А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Тәшімова Ә.Б. Қазіргі Қазақстан ақпарат кеңістігінің мәселелері
202
Өңірлік ішкі нарық - онда бір-біріне іргелес және жақын (халқының
құрамы,
тарихи
өткені,
дүниетанымы
жағынан)
аумақтардағы
аудиториялардың көрермендері үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс
істейді. Қазақстанда осы нарықта «КТК», «31-арна», «Рахат ТД», «Астана
қаласының теледидары» және басқалар жұмыс істейді.
Жалпыұлттық нарық - жалпыұлттық аудитория үшін ақпарат
таратушы БАҚ-тар жұмыс істейді. АҚШ-та ол «US NEWS and World Report»
газеті, «CNN» телекомпаниясы, Ұлыбританияда – «Independent», «Guardian»
газеттері, «SKY», «BBC» компаниялары т.б. Осы нарықта Қазақстанда
«Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Панорама» сияқты газеттер,
«Континент», «Ақиқат», «Мысль» сияқты журналдар, «Қазақстан», «Хабар»,
«Ел арна» сияқты телеарналар жұмыс істейді.
Өңірлік сыртқы нарық - екі және одан да көп мемлекеттермен іргелес
аумақтардың аудиториялары үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді.
БАҚ-тың осындай бағдары Батыс Еуропада таралған. Мысалы, неміс
телеарналары, газеттері мен журналдары өзінің ұлттық аудиториясына ғана
емес, сонымен бірге неміс тілінде сөйлейтін іргелес мемлекеттердің
аудиторияларына да бағдарланған. Осы нарықта ішінара алғанда
«Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» телеарналары сияқты отандық БАҚ-тар
жұмыс істейді деп айтуға болады (көрші Орталық Азия мемлекеттеріне,
Қытай, Монғолия т.б. хабар таратады), «Мир» ХТРА Қазақстан
Республикасының оңды бет-бейнесін жасауда 10 жылдан астам уақыт
жемісті жұмыс істеп келеді.
Елімізде осы нарықта Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Солтүстік
Африка елдерінің аумақтарында хабар тарататын жалғыз ғана арна
«Caspionet» спутниктік арнасы жұмыс істейді.
Елімізде БАҚ-ты кең тұрғыда тақырыптық саралау орын алып отыр.
Қазіргі уақытта баспалық БАҚ-тың үлесі масс-медианың жалпы санының 50
нызайап, қоғамдық-саяси – 16 пайызды , ғылыми – 9 пайызды, жарнамалық –
10,5 пайызды, балалар, жастар, әйелдер және діни басылымдар шамамен
әрқайсысы 2 пайызды құрайды. Қазақстан Республикасында 212 электрондық
БАҚ жұмыс істейді. Аса ірі жалпыұлттық электрондық БАҚ-тар Қазақстан
Республикасы аумағының: «Хабар» телеарнасы – 95,70 пайызын, «Қазақстан»
- 96,25 процентін, «Ел арна» - 75,50 процентін, «Еуразия – бірінші арна» -
78,60 процентін, Қазақ радиосы – 86,99 пайызын қамтиды.
Қазақстанда кабельдік және эфирлі-кабельдік телевидение желілерінің
80-нен астам операторы іске қосылған, ол отандық және шетелдік
электрондық БАҚ арқылы хабар тарату қызметін көрсетеді. Олардың ішінен
ең
ірісі
«Алма-ТВ»
(еліміздің
13
қаласына
хабар
таратады),
«Қазақпараттелеком», «Секател» және «Қазорталық-ТД» (5 қала бойынша),
«КВК» (4 қала) болып табылады. Қазақстанның ішкі ақпарат нарығында
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Тәшімова Ә.Б. Қазіргі Қазақстан ақпарат кеңістігінің мәселелері
203
2309 газет пен журналды, 83 телерадио бағдарламасын қоса алғанда, 2392
шетелдік бұқаралық ақпарат құралы таратылады.
Қазақстан Республикасында шетелдік бұқаралық ақпарат құралының 80-
нен астам өкілі аккредиттелген. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары
атауларының жалпы санының 90 пайызға жуығы орыс тілінде, 5 пайызы –
ағылшын тілінде, 5 пайызы әлемнің басқа тілдерінде таратылады [3].
Зерттеушілердің пікірінше: қазақстандық ақпарат нарығын оның бүгінгі
таңдағы болмысы жағынан бәсекеге қабілетсіз деп тануға болады, өйткені
онда нарықтық экономика қағидаттары таза және толық көлемде
сақталмайды. Осыған байланысты ақпарат нарығында мынадай теріс
сипаттағы құбылыстарды айта кету парыз:
1.Қазіргі заманғы ақпарат нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіби
мамандардың жеткіліксіздігі;
2. БАҚ-тың техникалық жағынан нашар жабдықталуы, ол ақпарат
өнімдерін өндіру мен тарату жөніндегі материалдық-техникалық базаның
әлсіздігінен, ақпараттарды тарататын телекоммуникациялар мен арналарға,
әсіресе өңірлерде, қолжетімділіктің шектеулі болуынан туындап отыр;
3. Қазақстан ақпарат нарығындағы БАҚ өте төменгі табыспен жұмыс
істейді.Көп жағдайларда мемлекетке және қаржы-өнеркәсіп топтарға тікелей
қаржылай тәуелділікте болады және көбіне өз қызметінде олардың
мүдделерін білдіреді;
4. Нарықтың ақпарат сыйымдылығының, соның ішінде жарнаманың
аздығы; халықтың едәуір бөлігінің төлем қабілетінің аса төмендігі, ол жеке
және заңды тұлғалардың ақпарат өнімдерін аз тұтынуымен түсіндіріледі;
5.
Жергілікті,
өңірлік
және
жалпыұлттық
телекоммуникация
инфрақұрылымының және ақпараттар беру мен тарату инфрақұрылымының
дамымауы, соның ішінде ақпаратты беру мен таратудың монополиялы түріне
жақын жай-күйіне байланысты туындап отыр [3].
Ақпараттық қоғам құру мәселелері саяси себептермен қатар, нарық
заңдарына сәйкес анықталады. Бұл жөнінде зерттеуші Қ.Мысаева былай
дейді: «Қазақстандық-ресейлік ақпарат кеңістігі КСРО кезінде қалыптасты.
Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ресейлік ақпарат көздеріне
шығатын қаржылық мүмкіндігі болмады. Бұл ресейлік-қазақстандық ақпарат
кеңістікке өзгерістер әкелді. Экономикалық қиыншылықтардан кейін саяси
себептер туындады» [4]. Ақпараттық қоғамның талабына сай Ресейден
келетін ақпарат легі сол секілді Ресейге де толық таратылуы қажет еді.
Өкінішке орай, бізде ақпараттық кеңістікті айтарлықтай ұлттық белгілермен
толықтыруға қаржылай, технологиялық және шығармашылық мүмкіндігіміз
әлі де әлсіз болып тұр. Сол себепті бұл фактілердің барлығы екі ел
арасындағы ақпарат кеңістігінде теңсіздікті туындатып отыр. Қазақстанның
ішкі ақпарат нарығында 2309 газет пен журналды, 83 телерадио
бағдарламасын қоса алғанда, 2392 шетелдік бұқаралық ақпарат құралы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Тәшімова Ә.Б. Қазіргі Қазақстан ақпарат кеңістігінің мәселелері
204
таратылады. Оның 90 пайызы орыс тілінде таратылады. Бұл аз ба көп пе?
Әрине,
150 миллион Ресей аудиториясы мен 15 миллиондық қазақстандық
ақпарат аудиториясын салыстырудың өзі қисынсыздау болар. Бұл орайда
зерттеуші Ж.Кенжалиннің «БАҚ-тың мемлекетшілдік сананы қалыптастыру,
мемлекеттік мүддеге қызмет ету өлшеміне көп мән беру керек» деген пікірін
толық құптаймыз. «Өзіміздің ақпараттық кеңістігіміз айқын да мықты болуы
үшін ірі-ірі құрылтайшысы бар БАҚ-тар мемлекет саясатымен ортақ мүддеге
жұмылдырылса ғана ақпараттық саясатты табысты жүргізуге қол жеткізуі
мүмкін» [5]. Бірақ, бұл сөз етіп отырғандарымыз – мәселенің бір ғана жағы.
Қазақстан өзінің медиакеңістігінде ұлттық мүдде тұрғысынан бекемдеу
саяси-экономикалық себептерден ғана емес, нарық заңдарына байланысты
екенін жоғарыда айтқанбыз. Сондықтан, бірінші кезекте Қазақстан
медиакеңістігінде жұмыс істейтін БАҚ-тардың (әсіресе қазақ тілді)
шығармашылық та, технологиялық және материалдық жағынан нығайтып,
бәсекеге қабілетті деңгейге көтеру қажет деп санаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Омашұлы Н. Журналист елжанды болса дейміз // Егемен Қазақстан. 2002, 1 ақпан.
2.
www.government.kz - Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты.
3.
www.stat.kz – Қазақстан Республикасы Статистикалық агенттігінің сайты.
4.
Мысаева Қ. «Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың
рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2009.
5.
Кенжалин Ж. «Қазіргі кездегі Журналистика және журналистік білім беру: идеялар,
тұжырымдамалар, жаңа технологиялар» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары. Алматы, 2008.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2010
Р.ӘМЕТ
205
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ізденушісі
«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ БЕЗЕНДІРІЛУ СИПАТЫ
В статье рассматриваются оформление страниц, названия рубрик, материалов последних
номеров газеты «Қазақ әдебиеті».
The article deals with design of pages, names of columns, materials of last issues of “Qazaq
adebieti” newspaper (Qazaq Literature).
Әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық
байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір
тағылымына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем
туындылары арқылы үлес қосады. Ал журналист дәуір дауылпазы –
публицистика тілімен шындықтың шырайын аша көрсеткенді жөн көреді.
Осы орайда газет, оның ішінде «Қазақ әдебиеті» қазақ еліндегі
жаңалықтарды, мәдениетке, өнерге, тарихқа, әдебиетке қатысты зерделі
мақалаларды қамтып отырған бірден бір басылым екенін айта кетуіміз керек.
Газеттің зиялы қауымды мазалап жүрген түрлі тақырыптарды жариялауы
оқырманды әділет пен ақиқатқа жақындай түсуіне ықпал етуші қадам болып
табылады. Осы тұрғыда сыншы П.А.Вяземскийдің мына пікірі еске оралады:
«Қалай болғанда да, екі түрлі пікірдің қатар тууы, бәрібір ақиқатқа жақын
пікірді алып шығады» [1].
Газет қазіргі нарық заманында жасау үшін тек ақпарат қана беріп
қоймай, оқырмандарды өзіне тарта білуі керек. Қазіргі редакторлардың
басылымның оқырмандарға ұсынатын сыртқы көрінісіне, дизайніне мән беруі
қажеттілік болып отыр.
Еліміз жетпіс жыл бойы Ресейге бағынышты болғандықтан газетті
безендіру ғылымы да осы мемлекеттің ғалымдарымен байланысты. Газетті
безендіру теориясы ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында «москвалық
мектептің» көмегімен жасалған. Атап айтқанда, С.Срединский, М.Дмитриев,
П.Керженцев, М.Щелкунов, В.Павлов, А.Гарри, Е.Толкачев, Г.Волчек,
Б.Вяземский, М.Урлауб, К.Цыпленков, А.Хатт, Д.Георгиевтер секілді газет
дизайнінің Ресей және шетел зерттеушілерінің еңбектеріне сүйене отырып,
С.Гуревич, А.Киселев, О.Цыганов, С.Галкин, Е.Фастовец, И.Табашников,
В.Бакшин өз мақалаларында, монографияларында, диссертацияларында
газетті композициялық-графикалық модельдеу идеясына тоқталып, мерзімді
басылымдарды шығаруда және газетті безендіруде осы тәсілді қолданудың
тиімділігін негіздеді [2].
Әрбір газет форматын, стилін, көрнекілігін, айдарын мезгіл-мезгіл
ауыстырып, өзгертіп тұрады. «Қазақ әдебиеті» газеті де – оқырманға түрлі
қырынан көріне білетін басылым. Осы мақалада басылымның айдар мен
тақырып қою, мақаланы орналастыру мәселесін сөз еткіміз келіп отыр.
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Әмет Р. «Қазақ әдебиеті» газетінің қазіргі безендірілу сипаты
206
Газет бетіндегі мазмұн мен түр бірлігін айта кеткеніміз жөн. Мазмұн
дегеніміз – заттың не құбылыстың ішкі құрамы, оларды құрастырып тұрған,
элементтердің өзара байланысы, даму процесі. Түр – мазмұнның ұйымдасуы,
құрылымы, оның көрініс табуы [3.182]. Газеттің мазмұны – жарияланған
мақалалардың стилі, бағыты мағынасы болса, түрі – форматы, жанрлары,
материалдардың орналасуы, яғни безендірілуі. Мазмұн мен түрдің бірлігі,
барлық қарама-қайшылықтар секілді бір-бірімен байланысты, түр дамиды,
оның қозғалысы мазмұнның өзгерісіне байланысты. Мазмұнға қарағанда, түр
тұрақты, ол едәуір өзгерістерде ғана ауысады.
«Қазақ әдебиеті» газеті аптасына бір рет, 12779 таралыммен, 12 бет
болып, А2 форматымен шығады. Оқырман аудиториясын қазақ тілі мен
әдебиетіне жанашыр қауым, зиялылар, жазушылар, ғалымдар құрайды.
Газеттің көтеретін тақырып аясы – қазақ қоғамының әлеуметтік, саяси,
әдеби, мәдени проблемалары, елдегі өнер, ғылымға байланысты жаңалықтар,
тарихи зерттеулер, көрнекті қайраткерлер өмірінен очерктер.
Газеттің биылғы №14 санында «Қазақ үшін, алға» деген тақырыппен
берілген материал бас мақаланың қызметін атқарып тұр. Мақала «Ұлы
жеңіске – 65 жыл» айдарымен берілген. Оқырман мақала не жөнінде әңгіме
қозғайтынын бірден аңғаратыны сөзсіз. Бас мақалалардың үстінде нөмірдің
негізгі жаңалықтары қысқаша суреттерімен баян етіліп берілген. Мұны газет
бетіндегі аңдатпа десек те болады. Жалпы бұл үрдіс соңғы кездері газеттердің
көпшілігінде белең алып отыр.
Бірінші бетке жарияланған маңызды мақалалар суреттерімен әрі көлемді
болғандықтан олардың жалғасын келесі беттерге бөліп беріліп отыр.
«Армысың, Астана театры», «Мың бір сөз», «Көп түкірсе көл», «Біздің дәуір»
– бұл бірінші бетке берілген мақалалар тақырыптары. Аңдатпа ретінде
берілген мақалалар тақырыптары: «Тарбағатайдағы тасқын тауқыметіне
тосқауыл қоятын арыстай азаматтар», «Таным мен талғам биігі»,
«Өзімшілдіктің өрісі мен қонысы», «Құдаш Мұқашевтің бір өлеңі хақында»
және әрбір тақырыптарға суреттері берілген. Оқырман кез келген тақырыпқа
көз жүгіртсе болғаны ол не жайында айтылғанын ұға алады [4].
Сәттілік өзгермелі, сондықтан ол үшін күресу керек. Аудитория
сұранысына қарай газеттің қызметі де үнемі өзгеріп, кеңейіп келеді.
Электронды ақпарат ағымы: теледидар, Интернет, спутниктік каналдар
тұтынушыларға жарқын, қимыл, дыбыстық бейнелерді үйіп-төгіп отыр.
Бұрындары басылым дизайні аса маңызды емес, сонылықтардың аса пайдасы
жоқ, өйткені оқырмандар мен құрылтайшылар арасындағы тұрақты
қалыптасып қалған қатынастың арасын бұзады деген пікір қалыптасқан
болатын. Дегенмен, қазіргі жағдайда макетті үнемі жаңартып отыру
қажеттілік болып отыр. Өмірдің өзі бір орында тұрмайды, дамумен бірге алға
жылжып отыратындықтан, газет жобасы да жаңарып отыруы заңды.
«Қазақ әдебиетінің» соңғы сандарының бет бойынша тақырыптардың
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Әмет Р. «Қазақ әдебиеті» газетінің қазіргі безендірілу сипаты
207
бағыттарын жоғарғы «қалпағындағы» айдарлар айқындап тұрады. Олар
көбіне тұрақты болып келеді, кейде белгілі бір науқанға байланысты атауы
ауысуы мүмкін. Үстіміздегі жылдың соңғы сандарындағы «қалпақтық»
айдарларының тізімі төмендегідей:
9.04.2010 жылғы санының 2-бетіндегісі – Жетіген; 3 – Елден-жерден; 4 –
Жалпы сауал; 5 – Белес; 6 – Руханият; 7 – Өнер; 8 – Поэзия; 9 – Ұлы Жеңіске
65 жыл; 10 – Бармасаң-келмесең; 11 – Қобыз сарыны; 12 – Биші қайың [4].
30.04.2010 жылғы санының 2-бетіндегісі – Жетіген; 3 – Ендігінің сөзі; 4-5 –
Ұлы Жеңіске 65 жыл; 6 – Күлтөбе; 7 – Белес; 8 – Поэзия; 9 – Проза; 10 –
Тіріліермен тірімін; 11 – Бастау; 12 – Қобыз сарыны [5].
Байқағанымыздай, Жеңіс күні жақындаған сайын оған байланысты
мақалалар да алға қарай жылжи бастағанын көреміз. 9.04.2001 жылғы
санында «Ұлы Жеңіске 65 жыл» айдары 9-бетте орын тепкен болса, 30-
сәуірдегі газетте ол айдар 4-5 беттерге қойылған.
«Қазақ әдебиетінде» тұрақты беріліп жүрген айдарлар – «Күлтөбе»,
«Қобыз сарыны», «Біздің дәуір», «Орта толды», «Есімдегілер», әр санында
«Нөмірге хат» айдарымен редакцияға жолданған хатты жариялап келеді.
Кейінгі нөмірлерінде Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орай пайда болған
айдарлар да көз тартады: «Кестелі орамал», «Аттандық майданға», «Біз
соғысты көрген жоқпыз».
Басылымдағы мақалалардың негізгісі бағанға бөлініп, беттің ортасын
иемденеді, ал «Орта толды», «Біздің дәуір» айдарларымен берілетін әдебиет
мамандарының пікірі, лебізі жиек жағынан ұзындығынан бір бағанға және
төменгі «подвалында» ені бойымен орын тебеді.
Басылым фотоколлажды 8-9 беттерде, поэзия мен прозаға байланысты
лирикалық бейнелер арқылы қолданады. Газеттің өзгелерінен тағы бір
өзгешелігі
–
авторлардың
материалдары
фотосуреттерімен
қоса
берілетіндігінде.
Мерзімді басылымдарды шығарудағы компьютерлік технологияны
қолдану баспаханаға дейінгі жұмыс барысын едәуір жылдамдатып,
жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар түрлі күрделі безендіру міндеттерін
орындауда мол мүмкіндіктер туғызды.
Басылымның шрифті тақырыпқа орай өзгеше түрлендіріп қойылып отыр.
Бірінші беттегі атаудың өзінде «Қазақ» үлкен қаріп және қара түспен, ал
«әдебиеті» өзге шрифті, өзгеше көк түспен әрі кішірек етіп басылған. Негізгі
деген көлемді мақалалар тек бас әріптермен жазылса, кіші материалдар бас
әріппен басталып, сөйлемдегідей етіп беріледі.
Әлемдегі атақты газет дизайнерінің бірі Марио Гарсиа «Contemporary
Newspaper Design» /Газеттің заманауи дизайні/ деген кітабында газетті
безендірудегі жоғары сапа бұл – мәтіннің көрнекі элементтерімен: шрифт,
фотосуреттер, түрлі түсті көрнекіліктер, ақпараттық графика мен «ақ
таңбаларымен» ұқыпты, саналы түрде бірігуі екенін атап айтады. «Егер осы
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Әмет Р. «Қазақ әдебиеті» газетінің қазіргі безендірілу сипаты
208
бірлік дұрыс жасалған болса, онда ол оқырмандарға ақпаратты әсерлі
жеткізіп, назарын аударта алады. Дизайн элементтерін /қаріп, тақырып,
фотосурет, көрнекілік пен бос жерлер/ қолданудағы тұрақтылық сіздің
газетіңіздің сәтті безендірілуін жасау мен іске асырудың негізі болып
табылады. Өйткені газет беті безендірілуінің тұрақтылығына оқырмандар
тәуелді болып қалады, сонымен қатар олар жаңалықтарды ұсынуыңыздың
бірізділігін де күтеді. Сіз оқырмандар сеніміне (сіздің ең құнды өніміңіз)
газетіңіздің қалай көрінетініне, яғни дизайнына мұқият қарауыңыз арқылы ие
боласыз», – деп нақтылай түседі автор [6].
Безендіру деген істің барысы, ал дизайн – нәтиже екенін екенін білдіреді.
Егер безендіру ойсыз, эстетикасыз жасала беретін болса, дизайн онсыз іске
аспақ емес.
«Қазақ әдебиеті» газетінің кейінгі сандарынан зиялы қауымға,
оқымыстыларға жақын басылымға айналғанын байқаймыз. Қорыта айтқанда,
ұлт рухының шырақшысы болған «Қазақ әдебиеті» газеті халқымыздың
рухани өсуіне, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесі бекемдене түсуіне еңбек сіңіріп
келе жатқан бірден бір басылым екенін өз үні, өз ұстанымы арқылы дәлелдеп
отыр.
Дегенмен, басылымның безендіру мен дизайні жағынан әлі де ізденіп,
тың идеялар енгізу қажет екендігін газеттің кез келген санынан аңғаруымызға
болады, мазмұндық жағынан қазақ елі қамын ойлаған оқырман қауымға
жақын болғанымен, тартымды, заманмен үндес болу үшін безендіру жағынан
тың қадамдар жасалса, оқырмандар қатары артатынына сенімдіміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Вяземский В.А. Эстетика и литературная критика. М.: Искусство, 1984. С. 127.
2.
http://forfive.ru/print.php?type=A&item_id=9421.
3.
Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. 344 б.
4.
«Қазақ әдебиеті» газеті, №14 (3178), 9-15 сәуір, 2010 ж.
5.
«Қазақ әдебиеті» газеті, №17 (3181), 30 сәуір – 6 мамыр, 2010 ж.
6.
http://www.rosdesign.com/design_materials2/gazett.htm
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2, 2010
А.Ж.БАТЫРБЕКОВ
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ізденушісі
209
БІРЛІКШІЛ «БІРЛІК ТУЫ»
В статье речь идет о газете "Бирлик туы", которая существовала в 1-й четверти ХХ века в
Туркестанском крае.
The article presents some information about "Бирлик туы" newspaper which existed in the first
Достарыңызбен бөлісу: |