ғалым,  әдебиет  үлгілерін  жинаушы  Махмұт 
Қашқари  еңбектерінде  көрініс  тапқан.  «Түркі  сөздерінің  жинағы»  (“Диуани  лұғат-ат-
түрк”)  атты  мұрасында  адамды  адам  ететін  еңбек  жоғары  бағаланады,  дүние  жинамай, 
ақыл-білім  жинау,  өмірдің  мәні  білімде  екені,  ал  білім  еңбектің  арқасында  келетіні, 
еңбектің ұлылығы насихатталады. 
Қашқари  жинаған  мақал-мәтелдер  мен  өз  тұжырымдары,  өсиет  сөздері  насихатқа 
толы:  «Еңбек ізсіз қалмайды»,  «Кепілдар болғанша, қолыңмен от  көсе»,  «Түсіне қарама, 
ісіне  қара»,  «Егілмей-өнбес,  тілемей-болмас»,  «Тері  сыдырып  болған  соң,  құйрыққа 
пышақ сындырма», «Аңшы қанша айла білсе, аю сонша жол білер», «Тырысқанның аузы – 
жемде, ерінгеннің езуі – сөзде», «Хас батыр өткінші жаңбырдай, білімді мірдің оғындай», 
«Кең  тігілген  тон  тозбас,  кеңесілген  іс  бұзылмас»,  «Бидайдың  арқасында  бидайық  су 
ішер»,  «Адамның қадірі  тіршілігінде»,  «Құс тұзаққа жем үшін ілінер»,  «Жұпар қалтадан 
жұпар  кетсе  де,  иісі  қалар»,  «Берекесізден  құт  қашар»,  «Атасының  ұлы  атасына  тартып 
туады»,  «Еріншекке  есік  те  асу  көрінер,  жалқауға  бұлт  та  жүк  көрінер»,  «Еңбекқордың 
ернінен май ағады»,  «Жалқауға бұлт саясы да тимейді»,  «Ізгілік істі  судың аяғына таста 
да, басынан ізде», т.б. [6, 97-99 б.]. 
Қашқари  жинақтаған  халықтық  тәрбие  –  жеке  тұлғаға  қажет  барлық  салаларды 
игерген  еңбекшіл  тұлғаны  қалыптастырудың  аса  бай  тәжірибесінен  зерделенген:  халық 
еңбекке  моральдық  психологиялық  дайындығы  бар  балалардың  бойында  еңбекке 
жағымды  қарым-қатынасының  болуымен  өлшейді;  еңбектенудің  борыш  және  міндет 
екенін  балалар  санасына  өмір  талабы  деп  негіздейді;  орнықты  еңбек  дағдылары  мен 
икемділіктерін  игерту  олардың  болашақтағы  қызметінің  кепілі  деп  біледі;  балалардың 
еңбек  әдеттерін  қалыптастыру  ең  бірінші  өмірлік  қажеттілік  деп  санайды;  балаларды 
жұмыс  істеуге,  өнімді  еңбекке  ерте  баулу  халықтық  тәрбиенің  басты  қағидасы  деп 
қарастырады.  
Еңбек  тақырыбы  ойшыл,  данышпан  ақын  Жүсіп  Баласағұни  еңбектерінде  басты 
мәселе  ретінде  насихатталынады.  Ол  еңбегін  «Құтадғу  білік»  деп  (мағынасы  «Құт 
әкелетін  білім»)  атап,  алдына  «оқушыға  құт  әкелсін,  өмір  жолына  бағыт  болсын»  деген 
мақсат қойған. Кітапты ақыл-өсиет, өнеге-уағыз түрінде жазған.  
Ұрпақты  еңбексүйгіштікке,  іскерлікке  шақырған  ақынның  насихаты  тұжырымды 
ойға – мақал-мәтелге айналған: «Ерте тұрғанның құты артады; Құлдың құны – жұмыспен, 
еңбегі сіңсе – тыныс кең; Есік баққанша, нәсіп бақ; Істің бітіміне қара; Бір істі екі адамға 
тапсырма; Суға сүңгімеген інжу термейді; Не істесең де ықтият бол; Өзі сақ кісінің ісі де 
сақ:  жарамас  іске  жуымас;  Асыққан  іс  кешігер;  Асығыс  істен  пайда  жоқ;  Кемеге  мінген 
теңізге шығады; Өзің күшің жеткенше өзің үшін аянба; Сабыр етсең – іс байлыққа басады, 
шүкір  қылсаң  –  байлық  асып-тасады;  Не  ексең  –  соны  орасың;  Жер  шұқыған  құдықтан 
ішеді; Алыс-беріс адал істе епшіл бол, жол ашылар – әр кезде де көпшіл бол; Жақсы іс көп 
жасайды; Еңбек сіңірген  нәрсе қымбат  көрінеді» дегендей, адамның қадір-қасиеті еңбек, 
білім, ақылда болатынын айтады.  
Басым көкке жетсін десең армандап, 
Әр жұмысты біліп істе, қарма ондап. 
...Барлық істі сарапқа сап істегін
Қисаппенен  қазынаңды  үстегін,  –  деп  [5,  98-102  б.]  ізгілік  жолы  еңбекте,  арманың 
орындалсын  десең,  ақылға  сал,  байыппен  қара,  барлығына  еңбектің  арқасында  қолыңды 
жеткізесің деген ой-пікір қалдырған.  
Дала  ойшылдарының  бірі  Ахмет  Иүгінеки  «Ақиқат  сыйы»  дастанында  гуманистік 
ой-пікірлермен  қатар,  оқу  мен  білім,  еңбек  мәселелеріне  көп  көңіл  бөлген.  Еңбекте 

 
101 
мақтанба, асып-таспа, «кәріге де, жасқа да құрмет  көрсет»,  «басшы  болсаң, жайсаң бол» 
тұжырымдарымен  адамгершілікке,  ізеттілікке  шақырады.  «Ақылмен  іс  істесең,  білім 
іздесең, еңбегің жанады», – дей келе, Ахмет Иүгінеки былай жырлайды: 
Білімдар жөнді біліп «бекін» дейді, 
Ақылмен іс істеген өкінбейді. 
Білмеген талай жұмыс істей жүріп,  
Амал жоқ, түбінде сол опық жейді. 
Мақал-мәтелге айналған, атадан балаға мирас болып келе жатқан афоризмдер көптеп 
кездеседі:  «Алды  қозғалған  керуеннің  арты  кідірмейді»,  «Бал  қайда  болса,  ара  сонда», 
«Ғалым білімімен көтеріледі»,  «Қараңғының басына хақтың сөзі кірмейді»,  «Қандай істе 
болса  да  білімсіздік  үлесі  –  өкініш»,  «Бақыт  жолы  біліммен  табылады»,  «Талапсыздың 
қайғысы  аз»  т.б.  деген  [7,  122  б.]  ой  түйіндеп,  білімді  кәсіп  етіп,  жалқаулықтан  аулақ, 
білгендермен жолдас болуға насихаттайды. 
Жалпы,  қазақ  баласының  еңбекке  деген  қарым-қатынасын  ықыласқа,  құлшынысқа 
ұштастыру  үшін  оның  этнопсихологиялық  негіздерін  білуіміз  заңды.  Себебі  біз  осы 
уақытқа  дейін  еуропалықтардың  психологиялық  үлгісіндегі  ойға  табан  тірегенмізбен, 
қазақ  баласының  ойлау  жүйесінде  текке  қатысты  ерекшелігі  болатындығын  ескеруіміз 
қажет.  Мысалы,  қазақтың  негізгі  дәстүрлі  мал  шаруашылығының  нәтиже  көрсетуі  ұзақ 
кезеңді  алады.  Оны  егін  шаруашылығының  нәтижесімен  салыстыруға  мүлде  келмейді. 
Ата-бабасы  мал  бағумен  айналысқан  қазақ  баласының  еңбекке  кірісуде  асықпауы, 
процеске  ұзақ  дайындалуы  қазіргі  балаларда  да  байқалатыны  рас.  Мұны 
этнопсихологиялық тұрғыдан қарастырып зерттеу – болашақтың үлесінде. Қазіргі баланы 
қандай еңбек түрлеріне тәрбиелеуіміз керек, ой еңбегі мен дене еңбегінің бүгінгі күндегі 
үлес салмағы қандай болмақ деген тақырыптар төңірегінде педагогикалық-психологиялық 
зерттеулер  жүргізуді  де  ізденушілер  ескергені  абзал  дегіміз  келеді.  Себебі 
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу ісі бір зерттеудің аясында тоқталмасы анық. Еңбек тақырыбы 
– адам баласы үшін мәңгілік тақырып. 
Еңбек етуге деген түрткі болар материалдық және рухани құндылықтары, адам өмірі 
мен  әрекетінің  әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайын  жасауға  бағытталады.  Еңбектің 
дамытушылық  қызметі  адамның  еңбек  үдерісіне  белсенді  араласуы  және  оның  мәндік 
күштерін қозғалысқа келтіруімен байланысты. Интеллекті, рецепторлары, бұлшық еттері, 
аяқ  қолының  икемділігі,  эмоционалдық  және  ерік-жігер  күштері  түгел  іске  қосылады. 
Нәтижесінде  олардың  еңбекке  деген  қызығушылығы,  ынтасы,  ойлау,  қабылдау,  есте 
сақтау қабілеттері дамиды. Еңбек етудегі қатынас – ашық қоғамның өзекті мәселесі. Еңбек 
арқылы еңбекке бейімдеу, еңбекті бағалау, еңбек адамының іс-әрекетін бағдарлау арқылы 
еңбек тәрбиесі жан-жақты жүргізіледі («Еңбегім өнсін десең, ретін тап», «еңбексіз өнбек 
жоқ», «еңбекті бағалау – әдептілік», т.б.). 
Ұрпақ тәрбиесінің алдында мұғалім де, ата-ана да жауапты. Бірақ  қоғамның кейбір 
келеңсіз  жағдайлары  отбасына  да  әсерін  тигізгендіктен,  ұрпақ  тәрбиесінде  кемшіліктер 
жіберіп алғандаймыз. Ата-бабамыз кезінде тәрбие мәселесіне үлкен мән берген. «Балаңды 
бес  жасқа  дейін  ханыңдай  көтер,  он  төрт  жасқа  дейін  құлыңдай  жұмса,  одан  кейін 
досыңдай сырлас» деген философиялық ілімді халық текке қалдырмаса керек. Бұл сөздің 
астары  бес  жасқа  дейін  баланың  мінез-құлқы,  психологиясы  қалыптасады,  ал  он  төрт 
жастан кейін еңбектің түрлеріне машықтандыру, шынықтыру, төзімділік, шыдамдылыққа 
үйрету, қолғанат болады. 
Олай  болса,  халықтарда  қандай  да  болсын  қоғамда  көпшілік  қабылдаған  әдеп 
ережелері,  қарым-қатынас  жасау  қағидалары  немесе  шарттары  болған.  Қазақ  халқының 
басты  шарты  немесе  қағидасы  ұлы  мен  қызын  ертеден-ақ  табиғи  ерекшеліктеріне  қарай 
тәрбиелеген. Ер баланы мал бағу мен күтіміне, отын шабуға, қолөнер үйренуге, мал сою 
мен мүшелеуге, ағайындарына қамқоршы болуға үйретсе, қызды үй сыпыру, төсек жинау, 
ас  пісіру,  шай  құю,  кесте  тігіп,  тон  пішу,  әже-атасына,  іні-сіңлісіне  бас-көз  болу  сияқты 

 
102 
отбасының  күнделікті  тіршілік-тынысына  бейімдеп  баулыған.  Қыз  баланың  тәрбиесіне 
жастайынан  мән  беріліп,  еңбекке  икемі  жоқтарды  сынап,  еңбексүйгіш  болуға  шақырған. 
«Өз  үйінде  ою  оймаған,  кісі  үйінде  сыру  сырады»  деп,  мін  таққан.  Қыз  баланы  еңбекке 
икеміне  қарай  және  киіміне,  шашын  күтуіне,  бойын  түзетуіне,  жүкті  жинауына,  үйді 
ұстауына қарай бағалаған. Оның өнерлі болуын аңсаған. 
Сондай-ақ,  қалыптасқан  еңбек  тәрбиесінің  патриоттық  тәрбиемен  тығыз 
байланыстылығына  дәлел  ретінде  неміс  халқының  өз  отандық  өнімдерін  дәріптеуге 
патриоттық  тұрғыдан  келуін  алуға  болады.  Оларда  немістік  өнімдер,  неміс  тауарлары, 
неміс  сапасы  ұлтжандылыққа  тәрбиелеуде  жоғары  деңгейде  тұр.  Осы  ұстанымды  біз  өз 
практикамызда қолдансақ, артықшылық етпес еді. Бізді әлемге паш ететін жастар қазір өз 
елімізде білім алуды, өз елінің өнімдерін пайдалануды ұят санайды, шетел сәні, шетелдік 
өнімді пайдалану мәртебе саналады. Қазаққа тән құндылықтарды дәріптеу, ата кәсібімізді 
дамытуды  ескеру  қажеттігімен  қатар,  өз  ұлтымыздың  деңгейін  көтеретін,  басқа  елдерге 
мойындататын мамандарды даярлаудың көкейкестілігі туындауда. Осы жағдайларға қарап 
«Ұлт болудан қалып барамыз ба?» деген сұрақ туындайды. Мұндай үдерісті кіші мектеп 
жасынан  бастаған  дұрыс.  Сондықтан  ата-бабамыз  қалдырған  мұра:  әдет-ғұрпымызды, 
салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді, мәдениетімізді тәрбие үдерісінде негіз етіп аламыз. 
Жоғарыда  зерделенген  тарихи-педагогикалық  тәжірибе  бастауыш  сынып 
оқушыларын  еңбексүйгіштікке  этнопедагогикалық  негізде  тәрбиелеудің  төмендегідей 
алғы шарттарын анықтауға мүмкіндік береді:  
1. Тарихи-әлеуметтік тұрғыдан:  
- отбасында ата кәсіптердің (зергер, ұста, етікші, темірші, қойшы, түйеші, жылқышы, 
егінші,  диірменші,  емші)  ерекшеліктерін,  қыр-сырларын,  тарихын  атадан  балаға  мұра 
қылып қалдыру; 
-  дала  ойшылдары  мен  ақын-жыраулар,  ағартушылардың  еңбекті  сүюге  қатысты 
өнегелік насихаттарын үлгі ету; 
-  этномәдени  құндылықтар  мен  халық  ауыз  әдебиетінің  кіші  мектеп  жасындағы 
балаларды еңбекті сүюге тәрбиелеушілік әлеуетін ескеру. 
-  ата  кәсіптің  ұлттық  ерекшеліктерін  ескеріп,  атадан  балаға  мирас  болып  қалатын 
кәсіпке, байлыққа ие болар кәсіпкерлер дайындау.  
2. Психологиялық тұрғыдан: 
- еңбек нәтижесі негізінде қызығушылығын арттыру;  
- кез келген жұмыс түріне жауапкершілікпен қарауы – еңбекті және оның нәтижесін 
қадірлеуі; 
- үнемі белсенділік таныту және шығармашылық қарым-қатынас жасауы; 
-  еңбекке  қарым-қатынасы  –  тұлғаның  саналы  және  өмірлік  негізгі  қажеттілігіне 
айналу; 
-  еңбек  іс-әрекеті  барысында  төзімділік,  табандылық,  шыдамдылық  қасиеттерін 
тәрбиелеу; 
-  еңбекке  сүйіспеншілік,  адалдық,  жауапкершілік  және  шығармашылық  қатынасқа 
дайындау; 
- еңбекті сүю сезімін дамыту;  
-  оқушы  бойында  еңбекке  саналы  түрде  өзі  мүдделі  адам  психологиясын 
қалыптастыру. 
3. Педагогикалық тұрғыдан: 
-  жас  ерекшеліктерін  және  бала  жастан  еңбек  ету  шеберлігі  мен  дағдысын 
қалыптастыру;  
-  еңбекті  материалдық  және  рухани  құндылық  қайнарының  негізі,  жеке  тұлғаның 
даму тұтқасы ретінде қабылдауға тәрбиелеу; 
-  еңбек  әрекеттері  арқылы  балаларды  еңбек  адамдарын  құрметтеуге,  олардан  үлгі 
алуға, еліктеуге үйрету; 

 
103 
- жалпы еңбекті құрметтеуге, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсінуге үйрету; 
- ұжым еңбегіне сүйсіну, ұжымдық еңбек етуге дағдыландыру.  
- бастауыш мектеп жасындағы балаларды еңбек мәдениетіне тәрбиелеу; 
- еңбекке баулу механизмдері мен тетіктерін енгізу; 
Алғышарттарды  еңбек  үдерісі  барысында  ескеру  оқушы  бойында  қоғамдық 
құндылық  сапаларын,  тұлғалық  қасиеттерін,  өмірге,  еңбек  етуге  деген  сүйіспеншілік 
қатынасын  қалыптастырады  және  еңбек  тәрбиесінің  даму  бағыттарын  белгілеуге 
мүмкіндік береді: 

 
дала  ойшылдары  мен  ғұламалардың  еңбектеріндегі  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу 
қағидаларын  жинақтап,  құнды  бағыттары  мен  идеяларын  оқу-тәрбие  үдерісінде 
пайдалану;  

 
қазақ  халқының  сан  ғасырдан  бері  қалыптасқан  еңбексүйгіштік,  еңбекқорлық 
құндылықтарына  негізделген  еңбекке  баулу,  тәрбиелеу,  қалыптастыру,  т.б., 
тәжірибелеріне сүйену;  

 
 жаһандану  жағдайында  және  дамыған  елу  елдің  қатарына  кірер  елімізді  бәсекеге 
қабілеттілік  мүмкіндіктерін,  әлемге  ұлт  ретінде  шығармашылық  еңбек  өнімі  мен  білімі 
арқылы танытар мамандар даярлау қажеттілігі, т.б.  
Зерттеу жұмысымызда түрлі ғылыми, философиялық, психологиялық, тарихи, әдеби, 
педагогикалық  еңбектерге  жүргізілген  талдаулар  барысы  балаларды  еңбексүйгіштікке 
тәрбиелеу  мәселесі  қай  тарихи  кезеңде  болсын,  күрделі  қоғамдық-әлеуметтік, 
педагогикалық мәні зор мәселе болғандығын аңғартады. 
Қорыта  айтқанда,  «еңбекке  тәрбиелеу»,  «еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу»  ұғымдары, 
сонымен қатар тарихи педагогикалық алғышарттарынан туындайтын:  тарихи-әлеуметтік, 
әлеуметтік-экономикалық,  психологиялық,  педагогикалық  шарттары  бүгінгі  мектептің 
оқу-тәрбие үдерісіндегі еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің қажеттілігін айқындауға мүмкіндік 
береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет