Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау



бет233/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   379

7.6.1. Балмұздақ сапасын сараптау


Балмұздақ тәтті, таза, әр өнім түріне тән дәмге ие болe керек. Консистенциясы мен құрылымы біртекті болу керек, мұз кристалдары, май және тұрақтандырғыш түйіршіктері білінбеу керек. Балмұздақтың ауамен қанығуы (бұлғануы): сүтті балмұздақта – 60%, кілегейлі жйне пломбир балмұздағында – 80%, ароматты балмұздақта 10% болу керек. Ол балмұздақтың ақырын еруіне ықпал етеді.

Балмұздақ жақсы шайқалған, гомогенизацияланған және баяу еруі шарт.

Балмұздақты белгіленген тәртіпке сай, өндірістік санитарлы және медико- биологиялық шарттарымен ережелер бойынша өндіріледі.

Келтірілген техникалық тәртіп бойынша балмұздақ дәмі мен иісі таза, өзіне тән болуы тиіс. Консистенциясы біртектес, жеткілікті тығыздықты, май түйіршіктерінің болмауы және бөтен қоспасыз болу қажет. Майсыз, жемісжидекті, сүтті балмұздақ түрлерінің консистенциясы әлсіз қарлы болып келеді.

Ал консистенциясы құм тәріздес және ұлпалы тәріздес болса, өнім дайын емес деп есептеледі. Түсі – балмұздақ түрінің өзіне тән біртектес. Оған бояғыш заттар мен толықтауыштар ретінде жеміс – жидектер мен орехтер қолданылады.

Физика-химиялық көрсеткіштер бойынша құрғақ заттардың массалық үлесі, сахароза қышқылдығы және ауа фазасының мөлшерлік үлесі техникалық ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша балмұздақ Санитарлық ережелер мен нормалар шарттары мен нормаларына сәйкестенеді. Микроорганизмдер (мезофильді, аэробты, және факультативті-анаэробты) балмұздақтың барлық түрлерінің 1 см3 нормасындағы ортақ саны 100 мыңнан аспауы тиіс.



Ішек таяқша (коли тәріздес) бактериялары және патогенді микроорганизмдер, соның ішінде сальмонелла 25 г балмұздақтың барлық түріне мүлдем болмауы тиіс. Балмұздақ өнімдеріндегі токсинді элементтер, микотоксиндер, антибиотиктер, пестицидтер, гормондық препараттардың жиынтығы медико-биологиялық шарттарға және нормаларға сай болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет