Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Тақырыпты таңдау және мәселені анықтау



бет87/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Тақырыпты таңдау және мәселені анықтау

Эссе тақырыбының нақты құрылыуына көңіл аударыңыз. Тақырып – алға қойған міндеттің шарты. Тақырыпты ашарда, “бір ғана” жауап пен бірнеше шешімдерге жүгініңіз.

  1. Материал таңдау

Тақырып анықталғаннан кейін, кітаптардан, мақалалардан қажетті мағлұматтар жинауға уақыт бөліңіз. Сондай-ақ ұғымдар, қайшылықтар, көзқарастар, цитаталар, афоризмдер, мысалдар, тезистер, пікірлер, аргументтер, атаулар мен оқиғаларды қолдана отырып, еркін формада эссе жазуға болады. “Өзіңе ерік беру” дегеніміз қажетті, қызықты, тақырыпқа қатысты ойды жазу.

  1. Эссе жазу

Эссе жазуда мынадай жайттарға көңіл бөлу керек:
Логика (ойлауға). Кез-келген шығарма сияқты эсседе ішкі логика заңдылығы болуы шарт. Ол автордың сұрақты талқылауымен, және осы сұрақтың өзімен анықталады. Тақырыптың негізгі сұрағы бойынша, бір ойдан екінші ойға өткенде жалғастық принципін ұмытпаңыз немесе тақырыптан ауытқымаңыз.
Текстің құрылымы. Кіріспе қандай-да бір тезис-гипотезаны талқылаудан басталады. Бұл авторға ұнаған афоризм немесе жеке өз пайымы, әлде бір фактінің бағасы болуы мүмкін. Кіріспеде эссе мәселесіне көңіл бөлініп, негізгі сұрақтардың тізімі алға қойылады. Сондай-ақ эссе мәселесінің қазіргі қоғамдағы өзектілігін көрсету керек.
Эссенің негізгі мазмұны алғашқы тезис-гипотезаны талдаудан, қарама-қайшы көзқарастарды құрастырудан, керемет шешімдерді табудан, ғылыми жұмыстардан және жеке өмірінен алынған тәжірибелерді мысал келтіруден тұрады.
Осы бөлімде өзгенің пікірін не құптайсыз, не оны терістейсіз. Егер басқа пікірді терістесеңіз, оның жеткіліксіз жақтарын көрсетуге, оны толықтыруға ұмтылыңыз. Әрбір пікіріңіз дәлелдемелермен бекітілуі қажет, сондықтан тезистен кейін түрлі аргументтерді пайдаланыңыз. Аргументтер – бұл фактілер, қоғамдық өмірдің көрінісі, өмірлік жағдайлар, ғылыми дәлелдемелер, басқа ойшылдардың іліміне сілетемелер , т.б.
Эссе қорытындымен аяқталады. Қорытынды “Эссе басында қойылған мәселе жөнінде не айтуға болады?” деген сұраққа жауап беруден тұрады.
Осылай эссе шеңберлік құрылымнан тұрады: кіріспе – тезис – аргументтер-тезис-аргументтер-қорытынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет