Ғылыми жоба жұмысын дайындаған



бет7/13
Дата06.02.2023
өлшемі51,54 Kb.
#65593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Научный проект теме Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы

Асан қайғы Сәбитұлы көшпелі халықтардан шыққан, болашақты болжаған көріпкел, көреген би, жырау біткеннің атасы, тереңнен толғайтын ойшыл сөз зергері. Ұлы оқымысты Шоқан Уәлихановтың пікіріне сүйенсек, ол «көшпелі қазақ, ноғай ұлысының философы».
Асан қайғы әуелінде Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында, сонан соң Қазан шаһарында Ұлұғ Мұхамедханның (Ормамбет хан) бас биі болған. Алтын Орда ұлысы ыдыраған соң, Қазақ хандығын құрған Әз Жәнібек ханның (1456-1473) ақылгөй кеңесшісі болады. Асан қайғының толғауларында қазақ жерінің кербез сұлу табиғаты («Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған»), мекенінен жөңкіліп көшкен ел («Ойыл көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың, Ойылдан елді көшірдің»), қилы-қилы заманның көріксіз суреттері («Шабылып жатқан халқың бар, Аймағын көздеп көрмейсің»), жарқын келешекті көкірегі қарс айрылып армандауы, көксеуі, «Жерұйықты», «жұпар қорығын сарсылып іздеуі, әлеуметтік қайшылықтардан ада ғажайып тұрмысты аңсауы («Желмая мініп жер шалсам, Тапқан жерге ел көшір»), тарихи оқиғалардың көріністері елестеп өтеді.
Төле би. Атақты шешен-ділмардың өмірбаяндық деректерін сөйлететін босақ, Төле Әлібек ұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл обылысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүние табалдырығын аттаған. Төле араб, парсы тілдерін жақсы білген. Өз елінің, өзгехалықтардың, әсіресе, Шғыстың аңыз-әңгімелерін, қиса-дастандарын еркін меңгерген. Ән-күй, ақындық өнердіқұрметтеген. 15 жасынан бастап ел билеу ісіне ынтасы ауған. Ардақты істерімен, асыл қассиеттерімен, «даналық шешімдерімен» қазақ елін көркейтуге бар қажыр қайратынжұмсаған ғұлама.
Қазақ елінің еркіндігі мен егемендігін ерекше көксеген абыз көршілес халықтармен, атап айтқанда Бұхар, Қоқан, Жоңғар, Ресей елдерімен ынтымақта, бірлікте болуды көздеген. Әдет-ғұрып ережелерін көкірегінде керемет тоқыған Төле би ел ішіндегі қисынсыз істерге тиісті жазасын да әділдікпен қолданып отырған. Бұ да ақылдың, ойдың, танымның тереңдігі болса керек.
Қаздауысты Қазыбек би. Ұлттық сана мен тілінің, рухы мен арман-мұратының ұшан-теңіз ұлылық қасиеттерін ересен қуат-құдіретімен көрсете білген, тәуелсіздік жолында қабырғасы қайысып еңбек еткен көрнекті мәмлегер, арыстан жүректі ер, мемлекет қайраткері –Қаздауысты Қазыбек би.
Тарихта жазба деректерді сөйлетсек, кемеңгер би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген, 97 жасында яғни 1764 жылы көз жұмған. Қаздауысты Қазыбектің тегіне, затына, сүйегіне зер салсақ, Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек (Болатқожа) руынан шыққан. Қазыбек биден Бекболат би, бұдан Тіленші би баласы Алшынбай би (Құнанбай қажының құдасы, Абайдың қайын атасы). Алшынбайдан Бәпи тарайды. Атақты әнші-композитор Мәди Бәпидің ұрпағы.
Қаздауысты Қазыбек би аумалы-төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешті. Кең байтақ қазақ жеріне бір бүйірден Жоңғар хандығы, екінші бүйірден Ресей империясы, үшінші жақтан Бұхар мен Хиуа хандықтары әбден мазасын алып, әзәзілдік көрсетіп отырды. Жан-жағынан анталаған алпауыттарға қарсы Тәуке хан икемді саясат жүргізді.Сонымен бірге қазақ қоғамындағы жат құбылыстарды, адам бойындағы келеңсіз міндерді құртып-жоюмен шұғылданды.
Қаздауысты Қазыбек би Жоңғария хандығында елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған. Асылы, ойлау қабілетінің аса жоғарлығы, жаратылыс дарытқан судай төгілген қасиетті тілінің оралымдылығы, сөйлеу мәдениетінің кемелділігі арқылы дұшпанын бордай егілткен. Ұлтымыздың ұлылық сипат белгілерін, мемлекеттік мән-мағынасы өзгеше келелі, кесек істерін отты, сыршыл сезіммен, өрісі кең өнегелі лебіз-ғибытратымен, біресе құйылта құйқылжытқан, тамылжыта толқытқан, өрелете қаңқылдатқан дауысымен, ойын өлеңмен өрнектеп аңырақан зу шешеннің мірдің оғындай екпінді сөздерімен ешкімнің тіл-ауызын аштырмапты.
Сайып келгенде, осынау жүйріктіктен туған жүйелі сөз, шешендік толғаныс-ойшылдықтан, дүниетаным тереңдігінен, даналықтан, әрі шапшаң, әрі аса тегеурінді ойлау мүмкіндігінен туғандығын байқауға болады.
Қаздауысты Қазыбектің әділдікке, дұрыстыққа, туралыққа суарылған келісті келісім-биліктері, сұлулық пен мөлдірлікке ие, алғыр-тапқыр лебіздері өлшеусіз тереңдігімен, өнегелі пайым-парасатымен, даналық қорытындыларымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет